Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 24 тамыздағы
№ 7-1/764 бұйрығына
6-қосымша
«Жаңа, жетілдірілген ветеринариялық препараттарға, жемшөп қоспаларына нормативтік-техникалық құжаттаманы келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Редакция 11.09.2017 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. «Жаңа, жетілдірілген ветеринариялық препараттарға, жемшөп қоспаларына нормативтік-техникалық құжаттаманы келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – жаңа, жетілдірілген ветеринариялық препараттарға, жемшөп қоспаларына нормативтік-техникалық құжаттаманы келісу не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) іс-қимылдары тәртібінің сипаттамасы
4. Көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 7-1/418 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11959 болып тіркелген) бекітілген «Жаңа, жетілдірілген ветеринариялық препараттарға, жемшөп қоспаларына нормативтік-техникалық құжаттаманы келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – стандарт) 9-тармағында көрсетілген құжаттары қоса берілген өтінішінің болуы мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оларды орындау ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі (бұдан әрі – кеңсе) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы ұсынған мемлекеттік қызметті алуға арналған өтінішті тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын (бұдан әрі – орындаушы) айқындау үшін өтінішті басшылыққа жолдайды (бұдан әрі – басшылық) – 30 (отыз) минут;
2) басшылық өтінішпен танысады, орындаушыны айқындайды – 60 (алпыс) минут;
3) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы ұсынылған өтінішпен танысады, ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні
ішінде.
Өтініш беруші толық емес құжаттар топтамасын ұсынған жағдайда, орындаушы көрсетілген мерзімдерде өтінішті әрі қарай қараудан уәжді бас тартуды дайындайды және басшылыққа қол қойдырып, көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін кеңсеге жолдайды;
ұсынылған құжаттар қойылатын талаптарға сәйкес келген жағдайда, жаңа, жетілдірілген ветеринариялық препараттарға, жемшөп қоспаларына нормативтік-техникалық құжаттаманы (бұдан әрі – НТҚ) сараптама жүргізу үшін мемлекеттік ветеринариялық ұйымға жібереді;
НТҚ сараптамасын жүргізу мерзімі НТҚ-ны сараптамаға жіберген күннен бастап 23 (жиырма үш) жұмыс күннен аспайды;
теріс сараптама қорытындысы болған жағдайда, өтініш берушіге нақты себептерін көрсете отырып, НТҚ-ны келісуден жазбаша уәжді бас тарту жолдайды;
оң сараптама қорытындысы болған жағдайда, НТҚ-ны келіседі және көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесін басшылыққа қол қою үшін үш данада жібереді – сараптама қорытындысын алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
4) басшылық ұсынылған құжаттарды қарайды, қол қояды, кеңсеге жолдайды – 60 (алпыс) минут;
5) кеңсе көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға береді – 30 (отыз) минут.
6. Келесі рәсімдерді (іс-қимылдарды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі:
1) тіркелген өтініш, өтінішті басшылыққа жолдау;
2) басшылықтың өтінішті қарауы және орындаушыны айқындауы және оған орындауға жолдауы;
3) өтінішпен танысу, НТҚ-ны мемлекеттік ветеринариялық ұйымға жіберу, НТҚ-ны келісу немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту туралы жауапты ресімдеу, қол қою үшін басшылыққа жолдау;
4) көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесіне немесе дәлелді бас тартуға қол қою, кеңсеге жолдау;
5) көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесін беру.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібінің сипаттамасы
7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) тізбесі:
3) басшылық (немесе оның міндетін атқарушы адам);
4) мемлекеттік ветеринариялық ұйым.
8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (жұмыскерлер) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) бірізділігінің сипаттамасы:
1) кеңсе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы ұсынған мемлекеттік қызметті алуға арналған өтінішті тіркейді және жауапты орындаушыны айқындау үшін өтінішті басшылыққа жолдайды – 30 (отыз) минут;
2) басшылық өтінішпен танысады, орындаушыны айқындайды – 60 (алпыс) минут;
3) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы ұсынылған өтінішпен танысады, ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні
ішінде.
Өтініш беруші толық емес құжаттар топтамасын ұсынған жағдайда, орындаушы көрсетілген мерзімдерде өтінішті әрі қарай қараудан уәжді бас тартуды дайындайды және басшылыққа қол қойдырып, көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін кеңсеге жолдайды;
ұсынылған құжаттар қойылатын талаптарға сәйкес келген жағдайда, НТҚ-ны сараптама жүргізу үшін мемлекеттік ветеринариялық ұйымға жібереді;
НТҚ сараптамасын жүргізу мерзімі НТҚ-ны сараптамаға жіберген күннен бастап 23 (жиырма үш) жұмыс күннен аспайды;
теріс сараптама қорытындысы болған жағдайда, өтініш берушіге нақты себептерін көрсете отырып, НТҚ-ны келісуден жазбаша уәжді бас тарту жолдайды;
оң сараптама қорытындысы болған жағдайда, НТҚ-ны келіседі және көрсетілген мемлекеттік кызмет нәтижесін басшылыққа қол қою үшін үш данада жібереді – сараптама қорытындысын алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
4) басшылық ұсынылған құжаттарды қарастырады, қол қояды, кеңсеге жолдайды – 60 (алпыс) минут;
5) кеңсе көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға береді – 30 (отыз) минут.
9. Көрсетілетін қызметті берушіге жүгіну тәртібінің сипаттамасы, көрсетілетін қызметті алушының сұранымын өңдеу ұзақтығы.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге өтінім береді.
Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі стандарттың 8-тармағында көрсетілген.
Мемлекеттік қызмет стандарттың 4-тармағында көрсетілген мерзімдерде көрсетіледі.
10. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы осы Регламентке қосымшаға сәйкес «Жаңа, жетілдірілген ветеринариялық препараттарға, жемшөп қоспаларына нормативтік-техникалық құжаттаманы келісу» мемлекеттік қызметін көрсетудің бизнес-процестері анықтамалығында келтірілген.
11. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
«Жаңа, жетілдірілген ветеринариялық
препараттарға, жемшөп қоспаларына
нормативтік-техникалық құжаттаманы
келісу» мемлекеттiк көрсетілетін
қызмет регламентіне
қосымша
«Жаңа, жетілдірілген ветеринариялық препараттарға, жемшөп қоспаларына нормативтік-техникалық құжаттаманы келісу» мемлекеттік қызметін көрсетудің бизнес-процестері анықтамалығы