• Мое избранное
«Ветеринариялық препараттарға және жемшөптік қоспаларға апробация жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Внимание! Документ утратил силу с 03.08.2021 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 24 тамыздағы № 7-1/764 бұйрығына 7-қосымша

Осы Бұйрық 7-қосымшамен толықтырылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 18.12.2015 жылғы № 7-1/1098 Бұйрығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.01.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Осы Регламент күшін жойды 2021 жылғы 3 тамыздан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.05.2021 жылғы № 171 Бұйрығына сәйкес
«Ветеринариялық препараттарға және жемшөптік қоспаларға апробация жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті 
1. Жалпы ережелер
1. «Ветеринариялық препараттарға және жемшөптік қоспаларға апробация жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің (бұдан әрі – Ведомство) кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – апробация нәтижелері туралы акт, не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) іс-қимылдары тәртібінің сипаттамасы
4. Көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 маусымдағы № 7-1/418 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11959 болып тіркелген) бекітілген «Ветеринариялық препараттарға және жемшөптік қоспаларға апробация жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – стандарт) 9-тармағында көрсетілген құжаттары қоса берілген өтінішінің болуы мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оларды орындау ұзақтығы:
1) Ведомствоның кеңсесі мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы ұсынған мемлекеттік қызметті алуға арналған өтінішті тіркейді, Ведомствоның жауапты орындаушысын (бұдан әрі – орындаушы) айқындау үшін өтінішті Ведомствоның басшылығына (бұдан әрі – басшылық) жолдайды – 30 (отыз) минут;
2) басшылық өтінішпен танысады, орындаушыны айқындайды – 60 (алпыс) минут;
3) орындаушы:
ұсынылған өтінішпен танысады, ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
ұсынылған құжаттар қойылған талаптарға сәйкес келген жағдайда, жаңа, жетілдірілген ветеринариялық препараттарға, жемшөп қоспаларына нормативтік-техникалық құжаттаманы (бұдан әрі – НТҚ) көрсетілетін қызметті берушіге жібереді;
келісілмеген НТҚ ұсынылған жағдайда, өтініш қаралмай, өтініш берушіге қайтарылады – себебін көрсете отырып үш жұмыс күні ішінде;
көрсетілетін қызметті беруші НТҚ-ны алғаннан кейін еркін нысанда Ветеринариялық препаратты, жемшөп қоспасын байқаудан өткізу бағдарламасының (бұдан әрі – Бағдарлама) жобасын жасайды және Ведомствоға жолдайды – күнтізбелік он күн ішінде;
Ведомство Бағдарлама жобасын алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) Бағдарлама жобасын келіседі және ветеринариялық препаратты, жемшөп қоспаларын байқаудан өткізуді ұйымдастыру туралы бұйрық шығарады, осы бұйрықпен Бағдарлама және ветеринариялық препаратты, жемшөп қоспаларын байқаудан өткізуге арналған комиссияның құрамы (бұдан әрі – Комиссия) бекітіледі;
2) Бағдарлама жобасын келіспейді және нақты лер мен ұсыныстарды көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушіге жазбаша жауап жолдайды;
көрсетілетін қызметті беруші Бағдарлама жобасын келіспеген кезде лерді жояды және оны Ведомствоға қайта енгізеді – 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу НТҚ-ға және Бағдарламаға сәйкес екi жылға дейінгі мерзімде жүргiзiледi;
көрсетілетін қызметті беруші ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу нәтижелері бойынша еркін нысанда үш данада байқаудан өткізу нәтижелері туралы актіні ресімдейді және оған Комиссияның барлық мүшелеріне қол қойдырады және актінің екі данасын орындаушыға жолдайды – Комиссияның барлық мүшелері қол қойған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде;
орындаушы басшылыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтен алынған нәтижені жолдайды – ветеринариялық препаратты, жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу актісін алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде.
4) басшылық ұсынылған құжаттармен танысады, кеңсеге жолдайды – 60 (алпыс) минут;
5) кеңсе көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға береді – 30 (отыз) минут.
6. Келесі рәсімдерді (іс-қимылдарды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі:
1) тіркелген өтініш, өтінішті басшылыққа жолдау;
2) басшылықтың өтінішті қарауы және орындаушыны айқындауы және оған орындауға жолдауы;
3) орындаушының НТҚ-ны көрсетілетін қызметті берушіге жіберуі;
4) көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесін алу;
5) көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесін беру.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібінің сипаттамасы
7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) тізбесі:
1) кеңсе жұмыскері;
2) орындаушы;
3) басшылық (немесе оның міндетін атқарушы адам).
8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (жұмыскерлер) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) бірізділігінің сипаттамасы:
1) кеңсе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы ұсынған мемлекеттік қызметті алуға арналған өтінішті тіркейді, жауапты орындаушысын айқындау үшін басшылыққа жолдайды – 30 (отыз) минут;
2) басшылық өтінішпен танысады, орындаушыны айқындайды – 60 (алпыс) минут;
3) орындаушы:
ұсынылған өтінішпен танысады, ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
ұсынылған құжаттар қойылған талаптарға сәйкес келген жағдайда, НТҚ-ны көрсетілетін қызметті берушіге жібереді;
келісілмеген НТҚ ұсынылған жағдайда, өтініш қаралмай, өтініш берушіге қайтарылады – себебін көрсете отырып үш жұмыс күні ішінде;
көрсетілетін қызметті беруші НТҚ-ны алғаннан кейін Бағдарлама жобасын жасайды және Ведомствоға жолдайды – күнтізбелік он күн ішінде;
Ведомство Бағдарлама жобасын алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) Бағдарлама жобасын келіседі және ветеринариялық препаратты, жемшөп қоспаларын байқаудан өткізуді ұйымдастыру туралы бұйрық шығарады, осы бұйрықпен Бағдарлама және Комиссия құрамы бекітіледі;
2) Бағдарлама жобасын келіспейді және нақты лер мен ұсыныстарды көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушіге жазбаша жауап жолдайды;
көрсетілетін қызметті беруші Бағдарлама жобасын келіспеген кезде лерді жояды және оны Ведомствоға қайта енгізеді – 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу НТҚ-ға және Бағдарламаға сәйкес екi жылға дейінгі мерзімде жүргiзiледi;
көрсетілетін қызметті беруші ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу нәтижелері бойынша еркін нысанда үш данада байқаудан өткізу нәтижелері туралы актіні ресімдейді және оған Комиссияның барлық мүшелеріне қол қойдырады және актінің екі данасын орындаушыға жолдайды – Комиссияның барлық мүшелері қол қойған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде;
орындаушы басшылыққа көрсетілген мемлекеттік қызметтен алынған нәтижені жолдайды – ветеринариялық препаратты, жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу актісін алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде.
4) басшылық ұсынылған құжаттармен танысады, кеңсеге жолдайды – 60 (алпыс) минут;
5) кеңсе көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға береді – 30 (отыз) минут.
9. Көрсетілетін қызметті берушіге жүгіну тәртібінің сипаттамасы, көрсетілетін қызметті алушының сұранымын өңдеу ұзақтығы.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге өтінім береді.
Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі стандарттың 8-тармағында көрсетілген.
Мемлекеттік қызмет стандарттың 4-тармағында көрсетілген мерзімдерде көрсетіледі.
10. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы осы Регламентке қосымшаға сәйкес «Ветеринариялық препараттарға және жемшөптік қоспаларға апробация жүргізу» мемлекеттік қызметін көрсетудің бизнес-процестері анықтамалығында келтірілген.
11. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
«Ветеринариялық препараттарға
 және жемшөптік қоспаларға
 апробация жүргізу» мемлекеттiк
 көрсетілетін қызмет регламентіне
 қосымша
«Ветеринариялық препараттарға және жемшөптік қоспаларға апробация жүргізу» мемлекеттік қызметін көрсетудің бизнес-процестері анықтамалығы