• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
«Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Внимание! Документ утратил силу с 14.04.2020 г.
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 332 бұйрығына 1-қосымша

«Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 27.01.2016 жылғы № 82 Бұйрығына сәйкес (27.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.04.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Осы Стандарт күшін жойды 2020 жылғы 14 сәуірден бастап ҚР Ішкі істер министрінің 30.03.2020 жылғы № 267 Бұйрығына сәйкес 
Редакция 23.12.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 21.09.2018 жылғы № 524 Бұйрығына сәйкес (27.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1. «Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. 
Мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттар қабылдау: 
1) «Азаматтар үшін үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) көрсетілетін қызметті беруші арқылы; 
2) дайындаудың жаңа технологиясына сәйкес құжаттардың түр өзгерісіне байланысты жеке басын куәландыратын құжатты ауыстыру кезінде – «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
1) Мемлекеттік корпорация;
2) құжаттарды портал арқылы қабылданған кезде – көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.  
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 21.09.2018 жылғы № 524 Бұйрығына сәйкес (27.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
4. Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзiмдерi:
1) көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға қажетті құжаттар топтамасын тапсырған күнінен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірмей.
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 24.03.2016 жылғы № 292 Бұйрығына сәйкес (27.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.07.2016 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 24.01.2019 жылғы № 53 Бұйрығына сәйкес (21.09.2018 жылғы редакцияны қараңыз) (өзгерту 19.02.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 10.07.2019 жылғы № 620 Бұйрығына сәйкес (24.01.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 03.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Құжаттарды жеделдетілген тәртіппен алу үшін Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және Ақтөбе қалалары үшін – жеделділіктің 1-санаты бойынша 1 (бір) жұмыс күніне дейін; жеделділіктің 2-санаты бойынша 3 (үш) жұмыс күніне дейін; облыс орталықтары үшін – жеделділіктің 1-санаты бойынша 3 (үш) жұмыс күніне дейін; жеделділіктің 2-санаты бойынша 5 (үш) жұмыс күніне дейін; облыстардың қалалары және аудандары үшін – 3-санаты бойынша 7 (жеті) жұмыс күніне дейін (қабылдау күні мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi);
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минуттан аспайды;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.
5. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде. 
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – Қазақстан Республикасы азаматының паспортын және (немесе) жеке куәлігін беру. 
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
7. Мемлекеттiк қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетiледi. Мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін мемлекеттік баж алынады, ол «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» (бұдан әрі - Салық кодексi) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы кодексінің 615-бабына сәйкес мемлекеттік баж төлеу күніне белгіленген, Қазақстан Республикасы азаматының паспортын бергенi үшiн 8 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі - АЕК), ал Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігiн бергені үшін 0,2 АЕК құрайды.
7-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 21.09.2018 жылғы № 524 Бұйрығына сәйкес (27.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) немесе екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті алу үшін электрондық сұрау салу берілген жағдайда, төлем ЭҮТШ арқылы жүзеге асырылады. 
Жеделдетілген тәртіппен жеке куәлік және (немесе) паспорт берген кезде мемлекеттік монополия саласындағы заңнамаға сәйкес белгіленген қосымша төлем алынады. Белгіленген тарифтердің мөлшері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген Министрліктің интернет-ресурсында орналастырылған. 
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің – дүйсенбіден бастап жұмаға дейін түскі асқа үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, сенбіде – сағат 9-00-ден 13-00-ге дейін, демалыс – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерi; 
Құжаттарды (портал арқылы ресімделген) қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруді көрсетілетін қызметті беруші дүйсенбіден бастап жұмаға дейін түскі асқа үзіліссіз сағат 9.00-ден 18-00-ге дейін, сенбіде – сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асырады, демалыс – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерi; 
2) Мемлекеттік корпорацияның – дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі асқа үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін, демалыс – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерi. 
Мемлекеттік корпорацияда мемлекеттік қызметті беру нәтижесі жеделдетіп қызмет көрсетусіз «электрондық кезек» тәртібімен жүзеге асырылады, «электрондық кезекті» портал арқылы брондауға болады.
3) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушылар жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерi жүгінген кезде, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). 
9. Көрсетілетін қызметті алушы жеке өзi (сот әрекетке қабілетсіз деп таныған балалар мен азаматтар, өкілдік етуге құзыреттілігін растайтын құжаттар ұсына отырып, олардың заңды өкілдері үшін (ата-аналары, қорғаншылары, қамқоршылары) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті берушіге:
1) құжат үшiн мемлекеттiк баждың төленгенi туралы түбiртек (мемлекеттiк баж төлеуден босатылған адамдар Салық кодексінің 622-бабына сәйкес растайтын құжаттарын ұсынады);
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 21.09.2018 жылғы № 524 Бұйрығына сәйкес (27.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2) құжатты ресiмдеген сәтте көрсетілетін қызметті алушының жасына сәйкес келетiн өлшемі 3,5 х 4,5 сантиметр (Мемлекеттік корпорацияда ХҚТ ТП тіркеу пункттері болмаған, сондай-ақ ХҚТ ТП байланыс арналары немесе оның құрал-жабдықтары істен шыққан жағдайда тергеу қамауындағылардың және бас бостандығынан айыру орындарда жазасын өтеп жатқан адамдардың, өзіне-өзі қызмет көрсету қабілетінен немесе мүмкіндігінен толық немесе ішінара айырылған адамдардың, сондай-ақ 1974 жылғы үлгідегі бұрынғы КСРО паспорттарын ауыстыруға байланысты 18 жастан асқан адамдардың туу туралы куәліктерінің негізінде Қазақстан Республикасы азаматтары жүгінген кезде қағаз жеткізгіште ресімделген кезде) екі фотосурет.
2-тармақшаның бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 10.07.2019 жылғы № 620 Бұйрығына сәйкес (24.01.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 03.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Фотосурет бiр негативтен қалың фотоқағазға фото басып шығару әдiсiмен орындалады, қатаң түрде жарық жерде алдынан түсiрiлген, бейтарап бет көрінісімен және аузы жабық түскен, бетi фотосуреттiң жалпы ауданының 75% жуығын алатындай болып жасалады. Компьютерлiк сканерлеу, модельдеу немесе ксерокөшiрме әдiсiмен дайындалған суреттердi пайдалануға жол берiлмейдi. Суретке түсіру кезінде діни не медициналық себептер бойынша басты жабуды қоспағанда, ешқандай бас киім киіп түсуге жол берілмейді, бұл жағдайда беті иегтің төменгі жағынан маңдайына дейін ашық күйде қалады, бас киім көлеңкесінің бетке түсуіне жол берілмейді. Көзі ашық және анық көрінуі тиіс, шашпен жабылмауы қажет. Көзілдіріктің құрсауы көзді жаппайды, шағылыстырғыш және күннен қорғайтын көзілдіріктерге жол берілмейді. Сонымен қатар, құжатталатын адамның бірегей нысанды киімде түскен суретіне жол берілмейді.
«Халықты құжаттандыру және тіркеу» Тіркеу пункті» ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ХҚТ ТП АЖ) арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыны фотосуретке түсіру ХҚТ ТП АЖ-да халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес және ақысыз жүргізіледі. 
Көрсетілетін қызметті алушының фотобейнесі электрондық формулярға фотосуретке түсіру, қолтаңба сканері арқылы көрсетілетін қызметті алушының қолтаңбасы енгізіледі. 
3) мына құжаттардың бiрi: 
туу туралы куәлiк (16 жасқа толған соң жеке куәлiк алу кезiнде, 16 жасқа дейiн паспорт алу кезiнде) және ата-анасының бірінің жеке куәлігі (баланың азаматтығын растау үшін). Шетелдік ата-анасының баланың Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжатын алуға (бала Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге туған және ата-анасының азаматтығы әртүрлі болған кезде, олардың бірі бала туған кезде Қазақстан Республикасының азаматтығында болған және ата-анасының екеуі бірдей осы кезде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұрған кезде) нотариалды түрде куәландырылған келісім-өтінішін ұсыну қажет;
Қазақстан Республикасы азаматының паспорты (паспорт ауыстырған, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін жоғалтқан кезде);
Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлiгi (Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлiгін ауыстырған, Қазақстан Республикасы азаматының паспортын жоғалтқан не оны бiрiншi рет алған кезде);
iшкi iстер органдары беретiн белгiленген нысандағы Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылданғаны туралы анықтама (Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдануға байланысты құжаттарды алған кезде);
Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерi берген қайтып оралуға арналған куәлiгi (Қазақстан Республикасы азаматының паспортын шет елде уақытша жүргенде жоғалтқан кезде);
еркін нысандағы жазбаша өтініш (азаматтың хал актісіне туу туралы, туған жері, ұлты туралы өзгерістерді енгізе отырып айқындамалық деректерді өзгерткен, жоғалған жеке куәлік және (немесе) паспортты қалпына келтіру мәселесі бойынша жүгінген кезде).
Мемлекеттiк көрсетілетін қызметті қағаз тасымалдағыштар арқылы алу кезiнде көрсетілетін қызметті беруші жеке басты куәландыратын құжаттар беруге формуляр толтыруды жүргізеді.
Құжаттар қабылданғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушыға беру күнін көрсете отырып, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімді тіркеу талоны беріледі.
Құжаттарды қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыларға паспорттар, жеке куәліктер беру көрсетілетін қызметті алушының тұрақты тіркелген орны, сондай-ақ паспортын және (немесе) жеке куәлігін жоғалту, олардың жарамдылық мерзімінің аяқталуы, некесін қиюына (бұзуына) байланысты тегін өзгерту, одан әрі қолдануға жарамсыздығы, құжаттарды дайындаудың жаңа технологиясына сәйкес олардың түр өзгерісіне, Қазақстан Республикасы азаматының паспортын Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі негізінде алғаш рет алуына байланысты нақты болатын орны бойынша жүзеге асырылады. 
Дайын құжаттарды беруді Мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері көрсетілетін қызметті алушы немесе өкілдік етуге өкілеттілігін растайтын құжаттар ұсына отырып оның заңды өкілі не өкілеттікте көзделген іс-әрекеттерді жүзеге асыруға арналған нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша сенім білдірген адам Мемлекеттік корпорацияға жеке жүгінген кезде өтінімді тіркеу талонының негізінде жүзеге асырады.