1. «Қазақстан Республикасының азаматтарына уақытша жеке куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
-
Продукты:
Судебная практика










Судебная практика
Отправить по почте
«Қазақстан Республикасының азаматтарына уақытша жеке куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 27.01.2016 жылғы № 82 Бұйрығына сәйкес (27.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.04.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды Осы Стандарт күшін жойды 2020 жылғы 14 сәуірден бастап ҚР Ішкі істер министрінің 30.03.2020 жылғы № 267 Бұйрығына сәйкес
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 21.09.2018 жылғы № 524 Бұйрығына сәйкес (27.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1. «Қазақстан Республикасының азаматтарына уақытша жеке куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетілетін қызметті алушының тұрақты немесе уақытша келген орны бойынша көрсетеді.
Мемлекеттік қызметті көрсетуге құжаттар қабылдау «Азаматтар үшін үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамында (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 21.09.2018 жылғы № 524 Бұйрығына сәйкес (27.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын Мемлекеттік корпорацияға тапсырған күнінен бастап – 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – паспорттық елтаңбалы мөрімен және көрсетілетін қызметті берушінің қолымен куәландырылған уақытша жеке куәлікті беру.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсеткені үшін мемлекеттік баж алынады, ол «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы кодексінің 615-бабына сәйкес мемлекеттік бажды төлеу күніне белгіленген 0,2 АЕК құрайды.
7-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 21.09.2018 жылғы № 524 Бұйрығына сәйкес (27.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін мемлекеттік баж алынады, ол «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» (Салық кодексi) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексінің 540-бабына сәйкес мемлекеттік баж төлеу күніне белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 20 (жиырма) пайызын құрайды.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін төлем қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол емес екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің – дүйсенбіден бастап жұмаға дейін түскі асқа үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, сенбіде – сағат 9-00-ден 13-00-ге дейін, демалыс – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерi;
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау дүйсенбіден бастап жұмаға дейін түскі асқа үзіліссіз сағат 9.00-ден 18-00-ге дейін, сенбіде – сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін, демалыс – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерi.
2) Мемлекеттік корпорацияның – дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі асқа үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін, демалыс – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерi.
Мемлекеттік қызмет нәтижесін беруді Мемлекеттік корпорация қызметкері жеделдетіп қызмет көрсетусіз «электрондық кезек» тәртібімен жүзеге асырылады, «электрондық кезекті» портал арқылы брондауға болады.
9. Көрсетілетін қызметті алушы жеке өзi (сот әрекетке қабілетсіз деп таныған азаматтар, өкілдік етуге құзыреттілігін растайтын құжаттар ұсына отырып, олардың заңды өкілдері үшін) Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) еркін түрдегі жазбаша өтiнiш;
2) уақытша жеке куәлiк үшiн мемлекеттiк баждың төленгенi туралы түбiртек;
3) құжатты ресімдеген сәтте көрсетілетін қызметті алушының жасына сәйкес келетiн өлшемi 3,5 х 4,5 сантиметр фотосурет ұсынады.
Фотосурет бiр негативтен қалың фотоқағазға фото басып шығару әдiсiмен орындалады, қатаң түрде жарық жерде алдынан түсiрiлген, бейтарап бет көрінісімен және аузы жабық түскен, бетi фотосуреттiң жалпы ауданының 75% жуығын алатындай болып жасалады. Компьютерлiк сканерлеу, модельдеу немесе ксерокөшiрме әдiсiмен дайындалған суреттердi пайдалануға жол берiлмейдi. Суретке түсіру кезінде діни не медициналық себептер бойынша басты жабуды қоспағанда, ешқандай бас киім киіп түсуге жол берілмейді, бұл жағдайда беті иегтің төменгі жағынан маңдайына дейін ашық күйде қалады, бас киім көлеңкесінің бетке түсуіне жол берілмейді. Көзі ашық және анық көрінуі тиіс, шашпен жабылмауы қажет. Көзілдіріктің құрсауы көзді жаппайды, шағылыстырғыш және күннен қорғайтын көзілдіріктерге жол берілмейді. Сонымен қатар, құжатталатын адамның бірегей нысанды киімде түскен суретіне жол берілмейді.
Құжаттар қабылданғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушыға берілген күнін көрсете отырып, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімді тіркеу талоны беріледі.

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |