• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
«Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты
Внимание! Документ утратил силу с 14.04.2020 г.
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 332 бұйрығына 4-қосымша

«Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты
Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 27.01.2016 жылғы № 82 Бұйрығына сәйкес (27.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.04.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Стандарттың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 21.09.2018 жылғы № 524 Бұйрығына сәйкес (27.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 14 сәуірден бастап ҚР Ішкі істер министрінің 30.03.2020 жылғы № 267 Бұйрығына сәйкес 
Редакция 23.12.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 21.09.2018 жылғы № 524 Бұйрығына сәйкес (27.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1. Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 21.09.2018 жылғы № 524 Бұйрығына сәйкес (27.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің аумақтық бөліністері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 21.09.2018 жылғы № 524 Бұйрығына сәйкес (27.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 24.01.2019 жылғы № 53 Бұйрығына сәйкес (21.09.2018 жылғы редакцияны қараңыз) (өзгерту 19.02.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 10.07.2019 жылғы № 620 Бұйрығына сәйкес (24.01.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 03.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды беру:
1) Қазақстан Республикасының азаматтары үшін:
«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамында (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) көрсетілетін қызметті беруші арқылы;
«электрондық үкіметтің» www.еgov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы (тұрғын үй иесінің арызы бойынша тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару кезінде);
2) Қазақстан Республикасында тұрақты тұрып жатқан шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар үшін Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады;
3) босқын мәртебесін алған шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар үшін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 21.09.2018 жылғы № 524 Бұйрығына сәйкес (27.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
4. Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзiмдерi:
1) көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті берушіге (босқын мәртебесiн алған шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін) көрсетілген қызметті беруші арқылы – 30 (отыз) минуттан аспайды;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 10.07.2019 жылғы № 620 Бұйрығына сәйкес (24.01.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 03.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық түрде (ішінара автоматтандырылған).
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 21.09.2018 жылғы № 524 Бұйрығына сәйкес (27.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
6. көрсетілетін қызметті алушыға мекенжайдан кету парағын беру мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі болып табылады.
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 27.12.2017 жылғы № 879 Бұйрығына  сәйкес (27.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
8. Жұмыс кестесі:
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 21.09.2018 жылғы № 524 Бұйрығына сәйкес (27.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) көрсетілетін қызметті берушінің - дүйсенбіден бастап жұмаға дейін түскі асқа үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, сенбіде - сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін, демалыс - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерi.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру - дүйсенбіден бастап жұмаға дейін түскі асқа үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, сенбіде - сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін, демалыс - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерi.