1. «Тұрғылықты жерiнен мекенжай анықтамаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
-
Продукты:
Судебная практика










Судебная практика
Отправить по почте

«Тұрғылықты жерiнен мекенжай анықтамаларын беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты
Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 27.01.2016 жылғы № 82 Бұйрығына сәйкес (27.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.04.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды Осы Стандарт алынып тасталды ҚР Ішкі істер министрінің 05.12.2019 жылғы № 1038 Бұйрығына сәйкес
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 21.09.2018 жылғы № 524 Бұйрығына сәйкес (27.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1. «Тұрғылықты жерiнен мекенжай анықтамаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – мемлекеттік корпорация) көрсетілетін қызметті беруші арқылы;
«электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб порталы арқылы (бұдан әрі – портал) жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 21.09.2018 жылғы № 524 Бұйрығына сәйкес (27.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын мемлекеттік корпорацияға тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде – 15 (он бес) минут ішінде;
2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 10 (он) минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған) түрде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1, 2, 2-1-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша электрондық түрдегі мекенжай анықтамасын беру.
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 21.09.2018 жылғы № 524 Бұйрығына сәйкес (27.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық түрде.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
8. Жұмыс кестесі:
1) Мемлекеттік корпорацияның – дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кесесіне сәйкес түскі асқа үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін, демалыс – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерi.
Құжаттарды қабылдау жеделдетіп қызмет көрсетусіз «электрондық кезек» тәртібімен көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша көрсетіледі, «электрондық кезекті» портал арқылы брондауға болады;
2) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.
9. Көрсетілген қызметті алушылар жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 27.12.2017 жылғы № 879 Бұйрығына сәйкес (27.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды 9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 21.09.2018 жылғы № 524 Бұйрығына сәйкес (27.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) Мемлекеттік корпорацияға:
көрсетілетін қызметті алушылар (жеке тұлғалар):
көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін);
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
туу туралы куәлік (жақын туысқандарына мекенжай анықтамасын алу кезінде туысқандық байланыстарды растау үшін);
жақын туысқандарын қоспағанда, жеке тұлғаның осы адамға қатысты мекенжай анықтамасын көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін нотариалды куәландырылған келісімі;
көрсетілетін қызметті алушылар (заңды тұлғалар):
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
сенімхат немесе көрсетілетін қызметті алушы өкілінің өкілеттігін куәландыратын құжат (қажет болған жағдайда);
жеке сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға олардың нотариалды куәландырған жазбаша келісімін қоса отырып, мекенжай анықтамасы сұратылатын жеке тұлғалардың тізімі;
көрсетілетін қызметті алушылар (тұрғын үй иелері болып табылатын жеке және заңды тұлғалар):
көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысанда өтініш;
сенімхат немесе көрсетілетін қызметті алушы өкілінің өкілеттігін куәландыратын құжат (қажет болған жағдайда);
2) порталға:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған немесе көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс операторы берген абоненттік нөмірі порталдың есептік жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда бір реттік парольмен куәландырылған электрондық сұрау салу;
«электрондық үкімет» веб-порталындағы пайдаланушы кабинетінен ұсынылған субъектінің келісімі болған жағдайда, сондай-ақ субъектінің «электрондық үкімет» веб-порталында тіркелген ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік парольді беру немесе «электрондық үкімет» веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жолдау арқылы үшінші тұлғалардың электрондық сұрау салуы.
Көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, сұрау салуды қабылдау туралы хабарлама-есеп жолданады.
10. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс емес екені анықталған, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтініш қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
10-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 27.12.2017 жылғы № 879 Бұйрығына сәйкес (27.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 21.09.2018 жылғы № 524 Бұйрығына сәйкес (27.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
11. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не 010000, Нұр-Сұлтан қаласы Тәуелсіздік даңғылы, 1 мекенжайы бойынша Министрлік басшысының атына беріледі.
11-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 27.12.2017 жылғы № 879 Бұйрығына сәйкес (27.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды 11-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 10.07.2019 жылғы № 620 Бұйрығына сәйкес (21.09.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 03.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Шағым почта арқылы жазбаша нысанда не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушының шағымында:
жеке тұлғаның – оның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), почталық мекенжайы.
заңды тұлғаның – оның атауы, почта мекенжайы, шығыс нөмірі көрсетіледі.
Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.
Шағымның қабылданғанын растау көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда), берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып, оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) болып табылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта арқылы жолданады не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Мемлекеттік корпорацияның қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша мемлекеттік корпорацияның басшысына жолданады.
Қолма-қол, сол сияқты почта арқылы келіп түскен шағымды мемлекеттік корпорацияның кеңсесінде қабылданғанын растау оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркелген күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны арқылы алуға болады.
Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» өтініш туралы ақпарат қолжетімді, ол көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеуі (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қаралғаны немесе қараудан бас тартылғаны туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар
4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 21.09.2018 жылғы № 524 Бұйрығына сәйкес (27.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
13. Өзіне өзі қызмет көрсету, өздігінен жүріп-тұру, бағдарлану қабілетінен немесе мүмкіндігінен толық немесе ішінара айырылған көрсетілетін қызметті алушыларға көрсетілетін қызметті беруші немесе Мемлекеттік корпорацияның қызметкері көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жеріне шыға, Бірыңғай байланыс-орталығы 1414, 8 800 080 7777 арқылы қағаз тасымалдағышта толтыра отырып жүргізеді.
14. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Министрліктің – www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында, «Министрлік туралы» бөлімде, «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің құрылымдық бөліністерінің веб-ресурстары» кіші бөлімде;
2) мемлекеттік корпорацияның – www.gov4с.kz интернет-ресурсында
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 27.12.2017 жылғы № 879 Бұйрығына сәйкес (27.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
3) порталдың – www.egov.kz орналастырылған.
15. Көрсетілетін қызметті алушының және үшінші тұлғалардың ЭЦҚ және субъектінің «электрондық үкімет» веб-порталындағы пайдаланушы кабинетінен берілген келісімі болған кезде портал арқылы бір реттік парольді беру немесе «электрондық үкімет» веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жолдау арқылы субъектінің «электрондық үкімет» веб-порталында тіркелген ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы электрондық түрде мемлекеттік қызмет алуға мүмкіндігі бар.
15-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 27.12.2017 жылғы № 879 Бұйрығына сәйкес (27.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
16. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметтері, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
17. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің www.mvd.gov.kz сайтында орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы: 1414, 8 800 080 7777.
«Тұрғылықты жерiнен мекенжай анықтамаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша
Нысан
|
Құжатты электрондық үкімет порталы қалыптастырған |
Бірегей нөмір |
|
|
|
|
Документ сформирован порталом электронного правительства |
Уникальный номер |
|
|
|
|
|
Алу күні |
|
|
Дата получения |
|
МЕКЕНЖАЙ АНЫҚТАМАСЫ ЖСН _________________________ Мына мекенжай бойынша: ____________________________________ тіркелген Тіркелген күні: _____________________________________________________ Мына мекенжай бойынша: ____________________________ уақытша тіркелген Уақытша тіркелген күні ______________бастап___________________дейін Берілген күні мен уақыты: ____________________________ |
|
Осы құжат «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба
туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы № 370-II ҚРЗ 1-бабына сәйкес қағаз
жеткізгіштегі құжатпен бiрдей.
Данный документ согласно пункту 1 статьи 7 ЗРК от 7 января 2003 года
«Об электронном документе и электронной цифровой подписи» равнозначен
документу на бумажном носителе.
Штрих-кодта «ЖТ» МДБ («Жеке тұлға» мемлекеттік деректер базасынан)
алынған және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің, Қазақстан
Республикасы Ішкі істер министрлігінің электрондық цифрлық қолтаңбасы
қойылған деректер жазылады.
*штрих-код содержит данные, полученные из ГБД ФЛ и подписанные
электронно-цифровыми подписями: Министерства юстиции Республики
Казахстан, Министерства внутренних дел Республики Казахстан.
«Тұрғылықты жерiнен мекенжай анықтамаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымша
Нысан
|
Құжатты электрондық үкімет порталы қалыптастырған |
Бірегей нөмір |
|
|
|
|
Документ сформирован порталом электронного правительства |
Уникальный номер |
|
|
|
|
|
Алу күні |
|
|
Дата получения |
|
МЕКЕНЖАЙ АНЫҚТАМАСЫ ЖСН _________________________ Мына мекенжай бойынша: __________________________ тіркеуден шығарылды Тіркеуден шығарылған күні __________________________________________ Тіркеуден шығарылған себебі: _______________________________________ Берілген күні мен уақыты: _____________________________ |
|
Осы құжат «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба
туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы № 370-II ҚРЗ 1-бабына сәйкес қағаз
жеткізгіштегі құжатпен бiрдей.
Данный документ согласно пункту 1 статьи 7 ЗРК от 7 января 2003 года
«Об электронном документе и электронной цифровой подписи» равнозначен
документу на бумажном носителе.
Штрих-кодта «ЖТ» МДБ («Жеке тұлға» мемлекеттік деректер базасынан)
алынған және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, Қазақстан
Республикасы Ішкі істер министрлігінің электрондық цифрлық қолтаңбасы
қойылған деректер жазылады.
*штрих-код содержит данные, полученные из ГБД ФЛ и подписанные
электронно-цифровыми подписями: Министерства юстиции Республики
Казахстан, Министерства внутренних дел Республики Казахстан.
«Тұрғылықты жерiнен мекенжай анықтамаларын беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына 2-1-қосымша
Стандарт 2-1-қосымшамен толықтырылды ҚР Ішкі істер министрінің 21.09.2018 жылғы № 524 Бұйрығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Нысан
|
Құжатты электрондық үкімет порталы қалыптастырған Документ сформирован порталом электронного правительства |
Бірегей нөмір |
||||||||||||||||||||
|
Уникальный номер |
|||||||||||||||||||||
|
Мекенжай бойынша тіркелген адамдар туралы МЕКЕНЖАЙ АНЫҚТАМАСЫ (тұрғын-үй иелері үшін) АДРЕСНАЯ СПРАВКА о лицах, зарегистрированных по адресу (для собственников жилья) Мемлекеттік деректер базасының мәліметтері бойынша По сведениям из государственной базы данных Берілді/Дана:_____________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) / фамилия, имя, отчество (при его наличии))(заңды тұлғаның атауы / наименование юридического лица) Мына мекенжай бойынша: ____________________________________________________________ Зарегистрированы по адресу: ______________________________________________тіркелген (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) / фамилия, имя, отчество (при его наличии)) (заңды тұлғаның атауы / наименование юридического лица) РКА/МТК________________________________________________________
Берілген күні мен уақыты: Дата и время выдачи: ____________________________ Ескерту: анықтамада көрсетілген адамдар туралы мәліметтер тек мекенжайды тіркеу коды (МТК) бар мекенжай мәліметтеріне беріледі Примечание: сведения о лицах, отражаемые в справке, предоставляются только на адресные сведения с регистрационным кодом адреса (РКА) |
|||||||||||||||||||||
|
|
|||||||||||||||||||||
Осы құжат «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 7- бабының 1-тармақшасына сәйкес қағаз жеткiзгiштегі құжатпен бiрдей.
Данный документ согласно пункту 1 статьи 7 Закона Республики Казахстан от 7 января 2003 года «Об электронном документе и электронной цифровой подписи» равнозначен документу на бумажном носителе.
*Штрих-кодта «Жеке тұлғалар» Мемлекеттік деректер базасынан алынған және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің электрондық цифрлық, қолтаңбасы қойылған деректер жазылады.
«Тұрғылықты жерiнен мекенжай анықтамаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымша
3-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 21.09.2018 жылғы № 524 Бұйрығына сәйкес (27.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
______________________бастығына
(ішкі істер органының атауы)
______________________тұратын
(тұрақты тіркелген мекенжайы)
азамат________________________
(Т.А.Ә.(болған жағдайда))
ӨТІНІШ
Сізден тұрғын үй иесі ретінде
__________________________________________________________________________________________
мекенжайы бойынша тіркелген адамдар туралы мекенжай анықтамасын беруді
өзіме, жақын туысыма, сенімхат немесе өкілеттігін куәландыратын өзге құжат бойынша жеке тұлғаға (қажеттінің астын сызу керек) тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасын беруді сұраймын
__________________________________________________________________________________________
(Т.А.Ә.(болған жағдайда), туған күні, мекенжай анықтамасы сұратылатын жеке тұлғаның ЖСН)
_________________________________________________________________________________ (өкілеттігін куәландыратын құжаттың деректемелері)
Ақпараттық жүйелерде бар, заңмен қорғалатын құпия мәліметтерді пайдалануға келісемін.
«____»________________20___ж.
_____________________________________________________________________ (азаматтың қолы) (азаматтың Т.А.Ә.(болған жағдайда)
«Тұрғылықты жерiнен мекенжай анықтамаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымша
Нысан
(Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) (бұдан әрі – Т.А.Ә.), не көрсетілетін қызметті алушы ұйымының атауы) ___________________________________ (көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, Мемлекеттік корпорация (мекенжайын көрсету) Сіздің мемлекеттік қызмет көрсету стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты мемлекеттік қызметті (мемлекетттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы көрсетілсін) көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:
Жоқ құжаттардың атаулары:
1) ________________________________________;
2) ________________________________________;
3) ….
Осы қолхат 2 данада, әрбір тарапқа бір-біреуден.
Т.А.Ә. (мемлекеттік корпорацияың қызметкері) (қолы)
Орындаушы: Т.А.Ә._____________
Телефоны______________________
Алдым: Т.А.Ә./көрсетілетін қызметті алушының қолы
20__ жылғы «___» _________

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |