Bestprofi Logo

Бұйрық № 204 от 2016-05-05г./Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі

Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы

Отправить на почту


Языки документа

Внимание! Документ утратил силу с 09.06.2020 г.

Документ на казахском языке

Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 5 мамырдағы № 204 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 18 мамырда № 13717 болып тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 9 маусымнан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.05.2020 жылғы № 181 Бұйрығына сәйкес

«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 41) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекетттік инспекция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ бес жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық 2017 жылы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін қоса берілген Қағидалардың 8-тармағының 3) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков

«КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі _____________ Ә. Исекешев 2016 жылғы « »

«КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Қаржы министрі _____________ Б. Сұлтанов 2016 жылғы « »

«КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі _____________ Қ. Бишімбаев 2016 жылғы « »

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 5 мамырдағы № 204 бұйрығымен бекітілген

Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау қағидалары

Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер - Министрінің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрінің 13.02.2017 жылғы № 65 Бұйрығына сәйкес (05.05.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.04.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 04.10.2018 жылғы № 409 Бұйрығына сәйкес (13.02.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 25.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды

1. Осы Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 41) тармақшасына сәйкес әзірленді және өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеу үшін сатып алынған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 10.10.2019 жылғы № 364 Бұйрығына сәйкес (04.10.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 18.10.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

1) арзандатылған құн – бекітілген субсидиялар нормасынан төмен емес арзандатылған баға бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге немесе ауыл шаруашылығы кооперативтеріне (бұдан әрі – ауылшаркооперативі) өткізілетін өсімдік қорғау құралдарының құны;

2) ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші (бұдан әрі – ауылшартауарынөндіруші) – ауыл шаруашылығы өнімін тауарлық өндірумен айналысатын жеке немесе заңды тұлға;

3) гербицидтер мен биопрепараттарды қолдану регламенті – гербицидтер мен биопрепараттарды қолдану шарттары мен тәртібіне қойылатын талаптар;

4) жеке шот – субсидиялауға арналған өтінімдерді (өтпелі өтінімдерді) тіркеу және олармен жасалатын операцияларды есепке алу мақсатында тіркелген адамды сәйкестендіруге мүмкіндік беретін жазбалар жиынтығы;

5) көрсетілетін қызметтерді жеткізуші – мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органының ауыл шаруашылығы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі – басқарма) айқындайтын, субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қолжетімділікті және иесі ретінде оны сүйемелдеуді қамтамасыз ететін тұлға;

6) отандық өсімдіктерді қорғау құралдарын өндіруші (бұдан әрі – ӨҚҚ өндіруші) – Қазақстан Республикасы аумағында гербицидтерді, биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды өндіруді жүзеге асыратын және арнайы жарақтандырылған өндірістік үй-жайлары, биозертханалары, биофабрикалары бар, биоагенттерді (энтомофагтарды) және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген гербицидтер мен биопрепараттарды өткізуді жүзеге асыратын дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;

7) өсімдіктерді қорғау құралдары (бұдан әрі – ӨҚҚ) – өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтер, биоагенттер (энтомофагтар) және биопрепараттар;

8) ӨҚҚ жеткізуші – биоагенттерді (энтомофагтарды) және «Өсімдіктерді қорғау туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-6-бабына сәйкес тіркелген гербицидтер мен биопрепараттарды өндіруді (формуляциялауды) және (немесе) өткізуді жүзеге асыратын дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;

9) ӨҚҚ-ның ең төменгі құны – субсидия нормасын белгілеу үшін баға ұсыныстарын, сондай-ақ мемлекеттік органдардан алынған ақпаратты талдау жолымен облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары айқындайтын, гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың Қазақстан Республикасы аумағында қалыптасқан ең төменгі бағасы;

10) өтінім – ауылшартауарынөндірушінің (ауылшаркооперативінің) сатып алынған ӨҚҚ үшін субсидиялар алуға арналған электрондық өтінімі;

11) өтпелі өтінім – ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) арзандатылған құнмен сатып алатын ӨҚҚ үшін ӨҚҚ өндірушінің субсидиялар алуға арналған электрондық өтiнiмі;

12) субсидиялаудың ақпараттық жүйесі – «электрондық үкімет» веб-порталымен өзара іс-қимыл жасауға, субсидия алуға арналған өтінімді (өтпелі өтінімді) тіркеуге, сондай-ақ өтінімді (өтпелі өтінімді) субсидиялау шарттарына сәйкестігіне автоматты түрде тексеру арқылы оны өңдеуге мүмкіндік беретін, субсидиялау процестерін орындау жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған, ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып, ретке келтірілген жиынтығы;

13) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) – интернет желісінде орналасқан, субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қолжетімділік беретін интернет ресурс;

14) субсидиялауға арналған өтінімдердің электрондық тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – субсидиялауға арналған өтінімдер (өтпелі өтінімдер), сондай-ақ қарыз алушылар, қаржы институттары туралы мәліметтердің жиынтығы және субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде көрсетілген өзге де мәліметтер;

15) танаптың электрондық картасы – бұрылыс нүктелерінің координаталарын, соңғы екі жылдағы ауыспалы егіс туралы ақпаратты және жерді қашықтықтан зондтайтын спутниктерден алынған деректерді қоса алғанда, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесінде орналасқан танап туралы ақпарат;

16) «электрондық үкімет» веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;

17) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы.»;

3. Индустрия және инфрақұрылымдық даму саласындағы уәкiлеттi орган облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына отандық ӨҚҚ өндірушілердің тізбесін келесі жылға ағымдағы жылдың 1 желтоқсанынан және тиісті жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей бередi.

3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 10.10.2019 жылғы № 364 Бұйрығына сәйкес (04.10.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 18.10.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

Облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары отандық гербицидтер өндірушілердің тізбесін оны алғаннан кейін үш жұмыс күн ішінде веб-порталға орналастырады.

Облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары келесі жылға ағымдағы жылдың 1 желтоқсанынан және тиісті жылдың 1 маусымынан кешіктірмей, отандық биоагенттер (энтомофагтар) өндірушілердің тізбесін қалыптастырады және үш жұмыс күні ішінде тізбенің деректерін веб-порталға орналастырады.

Облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары ӨҚҚ жеткізушілердің тізбесін келесі жылға ағымдағы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірмей веб-порталға орналастырады.

4. Сатып алынған ӨҚҚ құнын өтеуге арналған субсидияларды төлеу жергілікті бюджетте тиісті қаржы жылына көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады.

Басқарма ӨҚҚ құнын субсидиялау жөніндегі ай сайынғы жеке қаржыландыру жоспарын (бұдан әрі – Қаржыландыру жоспары) бекіткеннен кейін оны үш жұмыс күні ішінде веб-порталға орналастырады.

5. Гербицидтердің 1 литріне (килограмына) арналған субсидиялар нормасы олардың құрамы мен әсер етуші затының (тарының) концентрациясына байланысты абсолютті мәнде (теңге) белгіленеді. Құрамы мен әсер етуші затының (тарының) концентрациясы бойынша тектесі бар гербицид үшін 1 литріне (килограмына) арналған субсидиялар нормасы гербицидтің немесе тектестің ең төменгі құнының жартысынан аспайтын мәнді құрайды. Құрамы мен әсер етуші затының (тарының) концентрациясы бойынша тектесі жоқ гербицид үшін 1 литріне (килограмына) арналған субсидиялар нормасы тиісті гербицидтің ең төменгі құнының жартысынан аспайтын мәнді құрайды.

Сатып алынған биопрепараттардың, биоагенттердің (энтомофагтардың) 1 грамына (данасына, литріне, килограмына) арналған субсидиялар нормасы абсолютті мәнде (теңге) тиісті биопрепараттың, биоагенттің (энтомофагтың) ең төменгі құнының 40 (қырық) пайызынан (қоса алғанда) асырылмай белгіленеді.

6. Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етілген, субсидиялар нормасын есептеу үшін дақыл (өңделетін объект) және оларды қолдану регламенті туралы ақпарат ескерілген гербицидтер мен биопрепараттардың тізбесі «Өсімдіктерді қорғау туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 9) тармақшасында көзделген тәртіппен бекітілетін Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етілген пестицидтердің (улы химикаттардың) тізіміне (бұдан әрі – Пестицидтердің (улы химикаттардың) тізімі) сәйкес айқындалады.

Осы тізбені, сондай-ақ жаңадан тіркелген гербицидтер және биопрепараттар туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті басқармаға ұсынады.

7. Субсидияланатын ӨҚҚ түрлерінің тізбесі және 1 литрге (килограмға, грамға, данаға) арналған субсидиялар нормалары, сондай-ақ ӨҚҚ-ны субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемдері (бұдан әрі – субсидиялар көлемдері) облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің орынбасары, ол болмаған жағдайда оның міндетін атқарушы адам қол қойған ілеспе хатпен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне (бұдан әрі – Министрлік) тиісті жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірмей мақұлдауға ұсынылады.

7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 10.10.2019 жылғы № 364 Бұйрығына сәйкес (04.10.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 18.10.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

Бұл ретте ӨҚҚ-ның тиісті түрлеріне қалыптасқан нарықтық бағаларды растайтын құжаттарды (прайс-парақтар, коммерциялық немесе бағалық ұсыныстар), сондай-ақ шығыс нормаларын ескере отырып, субсидиялауға жататын ӨҚҚ түрлерінің көлемдері бойынша есептемелерді облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы келесі жылға ағымдағы жылдың 1 қарашасынан кешіктірмей Министрлікке береді.

Оң шешім қабылданған жағдайда, Министрлік тиісті ілеспе хатпен субсидияланатын ӨҚҚ тізбесін және 1 литрге (килограмға, грамға, данаға) арналған субсидиялар нормаларын, сондай-ақ субсидиялар көлемдерін кері қайтарады.

Теріс шешім қабылданған жағдайда, Министрлік субсидияланатын ӨҚҚ тізбесін және 1 литрге (килограмға, грамға, данаға) арналған субсидиялар нормаларын, сондай-ақ субсидиялар көлемдерін мақұлдаудан уәжді бас тартуы бар хатпен кері қайтарады. Бұл ретте пысықталған субсидияланатын ӨҚҚ түрлерінің тізбесі және субсидиялар нормалары, сондай-ақ субсидиялар көлемдері қайта қарау үшін бес жұмыс күні ішінде Министрлікке жолданады.

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание