• Мое избранное
Сауда-саттықты ұйымдастырушы есептілігінің тізбесін, нысандарын, табыс ету мерзімдерін және оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2020 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Сауда-саттықты ұйымдастырушы есептілігінің тізбесін, нысандарын, табыс ету мерзімдерін және оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 29 ақпандағы № 59 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 11 мамырда № 13692 болып тіркелді

Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.01.2018 жылғы № 5 Нормативтік Қаулысына сәйкес (29.02.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.03.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Қаулы күшін жойды 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.11.2019 жылғы № 211 Қаулысына сәйкес
Редакция 13.10.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес сауда-саттықты ұйымдастырушы есептілігінің тізбесі;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес бағалы қағаздарды сатып алуға/сатуға өтінімдер туралы есептің нысаны;
3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес мәмілелердің тараптары көрсетіле отырып, бағалы қағаздармен сауда-саттықтың нәтижелерi туралы есептің нысаны;
4) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес бағалы қағаздармен «РЕПО» операцияларына өтiнiмдер туралы есептің нысаны;
5) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес оларға қатысушылар көрсетіле отырып, бағалы қағаздармен «РЕПО» операциялары туралы есептің нысаны;
6) осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес туынды қаржы құралдарын сатып алуға/сатуға өтінімдер туралы есептің нысаны;
7) осы қаулыға 7-қосымшаға сәйкес мәмілелердің тараптары көрсетіле отырып, туынды қаржы құралдарымен сауда-саттықтың нәтижелерi туралы есептің нысаны;
8) осы қаулыға 8-қосымшаға сәйкес шетел валюталарын сатып алуға/сатуға өтінімдер туралы есептің нысаны;
9) осы қаулыға 9-қосымшаға сәйкес шетел валюталарымен сауда-саттықтың нәтижелерi туралы есептің нысаны;
10) осы қаулыға 10-қосымшаға сәйкес сауда-саттықты ұйымдастырушының мүшелерi туралы есептің нысаны;
11) осы қаулыға 11-қосымшаға сәйкес сауда-саттықты ұйымдастырушы тiзiмiнiң жекелеген секторларына (санаттарына) кiретiн бағалы қағаздар туралы есептің нысаны;
12) осы қаулыға 12-қосымшаға сәйкес сауда-саттықты ұйымдастырушының тiзiмiне кiретiн бағалы қағаздарды қоспағанда, қаржы құралдары туралы есептің нысаны;
12-1) осы қаулыға 12-1-қосымшаға сәйкес мәмілелер көлемі туралы есеп;
1-тармақ 12-1-тармақшамен толықтырылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.01.2018 жылғы № 5 Нормативтік Қаулысына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.03.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
13) осы қаулыға 13-қосымшаға сәйкес бағалы қағаздар нарығын капиталдандыру туралы есептің нысаны;
14) осы қаулыға 14-қосымшаға сәйкес клиенттердің шоттары туралы есептің нысаны;
15) осы қаулыға 15-қосымшаға сәйкес сауда-саттықты ұйымдастырушымен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалармен есепті ай ішінде жасалған, сондай-ақ есепті күні қолданыстағы мәмілелер туралы есептің нысаны және сауда-саттықты ұйымдастырушымен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалардың тізілімі;
16) осы қаулыға 16-қосымшаға сәйкес меншікті активтерді инвестициялау бойынша жасалған мәмілелер туралы есептің нысаны;
17) осы қаулыға 17-қосымшаға сәйкес меншікті активтер есебінен сатып алынған бағалы қағаздар туралы есептің нысаны;
18) осы қаулыға 18-қосымшаға сәйкес меншікті активтер есебінен жасалған «керi РЕПО» және «РЕПО» операцияларының құрылымы туралы есептің нысаны;
19) осы қаулыға 19-қосымшаға сәйкес меншікті активтер есебінен орналастырылған салымдар мен ақша туралы есептің нысаны;
20) осы қаулыға 20-қосымшаға сәйкес басқа заңды тұлғалардың капиталына инвестициялар туралы есептің нысаны;
21) осы қаулыға 21-қосымшаға сәйкес сауда-саттықты ұйымдастырушының есептілікті ұсыну қағидалары бекітілсін.
2. Сауда-саттықты ұйымдастырушы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне электрондық форматта:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.01.2018 жылғы № 5 Нормативтік Қаулысына сәйкес (29.02.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.03.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) осы қаулының 1-тармағының 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9) тармақшаларында тармақшаларында көзделген есепті жұмыс күніндегі есептілікті – күн сайын, келесі жұмыс күнінің соңына дейін;
2) осы қаулының 1-тармағының 10), 11), 12), 12-1), 13), 14), 16), 17), 18), 19) және 20) тармақшаларында  көзделген есепті айдағы есептілікті – ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады.
Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыру лицензиясына ие сауда-саттықты ұйымдастырушы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне электрондық форматта осы қаулының 1-тармағының 15) тармақшасында көзделген есепті айдағы есептілікті – ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады.
Осы қаулының 1-тармағының 17), 18), 19) және 20) тармақшаларында көзделген есептілікті ұсыну акцияларының 50 (елу) және одан көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі сауда-саттықты ұйымдастырушыға қолданылмайды.
3. Осы қаулыға 22-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Зерттеулер және статистика департаменті (Тутушкин В.А.) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына:
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға;
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
5. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.
7. Осы қаулы 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Ұлттық Банк Төрағасы Д. Ақышев
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитеті Төрағасының м. а.
____________ Б.Иманалиев
2016 жылғы 4 сәуір
Қазақстан Республикасы
 Ұлттық Банкі Басқармасының
 2016 жылғы 29 ақпандағы
 № 59 қаулысына
 1-қосымша
Сауда-саттықты ұйымдастырушы есептілігінің тізбесі
Сауда-саттықты ұйымдастырушының есептілігіне мыналар кіреді:
1) бағалы қағаздарды сатып алуға/сатуға өтінімдер туралы есеп;
2) мәмілелердің тараптары көрсетіле отырып бағалы қағаздармен сауда-саттықтың нәтижелерi туралы есеп;
3) бағалы қағаздармен «РЕПО» операцияларына өтiнiмдер туралы есеп;
4) оларға қатысушылар көрсетіле отырып, бағалы қағаздармен «РЕПО» операциялары туралы есеп;