1. Кәсіби стандарт:










Отправить по почте

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің 2013 жылғы 30 қыркүйектегі № 20/460 бұйрығының 5-қосымшасы
Осы Стандарт күшін жойды 2021 жылғы 4 қантардан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 20.12.2020 жылғы № 393 Бұйрығына сәйкес
«Ет және ет өнімдерін өндіру» кәсіби стандарты 1. Жалпы ережелер
1. Кәсіби стандарт:
еңбек нарығының қазіргі заман қажеттілігіне жауап беретін біліктілік талаптарын жаңартуға, кәсіби қызметтің мазмұнына бірыңғай талаптарды анықтауға;
қызметкерлерді басқару саласында кең шеңбердегі міндеттерді шешуге;
білім беру стандарттарын, оқу жоспарларын, модульдік оқу бағдарламаларын әзірлеуге, сонымен қатар тиісті оқу – әдістемелік материалдарды әзірлеуге;
кәсіби даярлықтарын бағалауды жүргізуге және мамандардың біліктілік сәйкестігін растауға арналған.
2. Кәсіби стандарттардың негізгі қолданушылары:
білім беру ұйымдарының түлектері, қызметкерлер;
ұйымдардың басшылары мен қызметкерлері, ұйымдардың қызметкерлерді басқару бөлімшелерінің басшылары мен мамандары;
білім беру бағдарламаларын әзірлейтін мамандар;
кәсіптік даярлықтарын бағалау және біліктілік сәйкестігін растау саласындағы мамандар.
3. Кәсіби стандарттардың негізінде қызметтің, лауазымның, біліктілікті арттырудың, қызметкерлерді аттестаттаудың, еңбекті ынталандыру жүйесінің және тағы басқалары функционалдық модельдеріне қатысты ішкі, корпоративтік стандарттары әзірленуі мүмкін.
4. Осы кәсіби стандартта келесі терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) біліктілік – қызметкердің белгілі бір қызмет түрі шеңберінде еңбек міндеттерін сапалы орындауға дайын болуы;
2) біліктілік деңгейі/біліктіліктің деңгейі – күрделілігі, еңбек қызметінің стандарттан басқа болуы, жауапкершілігі және дербестігі бойынша сараланатын қызметкерлер құзыреттілігіне қатысты талаптар жиынтығы;
3) еңбек мәні – белгілі бір еңбек құралдарының көмегімен өнім жасау мақсатында қызметкердің іс-қимылы бағытталатын зат;
4) еңбек құралы – қызметкердің еңбек мәнін бастапқы күйден өнімге айналдыру үшін пайдаланатын құралдары;
5) еңбек қызметінің түрі – еңбек функциялары мен оларды орындауға қажетті құзыреттіліктердің тұтас жиыны мен құрамдастырылған кәсіби қызмет саласының құрама бөлігі;
6) еңбек функциясы – еңбек үдерісінің бір немесе бірнеше міндеттерін шешуге бағытталған өзара байланысты іс-қимылдар жиынтығы;
7) кәсіптік қызмет саласы – біріккен ортақ (ұқсас және қызметі жақын объектілер, технологиялар, оның ішінде еңбек құралдары) негізі бар және оларды орындау үшін ұқсас құзыреттер жинағы бар сала қызметі түрлерінің жиынтығы негізгі және қосалқы атқарымдарды іске асыруды көздейтін сала қызметінің бір бөлігі;
8) кәсіби стандарт - кәсіптік қызметтердің нақты саласындағы еңбек мазмұнына, сапасына, жағдайына және қызметкер құзыретіне қойылатын талаптарды айқындайтын стандарт;
9) кәсіптік стандарт бірлігі – осы қызмет түрі үшін тұтас, аяқталған, дербес және маңызды болып табылатын нақты еңбек функциясының ашық сипаттамасынан тұратын кәсіптік стандарттың құрылымдық элементі; кәсіп – арнайы дайындықтың, жұмыс тәжірибесінің нәтижесінде пайда болған арнайы теориялық білім мен практикалық дағдылар кешенін білуді талап ететін еңбек қызметінің түрі;
10) кәсіп – арнайы дайындықтың, жұмыс тәжірибесінің нәтижесінде пайда болған арнайы теориялық білім мен практикалық дағдылар кешенін білуді талап ететін еңбек қызметінің түрі;
11) құзыреттілік – еңбек қызметінде білімін, білігі және тәжірибесін қолдану қабілеті;
12) лауазым – ұйымның ұйымдастырушылық – әкімшілік жүйесіндегі функционалдық орын;
13) міндет – нақты бір еңбек мәндері мен құралдарын пайдалана отырып еңбек функциясын іске асырумен байланысты іс-қимыл жиынтығы;
14) сала – бір типті өнім құруда, өндіріс технологиясы, жұмыс істейтіндердің негізгі қорлары мен кәсіптік дағдыларында ортақ мақсаты бар кәсіпорындар мен ұйымдардың жиынтығы;
15) салалық біліктілік шеңбері – салада құпталатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдалған сипаттамасы;
16) ұлттық біліктілік шеңбері – еңбек нарығында құпталатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдалған сипаттамасы;
17) функционалдық карта – әр түрлі кәсіптік қызметтер саласында немесе шеңберінде белгіленген, қызметкер орындайтын қызмет түрлерінің, атқарымдары мен міндеттерінің құрылымданған сипаттамасы.
5. Осы кәсіби стандартта мынадай қысқартулар пайдаланылады:
КҚ – кәсіптік қызмет;
ҚТ – қызмет түрі;
КС – кәсіби стандарт;
ҰБШ – ұлттық біліктілік шеңбері;
СБШ – салалық біліктілік шеңбері;
БТБА – Қазақстан Республикасы жұмыс және жұмысшылар кәсіптерінің Бірыңғай тарифтік – біліктілік анықтамасы.
2. Кәсіби стандарттың паспорты
6. Экономикалық қызметтің түрі (кәсіптік қызмет саласы): Етті қайта өңдеу мен консервілеу және ет өнімдерін жасау.
7. Экономикалық қызмет түрінің (кәсіптік қызмет саласының) негізгі мақсаты: сойылған малдың етін шұжық жасау үшін сылу, сіңірден тазалау, бөлшектеу, шұжық өнімдерін, жартылай ет өнімдерін қуыру, пісіру, ыстау, кептіру, суыту, шұжық өнімдерін, ет жартылай өнімдерін шығаруды ұйымдастыру және технологиялық процесін бақылауға алу.
Кәсіби стандарт «Етті қайта өңдеу мен консервілеу және ет өнімдерін жасау» кәсіптік қызмет саласында еңбек мазмұнына, сапасына, жағдайына, қызметкердің біліктілігі мен құзыреттеріне қойылатын талаптарды айқындайды.
8. Еңбек қызметінің түрлері, кәсіптер, біліктілік деңгейлері осы Кәсіби стандартының 1-қосымшасында көрсетілді.
Стандарт талаптары осы саланың мынадай қызмет түрлері мен кәсіптеріне қатысты қолданылады:
етші;
шұжық өндірісі операторы;
техник-технолог.
3. Еңбек қызметі (кәсіп) түрлерінің карточкасы Параграф 1. Етші
9. СБШ – 2 бойынша біліктілік деңгейі.
10. Мүмкін болатын лауазым атауы: етші.

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |