Bestprofi Logo

Стандарт № 691 от 2013-12-31г./Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

«Жұртшылықпен байланыс қызметі» кәсіби стандарты

Отправить на почту


Языки документа

Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2016 г.

Документ на казахском языке

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 691 бұйрығына 1-қосымша

«Жұртшылықпен байланыс қызметі» кәсіби стандарты

Стандарт күшін жойды 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 15.12.2015 жылғы № 971 Бұйрығына сәйкес

1. «Жұртшылықпен байланыс қызметі» кәсіби стандарты (бұдан әрі – КС) біліктілік, құзыреттілік деңгейіне, еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын талаптарды айқындайды және ол мыналарға:

1) еңбек нарығының қазіргі кездегі сұранысына жауап беретін біліктілік талаптарын жаңарту үшін кәсіптік қызметтің мазмұнына қойылатын бірыңғай талаптарды әзірлеуге;

2) персоналды басқару саласындағы кең ауқымды міндеттерді шешуге (персоналды уәждендіру және ынталандыру жүйелерін, лауазымдық нұсқаулықтарды, персоналды іріктеу, таңдау және аттестаттау, мансапты жоспарлау жүйелерін әзірлеуге);

3) персоналды кәсіпорындарда оқытудың, кәсіби білім берудің барлық деңгейінде білім беру бағдарламаларын қалыптастыруға, сондай-ақ осы бағдарламаларға оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеуге;

4) кәсіптік даярлыққа бағалау жүргізуге және мамандардың біліктілігіне сәйкестігін растауға арналған.

2. КС негізінде ұйымдардың біліктілік мінездемелері, лауазымдық нұсқаулықтары, үлгілік оқу бағдарламалары, үлгілік оқу жоспарлары, корпоративтік стандарттары әзірленеді.

3. Осы КС мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:

1) біліктілік – қызметкердің белгілі бір еңбек қызметі түрінің шеңберінде нақты функцияларды сапалы орындауға дайындығы;

2) біліктілік деңгейі – еңбек іс-қимылдарының күрделілігі, стандартты еместігі, жауапкершілігі мен дербестілігі өлшемдеріне қарай сараланатын қызметкерлердің құзыретіне қойылатын талаптар жиынтығы;

3) еңбек функциясы – бизнес-процесс айқындайтын және оларды орындау үшін қажетті құзыреттердің болуын көздейтін еңбек іс-қимылдарының кіріктірілген және салыстырмалы түрде автономды жиынтығын білдіретін еңбек қызметі түрінің құрамдас бөлігі;

4) кәсіби қызмет саласы – ортақ интеграциялық негізі бар (міндеті, объектілері, технологиялары, оның ішінде еңбек құралдары ұқсас немесе жақын) және енбек функцияларының және оларды орындау үшін құзыреттіліктің ұқсас жиынтығын көздейтін еңбек қызметі саласы түрлерінің жиынтығы;

5) КС – кәсіби қызметтің нақты саласында біліктілік және құзыреттілік деңгейіне, еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын талаптарды айқындайтын стандарт;

6) КС бірлігі – еңбек қызметінің аталған түрі үшін тұтас, аяқталған, салыстырмалы түрде автономды және елеулі болып табылатын нақты еңбек функциясының жан-жақты сипаттамасынан тұратын КС құрылымдық элементі;

7) кәсіп – бұл арнайы дайындық, жұмыс тәжірибесі нәтижесінде туындаған арнайы теориялық білім және практикалық дағдылар кешенін меңгеруді талап ететін еңбек қызметінің түрі;

8) құзыреттілік – еңбек қызметінде білімін, білігі мен тәжірибесін қолдану қабілеті;

9) ұлттық біліктілік шеңбері (бұдан әрі – ҰБШ) – еңбек нарығында танылатын біліктілік деңгейлерін құрылымдық жағынан сипаттау.

1) экономикалық қызмет түрі (кәсіби қызмет саласы):

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышы (бұдан әрі – 03-2007 ҚР МС) «70.21 Жұртшылықпен байланыс қызметі»;

2) экономикалық қызмет түрінің (кәсіби қызмет саласының) негізгі мақсаты: ұйым мен оның жұртшылық арасындағы өзара түсіністікті орнату және қолдауды көздейді;

3) еңбек қызметінің түрлері, кәсіптері, біліктілік деңгейлері осы КС 1-қосымшада көрсетілген;

5. КС талаптары осы саладағы мынадай кәсіптерге қатысты:

жұртшылықпен байланыс бөлімінің бастығы;

жұртшылықпен байланыс директорының орынбасары.

Еңбек қызметі түрлерінің (кәсібінің) карточкасы

1-параграф «Жұртшылықпен байланыс менеджері»

6. Еңбек қызметі түрінің (кәсібінің) карточкасы мыналардан тұрады:

2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кәсіптер сыныптауышы бойынша базалық топ (бұдан әрі – 01-2005 ҚР МС): 2419 – «Жұртшылықпен байланыс қызметінің маманы»;

3) лауазымдардың ықтимал атаулары (кәсіп): жұртшылықпен байланыс қызметінің менеджері; пиар-менеджер;

4) орындалатын еңбек қызметінің жалпыланған сипаттамасы:ұйымның қолайлы имиджін әзірлуді және қалыптастыруды көздейді;

5) ықтимал жұмыс орындары, қызметкердің кәсіби біліміне және оқуына талаптар, біліктілігін дәлелдейтін, сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшадағы тарауда «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Жұртшылықпен байланыс менеджерінің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» келтірілген.

2-параграф «Жұртшылықпен байланыс бөлімінің бастығы»

7. Еңбек қызметі түрінің (кәсібінің) карточкасы мыналардан тұрады:

2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кәсіптер сыныптауышы бойынша базалық топ (бұдан әрі – 01-2005 ҚР МС): 1234 – «Жарнамалық-ақпараттық бөлімшелердің (қызметтердің) басшылары»;

3) лауазымдардың ықтимал атаулары (кәсіп): жұртшылықпен байланыс қызметінің бастығы;

4) орындалатын еңбек қызметінің жалпыланған сипаттамасы:

бұқаралық ақпарат құралдарымен өз ұйымының арасындағы қатынастарды басқаруын және ақпараттық алмасудың қолдауын көздейді;

5) ықтимал жұмыс орындары, қызметкердің кәсіби біліміне және оқуына талаптар, біліктілігін дәлелдейтін, сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшадағы тарауда «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Жұртшылықпен байланыс бөлім бастығының еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» келтірілген.

3-параграф «Жұртшылықпен байланыс директорының орынбасары»

8. Еңбек қызметі түрінің (кәсібінің) карточкасы мыналардан тұрады:

2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кәсіптер сыныптауышы бойынша базалық топ (бұдан әрі – 01-2005 ҚР МС): 1210 – «Ұйымдардың басшылары»;

3) лауазымдардың ықтимал атаулары (кәсіп): жұртшылықпен байланыс жөніндегі вице-президент, жұртшылықпен байланыс жөніндегі бас директордың орынбасары;

4) орындалатын еңбек қызметінің жалпыланған сипаттамасы:

жұртшылықпен байланыс саласындағы ұйымның саясатын қалыптастыруда, іске асыруда және дамытуда басшылықты көздейді;

5) ықтимал жұмыс орындары, қызметкердің кәсіби біліміне және оқуына талаптар, біліктілігін дәлелдейтін, сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшадағы тарауда «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Жұртшылықпен байланыс директоры орынбасарының еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» келтірілген.

9. КС бірліктерінің тізімі осы КС 2-қосымшасында көрсетілген және КС бірліктерінің шифр мен атауынан тұрады.

10. КС бірліктерінің сипаттамасы осы КС 4-қосымшасында көрсетілген.

6. Осы КС негізінде берілетін сертификаттардың түрлері

11. Кәсіби даярлықты бағалау және мамандардың біліктілігіне сәйкестігін растау саласындағы ұйымдар осы КС негізінде сертификаттар береді.

12. Осы КС негізінде берілетін сертификаттардың түрлері осы КС 3-қосымшада көзделген сертификатты алу үшін игеру қажет болатын КС бірліктерінің тізбесіне сәйкес айқындалады.

7. КС әзірлеушілері, келісу парағы, сараптамасы және тіркеуі

13. КС әзірлеушісі «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып табылады.

«Жұртшылықпен байланыс қызметі» кәсіби стандартына 1-қосымша

Біліктілік деңгейлері бойынша еңбек қызметінің түрлері (кәсібі)

Р/с



Қызмет түрінің атауы

Еңбек нарығының үрдісін ескергендегі кәсіптердің атауы

01-2005 ҚР МС сәйкес кәсіптердің атауы

ҰБШ біліктілік деңгейі

БТБА бойынша разряд

1

Қоғам және бұқаралық ақпаратпен қарым-қатынас

Жұртшылықпен байланыс менеджері

Жұртшылықпен байланыс қызметінің маманы

5

-

2

Жұртшылықпен байланыс бөлімінің бастығы

Бөлімінің бастығы (жарнамалық-ақпараттық)

5

-

3

Жұртшылықпен байланыс директорының орынбасары

Бас директордың орынбасары (директор)

6

-

Ескертпе: БТБА - Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы

«Жұртшылықпен байланыс қызметі» кәсіби стандартына 2-қосымша

1. Ықтимал жұмыс орындары. Жұртшылықпен байланыс менеджерінің еңбек жағдайларына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар

Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары (кәсіпорындар, ұйымдар)

Барлық меншік нысанындағы ұйымдар мен кәсіпорындар

Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары

-

Жұмысқа рұқсат берудің ерекше жағдайлары

-

ҰБШ біліктілік деңгей

Кәсіби білім беру мен оқыту деңгейі

Талап етілетін жұмыс тәжірибесі

5

Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім

Жұмыс тәжірибесу талап етілмейді

2. Ықтимал жұмыс орындары. Жұртшылықпен байланыс бөлім бастығының еңбек жағдайларына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар

Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары (кәсіпорындар, ұйымдар)

Барлық меншік нысанындағы ұйымдар мен кәсіпорындар

Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары

-

Жұмысқа рұқсат берудің ерекше жағдайлары

-

ҰБШ біліктілік деңгейі

Кәсіби білім беру мен оқыту деңгейі

Талап етілетін жұмыс тәжірибесі

6

Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) білім

Жұртшылықпен байланыс жөніндегі жұмыс тәжірибесі кемінде 3 жыл

3. Ықтимал жұмыс орындары. Жұртшылықпен байланыс директоры орынбасарының еңбек жағдайларына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар

Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары (кәсіпорындар, ұйымдар)

Барлық меншік нысанындағы ұйымдар мен кәсіпорындар

Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары

-

Жұмысқа рұқсат берудің ерекше жағдайлары

-

ҰБШ біліктілік деңгейі

Кәсіби білім беру мен оқыту деңгейі

Талап етілетін жұмыс тәжірибесі

6

Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) білім

Бұқаралық ақпарат құралдар саласында басшы қызметінде жұмыс тәжірбиесі кемінде 5 жыл

«Жұртшылықпен байланыс қызметі» кәсіби стандартына 3-қосымша

1. «Жұртшылықпен байланыс менеджері» еңбек қызметінің түрі (кәсібі)

Шифры

Еңбек функциясының атауы (кәсіби стандарт бірліктері)

Ф 1

Бұқаралық ақпарат құралдармен және қоғамдық құрылымдармен өзара әрекеттесу

Ф 2

Іс-шараларды ұйымдастыру және бұқаралық ақпарат құралдарына ақпараттық материалдар дайындау

Ф 3

Жұмыс жоспарларын әзірлеу, оларды қаржылық және ұйымдық қамтамасыз ету

2. «Жұртшылықпен байланыс бөлімінің бастығы» еңбек қызметінің түрі (кәсібі)

Шифры

Еңбек функциясының атауы (кәсіби стандарт бірліктері)

Ф 1

Ұйымның жұртшылықпен байланыс саласындағы саясатының тұжырымдамасын әзiрлеу

Ф 2

Бөлiм қызметкерлерiнің, жұртшылықпен байланыс жөніндегі менеджерлердің, штаттық социологтардың жұмысын басшылыққа алу және үйлестiру

Ф 3

Бұқаралық ақпарат құралдарымен және қоғамдық құрылымдармен байланысты қамтамасыз ету

Ф 4

Жұртшылықпен байланыс саласындағы ұйым қызметінің тиімділігін бақылау

3. «Жұртшылықпен байланыс директорының орынбасары» еңбек қызметінің түрі (кәсібі)

Шифры

Еңбек функциясының атауы (кәсіби стандарт бірліктері)

Ф 1

Жұртшылықпен байланыс саласында ұйым саясатын қалыптастыру, іске асыру және дамуына басшылық

Ф 2

Бұқаралық ақпарат құралдарымен және қоғамдық құрылымдармен өзара әрекеттері бойынша ұйымның өкілдік функцияларын орындау

Ф 3

Жұртшылықпен байланыс саласындағы қоғамдық пiкiрдің кешендi зерттеулерiн жүргiзу

Ф 4

Жұртшылықпен байланыс саласындағы озық технологияларды енгізу жөніндегі қызмет

Ф 5

Жұртшылықпен байланыс жөніндегі ұйымның құрылымдық бөлiмшелерінің жұмысын үйлестiру және басшылық

«Жұртшылықпен байланыс қызметі» кәсіби стандартына 4-қосымша

КС бірліктерінің сипаттамасы (функционалдық картасы)

1. «Жұртшылықпен байланыс менеджері» еңбек қызметінің түрі (кәсібі)

Шифры

Біліктері мен дағдылары

Білімі

Жеке және кәсіби құзыреттері

Ф 1

Бұқаралық ақпарат құралдармен, ақпараттық, жарнамалық, консалтингтік агенттіктерімен, жұртшылықпен байланыс жөніндегі агенттіктермен, баспалармен, басқа да кәсіпорындар және ұйымдармен, мемлекеттік және қоғамдық құрылымдармен байланысты ұйымдастыру және қолдау.



Ұйымнан шығатын ақпараттық хабарлардың тасымалдауыштарын, мазмұнын, сипатын анықтау.



Тұтынушылармен, әріптестермен, бәсекелестермен және жұртшылықтың тағы басқа топтарымен екіжақты байланысын қамтамасыз ету.

Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасы.



Жұртшылықпен байланыс саласындағы кәсiби және этикалық қағидалардың халықаралық және қазақстандық кодекстері.



Ғылыми-әдiстемелiк материалдар, технологиялардың даму бағыттары және перспективалары. Экономика, кәсiпкерлiк, политология, социология, психология, маркетинг және менеджменттің негіздері, сапалық және сандық социологиялық зерттеулерді бағалау әдiстерi және жүргiзу технологиясы.



Жұрт алдында сөз сөйлеулердің техникасы және риториканың негiздерi.

Шығармашылық және қалыпсыз ойлау қабілеттілігі, жұмыстың тиімділігін және шығармашылық атмосфераны қалыптастыру.



Өз ойларын сауатты бiлдiру.



Сабырлық.



Командада жұмыс істей білу және орындаушылық тәртiпке қабiлеттiлiгі. Өз эмоциясын бақылау қабілеттілігі.



Адамдармен тіл табысу қабiлеттiлiгі.



Сөйлеу аппаратының қарқынды және ұзақ жұмысқа қабiлеттiлiгі.



Әңгiмелесушi үшін қызықты болу.



Өз қызметін уақыт бойынша жоспарлау қабiлеттiлiгі.



Оқиғаларға, айналадағы жағдайларға бағдар.



Қысқа мерзімдерде күрделі проблемаларды шешу қабiлеттiлiгі.



Кәсіби кемеліне талпынысы.

Ф 2

Бұқаралық ақпарат құралдарында ұйымның басшыларымен сұхбатты, баспасөз конференцияларын, брифингтерді, медиа - шараларды, бэкграундтарды ұйымдастыру.



Бұқаралық ақпарат құралдары үшін ұйымның қызметі туралы баспасөз хабарламаларын, корпоративтік бюллетендерді және басқа да ақпараттық материалдарды дайындау.



Ақпарат көздеріне мониторинг жүргiзу.

Логика негіздері мен дәлелдеме теориясы.



Коммуникация теориясының негіздері.



Ақпараттық процестер мен бұқаралық комуникация саласының даму болжамдары.



Ақпараттық нарықтың конъюнктурасын білу.

Ф 3

Заманауи техникалық байланыс құралдары мен компьютерлік технологияларды қолдана отырып, ақпараттарды өңдеу.



Жұртшылықпен бірлескен қызмет кезінде ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің өзара әрекеттесуін қамтамасыз ету.

Статистикалық ақпаратты талдау әдістері.



Жұртшылықпен байланыс саласындағы халықаралық сапа стандарттары.



Ұйымның даму стратегиясы және бизнес-жоспары.



Бағдарламалар мен іс-шараларды ақпаратпен қамтамасыз ету жөніндегі шарттарды (келісімшарттарды) әзірлеу және жасасу тәртібі.



Техникалық ақпарат құралдары мен компьютерлік технологияларды қолдана отырып, ақпараттарды жинау және өңдеу әдістері.

2. «Жұртшылықпен байланыс бөлімінің бастығы» еңбек қызметінің түрі (кәсібі)

Шифры

Біліктері мен дағдылары

Білімі

Жеке және кәсіби құзыреттері

Ф 1

Ұйымың iшкi және сыртқы саясатының тұжырымдамасын әзiрлеу және ұйым қызметiнiң ағымдағы жоспарларын түзету үшiн талдамалық материалдарын үнемі дайындау.



Ұйымның жұртшылықпен байланыс саласындағы саясатын жүзеге асыруға шығыстар сметасын әзiрлеу және қажеттi қаржылық есепке алуды жүргiзудi ұйымдастыру.

Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары мен жарнама туралы заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері.



Жұртшылықпен байланыс саласындағы кәсiби және этикалық қағидалардың халықаралық және қазақстандық кодекстері.



Жұртшылықпен байланыс саласындағы халықаралық сапа стандарттары.

Жұртшылықпен байланыс қызметін жүзеге асыру жөніндегі міндеттер мен әдістерді өздігінше таңдау қабілеті.



Бөлімнің қызметін ұйымның жарнама және жұртшылықпен байланыс саласындағы саясатын іске асыру жөніндегі міндеттерді шешуге бағыттау қабілеті;



Басшылық және ұжымда жұмыс істеу қабілеті.



Бұқаралық ақпарат құралдарымен, қоғамдық және коммерциялық ұйымдармен, жеке тұлғалармен өзара әрекеттесу кезіндегі өкілдіктік функциялары.



Іскерлік қарым-қатынас этикасы.



Риторика негіздері мен жұрт алдында сөз сөйлеу техникасы.



Өткізілген зерттеу нәтижелеріне жауапкершілік.



Ақпараттарды қорғау және оңтайлы ақпараттық байланыстарды құру жөніндегі жұмыстарды ұйымның құрылымдық бөлімшелерімен келісу.



Қысқа мерзімдерде проблемалық жағдайларды шешу қабілеті.



Кәсіби кемеліне талпынысы.

Ф 2

Бөлiмнiң қызметкерлерiне міндеттер қою.



Қызметкерлер қызметінің тиiмдiлiгін бағалау және ынталандыру.



Кәсiби деңгейдi арттыруға қызметкерлердi уәждеу.



Бұқаралық ақпарат құралдары үшін ұйымның қызметі туралы баспасөз хабарламаларын, корпоративтік бюллетендерді және басқа да ақпараттық материалдарды дайындау бойынша басшылық..

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы.



Өндiрiс бейін, мамандандырылуы, технологиясы және ұйым құрылымының ерекшелiгі.



Политология, социология, психология, маркетинг және менеджмент негiздерi. Сапалық және сандық социологиялық зерттеулерді бағалау әдiстерi және жүргiзу технологиясы.



Ұйымның мақсаттары, даму стратегиясы және бизнес-жоспары.

Ф 3

Ұйымның басшылығын бұқаралық ақпарат құралдарымен, қоғамның әр түрлi топтарымен, бәсекелестермен, әріптестермен тиiмдi және тұрақты екіжақты байланысын, ұйымның қызметi туралы ақпараттық-жарнамалық материалдардың таралуын қамтамасыз ету.



Ұйым шығаратын корпоративтiк басылым, ресми WEB - ресурс және басқа да ақпараттық материалдар тұжырымдамасын әзiрлеу.



Бұқаралық ақпарат құралдарында ұйымның басшыларымен сұхбатты, баспасөз конференцияларын, брифингтерді, медиа-шараларды, бэкграундтарды ұйымдастыру.

Жұртшылықпен байланыс саласындағы озық технологиялар, отандық және шетелдiк тәжiрибе.



Ақпараттық нарықтың конъюнктурасын білу.

Ф 4

Ұйым қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында қоғамдық пiкiрiнiң кешендi зерттеулерiн жүргiзу. Жұртшылықпен байланыс қызметтері, ақпараттық-жарнамалық саясаты, тауарлар мен қызметтерді нарыққа шығару бағдарламалары салаларының барлық мәселесі жөнінде басшыға жедел хабарлау.



Қауіпсіздік техникасының талаптарын орындау.

Талдау, жоспарлау және ақпараттық процестерді болжау және жаппай коммуникация салаларының әдістері.



Ғылыми-әдістемелік материалдар, социологиялық зерттеулерді жүргізу әдістері.

3. «Жұртшылықпен байланыс директорының орынбасары» еңбек қызметінің түрі (кәсібі)

Шифры

Біліктері мен дағдылары

Білімі

Жеке және кәсіби құзыреттері

Ф 1

Жұртшылықпен байланыс саласында ұйым саясатын қалыптастыру, іске асыру және дамуына басшылықты жүзеге асыру.



Жұртшылықпен байланыс саласында ұйымың iшкi және сыртқы саясатының тұжырымдамасын әзiрлеу.



Жұртшылықпен байланыс саласындағы қызметтi ынталандыруын және тиiмдiлiгін бағалау.

Жұртшылықпен байланыс саласын реттеу мәселелеріне жататын нормативтік құқықтық актілері.



Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнамасы.



Қазақстан Республикасының Еңбек туралы заңнамасы.

Жұртшылықпен байланыс саласында маңызды өзгерiстерге әкелетін қызмет процестерiн жоспарлау және әзiрлеу үшін жауапкершiлiк.



Жұртшылықпен байланыс жөніндегі кәсiпорын қызметiнiң стратегиясы шеңберiнде дербестiк.



Жұртшылықпен ұйым коммуникациясының тиiмдiлiгін арттыру мақсатында қоғамдық пiкiрге зерттеу жүргiзуді таңдау және оның тәсiлдерi туралы шешiмді қабылдау үшін жауапкершiлiк.



Жаңа ақпараттық үдерiстердi және коммуникацияларды енгiзу және талдау нәтижелерi бойынша шешiмдер қабылдау.



Басқару кәсіби ісін арттыру.



Жұртшылықпен байланыс саласындағы iс-шараларды жоспарлауға және әзiрлеуге жауапкершiлiк.



Қысқа мерзiмдерде проблемалық жағдайларды шешу қабiлеттiлiгі.



Кәсiби жетiлуге талпыныс.

Ф 2

Ұйым қызметiнiң әрекеттерi аспектiлерiне түсініктемелер және түсiндірулер.



Бұқаралық ақпарат құралдарында баспасөз-конференциялар, брифингтер, медиа-шаралар, сұхбаттар өткізу.

Жұртшылықпен байланыс саласындағы кәсiби және этика қағидаттарының кодекстері.



Жұртшылықпен байланыс саласындағы жұмыстың халықаралық сапа стандарттары.

Ф 3

Ұйым қызметіне кеңiстiктегі әлеуметтiк қоғамдық пiкiрдi зерделеу бойынша әлеуметтік зерттеулердi жүргiзуге басшылық ету.



Әлеуметтік зерттеулердің нәтижелері бойынша ұйымның сыртқы және iшкi саясатының тұжырымдамасын, бағдарламасын түзету.



Ұйымның жұртшылықпен байланыс саласындағы қызметі тиімділігінің мониторингі.

Жұртшылықпен байланыс саласындағы жүргізілетін әлеуметтік зерттеулердің жүйелiк талдау әдiстемелiгi.



Ұйымның қызметi туралы қоғамның пiкiрiн зерделеу және анықтау бойынша бағдарламалар.



Жұртшылықпен байланыс жөніндегі талдамалы материалдың тұсаукесері

Ф 4

Жұртшылықпен, ұйымдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-әрекет нысандары мен әдістерін таңдау.



Мынадай техникалық құрылғыларды жұмыста пайдалану: диктофон, микрофон, фотоаппарат, бейнекамера, кеңсе оргтехникасы.

Жұртшылықпен байланыс саласындағы озық технологиялар, отандық және шетелдiк тәжiрибе.



Инновациялық тәсiлдердi қолдану арқылы жұртшылықпен байланыс саласындағы міндеттер мен проблемаларды жүйелi шешу.

Ф 5

Бұқаралық ақпарат құралдарымен, қоғамның өкiлдерiмен өзара iс-қимыл бойынша ұйымның басшылығымен тренингтер жүргiзу.



Ұйым қызметінің жекелеген бағыттары шеңберіндегі бағдарламалар мен іс-шараларды ақпараттық, жарнамалық, ұйымдастырушылық және қаржылық қамтамасыз ету жөніндегі шарттар мен келісімшарттардың әзірленуі мен орындалуын бақылау.

Ұйым бейіні, мамандандырылуы, өндіріс технологиясы және құрылымының ерекшеліктері.

«Жұртшылықпен байланыс қызметі» кәсіби стандартына 5-қосымша

Р/с



Ұйымның атауы

Келісілген күні

1

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі






 

2

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі






 

3

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі






 

4

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі






 

5

Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігі






 

6

Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі






 

7

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі






 

8

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі






 

9

Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі






 

10

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі






 

11

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі






 

12

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі






 

13

Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі






 

14

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі






 

15

Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі






 

16

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі






 

17

Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы






 

18

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы






 

Осы КС ______________________________________________________________

____________________________________________________________ тіркелді

КС тізіліміне енгізілді, тіркеу № _______________________,

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание