1. «Құжаттамалық қамтамасыз ету және іс қағаздарын жүргізу» кәсіби стандарты (бұдан әрі – КС) біліктілік, құзыреттілік деңгейіне, еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын талаптарды айқындайды және ол мыналарға:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 691 бұйрығына 2-қосымша
«Құжаттамалық қамтамасыз ету және іс қағаздарын жүргізу» кәсіби стандарты
Стандарт күшін жойды 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 15.12.2015 жылғы № 971 Бұйрығына сәйкес
1. Жалпы ережелер
1. «Құжаттамалық қамтамасыз ету және іс қағаздарын жүргізу» кәсіби стандарты (бұдан әрі – КС) біліктілік, құзыреттілік деңгейіне, еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын талаптарды айқындайды және ол мыналарға:
1) еңбек нарығының қазіргі кездегі сұранысына жауап беретін біліктілік талаптарын жаңарту үшін кәсіптік қызметтің мазмұнына қойылатын бірыңғай талаптарды әзірлеуге;
2) персоналды басқару саласындағы кең ауқымды міндеттерді шешуге (персоналды уәждендіру және ынталандыру жүйелерін, лауазымдық нұсқаулықтарды, персоналды іріктеу, таңдау және аттестаттау, мансапты жоспарлау жүйелерін әзірлеуге);
3) персоналды кәсіпорындарда оқытудың, кәсіби білім берудің барлық деңгейінде білім беру бағдарламаларын қалыптастыруға, сондай-ақ осы бағдарламаларға оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеуге;
4) кәсіптік даярлыққа бағалауды жүргізуге және мамандардың біліктілігіне сәйкестігін растауға арналған.
2. КС негізінде ұйымдардың біліктілік мінездемелері, лауазымдық нұсқаулықтары, үлгілік оқу бағдарламалары, үлгілік оқу жоспарлары, корпоративтік стандарттары әзірленеді.
3. Осы КС мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) біліктілік – қызметкердің белгілі бір еңбек қызметі түрінің шеңберінде нақты функцияларды сапалы орындауға дайындығы;
2) біліктілік деңгейі – еңбек іс-қимылдарының күрделілігі, стандартты еместігі, жауапкершілігі мен дербестілігі өлшемдеріне қарай сараланатын қызметкерлердің құзыретіне қойылатын талаптар жиынтығы;
3) еңбек функциясы – бизнес-процесс айқындайтын және оларды орындау үшін қажетті құзыреттердің болуын көздейтін еңбек іс-қимылдарының кіріктірілген және салыстырмалы түрде автономды жиынтығын білдіретін еңбек қызметі түрінің құрамдас бөлігі;
4) кәсіби қызмет саласы – ортақ интеграциялық негізі бар (міндеті, объектілері, технологиялары, оның ішінде еңбек құралдары ұқсас немесе жақын) және еңбек функцияларының және оларды орындау үшін құзыреттіліктің ұқсас жиынтығын көздейтін еңбек қызметі саласы түрлерінің жиынтығы;
5) КС – кәсіби қызметтің нақты саласында біліктілік және құзыреттілік деңгейіне, еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын талаптарды айқындайтын стандарт;
6) КС бірлігі – еңбек қызметінің аталған түрі үшін тұтас, аяқталған, салыстырмалы түрде автономды және елеулі болып табылатын нақты еңбек функциясының жан-жақты сипаттамасынан тұратын КС құрылымдық элементі;
7) кәсіп – бұл арнайы дайындық, жұмыс тәжірибесі нәтижесінде туындаған арнайы теориялық білім және практикалық дағдылар кешенін меңгеруді талап ететін еңбек қызметінің түрі;
8) құзыреттілік – еңбек қызметінде білімін, білігі мен тәжірибесін қолдану қабілеті;
9) ұлттық біліктілік шеңбері (бұдан әрі – ҰБШ) – еңбек нарығында танылатын біліктілік деңгейлерін құрылымдық жағынан сипаттау.
2. КС паспорты
4. КС төлқұжаты келесіні анықтайды:
1) экономикалық қызмет түрі (кәсіби қызмет саласы):
Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышы (бұдан әрі – 03-2007 ҚР МС) «82.19 Фотокөшірмелеу жұмыстары, құжаттамалар дайындау және мамандандырылған кеңселік қызмет көрсетудің өзге де түрлері»;
2) экономикалық қызмет түрінің (кәсіби қызмет саласының) негізгі мақсаты: кәсіпорынның құжаттамалық қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарын ұйымдастыру, басқару, үйлестіру, бақылау және іске асыру;
3) еңбек қызметінің түрлері, кәсіптері, біліктілік деңгейлері осы КС 1-қосымшада көрсетілген;
5. КС талаптары осы саладағы мынадай кәсіптерге қатысты:
машинистка;
іс қағаздарын жүргізуші;
тапсырмалардың орындалуын бақылау жөніндегі инспектор;
экспедиция меңгерушісі;
құжаттанушы;
машинкамен басу бюросының меңгерушісі;
көшіру-көбейту бюросының меңгерушісі;
кеңсе меңгерушісі.
3. Еңбек қызметі түрлерінің (кәсібінің) карточкасы
1-параграф «Машинистка»
6. Еңбек қызметі түрінің (кәсібінің) карточкасы мыналардан тұрады:
1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 4;
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кәсіптер сыныптауышы бойынша базалық топ (бұдан әрі – 01-2005 ҚР МС): 4111 – «Стенографисткалар мен машинисткалар»;
3) лауазымдардың ықтимал атаулары (кәсіп): машинистка;
4) орындалатын еңбек қызметінің жалпыланған сипаттамасы:
әртүрлі жүйелердің жазу машиналарында немесе дербес компьютерде қолжазба, машинкамен басылған және баспа түпнұсқалардан тұратын машинкамен басу жұмыстарын орындауды көздейді;
5) ықтимал жұмыс орындары, қызметкердің кәсіби біліміне және оқуына талаптар, біліктілігін дәлелдейтін, сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшадағы тарауда «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Машинистканың еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» келтірілген.
2-параграф «Іс қағаздарын жүргізуші»
7. Еңбек қызметі түрінің (кәсібінің) карточкасы мыналардан тұрады:
1) біліктілік деңгейі: ҰБШ – 4;
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кәсіптер сыныптауышы бойынша базалық топ (бұдан әрі – 01-2005 ҚР МС): 4115 – «Хатшылар, офис-менеджерлер»;
3) лауазымдардың ықтимал атаулары (кәсіп): іс қағаздарын жүргізуші;
4) орындалатын еңбек қызметінің жалпыланған сипаттамасы:
құжаттық материалдардың өтуін есепке алуды жүргізуді, олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыруды көздейді;
5) ықтимал жұмыс орындары, қызметкердің кәсіби біліміне және оқуына талаптар, біліктілігін дәлелдейтін, сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшадағы тарауда «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Іс қағаздарын жүргізушісінің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» келтірілген.
3-параграф «Тапсырмалардың орындалуын бақылау жөніндегіинспектор»
8. Еңбек қызметі түрінің (кәсібінің) карточкасы мыналардан тұрады:
1) біліктілік деңгейі: ҰБШ – 4-5;
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кәсіптер сыныптауышы бойынша базалық топ (бұдан әрі – 01-2005 ҚР МС): 4190 – «Әкімшілік-басқару персоналы»;
3) лауазымдардың ықтимал атаулары (кәсіп): тапсырмалардың орындалуын бақылау жөніндегі инспектор;
4) орындалатын еңбек қызметінің жалпыланған сипаттамасы:
басшының бұйрықтары, тапсырмалары мен өкімдерінің уақтылы орындалуын бақылауды жүзеге асыруды, құжаттардың өтуін есепке алуды жүргізуді көздейді;
5) ықтимал жұмыс орындары, қызметкердің кәсіби біліміне және оқуына талаптар, біліктілігін дәлелдейтін, сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшадағы тарауда «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Тапсырмалардың орындалуын бақылау жөніндегі инспекторының еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» келтірілген.
4-параграф «Экспедиция меңгерушісі»
9. Еңбек қызметі түрінің (кәсібінің) карточкасы мыналардан тұрады:
1) біліктілік деңгейі: ҰБШ – 4-5;
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кәсіптер сыныптауышы бойынша базалық топ (бұдан әрі – 01-2005 ҚР МС): 1239 – «Басқа топтарға еңбеген бөлімшелер (қызметтер) басшылары»;
3) лауазымдардың ықтимал атаулары (кәсіп): экспедиция меңгерушісі;
4) орындалатын еңбек қызметінің жалпыланған сипаттамасы:
құжаттар мен корреспонденцияның сақталуын қамтамасыз етуді, оларды адресаттарға уақытылы жеткізілуін көздейді;
5) ықтимал жұмыс орындары, қызметкердің кәсіби біліміне және оқуына талаптар, біліктілігін дәлелдейтін, сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшадағы тарауда «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Экспедиция меңгерушісінің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» келтірілген.
5-параграф «Құжаттанушы»
10. Еңбек қызметі түрінің (кәсібінің) карточкасы мыналардан тұрады:
1) біліктілік деңгейі: ҰБШ – 5;
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кәсіптер сыныптауышы бойынша базалық топ (бұдан әрі – 01-2005 ҚР МС): 2432 – «Кітапханашылар, библиографтар, құжаттанушылар мен тектес кәсіптер мамандары»;
3) лауазымдардың ықтимал атаулары (кәсіп): құжаттанушы;
4) орындалатын еңбек қызметінің жалпыланған сипаттамасы:
ұйымдық және есептеу техникасын пайдалану негізінде құжаттармен және құжаттық ақпаратпен жұмыстардың технологиялық процесін көздейді;
5) ықтимал жұмыс орындары, қызметкердің кәсіби біліміне және оқуына талаптар, біліктілігін дәлелдейтін, сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшадағы тарауда «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Құжаттанушының еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» келтірілген.
6-параграф «Машинкамен басу бюросының меңгерушісі»
11. Еңбек қызметі түрінің (кәсібінің) карточкасы мыналардан тұрады:
1) біліктілік деңгейі: ҰБШ – 5;
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кәсіптер сыныптауышы бойынша базалық топ (бұдан әрі – 01-2005 ҚР МС): 1239 – «Басқа топтарға енбеген бөлімшелер (қызметтер) басшылары»;
3) лауазымдардың ықтимал атаулары (кәсіп): машинкамен басу бюросының меңгерушісі;
4) орындалатын еңбек қызметінің жалпыланған сипаттамасы:
машинкамен басу жұмыстарының орындалу мерзімі мен сапасына бақылауды жүзеге асыруды, қабылданатын құжаттар мен фонограммалардың сақталуын қамтамасыз етуді көздейді;
5) ықтимал жұмыс орындары, қызметкердің кәсіби біліміне және оқуына талаптар, біліктілігін дәлелдейтін, сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшадағы тарауда «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Машинкамен басу бюросы меңгерушісінің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» келтірілген.
7-параграф «Көшіру-көбейту бюросының меңгерушісі»
12. Еңбек қызметі түрінің (кәсібінің) карточкасы мыналардан тұрады:
1) біліктілік деңгейі: ҰБШ – 5;
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кәсіптер сыныптауышы бойынша базалық топ (бұдан әрі – 01-2005 ҚР МС): 1239 – «Басқа топтарға енбеген бөлімшелер (қызметтер) басшылары»;
3) лауазымдардың ықтимал атаулары (кәсіп): көшіру-көбейту бюросының меңгерушісі;
4) орындалатын еңбек қызметінің жалпыланған сипаттамасы:
көшіру және көбейту жұмыстарын орындалу мерзімі мен сапасына, сондай-ақ тапсырыс берушілерге тапсырылатын материалдың жинақтылығына бақылауды жүзеге асыруды көздейді;
5) ықтимал жұмыс орындары, қызметкердің кәсіби біліміне және оқуына талаптар, біліктілігін дәлелдейтін, сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшадағы тарауда «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Көшіру-көбейту бюросы меңгерушісінің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» келтірілген.
8-параграф «Кеңсе меңгерушісі»
13. Еңбек қызметі түрінің (кәсібінің) карточкасы мыналардан тұрады:
1) біліктілік деңгейі: ҰБШ – 6;
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кәсіптер сыныптауышы бойынша базалық топ (бұдан әрі – 01-2005 ҚР МС): 1239 – «Басқа топтарға енбеген бөлімшелер (қызметтер) басшылары»;
3) лауазымдардың ықтимал атаулары (кәсіп): кеңсе меңгерушісі;
4) орындалатын еңбек қызметінің жалпыланған сипаттамасы:
кеңсе жұмысын ұйымдастыруды, келіп түсетін және жіберілетін корреспонденцияларды уақтылы өңдеуді, оны тағайындалған орнына жеткізуді қамтамасыз етуді, құжаттардың орындалу мерзімі мен олардың дұрыс ресімделуіне бақылауды жүзеге асыруды көздейді;
5) ықтимал жұмыс орындары, қызметкердің кәсіби біліміне және оқуына талаптар, біліктілігін дәлелдейтін, сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшадағы- тарауда «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Кеңсе меңгерушісінің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» келтірілген.
4. КС бірліктерінің тізімі
14. КС бірліктерінің тізімі осы КС 2-қосымшасында көрсетілген және КС бірліктерінің шифр мен атауынан тұрады.
5. КС бірліктерінің сипаттамасы
6. Осы КС негізінде берілетін сертификаттардың түрлері
16. Кәсіби даярлықты бағалау және мамандардың біліктілігіне сәйкестігін растау саласындағы ұйымдар осы КС негізінде сертификаттар береді.
17. Осы КС негізінде берілетін сертификаттардың түрлері осы КС 3-қосымшада көзделген сертификатты алу үшін игеру қажет болатын КС бірліктерінің тізбесіне сәйкес айқындалады.
7. КС әзірлеушілері, келісу парағы, сараптамасы және тіркеуі
18. КС әзірлеушісі «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып табылады.
«Құжаттамалық қамтамасыз ету және іс қағаздарын жүргізу» кәсіби стандартына 1-қосымша
Біліктілік деңгейлері бойынша еңбек қызметінің түрлері (кәсібі)
Р/с |
Қызмет түрінің атауы |
Еңбек нарығының үрдісін ескергендегі кәсіптердің атауы |
01-2005 ҚР МС сәйкес кәсіптердің атауы |
ҰБШ біліктілік деңгейі |
БТБА бойынша разряд |
1 |
Құжаттамалық қамтамасыз ету және іс қағаздарын жүргізу |
Машинистка |
Машинистка |
4 |
- |
2 |
Іс қағаздарын жүргізуші |
Іс қағаздарын жүргізуші |
4 |
- |
|
3 |
Тапсырмалардың орындалуын бақылау жөніндегі инспектор |
Тапсырмалардың орындалуын бақылау жөніндегі инспектор |
4-5 |
- |
|
4 |
Экспедиция меңгерушісі |
Экспедиция меңгерушісі |
4-5 |
- |
|
5 |
Құжаттанушы |
Құжаттанушы |
5 |
- |
|
6 |
Машинкамен басу бюросының меңгерушісі |
Машинкамен басу бюросының меңгерушісі |
5 |
- |
|
7 |
Көшіру-көбейту бюросының меңгерушісі |
Көшірме-көбейткіш бюросының меңгерушісі |
5 |
- |
|
8 |
Кеңсе меңгерушісі |
Кеңсе меңгерушісі |
6 |
- |
Ескертпе: БТБА - Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы
«Құжаттамалық қамтамасыз ету және іс қағаздарын жүргізу» кәсіби стандартына 2-қосымша
1. Ықтимал жұмыс орындары. Машинистканың еңбек жағдайларына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар
Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары (кәсіпорындар, ұйымдар) |
Барлық меншік нысанындағы ұйымдар мен кәсіпорындар |
||
Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары |
- |
||
Жұмысқа рұқсат берудің ерекше жағдайлары |
- |
||
ҰБШ біліктілік деңгейі |
Кәсіби білім беру мен оқыту деңгейі |
Талап етілетін жұмыс тәжірибесі |
|
4 (II санаттағы машинистка) |
Тиісті мамандық бойынша орта техникалық және кәсіптік білім |
Жұмыс тәжірибесіне талап қойылмайды, басу жылдамдығы минутына 200 соғуға дейін |
|
4 (I санаттағы машинистка) |
Тиісті мамандық бойынша орта техникалық және кәсіптік білім |
Іс қағаздарын жүргізу саласындағы еңбек өтілі кемінде 1 жыл, басу жылдамдығы минутына 200-ден астам соғу |
2. Ықтимал жұмыс орындары. Іс қағаздарын жүргізушінің еңбек жағдайларына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар
Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары (кәсіпорындар, ұйымдар) |
Барлық меншік нысанындағы ұйымдар мен кәсіпорындар |
||
Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары |
- |
||
Жұмысқа рұқсат берудің ерекше жағдайлары |
- |
||
ҰБШ біліктілік деңгейі |
Кәсіби білім беру мен оқыту деңгейі |
Талап етілетін жұмыс тәжірибесі |
|
4 |
Орта кәсіптік білім. |
Жұмыс тәжірибесіне талап қойылмайды. |
3. Ықтимал жұмыс орындары. Тапсырмалардың орындалуын бақылау жөніндегі инспектордың еңбек жағдайларына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар
Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары (кәсіпорындар, ұйымдар) |
Барлық меншік нысанындағы ұйымдар мен кәсіпорындар |
||
Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары |
- |
||
Жұмысқа рұқсат берудің ерекше жағдайлары |
- |
||
ҰБШ біліктілік деңгей |
Кәсіби білім беру мен оқыту деңгейі |
Талап етілетін жұмыс тәжірибесі |
|
4 |
Орта техникалық және кәсіптік білім |
Профиль бойынша жұмыс тәжірибесі кемінде 3 жыл |
|
5 |
Мамандық бойынша жоғары білім |
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді |
4. Ықтимал жұмыс орындары. Экспедиция меңгерушісінің еңбек жағдайларына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар
Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары (кәсіпорындар, ұйымдар) |
Барлық меншік нысанындағы ұйымдар мен кәсіпорындар |
||
Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары |
- |
||
Жұмысқа рұқсат берудің ерекше жағдайлары |
- |
||
ҰБШ біліктілік деңгейі |
Кәсіби білім беру мен оқыту деңгейі |
Талап етілетін жұмыс тәжірибесі |
|
4 |
Орта техникалық және кәсіптік білім |
Экспедитор лауазымында жұмыс тәжірибесі кемінде 1 жыл |
|
5 |
Мамандық бойынша жоғары білім |
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді |
5. Ықтимал жұмыс орындары. Құжаттанушының еңбек жағдайларына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар
Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары (кәсіпорындар, ұйымдар) |
Барлық меншік нысанындағы ұйымдар мен кәсіпорындар |
||
Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары |
- |
||
Жұмысқа рұқсат берудің ерекше жағдайлары |
- |
||
ҰБШ біліктілік деңгейі |
Кәсіби білім беру мен оқыту деңгейі |
Талап етілетін жұмыс тәжірибесі |
|
5 (Санаты жоқ) |
Орта техникалық және кәсіптік білім немесе тиісті мамандық бойынша жоғары білім |
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді |
|
5 (ІІ санаттағы) |
Тиісті мамандық бойынша жоғары білім |
Санаты жоқ құжаттанушы лауазымында жұмыс тәжірибесі кемінде 3 жыл |
|
5 (І санаттағы) |
Тиісті мамандық бойынша жоғары білім |
ІІ санаттағы құжаттанушы лауазымында жұмыс тәжірибесі кемінде 2 жыл |
6. Ықтимал жұмыс орындары. Машинкамен басу бюросы меңгерушісінің еңбек жағдайларына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар
Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары (кәсіпорындар, ұйымдар) |
Барлық меншік нысанындағы ұйымдар мен кәсіпорындар |
||
Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары |
- |
||
Жұмысқа рұқсат берудің ерекше жағдайлары |
- |
||
ҰБШ біліктілік деңгейі |
Кәсіби білім беру мен оқыту деңгейі |
Талап етілетін жұмыс тәжірибесі |
|
5 |
Орта техникалық және кәсіптік білім |
Профиль бойынша жұмыс тәжірибесі кемінде 3 жыл |
7. Ықтимал жұмыс орындары. Көшіру-көбейту бюросының меңгерушісінің еңбек жағдайларына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар
Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары (кәсіпорындар, ұйымдар) |
Барлық меншік нысанындағы ұйымдар мен кәсіпорындар |
||
Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары |
- |
||
Жұмысқа рұқсат берудің ерекше жағдайлары |
- |
||
ҰБШ біліктілік деңгейі |
Кәсіби білім беру мен оқыту деңгейі |
Талап етілетін жұмыс тәжірибесі |
|
5 |
Орта техникалық және кәсіптік білім |
Профиль бойынша жұмыс тәжірибесі кемінде 3 жыл |
8. Ықтимал жұмыс орындары. Кеңсе меңгерушісінің еңбек жағдайларына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар
Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары (кәсіпорындар, ұйымдар) |
Барлық меншік нысанындағы ұйымдар мен кәсіпорындар |
||
Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары |
- |
||
Жұмысқа рұқсат берудің ерекше жағдайлары |
- |
||
ҰБШ біліктілік кіші деңгей |
Кәсіби білім беру мен оқыту деңгейі |
Талап етілетін жұмыс тәжірибесі |
|
6 |
Тиісті мамандық бойынша жоғары білім |
Іс қағаздарын жүргізу саласында жұмыс тәжірибесі кемінде 3 жыл |
«Құжаттамалық қамтамасыз ету және іс қағаздарын жүргізу» кәсіби стандартына 3-қосымша
КС бірліктерінің тізбесі
1. «Машинистка» еңбек қызметінің түрі (кәсібі)
Шифры |
Еңбек функциясының атауы (кәсіби стандарт бірліктері) |
Ф 1 |
Дербес компьютерде машинкамен басу жұмыстары |
Ф 2 |
Жазбаларды компьютерде жаңғырту және айтумен жатқа басу |
2. «Іс қағаздарын жүргізуші» еңбек қызметінің түрі (кәсібі)
Шифры |
Еңбек функциясының атауы (кәсіби стандарт бірліктері) |
Ф 1 |
Құжаттаманы жүргізуді ұйымдастыру |
3. «Тапсырмалардың орындалуын бақылау жөніндегі инспектор» еңбек қызметінің түрі (кәсібі)
Шифры |
Еңбек функциясының атауы (кәсіби стандарт бірліктері) |
Ф 1 |
Ұйым басшылығының директиваларын есепке алу |
Ф 2 |
Орындаушылық тәртіптің жағдайын бақылау |
Ф 3 |
Құжат айналымын рационалдау жөніндегі iс-шараларды әзiрлеу |
4. «Экспедиция меңгерушісі» еңбек қызметінің түрі (кәсібі)
Шифры |
Еңбек функциясының атауы (кәсіби стандарт бірліктері) |
Ф 1 |
Жүктер экспедициясы және корреспонденция бойынша жұмысты ұйымдастыру |
Ф 2 |
Тасымалдауды ұйымдастыру, еңбекті механикаландыру құралдарымен қамтамасыз ету |
Ф 3 |
Тасымалданатын құжаттаманың сақталуын қамтамасыз ету бойынша жұмысты ұйымдастыру |
Ф 4 |
Экспедиция жұмысын есепке алуды жүргізу, есептілігін құру бойынша бақылау |
5. «Құжаттанушы» еңбек қызметінің түрі (кәсібі)
Шифры |
Еңбек функциясының атауы (кәсіби стандарт бірліктері) |
Ф 1 |
Құжаттаманы жүргізуді ұйымдастыру |
Ф 2 |
Құжатамалық ақпаратпен жұмыс жасағанда жаңа ақпараттық (соның ішінде компьютерлік) технологияларды қолдану |
Ф 3 |
Ұйымның мұрағатына тапсыру үшін деректі материалдарды жүйелеу |
6. «Машинкамен басу бюросының меңгерушісі» еңбек қызметінің түрі (кәсібі)
Шифры |
Еңбек функциясының атауы (кәсіби стандарт бірліктері) |
Ф 1 |
Машинкамен басу бюросы персоналының жұмысын ұйымдастыру |
Ф 2 |
Жұмыстың орындалуын бақылау |
Ф 3 |
Пайдаланылатын жабдықтың сақталуын қамтамасыз ету |
7. «Көшіру-көбейту бюросының меңгерушісі» еңбек қызметінің түрі (кәсібі)
Шифры |
Еңбек функциясының атауы (кәсіби стандарт бірліктері) |
Ф 1 |
Көшіру-көбейту бюросы персоналының жұмыстарын ұйымдастыру |
Ф 2 |
Жұмыстың орындалуын бақылау |
Ф 3 |
Пайдаланылатын жабдықтың сақталуын қамтамасыз ету |
8. «Кеңсе меңгерушісі» еңбек қызметінің түрі (кәсібі)
Шифры |
Еңбек функциясының атауы (кәсіби стандарт бірліктері) |
Ф 1 |
Кеңсе жұмысын ұйымдастыру |
Ф 2 |
Іс қағаздарын жүргізуді бақылау |
Ф 3 |
Кеңсе қызметін жетілдіру |
«Құжаттамалық қамтамасыз ету және іс қағаздарын жүргізу» кәсіби стандартына 4-қосымша
КС бірліктерінің сипаттамасы (функционалдық картасы)
1. «Машинистка» еңбек қызметінің түрі (кәсібі)
Шифры |
Біліктері мен дағдылары |
Білімі |
Жеке және кәсіби құзыреттері |
Ф 1 |
Дербес компьютерде қолжазба, машинкамен басылған және баспа түпнұсқалардан машинкамен басу жұмыстарын орындау. |
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы. Машинамен басу негіздері. Орфография және пунктуация ережелері. Ұйымдық-өкімдік құжаттаманың бiрыңғайланған жүйесінің салалық стандарттары (бұдан әрі - ҰӨҚБЖ). |
Орындалған жұмыстардың нәтижелеріне жауаптылық. |
Ф 2 |
Магнитті тасымалдауыштарда (диктофондарды, магнитофондарды қолдана отырып) жасалған жазбаларды компьютерде жаңғырту және айтумен жатқа басу. |
2. «Іс қағаздарын жүргізуші» еңбек қызметінің түрі (кәсібі)
Шифры |
Біліктері мен дағдылары |
Білімі |
Жеке және кәсіби құзыреттері |
Ф 1 |
Корреспонденцияны қабылдау және тiркеу, оны құрылымдық бөлiмшелерге жолдау. |
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы. Ұйымды құжаттамалық қамтамасыз етуге қатысты жоғары тұрған органдардың нормативтік құқықтық актілері, қаулылары, өкімдері, бұйрықтары, басқа да басшылыққа алатын және нормативтік құжаттары. |
Жұмыс нәтижелеріне жауаптылық. |
3. «Тапсырмалардың орындалуын бақылау жөніндегі инспектор» еңбек қызметінің түрі (кәсібі)
Шифры |
Біліктері мен дағдылары |
Білімі |
Жеке және кәсіби құзыреттері |
Ф 1 |
Ұйым басшысының шешiмдерін, бұйрықтарын, өкімдерін және басқа да директиваларын есепке алу картотекасын жүргiзу. Уақытылы орындалуына бақылауды талап ететiн директиваларға карточкаларды толтыру. |
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы. Іс қағаздарын жүргізуді ұйымдастыруға қатысты Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері. |
Өз қызметін ұйымдастыру. |
Ф 2 |
Құжаттарды орындауды есепке алуды жүргiзу және орындаушылық тәртіптің жай-күйі туралы мәлiметтердi (есептер, анықтамалар) дайындау. |
Құжаттардың орындалуын бақылау түрлері мен әдiстерi. |
|
Ф 3 |
Құжаттарды ағымдағы сақтаудың белгiленген мерзiмдерiнің өтуі бойынша мұрағатта сақтауға тапсыруға дайындау; |
Мұрағат ісінің негіздері. |
4. «Экспедиция меңгерушісі» еңбек қызметінің түрі (кәсібі)
Шифры |
Біліктері мен дағдылары |
Білімі |
Жеке және кәсіби құзыреттері |
Ф 1 |
Келіп түсетiн жүктерді, құжаттар мен корреспонденцияларды қабылдау, өңдеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, белгіленген жеріне жіберу. |
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі. Іс қағаздарын жүргізуге қатысты Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері. |
Кәсіби білім шеберліктерін жетілдіру. |
Ф 2 |
Жүктерді, құжаттарды және корреспонденцияларды дұрыс тасымалдауды, тиеу-түсіру жұмыстарын, орналастыруды ұйымдастыру. |
Көлікке талаптар қою тәртібі, жіберілетін материалдарды тасымалдау, қоймалау және сақтау ерекшеліктері. |
|
Ф 3 |
Тасымалдау кезінде жүктерді, құжаттарды мен корреспонденцияларды сақтаудың қажетті режимін және сақталуын қамтамасыз ету. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігінің ережелерін сақтау. |
Жүктерді негізгі жеткізушілердің, олардың қоймаларының мекенжайлары. |
|
Ф 4 |
Жеткізу мерзімдерін сақтау туралы есепті жүргізу, есептілікті жасау, анықтама дайындау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. |
Экспедициялық жұмыстардыы жүргізу бойынша белгіленген есептілік. |
5. «Құжаттанушы» еңбек қызметінің түрі (кәсібі)
Шифры |
Біліктері мен дағдылары |
Білімдері |
Жеке және кәсіби құзыреттері |
Ф 1 |
Құжаттаманы жүргізу жүйесін енгізуді ұйымдастыру. |
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі. |
Жұмыс нәтижелеріне жауаптылық. |
Ф 2 |
Құжаттаманың бiрыңғайланған жүйелерін әртүрлi мақсаттағы құжаттардың табелін және басқару деңгейлерін құжаттық ақпараттың сыныптауыштарын енгiзу. Есептеу және микропроцессорлық техниканы қолдануға негiзделетiн автоматтандырыған ақпараттық жүйелерді енгiзуге қатысу. Электрондық құжат айналымын енгiзу. |
Құжаттамалық жүйелерді зерттеу, талдау, жобалау және дамыту әдiстерi. |
|
Ф 3 |
Мемлекеттiк сақтауға берiлетiн құжаттарға iрiктеуді, сақтауды ұйымдастыруды, құжаттардың құндылығын сараптауды жүргiзу. |
Мұрағат iсін ұйымдастыру. |
6. «Машинкамен басу бюросының меңгерушісі» еңбек қызметінің түрі (кәсібі)
Шифры |
Біліктері мен дағдылары |
Білімі |
Жеке және кәсіби құзыреттері |
Ф 1 |
Басу үшін техникалық және қызметтік құжаттаманы қабылдауды ұйымдастыру және оны қызметкерлер арасында бөлу. |
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы. Іс қағаздарын жүргізуге қатысты жоғары тұрған және басқа органдардың қаулылары, өкімдері, бұйрықтары, басқа да басшылыққа алатын және нормативтік құжаттары. |
Кәсіби білімдері мен шеберліктерін жетілдіру. |
Ф 2 |
Орындалған жұмыстардың уақтылығын және сапасын қамтамасыз ету. |
Іс қағаздарын жүргізу жүйесінің негізгі ережелері. |
|
Ф 3 |
Жабдықтың сақталуын және оны уақтылы жөндеуді қамтамасыз ету. Бюроның жабдықтарға, материалдарға қажеттілігін айқындау және оларды алуға өтінімдер жасау. Компьютерлерді, диктофондарды пайдалану ережесін сақтау, олардың ақауын жою бойынша шаралар қабылдау. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау техникасының ережелерін сақтау. |
Компьютерлерді, диктофондарды, көбейту техникасын пайдалану ережесі. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау техникасының талаптары. Өрт қауіпсіздігі ережесі. |
7. «Көшіру-көбейту бюросының меңгерушісі» еңбек қызметінің түрі (кәсібі)
Шифры |
Біліктері мен дағдылары |
Білімі |
Жеке және кәсіби құзыреттері |
Ф 1 |
Басу үшін техникалық және қызметтік құжаттаманы қабылдауды ұйымдастыру және оны қызметкерлер арасында бөлу. |
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы. Іс қағаздарын жүргізуге қатысты жоғары тұрған және басқа органдардың қаулылары, өкімдері, бұйрықтары, басқа да басшылыққа алатын және нормативтік құжаттары. |
Кәсіби білімдері мен шеберліктерін жетілдіру. |
Ф 2 |
Орындалған жұмыстардың уақтылығын және сапасын қамтамасыз ету. |
Іс қағаздарын жүргізу жүйесінің негізігі ережелері. |
|
Ф 3 |
Жабдықтың сақталуын және оны уақтылы жөндеуді қамтамасыз ету. Бюроның жабдықтарға, материалдарға қажеттілігін айқындау және оларды алуға өтінімдер жасау. Компьютерлерді, диктофондарды пайдалану ережесін сақтау, олардың ақауын жою бойынша шаралар қабылдау. Еңбек қауіпсіздігі әне еңбекті қорғау техникасының ережелерін сақтау. |
Компьютерлерді, диктофондарды, көбейту техникасын пайдалану ережесі. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау техникасының талаптары. Өрт қауіпсіздігі ережесі. |
8. «Кеңсе меңгерушісі» еңбек қызметінің түрі (кәсібі)
Шифры |
Біліктері мен дағдылары |
Білімі |
Жеке және кәсіби құзыреттері |
Ф 1 |
Келіп түсетін және жіберілетін корреспонденцияны уақтылы өңдеуді, оны тағайындалған жеріне жеткізуді қамтамасыз ету. |
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы. Іс қағаздарын жүргізуге қатысты жоғары тұрған және басқа органдардың қаулылары, өкімдері, бұйрықтары, басқа да басшылыққа алатын және нормативтік құжаттары. |
Жоғары жеке жауапкершiлiк, тәртiптiк, жұмысқа қабiлеттiлiкке ие болу. |
Ф 2 |
Ұйымда іс қағаздарын жүргізу бойынша нұсқаулықты әзірлеу және оны енгізу. Құрылымдық бөлімшелерде іс қағаздарын жүргізуге басшылықты жүзеге асыру. Құжаттардың уақтылы орындалуына және олардың дұрыс ресімделуін бақылау. Құжаттарға қол жетімділік режимін белгілеу және оларда қамтылған ақпаратты пайдалану. |
Істер номенклатурасын, тұрақты және уақытша сақталатын істер тізбесін дайындау тәртібі. |
|
Ф 3 |
Құжаттармен жұмыстың жаңа технологиялық процестерін енгізуге, автоматтандырылған ақпараттық жүйелер мен технологияларды (есептеу техникасы құралдарын қолдануды ескере отырып) жетілдіруге қатысу. Кеңсе қызметін жақсарту бойынша іс-шараларды ұйымдастыру. Мемлекеттік, коммерциялық және қызметтік құпиядан тұратын ақпаратты қорғау бойынша шаралар қабылдау. Істерді дұрыс сақтауды және мұрағатқа уақтылы тапсыруды ұйымдастыру. |
Істерді мұрағатқа тапсыру мерзімдері мен тәртібі. |
«Құжаттамалық қамтамасыз ету және іс қағаздарын жүргізу» кәсіби стандартына 5-қосымша
Келісу парағы
Р/с |
Ұйымның атауы |
Келісілген күні |
1 |
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі |
|
2 |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі |
|
3 |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі |
|
4 |
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі |
|
5 |
Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігі |
|
6 |
Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі |
|
7 |
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі |
|
8 |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі |
|
9 |
Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі |
|
10 |
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі |
|
11 |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі |
|
12 |
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі |
|
13 |
Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі |
|
14 |
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі |
|
15 |
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі |
|
16 |
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі |
|
17 |
Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы |
|
18 |
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы |
|
Осы КС ______________________________________________________________
____________________________________________________________ тіркелді
КС тізіліміне енгізілді, тіркеу № _______________________,
Хат (хаттама) № ___________ Күні ___________________
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |