• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2016 г

Отправить по почте

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 691 бұйрығына 3-қосымша

«Басшылардың қызметін ұйымдастыруды қамтамасыз ету»
кәсіби стандарты
Стандарт күшін жойды 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 15.12.2015 жылғы № 971 Бұйрығына сәйкес
1. Жалпы ережелер
1. «Басшылардың қызметін ұйымдастыруды қамтамасыз ету» кәсіби стандарты (бұдан әрі – КС) біліктілік, құзыреттілік деңгейіне, еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын талаптарды айқындайды және ол мыналарға:
1) еңбек нарығының қазіргі кездегі сұранысына жауап беретін біліктілік талаптарын жаңарту үшін кәсіптік қызметтің мазмұнына қойылатын бірыңғай талаптарды әзірлеуге;
2) персоналды басқару саласындағы кең ауқымды міндеттерді шешуге (персоналды уәждендіру және ынталандыру жүйелерін, лауазымдық нұсқаулықтарды, персоналды іріктеу, таңдау және аттестаттау, мансапты жоспарлау жүйелерін әзірлеуге);
3) персоналды кәсіпорындарда оқытудың, кәсіби білім берудің барлық деңгейінде білім беру бағдарламаларын қалыптастыруға, сондай-ақ осы бағдарламаларға оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеуге; 
4) кәсіптік даярлыққа бағалау жүргізуге және мамандардың біліктілігіне сәйкестігін растауға арналған.
2. КС негізінде ұйымдардың біліктілік мінездемелері, лауазымдық нұсқаулықтары, үлгілік оқу бағдарламалары, үлгілік оқу жоспарлары, корпоративтік стандарттары әзірленеді. 
3. Осы КС мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) біліктілік – қызметкердің белгілі бір еңбек қызметі түрінің шеңберінде нақты функцияларды сапалы орындауға дайындығы;
2) біліктілік деңгейі – еңбек іс-қимылдарының күрделілігі, стандартты еместігі, жауапкершілігі мен дербестілігі өлшемдеріне қарай сараланатын қызметкерлердің құзыретіне қойылатын талаптар жиынтығы;
3) еңбек функциясы – бизнес-процесс айқындайтын және оларды орындау үшін қажетті құзыреттердің болуын көздейтін еңбек іс-қимылдарының кіріктірілген және салыстырмалы түрде автономды жиынтығын білдіретін еңбек қызметі түрінің құрамдас бөлігі;
4) кәсіби қызмет саласы – ортақ интеграциялық негізі бар (міндеті, объектілері, технологиялары, оның ішінде еңбек құралдары ұқсас немесе жақын) және енбек функцияларының және оларды орындау үшін құзыреттіліктің ұқсас жиынтығын көздейтін еңбек қызметі саласы түрлерінің жиынтығы;
5) КС – кәсіби қызметтің нақты саласында біліктілік және құзыреттілік деңгейіне, еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын талаптарды айқындайтын стандарт;
6) КС бірлігі – еңбек қызметінің аталған түрі үшін тұтас, аяқталған, салыстырмалы түрде автономды және елеулі болып табылатын нақты еңбек функциясының жан-жақты сипаттамасынан тұратын КС құрылымдық элементі;
7) кәсіп – бұл арнайы дайындық, жұмыс тәжірибесі нәтижесінде туындаған арнайы теориялық білім және практикалық дағдылар кешенін меңгеруді талап ететін еңбек қызметінің түрі; 
8) құзыреттілік – еңбек қызметінде білімін, білігі мен тәжірибесін қолдану қабілеті;
9) ұлттық біліктілік шеңбері (бұдан әрі – ҰБШ) – еңбек нарығында танылатын біліктілік деңгейлерін құрылымдық жағынан сипаттау.
2. КС паспорты
4. КС төлқұжаты келесіні анықтайды:
1) экономикалық қызмет түрі (кәсіби қызмет саласы):
Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышы (бұдан әрі – 03-2007 ҚР МС) «82.11 Басшылардың қызметінің ұйымдастырылуын қамтамасыз ету»;
2) экономикалық қызмет түрінің (кәсіби қызмет саласының) негізгі мақсаты: басшы қызметінің әкімшілік басқару және әкімшілік-өкімдік техникалық ұйымдастырылуын қамтамасыз ету;
3) еңбек қызметінің түрлері, кәсіптері, біліктілік деңгейлері осы КС 1-қосымшада көрсетілген;
5. КС талаптары осы саладағы мынадай кәсіптерге қатысты: 
стенографшы;
хатшы-стенографшы;
хатшы-машинистка; 
басшы хатшысы;
директордың (бас директор, әкімшілік директор, президент, басқарма төрағасы, ұйым басқарушысы мен басқа бірінші басшылардың (референт, кеңесші) көмекшісі.
3. Еңбек қызметі түрлерінің (кәсібінің) карточкасы
1-параграф «Стенографшы»
6. Еңбек қызметі түрінің (кәсібінің) карточкасы мыналардан тұрады:
1) біліктілік деңгейі: ҰБШ – 4;
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кәсіптер сыныптауышы бойынша базалық топ (бұдан әрі – 01-2005 ҚР МС): 4111 – «Стенографшылар мен машинисткалар»;
3) лауазымдардың ықтимал атаулары (кәсіп): стенографшы;
4) орындалатын еңбек қызметінің жалпыланған сипаттамасы: 
кәсіпорын басшысы жұмысын қамтамасыз ету және қызмет етудің техникалық функцияларының орындалуын көздейді;
5) ықтимал жұмыс орындары, қызметкердің кәсіби біліміне және оқуына талаптар, біліктілігін дәлелдейтін, сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшадағы тарауда «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Стенографшының еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» келтірілген.
2-параграф «Хатшы-стенографшы»
7. Еңбек қызметі түрінің (кәсібінің) карточкасы мыналардан тұрады:
1) біліктілік деңгейі: ҰБШ – 4;
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кәсіптер сыныптауышы бойынша базалық топ (бұдан әрі – 01-2005 ҚР МС): 4115 – «Хатшылар, офис-менеджерлер»; 
3) лауазымдардың ықтимал атаулары (кәсіп): хатшы-стенографшы;
4) орындалатын еңбек қызметінің жалпыланған сипаттамасы: 
кәсіпорын басшысы жұмысын қамтамасыз ету және қызмет етудің техникалық функцияларының орындалуын көздейді;
5) ықтимал жұмыс орындары, қызметкердің кәсіби біліміне және оқуына талаптар, біліктілігін дәлелдейтін, сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшадағы тарауда «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Хатшы-стенографшының еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» келтірілген.
3-параграф «Хатшы-машинистка»
8. Еңбек қызметі түрінің (кәсібінің) карточкасы мыналардан тұрады:
1) біліктілік деңгейі: ҰБШ – 4;
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кәсіптер сыныптауышы бойынша базалық топ (бұдан әрі – 01-2005 ҚР МС): 4115 – «Хатшылар, офис-менеджерлер»; 
3) лауазымдардың ықтимал атаулары (кәсіп): хатшы-машинистка;
4) орындалатын еңбек қызметінің жалпыланған сипаттамасы: 
кәсіпорын басшысы жұмысын қамтамасыз ету және қызмет етудің техникалық функцияларының орындалуын көздейді;
5) ықтимал жұмыс орындары, қызметкердің кәсіби біліміне және оқуына талаптар, біліктілігін дәлелдейтін, сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшадағы тарауда «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Хатшы-машинистканың еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» келтірілген.
4-параграф «Басшының хатшысы»  
9. Еңбек қызметі түрінің (кәсібінің) карточкасы мыналардан тұрады:
1) біліктілік деңгейі: ҰБШ – 4;
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кәсіптер сыныптауышы бойынша базалық топ (бұдан әрі – 01-2005 ҚР МС): 4115 – «Хатшылар, офис-менеджерлер»; 
3) лауазымдардың ықтимал атаулары (кәсіп): хатшы-референт; ресепшионист;
4) орындалатын еңбек қызметінің жалпыланған сипаттамасы: 
кәсіпорын, ұйым немесе кәсіпорын бөлімшелері (әкімшілік қызметкерлердің әр түрлі деңгейден басшыларының және т.б.) басшысының жұмысын қамтамасыз етуді және қызмет етудің техникалық функцияларының орындалуын көздейді;
5) ықтимал жұмыс орындары, қызметкердің кәсіби біліміне және оқуына талаптар, біліктілігін дәлелдейтін, сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшадағы тарауда «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Басшы хатшысының еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» келтірілген.
5-параграф «Ұйым директорының (бас директор, атқарушыдиректор, президент, басқарма төрағасы, басқарушысы) жәнебасқа да бірінші басшылардың (референт, кеңесші) көмекшісі»
10. Еңбек қызметі түрінің (кәсібінің) карточкасы мыналардан тұрады:
1) біліктілік деңгейі: ҰБШ – 5;
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кәсіптер сыныптауышы бойынша базалық топ (бұдан әрі – 01-2005 ҚР МС): 1120 – «Мемлекеттік басқару органдары мен өкілдіктерінің басшылары және аға лауазымдық тұлғалар»;
3) лауазымдардың ықтимал атаулары (кәсіп): ұйымның бас директоры, атқарушы директоры, президенті, басқарма төрағасы, басқарушысының және басқа да бірінші басшылардың (референт, кеңесші) көмекшісі;
4) орындалатын еңбек қызметінің жалпыланған сипаттамасы: 
басшының «сенімді тұлғасы», әкімшілік міндеттерді орындайтын басшының жеке көмекшісі, әкімшілік персоналдың элитасын қарастырады;
5) ықтимал жұмыс орындары, қызметкердің кәсіби біліміне және оқуына талаптар, біліктілігін дәлелдейтін, сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшадағы тарауда «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Басшы көмекшісінің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» келтірілген.
4. КС бірліктерінің тізімі
11. КС бірліктерінің тізімі осы КС 2-қосымшасында көрсетілген және КС бірліктерінің шифрі мен атауынан тұрады.
5. КС бірліктерінің сипаттамасы
12. КС бірліктерінің сипаттамасы осы КС 4-қосымшасында көрсетілген.
6. Осы КС негізінде берілетін сертификаттардың түрлері
13. Кәсіби даярлықты бағалау және мамандардың біліктілігіне сәйкестігін растау саласындағы ұйымдар осы КС негізінде сертификаттар береді.
14. Осы КС негізінде берілетін сертификаттардың түрлері осы КС 3-қосымшада көзделген сертификатты алу үшін игеру қажет болатын КС бірліктерінің тізбесіне сәйкес айқындалады.
7. КС әзірлеушілері, келісу парағы, сараптамасы және тіркеуі
15. КС әзірлеушісі «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып табылады.
16. КС келісу парағы осы КС 5-қосымшасында көрсетілген.
«Басшылардың қызметін
ұйымдастыруды қамтамасыз ету»
кәсіби стандартына
1-қосымша
Біліктілік деңгейлері бойынша еңбек қызметінің түрлері (кәсібі)

Р/с



Қызмет түрінің атауы

Еңбек нарығының үрдісін ескергендегі кәсіптердің атауы

01-2005 ҚР МС сәйкес кәсіптердің атауы

ҰБШ біліктілік деңгейі

БТБА бойынша разряд

1

Басшының әкімшілік-өкімдік қызметін ұйымдық-техникалық қамтамасыз ету

Стенографшы

Стенографшы

4

-

2

Хатшы–стенографшы

Хатшы-стенографшы

4

-

3

Хатшы-машинистка

Хатшы-машинистка

4

-

4

Басшы хатшысы

Хатшы референт

4

-

5

Ұйымның директорының (бас директор, атқарушы директор, президент, басқарма төрағасы, басқарушысы) және басқа да бірінші басшылардың (референт, кеңесші) көмекшісі

Кеңесші



Референт



Көмекші

6

-

Ескертпе: БТБА - Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы
«Басшылардың қызметін
ұйымдастыруды қамтамасыз ету»
кәсіби стандартына
2-қосымша
1. Ықтимал жұмыс орындары. Стенографшының еңбек жағдайларына,
біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар

Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары (кәсіпорындар, ұйымдар)

Барлық меншік нысанындағы ұйымдар мен кәсіпорындар

Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары

-

Жұмысқа рұқсат берудің ерекше жағдайлары

-

ҰБШ біліктілік деңгейі

Кәсіби білім беру мен оқыту деңгейі

Талап етілетін жұмыс тәжірибесі

4 (II санаттағы стенографшы)

Техникалық және кәсіби білім

Жұмыс тәжірибесіне талаптар қоймай, жылдамдықпен бір минутта кемiнде 85-90 сөз стенографиялау

4 (I санаттағы стенографшы)

Техникалық және кәсіби білім

Жұмыс тәжірибесіне талаптар қоймай, жылдамдықпен бір минутта кемiнде 110 сөз стенографиялау

2. Ықтимал жұмыс орындары. Хатшы-стенографшының еңбек
жағдайларына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын
талаптар

Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары (кәсіпорындар, ұйымдар)

Барлық меншік нысанындағы ұйымдар мен кәсіпорындар

Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары

-

Жұмысқа рұқсат берудің ерекше жағдайлары

-

ҰБШ біліктілік деңгейі

Кәсіби білім беру мен оқыту деңгейі

Талап етілетін жұмыс тәжірибесі

4

Техникалық және кәсіби білім

Жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды

3. Ықтимал жұмыс орындары. Хатшы-машинистканың еңбек
жағдайларына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын
талаптар

Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары (кәсіпорын, ұйымдар)

Барлық меншік нысанындағы ұйымдар мен кәсіпорындар

Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары

-

Жұмысқа рұқсат берудің ерекше жағдайлары

-

ҰБШ біліктілік деңгейі

Кәсіби білім беру мен оқыту деңгейі

Талап етілетін жұмыс тәжірибесі

4

Техникалық және кәсіби білім

Жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды

4. Ықтимал жұмыс орындары. Басшы хатшысының еңбек жағдайларына,
біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар

Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары (кәсіпорын, ұйымдар)

Барлық меншік нысанындағы ұйымдар мен кәсіпорындар

Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары

-

Жұмысқа рұқсат берудің ерекше жағдайлары

-

ҰБШ біліктілік деңгейі

Кәсіби білім беру мен оқытудың деңгейі

Талап етілетін жұмыс тәжірибесі

4

Техникалық және кәсіби білім

Жұмыс тәжірибесі кемінде 2 жыл

5. Ықтимал жұмыс орындары. Басшы көмекшісінің еңбек
жағдайларына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын
талаптар

Кәсібі ықтимал жұмыс орындары (кәсіпорын, ұйымдар)

Барлық меншік нысанындағы ұйымдар мен кәсіпорындар

Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары

-

Жұмысқа рұқсат берудің ерекше жағдайлары

-

ҰБШ біліктілік деңгейі

Кәсіби білім беру мен оқыту деңгейі

Талап етілетін жұмыс тәжірибесі

6

Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) кәсіби білім

Жұмыс тәжірибесі кемінде 1 жыл

«Басшылардың қызметін
ұйымдастыруды қамтамасыз ету»
кәсіби стандартына
3-қосымша
КС бірліктерінің тізбесі
1. «Стенографшы» еңбек қызметінің түрі (кәсібі)

Шифры

Еңбек функциясының атауы (кәсіби стандарт бірліктері)

Ф 1

Құжаттарды стенографиялық жазу

Ф 2

Ауызша айтқанды стенографиялау

Ф 3

Стенографиялық жазудың мағынасын ашу

Ескерте: Ф-функция
2 «Хатшы-стенографшы» еңбек қызметінің түрі (кәсібі)

Шифры

Еңбек функциясының атауы (кәсіби стандарт бірліктері)

Ф 1

Басшының қажетті құжаттамасын жүргізу, дайындау, қамтамасыз ету

Ф 2

Телефон келіссөздері мен телефонограммаларды ұйымдастыру

Ф 3

Мәжiлiстерді ұйымдастыру

Ф 4

Басшының жұмыс орнын ұйымдастыру

Ф5

Басшының техникалық қолдауын қамтамасыз ету, стенографиялау, мағынасын ашу

Ф6

Корреспонденцияны жүйелеу және іс жүргізу

3. «Хатшы-машинистка» еңбек қызметінің түрі (кәсібі)

Шифры

Еңбек функциясының атауы (кәсіби стандарт бірліктері)

Ф 1

Техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету

4. «Басшының хатшысы» еңбек қызметінің түрі (кәсібі)

Шифры

Еңбек функциясының атауы (кәсіби стандарт бірліктері)

Ф 1

Іс қағаздарын жүргізу және құжаттардың орындалуын бақылау

Ф-2

Басшы жұмысын ұйымдастыру

Ф-3

Деректер базасын бақылау, тіркеу және жүйелеу

5. «Басшының көмекшісі» еңбек қызметінің түрі (кәсібі)

Шифры

Еңбек функциясының атауы (кәсіби стандарт бірліктері)

Ф 1

Басшының басқару қызметін ұйымдық-құжаттамалық қамтамасыз ету

Ф2

Басшының басқару қызметін ұйымдық-техникалық қамтамасыз ету

«Басшылардың қызметін
ұйымдастыруды қамтамасыз
ету» кәсіби стандартына
4-қосымша
КС бірліктерінің сипаттамасы (функционалдық картасы)
1. «Стенографшы» еңбек қызметінің түрі (кәсібі)

Шифры

Біліктері мен дағдылары

Білімі

Жеке және кәсіби құзыреттері

Ф 1

Баяндамалар, дәрiстер, хаттамалар, сөйленген сөздердiң стенографиялық жазбасын жүргiзу (конференциялар, жиналыстар, семинарларда және т.б.).

Стенографиялау.



Орфография және пунктуация ережесі.



Әр түрлі құжаттарды басып шығаруда материалдың орналасу тәртібі.



Еңбек заңнамасы және ішкі тәртіп ережесі.

Бірыңғай топтар шеңберіндегі басшылықпен шектеулі автономия шеңберінде әрекет.



Басшының қойылған міндеттеріне сүйене өз қызметін жоспарлау.



Әлеуметтік аспектілерді ескере ақпараттың белгілі көздерін жақсы қолдана проблеманы шешу.



Өзін оқытуға жауапкершілік және еңбек немесе оқу қызметі саласында практикалық тәжірибенің бар болуы.

Ф 2

Мәтінді айтумен жатқа жазу, iскерлiк хаттар, бұйрықтар, қорытындылар, нұсқаулар, баянжазбалар және мәліметтерді телефон бойынша берілетін басқа да қызметтік құжаттарды стенографиялау.



Магнитті тасымалдауыштан (диктофондар мен магнитофондарды қолдана) сөзді жазу.

Басу машиналар, компьютерлер, диктофондар мен магнитофондарды пайдалану ережесi;



Еңбекті ұйымдастыру негіздерін білу.

Ф 3

Стенографиялық жазудың мағынасын ашу, басу машинкасында оларды басу немесе машинисткаға айтумен жаздыру, немесе деректер банкісіне ақпаратты енгізу.

Есептеу техникасын пайдалану ережесі.



Өрт қауiпсiздiгiнiң талаптары.

2. «Хатшы-стенографшы» еңбек қызметінің түрі (кәсібі)

Шифры

Біліктері мен дағдылары

Білімі

Жеке және кәсіби құзыреттері

Ф 1

Ұйым немесе оның бөлімшелер басшысының жұмысын техникалық қамтамасыз ету.



Бөлімшелерден немесе орындаушылардан басшыға қажетті мәліметті алу.

Ережелер, нұсқаулар, іс қағаздарын жүргізу бойынша басқа басшылыққа алынатын материалдар және нормативтік құжаттар.



Әртүрлі құжаттарды басу кезінде материалдарды орналастыру тәртібі.



Үлгілік нысандарды қолдана іскерлік хаттарды басу ережесі.

Ойлау жүйелігі, байсалдылығы, жоғары жұмыс қабілеттілігі, жанасқыштық, әрекеттерін нақты жоспарлау.



Басшының қойылған міндеттеріне сүйене өз қызметін жоспарлау.



Әлеуметтік аспектілерді ескере ақпараттың белгілі көздерін жақсы қолдана отырып проблеманы шешу.



Өзін оқытуға жауапкершілік және еңбек немесе оқу қызметі саласында практикалық тәжірибенің бар болуы.

Ф 2

Басшының телефон келіссөздерін ұйымдастыру.



Телефонограмаларды қабылдау және беру.



Басшы жоқ болған кезде жазу және оның мазмұнын оған жеткізу.

Қабылдау-сөйлесу жабдықтарын пайдалану ережесі.

Ф 3

Басшымен жүргізілетін отырыстар мен мәжілістерді дайындау (қажетті материалдарды жинау, отырыс пен мәжілістің уақыты, орыны, күн тәртібі туралы қатысушыларды хабарлау, оларды тіркеу).



Хаттамаларды жүргізу және рәсімдеу.

Еңбекті ұйымдастыру, еңбек заңнамасы, ішкі еңбек тәртібінің ережесі.

Ф 4

Басшы жұмыс орынын кеңсе керек-жарақтарымен, құралдармен қамтамасыз ету.



Көбейту техникасында тираждау, сондай-ақ дербес ксерокста құжаттарды көшіру үшін құжаттарды дайындау.

Ұйым мен оның бөлімшелерінің құрылымын және басшы құрамын Ұйымдық-өкімдік құжаттаманың бірыңғайланған жүйесінің стандарттары;



еңбекті ұйымдастыру негіздері.

Ф 5

Басшымен дайындалатын мәтінді, ұйымдық-өкімдік құжаттарды кейін олардың мағынасын аша және басу машинкасында баса стенографиялау немесе деректер банкісіне ақпаратты енгізу.



Қабылдау-сөйлесу жабдықтары бойынша ақпаратты беру және қабылдау (телекс, факс, телефакс және т.б).



Шешімдерді дайындау және қабылдау кезінде ақпаратты жинау, өңдеу мен ұсыну үшін компьютерлік техниканы қолданумен әртүрлі операцияларды орындау.

Стенография, машинкамен басу, орфография мен пунктуация ережелері.



Басу машинкалар, компьютерлер, диктофондар, магнитофондарды және басқа қолданылатын техникалық құралдарды пайдалану.

Ф 6

Іс қағаздарын жүргізу, басшы атына түскен корреспонденцияны қабылдау.



Белгіленген тәртіпке сәйкес құжаттарды жүйелеу және басшы қарағаннан кейін бөлімшелерге немесе нақты орындаушыларға тапсыру.



Бақылау-тіркеу картотекасын жүргізу.



Басшы тапсырмаларының орындау мерзімдерін есепке алу.



Басшыға қол қоюға құжаттарды қабылдау.



Тілдесу этикасын сақтап келушілерді қабылдауды ұйымдастыру, қызметкерлердің өтініштері мен ұсыныстарын жедел қарауына жәрдемдесу.



Бекітілген номенклатураға сәйкес істерді қалыптастыру, олардың сақталуын қамтамасыз ету және уақытында мұрағатқа тапсыру.



Көбейту техникасында тираждау үшін құжаттарды түзету.



Құжаттарды ксерокөшіру.

Әртүрлі құжаттарды басу кезінде материалдарды орналастыру тәртібі.



Үлгілік нысандарды қолдана іскерлік хаттарды басу ережесі.



Еңбекті қорғау ережесі және нормалар.

3. «Хатшы-машинистка» еңбек қызметінің түрі (кәсібі)

Шифры

Біліктері мен дағдылары

Білімі

Жеке және кәсіби құзыреттері

Ф 1

Ұйым немесе оның бөлімшелері басшысының жұмысын қамтамасыз ету мен қызмет көрсету бойынша техникалық функцияларды орындау.



Бөлімшелерден басшыға қажетті мәліметтерді ұсыну.



Басшымен дайындалатын бұйрықтар, өкімдер, хаттар және басқада ұйымдық-өкімдік құжаттардың мәтінін кейін олардың мағынасын аша және басу машинкасында баса стенографиялау немесе деректер банкісіне ақпаратты енгізу.



Қабылдау-сөйлесу жабдықтары (телекс, факс, телефакс) бойынша ақпаратты беру және қабылдау.



Іс қағаздарын жүргізу, басшы атына түскен корреспонденцияны қабылдау, белгіленген тәртіпке сәйкес құжаттарды жүйелеу және басшы қарағаннан кейін оларды жұмыс процесінде пайдалану немесе жауап дайындауға бөлімшелерге немесе нақты орындаушыларға тапсыру.



Бақылау-тіркеу картотекасын жүргізу, басшы тапсырмаларының орындалуын есепке алу және бақылау.



Басшыға қол қоюға құжаттарды қабылдау.



Қарым-қатынас этикасын сақтап келушілерді қабылдауды ұйымдастыру, қызметкерлердің ұсыныстары мен өтініштерін жедел қарастыруға жәрдемдесу.



Бекітілген номенклатураға сәйкес істерді қалыптастыру, олардың сақталуын қамтамасыз ету және белгіленген мерзімде оларды мұрағатқа тапсыру.



Көбейту техникасында тираждау үшін құжаттарды жинау, құжаттарды ксерокөшіру.

Ережелер, нұсқаулар, іс қағаздарын жүргізу бойынша басқа басшылыққа алатын материалдар және нормативтік құжаттар.



Ұйым мен оның бөлімшелерінің басшы құрамы және құрылымы



Стенография, машинкамен басу, орфография мен пунктуация ережелері.



Әртүрлі құжаттарды басу кезінде материалдарды орналастыру тәртібі



Үлгілік нысандарды қолдана отырып іскерлік хаттарды басу ережесі.



Басу машинкаларын, компьютерлерді, диктофондарды, магнитофондарды және басқа қолданылатын техникалық құралдарды пайдалану



Қабылдау-сөйлесу жабдығымен пайдалану ережесі



Ұйымдық-өкімдік құжаттаманың бірыңғайланған жүйесінің стандарттары;



этика және эстетика негіздері, іскерлік тілдесу ережесі.



Еңбекті ұйымдастыру негіздері, еңбек заңнамасы, ішкі еңбек тәртібінің ережесі, өрт қауiпсiздiгiнiң талаптары.

Бірыңғай топтар шеңберіндегі басшылықпен шектеулі автономия шеңберінде әрекет.



Басшының қойылған міндеттеріне сүйене өз қызметін жоспарлау.



Әлеуметтік аспектілерді ескере ақпараттың белгілі көздерін жақсы қолдана проблеманы шешу.



Өзін оқытуға жауапкершілік және еңбек немесе нақты еңбек немесе оқу қызметі саласында шектеулі практикалық тәжірибенің бар болуы, басқарылмалы ортада оқып үйрену.

4.«Басшының хатшысы» еңбек қызметінің түрі (кәсібі)

Шифры

Біліктері мен дағдылары

Білімі

Жеке және кәсіби құзыреттері

Ф 1

Басшының iс жүргізуін ұйымдастыруға әдiстемелiк басшылық және бақылау.



Кәсіпорынның басшылығына қол қоюға ұсынылатын құжаттарды келісу және бекіту, дұрыс жасауын, дайындық сапасын бақылау.



Басшылықтың тапсырмалары мен құжаттарын бақылау, орындауды жүзеге асыру.



Кәсіпорын қаржы-шаруашылық қызметінің бейіні бойынша басшының жеке тапсырмаларын орындау.



Функционалдық қызметтерден қажетті материалдарды сұрау, тапсырмаларды орындаудың кешіктіру себептерi туралы түсiндiрмелер.



Құжаттарды қарау және оларды ұйымның басшыларына және мамандарына орындауға бағыттау.

Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері;



іс қағаздарын жүргізу және ұйымның қызметіне қатысты әдiстемелiк және нормативтік-техн калық материалдар.



Ұйым мен оның бөлімшелерінің басшы құрамы және құрылымы



Іс қағаздарын жүргізу ережесі



Электрондық құжат айналымы жүйесін білу, үлгілік нысандарды қолданумен іскерлік хаттарды басу ережесі;



Еңбекті ұйымдастыру, басқару және әкімшілік құқығы



Еңбек заңнамасы.

Басшының қойылған міндеттеріне сүйене өз қызметін жоспарлау.



Өзін ұйымдастыру және коммуникативтік құзыретінің жоғары деңгейін иемдену



Нақтылық.

Ф 2

Басшымен өткiзiлетiн мәжiлiстер және отырыстарды дайындау бойынша жұмыстарды орындау және хаттамаларды рәсiмдеу.



Басшының жұмыс орнын ұйымдастыру техникасының қажеттi құралдарымен, кеңсе керек-жарақтарымен қамтамасыз ету.



Ақпаратты жылдам тапсыруды қамтамасыз ету.



Машинкаға басу және көшiру-көбейту жұмыстарын орындауды қамтамасыз ету.



Қарым-қатынас этикасын сақтап келушілерді қабылдауды ұйымдастыру, қызметкерлердің ұсыныстары және өтініштерін жедел қарастыруда жәрдемдесу.



Басшының телефон келiссөздерiн ұйымдастыру



Басшының жоқ кезінде байланыс каналдары және қабылдау-сөйлесу құрылғылары бойынша алынған ақпараты жазуды жүргізу.



Қабылдау-сөйлесу құрылғыларын пайдалану ережелерін және нысандарын жетiлдiру.

Іскерлік тілдесу ережесі, еңбек мәдениеті және қызметтік этика.



Қабылдау-сөйлесу жабдығын пайдалану ережесі.



Есептеу техникасын пайдалану ережесі.



Кәсіпорынның, оның қаржы-шаруашылық қызметінің даму перспективасы.

Ф 3

ЭҚА жұмысында дағдының болуы.



Кіріс корреспонденциясын сканирлеу, тіркеу және «Бақылауға» қою.



Қызметтік материалдарды басу, деректер банкіне ағымдағы ақпаратты енгізу.



Бекітілген номенклатураға сәйкес істерді қалыптастыру, олардың сақталуын қамтамасыз ету.



Мұрағатқа сақтауға немесе жоюға құжаттарды жыл сайын іріктеу жүргізу.

Ұйымдық-өкімдік құжаттаманың бірыңғайланған жүйесінің стандарттары;



ДК жұмыс жасай білу



Ұйымның ерекшелігін есепке ала істер номенклатурасын жасау және бекіту бойынша талаптар



Мұрағат істерін жүргізу ережесі.

5.«Басшының көмекшісі» еңбек қызметінің түрі (кәсібі)

Шифры

Білітері мен дағдылары

Білімі

Жеке және кәсіби құзыреттері

Ф 1

Басшыға қол қоюға берiлетiн құжаттардың дайындалған жобаларын рәсiмдеу.



Басшыға түсетін корреспонденцияны қабылдау және жұмыста пайдалану және жауаптарды дайындау үшiн оны әрі қарай құрылымдық бөлiмшелерге немесе нақты орындаушыларға тапсыру.



Iс қағаздарын жүргiзу: хаттар, сауалдар және басқа құжаттарды жасау.



Басшының жұмыс үшiн қажеттi есептер, баяндама жобаларын және тағы басқа материалдарды құрастыру.



Бекітілген номенклатураға сәйкес істерді қалыптастыру, олардың сақталуын қамтамасыз ету және белгіленген уақытта мұрағатқа тапсыру



Мұрағатқа беруге дейін және орындау барысында құжаттарды жедел сақтау.



Ұйымның қызметкерлерімен шығарылған бұйрықтар мен өкімдерді орындалуын бақылау, бақылауға алынған тапсырмалар мен нұсқауларды орындау мерзiмдерiн сақтау.



Бақылау- тiркеу картотекасын жүргiзу.



Кез-келген құпия ақпаратты орынды қарау шеберлігі.

Ережелер, нұсқаулар, іс қағаздарын жүргізу; бойынша басқа басшылыққа алынған материалдар және нормативтік құжаттар;



ұйым мен оның бөлімшелерінің басшы құрамы және құрылымы



стенография; машинкамен басу, орфография мен пунктуация ережелері;



үлгілік нысандарды қолдана іскерлік хаттарды басу ережесі;



басу машинкалар, компьютерлер, диктофондар, магнитофондарды және басқа қолданылатын техникалық құралдарды пайдалану;



қабылдау-сөйлесу жабдығымен пайдалану ережесі;



ұйымдық-өкімдік құжаттаманың бірыңғайланған жүйесінің стандарттары;



этика негіздері; іскерлік тілдесу ережесі;



еңбекті ұйымдастыру негіздері;



еңбек заңнамасы;



ішкі еңбек тәртіптемесінің ережесі.

Озып жұмыс iстеу шеберлігі



Ақпараттық ағындармен басқару.



Жанасқыштық.



Басымдылық тәртіпте істерді қойып шығу.



Күйзеліске тұрақтылығы.



Қойылған тапсырмалардың дер кезiнде орындауға және сапасына жауапкершiлiк.

Ф 2

Байланыс каналдары (факс, e-mail) арқылы хабарламаларды қабылдау және тапсыру.



Қоңыраулардың басқа мекенжайға жіберу және аяқталуы бойынша дербес шешімдер қабылдау.



Басшының жұмыс орнын қажетті ұйымдастыру техникасы құралдарымен, кеңсе керек-жарақтарымен қамтамасыз ету, онының тиiмдi жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін жағдайларды жасау.



Басшы кездесулерін ұйымдастыру және үйлестіру, бастық жұмысының ең тиімді тәртібі мен процедурасын әзірлеу.



Басшы өткізетін отырыстар, кеңестер және басқа мәжілістерді дайындау (қажетті материалдарды жинау, өткізу орны мен уақыты туралы қатысушыларға хабарлау, күн тәртiбi және оларды тiркеу), мәжiлiс хаттамаларын жүргізу және рәсiмдеу.

Жоспарлау, таңдау әдiстерi және басымдылықтарды орналастыру, қорларды iздестiру;



ұйымдастыру мәдениетiнiң стандарттарына сәйкес басқару процестері;



өз жұмысын өнiмдi жоспарлау және үйлестiру әдiстемесі;



даусыз тілдесу ережесі.

«Басшылардың қызметін
ұйымдастыруды қамтамасыз ету»
кәсіби стандартына
5-қосымша
Келісу парағы

Р/с



Ұйымның атауы

Келісілген күні

1

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі






 

2

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі






 

3

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі






 

4

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі






 

5

Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігі






 

6

Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі






 

7

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі






 

8

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі






 

9

Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі






 

10

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі






 

11

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі






 

12

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі






 

13

Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі






 

14

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі






 

15

Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі






 

16

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі






 

17

Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы






 

18

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы






 

  Осы кәсіби стандарт _________________________________________________
____________________________________________________________ тіркелді
КС тізіліміне енгізілді, тіркеу №___________________,
Хат (хаттама) № ___________ Күні ___________________