• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2016 г

Отправить по почте

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 691 бұйрығына 4-қосымша

1
«Персоналды басқару
(Менеджмент: бизнес бағыттары бойынша)»
кәсіби стандарты
Стандарт күшін жойды 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 15.12.2015 жылғы № 971 Бұйрығына сәйкес
1. «Персоналды басқару (Менеджмент: бизнес бағыттары бойынша)» кәсіби стандарты (бұдан әрі – КС) біліктілік, құзыреттілік деңгейіне, еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын талаптарды айқындайды және ол мыналарға:
1) еңбек нарығының қазіргі кездегі сұранысына жауап беретін біліктілік талаптарын жаңарту үшін кәсіптік қызметтің мазмұнына қойылатын бірыңғай талаптарды әзірлеуге;
2) персоналды басқару саласындағы кең ауқымды міндеттерді шешуге (персоналды уәждендіру және ынталандыру жүйелерін, лауазымдық нұсқаулықтарды; персоналды іріктеу, таңдау және аттестаттау, мансапты жоспарлау жүйелерін әзірлеуге);
3) персоналды кәсіпорындарда оқытудың, кәсіби білім берудің барлық деңгейінде білім беру бағдарламаларын қалыптастыруға, сондай-ақ осы бағдарламаларға оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеуге
4) кәсіптік даярлыққа бағалау жүргізуге және мамандардың біліктілігіне сәйкестігін растауға арналған.
2. КС негізінде ұйымдардың біліктілік мінездемелері, лауазымдық нұсқаулықтары, үлгілік оқу бағдарламалары, үлгілік оқу жоспарлары, корпоративтік стандарттары әзірленеді. 
1) біліктілік – қызметкердің белгілі бір еңбек қызметі түрінің шеңберінде нақты функцияларды сапалы орындауға дайындығы;
2) біліктілік деңгейі – еңбек іс-қимылдарының күрделілігі, стандартты еместігі, жауапкершілігі мен дербестілігі өлшемдеріне қарай сараланатын қызметкерлердің құзыретіне қойылатын талаптар жиынтығы;
3) еңбек функциясы – бизнес-процесс айқындайтын және оларды орындау үшін қажетті құзыреттердің болуын көздейтін еңбек іс-қимылдарының кіріктірілген және салыстырмалы түрде автономды жиынтығын білдіретін еңбек қызметі түрінің құрамдас бөлігі;
4) кәсіби қызмет саласы – ортақ интеграциялық негізі бар (міндеті,объектілері, технологиялары, оның ішінде еңбек құралдары ұқсас немесе жақын) және еңбек функцияларының және оларды орындау үшін құзыреттіліктің ұқсас жиынтығын көздейтін еңбек қызметі саласы түрлерінің жиынтығы;
5) КС – кәсіби қызметтің нақты саласында біліктілік және құзыреттілік деңгейіне, еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын талаптарды айқындайтын стандарт;
6) КС бірлігі – еңбек қызметінің аталған түрі үшін тұтас, аяқталған, салыстырмалы түрде автономды және елеулі болып табылатын нақты еңбек функциясының жан-жақты сипаттамасынан тұратын КС құрылымдық элементі;
7) кәсіп – бұл арнайы дайындық, жұмыс тәжірибесі нәтижесінде туындаған арнайы теориялық білім және практикалық дағдылар кешенін меңгеруді талап ететін еңбек қызметінің түрі; 
8) құзыреттілік – еңбек қызметінде білімін, білігі мен тәжірибесін қолдану қабілеті;
9) ұлттық біліктілік шеңбері (бұдан әрі – ҰБШ) – еңбек нарығында танылатын біліктілік деңгейлерін құрылымдық жағынан сипаттау.
Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышы (бұдан әрі – 03-2007 ҚР МС) «78.30 Персоналмен жұмыс жөніндегі басқа ұйымдардың қызметі»;
2) экономикалық қызмет түрінің (кәсіби қызмет саласының) негізгі мақсаты: адам ресурстары мен персоналды басқаруға қатысты кең спектрлі қызметтерді жүзеге асыру;
3) еңбек қызметінің түрлері, кәсіптері, біліктілік деңгейлері осы КС 1-қосымшада көрсетілген;
директордың жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары (әкімшілік директор); 
директордың персоналды басқару жөніндегі орынбасары (директор, вице президент).
1-параграф «Персоналды іріктеу жөніндегі менеджер (рекрутер)»
6. Еңбек қызметі түрінің (кәсібінің) карточкасы мыналардан тұрады:
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кәсіптер сыныптауышы бойынша базалық топ (бұдан әрі – 01-2005 ҚР МС): 1232 – «Кадрларды және еңбек қатынастарын басқару бөлімшесіндегі (қызметіндегі) басшылар (басқарушылар)»;
3) лауазымдардың ықтимал атаулары (кәсіп): персоналды іріктеу жөніндегі менеджер (рекрутер);
4) орындалатын еңбек қызметінің жалпыланған сипаттамасы: 
персоналды іріктеу және дұрыс орналастыру жұмысын көздейді;
5) ықтимал жұмыс орындары, қызметкердің кәсіби біліміне және оқуына талаптар, біліктілігін дәлелдейтін, сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшадағы тарауда «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Персоналды іріктеу жөніндегі менеджердің (рекрутер) еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» келтірілген.
7. Еңбек қызметі түрінің (кәсібінің) карточкасы мыналардан тұрады:
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кәсіптер сыныптауышы бойынша базалық топ (бұдан әрі – 01-2005 ҚР МС): 1232 – «Кадрларды және еңбек қатынастарын басқару бөлімшесіндегі (қызметіндегі) басшылар (басқарушылар)»; 
3) лауазымдардың ықтимал атаулары (кәсіп): персонал жөніндегі менеджер (hr–менеджер);
4) орындалатын еңбек қызметінің жалпыланған сипаттамасы: 
персоналды іріктеу және дұрыс орналастыру жұмысын, мансабы бойынша өсу, персоналды оқыту және біліктілігін жоғарылатуды көздейді;
5) ықтимал жұмыс орындары, қызметкердің кәсіби біліміне және оқуына талаптар, біліктілігін дәлелдейтін, сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшадағы тарауда «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Персонал жөніндегі менеджердің (hr–менеджер) еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» келтірілген.
8. Еңбек қызметі түрінің (кәсібінің) карточкасы мыналардан тұрады:
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кәсіптер сыныптауышы бойынша базалық топ (бұдан әрі – 01-2005 ҚР МС): 4115 – «Хатшылар, офис-менеджерлер»;
4) орындалатын еңбек қызметінің жалпыланған сипаттамасы: 
офис персоналының жұмыс орындарын ұйымдастырлуын басқаруды жүзеге асыра отырып, офис жұмысын ұйымдастыруды дайындау және қамтамасыз етуді көздейді;
5) ықтимал жұмыс орындары, қызметкердің кәсіби біліміне және оқуына талаптар, біліктілігін дәлелдейтін, сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшадағы тарауда «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Офис-менеджердің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» келтірілген.
4-параграф «Директордың жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары(әкімшілік директор)»
9. Еңбек қызметі түрінің (кәсібінің) карточкасы мыналардан тұрады:
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кәсіптер сыныптауышы бойынша базалық топ (бұдан әрі – 01-2005 ҚР МС): 1235 – «Материалдық-техникалық жабдықтау бөлімшелерінің (қызметтерінің) басшылары»;
3) лауазымдардың ықтимал атаулары (кәсіп): басқарушы директор, әкімшілік директор, жетекші, бас инженер;
4) орындалатын еңбек қызметінің жалпыланған сипаттамасы: 
5) ықтимал жұмыс орындары, қызметкердің кәсіби біліміне және оқуына талаптар, біліктілігін дәлелдейтін, сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшадағы тарауда «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Директордың жалпы мәселелер жөніндегі орынбасарының (әкімшілік директор) еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» келтірілген.
5-параграф «Директордың персоналды басқару жөніндегіорынбасары (директор, вице-президент)»
10. Еңбек қызметі түрінің (кәсібінің) карточкасы мыналардан тұрады:
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кәсіптер сыныптауышы бойынша базалық топ (бұдан әрі – 01-2005 ҚР МС): 1232 – «Кадрларды және еңбек қатынастар басқару бөлімшесінің (қызметінің) менеджері (басқарушы)»;
3) лауазымдардың ықтимал атаулары (кәсіп): персоналды басқару жөніндегі директордың орынбасары;
4) орындалатын еңбек қызметінің жалпыланған сипаттамасы: 
5) ықтимал жұмыс орындары, қызметкердің кәсіби біліміне және оқуына талаптар, біліктілігін дәлелдейтін, сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшадағы тарауда «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Директордың персоналды басқару жөніндегі орынбасарының (директор, вице-президент) еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» келтірілген.
11. КС бірліктерінің тізімі осы КС 2-қосымшасында көрсетілген және КС бірліктерінің шифрі мен атауынан тұрады.
13. Кәсіби даярлықты бағалау және мамандардың біліктілігіне сәйкестігін растау саласындағы ұйымдар осы КС негізінде сертификаттар береді.
14. Осы КС негізінде берілетін сертификаттардың түрлері осы КС 3-қосымшада көзделген сертификатты алу үшін игеру қажет болатын КС бірліктерінің тізбесіне сәйкес айқындалады.
7. КС әзірлеушілері, келісу парағы, сараптамасы және тіркеуі
15. КС әзірлеушісі «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып табылады.
«Персоналды басқару (Менеджмент:
бизнес бағыттары бойынша)»
кәсіби стандартына
1-қосымша
1
Біліктілік деңгейлері бойынша еңбек қызметінің түрлері (кәсібі)

Р/с



Қызмет түрінің атауы

Еңбек нарығының үрдісін ескергендегі кәсіптердің атауы

01-2005 ҚР МС сәйкес кәсіптердің атауы

ҰБШ біліктілік деңгейі

БТБА бойынша разряд

1

Персоналды басқару жөніндегі кәсіпорынның қызметін қамтамасыз ету және ұйымдастыру

Персоналды іріктеу жөніндегі менеджер (рекрутер)

Кадрларды және еңбек қатынастарын басқару бөлімшесіндегі (қызметіндегі) менеджер (басқарушы)

5

-

2

Персонал жөніндегі менеджер (hr-менеджер)

5

-

3

Офис-менеджер

Офис-менеджер

5

-

4

Директордың жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары (әкімшілік директор)

Кадрлар және тұрмыс жөніндегі директор

7

-

5

Персоналды басқару жөніндегі директор (директордың орынбасары, вице-президент)

7

-

Ескертпе: БТБА - Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы
«Персоналды басқару (Менеджмент:
бизнес бағыттары бойынша)»
кәсіби стандартына
2-қосымша
1
1. Ықтимал жұмыс орындары. Персоналды іріктеу жөніндегі
менеджердің (рекрутер) еңбек жағдайларына, біліміне және жұмыс
тәжірибесіне қойылатын талаптар

Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары (кәсіпорындар, ұйымдар)

Барлық меншік нысанындағы ұйымдар мен кәсіпорындар

Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары

-

Жұмысқа рұқсат берудің ерекше жағдайлары

-

ҰБШ біліктілік деңгейі

Кәсіби білім беру мен оқыту деңгейі

Талап етілетін жұмыс тәжірибесі

5

Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) білімі

Басқару саласындағы жұмыс тәжірибесі кемінде 2 жыл

2. Ықтимал жұмыс орындары. Персонал жөніндегі менеджердің
(hr-менеджер) еңбек жағдайларына, біліміне және жұмыс
тәжірибесіне қойылатын талаптар

Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары (кәсіпорындар, ұйымдар)

Барлық меншік нысанындағы ұйымдар мен кәсіпорындар

Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары

-

Жұмысқа рұқсат берудің ерекше жағдайлары

-

ҰБШ біліктілік деңгейі

Кәсіби білім беру мен оқыту деңгейі

Талап етілетін жұмыс тәжірибесі

5

Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім

Басқару саласында жұмыс тәжірбиесі кемінде 2 жыл

3. Ықтимал жұмыс орындары. Офис-менджердің еңбек жағдайларына,
біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар

Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары (кәсіпорындар, ұйымдар)

Барлық меншік нысанындағы ұйымдар мен кәсіпорындар

Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары

-

Жұмысқа рұқсат берудің ерекше жағдайлары

-

ҰБШ біліктілік деңгейі

Кәсіби білім беру мен оқыту деңгейі

Талап етілетін жұмыс тәжірибесі

5

Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) білім

Мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі кемінде 2 жыл

4. Ықтимал жұмыс орындары. Директордың жалпы мәселелер
жөніндегі орынбасарының (әкімшілік директор) еңбек
жағдайларына, біліміне және жұмыс
тәжірибесіне қойылатын талаптар

Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары (кәсіпорындар, ұйымдар)

Барлық меншік нысанындағы ұйымдар мен кәсіпорындар

Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары

-

Жұмысқа рұқсат берудің ерекше жағдайлары

-

ҰБШ біліктілік деңгейі

Кәсіби білім беру мен оқыту деңгейі

Талап етілетін жұмыс тәжірибесі

7

Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) білім

Басқару саласында жұмыс тәжірибесі кемінде 5 жыл

5. Ықтимал жұмыс орындары. Директордың персоналды басқару
жөніндегі орынбасарының (директор, вице-президент) еңбек
жағдайларына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын
талаптар

Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары (кәсіпорындар, ұйымдар)

Барлық меншік нысанындағы ұйымдар мен кәсіпорындар

Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары

-

Жұмысқа рұқсат берудің ерекше жағдайлары

-

ҰБШ біліктілік деңгейі

Кәсіби білім беру мен оқыту деңгейі

Талап етілетін жұмыс тәжірибесі

7

Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) білім

Басқару саласындағы жұмыс тәжірбиесі кемінде 5 жыл

«Персоналды басқару (Менеджмент:
бизнес бағыттары бойынша)»
кәсіби стандартына
3-қосымша
1. «Персоналды іріктеу жөніндегі менеджер (рекрутер)» еңбек
қызметінің түрі (кәсібі)

Шифры

Еңбек функциясының атауы (кәсіби стандарт бірліктері)

Ф 1

Персоналды жалдау процесі мен жүйесін дамыту және енгізу

Ф 2

Персоналды белсенді іздеуді жүзеге асыру

Ф 3

Өтініш берген адамдармен әңгімелесу жүргізу

Ф 4

Еңбек нарығы бойынша кандидаттар, бос жұмыс орындары мен басқа ақпараттың дерекқорын құру

2. «Персонал жөніндегі менеджер (hr-менеджер)»
еңбек қызметінің түрі (кәсібі)

Шифры

Еңбек функциясының атауы (кәсіби стандарт бірліктері)

Ф 1

Персоналды іріктеу және орналастыру

Ф 2

Персоналды іріктеу және уәждемелеу

Ф 3

Кадрлық іс жүргізу және кадрлық есепке алу

Ф 4

Персонал жұмысын ұйымдастыру

Шифры

Еңбек функциясының атауы (кәсіби стандарт бірліктері)

Ф 1

Офисті техникалық жарақтандыруды ұйымдастыру

Ф 2

Офис жұмысының сапасы мен тиімділігін арттыру, оңтайландыру

Ф 3

Материалдық-техникалық қамтамасыз ету

Ф 4

Есеп жүргізуді, сақтауды және түгендеу жүргізуді қамтамасыз ету

Ф 5

Жұмыс үшін санитарлық-техникалық жағдайларды ұйымдастыру

Ф 6

Қаржылық құжаттаманы ресімдеу

4. «Директордың жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары (әкімшілік
директор)» еңбек қызметінің түрі (кәсібі)

Шифры

Еңбек функциясының атауы (кәсіби стандарт бірліктері)

Ф 1

Ұйымның өндірістік-шаруашылық қызметін ұйымдастыру

Ф 2

Өндірістік резервтерді оңтайлы пайдалану

Ф 3

Ұйымды әкiмшiлiк-шаруашылық қамтамасыз ету

Ф 4

Инженерлiк-коммуникациялық және көлiк қызметін қамтамасыз ету

5. «Директордың персоналды басқару жөніндегі орынбасары
(директор, вице-президент)» еңбек қызметінің түрі (кәсібі)

Шифры

Еңбек функциясының атауы (кәсіби стандарт бірліктері)

Ф 1

Кадр саясатын қалыптастыру

Ф 2

Еңбек ресурстарымен ұйымды қамтамасыз ету бөлiгiнде оның бизнес жоспарларын әзiрлеу

Ф 3

Ұжымда қолайлы әлеуметтiк-психологиялық климатты құру бойынша жұмыстың бағыттарын анықтау

Ф 4

Кадрлар резервін дайындау және қалыптастыру бойынша жұмыстарды жүргiзу

Ф 5

Персоналды басқарудың нормативтiк-әдiстемелiк базасын жасау бойынша зерттеулер жүргiзудi қамтамасыз ету

Ф 6

Персоналмен жұмыста еңбек заңнамасының нормаларын сақтауды бақылау

«Персоналды басқару (Менеджмент:
бизнес бағыттары бойынша)»
кәсіби стандартына
4-қосымша
1. «Персоналды іріктеу жөніндегі менеджер (рекрутер)» еңбек
қызметінің түрі (кәсібі)

Шифры

Біліктері мен дағдылары

Білімі

Жеке және кәсіби құзыреттері

Ф 1

Персоналды іріктеу тұжырымдамасын әзірлеу үшін еңбек нарығының жай-күйін, жалақы деңгейін, әртүрлі кәсіпорындарда әлеуметтік бағдарламаларды зерделеу.

Адам ресурстарын басқару мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері.

Қажетті ақпаратты iздестiруге бағдар; қойылған міндеттердің жетістігі үшін жауапкершілік, олардың орындалуын бақылау;



стратегиялық ойлау;



күйзеліске тұрақтылығы;



өзін өзі ұстай білу.

Ф 2

Кандидаттарға қойылатын талаптарды тұжырымдау, бос позициялар сипаттамасын және талап етілетін қызметкерлер сипаттамасын жасау.



Кәсіпорынға қажетті қызметкерлерді іздестірудің жоспар-кестесін жасау;



Қызметкерлерді ақпараттық дерекқор бойынша, бұқаралық ақпарат құралдарындағы, интернеттегі жарнаманың көмегімен, жеке байланыстар арқылы іздестіруді жүзеге асыру.



Кадрлық агенттіктерге, жұмысқа орналастыру және халықты жұмыспен қамту орталықтарына өтiнiмдермен жүгіну.

Персонал жөніндегі құжаттаманы жасау және ресімдеу бойынша нормативтік құқықтық актілері мен әдістемелік материалдар.

Ф 3

Кандидаттардың іскерлік және психологиялық қасиетін бағалау.



Психологиялық және кәсіби тестілеуді ұйымдастыру.



Ізденушілермен әңгімелесу және оларды тестілеу нәтижелерін бағалау.

Психология, социология, риторика, логика, iскерлік қарым-қатынас этикасы мен мәдениет негіздері. Әңгiмелесушiлердi сендіру құралдары мен тәсiлдерi, кандидаттарды уәждеу, еңбек социологиясы негіздері

Ф 4

Вакансиялар мен бос жұмыс орындарының дерекқорын өзекті күйде қамтамасыз ету және қолдау (ақпарат алу, енгiзу, өңдеу, талдау, сыныптау, бағалау, салыстыру және сақтау);



Дерекқордан ақпаратты үйлестiру, алу және пайдалану.

Еңбек нарығын талдау және мониторинг әдістері, еңбек нарығы деректерінің ақпараттық базасы, ақпараттық жүйені қолданумен кәсіптер және лауазымдар іздеу технологиясы, ұйымдағы жұмыс жағдайларының ерекшеліктері, өз дерекқорын құру талаптары, қауіпсіздік техникасы, зардап шеккендерге дәрігерге дейін көмек көрсету ережесі, өрт қауіпсіздігі ережесі, Қазақстан Республикасының экологиялық кодексі

2. «Персонал жөніндегі менеджер (hr-менеджер)» еңбек қызметінің
түрі (кәсібі)

Шифры

Біліктері мен дағдылары

Білімі

Жеке және кәсіби құзыреттері

Ф 1

Еңбек нарығын зерделеу.



Персоналға ұйымның қажеттілігін айқындау.



Ұйымды қажетті кәсіптер, мамандар және білікті қызметкерлермен жинақтау.



Кадрларды іріктеу, бос жұмыс орындарына кандидаттармен әңгімелесу өткізу. Персоналды басқаруды ұйымдастыру мәселелері бойынша әр түрлі деңгейдегі басшыларға консультатция беру.

Ақпараттық жүйелерді пайдаланып кәсіптер мен лауазымдарды іздестіру технологиясы;



персоналды жалдау процестерін және жүйелерін бағдарлау;



кадрларда ағымдағы қажеттілікті орындау көздері мен тәртібі;



нарықтық экономикасының негіздері

Стратегиялық ойлау;



командада жұмыс істеу, басқалардың пікірімен санасу; күрделі, даулы жағдайларды тиімді шешу, икемділік.

Ф 2

Қызметкерлердің біліктілігін арттыру және дамыту бойынша жұмысты үйлестіру.



Персонал қызметін бағалау, бос лауазымдар орнын орналасуға аттестация, конкурстар жүргізу. Кадрлық резервті қалыптастыру.

Еңбек уәждемесі және персоналды бағалау жүйесінің негіздері, кадрлардың біліктілігін арттыру және оқыту әдістерінің нысандары;



аттестация жүргізу тәртібі; кадрлардың құрылымын талдау әдістері;



тестілеу, сұхбаттасуды жүргізу әдістемелері.

Ф 3

Еңбек шарттары мен келісімшарттарды ресімдеу және жасау, қызметкерлердің жеке істерін және басқа да кадрлық құжаттаманы жүргізу. Қызметкерлерді жалдау, ауыстыру, қызмет бабында өсу, лауазым төмендету, жұмыстан босату мәселелеріне қатысу.

Персоналды басқару бойынша ұйымдастыру қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері;



еңбек шарттарын (келісім шарттарды) әзірлеу тәртібі, менеджмент әдістері және ұйымдастыру.

Ф 4

Бағынышты қызметкерлерге басшылық етуді жүзеге асыру.



Ұжымның әлеуметтік дамуына қатысу, еңбек даулары мен жанжалдарын шешу.



Қызметкерлердің іскерлік және тұлғалық бағалау жүйесін жасау, олардың лауазымын уәждеу;



Кадрлар мәселелері мен маңызды кадрлық шешімдер бойынша барлық қызметкерлерді хабардар ету.

Ұйымның қадрлық құрамы және басқару құрылымы;



психология мен еңбек социологиясының негіздері; іскерлік қарым-қатынас этикасы;



персоналды басқару саласында отандық және шетелдік алдынғы тәжірибе;



іс жүргізуді ұйымдастыру негіздері;



қауіпсіздік техникасы ережесі, зардап шеккендерге дәрігерге дейін көмек көрсету ережесі, өрт қауіпсіздігі ережесі, Қазақстан Республикасының экологиялық кодексі

Шифры

Біліктері мен дағдылары

Білімі

Жеке және кәсіби құзыреттері

Ф 1

Офис жабдығы мен оргтехникаларды жұмыста пайдалануға дайындығы бойынша тексеру ұйымдастыру.



Офис жабдығының, коммуникациялардың техникалық күйін бақылау, ақаулық болса жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін мамандарды шақыру.

Шаруашылық-қаржы қызметінің мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының заңдары және басқа да нормативтік құқықтық актілері;



еңбек заңнамасы;



офис құрылғылары және оны бөлу қағидаттары;



бағдарламалық қамтамасыз етуді ұйымдастыру;



оргтехниканы пайдалану ережесі.

Қажетті ақпаратты іздеуге бағдарлану;



қойылған міндеттердің жетістігіне жауапкершiлiгі, олардың орындалуын бақылау;



стратегиялық ой;



күйзеліске тұрақтылығы;



өзін-өзі ұстай білу.

Ф 2

Офис жұмысының сапасын бағалау критерийлерін және сапа стандартарын жасау.



Офис жұмысының тиімділігіне талдау жүргізу, қабылданған шешімдерді орындау үшін бақылауды жүзеге асыру.



Жалпы ұйымды және офис жұмыстарын жақсарту бойынша ұсыныстарды ұйым басшысының қарауына енгізу.

Кадрлар жөніндегі құжаттаманы жасау және ресімдеу бойынша нормативтік құқықтық актілер мен әдістемелік материалдар;



офистің ұйымдық құрылымын құру қағидаттары;



уәждемелік әдістер мен стратегия; офис жұмысының тиімділігін талдау әдістері.

Ф 3

Ұйымды офис тауарларымен, шығыс материалдары және өзге де тауарлық-материалдық құндылықтармен қамтамасыз ету (материалдық -техникалық қамтамасыз ету қажеттiлiгін, жеңiлдiктер жүйесін талдау, жеткiзушiлерден тапсырысты орналастыру, шарттарды жасау).



Тауарлық-материалдық құндылықтарды алу тәртiбiн айқындау.



Келіссөздер, таныстыру, мәжiлiстер, конференциялар, семинарлар және тағы басқа шараларды материалдық-техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастыру.



Офис шаруашылығын түгендеудi жүзеге асыру.

Заңдардың шаруашылық шарттарға қойылатын талаптары және оларды жасасу тәртiбi;



офисті жабдықтауды ұйымдастыру әдiстерi;



бақылау іс-шараларын жүргізу бақылау қағидаттары және әдiстемесi;



түгендеудi есепке алу ережесі.

Ф 4

Офистің жұмысы үшін шығыс материалдары мен тауарлық-материалдық құндылықтарды қабылдау, есепке алу, сақтау және беруді ұйымдастыру



Жұмыс тапсырмаларын орындау үшін оларға берілген тауарлық-материалдық құндылықтарға материалдық жауапты адамды тағайындау, бір материалдық жауапты адамнан екіншіге тапсыру-қабылдау схемасын жасау.



Офис шаруашылығын түгендеудi жүзеге асыру

Техникалық жарақтандыру тәртібі;



қызметкерлердің жауапкершілік түрлері мен қызмет саласы;



қызметкерлердің материалдық-техникалық жауапкершілікте болу туралы заңдар.

Ф 5

Офистің жұмысы үшін үй-жайларындағы жұмыстың санитарлық жағдайларын жасау (жарықтандыру, желдету және температура режимі).



Офис жұмысының аяқталуын және жаңа жұмыс күніне дайындығын үйлестіру (жұмыс орындарын тәртіпке келтіру, офис жабдықтарын сөндіру, оның iшiнде жарықты, қорғау сигнализациясы жүйесін активтендіру, басқа да).

Ұйымның әлеуметтік-тұрмыстық даму талаптары;



еңбекті қорғау жөніндегі ереже;



санитарлық-техникалық нормалар.

Ф 6

Офис қажеттіліктеріне шығыстар бюджетін жүргізу.



Тауарлық-материалдық құндылықтарды алуға төлем құжаттарын ресімдеу.

Экономика және бухгалтерлік есеп негіздері;



төлем құжаттарын ресімдеу ережесі;



қауiпсiздiк техникасының ережесі;



зардап шеккендерге дәрігерге дейiн көмектi көрсету ережесі;



өрт қауiпсiздiгi ережесi;



Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі.

4. «Директордың жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары (әкімшілік
директор)» еңбек қызметінің түрі (кәсібі)

Шифры

Біліктері мен дағдылары

Білімі

Жеке және кәсіби құзыреттері

Ф 1

Ұйымның өндірістік-шаруашылық қызметінің мәселелерін шешу.



Қарауындағы құрылымдық бөлiмшелердiң тиiмдi өзара іс-әрекеті бойынша жұмысты ұйымдастыру.



Ұйым жұмысының тиiмдiлiгін арттыруға жәрдемдесу.



Қызметкерлер үшiн қауiпсiз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету.



Өртке қарсы құралдардың жарамдылығын және болуын, орын-жайлар, жабдықтар және инвентарьлардың күйін бақылау, оларды уақытында жөндеудi қамтамасыз ету.

Қазақстан Республикасының заңнамалық және басқа да нормативтік құқықтық актілері; ұйымның шаруашылық-қаржылық қызметі, әкімшілік-шаруашылық қызмет көрсету мәселелері;



еңбек заңнамасы;



салық заңнамасының негіздері.

Аналитикалық ойлау;



нәтижеге қол жеткізуге бағдар;



командада жұмыс iстеу;



іскер ортаның жылдам өзгеретін жағдайларына бейімделу;



ақпараттық ағындарды басқару;



істерді басымдықтар тәртібінде қою; өзін-өзі ұстай білу;



қарым-қатынасқа бейімділік.

Ф 2

Ұйымның ғимараттарын және құрылыстарын реконструкциялау және техникалық қайта жабдықтауды жоспарлау.



Жаңа техника және технологияны қолданумен, өндірістік резервтерді ұтымды пайдалану және ресурстарды үнемді жұмсаумен өндiрiстiк-шаруашылық қызметтi ұйымдастыру.



Жеткiзу жағдайларын жақсарту үшiн баламалы өнім берушілерді iздестiру.

Қызметтер үшін шаруашылықты жүргізу әдiстерi және есептерді ресімдеу, еңбек пен өндiрiсті ұйымдастыру және экономиканы жүргiзу;



есептеу техникасы, байланыс және коммуникация құралын пайдалану ережесi.



Стратегиялық және жедел жоспарлау дағдылары.



Кәсіпорынның даму мен техникалық және қаржы жағдайының перспективасы.



Шаруашылықты жүргізудің және қаржы менеджментінің нарықтық әдiстерi

Ф 3

Офис шығыстарының бюджетін жоспарлау.



Шаруашылық шарттарын жасасу және олардың уақытында орындалуын бақылау.



Жылжымайтын мүлiктiң нарығын талдау, офис орын жайларын таңдап алу, іріктеу;



Офистi ұстауға, жұмыс орындарын ұйымдастыруға шығыстарға есеп жүргізу;



Шаруашылық мақсаттағы материалдық-құндылықтарды ауыстыруды жасау, басқару.

Ұйымның құрылымы және оның даму перспективасы;



тауарлар мен жабдықтарды сатып алу әдiстемесі;



баға жасау негiздерi;



сатып алынатын жабдық және инвентарьлардың стандарттары және техникалық жағдайлары;



көрсеткен қызметтер және атқарылған жұмыстарға есеп айырысу тәртiбi;



ұйымның жалдау саясатын басқару.

Ф 4

Ғимараттар мен құрылыстарға, инженерлiк коммуникацияға, жылу және электрмен жабдықтауға қызмет көрсету және пайдалану бойынша бақылау жүргiзу;



Көлiктiң барлық түрлерiнің тиiмдi пайдаланылуын және қажеттi механизмдермен қамтамасыз ету;



Көлiк-қоймалық процестерін басқару және көлiк шығындарын оңтайландыру;



Шаруашылық мақсаттағы материалдық құндылықтарды ауыстыруды басқару.

Шығыстар сметаларын жасау тәртiбі;



шаруашылық және қаржы шарттарын жасасу және орындау тәртiбi;



жабдықты, жиһазды, инвентарьды сатып алу тәртібі;



тауарлық-материал ық құндылықтарды сақтау, жинау тәртiбі;



қауiпсiздiк техникасы ережесі;



зардап шеккендерге дәрiгерге дейiн көмек көрсету ережесi;



өрт қауiпсiздiгi ережесi;



Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексі.

5. «Директордың персоналды басқару жөніндегі
орынбасары (директор, вице-президент)» еңбек қызметінің түрі
(кәсібі)

Шифры

Біліктері мен дағдылары

Білімі

Жеке және кәсіби құзыреттері

Ф 1

Әр қызметкердiң еңбек әлеуметiн барынша іске асыру негiзінде ұйымның персоналын қалыптастыруды, пайдалануды және дамытуды басқаруды ұйымдастыру.



Кадр саясатын қалыптастыру бойынша жұмысты ұйымдастыру, ұйымның даму стратегиясы мен оны іске асыру бойынша шараларға сәйкес оның негiзгi бағыттарын айқындау.

Қазақстан Республикасының заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілер және еңбек пен әлеуметтік даму мәселелеріне қатысты әдiстемелiк материалдар, персоналды басқару теориясының негіздері және оны уәждеу, қарым - қатынасу психологиясы, ұйымның мақсаттары, даму стратегиясы және бизнес-жоспары.

Жүйелі ойлауға қабілетінің болу;



жұмыс сапасы үшін зиян келтірмей жүктемелерге шыдау;



тіпті күйзеліс жағдайларда эмоциясын бақылау;



жағдайдың бақыланбайтын дамуына жол бермеу мәселелеріне конструктивті жауап беру.

Ф 2

Персоналмен жұмыс бойынша кешенді жоспарлар мен бағдарламаларды әзірлеу және жүзеге асыруды, зерттеулерді жүргізуді ұйымдастыру.



Еңбек дауларын шешуге қатыс, ұжымда қолайлы психологиялық климатты құру бойынша бағдарламалар мен шаралар әзiрлеу.

Персоналды басқарудың заманауи тұжырымдамасы, персоналды бағалау жүйесі және еңбек уәждеу негіздері, кадрларды оқыту және біліктілігін арттыру әдістері мен нысандары, менеджментті ұйымдастыру және әдістері, өндіріс технологиясының негіздері; басқару құрылымы.

Ф 3

Материалдық ынталандырудың икемді саясатын жүзеге асыру негiзінде барлық санаттың қызметкерлерiн еңбек уәждеуін арттыру бойынша кешенді шаралар ұйымдастыру, еңбек жағдайларын жақсарту, оның маңыздылығын және мәртебелiгін арттыру, құрылым және штаттарды ұтымды ету, еңбек тәртiбін күшейту.

Еңбектің жалпы және әлеуметтік психология, социология және психология негіздері, заманауи техникалық құралдар, коммуникация мен байланыстарды қолданумен ақпаратты өңдеу әдістері.

Ф 4

Өндiрiстiк және әлеуметтік саланың даму теңгерілімін қамтамасыз етуді ескере отырып, ұйымның даму келешегін ескере отырып кадрлар әлеуетін ұтымды пайдалануды ескере отырып, кадрларға қажеттілікті болжамдаудың және жоспарлаудың ғылыми әдістерін қолдану.

Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері, қызметкерлер және олардың еңбек нәтижелерін бағалау әдістеріне, кадрлық жұмыстың озық технологиясына қатысты әдiстемелiк материалдар.

Ф 5

Еңбекті нормалау және ұйымдастыру, персоналды бағалау, кәсіби іріктеу және кәсіби бағдар, кәсіби бейімдеу саласындағы озық тәжірибені зерттеу және жинақтау. Практикаға әдістемелік және нормативтік әзірлемелерді енгізу.

Психология, кадрлық құжаттамамен жұмыс саласындағы білімдері мен іскерлік қарым-қатынас, социология негіздері, іс жүргізу негіздерін, еңбекті қорғау нормаларын білу.

Ф 6

Ұйымның персоналды басқаруды қамтамасыз ететін құрылымдық бөлiмшелерiнің қызметін әдiстемелiк үйлестіруді және басқаруды жүзеге асыру.



Ұйымда еңбек заңнамасын және iшкi еңбек тәртiптемесінің ережелерін сақтауды бақылауды жүзеге асыру.

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексі және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілері, кадрлық жұмыстың озық технологиясы, кадрлық құжаттаманың бірыңғайланған нысаны, өндіріс технологиясы негіздері, өндірісті ұйымдастыру және экономика, есептеу техникасы құралдары,коммуникация мен байланыстарға қатысты әдiстемелiк материалдар. Қызметкердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы құқытары мен міндеттері немесе еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы қолданыстағы нормативтік құқытық актілері.

«Персоналды басқару (Менеджмент:
бизнес бағыттары бойынша)»
кәсіби стандартына
5-қосымша

Р/с



Ұйымның атауы

Келісілген күні

1

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі






 

2

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі






 

3

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі






 

4

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі






 

5

Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігі






 

6

Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі






 

7

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі






 

8

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі






 

9

Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі






 

10

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі






 

11

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі






 

12

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі






 

13

Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі






 

14

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі






 

15

Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі






 

16

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі






 

17

Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы






 

18

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы