Bestprofi Logo

Стандарт № 691 от 2013-12-31г./Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

«Кадрларды іріктеу және кадрларды даярлау» кәсіби стандарты

Отправить на почту


Языки документа

Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2016 г.

Документ на казахском языке

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 691 бұйрығына 5-қосымша

«Кадрларды іріктеу және кадрларды даярлау» кәсіби стандарты

Стандарт күшін жойды 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 15.12.2015 жылғы № 971 Бұйрығына сәйкес

1. «Кадрларды іріктеу және кадрларды даярлау» кәсіби стандарты (бұдан әрі – КС) біліктілік, құзыреттілік деңгейіне, еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын талаптарды айқындайды және ол мыналарға:

1) еңбек нарығының қазіргі кездегі сұранысына жауап беретін біліктілік талаптарын жаңарту үшін кәсіптік қызметтің мазмұнына қойылатын бірыңғай талаптарды әзірлеуге;

2) персоналды басқару саласындағы кең ауқымды міндеттерді шешуге (персоналды уәждендіру және ынталандыру жүйелерін, лауазымдық нұсқаулықтарды, персоналды іріктеу, таңдау және аттестаттау, мансапты жоспарлау жүйелерін әзірлеуге);

3) персоналды кәсіпорындарда оқытудың, кәсіби білім берудің барлық деңгейінде білім беру бағдарламаларын қалыптастыруға, сондай-ақ осы бағдарламаларға оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеуге;

4) кәсіптік даярлыққа бағалау жүргізуге және мамандардың біліктілігіне сәйкестігін растауға арналған.

2. КС негізінде ұйымдардың біліктілік мінездемелері, лауазымдық нұсқаулықтары, үлгілік оқу бағдарламалары, үлгілік оқу жоспарлары, корпоративтік стандарттары әзірленеді.

3. Осы КС мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:

1) біліктілік – қызметкердің белгілі бір еңбек қызметі түрінің шеңберінде нақты функцияларды сапалы орындауға дайындығы;

2) біліктілік деңгейі – еңбек іс-қимылдарының күрделілігі, стандартты еместігі, жауапкершілігі мен дербестілігі өлшемдеріне қарай сараланатын қызметкерлердің құзыретіне қойылатын талаптар жиынтығы;

3) еңбек функциясы – бизнес-процесс айқындайтын және оларды орындау үшін қажетті құзыреттердің болуын көздейтін еңбек іс-қимылдарының кіріктірілген және салыстырмалы түрде автономды жиынтығын білдіретін еңбек қызметі түрінің құрамдас бөлігі;

4) кәсіби қызмет саласы – ортақ интеграциялық негізі бар (міндеті, объектілері, технологиялары, оның ішінде еңбек құралдары ұқсас немесе жақын) және еңбек функцияларының және оларды орындау үшін құзыреттіліктің ұқсас жиынтығын көздейтін еңбек қызметі саласы түрлерінің жиынтығы;

5) КС – кәсіби қызметтің нақты саласында біліктілік және құзыреттілік деңгейіне, еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын талаптарды айқындайтын стандарт;

6) КС бірлігі – еңбек қызметінің аталған түрі үшін тұтас, аяқталған, салыстырмалы түрде автономды және елеулі болып табылатын нақты еңбек функциясының жан-жақты сипаттамасынан тұратын КС құрылымдық элементі;

7) кәсіп – бұл арнайы дайындық, жұмыс тәжірибесі нәтижесінде туындаған арнайы теориялық білім және практикалық дағдылар кешенін меңгеруді талап ететін еңбек қызметінің түрі;

8) құзыреттілік – еңбек қызметінде білімін, білігі мен тәжірибесін қолдану қабілеті;

9) ұлттық біліктілік шеңбері (бұдан әрі – ҰБШ) – еңбек нарығында танылатын біліктілік деңгейлерін құрылымдық жағынан сипаттау.

1) экономикалық қызмет түрі (кәсіби қызмет саласы):

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышы (бұдан әрі – 03-2007 ҚР МС) «78.30 Персоналмен жұмыс жөніндегі өзге ұйымдардың қызметі»;

2) экономикалық қызмет түрінің (кәсіби қызмет саласының) негізгі мақсаты: кадрлық іс жүргізу, персоналды іріктеу мен жалдау және персоналды дамыту мен оқыту;

3) еңбек қызметінің түрлері, кәсіптері, біліктілік деңгейлері осы КС 1-қосымшада көрсетілген;

5. КС талаптары осы саладағы мынадай кәсіптерге қатысты:

кадрларды даярлау жөніндегі (кәсіби бейімдеу жөніндегі) инженер; кадрларды даярлау бөлімінің бастығы;

3. Еңбек қызметі түрлерінің (кәсібінің) карточкасы

6. Еңбек қызметі түрінің (кәсібінің) карточкасы мыналардан тұрады:

2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кәсіптер сыныптауышы бойынша базалық топ (бұдан әрі – 01-2005 ҚР МС): 4121 – «Бухгалтерлік операциялар мен есептермен айналысатын қызметкерлер»;

3) лауазымдардың ықтимал атаулары (кәсіп): табель жүргізуші;

4) орындалатын еңбек қызметінің жалпыланған сипаттамасы:

жұмыс уақытын есепке алуды жүргізуді және оны жалақы есептеу үшін беруді көздейді;

5) ықтимал жұмыс орындары, қызметкердің кәсіби біліміне және оқуына талаптар, біліктілігін дәлелдейтін, сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшадағы тарауда «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Табель жүргізушінің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» келтірілген.

2-параграф «Кадрлар жөніндегі инспектор»

7. Еңбек қызметі түрінің (кәсібінің) карточкасы мыналардан тұрады:

2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кәсіптер сыныптауышы бойынша базалық топ (бұдан әрі – 01-2005 ҚР МС): 3423 – «Кадрлар қызметтері мен жұмысқа орналастыру ұйымдарының мамандары»;

3) лауазымдардың ықтимал атаулары (кәсіп): кадрлар жөніндегі инспектор;

4) орындалатын еңбек қызметінің жалпыланған сипаттамасы:

бос орындарға персоналды іріктеуді жүзеге асыру, ұйымның атынан қызметкерлермен еңбек шарттарын жасауды көздейді;

5) ықтимал жұмыс орындары, қызметкердің кәсіби біліміне және оқуына талаптар, біліктілігін дәлелдейтін, сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшадағы тарауда «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Кадрлар жөніндегі инспектордың еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» келтірілген.

8. Еңбек қызметі түрінің (кәсібінің) карточкасы мыналардан тұрады:

2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кәсіптер сыныптауышы бойынша базалық топ (бұдан әрі – 01-2005 ҚР МС): 2412 – «Кадрлар мен кәсіптік бағдарлау жөніндегі мамандар»;

3) лауазымдардың ықтимал атаулары (кәсіп): кадрлар жөніндегі менеджер;

4) орындалатын еңбек қызметінің жалпыланған сипаттамасы:

ұйымдағы талап етiлетiн кәсіптері, мамандықтар мен біліктілігі бар кадрлар жинақтау бойынша жұмыстарды орындауды көздейді;

5) ықтимал жұмыс орындары, қызметкердің кәсіби біліміне және оқуына талаптар, біліктілігін дәлелдейтін, сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшадағы тарауда «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Кадрлар жөніндегі маманның еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» келтірілген.

4-параграф «Кадрларды даярлау жөніндегі (кәсіби бейімдеужөніндегі) инженер»

9. Еңбек қызметі түрінің (кәсібінің) карточкасы мыналардан тұрады:

2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кәсіптер сыныптауышы бойынша базалық топ (бұдан әрі – 01-2005 ҚР МС): 2412 – «Кадрлар мен кәсіптік бағдарлау жөніндегі мамандар»;

3) лауазымдардың ықтимал атаулары (кәсіп): кадрларды даярлау жөніндегі инженер;

4) орындалатын еңбек қызметінің жалпыланған сипаттамасы:

жұмысшыларды кәсіби оқытуды ұйымдастыру және басшы қызметкерлер мен мамандардың біліктілігін арттыруды көздейді;

5) ықтимал жұмыс орындары, қызметкердің кәсіби біліміне және оқуына талаптар, біліктілігін дәлелдейтін, сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшадағы тарауда «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Кадрларды даярлау жөніндегі (кәсіби бейімдеу жөніндегі) инженердің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» келтірілген.

5-параграф «Кадрларды даярлау бөлімінің бастығы»

10. Еңбек қызметі түрінің (кәсібінің) карточкасы мыналардан тұрады:

2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кәсіптер сыныптауышы бойынша базалық топ (бұдан әрі – 01-2005 ҚР МС): 1232 – «Кадрларды және еңбек қатынастарын басқару бөлімшелерінің (қызметтерінің) басшылары»;

3) лауазымдардың ықтимал атаулары (кәсіп): менеджер (басқарушы) (кадрларды және еңбек қатынастарын басқару бөлімшелерінде (қызметтерінде); бөлім бастығы (кадрларды және еңбек қатынастарын басқару); бөлім меңгерушісі (кадрларды және еңбек қатынастарын басқару жөніндегі);

4) орындалатын еңбек қызметінің жалпыланған сипаттамасы:

кадрлардың біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету, олардың кәсіби жоғарлауын көздейді;

5) ықтимал жұмыс орындары, қызметкердің кәсіби біліміне және оқуына талаптар, біліктілігін дәлелдейтін, сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшадағы тарауда «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Кадрларды даярлау бөлім бастығының еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» келтірілген.

6-параграф «Кадрлар бөлімінің бастығы»

11. Еңбек қызметі түрінің (кәсібінің) карточкасы мыналардан тұрады:

2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кәсіптер сыныптауышы бойынша базалық топ (бұдан әрі – 01-2005 ҚР МС): 1232 – «Кадрларды және еңбек қатынастарын басқару бөлімшелерінің (қызметтерінің) басшылары»;

3) лауазымдардың ықтимал атаулары (кәсіп): бөлім бастығы (кадрларды және еңбек қатынастары басқару); бөлім меңгерушісі (кадрларды және еңбек қатынастарын басқару жөніндегі);

4) орындалатын еңбек қызметінің жалпыланған сипаттамасы:

ұйымда еңбек заңнамасының сақталуына бақылауды жүзеге асыру және кадрларды басқару және еңбек қатынастары саласында мақсаттар мен міндеттерді айқындауды көздейді;

5) ықтимал жұмыс орындары, қызметкердің кәсіби біліміне және оқуына талаптар, біліктілігін дәлелдейтін, сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшадағы тарауда «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Кадрлар бөлім бастығының еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» келтірілген.

12. КС бірліктерінің тізімі осы КС 2-қосымшасында көрсетілген және КС бірліктерінің шрифті мен атауынан тұрады.

13. КС бірліктерінің сипаттамасы осы КС 4-қосымшасында көрсетілген.

6. Осы КС негізінде берілетін сертификаттардың түрлері

14. Кәсіби даярлықты бағалау және мамандардың біліктілігіне сәйкестігін растау саласындағы ұйымдар осы КС негізінде сертификаттар береді.

15. Осы КС негізінде берілетін сертификаттардың түрлері осы КС 3-қосымшада көзделген сертификатты алу үшін игеру қажет болатын КС бірліктерінің тізбесіне сәйкес айқындалады.

7. КС әзірлеушілері, келісу парағы, сараптамасы және тіркеуі

16. КС әзірлеушісі «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып табылады.

«Кадрларды іріктеу және кадрларды даярлау» кәсіби стандартына 1-қосымша

Біліктілік деңгейлері бойынша еңбек қызметінің түрлері (кәсібі)

Р/с



Қызмет түрінің атауы

Еңбек нарығының үрдісін ескергендегі кәсіптердің атауы

01-2005 ҚР МС сәйкес кәсіптердің атауы

ҰБШ біліктілік деңгейі

БТБА бойынша разряд

1

Персоналды іріктеу және жалдау, кадрлық iс жүргізу, сондай-ақ персоналды дамыту және оқыту

Табель жүргізуші

Табель жүргізуші

4

-

2

Кадрлар жөніндегі инспектор

Кадрлар жөніндегі инспектор

4

-

3

Кадрлар жөніндегі маман

Кадрлар жөніндегі маман

5

-

4

Кадрларды даярлау жөніндегі (кәсіби бейімдеу жөніндегі) инженер

Кәсіби бейімдеу жөніндегі инженер

5

-

5

Кадрларды даярлау бөлімінің бастығы

Бөлім меңгерушісі (кадрларды және еңбек қатынастарын басқару)

6

-

6

Кадрлар бөлімінің бастығы

Бөлім бастығы (кадрларды және еңбек қатынастарын басқару)

6

-

Ескертпе: БТБА - Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы

«Кадрларды іріктеу және кадрларды даярлау» кәсіби стандартына 2-қосымша

1. Ықтимал жұмыс орындары. Табель жүргізушінің еңбек жағдайларына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар

Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары (кәсіпорындар, ұйымдар)

Барлық меншік нысанындағы ұйымдар мен кәсіпорындар

Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары

-

Жұмысқа рұқсат берудің ерекше жағдайлары

-

ҰБШ біліктілік деңгейі

Кәсіби білім беру мен оқыту деңгейі

Талап етілетін жұмыс тәжірибесі

4

Техникалық және кәсіби білім

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді

2. Ықтимал жұмыс орындары. Кадрлар жөніндегі инспектордың еңбек жағдайларына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар

Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары (кәсіпорындар, ұйымдар)

Барлық меншік нысанындағы ұйымдар мен кәсіпорындар

Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары

-

Жұмысқа рұқсат берудің ерекше жағдайлары

-

ҰБШ біліктілік деңгейі

Кәсіби білім беру мен оқыту деңгейі

Талап етілетін жұмыс тәжірибесі

4

Тиісті мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіби білім

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді

3. Ықтимал жұмыс орындары. Кадрлар жөніндегі маманның еңбек жағдайларына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар

Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары (кәсіпорындар, ұйымдар)

Барлық меншік нысанындағы ұйымдар мен кәсіпорындар

Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары

-

Жұмысқа рұқсат берудің ерекше жағдайлары

-

ҰБШ біліктілік деңгейі

Кәсіби білім беру мен оқыту деңгейі

Талап етілетін жұмыс тәжірибесі

5

Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) білімі

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді

4. Ықтимал жұмыс орындары. Кадрларды даярлау жөніндегі (кәсіби бейімдеу жөніндегі) инженердің еңбек жағдайларына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар

Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары (кәсіпорындар, ұйымдар)

Барлық меншік нысанындағы ұйымдар мен кәсіпорындар

Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары

-

Жұмысқа рұқсат берудің ерекше жағдайлары

-

ҰБШ біліктілік деңгейі

Кәсіби білім беру мен оқыту деңгейі

Талап етілетін жұмыс тәжірибесі

5 (санаты жоқ)

Тиісті мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіби білімі

1 санаттағы техник қызметінде жұмыс тәжірибесі кемінде 3 жыл

Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) білімі

Жұмыс тәжірибесіне талап етілмейді

5 (II санаттағы)

Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) білімі

Санаты жоқ инженер лауазымында жұмыс тәжірибесі кемінде 3 жыл

5 (I санаттағы)

Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) білімі

Кадрларды даярлау жөніндегі II санаттағы инженер лауазымында жұмыс тәжірибесі кемінде 2 жыл

5. Ықтимал жұмыс орындары. Кадрларды даярлау бөлім бастығының еңбек жағдайларына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар

Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары (кәсіпорындар, ұйымдар)

Барлық меншік нысанындағы ұйымдар мен кәсіпорындар

Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары

-

Жұмысқа рұқсат берудің ерекше жағдайлары

-

ҰБШ біліктілік деңгейі

Кәсіби білім беру мен оқыту деңгейі

Талап етілетін жұмыс тәжірибесі

6

Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) білімі

Кадрларды даярлау бойынша жұмыс тәжірибесі кемінде 5 жыл

6. Ықтимал жұмыс орындары. Кадрлар бөлім бастығының еңбек жағдайларына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар

Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары (кәсіпорындар, ұйымдар)

Барлық меншік нысанындағы ұйымдар мен кәсіпорындар

Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары

-

Жұмысқа рұқсат берудің ерекше жағдайлары

-

ҰБШ біліктілік деңгейі

Кәсіби білім беру мен оқыту деңгейі

Талап етілетін жұмыс тәжірибесі

6

Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) білімі

Лауазымдарда кадрларды басқаруды ұйымдастыру бойынша жұмыс тәжірибесі кемінде 5 жыл

«Кадрларды іріктеу және кадрларды даярлау» кәсіби стандартына 3-қосымша

1. «Табель жүргізуші» еңбек қызметінің түрі (кәсібі)

Шифры

Еңбек функциясының атауы (кәсіби стандарт бірліктері)

Ф 1

Кәсіпорын қызметкерлерінің жұмыс уақытына табельдік есеп жүргізу және бақылау

2. «Кадрлар жөніндегі инспектор» еңбек қызметінің түрі (кәсібі)

Шифры

Еңбек функциясының атауы (кәсіби стандарт бірліктері)

Ф 1

Кадрларлық іс жүргізуді басқару

Ф 2

Персонал бойынша іс-шараларын іске асыруға қатысу

3. «Кадрлар жөніндегі маман» еңбек қызметінің түрі (кәсібі).

Шифры

Еңбек функциясының атауы (кәсіби стандарт бірліктері)

Ф 1

Персоналды іріктеуге және жалдауға қатысу

Ф 2

Кадрлық құжаттаманы қалыптастыру

Ф 3

Персоналдардың дамуына және оқытуға қатысу

Ф 4

Персонал жөніндегі жұмыстарды оңтайландыру

Ф 5

Персоналды басқару жөніндегі іс-шараларды іске асыруға қатысу

4. «Кадрларды даярлау жөніндегі (кәсіби бейімдеу жөніндегі) инженер» еңбек қызметінің түрі (кәсібі)

Шифры

Еңбек функциясының атауы (кәсіби стандарт бірліктері)

Ф 1

Оқу орындарында оқушылардың кәсіби бағдарлау бойынша жұмысқа қатысу

Ф 2

Өндірісте жұмысшылардың, басшы қызметкерлердің және мамандардың кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және біліктілікті арттыруды ұйымдастыру

Ф 3

Кәсіби оқыту және біліктілікті арттыру әдістері мен үлгілерін жетілдіру

5. «Кадрларды даярлау бөлімінің бастығы» еңбек қызметінің түрі (кәсібі)

Шифры

Еңбек функциясының атауы (кәсіби стандарт бірліктері)

Ф 1

Қызметкерлерді даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыруды жоспарлауды жүзеге асыру

Ф 2

Ұйым қызметкерлерінің кәсіби білім деңгейін, біліктері мен дағдыларын арттыруды қамтамасыз ету

Ф 3

Өткізілетін оқулардың жүйелілігі мен сапасын бақылауды қамтамасыз ету

Ф 4

Өндірісте жас мамандар мен жұмысшылардың бейімделуін қамтамасыз ету

6. «Кадрлар бөлімінің бастығы» еңбек қызметінің түрі (кәсібі)

Шифры

Еңбек функциясының атауы (кәсіби стандарт бірліктері)

Ф 1

Ұйымда талап етілетін кәсіптері бар жұмысшылар мен қызметшілер кадрларымен жинақтау бойынша жұмысқа жетекшілік етеді

Ф 2

Кадрларды іріктеу, таңдау және орналастыру бойынша жұмыстарды жүзеге асыру

Ф 3

Іштен резерв құру бойынша жоспарлы жұмысты жүзеге асыру

Ф 4

Қызметкерлерді және олардың қызметінің нәтижелерiн кешендi бағалау жүйесін әзiрлеуге қатысу

Ф 5

Қажеттi құжаттарды дайындауды және ұсынуды қамтамасыз ету

«Кадрларды іріктеу және кадрларды даярлау» кәсіби стандартына 4-қосымша

КС бірліктерінің сипаттамасы (функционалдық картасы)

1. «Табель жүргізуші» еңбек қызметінің түрі (кәсібі)

Шифры

Біліктері мен дағдылары

Білімі

Жеке және кәсіби құзыреттері

Ф 1

Нақты жұмыс істелген уақыт, үстеме жұмыс сағаттары, еңбек тәртібін бұзу туралы есеп жүргізу. Қызметкерлердің жұмысқа келуіне, кешігуіне және келмеуіне, қызметкердің еңбекке уақытша жарамсыздығы туралы парақтарды, науқастарды күту бойынша анықтамалардың уақытында ұсынылуына бақылауды жүзеге асыру. Жұмыс уақытын есепке алу табелін толтыру, еңбекке жарамсыздық парағын, ауысымды қызметкерлердің жұмыс кестесін бағдарламаның электрондық нұсқасына енгізу.

Ереже, нұсқаулықтар, табель есебін жүргізу бойынша басқа да нормативтік құжаттар; Еңбек заңнамасы; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережесі; өрт қауіпсіздігі және жұмыс орнындағы өндірістік санитария; еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі бойынша табель жүргізу нұсқаулықтары.

Шешiмдер мен әрекеттер үшін жауапкершiлiк; командада жұмыс істеу; дербестік және өзін-өзі ұстай білушілік.

2. «Кадрлар жөніндегі инспектор» еңбек қызметінің түрі (кәсібі)

Шифры

Біліктері мен дағдылары

Білімі

Жеке және кәсіби құзыреттері

Ф 1

Еңбек заңнамасына сәйкес қызметкерлерді қабылдау, ауыстыру және босатуды ресімдеу.



Еңбек кітапшаларын қабылдау, толтыру, сақтау және беру.



Ұйым қызметкерлерінің жеке құрамын есепке алуды жүргізу, жеке істерін ресімдеу. Қызметкердің талабы бойынша құжаттардың көшiрмелерi мен анықтамалар дайындау және беру. Демалыстардың кестесін құрастыру, демалыстардың пайдалануын есепке алу, демалыстарды ресімдеу.



Ағымдағы сақтаудың белгіленген мерзімдері аяқталуы бойынша құжаттарды мұрағатқа сақтауға тапсыру.

Еңбек заңнамасы; аттестаттауды жүргізу ережесін білу, кадрлар жұмысын ұйымдастыру саласында жұмыс берушінің актілері және қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер.

Шешімдері мен әрекеттеріне жауапкершiлiк, командада жұмыс істеу, дербестік және өзін-өзі ұстай білушілік.

Ф 2

Біліктілік, аттестациялық және конкурстық комиссиялар үшін материалдар дайындау. Марапаттау және көтермелеуге қызметкерлерді ұсыну үшін материалдар дайындау.



Өз құзыреті шеңберінде есептілікті қалыптастыру.



Ұйымның персоналы туралы деректер банкіне қызметкерлердің сандық, сапалық құрамы мен олардың қозғалысы туралы ақпаратты енгізу, оны жаңарту.



Кадрлардың тұрақтамау себептерін зерделеу, оны төмендету бойынша іс-шараларды әзірлеуге қатысу.

Қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер және біліктілік, аттестациялық және конкурстық комиссиялар құруды реттейтін жұмыс берушінің актілері және есептер түрлерін. Жұмыс орнындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау; өрт қауiпсiздiгi мен өндірістік санитария бойынша ережелер. Кадрлар жөніндегі инспектор үшін еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулық.

3. «Кадрлар жөніндегі маман» еңбек қызметінің түрі (кәсібі)

Шифры

Біліктері мен дағдылары

Білімі

Жеке және кәсіби құзыреттері

Ф 1

Кадрларға ағымдағы қажеттілікті айқындау.



Еңбек нарығын зерделеуге қатысу. Кадрларға қажеттілікті қанағаттандыру көздерін айқындау, оқу орындарымен тікелей байланысты орнату және қолдау.



Жас мамандарды жайғастыру және орналастыру.

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы; Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңын, персоналды жалдаудың құжаттамалық ресімдеу негіздерін білу; Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері және персоналды басқару жөніндегі әдістемелік материалдар; мамандардың жекелеген лауазымдарының біліктілік сипаттамалары.

Проблемаларды талдау және шешу; жұмысты жоспарлау және ұйымдастыру, кәсіби қызметте ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану, қажеттi ақпаратты iздестiруге бағдар; жақсы коммуникативтік дағдылар; шешiмдер мен әрекеттер үшін жауапкершiлiк; командада жұмыс iстеу; дербестiк және өзiндік тәртіп.

Ф 2

Еңбек заңнамасына сәйкес қызметкерлерді жұмысқа қабылдауды, ауыстыруды және босатуды уақытында ресімдеу.



Әскери есеп жүргізу.



Ұйым қызметкерлерінің жеке құрамын есепке алуды жүргізу, жеке істерді ресімдеу.



Қызметкерлердің жеке істерін жүргізу және қалыптастыру, оларға еңбек қызметіне байланысты өзгерістер енгізу. Қызметкердің талабы бойынша құжаттардың көшiрмелерi мен анықтамалар дайындау, беру. Қызметкерлерге демалыстар беруге есеп жүргізу, кезекті демалыстар кестесін жасауға және оның сақталуына бақылауды жүзеге асыру, демалыстарды ресімдеу. Белгіленген ағымдағы сақтау мерзiмдерінің аяқталуы бойынша құжаттарды мұрағатқа сақтауға тапсыру.



Белгіленген есептілікті жүргізу.

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы; экономика, зейнетақымен қамсыздандыру, еңбекті ұйымдастыру және басқару негіздері, Қазақстан Республикасының әскери міндеттілердің және әскерге шақырылғандардың әскери есебін жүргізу.

Ф 3

Персоналдың дамуы бойынша ұсыныстарды дайындауға қатысу, іскерлік мансапты жоспарлау, кадрлардың біліктілігін арттыру және оқыту, сондай-ақ оқытудың тиімділігін бағалау.



Әдістемелік және ақпараттық, біліктілік, аттестациялық, конкурстық комиссияларға қатысу және олардың шешімдерін ресімдеу.



Ұйым қызметкерлерінің лауазымдық және кәсіптік-біліктілік құрылымын сараптап зерделеу.

Психология және еңбек социологиясы негіздері, еңбек заңнамалары персоналды оқыту нысандары, персоналдың дамуындағы негізгі тәсілдер, мансапты жоспарлау әдістері, оқытудың тиімділігін бағалау әдістері.

Ф 4

Еңбек тәртібіне талдау жүргізу және ұйым қызметкерлерінің ішкі еңбек тәртібі ережелерін орындау.



Еңбек тәртібін жақсарту және тұрақтамауды төмендету бойынша шараларды әзірлеуге қатысу.



Еңбек жөніндегі ағымдағы және перспективалық жоспарларды әзірлеуге қатысу.



Кадрлардың тұрақтамау себептерін зерделеу,оны төмендету шараларды әзірлеуге қатысу.

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы; тәртіптік жазаны қолданудағы тәртіп бөлігінде; кадрлық жоспарлау негіздері, персоналдың уәждемелігін және қатыстырылуын күшейту тәсілдері.

Ф 5

Біліктілік, аттестациялық және конкурстық комиссиялар үшін материалдар дайындау.



Қызметкерлерді марапаттауға және көтермелеуге ұсыну үшін материалдар дайындау. Өз құзыреті шеңберінде есептілікті қалыптастыру.



Қызметкерлердің сапалық, сандық құрамы туралы ақпаратты енгізу.

Қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер және жұмыс берушінің біліктілік, аттестациялық және конкурстық комиссияларды құруды реттейтін актілері және есептердің түрлері. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын орындау.

4. «Кадрларды даярлау жөніндегі (кәсіби бейімдеу жөніндегі) инженер» еңбек қызметінің түрі (кәсібі)

Шифры

Біліктері мен дағдылары

Білімі

Жеке және кәсіби құзыреттері

Ф 1

Ұйымның білікті мамандарға қажеттіліг және нарықтық экономиканың талаптарын ескере отырып, негіздемелермен және ескертулермен кадрларды даярлаудың перспективалық және ағымдағы жоспарларын әзірлеу, жұмыс істейтіндердің біліктілігі мен шеберлегін арттыру. Өндірісте персоналды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру процесстерін ұйымдық сүйемелдеу. Ұйым қызметкерлерін даярлауға, қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға оқу орындарымен байланыс орнату. Басшы қызметкерлер мен мамандарды біліктілікті арттыру үшін оқу орындарына жіберу кестесін жасау. Мамандар мен жоғары білікті жұмысшылар ішінен оқушылар мен нұсқаушылар кадрларын іріктеу. Оқу процесін қажетті әдістемелік әдебиетпен қамтамасыз ету. Оқу және әдістемелік кабинеттерді жабдықтармен, техникалық оқыту құралдарымен, құрал-жабдықтармен, көрнекті құралдармен жабдықтау. Оқытуға бюджет жасау және оның орындалуын бақылау.

Қазақстан Республикасының заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілер және өндiрiсте кадрларды даярлау, біліктілігін арттыру мәселелері бойынша әдiстемелiк материалдар; ұйымның құрылымы және штаты, бейіні, мамандандыру және оның даму келешегі; ұйымның кадрлық саясаты және стратегиясы, ұйымның өнім өндiрісінде негiзгi технологиялық процестері; кәсіби оқытудың нысаны, түрі және әдiстерi; оқу орындарымен шарттарды ресімдеу тәртібі, оқытушылармен және нұсқаушылармен жеке еңбек шарттарын (келісімшарттарды) ресімдеу тәртiбi; кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру бойынша есептілікті жасау және есепке алуды жүргізу тәртібі; педагогика, социология және психологияның негiздерi, экономика, өндiрiстi, еңбекті ұйымдастыру және басқару негiздерi; оқу шығындарын қаржыландыру тәртiбi; оқытудың үдемелі нысаны, әдісі және құралдары; персоналды оқыту және дамыту саласындағы халықаралық тәжірибе.

Өзінің қызметін басқару; оқыту әдісі мен құралдарын таңдау қабілетін білдіру және жетекшілік ете отырып тәрбиелеу; басқа қызметкерлердің әрекетін үйлестіру; қойылған тапсырмалардың шешіміне жауапкершілік; қажетті ақпаратты іздеуде бағдар; қойылған тапсырмалардың жетістіктеріне жауапкершілік, олардың орындалуын бақылау.

Ф 2

Оқушылар арасында кәсіби бағдарлау жұмысын өткізу үшін оқу орындарымен байланыс орнату. Кәсіпорында немесе оқу орнында ашық есік күндерін ұйымдастыру. Кәсіби бағдарлы көрмелер мен іс-шараларға қатысу бойынша ұйымдармен өзара әрекеттесу.

Кәсіби бағдарлану іс-шараларын өткізуге негізгі тәсілдер. Кәсіби бағдар бойынша жұмыстарды ұйымдастыру қағидаттары.

Ф 3

Оқу процесіне оқытудың заманауи белсенді әдістері мен автоматтандырылған құралдарын енгізу бойынша жұмыстарды жүзеге асыру. Оқыту нысандары мен әдісінің халықаралық озық тәжірибесін жинақтау және тарату. Оқытудың үдемелі нысаны және әдісі, сондай-ақ құралдарын қолдану.

Оқытудың үдемелі нысаны, әдісі және құралдары; персоналды оқыту және дамыту саласындағы халықаралық тәжірибе.








 

5. «Кадрларды даярлау бөлімінің бастығы» еңбек қызметінің түрі (кәсібі)

Шифры

Біліктері мен дағдылары

Білімі

Жеке және кәсіби құзыреттері

Ф 1

Ұйымның белгілі деңгейде және бейінде даярланған кадрларға жалпы қажеттілігін талдау.



Оқытудың бағыттары, нысандары, әдістері мен мерзімдерін айқындау.

Қазақстан Республикасының заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілері және өндiрiсте кадрларды даярлау, біліктілігін арттыру мәселелері бойынша әдiстемелiк материалдар, ұйымның құрылымы және штаты, оның бейіні, мамандандыру және оның даму келешегі; ұйымның кадрлық саясаты және стратегиясы, кадрларды даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру жоспарларын, оқу жоспарлары мен бағдарламаларын жасау және басқа да оқу-әдістемелік құжаттаманы жасау, қызметкерлерді оқыту процесін ұйымдастыру, оқытудың үдемелі нысаны, әдісі және құралдары; шарттарды жасасу тәртібі, даярлау және біліктілігін арттырудың тиімділігін талдау әдісі, кәсіби бағыт пен кәсіби іріктеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, кадрларды даярлау, біліктілігін арттыру бойынша есептілікті жасау және есепке алуды жүргізу тәртібі, социология және психологияның негiздерi, экономика, өндiрiстi, еңбекті ұйымдастыру және басқару негiздерi; есептеу техникасы, коммуникация және байланыс құралдары, оларды пайдалану ережесі, еңбек заңнамасы, ішкі еңбек тәртібінің ережесі, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау және қауіпсіздік талаптарының ережесі, өрт қауіпсіздігі талаптары.

Қажетті ақпаратты iздестiруде бағдар; қойылған міндеттер жетістігі үшін жауапкершілік, олардың орындалуын бақылау.

Ф 2

Кәсіби білім, біліктілік арттыру, оның ішінде оқыту және тағылымдама бойынша шетелдік курстарды ұйымдастыруға қызметкерлер бағытын ұйымдастыру.

Ф 3

Оқыту нәтижелерінің сапасын және оның тиімділігін талдау.



Оқып жатқан қызметкерлердің қалауын есепке алып біліктілікті арттыру және оқыту әдісі мен нысандарын жетілдіру.

Ф 4

Өндірістік практиканы ұйымдастыру.



Ұйым туралы арнайы ақпараттың шығуын қамтамасыз ету, практикалық оқыту, бағдарламаларды іске асыру, тәлімгерлікті дамыту.

6. «Кадрлар бөлімінің бастығы» еңбек қызметінің түрі (кәсібі)

Шифры

Біліктері мен дағдылары

Білімі

Жеке және кәсіби құзыреттері

Ф 1

Кадрлардың сапалық және сандық құрамы, олардың дамуы және қозғалысы туралы деректер банкін енгізу және қалыптастыру.



Кадрларға ағымдағы және перспективалық қажеттiлiкті және оны қанағаттандыру көздерін анықтау.

Қазақстан Республикасының заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілері және персоналды басқару бойынша әдiстемелiк материалдар, ұйымның құрылымы және штаты, оның бейіні, мамандандыру және оның даму келешегі; ұйымның кадрлық саясаты және стратегиясы, болжамдарды құрастыру тәртiбi; Кадрлық қызметтердiң жұмысында заманауи ақпараттық технологияларды пайдаланудың мүмкiндiгi.

Қажетті ақпаратты iздестiруде бағдар; қойылған тапсырмалар жетістігіне жауапкершілік, олардың орындалуын бақылау.

Ф 2

Біліктілікті, жеке және iскерлік қасиетті бағалау.



Қызметкерлердi игерген кәсібі мен мамандығына сәйкес қабылдауды, жайғастыруды, орналастыруды қамтамасыз ету.

Персоналды бағалау жүйелері мен әдiстерi, кадрлардың кәсiби - бiлiктiлiк құрылымын талдау әдiстерi;



персоналмен жұмыс істеудің отандық және шетелдiк озық тәжiрибесi.

Ф 3

Жеке жоспарлар бойынша ұсынуға кандидаттарды дайындау, басшылар мен мамандарды ротациялық орын ауыстыру, арнайы курстарда оқыту, тиiстi лауазымдарда тағлымдамадан өту.

Социология, психология және еңбектi ұйымдастыру негiздері, профессиографияның негiздері, кәсіби бағдарлау және кәсіби бейімдеу жұмыстарының негіздері, экономика, өндiрiстi ұйымдастыру және басқару негiздерi.

Ф 4

Ұйым қызметкерлерiн аттестаттауды ұйымдастыру, оны әдiстемелiк және ақпараттық қамтамасыз ету.



Аттестациялық комиссия шешiмдерiн жүзеге асыру бойынша iс-шаралар әзiрлеу.



Қайта аттестаттауға жататын мамандардың ортасын айқындау.

Қазақстан Республикасының заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілері және персоналды басқару бойынша әдiстемелiк материалдар.

Ф 5

Қызметкерлердi жұмысқа қабылдауды, ауыстыруды және босатуды уақтылы ресімдеуді ұйымдастыру.



Жеке құрамды ұйымдастыру, есепке алу, қызметкерлердің қазіргі және бұрынғы еңбек қызметі туралы анықтамалар беру.



Қызметкерлердiң еңбек кiтапшаларын және өзге де құжаттарын сақтау және толтыру, кадрлар жөніндегі құжаттаманы жүргізу. Персоналды көтермелеуге және марапаттауға ұсыну үшін материалдардың уақтылы дайындалуын ұйымдастыру.

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы, еңбек кітапшасын сақтау және жүргізу ережесін білу.

«Кадрларды іріктеу және кадрларды даярлау» кәсіби стандартына 5-қосымша

Р/с



Ұйымның атауы

Келісілген күні

1

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі






 

2

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі






 

3

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі






 

4

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі






 

5

Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігі






 

6

Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі






 

7

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі






 

8

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі






 

9

Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі






 

10

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі






 

11

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі






 

12

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі






 

13

Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі






 

14

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі






 

15

Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі






 

16

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі






 

17

Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы






 

18

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы






 

Осы КС ______________________________________________________________

____________________________________________________________ тіркелді

КС тізіліміне енгізілді, тіркеу № _______________________,

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание