• Мое избранное
«Адам ресурстарын дамыту саласында еңбек жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмыстары» кәсіби стандарты
Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2016 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 691 бұйрығына 6-қосымша

  • 1
«Адам ресурстарын дамыту саласында
еңбек жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмыстары» кәсіби стандарты
Стандарт күшін жойды 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 15.12.2015 жылғы № 971 Бұйрығына сәйкес
1. Жалпы ережелер
1. «Адам ресурстарын дамыту саласында еңбек жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмыстары» кәсіби стандарты (бұдан әрі – КС) біліктілік, құзыреттілік деңгейіне, еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын талаптарды айқындайды және ол мыналарға:
1) еңбек нарығының қазіргі кездегі сұранысына жауап беретін біліктілік талаптарын жаңарту үшін кәсіптік қызметтің мазмұнына қойылатын бірыңғай талаптарды әзірлеуге;
2) персоналды басқару саласындағы кең ауқымды міндеттерді шешуге (персоналды уәждендіру және ынталандыру жүйелерін, лауазымдық нұсқаулықтарды, персоналды іріктеу, таңдау және аттестаттау, мансапты жоспарлау жүйелерін әзірлеуге);
3) персоналды кәсіпорындарда оқытудың, кәсіби білім берудің барлық деңгейінде білім беру бағдарламаларын қалыптастыруға, сондай-ақ осы бағдарламаларға оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеуге;
4) кәсіптік даярлыққа бағалау жүргізуге және мамандардың біліктілігіне сәйкестігін растауға арналған.
2. КС негізінде ұйымдардың біліктілік мінездемелері, лауазымдық нұсқаулықтары, үлгілік оқу бағдарламалары, үлгілік оқу жоспарлары, корпоративтік стандарттары әзірленеді. 
3. Осы КС мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) біліктілік – қызметкердің белгілі бір еңбек қызметі түрінің шеңберінде нақты функцияларды сапалы орындауға дайындығы;
2) біліктілік деңгейі – еңбек іс-қимылдарының күрделілігі, стандартты еместігі, жауапкершілігі мен дербестілігі өлшемдеріне қарай сараланатын қызметкерлердің құзыретіне қойылатын талаптар жиынтығы;
3) еңбек функциясы – бизнес-процесс айқындайтын және оларды орындау үшін қажетті құзыреттердің болуын көздейтін еңбек іс-қимылдарының кіріктірілген және салыстырмалы түрде автономды жиынтығын білдіретін еңбек қызметі түрінің құрамдас бөлігі;
4) кәсіби қызмет саласы – ортақ интеграциялық негізі бар (міндеті, объектілері, технологиялары, оның ішінде еңбек құралдары ұқсас немесе жақын) және еңбек функцияларының және оларды орындау үшін құзыреттіліктің ұқсас жиынтығын көздейтін еңбек қызметі саласы түрлерінің жиынтығы;
5) КС – кәсіби қызметтің нақты саласында біліктілік және құзыреттілік деңгейіне, еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын талаптарды айқындайтын стандарт;
6) КС бірлігі – еңбек қызметінің аталған түрі үшін тұтас, аяқталған, салыстырмалы түрде автономды және елеулі болып табылатын нақты еңбек функциясының жан-жақты сипаттамасынан тұратын КС құрылымдық элементі;
7) кәсіп – бұл арнайы дайындық, жұмыс тәжірибесі нәтижесінде туындаған арнайы теориялық білім және практикалық дағдылар кешенін меңгеруді талап ететін еңбек қызметінің түрі;
8) құзыреттілік – еңбек қызметінде білімін, білігі мен тәжірибесін қолдану қабілеті;
9) ұлттық біліктілік шеңбері (бұдан әрі – ҰБШ) – еңбек нарығында танылатын біліктілік деңгейлерін құрылымдық жағынын сипаттау.
2. КС паспорты
4. КС төлқұжаты келесіні анықтайды:
1) экономикалық қызмет түрі (кәсіби қызмет саласы):
Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышы (бұдан әрі – 03-2007 ҚР МС) «12.37 Қоғамдық және гуминитарлық салаларда зерттеулер әзірлеу және сараптамалық әзірлемелер»;
2) экономикалық қызмет түрінің (кәсіби қызмет саласының) негізгі мақсаты: адам ресурстарын дамыту саласында еңбек жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу;
3) еңбек қызметінің түрлері, кәсіптері, біліктілік деңгейлері осы КС 1-қосымшада көрсетілген;
5. КС талаптары осы саладағы мынадай кәсіптерге қатысты:
еңбек қатынастары саласындағы ғылыми құрылымдық бөлімше басшысы (еңбекті ұйымдастыру және өндірісті басқару зертханасының (бюросының) бастығы, еңбек социологиясы зертханасының (бюросының) бастығы, еңбек жөніндегі нормативтік-зерттеу зертханасының бастығы).
3. Еңбек қызметі түрлерінің (кәсібінің) карточкасы
1-параграф «Еңбек қатынастары саласындағы ғылыми құрылымдықбөлімше басшысы»
6. Еңбек қызметі түрінің (кәсібінің) карточкасы мыналардан тұрады:
1) біліктілік деңгейі: ҰБШ – 6;
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кәсіптер сыныптауышы бойынша базалық топ (бұдан әрі – 01-2005 ҚР МС): 1237 – «Ғылыми-техникалық даму бөлімшелерінің (қызметтерінің) басшылары»;
3) лауазымдардың ықтимал атаулары (кәсіп): еңбекті ұйымдастыру және өндірісті басқару зертханасының (бюросының) бастығы, еңбек социологиясы зертханасының (бюросының) бастығы, еңбек жөніндегі нормативтік-зерттеу зертханасының бастығы;
4) орындалатын еңбек қызметінің жалпыланған сипаттамасы:
еңбекті ұйымдастыру, еңбек социологиясы, еңбек нормативтерін ғылыми-зерттеу жұмыстарын көздейді;
5) ықтимал жұмыс орындары, қызметкердің кәсіби біліміне және оқуына талаптар, біліктілігін дәлелдейтін, сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшадағы тарауда «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Еңбек қатынастары саласындағы ғылыми құрылымдық бөлімше басшысының еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» келтірілген.
4. КС бірліктерінің тізімі
7. КС бірліктерінің тізімі осы КС 2-қосымшасында көрсетілген және КС бірліктерінің шифрі мен атауынан тұрады.
5. КС бірліктерінің сипаттамасы
8. КС бірліктерінің сипаттамасы осы КС 4-қосымшасында көрсетілген.
6. Осы КС негізінде берілетін сертификаттардың түрлері
9. Кәсіби даярлықты бағалау және мамандардың біліктілігіне сәйкестігін растау саласындағы ұйымдар осы КС негізінде сертификаттар береді.
10. Осы КС негізінде берілетін сертификаттардың түрлері осы КС 3-қосымшада көзделген сертификатты алу үшін игеру қажет болатын КС бірліктерінің тізбесіне сәйкес айқындалады.
7. КС әзірлеушілері, келісу парағы, сараптамасы және тіркеуі
11. КС әзірлеушісі «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып табылады.
12. КС келісу парағы осы КС 5-қосымшасында көрсетілген.
«Адам ресурстарын дамыту саласында
еңбек жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмыстары»
кәсіби стандартына
1-қосымша
  • 1
Біліктілік деңгейлері бойынша еңбек қызметінің түрлері (кәсібі)

Р/с



Қызмет түрінің атауы

Еңбек нарығының үрдісін ескергендегі кәсіптердің атауы

01-2005 ҚР МС сәйкес кәсіптердің атауы

ҰБШ біліктілік деңгейі

БТБА бойынша разряд

1

Еңбек қатынастары саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары.

Еңбек қатынастары саласындағы ғылыми құрылымдық бөлімше басшысы (еңбекті ұйымдастыру және өндірісті басқару зертханасының (бюросының) бастығы; еңбек социологиясы зертханасының (бюросының) бастығы; еңбек жөніндегі) нормативтік-зерттеу зертханасының бастығы.

Зертхана меңгерушісі (ғылыми-зерттеулер).

6








 

Ескертпе: БТБА - Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы
«Адам ресурстарын дамыту саласында
еңбек жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмыстары»
кәсіби стандартына
2-қосымша
  • 1
1. Ықтимал жұмыс орындары. Еңбек қатынастары саласындағы
ғылыми құрылымдық бөлімше басшысының еңбек жағдайларына,
біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар

Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары. (кәсіпорындар, ұйымдар)

Барлық меншік нысанындағы ұйымдар мен кәсіпорындар.

Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары.

-

Жұмысқа рұқсат берудің ерекше жағдайлары.

-

ҰБШ біліктілік деңгейі

Кәсіби білім беру мен оқыту деңгейі

Талап етілетін жұмыс тәжірибесі

6

Жоғары кәсіптік және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, ғылыми дәреженің бар болуы.

Еңбек қатынастары саласындағы ғылыми қызмет аясында кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі.

«Адам ресурстарын дамыту саласында
еңбек жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмыстары»
кәсіби стандартына
3-қосымша
  • 1
КС бірліктерінің тізбесі
1. «Еңбек қатынастары саласындағы ғылыми құрылымдық бөлімше
басшысы» еңбек қызметінің түрі (кәсібі)

Шифры

Еңбек функциясының атауы (кәсіби стандарт бірліктері)

Ф 1

Кәсіпорында еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу және ұсынымдар әзірлеу.

Ф 2

Еңбек социалогиясы саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу және еңбек саласында әлеуметтік процестер мен құбылыстарды жетілдіру жөнінде ұсынымдар әзірлеу.

Ф 3

Еңбекті нормалау саласында ғылыми-зерттеу және сараптама жұмыстарын жүргізу.

Ф 4

Құрылымдық бөлімшелердің жұмыстарын ұйымдастыру.

«Адам ресурстарын дамыту саласында
еңбек жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмыстары»
кәсіби стандартына
4-қосымша
  • 1
КС бірліктерінің сипаттамасы (функционалдық картасы)
1. «Еңбек қатынастары саласындағы ғылыми құрылымдық бөлімше
басшысы» еңбек қызметінің түрі (кәсібі)

Шифры

Біліктері мен дағдылары

Білімі

Жеке және кәсіби құзыреттері

Ф 1

Өндіріс технологияларын зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру.



Еңбекті ұйымдастыру және өндірісті басқару саласында зерттеулер жүргізу жалпы әдістемелік жұмыстарды орындау.



Еңбек пен өндірісті ұтымды ету жүйесі мен әдістерін әзірлеу.



Өндірісті реконструкциялауға жәрдемдесу



Зертханалық бақылаудың жаңа әдістерін әзірлеу және өндіріске енгізу.



Еңбек қатынастарын ұжымдық шарттық реттеу шеңберінде кәсіпорын қызметкерлерін әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар әзірлеу.



Барлық қызметкердің еңбек шығындарының белгіленген нормаларын игеруі үшін қажетті жағдайлар жасау жөнінде ұсыныстар әзірлеу.



Кәсіпорында еңбек әдістерін ұтымды ету және еңбекті бөлу нысандарын жетілдіру.

Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу әдістері және еңбекті ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралардың экономикалық тиімділігін айқындау әдістері;



еңбекті, өндірісті ұйымдастыру, және басқару деңгейін бағалау әдістері;



ұйымдастыру техникасы, инженерлік және еңбекті басқарудағы механикаландыру құралдары;



еңбек заңнамасы;



ұйымдастырушылық - өкімдік құжаттардың біріздендірілген жүйесінің стандарты;



еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру бағдарламалары мен жоспарларын әзірлеу, еңбекті ұйымдастырудың негізгі бағыттарының мазмұны.

Өз қызметін, оның мақсаттары мен жетістіктерінің тәсілдеріне сүйене отырып ұйымдастыру.



Жұмыс жағдайын талдау, ағымдағы және қорытынды бақылауды жүзеге асыру.



Өз қызметін бағалау және түзету.



Өз жұмысының нәтижелеріне жауапкершілік.



Кәсіби міндеттерді тиімді орындауға қажетті ақпарат көздерін іздеу.



Топпен жұмыс істеу, әріптестермен тиімді қатынаста болу. Проблемаларды талқылау, қорытындыларды дәлелдеу, ақпаратты сауатты қолдану. Жоғары жеке жауапкершілік, тәртіптілік, жұмысқа қабілеттілік қасиеттерінің болуы. Эмоционалдық тұрақтылық.



Басқалардың жұмысына басшылық. Бөлімшелер арасында үйлестіруді жүзеге асыру. Жұмыс нәтижелеріне жауапкершілік.

Ф 2

Еңбек нарығын еңбек ресурстарының қолайлы әрі тиімді ұтқыр реттеушісі ретінде талдау.



Еңбек социалогиясы, психологиясы, физиологиясы салаларын зерттеу, әлеуметтік процесстерді басқару.



Қызметкерлерді қорғайтын әлеуметтік кепілдіктер жүйесінің тиімділігін айқындау.



Еңбек дауларының, жанжалдарының себептерін зерделеу, алдын алу және шешу жөніндегі шаралар жүйесін әзірлеу.



Кәсіпорынның әлеуметтік дамуын басқару жөніндегі отандық және шетелдік тәжірибелерін зерделеу және жинақтау жұмыстарын ұйымдастыру.

Еңбек социологиясы мен психофизиологиясы, психологиялық тестілеу әдістері, әлеуметтік зерттеулер жүргізудің нысандары мен тәсілдері, қоғамдық пікірді зерттеу.



Әлеуметтік бағдарламалардың орындалуын талдау әдістері және олардың экономикалық тиімділігін айқындау.



Әлеуметтік нормативтер, инженерлік және әлеуметтік психология.



Әлеуметтік процесстерді басқарудың отандық және шетелдік озық тәжірибе.

Ф 3

Қызметкерлердің біліктілігіне сәйкес қолданыстағы еңбек нормасын әзірлеу, жаңасын енгізу, ауыстыру және қайта қарау.



Аттестация өткізу және жұмыс орындарын тиімді ету шаралары негізінде еңбек нормаларын ауыстыру, еңбектің өнімділігін өсіруді қамтамасыз ететін жаңа техниканы, технологиялар мен ұйымдастыру-техникалық іс-шараларын енгізу.



Ұқсас ұйымдастыру-техникалық жағдайларында орындалатын бірдей жұмыстарға бірдей еңбек нормаларын белгілеу.



Әзірлеушілермен бірге кәсіпорындағы еңбек нормаларын қарау және келісу жұмыстарына қатысу.



Еңбекті нормалау және персонал санына есептеу процессін жетілдіру бойынша зерттеулер жүргізу.



Еңбекті нормалаудың микроэлементтік әдістері мен жүйесін қолдану жөнінде ұсыныстар дайындау.



Еңбекті нормалау және еңбекақы төлеудің өзара байланысын белгілеу.



Еңбекті нормалау жүйесін жетілдіру жөнінде ұсынымдар әзірлеу.

Еңбек нормаларын ұсыну, қарау және келісу тәртібі;



жұмысшылардың еңбегін нормалау үшін нормалар мен нормативтерді бекіту жөніндегі әдістемелік ұсынымдар;



еңбек нормасын тексеру, аттестаттау, қайта қарау және ауыстыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар;



экономика және еңбекті ұйымдастыру, өндіріс және басқару, өндіріс технологиясының негіздері;



еңбекті нормалау әдістері, еңбек жөніндегі нормативтер әзірлеу тәртібі, өндірістің осы іспеттес түрлерінде қол жеткізген еңбек көрсеткіштері;



жұмыс уақытының шығындарын зерттеу әдістері; хронометраж және оның түрлері;



жұмысшылардың еңбек нормаларын есептеу тәртібі;



қызметкерлердің еңбек нормаларын функциялар матрицаларының негізінде есептеудің әдістемелік негіздері.

Ф 4

Зертхана (бюро) жұмысын оңтайлы ұйымдастыру жөнінде жоспар әзірлеу.



Зертхана қызметкерлерінің жұмысын үйлестіру.



Шығындарды қысқарту үшін жұмыс уақытын ұтымды пайдалану.



Зертхана жабдықтары мен қызметкерлердің жұмыс орындарының жағдайын бақылау.



Қызметкерлерді аттестаттау және сертификаттау жолымен еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру жоспарын әзірлеу.



Нормативтік-әдістемелік және ақпараттық база құру.



Құрылымдық бөлімшенің еңбегін жаңғырту үшін жаңа технологиялар енгізу және қолдану.



Нормативтік-зерттеу жұмыстарының жобасын, еңбек жоспарларын, өндірістің тиімділігін арттыру үшін ұйымдастыру-техникалық іс-шараларды даярлауға қатысу.



Еңбек өнімділігін арттыру резервтерін іздеу.



Ақпаратты қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды қолдана отырып өңдеу.



Зерттеу, сынау, тәжірибе тиімділігі туралы ұсыныс әзірлеу.



Өндірістің тиімділігін арттыру үшін еңбек шығындарын қайта қарау мақсатында өндіріс технологиясымен танысу жұмыстарын ұйымдастыру.



Құжаттама және есеп жүргізу.



Ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша құжаттама мен есептерді жасауға арналған ұсынымдар даярлау.



Еңбек саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары шеңберінде техникалық есептер жасау.

Еңбек қатынастары жөніндегі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасы мен өзге де нормативтік-құқықтық актілері;



еңбекті ұйымдастыру және өндірісті басқару жөніндегі әдістемелік және нормативтік-техникалық материалдар;



ұйымның мақсаты мен стратегиясы, өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастыру және экономика, ұйымның құрылымы мен штат кестесі;



ішкі еңбек тәртібінің, өндірістік санитария қағидалары;



еңбекақы төлеу, материалдық және моралдық ынталандыру нысандары мен жүйелері;



әлеуметтік процесстерді басқарудың отандық және шетелдік озық тәжірибелері;



экономиканы, өндірісті, еңбекті және басқару негіздері;



нормативтік-зерттеу жұмысын жоспарлау, нормаларды қайта қарау, еңбек өнімділігін арттыру бойынша ұйымдастыру-техникалық іс-шараларды әзірлеу тәртібі;



өндірісті ұйымдастыруды жақсарту және оның экономикалық тиімділігін айқындау;



техникалық құжаттама жүргізу әдістері;



өндіріс технологиясының негіздері, социология, психология және еңбек физиологиясының негіздері;



қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау талаптары;



өрт қауіпсіздігі ережесі.








 

«Адам ресурстарын дамыту саласында
еңбек жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмыстары»
кәсіби стандартына
5-қосымша
  • 1
Келісу парағы

Р/с



Ұйымның атауы

Келісілген күні

1

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі






 

2

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі






 

3

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі






 

4

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі






 

5

Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігі






 

6

Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі






 

7

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі






 

8

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі






 

9

Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі






 

10

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі






 

11

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі






 

12

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі






 

13

Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі






 

14

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі






 

15

Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі






 

16

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі






 

17

Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы






 

18

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы






 

  Осы КС ______________________________________________________________
____________________________________________________________ тіркелді
КС тізіліміне енгізілді, тіркеу № _______________________,
Хат (хаттама) № ___________       Күні ___________________