1. «Аударма ісі» кәсіби стандарты (бұдан әрі – КС) біліктілік, құзыреттілік деңгейіне, еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын талаптарды айқындайды және ол мыналарға:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 691 бұйрығына 7-қосымша
«Аударма ісі» кәсіби стандарты
Стандарт күшін жойды 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 15.12.2015 жылғы № 971 Бұйрығына сәйкес
1. Жалпы ережелер
1. «Аударма ісі» кәсіби стандарты (бұдан әрі – КС) біліктілік, құзыреттілік деңгейіне, еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын талаптарды айқындайды және ол мыналарға:
1) еңбек нарығының қазіргі кездегі сұранысына жауап беретін біліктілік талаптарын жаңарту үшін кәсіптік қызметтің мазмұнына қойылатын бірыңғай талаптарды әзірлеуге;
2) персоналды басқару саласындағы кең ауқымды міндеттерді шешуге (персоналды уәждендіру және ынталандыру жүйелерін, лауазымдық нұсқаулықтарды; персоналды іріктеу, таңдау және аттестаттау, мансапты жоспарлау жүйелерін әзірлеуге);
3) персоналды кәсіпорындарда оқытудың, кәсіби білім берудің барлық деңгейінде білім беру бағдарламаларын қалыптастыруға, сондай-ақ осы бағдарламаларға оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеуге;
4) кәсіптік даярлыққа бағалау жүргізуге және мамандардың біліктілігіне сәйкестігін растауға арналған.
2. КС негізінде ұйымдардың біліктілік мінездемелері, лауазымдық нұсқаулықтары, үлгілік оқу бағдарламалары, үлгілік оқу жоспарлары, корпоративтік стандарттары әзірленеді.
3. Осы КС мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) біліктілік – қызметкердің белгілі бір еңбек қызметі түрінің шеңберінде нақты функцияларды сапалы орындауға дайындығы;
2) біліктілік деңгейі – еңбек іс-қимылдарының күрделілігі, стандартты еместігі, жауапкершілігі мен дербестілігі өлшемдеріне қарай сараланатын қызметкерлердің құзыретіне қойылатын талаптар жиынтығы;
3) еңбек функциясы – бизнес-процесс айқындайтын және оларды орындау үшін қажетті құзыреттердің болуын көздейтін еңбек іс-қимылдарының кіріктірілген және салыстырмалы түрде автономды жиынтығын білдіретін еңбек қызметі түрінің құрамдас бөлігі;
4) кәсіби қызмет саласы – ортақ интеграциялық негізі бар (міндетті, объектілері, технологиялары, оның ішінде еңбек құралдары ұқсас немесе жақын) және еңбек функцияларының және оларды орындау үшін құзыреттіліктің ұқсас жиынтығын көздейтін еңбек қызметі саласы түрлерінің жиынтығы;
5) КС – кәсіби қызметтің нақты саласында біліктілік және құзыреттілік деңгейіне, еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын талаптарды айқындайтын стандарт;
6) КС бірлігі – еңбек қызметінің аталған түрі үшін тұтас, аяқталған, салыстырмалы түрде автономды және елеулі болып табылатын нақты еңбек функциясының жан-жақты сипаттамасынан тұратын КС құрылымдық элементі;
7) кәсіп – бұл арнайы дайындық, жұмыс тәжірибесі нәтижесінде туындаған арнайы теориялық білім және практикалық дағдылар кешенін меңгеруді талап ететін еңбек қызметінің түрі;
8) құзыреттілік – еңбек қызметінде білімін, білігі мен тәжірибесін қолдану қабілеті;
9) ұлттық біліктілік шеңбері (бұдан әрі – ҰБШ) – еңбек нарығында танылатын біліктілік деңгейлерін құрылымдық жағынан сипаттау.
2. КС паспорты
4. КС төлқұжаты келесіні анықтайды:
1) экономикалық қызмет түрі (кәсіби қызмет саласы):
Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышы (бұдан әрі – 03-2007 ҚР МС): «74.30 Аударма (ауызша және жазбаша) ісі»;
2) экономикалық қызмет түрінің (кәсіби қызмет саласының) негізгі мақсаты: мәтіннің ауызша және жазбаша аудармасын қамтамасыз ету, сөздің дактилологиялық және ілеспе аудармасы;
5. КС талаптары осы саладағы мынадай кәсіптерге қатысты:
аудармашы;
аудармашы-дактилолог;
ілеспе аудармашы;
3. Еңбек қызметі түрлерінің (кәсібінің) карточкасы
1-параграф «Аудармашы»
6. Еңбек қызметі түрінің (кәсібінің) карточкасы мыналардан тұрады:
1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 4-5;
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кәсіптер сыныптауышы бойынша базалық топ (бұдан әрі – 01-2005 ҚР МС): 2444 – «Филологтар және аудармашылар»;
3) лауазымдардың ықтимал атаулары (кәсіп): гид-аудармашы; аудармашы;
4) орындалатын еңбек қызметінің жалпыланған сипаттамасы:
ауызекі және жазба мәтінің аудармасына мән береді.
5) ықтимал жұмыс орындары, қызметкердің кәсіби біліміне және оқуына талаптар, біліктілігін дәлелдейтін, сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшадағы тарауда «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Аудармашының еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» келтірілген.
2-параграф « Аудармашы-дактилолог»
7. Еңбек қызметі түрінің (кәсібінің) карточкасы мыналардан тұрады:
1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 5;
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кәсіптер сыныптауышы бойынша базалық топ (бұдан әрі – 01-2005 ҚР МС): 2444 – «Филологтар және аудармашылар»»;
3) лауазымдардың ықтимал атаулары (кәсіп): аудармашы-дактилолог;
4) орындалатын еңбек қызметінің жалпыланған сипаттамасы:
еститін және естімейтін азаматтар арасында делдалдық сурдо-аударманы және мылқауларымының кері аудармасын көздейді;
5) ықтимал жұмыс орындары, қызметкердің кәсіби біліміне және оқуына талаптар, біліктілігін дәлелдейтін, сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшадағы тарауда «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Аудармашы-дактилологтың еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» келтірілген» келтірілген.
3-параграф «Ілеспе аудармашы»
8. Еңбек қызметі түрінің (кәсібінің) карточкасы мыналардан тұрады:
1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 5;
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кәсіптер сыныптауышы бойынша базалық топ (бұдан әрі – 01-2005 ҚР МС): 2444 – «Филологтар және аудармашылар»;
3) лауазымдардың ықтимал атаулары (кәсіп): ілеспе аудармашы;
4) орындалатын еңбек қызметінің жалпыланған сипаттамасы:
ілеспе (арнайы жабдықты қолданумен немесе сөзді сымсыз беру негізінде) және ретті аударманы қарастырады;
5) ықтимал жұмыс орындары, қызметкердің кәсіби біліміне және оқуына талаптар, біліктілігін дәлелдейтін, сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшадағы тарауда «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Ілеспе аудармашының еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» келтірілген» келтірілген.
4. КС бірліктерінің тізімі
9. КС бірліктерінің тізімі осы КС 2-қосымшасында көрсетілген және КС бірліктерінің шрифті мен атауынан тұрады.
5. КС бірліктерінің сипаттамасы
6. Осы КС негізінде берілетін сертификаттардың түрлері
11. Кәсіби даярлықты бағалау және мамандардың біліктілігіне сәйкестігін растау саласындағы ұйымдар осы КС негізінде сертификаттар береді.
12. Осы КС негізінде берілетін сертификаттардың түрлері осы КС 3-қосымшада көзделген сертификатты алу үшін игеру қажет болатын КС бірліктерінің тізбесіне сәйкес айқындалады.
7. КС әзірлеушілері, келісу парағы, сараптамасы және тіркеуі
13. КС әзірлеушісі «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып табылады.
«Аударма ісі» кәсіби стандартына 1-қосымша
Біліктілік деңгейлері бойынша еңбек қызметінің түрлері (кәсібі)
Р/с |
Қызмет түрінің атауы |
Еңбек нарығының үрдісін ескергендегі кәсіптердің атауы |
01-2005 ҚР МС сәйкес кәсіптердің атауы |
ҰБШ біліктілік деңгейі |
БТБА бойынша разряд |
1 |
Мәтіннің ауызша және жазбаша аудармасы, дактилологиялық және ілеспе аударма. |
Аудармашы |
Аудармашы |
4-5 |
- |
2 |
Аудармашы-дактилолог |
Аудармашы-дактилолог (сурдоаудармашы) |
5 |
- |
|
3 |
Ілеспе аудармашы |
Аудармашы |
5 |
- |
Ескертпе: БТБА - Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы
«Аударма ісі» кәсіби стандартына 2-қосымша
1. Ықтимал жұмыс орындары. Аудармашының еңбек жағдайларына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар
Кәсіби бойынша ықтимал жұмыс орындары. (кәсіпорындар, ұйымдар) |
Барлық меншік нысанындағы ұйымдар мен кәсіпорындар. |
||
Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары. |
- |
||
Жұмысқа рұқсат берудің ерекше жағдайлары. |
- |
||
ҰБШ біліктілік деңгейі. |
Кәсіби білім беру мен оқыту деңгейі. |
Талап етілетін жұмыс тәжірибесі. |
|
4 |
Тиісті мамандық бойынша техникалық және кәсіби білім. |
Талап етілмейді. |
|
5 (Санаты жоқ) |
Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім. |
Талап етілмейді. |
|
5 (ІІ-санаттағы) |
Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім. |
Санаты жоқ аудармашы лауазымында жұмыс тәжірибесі кемінде 3 жыл. |
|
5 (І-санаттағы) |
Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім. |
ІІ санаттағы аудармашы лауазымында жұмыс тәжірибесі кемінде 2 жыл. |
2. Ықтимал жұмыс орындары. Аудармашы-дактилологтың еңбек жағдайларына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар
Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары. (кәсіпорындар, ұйымдар) |
Барлық меншік нысанындағы ұйымдар мен кәсіпорындар. |
||
Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары. |
- |
||
Жұмысқа рұқсат берудің ерекше жағдайлары. |
- |
||
ҰБШ біліктілік деңгейі |
Кәсіби білім беру мен оқыту деңгейі |
Талап етілетін жұмыс тәжірибесі |
|
5 (Санаты жоқ) |
Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) білім. |
Жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды. |
|
5 (ІІ-санаттағы) |
Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) білім. |
Санаты жоқ аудармашы-дактилолог лауазымында жұмыс тәжірибесі кемінде 3 жыл. |
|
5 (І-санаттағы) |
Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) білім. |
ІІ-санаттағы аудармашы-дактилолог лауазымында жұмыс тәжірибесі кемінде 2 жыл. |
3. Ықтимал жұмыс орындары. Ілеспе аудармашының еңбек жағдайларына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар
Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары (кәсіпорындар, ұйымдар) |
Барлық меншік нысанындағы ұйымдар мен кәсіпорындар |
||
Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары |
- |
||
Жұмысқа рұқсат берудің ерекше жағдайлары |
- |
||
ҰБШ біліктілік деңгейі |
Кәсіби білім беру мен оқыту деңгейі |
Талап етілетін жұмыс тәжірибесі |
|
5 (Санаты жоқ) |
Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) білім. |
Жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды. |
|
5 (ІІ-санаттағы) |
Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) білім. |
Санаты жоқ ілеспе аудармашы лауазымында жұмыс тәжірибесі кемінде 3 жыл. |
|
5 (І-санаттағы) |
Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) білім. |
ІІ-санаттағы ілеспе аудармашы лауазымында жұмыс тәжірибесі кемінде 2 жыл. |
«Аударма ісі» кәсіби стандартына 3-қосымша
КС бірліктерінің тізбесі
1. «Аудармашы» еңбек қызметінің түрі (кәсібі)
Шифр |
Еңбек функциясының атауы (кәсіби стандарт бірліктері) |
Ф 1 |
Мәтіннің ауызша және жазбаша аудармасы. |
Ф 2 |
Аудармаларды редакциялау. |
Ф 3 |
Тәжірибе алмасу бойынша шетелдiк ұйымдармен жұмыс. |
Ескертпе: Ф - функция
2. «Аудармашы-дактилолог» еңбек қызметінің түрі (кәсібі)
Шифр |
Еңбек функциясының атауы (кәсіби стандарт бірліктері) |
Ф 1 |
Ұйымның саңырау қызметкерлері үшін ауызша сөздің аудармасы және мылқаулар ымының кері аудармасы. |
Ф 2 |
Саңырау оқушылар үшін оқу-білім беру ұйымдарында түзету-білім беру жұмысы. |
Ф 3 |
Өндiрiстiк учаскелердегі естімейтін қызметкерлердiң еңбегін ұйымдастыруға қатысу. |
Ф 4 |
Тифло-сурдоаударма (көрмейтiн және естімейтін мүгедектердің қарым-қатынасы үшін). |
3. «Ілеспе аудармашы» еңбек қызметінің түрі (кәсібі)
Шифр |
Еңбек функциясының атауы (кәсіби стандарт бірліктері) |
Ф 1 |
Ілеспе аударма. |
Ф 2 |
Ретті аударма. |
Ф 3 |
Аудармаларды редакциялау және халықаралық іс-шаралар бойынша есептілікті жасауда жәрдемдесу. |
«Аударма ісі» кәсіби стандартына 4-қосымша
КС бірліктерінің сипаттамасы (функционалдық картасы)
1. «Аудармашы» еңбек қызметінің түрі (кәсібі)
Шифр |
Біліктері мен дағдылары |
Білімі |
Жеке және кәсіби құзыреттері |
Ф 1 |
Ауызша, жазбаша мәтінді аудару. |
Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасы ішкі еңбек тәртібінің ережесі, еңбекті қорғау нормасының ережесі. |
Iргелi ғылыми және кәсіби дайындық. |
Ф 2 |
Аудармаға қажетті әдебиетті дайындау. |
Қазақстан Республикасының саяси және әлеуметтік-экономикалық даму негіздері; |
|
Ф 3 |
Шетелдік дерекнамалар бойынша тақырыптық шолулары, түсiнiктемелер мен рефераттарды құрастыру. |
Әртүрлі тіл мәдениеті өкiлдерiнiң жеке тұлғалар арасындағы байланыстарының ерекшелігі; |
2. «Аудармашы-дактилолог» еңбек қызметінің түрі (кәсібі)
Шифр |
Біліктері мен дағдылары |
Білімі |
Жеке және кәсіби құзыреттері |
Ф 1 |
Саңырау қызметкерлердің ыммен сөйлеуін ауызша сөзге (дактилология) аудару. |
Есту қабілеті бұзылған қызметкерлерге қызмет көрсету, білім алу және жұмысқа орналастыру тәртібін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және басқа да нормативтік құқықтық актілері; |
Өз жұмысының нәтижелеріне жауапкершiлiк. Еститін және естімейтін азаматтар арасында делдалдық сурдоаудармаға жауапкершілік. |
Ф 2 |
Есту кемшіліктері бар адамдар арасында мәдени-тынығу және әлеуметтік-оңалту жұмыстарын ұйымдастыру. |
Есту қабілетінің бұзылуы бар оқушыларды оңалтудың әлеуметтік психологиялық, медициналық және техникалық аспектiлерi; |
|
Ф 3 |
Нашар еститін және саңырау қызметкерлерді еңбектiң қауiпсiз әдiстерiне үйрету, нашар еститіндерге (мылқауларға) өндiрiстiк міндеттерді түсіндіру; |
Есту қабілетінің бұзылуы бар азаматтар істейтін ұйымның құрылымындағы ерекшеліктер мен бейін; |
|
Ф 4 |
Қарым-қатынасты жеңiлдететiн әдістер мен тәсілдерді (Брайль әдісі бойынша соқырлардың дактильді-ым тілі) қолдану. |
Дефектологикалық ғылымның өте жаңа әдiстерi; брайль әдісі бойынша соқырлардың дактильді-ым тілі; әлеуметтік психология негiздерi; |
3. «Ілеспе аудармашы» еңбек қызметінің түрі (кәсібі)
Шифр |
Біліктері мен дағдылары |
Білімі |
Жеке және кәсіби құзыреттері |
Ф 1 |
Мағынасын бұрмаламай бір тілден екінші тілге сөз сөйлеушімен бірге әдебиеттер мен мәтіндердің (ғылыми, техникалық, қоғамдық-саяси, экономикалық, заң, публицистикалық, көркем, әскери, iскер, әңгіме - тұрмыстық және т.б.) ілеспе аудармасын жүзеге асыру; |
Аударылатын тақырыптардың мәселелерінде құзырлы болу; |
Кәсіби - мәнді міндеттер мен проблемаларды кейін шешу үшін түсетін ақпаратты талдамалы - мағыналы бағалау - сыни өңдеу. |
Ф 2 |
Аударылатын мәтiндердiң лексикалық, стилистикалық және мағыналық мазмұнына сәйкес дәл аударманы жеткізе ретті аудармасын (бұл кезде баяндамашы кідіріс жасайды) жүзеге асыру. |
Аударма стратегиясы; |
|
Ф 3 |
Аударылатын мәтiндердiң қажетті редакциялауын жүзеге асыру. |
Замануи инновациялық және ақпараттық-телекоммуникациялық технологиялар; |
«Аударма ісі» кәсіби стандартына 5-қосымша
Келісу парағы
Р/с |
Ұйымның атауы |
Келісілген күні |
1 |
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі |
|
2 |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі |
|
3 |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі |
|
4 |
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі |
|
5 |
Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігі |
|
6 |
Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі |
|
7 |
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі |
|
8 |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі |
|
9 |
Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі |
|
10 |
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі |
|
11 |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі |
|
12 |
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі |
|
13 |
Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі |
|
14 |
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі |
|
15 |
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі |
|
16 |
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі |
|
17 |
Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы |
|
18 |
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы |
|
Осы КС ______________________________________________________________
____________________________________________________________ тіркелді
КС тізіліміне енгізілді, тіркеу № _______________________,
Хат (хаттама) № ___________ Күні __________________
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |