Bestprofi Logo

Стандарт № 691 от 2013-12-31г./Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

«Кадрларды әлеуметтік-психологиялық қолдау» кәсіби стандарты

Отправить на почту


Языки документа

Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2016 г.

Документ на казахском языке

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 691 бұйрығына 8-қосымша

«Кадрларды әлеуметтік-психологиялық қолдау» кәсіби стандарты

Стандарт күшін жойды 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 15.12.2015 жылғы № 971 Бұйрығына сәйкес

1. «Кадрларды әлеуметтік-психологиялық қолдау» кәсіби стандарты (бұдан әрі – КС) біліктілік, құзыреттілік деңгейіне, еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын талаптарды айқындайды және ол мыналарға:

1) еңбек нарығының қазіргі кездегі сұранысына жауап беретін біліктілік талаптарын жаңарту үшін кәсіптік қызметтің мазмұнына қойылатын бірыңғай талаптарды әзірлеуге;

2) персоналды басқару саласындағы кең ауқымды міндеттерді шешуге (персоналды уәждендіру және ынталандыру жүйелерін, лауазымдық нұсқаулықтарды; персоналды іріктеу, таңдау және аттестаттау, мансапты жоспарлау жүйелерін әзірлеуге);

3) персоналды кәсіпорындарда оқытудың, кәсіби білім берудің барлық деңгейінде білім беру бағдарламаларын қалыптастыруға, сондай-ақ осы бағдарламаларға оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеуге;

4) кәсіптік даярлыққа бағалау жүргізуге және мамандардың біліктілігіне сәйкестігін растауға арналған.

2. КС негізінде ұйымдардың біліктілік мінездемелері, лауазымдық нұсқаулықтары, үлгілік оқу бағдарламалары, үлгілік оқу жоспарлары, корпоративтік стандарттары әзірленеді.

3. Осы КС мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:

1) біліктілік – қызметкердің белгілі бір еңбек қызметі түрінің шеңберінде нақты функцияларды сапалы орындауға дайындығы;

2) біліктілік деңгейі – еңбек іс-қимылдарының күрделілігі, стандартты еместігі, жауапкершілігі мен дербестілігі өлшемдеріне қарай сараланатын қызметкерлердің құзыретіне қойылатын талаптар жиынтығы;

3) еңбек функциясы – бизнес-процесс айқындайтын және оларды орындау үшін қажетті құзыреттердің болуын көздейтін еңбек іс-қимылдарының кіріктірілген және салыстырмалы түрде автономды жиынтығын білдіретін еңбек қызметі түрінің құрамдас бөлігі;

4) кәсіби қызмет саласы – ортақ интеграциялық негізі бар (міндетті, объектілері, технологиялары, оның ішінде еңбек құралдары ұқсас немесе жақын) және еңбек функцияларының және оларды орындау үшін құзыреттіліктің ұқсас жиынтығын көздейтін еңбек қызметі саласы түрлерінің жиынтығы;

5) КС – кәсіби қызметтің нақты саласында біліктілік және құзыреттілік деңгейіне, еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын талаптарды айқындайтын стандарт;

6) КС бірлігі – еңбек қызметінің аталған түрі үшін тұтас, аяқталған, салыстырмалы түрде автономды және елеулі болып табылатын нақты еңбек функциясының жан-жақты сипаттамасынан тұратын КС құрылымдық элементі;

7) кәсіп – бұл арнайы дайындық, жұмыс тәжірибесі нәтижесінде туындаған арнайы теориялық білім және практикалық дағдылар кешенін меңгеруді талап ететін еңбек қызметінің түрі;

8) құзыреттілік – еңбек қызметінде білімін, білігі мен тәжірибесін қолдану қабілеті;

9) ұлттық біліктілік шеңбері (бұдан әрі – ҰБШ) – еңбек нарығында танылатын біліктілік деңгейлерін құрылымдық жағынан сипаттау.

1) экономикалық қызмет түрі (кәсіби қызмет саласы):

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышы (бұдан әрі – 03-2007 ҚР МС): «86.90 Денсаулық сақтау бойынша басқа да қызмет»;

2) экономикалық қызмет түрінің (кәсіби қызмет саласының) негізгі мақсаты: кадрларды әлеуметтік-психологиялық қолдау;

3) еңбек қызметінің түрлері, кәсіптері, біліктілік деңгейлері осы КС 1-қосымшада көрсетілген;

5. КС талаптары осы саладағы мынадай кәсіптерге қатысты:

нұсқаушы-дактилолог (есту кабинетінің нұсқаушысы),

3. Еңбек қызметі түрлерінің (кәсібінің) карточкасы

1-параграф «Нұсқаушы-дактилолог (есту кабинетінің нұсқаушысы)»

6. Еңбек қызметі түрінің (кәсібінің) карточкасы мыналардан тұрады:

2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кәсіптер сыныптауышы бойынша базалық топ (бұдан әрі – 01-2005 ҚР МС): 2340 – «Арнайы білім беру жүйесіндегі оқытушылары»;

3) лауазымдардың ықтимал атаулары (кәсіп): дактилолог-аудармашы (сурдоаудармашы);

4) орындалатын еңбек қызметінің жалпыланған сипаттамасы:

есту қабілетін жоғалтқан (саңырау, мылқау және құлақ мүкістігі бар) адамдарды кәсіпорында жұмысшылар мен қызметшілер ретінде пайдалануды, кәсібін, мамандығы мен біліктілігін, медициналық қорытындысын, медициналық-әлеуметтік сараптаманың ұсынымдарын есепке ала отырып, оларды ұтымды орналастыруды ұйымдастыруды көздейді;

5) ықтимал жұмыс орындары, қызметкердің кәсіби біліміне және оқуына талаптар, біліктілігін дәлелдейтін, сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшадағы тарауда «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Нұсқаушы-дактилологтың еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» келтірілген.

7. Еңбек қызметі түрінің (кәсібінің) карточкасы мыналардан тұрады:

2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кәсіптер сыныптауышы бойынша базалық топ (бұдан әрі – 01-2005 ҚР МС): 2359 – «Басқа топқа кірмеген, оқытушы мамандары»»;

3) лауазымдардың ықтимал атаулары (кәсіп): дене шынықтыру әдіскері;

4) орындалатын еңбек қызметінің жалпыланған сипаттамасы:

жұмыс істейтін адамдардың денсаулығын нығайту, еңбек өнiмдiлiгiн арттыру, олардың белсенді ұзақ өмiр сүруін ұзарту мақсатында жаппай дене шынықтыру-сауықтыру және спорт жұмыстарының ұйымдастырылуын жүргізуді қамтамасыз етеді;

5) ықтимал жұмыс орындары, қызметкердің кәсіби біліміне және оқуына талаптар, біліктілігін дәлелдейтін, сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшадағы тарауда «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Дене шынықтыру әдіскерінің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» келтірілген.

8. Еңбек қызметі түрінің (кәсібінің) карточкасы мыналардан тұрады:

2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кәсіптер сыныптауышы бойынша базалық топ (бұдан әрі – 01-2005 ҚР МС): 2211 – «Биологтер, ботаниктер, зоологтар мен тектес кәсіптер мамандары»;

3) лауазымдардың ықтимал атаулары (кәсіп): физиолог;

4) орындалатын еңбек қызметінің жалпыланған сипаттамасы:

еңбектің оңтайлы физиологиялық жағдайлары мен оның тиімділігін арттыру мақсатында ұйым қызметкерлерінің еңбек қызметінің ерекшеліктерін зерделейді;

5) ықтимал жұмыс орындары, қызметкердің кәсіби біліміне және оқуына талаптар, біліктілігін дәлелдейтін, сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшадағы тарауда «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Физиологтың еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» келтірілген.

9. Еңбек қызметі түрінің (кәсібінің) карточкасы мыналардан тұрады:

2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кәсіптер сыныптауышы бойынша базалық топ (бұдан әрі – 01-2005 ҚР МС): 2442 – «Социологтер мен тектес кәсіптердің мамандары»;

3) лауазымдардың ықтимал атаулары (кәсіп): социолог;

4) орындалатын еңбек қызметінің жалпыланған сипаттамасы:

қызметкерлердің материалдық және рухани қажеттiлiктерiне қанағаттанушылық дәрежесін және олардың еңбегінің өнiмдiлiгiн арттыруға ықпал ететін ұйымдағы едәуір қолайлы әлеуметтік-психологиялық жағдайларды жасауға бағытталған іс-шараларды әзірлеу және енгізу мақсатымен социологиялық зерттеулер жүргізеді;

5) ықтимал жұмыс орындары, қызметкердің кәсіби біліміне және оқуына талаптар, біліктілігін дәлелдейтін, сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшадағы тарауда «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Социологтың еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» келтірілген.

10. Еңбек қызметі түрінің (кәсібінің) карточкасы мыналардан тұрады:

2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кәсіптер сыныптауышы бойынша базалық топ (бұдан әрі – 01-2005 ҚР МС): 2412 – «Кадрлар мен кәсіптік бағдарлау жөніндегі мамандар»;

3) лауазымдардың ықтимал атаулары (кәсіп): кәсіби консультант;

4) орындалатын еңбек қызметінің жалпыланған сипаттамасы:

халықты кәсіби бағдарлау және психологиялық қолдау қызметтін жүзеге асыруды көздейді;

5) ықтимал жұмыс орындары, қызметкердің кәсіби біліміне және оқуына талаптар, біліктілігін дәлелдейтін, сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшадағы тарауда «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Кәсіби консультанттың еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» келтірілген.

11. Еңбек қызметі түрінің (кәсібінің) карточкасы мыналардан тұрады:

2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кәсіптер сыныптауышы бойынша базалық топ (бұдан әрі – 01-2005 ҚР МС): 2445 – «Психологтар»;

3) лауазымдардың ықтимал атаулары (кәсіп): психолог;

4) орындалатын еңбек қызметінің жалпыланған сипаттамасы:

ұйым қызметкерлерінің еңбек жағдайларын жақсарту және жұмыс тиiмдiлiгiн арттыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеу мақсатында, олардың еңбек қызметіне өндірістің психологиялық, экономикалық және ұйымдық факторларының әсерін зерттеуді көздейді;

5) ықтимал жұмыс орындары, қызметкердің кәсіби біліміне және оқуына талаптар, біліктілігін дәлелдейтін, сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшадағы тарауда «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Психологтың еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» келтірілген.

12. КС бірліктерінің тізімі осы КС 2-қосымшадағы көрсетілген және КС бірліктерінің шрифті мен атауынан тұрады.

13. КС бірліктерінің сипаттамасы осы КС 4-қосымшасында көрсетілген.

6. Осы КС негізінде берілетін сертификаттардың түрлері

14. Кәсіби даярлықты бағалау және мамандардың біліктілігіне сәйкестігін растау саласындағы ұйымдар осы КС негізінде сертификаттар береді.

15. Осы КС негізінде берілетін сертификаттардың түрлері осы КС 3-қосымшада көзделген сертификатты алу үшін игеру қажет болатын КС бірліктерінің тізбесіне сәйкес айқындалады.

7. КС әзірлеушілері, келісу парағы, сараптамасы және тіркеуі

16. КС әзірлеушісі «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып табылады.

«Кадрларды әлеуметтік-психологиялық қолдау» кәсіби стандартына 1-қосымша

Біліктілік деңгейлері бойынша еңбек қызметінің түрлері (кәсібі)

Р/с



Қызмет түрінің атауы

Еңбек нарығының үрдісін ескергендегі кәсіптердің атауы

01-2005 ҚР МС сәйкес кәсіптердің атауы

ҰБШ біліктілік деңгейі

БТБА бойынша разряд

1

Кадрларды әлеуметтік-психологиялық қолдау

Нұсқаушы - дактилолог (есту кабинетінің нұсқаушысы)

Нұсқаушы - дактилолог (есту кабинетінің нұсқаушысы)

5

-

2

Дене шынықтыру әдіскері

Дене шынықтыру әдіскері

5

-

3

Физиолог

Физиолог

5

-

4

Социолог

Социолог

5

-

5

Кәсіби консультант

Кәсіби консультант

5

-

6

Психолог

Психолог

5

-

Ескертпе: БТБА - Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы

«Кадрларды әлеуметтік-психологиялық қолдау» кәсіби стандартына 2-қосымша

1. Ықтимал жұмыс орындары. Нұсқаушы - дактилологтың (есту кабинетінің нұсқаушысы) еңбек жағдайларына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар

Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары (кәсіпорындар, ұйымдар)

Барлық меншік нысанындағы ұйымдар мен кәсіпорындар.

Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары

-

Жұмысқа рұқсат берудің ерекше жағдайлары

-

ҰБШ біліктілік деңгейі

Кәсіби білім беру мен оқыту деңгейі

Талап етілетін жұмыс тәжірибесі

5

Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

2. Ықтимал жұмыс орындары. Дене шынықтыру әдіскерінің еңбек жағдайларына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар

Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары (кәсіпорындар, ұйымдар)

Барлық меншік нысанындағы ұйымдар мен кәсіпорындар.

Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары

-

Жұмысқа рұқсат берудің ерекше жағдайлары

-

ҰБШ біліктілік деңгейі

Кәсіби білім беру мен оқыту деңгейі

Талап етілетін жұмыс тәжірибесі

5

Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

3. Ықтимал жұмыс орындары. Физиологтың еңбек жағдайларына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар

Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары (кәсіпорындар, ұйымдар)

Клиникалық физиология, еңбек, эргономика, кәсіптік іріктеу, кәсіби бағдар физиологиясының зертханалары мен бөлімдері, физиологиялық және медициналық профильді ғылыми-зерттеу мекемелері.

Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары

-

Жұмысқа рұқсат берудің ерекше жағдайлары

-

ҰБШ біліктілік деңгейі

Кәсіби білім беру мен оқыту деңгейі

Талап етілетін жұмыс тәжірибесі

5 (Санаты жоқ)

Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) білім.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

5 (II санат)

Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) білім.

Санаты жоқ физиолог лауазымында жұмыс тәжірибесі кемінде 3 жыл.

5 (I санат)

Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) білім.

II санаттағы физиолог лауазымында жұмыс тәжірибесі кемінде 2 жыл.

4. Ықтимал жұмыс орындары. Социологтың еңбек жағдайларына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар

Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары (кәсіпорындар, ұйымдар)

Талдамалық социологиялық орталықтар, консалтингілік компаниялар, кадр қызметтері, кәсіпорындардың маркетинг бөлімдері, жұртшылықпен байланыстар және жарнамалар.

Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары

-

Жұмысқа рұқсат берудің ерекше жағдайлары

-

ҰБШ біліктілік деңгейі

Кәсіби білім беру мен оқыту деңгейі

Талап етілетін жұмыс тәжірибесі

5 (Санаты жоқ)

Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) білім.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

5 (II санат)

Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) білім.

Санаты жоқ социолог лауазымында жұмыс тәжірибесі кемінде 3 жыл.

5 (I санат)

Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) білім.

II санаттағы социолог лауазымында жұмыс тәжірибесі кемінде 2 жыл.

5. Ықтимал жұмыс орындары. Кәсіби консультанттың еңбек жағдайларына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар

Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары (кәсіпорындар, ұйымдар)

Барлық меншік нысанындағы ұйымдар мен кәсіпорындар.

Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары

-

Жұмысқа рұқсат берудің ерекше жағдайлары

-

ҰБШ біліктілік деңгейі

Кәсіби білім беру мен оқыту деңгейі

Талап етілетін жұмыс тәжірибесі

5

Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) білім.

Мамандық бойынша жұмыс тәжірбиесі кемінде 2 жыл.

6. Ықтимал жұмыс орындары. Психологтың еңбек жағдайларына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар

Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары (кәсіпорындар, ұйымдар)

Мамандырылған психологиялық орталықтар, барлық меншік нысанындағы ұйымдар мен кәсіпорындар.

Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары

-

Жұмысқа рұқсат берудің ерекше жағдайлары

-

ҰБШ біліктілік деңгейі

Кәсіби білім беру мен оқыту деңгейі

Талап етілетін жұмыс тәжірибесі

5 (Санаты жоқ)

Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) білім.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

5 (II санат)

Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) білім.

Санаты жоқ психолог лауазымында жұмыс тәжірибесі кемінде 3 жыл.

5 (I санат)

Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) білім.

II санаттағы психолог лауазымында жұмыс тәжірибесі кемінде 2 жыл.

«Кадрларды әлеуметтік-психологиялық қолдау» кәсіби стандартына 3-қосымша

1. «Нұсқаушы - дактилолог (есту кабинетінің нұсқаушысы)» еңбек қызметінің түрі (кәсібі)

Шифр

Еңбек функциясының атауы (кәсіби стандарт бірліктері)

Ф 1

Есту қабілетінен айрылған адамдарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу.

Ф 2

Есту қабілетінен айрылған адамдардың еңбегін пайдалану мүмкiндiктерін анықтау.

Ф 3

Нұсқаманың кіріспе және басқа да түрлерін жүргізу.

Ф 4

Нашар еститіндердің еңбегін ұйымдастыру бойынша талаптардың сақталуын бақылау.

2. «Дене шынықтыру әдіскері» еңбек қызметінің түрі (кәсібі)

Шифр

Еңбек функциясының атауы (кәсіби стандарт бірліктері)

Ф 1

Дене шынықтыру - сауықтыру жұмысын жүргізу.

Ф 2

Қызметкерлерді сауықтыруда дене шынықтырудың рөлін арттыру.

Ф 3

Қызметкерлердің еңбек қызметінің ерекшеліктерін зерттеу.

Ф 4

Еңбек режимдерін жетілдіру бойынша ұсынымдар жасау.

3. «Физиолог» еңбек қызметінің түрі (кәсібі)

Шифр

Еңбек функциясының атауы (кәсіби стандарт бірліктері)

Ф 1

Қызметкерлердің физиологиялық ерекшеліктерін, олардың еңбек қызметі шеңберінде зерттеу.

Ф 2

Еңбек жағдайларының адам ағзасына әсерін зерделеу.

Ф 3

Қызметкерлердің денсаулығын сақтау үшін жағдайлар жасау.

4. «Социолог» еңбек қызметінің түрі (кәсібі)

Шифр

Еңбек функциясының атауы (кәсіби стандарт бірліктері)

Ф 1

Социологиялық зерттеулер жүргізу.

Ф 2

Әлеуметтік сипаттағы ең өзекті проблемалар мен мәселелерді айқындау.

Ф 3

Ұйымда қолайлы жағдайлар жасау бойынша ұсынымдар мен іс-шараларды енгізу.

5. «Кәсіби консультант» еңбек қызметінің түрі (кәсібі)

Шифр

Еңбек функциясының атауы (кәсіби стандарт бірліктері)

Ф 1

Кәсіби тұрғыдан өзін-өзі бейімдеу мәселелері бойынша кеңес беру.

Ф 2

Кәсіби тұрғыдан өсудің негізгі мақсаттарына қол жеткізу мәселелері бойынша кеңес беру.

Ф 3

Есептілікті жүргізу.

Ф 4

Кәсіптік бағдарлау саласындағы бағдарламаларды әзірлеуге және енгізуге қатысу.

6. «Психолог» еңбек қызметінің түрі (кәсібі)

Шифр

Еңбек функциясының атауы (кәсіби стандарт бірліктері)

Ф 1

Ұйымдағы психологиялық климатты жақсарту жөніндегі іс-шаралар өткізу.

Ф 2

Еңбек ұжымдарын қалыптастыру.

Ф 3

Еңбек қызметінің психологиялық ерекшеліктерін зерттеу.

Ф 4

Кәсіпорын басшылары мен қызметкерлеріне кеңес беру.

Ф 5

Адамның ұйымдық қатынастардағы мінез-құлқын зерттеу.

Ф 6

Жас жұмысшылар мен мамандардың бейімделуіне жәрдемдесу.

«Кадрларды әлеуметтік-психологиялық қолдау» кәсіби стандартына 4-қосымша

КС бірліктерінің сипаттамасы (функционалдық картасы)

1. «Нұсқаушы - дактилолог (есту кабинетінің нұсқаушысы)» еңбек қызметінің түрі (кәсібі)

Шифр

Біліктері мен дағдылары

Білімі

Жеке және кәсіби құзыреттері

Ф 1

Қызметкерлерді есту қабілеті нашар кызметкерлер контингентін пайдаланатын ұйымдарға жұмысқа орналастыру.

Қазақстан Республикасының заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілері; жалпы және кәсіби білімге қатысты әдістемелік және нормативтік техникалық материалдар, есту қабілеті нашар қызметкерлер контингентіне қолданылатын ұйымның өндірістік-шаруашылық қызметі мен қызметкерлерді жұмысқа орналастыру, есту қабілеті нашар қызметкерлерді әлеуметтік қорғау.

Бастамашылық, жоғары нәтижелерге қол жеткізуді бағдарлау;



қарым-қатынасқа бейімділік;



міндетті кезеңдерге бөлу, мерзімдерді болжау, тапсырмалардың орындалуын бақылау білігі;



күйзеліс жағдайлардағы тұрақтылығы;



өз жұмысының нәтижесіне жауаптылық.

Ф 2

Кәсіп, мамандық және біліктілік, медициналық қорытындыны, медициналық әлеуметтік сараптаманың ұсынымдарын ескере отырып есту қабілетінен айрылған адамдарды ұтымды орналастыру.

Ыммен сөйлеу және дактилологиялық аударма әдістері; ұйымның мамандандырылуы; өндіріс технологиясы және шығарылатын өнім мен орындалуын жұмыстардың (қызметтер) номенклатурасы; қолданылатын жабдықтар және оны пайдалану ережесі; дайындалатын өнімге, орындалатын жұмыстарға (қызметтер) қойылатын талаптар.



Есту қабілеті нашар қызметкерлерді қабылдауды, орын ауыстыруды және босатуды ресімдеу ережелері мен тәртібі; оларға демалыс және заңнамада көзделген жеңілдіктерді беру ережесі; еңбекақы төлеу және материалдық ынталандыру жүйелері.

Ф 3

Еңбектің қауіпсіз әдістеріне оқыту және қолданыстағы еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария жөніндегі ңұсқаулықтармен және ережелермен таныстыру.

Оқу-тәрбие жұмысын және қызметкерлерді өндірістік оқытуды ұйымдастыру түрлері мен әдістері; сурдопедагогика, әлеуметтік психологияның негіздері; есту қабілеті нашар қызметкерлерді оңалту әдістері мен құралдары; экономика, еңбекті және өндірісті ұйымдастыру негіздері.

Ф 4

Есту қабілеті нашар қызметкерлерді дұрыс пайдалану, материалдармен және құрал-саймандармен өндірістік тапсырмаларды орындауды қамтамасыз ету.

Өндіріс технологиясы және шығарылатын өнім мен орындалатын жұмыстардың (қызметтер) номенклатурасы; қолданылатын жабдықтар және оны пайдалану ережесі; дайындалатын өнімге, орындалатын жұмыстарға (қызметтер) қойылатын талаптар.



Есту қабілеті нашар персонал контингенті бар отандық және шетелдік озық жұмыс тәжірибесі; еңбек заңнамасы, ішкі еңбек тәртіптемесінің ережесі.

2. «Дене шынықтыру әдіскері» еңбек қызметінің түрі (кәсібі)

Шифр

Біліктері мен дағдылары

Білімі

Жеке және кәсіби құзыреттері

Ф 1

Байқаулар, конкурстар және басқа іс-шараларды өткізу.



Ұйымда мемлекеттік нысанда кешенді бағдарламаларда көзделген дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларын енгізу.

Қазақстан Республикасының заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілер және дене шынықтыру-сауықтыру мәселелері бойынша әдістемелік материалдар, дене шынықтыруды елде және ұйымда дамытудың перспективалары мен бағыттары.

Қарым – қатынасқа бейімділік.



Өз қызметін жоспарлау қабiлеті. Өз жұмысының нәтижесіне жауаптылық.



Жұмыс үшiн мақсаттар мен міндеттерді қоюдағы дербестілік.



Дамуға, жаңа бiлiм алуға бейімділік.

Жаңа технологияны пайдалануға талпынысы және сыннан өткен жұмыстарды ескеру.



Қойылған мақсатқа жету.



Міндетті кезеңдерге бөлу, мерзімдерді болжау, тапсырмалардың орындалуын бақылау білігі.

Ф 2

Салауатты өмір салтын насихаттау жөніндегі шараларды жасау және жүзеге асыру.

Дене шынықтыру - сауықтыру жұмысының отандық және шетелдік озық тәжірибесі;



құжаттарды жүргізу және рәсімдеу тәртібі; белгіленген есептілікті жасау, еңбек заңнамасы; ішкі еңбек тәртіптемесінің ережесі.

Ф 3

Әртүрлі кәсіптер мен лауазымдар қызметкерлерінің психо-физиологиялық факторлардың олардың еңбегіне әсер етуімен байланысты жеке ерекшеліктерін тексеру.

Қызметкерлердің еңбек қызметінің ерекшеліктерін зерттеу әдістемесі;



шығарылатын өнімді дайындау технологиясының негіздері.

Ф 4

Еңбек жағдайлары ескерілген ұсынымдар, жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіруге ықпал ететін жаттығулар кешені.



Ықтимал аурулардың алдын алуға арналған дене шынықтырудың түрлі үлгілері мен әдістерін пайдалану жөніндегі нұсқаулықтар, ұсынымдар және басқа да әдістемелік материалдар.

Еңбек етушілер мен олардың отбасы мүшелері арасындағы дене шынықтыру -сауықтыру жұмысының түрлері мен әдістері;



экономика негіздері; өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастыру; спорт ғимараттарын пайдалану тәртібі, педагогика және психология негіздері.

3. «Физиолог» еңбек қызметінің түрі (кәсібі)

Шифр

Біліктері мен дағдылары

Білімі

Жеке және кәсіби құзыреттері

Ф 1

Әртүрлі кәсіптер мен лауазымдар қызметкерлерінің психо-физиологиялық факторлардың олардың еңбегіне әсер етуімен байланысты жеке ерекшеліктерін тексеру.

Еңбекті ұйымдастыруға және өндірісті басқаруға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері, өндіріс технологиясының негіздері, экономика негіздері, еңбекті басқару және ұйымдастыру, еңбек заңнамасы, ішкі еңбек тәртібінің ережесі.

Қарым – қатынасқа бейімділік.



Өз қызметін жоспарлау қабiлеті. Өз жұмысының нәтижесіне жауаптылық.



Жұмыс үшiн мақсаттар мен міндеттерді қоюдағы дербестілік.

Ф 2

Еңбек шиеленісі мен ауырлығын айқындайтын физиологиялық сипаттамаларды жасау.

Қызметкерлердің еңбек қызметінің физиологиялық ерекшеліктерін зерттеу әдістері, еңбек жағдайларын зерттеу кезінде қолданылатын техникалық құралдар.

Ф 3

Еңбек пен тынығудың ұтымды режимдерін жасау: еңбек пен тынығудың аса ұтымды режимдерін айқындау, жұмыс орындарын ұйымдастыру, бұлшық ет және жүйке энергиясының шығындарын қысқарту, шаршағандықты азайту.



Қызметкерлердің антропометриялық деректеріне сәйкес олардың сақталуына бақылауды жүзеге асыру мақсатында құралдарды және жабдықтауды жаңғырту.

Әртүрлі кәсіптер мен лауазымдар бойынша еңбек қызметінің ерекшеліктерін зерттейтін физиологтар жұмысының отандық және шетелдік озық тәжірибесі;



Еңбек пен тынығу режимдерін құру қағидалары.



Қызметкерлердің еңбек қызметінің физиологиялық ерекшеліктерін зерттеу әдістері, еңбек жағдайларын зерттеу кезінде қолданылатын техникалық құралдар.

4. «Социолог» еңбек қызметінің түрі (кәсібі)

Шифр

Біліктері мен дағдылары

Білімі

Жеке және кәсіби құзыреттері

Ф 1

Зерттеудің міндеттерін айқындау, мақсат қою, зерттеу бағдарламасын жасау.



Алғашқы ақпаратты өңдеу.



Алынған нәтижелерді қорыту, тұжырымдарды айқындау.

Әлеуметтік-психологиялық мәселелерге қатысты Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері; еңбек социологиясы; социологиялық зерттеулер жүргізу әдістері; еңбек психологиясының негіздері; инженерлік және әлеуметтік психология; жалақыны ұйымдастыру түрлері мен жүйелері; өндіріс технологиясының негіздері; экономика, еңбек пен басқаруды ұйымдастыру негіздері; еңбек заңнамасы.

Өз қызметін жоспарлау қабілеті.



Айналадағы жағдайдың өзгерістерін байқау, оларға саналы түрде назар аудармау қабілеті.



Заттарды, процесстерді және құбылыстарды бейнелі түрде қабылдау қабілеті.



Ауызша сипаттау бойынша бейне жасау қабілеті.



Бейнені ауызша сипаттауға аудару қабілеті.



Аналитикалық, стратегиялық, шығармашылық ойлау.

Ф 2

Әлеуметтік сипаттағы өзекті мәселелер мен проблемаларды зерттеу.



Әлеуметтік сипаттағы ең өзекті мәселелер мен проблемаларды шешу жолдарын табу.

Әлеуметтік сипаттағы мәселелерді, проблемаларды айқындау және шешу әдістері.

Ф 3

Қызметкерлердің қанағаттанушылық дәрежесін және олардың еңбек өнімділігін арттыру үшін іс-шаралар жасау және енгізу.

Ұйымда аса қолайлы әлеуметтік-психологиялық жағдайлар жасауға бағытталған іс-шараларды әзірлеу мен енгізу әдістері және тәсілдері, ұйымның әлеуметтік дамуын жоспарлау әдістері, социологтардың отандық және шетелдік озық тәжірибесі.

5. «Кәсіби консультант» еңбек қызметінің түрі (кәсібі)

Шифр

Біліктері мен дағдылары

Білімі

Жеке және кәсіби құзыреттері

Ф 1

Кәсіби мансапты қалыптасутыруға және дамытуға, кәсіп таңдау немесе ауыстыру туралы негізді шешім қабылдауға көмектесу.



Клиенттің психологиялық ерекшеліктерін, оның қажеттіліктерін, мүмкіншіліктерін, жасын, денсаулық жағдайын есекере отырып, кәсіби оқыту бойынша ұсынымдар, еңбек нарығында қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық жағдайларды ескере отырып, даму перспективаларын дайындау.

Халықты кәсіптік бағдарлау және психологиялық қолдау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілер, кәсіби консультант қызметінің этикалық нормалары, тәжiрибелік психологияның негіздері, заманауи психо-диагностиканың әдістері, психо-диагностикалық тексеруді ұйымдастыру ережесі.



Кәсіптік бағдарлау жұмысының отандық және шетелдік озық тәжірибесі, еңбек заңнамасы.



Кәсіптік бағдарлау жұмысын ұйымдастыру түрлері мен әдістері және білім беру процесін кәсіптік бағдарлау арқылы сүйемелдеу ерекшеліктері.



Кәсіптану және профессиография негіздері, кәсіптер мен мамандықтар сыныптауышы, адамға кәсіп қоятын талаптар.

Икемділік, клиенттің жағдайына қарай өзгеру, ыңғайлану қабілеті.



Қарым-қатынасқа бейімділік. Эмоциялық-жігерлі тұрақтылық.



Күйзеліс жағдайларға төзімділік.



Өз жұмысының нәтижесіне жауаптылық.



Жұмыс үшін мақсаттар мен міндеттерді қоюдағы дербестілік.

Ф 2

Кәсіптік, зияткерлік және шығармашылық әлеуетін пайдалану тәсілдері туралы консультация беру, әлеуметтендіруге және кәсіби тұрғыдан қалыптасуға, кәсіби тұрғыдан үздіксіз дамуға, бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және нарықтық қатынас жағдайларындағы еңбек қызметіне әлеуметтік-психологиялық бейімдеуге жәрдемдесу.

Психологиялық қолдау көрсету әдістері; шектес жүйке-психикалық жағдайдың типологиясы мен симптоматикасы; еңбек психологиясы және басқару негіздері; инженерлік және әлеуметтік психология, еңбек физиологиясы, еңбек қызметінің психологиялық ерекшеліктерін зерделеу әдістері, адамды психо-физиологиялық зерттеу.

Ф 3

Есепті мемлекеттік және ведомстволық статистикалық есептілік нысандары бойынша дайындау.

Кәсіптік бағдарлау және халықты психологиялық қолдау саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік және ведомстволық статистикалық есептіліктері.

Ф 4

Кәсіптік бағдарлау және барлық азаматтарды психологиялық қолдау саласындағы жұмыстың тиімді әдістерін жасау және енгізу.

Кәсіби сараланған Республикалық және өңірлік деңгейлерде кадрларға деген қажеттілік; өңірдің әлеуметтік-демографиялық ерекшеліктері.

6. «Психолог» еңбек қызметінің түрі (кәсібі)

Шифр

Біліктері мен дағдылары

Білімі

Жеке және кәсіби құзыреттері

Ф 1

Оңтайлы еңбек процесстерін ұйымдастыруға ықпал ететін, әлеуметтік дамуды басқаруды жетілдірудің нақты бағыттары бойынша іс-шаралар өткізу.



Еңбек пен демалыстың ұтымды режимдерін белгілеу.



Моральдық-психологиялық климатты және еңбек жағдайларын жақсарту.



Адамның жұмысқа қабілетін және оның орындалуын бақылауды арттыру.

Практикалық психология мәселелеріне қатысты Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері, еңбек және басқару психологиясы; инженерлік және әлеуметтік психология.

Икемділік, клиенттің жағдайына қарай өзгеру қабілеті.



Аналитикалық ойлау.



Сұхбаттасушыны мұқият тыңдау және білігі.



Күйзеліс жағдайларға төзімділік.

Ф 2

Психологиялық факторлар мен эргономикалық талаптарды ескере отырып, еңбекті ұйымдастыру жүйелерін жобалау.

Психологтардың отандық және шетелдік озық жұмыс тәжірибесі; өндіріс технологиясының негіздері; экономика, өндірісті, еңбекпен басқаруды ұйымдастыру негіздері; кәсіптік бағдарлау және кәсіптік бейімдеу жұмысының негіздері; еңбек заңнамасы, ішкі еңбек тәртіптемесінің ережесі.

Ф 3

Жұмыс істейтіндерге әсер ететін психологиялық факторларды айқындау.

Қызметкерлердің еңбек қызметінің психологиялық ерекшеліктерін зерттеу әдістері; еңбек жағдайларын зерттеу кезінде қолданылатын техникалық құралдар.

Ф 4

Кадрлар және өндірісті басқарудың әлеуметтік-психологиялық жеке ұжымның әлеуметтік даму жөніндегі еңбек мәселелерімен айналысатын кәсіпорынның басшылары мен қызметкерлеріне кеңес беру.

Психологиялық қолдау көрсету әдістері; шектес жүйке-психикалық жағдайдың типология мен симптоматикасы; еңбек және басқару психологиясының негіздері; инженерлік және әлеуметтік психология; еңбек физиологиясы; еңбек қызметінің психологиялық ерекшеліктерін зерттеу әдістері; кәсіптер мен мамандықтар сыныптауышы; адамға кәсіп бойынша қойылатын талаптар.








 

Ф 5

Ұйымдық қатынастардың әр алуан түрлі және күрделі жүйесінде адамның мінез-құлқының психологиялық тетіктері туралы арнайы ақпаратты жинау.

Қызметкерлердің еңбек қызметінің психологиялық ерекшеліктерін зерттеу әдістері;



еңбек жағдайларын зерттеу кезінде қолданылатын техникалық құралдар.








 

Ф 6

Жас жұмысшылар мен мамандардың және өндірістік кәсіби бейімделуі бойынша шараларды жүзеге асыру.

Еңбек қызметінің психологиялық ерекшеліктерін зерттеу әдістері; кәсіптер мен мамандықтар сыныптауышы; кәсіп бойынша адамға қойылатын қоятын талаптар.








 

«Кадрларды әлеуметтік-психологиялық қолдау» кәсіби стандартына 5-қосымша

Р/с



Ұйымның атауы

Келісілген күні

1

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі






 

2

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі






 

3

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі






 

4

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі






 

5

Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігі






 

6

Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі






 

7

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі






 

8

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі






 

9

Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі






 

10

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі






 

11

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі






 

12

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі






 

13

Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі






 

14

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі






 

15

Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі






 

16

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі






 

17

Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы






 

18

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы






 

Осы КС тіркелді _____________________________________________________

____________________________________________________________ тіркелді

КС тізіліміне енгізілді, тіркеу №___________________,

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание