1. «Еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі қызмет» кәсіби стандарты (бұдан әрі – КС) біліктілік, құзыреттілік деңгейіне, еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын талаптарды айқындайды және ол мыналарға:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 691 бұйрығына 9-қосымша
«Еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі қызмет» кәсіби стандарты
Стандарт күшін жойды 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 15.12.2015 жылғы № 971 Бұйрығына сәйкес
1. Жалпы ережелер
1. «Еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі қызмет» кәсіби стандарты (бұдан әрі – КС) біліктілік, құзыреттілік деңгейіне, еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын талаптарды айқындайды және ол мыналарға:
1) еңбек нарығының қазіргі кездегі сұранысына жауап беретін біліктілік талаптарын жаңарту үшін кәсіптік қызметтің мазмұнына қойылатын бірыңғай талаптарды әзірлеуге;
2) персоналды басқару саласындағы кең ауқымды міндеттерді шешуге (персоналды уәждендіру және ынталандыру жүйелерін, лауазымдық нұсқаулықтарды; персоналды іріктеу, таңдау және аттестаттау, мансапты жоспарлау жүйелерін әзірлеуге);
3) персоналды кәсіпорындарда оқытудың, кәсіби білім берудің барлық деңгейінде білім беру бағдарламаларын қалыптастыруға, сондай-ақ осы бағдарламаларға оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеуге;
4) кәсіптік даярлыққа бағалау жүргізуге және мамандардың біліктілігіне сәйкестігін растауға арналған.
2. КС негізінде ұйымдардың біліктілік мінездемелері, лауазымдық нұсқаулықтары, үлгілік оқу бағдарламалары, үлгілік оқу жоспарлары, корпоративтік стандарттары әзірленеді.
3. Осы КС мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) біліктілік – қызметкердің белгілі бір еңбек қызметі түрінің шеңберінде нақты функцияларды сапалы орындауға дайындығы;
2) біліктілік деңгейі – еңбек іс-қимылдарының күрделілігі, стандартты еместігі, жауапкершілігі мен дербестілігі өлшемдеріне қарай сараланатын қызметкерлердің құзыретіне қойылатын талаптар жиынтығы;
3) еңбек функциясы – бизнес-процесс айқындайтын және оларды орындау үшін қажетті құзыреттердің болуын көздейтін еңбек іс-қимылдарының кіріктірілген және салыстырмалы түрде автономды жиынтығын білдіретін еңбек қызметі түрінің құрамдас бөлігі;
4) кәсіби қызмет саласы – ортақ интеграциялық негізі бар (міндетті, объектілері, технологиялары, оның ішінде еңбек құралдары ұқсас немесе жақын) және еңбек функцияларының және оларды орындау үшін құзыреттіліктің ұқсас жиынтығын көздейтін еңбек қызметі саласы түрлерінің жиынтығы;
5) КС – кәсіби қызметтің нақты саласында біліктілік және құзыреттілік деңгейіне, еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын талаптарды айқындайтын стандарт;
6) КС бірлігі – еңбек қызметінің аталған түрі үшін тұтас, аяқталған, салыстырмалы түрде автономды және елеулі болып табылатын нақты еңбек функциясының жан-жақты сипаттамасынан тұратын КС құрылымдық элементі;
7) кәсіп – бұл арнайы дайындық, жұмыс тәжірибесі нәтижесінде туындаған арнайы теориялық білім және практикалық дағдылар кешенін меңгеруді талап ететін еңбек қызметінің түрі;
8) құзыреттілік – еңбек қызметінде білімін, білігі мен тәжірибесін қолдану қабілеті;
9) ұлттық біліктілік шеңбері (бұдан әрі – ҰБШ) – еңбек нарығында танылатын біліктілік деңгейлерін құрылымдық жағынан сипаттау.
2. КС паспорты
4. КС төлқұжаты келесіні анықтайды:
1) экономикалық қызмет түрі (кәсіби қызмет саласы):
Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышы (бұдан әрі – 03-2007 ҚР МС): «81.10 Еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі қызмет»;
2) экономикалық қызмет түрінің (кәсіби қызмет саласының) негізгі мақсаты: еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету, өндірістік жарақаттану мен кәсіби аурулардың алдын алу;
3) еңбек қызметінің түрлері, кәсіптері, біліктілік деңгейлері осы КС 1-қосымшада көрсетілген;
5. КС талаптары осы саладағы мынадай кәсіптерге қатысты:
қауіпсіздік қызметінің маманы;
қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау жөніндегі инженер;
еңбекті қорғау бөлімшесінің бастығы;
қауіпсіздік қызметінің бастығы;
еңбекті қорғау жөніндегі бас техникалық басқарушы;
3. Еңбек қызметі түрлерінің (кәсібінің) карточкасы
1-параграф «Қауіпсіздік қызметінің маманы»
6. Еңбек қызметі түрінің (кәсібінің) карточкасы мыналардан тұрады:
1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 5;
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кәсіптер сыныптауышы бойынша базалық топ (бұдан әрі – 01-2005 ҚР МС): 5163 – «Азаматтарды және меншікті қорғауды жүзеге асыратын қызметтердің басқа да, алдыңғы топтарда ескерілмеген қызметкерлері»;
3) лауазымдардың ықтимал атаулары (кәсіп): қауіпсіздік бөлімінің маманы;
4) орындалатын еңбек қызметінің жалпыланған сипаттамасы:
ұйымның немесе оның жеке объектілерінің қорғалуын және қауіпсіздігін қамтамасыз етуді көздейді.
5) ықтимал жұмыс орындары, қызметкердің кәсіби біліміне және оқуына талаптар, біліктілігін дәлелдейтін, сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшадағы тарауда «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Қауіпсіздік қызметінің маманының еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» келтірілген» келтірілген.
2-параграф « Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғаужөніндегі инженер»
7. Еңбек қызметі түрінің (кәсібінің) карточкасы мыналардан тұрады:
1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 5;
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кәсіптер сыныптауышы бойынша базалық топ (бұдан әрі – 01-2005 ҚР МС): 2149 – «Сәулетшілер, инженерлер және басқа топтарға кірмеген тектес кәсіптер мамандары»;
3) лауазымдардың ықтимал атаулары (кәсіп): қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау жөніндегі маман;
4) орындалатын еңбек қызметінің жалпыланған сипаттамасы:
қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуді, жұмыс орындарын оңтайландыру бойынша ұсынымдарды әзірлеуді көздейді;
5) ықтимал жұмыс орындары, қызметкердің кәсіби біліміне және оқуына талаптар, біліктілігін дәлелдейтін, сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшадағы тарауда «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау жөніндегі инженердің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» келтірілген» келтірілген.
3-параграф «Еңбекті қорғау бөлімшесінің бастығы»
8. Еңбек қызметі түрінің (кәсібінің) карточкасы мыналардан тұрады:
1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 6;
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кәсіптер сыныптауышы бойынша базалық топ (бұдан әрі – 01-2005 ҚР МС):1222 – «Өнеркәсіпте мамандырылған (өндірістік-пайдалану) бөлімшелерінің (қызметтерінің) басшылары»;
3) лауазымдардың ықтимал атаулары (кәсіп): еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қызметтің бастығы;
4) орындалатын еңбек қызметінің жалпыланған сипаттамасы:
қызметкерлердің еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелері мен нормаларын сақтауын ұйымдастыруды және бақылауды көздейді;
5) ықтимал жұмыс орындары, қызметкердің кәсіби біліміне және оқуына талаптар, біліктілігін дәлелдейтін, сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшадағы тарауда «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Еңбекті қорғау бөлімшесі бастығының еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» келтірілген» келтірілген.
4-параграф «Қауіпсіздік қызметінің бастығы»
9. Еңбек қызметі түрінің (кәсібінің) карточкасы мыналардан тұрады:
1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 6;
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кәсіптер сыныптауышы бойынша базалық топ (бұдан әрі – 01-2005 ҚР МС): 1229 – «Басқа топқа кірмеген өнеркәсіпте мамандырылған (өндірістік-пайдалану) бөлімшелердің (қызметтердің) басшылары»;
3) лауазымдардың ықтимал атаулары (кәсіп): қауіпсіздік қызметінің бастығы;
4) орындалатын еңбек қызметінің жалпыланған сипаттамасы:
объектіні кешенді қорғауды жүзеге асыруды, ұйымды қорғау қызметіне басшылық етуді көздейді;
5) ықтимал жұмыс орындары, қызметкердің кәсіби біліміне және оқуына талаптар, біліктілігін дәлелдейтін, сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшадағы тарауда «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Қауіпсіздік қызметі бастығының еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» келтірілген» келтірілген
5-параграф «Еңбекті қорғау жөніндегі бас техникалық басқарушы»
10. Еңбек қызметі түрінің (кәсібінің) карточкасы мыналардан тұрады:
1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 6;
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кәсіптер сыныптауышы бойынша базалық топ (бұдан әрі – 01-2005 ҚР МС): 1222 – «Өнеркәсіпте мамандырылған (өндірістік-пайдалану) бөлімшелердің (қызметтердің) басшылары»;
3) лауазымдардың ықтимал атаулары (кәсіп): еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі бас техникалық басшы;
4) орындалатын еңбек қызметінің жалпыланған сипаттамасы:
ұйымның құрылымдық бөлімшелерінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі жұмыстарды үйлестіруді, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ішкі бақылауды жүзеге асыруды көздейді;
5) ықтимал жұмыс орындары, қызметкердің кәсіби біліміне және оқуына талаптар, біліктілігін дәлелдейтін, сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшадағы тарауда «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Еңбекті қорғау жөніндегі бас техникалық басқарушының еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» келтірілген» келтірілген.
4. КС бірліктерінің тізімі
11. КС бірліктерінің тізімі осы КС 2-қосымшасында көрсетілген және КС бірліктерінің шрифті мен атауынан тұрады.
5. КС бірліктерінің сипаттамасы
6. Осы КС негізінде берілетін сертификаттардың түрлері
13. Кәсіби даярлықты бағалау және мамандардың біліктілігіне сәйкестігін растау саласындағы ұйымдар осы КС негізінде сертификаттар береді.
14. Осы КС негізінде берілетін сертификаттардың түрлері осы КС 3-қосымшада көзделген сертификатты алу үшін игеру қажет болатын КС бірліктерінің тізбесіне сәйкес айқындалады.
7. КС әзірлеушілері, келісу парағы, сараптамасы және тіркеуі
15. КС әзірлеушісі «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып табылады.
«Еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі қызмет» кәсіби стандартына 1-қосымша
Біліктілік деңгейлері бойынша еңбек қызметінің түрлері (кәсібі)
Р/с |
Қызмет түрінің атауы |
Еңбек нарығының үрдісін ескергендегі кәсіптердің атауы |
01-2005 ҚР МС сәйкес кәсіптердің атауы |
ҰБШ біліктілік деңгейі |
БТБА бойынша разряд |
1 |
Кәсіпорында қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайларын жүзеге асыруға ішкі бақылау, өндірістік жарақаттанудың және кәсіптік аурулардың алдын алу. |
Қауіпсіздік қызметінің маманы. |
Азаматтарды және меншікті қорғау қызметінің маманы. |
5 |
- |
2 |
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі инженер. |
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі инженер. |
5 |
- |
|
3 |
Еңбекті қорғау бөлімінің бастығы. |
Техникалық басшы (өнеркәсіпте). |
6 |
- |
|
4 |
Қауіпсіздік қызметінің бастығы. |
Қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік қызметінің басшысы. |
6 |
- |
|
5 |
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі бас техникалық басқарушы. |
Техникалық басшы (өнеркәсіпте). |
7 |
- |
Ескертпе: БТБА - Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы
«Еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі қызмет» кәсіби стандартына 2-қосымша
1. Ықтимал жұмыс орындары. Қауіпсіздік қызметі маманының еңбек жағдайларына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар
Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары (кәсіпорындар, ұйымдар) |
Барлық меншік нысанындағы ұйымдар мен кәсіпорындар. |
||
Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары |
- |
||
Жұмысқа рұқсат берудің ерекше жағдайлары |
- |
||
ҰБШ біліктілік деңгейі |
Кәсіби білім беру мен оқыту деңгейі |
Талап етілетін жұмыс тәжірибесі |
|
5 |
Жалпы орта білім, әскердегі қызметі және арнайы бағдарлама бойынша оқу. |
Қауіпсіздік қызметінде практикалық жұмыс тәжірибесі кемінде 1 жыл. |
|
Жоғары (немесе жоғары оқудан кейінгі) білім және арнайы бағдарлама бойынша оқу. |
Құқық қорғау органдарында немесе мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі кемінде 1 жыл. |
2. Ықтимал жұмыс орындары. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі инженердің еңбек жағдайларына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар
Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары (кәсіпорындар, ұйымдар) |
Барлық меншік нысанындағы ұйымдар мен кәсіпорындар. |
||
Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары |
- |
||
Жұмысқа рұқсат берудің ерекше жағдайлары |
- |
||
ҰБШ біліктілік деңгейі |
Кәсіби білім беру мен оқыту деңгейі |
Талап етілетін жұмыс тәжірибесі |
|
5 (Санаты жоқ) |
Тиісті мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіби білім. |
Жұмыс тәжірибесі 1 санаттағы техник қызметінде кемінде 3 жыл. |
|
Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) білімі. |
Жұмыс тәжірибесіне талап қойылмайды. |
||
5 (II санаттағы) |
Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) білімі. |
Жұмыс тәжірибесі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі санаты жоқ инженер лауазымында кемінде 3 жыл. |
|
5 (I санатағы) |
Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) білімі. |
Жұмыс тәжірибесі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі II санаттағы инженер лауазымында кемінде 2 жыл. |
3. Ықтимал жұмыс орындары. Еңбекті қорғау бөлімі бастығының еңбек жағдайларына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар
Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары (кәсіпорындар, ұйымдар) |
Барлық меншік нысанындағы ұйымдар мен кәсіпорындар. |
||
Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары |
- |
||
Жұмысқа рұқсат берудің ерекше жағдайлары |
- |
||
ҰБШ біліктілік деңгейі |
Кәсіби білім беру мен оқыту деңгейі |
Талап етілетін жұмыс тәжірибесі |
|
6 |
Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) білім. |
Еңбекті қорғау және қауіпсіздік саласындағы жұмыс тәжірибесі кемінде 3 жыл. |
4. Ықтимал жұмыс орындары. Қауіпсіздік қызметі бастығының еңбек жағдайларына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар
Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары (кәсіпорындар, ұйымдар) |
Барлық меншік нысанындағы ұйымдар мен кәсіпорындар. |
||
Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары |
- |
||
Жұмысқа рұқсат берудің ерекше жағдайлары |
- |
||
ҰБШ біліктілік деңгейі |
Кәсіби білім беру мен оқыту деңгейі |
Талап етілетін жұмыс тәжірибесі |
|
6 |
Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім. |
Құқық қорғау органдарындағы жұмыс тәжірибесі кемінде 5 жыл. |
5. Ықтимал жұмыс орындары. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі бас техникалық басқарушының еңбек жағдайларына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар
Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары (кәсіпорындар, ұйымдар) |
Барлық меншік нысанындағы ұйымдар мен кәсіпорындар. |
||
Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары |
- |
||
Жұмысқа рұқсат берудің ерекше жағдайлары |
- |
||
ҰБШ біліктілік деңгейі |
Кәсіби білім беру мен оқыту деңгейі |
Талап етілетін жұмыс тәжірибесі |
|
6 |
Мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) техникалық білім. |
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы жұмыс тәжірибесі кемінде 5 жыл. |
«Еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі қызмет» кәсіби стандартына 3-қосымша
КС бірліктерінің тізбесі
1. «Қауіпсіздік қызметінің маманы» еңбек қызметінің түрі (кәсібі)
Шифр |
Еңбек функциясының атауы (кәсіби стандарт бірліктері) |
Ф 1 |
Арнайы қорғану іс-шараларын жүргізуді ұйымдастыру. |
Ф 2 |
Ұйымда қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын іске асыру. |
Ф 3 |
Қызметкерлердің және келушілердің қауіпсіздік режимінің талаптарын сақтауын бақылау. |
Ескертпе: Ф - функция
2. «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі инженер» еңбек қызметінің түрі (кәсібі)
Шифр |
Еңбек функциясының атауы (кәсіби стандарт бірліктері) |
Ф 1 |
Қызметкерлерге еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерi бойынша оқыту және нұсқама жүргізу. |
Ф 2 |
Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды және қызметкерлер денсаулығының өзге де зақымдануларын тергеп тексеру құжаттарын ұйымдастыруды ресімдеу. |
Ф 3 |
Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi ережелердiң, нормалардың, стандарттардың енгiзiлуiне iшкi бақылауды жүзеге асыру. |
Ф 4 |
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі жергілікті нормативтік құжаттарды әзірлеуге қатысу. |
Ф 5 |
Кәсіпорында салауаты және қауіпсіз еңбек жағдайларын жасауға ішкі бақылау. |
3. «Еңбекті қорғау бөлімінің бастығы» еңбек қызметінің түрі (кәсібі)
Шифр |
Еңбек функциясының атауы (кәсіби стандарт бірліктері) |
Ф 1 |
Ұйымдардың құрылымдық бөлiмшелерiнде еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру және үйлестiру, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ішкі бақылауды жүзеге асыру. |
Ф 2 |
Өндiрiстiк учаскелерде еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау талаптарын сақтау бөлiгiнде нормативтiк құжаттарды әзiрлеудi ұйымдастыру. |
Ф 3 |
Өндірісте жазатайым оқиғаларды тергеп тексеруді ұйымдастыру. |
Ф 4 |
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша қызметкерлерді дайындауды ұйымдастыру. |
Ф 5 |
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі жағдайларды жақсарту бойынша ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларды қамтамасыз ету. |
4. «Қауіпсіздік қызметінің бастығы» еңбек қызметінің түрі (кәсібі)
Шифр |
Еңбек функциясының атауы (кәсіби стандарт бірліктері) |
Ф 1 |
Объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде іс-шараларды басқару. |
Ф 2 |
Объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін заманауи қорғаныс құралдарын енгізу. |
Ф 3 |
Заманауи жағдайларда қауіпсіздік қызметінің мамандарына талаптар. |
Ф 4 |
Қауіпсіздік жөнінде қызмет көрсету спектрын кеңейту. |
5. «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі бас техникалық басқарушы» еңбек қызметінің түрі (кәсібі)
Шифр |
Еңбек функциясының атауы (кәсіби стандарт бірліктері) |
Ф 1 |
Еңбекті қорғауды басқару жүйесін әзірлеу және қызмет ету. |
Ф 2 |
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы ұйымдастыру мен бақылау. |
Ф 3 |
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы құжаттамаларды әзірлеуде ұйымдастыру. |
«Еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі қызмет» кәсіби стандартына 4-қосымша
КС бірліктерінің сипаттамасы (функционалдық картасы)
1. «Қауіпсіздік қызметінің маманы» еңбек қызметінің түрі (кәсібі)
Шифр |
Біліктері мен дағдылары |
Білімі |
Жеке және кәсіби құзыреттері |
Ф 1 |
Кәсіпорынды құқықтық, ұйымдастырушылық қорғау және коммерциялық құпияны қорғау бойынша жұмыстар жүргізу. Қауіпсіздік режимін қамтамасыз ету мақсатында персонал арасында қосымша лауазымдық мiндеттердi бөлу бойынша жұмысты ұйымдастыру. Ішкі объектілік өткізу режимін ұйымдастыру және қамтамасыз ету және осындай жағдайда тиiстi персоналға өкiлдік билік беру. Кәсіпорынның коммерциялық құпиясын құрайтын мәліметтеріне және жұмыстарына оларға негізсіз рұқсатты және қолжетімділікті болдырмау. |
Қазақстан Республикасының еңбек кодексі. Күзет қызметін регламентейтін нормативтік құқықтық актілер. |
Айналадағы жағдайларға, оқиғаларға бағдар. Қысылтаяң жағдайларда жұмыс істеу қабілеті. Кәсіби жетілуге талпыну. Сабырлы болу. Қызметкерлер өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша дербес шешім қабылдай білу қабілеті. Кәсіпорын қауіпсіздігінің бұзылу қауіпі төнген жағдайда шешім қабылдауға жауапкершілік. Қабылданатын шешімдердің нәтижесін болжай білу қабілеті. Адамдармен байланыс орнату қабілеті. Қысқа мерзімде проблемалық жағдайларды шешуге дайындығы. Өз қызметінің уақытын жоспарлай білу қабілеті. Жігерлі қасиеттері дамыған. Физикалық дайындығы өте жақсы. |
Ф 2 |
Персоналды қауіпсіздік мәселелері жөнінде оқыту және тренинг жүргізу. Коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтерді жариялау туралы міндеттемені ресімдеу. Жаңадан қабылданған қызметкерлермен олардың бейімділігін білу және оларға негізгі міндеттеріне кәсіпорынның қауіпсіздігі жүйесінде қосымша міндеттерді жүктеу мақсатында әңгімелесу жүргізу. |
Техникалық құралдардың сипаттамасы (сигнал беру, байланыс, ақпаратты қорғау жүйелері). Объектілердегі режим жөніндегі ішкі құжаттардың әзірлемелеріне қойылатын талаптар. Кәсіпорынның ресурстарына (қаржы, тауарлық-материальдық ақпараттық) қол жеткізу жөніндегі нұсқаулықтар. Ерекше бағалы тауарлық–материалдық, қаржылық және өзге де ресурстарды сүйемелдеу ережелері. |
|
Ф 3 |
Қаскүнемдер мен бәсекелестердің заңсыз әрекеттерін зерттеуді ұйымдастыру. Қорғалатын аумаққа белгісіз адамдардың рұқсатсыз кіруін анықтау және оқшаулау, қажетіне қарай милиция жасағын шақыру. |
Қауіпсіздік жөнінде нұсқамаларды жүргізу, бақылау іс-шараларын жүргізу әдістемелері. Объектілерді, ақпараттады, кәсіпорын қызметкерлерін қылмыстық озбырлықтан қорғау тәсілі. |
2. «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі инженер» еңбек қызметінің түрі (кәсібі)
Шифр |
Біліктері мен дағдылары |
Білімі |
Жеке және кәсіби құзыреттері |
Ф 1 |
Ұйымда (ішкі оқыту үшін) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бойынша сабақ өткізуге арналған оқу материалдарын дайындау. Заманауи техникалық оқыту құралдарын пайдалану (тренажер, мультимедиа құралдары және басқа). Жұмысқа жаңадан қабылданатын барлық қызметкерлерге еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бойынша кiрiспе нұсқама жүргізу. Кіріспе нұсқаулық жүргізу бағдарламасын әзірлеу және оны жұмыс берушінің бекітуі. |
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы; Қызметкерлердi еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерi бойынша оқыту, нұсқама беру және олардың бiлiмдерiн тексеру қағидалары мен мерзiмдерін бекiту туралы; нұсқамалардың, тағылымдамалардың мазмұны, түрлері, ерекшеліктері, еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі және дәрігерге дейін көмек көрсету жөнінде оқыту. |
Ұйымның стратегиясы, саясаты және мақсаттары шеңберінде еңбек және оқу қызметі процессін өзі басқару және бақылау қабiлеттiлiгі, проблемаларды талқылап, қорытындыны дәйектеп және ақпаратты сауатты пайдалану; жоғары жеке жауапкершiлiк, тәртiптiк, жұмысқа қабiлеттiлiк, эмоционалдық тұрақтылық қасиеттеріне ие болу; басқалардың жұмысына басшылық ету; бөлiмшелер арасында үйлестiрудi жүзеге асыру; жұмыстың нәтижелерiне жауапты болу, өзін оқыту және басқаларды оқыту. |
Ф 2 |
Өндiрiстегi жазатайым оқиғаларды және кәсіптік ауруларды тергеп-тексеру жүргізу жұмыстарына қатысу. Өндiрiстегi жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру құжаттарын рәсімдеу және сақтау. |
Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды және қызметкерлер денсаулығының өзге де зақымдануларын тергеп тексеру мен есепке алу білімі; өндірістегі жазатайым оқиғаларға байланысты құжаттардың нысандарын бекіту туралы үлгілері. |
|
Ф 3 |
Еңбекті қорғау мәселелері бойынша қызметкерлерге нұсқамалардың (жұмыс орнындағы алғашқы, қайталама, |
Жұмыс берушiнiң қаражаты есебiнен қызметкерлерге сүт, емдiк-профилактикалық тағам, арнайы киiм, арнайы аяқ киiм және басқа да жеке қорғану құралдарын беру, ұжымдық қорғану құралдарымен, санитариялық-тұрмыстық үй-жайлармен және құрылғылармен қамтамасыз ету қағидаларын; ұйымдағы еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау қызметi жөнiндегi үлгiлiк ереже; ұйымда құралды пайдалану ерекшеліктері және еңбек функцияларын орындуға қажетті өзге де құқықтық нормативтік актілер. |
|
Ф 4 |
Жұмысшы кәсіптер бойынша еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі оқу бағдарламасын әзірлеу және жұмыс берушінің бекітуі. Ұйымда еңбекті қорғаудың мемлекеттік нормативтік талаптарына, еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі саласындағы халықаралық және ұлттық стандарттарға сәйкес еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды басқару жүйесін әзірлеуге және қолданылуын бақылауға қатысу. |
Еңбекті қорғаудағы басқарма жүйесін регламенттейтін ұлттық, мемлекет аралық және едәуір дамыған шетелдік стандарттар (ЕҚБЖ құжат айналымы); еңбекті қорғау саласындағы жергілікті құжаттардың түрлері (ЕҚБЖ); міндетті және ерікті жүргізудің жергілікті жазба үлгілері және қолданылуы (журналдар, актілер және т.б.); ұйымдарда іс жүргізу жұмысын жүргізу - әзірлеу, келісу, құжаттарды бекіту; еңбекті қорғау мәселелері бойынша жергілікті құжаттарды әзірлеу кезінде пікірлерді есепке алу және келісу тәртібі. |
|
Ф 5 |
Жұмысқа қабылданған кезінде міндетті алдын ала және мерзімдік медициналық тексерілуге және рейс алдындағы (рейстен кейін) және ауысым алдындағы (ауысымнан кейін) медициналық қарап тексерілуге тиіс қызметкерлердің құрамын айқындау жұмысына қатысу және ұйымдастыру. Аттестация өткізу жөніндегі комиссия құру туралы бұйрықтың және өндірістік объектілерде аттестатталуға тиіс жұмыс орындарының санын анықтау бұйрықтарының жобасын дайындау. Бөлімшелердің еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі жұмыстарына озық үлгілі жұмыс тәжірибесін енгізу. Мертігу немесе өзге де зақымдардың салдарынан қызметкерге келтірілген зиянды өтеу мәселелерін қарауға қатысу. Өндірістік жарақаттанудың, кәсіби аурулардың себептерін талдауға қатысу және оларды болдырмау бойынша іс-шаралар әзірлеуге қатысу. |
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы қызметкерлер құқықтарының кепілдіктері; өндiрiстiк объектiлердi еңбек жағдайлары бойынша мiндеттi мерзiмдiк аттестаттау қағидалары; міндетті медициналық тексеріп-қарау өткізілетін зиянды өндірістік факторлардың, кәсіптердің тізбесін; міндетті медициналық тексеріп-қарауды өткізу ережелері; ауысым алдындағы медициналық куәландырудан өту талап етілетін кәсіптердің тізімі. |
3. «Еңбекті қорғау бөлімінің бастығы» еңбек қызметінің түрі (кәсібі)
Шифр |
Біліктері мен дағдылары |
Білімі |
Жеке және кәсіби құзыреттері |
Ф 1 |
Кәсіпорын қызметкерлері арасында еңбекті қорғауды басқару жүйесінің элементтерін ұйымдастыруға өкілеттік пен жауапкершілікті (бұйрық пен жарлықтар бойынша) бөлу. Ұйымдағы бөлімшелер мен мердігерлер арасындағы еңбекті қорғау қызметін үйлестіру. Еңбекті қорғауды басқару жүйесін сертификаттауды ұйымдастыру. Ұйымда еңбекті қорғауды басқару жүйесінің барлық элементтеріне мерзімдік тексеру жүргізу тәртібін айқындау. |
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы; өндiрiстiк объектiлердi еңбек жағдайлары бойынша мiндеттi мерзiмдiк аттестаттау ережелері; ұйымдағы еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау қызметi жөнiндегi үлгiлiк ережелері. |
Ресурстарды жоспарлауға және бөлімшелер арасында бөлуге қатысу; басқалардың кәсіби дамуына жауапкершілік қабылдау қабілеті; стратегиялық ойлау (жүйелік, жоспарлылық, «оқиғаны» алдын ала көре білу); қарамағындағы қызметкерлерді уәждей білу; |
Ф 2 |
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы Мемлекеттік нормативтік талаптарға, мемлекетаралық және ұлттық стандарттардың ұсынымдарына сәйкес ұйымда еңбекті қорғауды басқару жүйесін әзірлеуге қатысу. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу және олармен ұйымның бөлімшелерін қамтамасыз ету.Ұйымның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы жұмысы туралы белгіленген нысан бойынша есептеулердің жұмысы туралы жиынтықты, ақпараттардың, анықтамалардың уақтылы жасалуы мен тапсырылуын бақылау және ұйымдастыру. Ұжымдық келісім шарттағы «Еңбекті қорғау» бөлімін құруға және оның орындалуына бақылауды жүзеге асыруға қатысу. Өндiрiсте қауiпсiз және дұрыс еңбек жағдайларын жасау мен қамтамасыз ету және өндiрiстiк жарақаттанудың алдын алу бойынша құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастыру-техникалық, санитарлық-эпидемиологиялық, оңалту, емдiк-профилактикалық кешенді іс-шараларын әзiрлеу және жүзеге асыру. |
Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу және бекіту ережесі;. еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша әдістемелік құжаттар; ұйымның құрылымдық және өндірістік құрылымы, өндірістің негізгі техникалық процесстері, негізі және режимі; ұйымның жабдықтары және оның жұмыс істеу қағидаты; жұмыс орындарында еңбек жағдайларын зерттеу әдістері. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау іс-шараларының орындалуы туралы есептілік жасау тәртібі және мерзімдері. |
|
Ф 3 |
Өндiрiстегi жазатайым оқиғаларды және кәсіптік ауруларды тергеп-тексеру жүргізу жұмыстарына қатысу. Өндiрiстегi жазатайым оқиғаларды талдау және олардың алдын алу бойынша шаралар әзірлеу. |
Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды және қызметкерлер денсаулығының өзге де зақымдануларын тергеп тексеру және есепке алу тәртібі; өндірістегі жазатайым оқиғаларға байланысты құжаттардың нысандарын бекіту ережесі. |
|
Ф 4 |
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қағидалармен және нұсқаулықтармен еңбекті қорғаудың мемлекеттік нормативтік талаптарын басшылыққа ала отырып, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы қызметкерлерді оқытудағы қажеттілікті анықтау. Нұсқама жүргізудің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, жұмыстарды орындаудың қауіпсіз тәсілдері, алғашқы көмек көрсету бойынша оқытудың кестесін жасау. Кәсіпорындарда еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғау жөніндегі кіріспе нұсқамаларды жүргізу үшін қажетті плакаттармен, оқу-құралдарымен, басқа да техникалық құралдармен жабдықталған және жарақталған кабинеттерді ұйымдастыру. |
Қызметкерлердi еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерi бойынша оқыту, нұсқама беру және олардың бiлiмдерiн тексеру қағидалары мен өткізу мерзiмi; оқыту технологиясы, нысандары, құралдары, түрлері мен әдістері; еңбекті қорғау және қауіпсіздігі бойынша нұсқаманың түрлері нысандары, олардың ерекшелігі; нұсқама жүргізгенде қолданылатын техникалық еңбек құралдар; еңбекті қорғау, лауазымдар (кәсіптер) және орындалатын жұмыс түрлері бойынша қағидалар, үлгілік нұсқаулықтарда жазылған еңбекті қорғау талаптары. |
|
Ф 5 |
Өндірістік жарақаттану, кәсіптік ауруларды алдын алу бойынша профилактикалық жұмыс. |
Қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың тізбесі және олардың қызметкерлердің денсаулық жағдайына әсері; жұмыс түрлеріне, өндірістік жабдықтарға (оны орналастыруға) материалдарға белгіленген қауіпсіздік талаптары; өндірістік процесстердің және өндірістегі операциялардың схемасы; өндірісті механикаландыру және автоматтандыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру; |
4. «Қауіпсіздік қызметінің бастығы» еңбек қызметінің түрі (кәсібі)
Шифр |
Біліктері мен дағдылары |
Білімі |
Жеке және кәсіби құзыреттері |
Ф 1 |
Кәсіпорын объектілеріне ұрлықтан, қымқырудан және басқа да қылмыстық озбырлықтан, өрттен, апаттан, вандализм актілерінен, табиғи апаттардан, қоғамдық тәртіпсіздіктерден сенімді қорғаныс қамтамасыз ету. Қорғалатын объектілерге рұқсатсыз қолжеткізу және ену әрекеттерін болдырмау. Қауіп-қатерді көрсету және қорғалатын объектілерге тікелей шабуыл немесе кірудің зиянды салдарын жоюға қатысу. |
Қазақстан Республиксының еңбек заңнамасы; қорғау қызметін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілері; қауіпсіздік қызметі мәселелері жөніндегі нормативтік актілері. Ұйымның құрылымы және ерекшелігі; ұйымның қорғау объектілерін ұйымдастыру қағидалары. |
Объектілерді қорғау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде әдістер мен құралдарды дербес таңдау қабілеті. Басқару кәсібилігін арттыру. Мінездің жігерлі қасиетінің болуы. Оқуға және жаңалық ашуға бейімделуі. Қиын жағдайларда ақталған тәуекелге және әрекетке дайындығы. Істер мүддесінде жеке салтылықты, регламеттілікті, амбицияларын бұза отырып оқиғалық ағымға еру. Экстремалдық жағдайларда интуициялық барабар шешімдер қабылдау. Жеңілуді сезбей жеңіске және ұтылуға ұстамды қарау. Кез-келген сыртқы жағдайларда әріптестердің кез-келген мінез-құлқына, төтенше жағдайларға, сондай-ақ өзінің ниетін сақтай білу. Бүтінді ерекшелеу және оның бөліктеріндегі ұсақты көру қабілеті. Сабырлы болу. Өзінің күшіне сену. Адами шектеулерге шыдамдылық. Жоба жасауда табиғи жылдамдықты және өзінің командасындағы, өзіндегі өзгерістерді қабылдау қабілеті. |
Ф 2 |
Қауіп-қатерге сай келетін қорғаныс құралдары мен күзет режимдерін енгізу. Мобильдік топтардың дабыл елеуімен қоса заманауи қорғау жабдықтарын және жүйесін (дабыл кнопкасы) орнатуды ұйымдастырған және кешенді қызмет көрсету. Дыбыс-бейнедомофондар, периметр күзеті, бейне бақылау жүйесі, күзеттік-өрт сигнал беру құралдарын қолдану. Бөлімшелерді жасырынды бейнебақылау, дыбыс есту құралдардан тазарту, байланыс түрлерінің барлығынан қорғау шараларын жүргізу. Қызметті тиімді заманауи байланыс құралдарымен, белсенді және енжар қорғаумен (сонымен қатар заңнамамен сәйкес дәрімен атылатын), арнайы көлікпен жабдықтап камтамасыз ету. |
Қол жеткiзуге рұқсат етiлмеген объектiлердi қорғаудағы техникалық құралдардың сипаттамасы. Қорғалған объектілерді қылмыстық озбырлықтан қорғау тәсілі. Қылмыскерлермен келіссөз жүргізу кезіндегі және стратегия тәсілі. Байланысқа кіру және эфирде өзін ұстау ережелері. Ақпараттарды рұқсатсыз қол жеткізуден қорғаудың техникалық құралдарының сипаттамасы. |
|
Ф 3 |
Қорғалатын объектілердің қызметшілерінің адалдығын бағалауды және тексеруді жүзеге асыру. Қол жұмсайтын ұрыс және өзін-өзі қорғау тәсілдерін, жеке қорғану құралдарын, суық және атыс құралдарын жетік игеру. Қорғалатын объектілерде әр түрлі байланыс түрлерін қолдана білу. Қорғалатын объектілерде күрделі емес техникалық сигнал беру және байланыс ақаулықтарын жою және оларды табу шеберлігі. Жараланған, жарақаттанған жағдайда медициналық жедел көмек көрсету. Профилактикалық, жөндеу және тағы басқа жұмыстарды жүргізу кезінде қатал бақылау-рұқсатнама режимінің сақталуын қамтамасыз ету. Қорғалатын объектілерде қылмыстық, озбырлық жағдайларға тергеу жүргізуде құқық қорғау органдары мен басқа да мемлекеттік органдарға барынша көмек көрсету. Меншік иелерінің мүліктерін және объектілерді кешенді қорғауды жүзеге асыру, жүктерді және жеке басты тұлғаларды қорғау, кезең-кезеңімен жол бағытын, соның ішінде таяу және қиыр шетел жол бағытын бақылау, объектілерге жедел бақылау жүргізу, шапшаң елеу мобильдік топтарға инспекциялық бақылау, бұқаралық шаралар өтетін орындарда қауіпсіздікті және тәртіпті қамтамасыз ету. |
Тауарлық-материалдық қабылдау ережелері, сүйемелдеу, құндылықтарды тапсыру. Байланыс түрлері және мақсаты. Кәсіпорынның жекелеген қызметкерлерін сүйемелдеу ережелері. Қоян-қолтық ұрыс және өзін-өзі қорғау тәсілдері. Жеке қорғану құралдары суық қару, атыс қаруы. Қолданылатын техника және технология, өндірістік (қызмет көрсету) және жабдықтауды ұйымдастыру есептеуші техника коммуникация және байланыс құралдары. |
|
Ф 4 |
Жеке тұлғаларға дербес қауіпсіздік қызметін беру және құпия тапсырмаларды орындау. Қысылтаяң жағдайларда жүріс тұрыс мәселелер ит асыраушылық және қызмет иттерін үйрету бойынша консультация жүргізу, ақпарат және жаңа технологиялар бөлімінің қызметін ұсыну. Тиісті мемлекеттік органдарда қажетті лицензияларды, рұқсаттарды және есеп құжаттарын алуды ресімдеу. Қорғау қызметіне тапсырыс берушімен шарт жасау және олардың сапалы, уақытында орындалуын қамтамасыз ету. |
Отандық және шетелдік заманауи техника (сигнал беру, байланыс жүйесі және т.б.), оларды пайдаланылатын күйде ұстау. Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасының талаптары. Өрт қауіпсіздігінің талаптары. |
5. «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі бас техникалық басқарушы» еңбек қызметінің түрі (кәсібі)
Шифр |
Біліктері мен дағдылары |
Білімі |
Жеке және кәсіби құзыреттері |
Ф 1 |
Жұмыстың қауіпсіз әдістеріне жұмыс істеушілерді уақытылы және сапалы оқыту, қызметкерлерді аттестаттау (білімдерін тексеру) және нұсқау берудің барлық түрлерін жүргізу. Өндірісте жазатайым оқиғаларды тергеу бойынша комиссия жұмысын ұйымдастыру. Жұмыс орындарына аттестаттау жүргізуде, зиянды өндiрiстiк факторлардың параметрлерін өлшеуге, жабдықтардың, құралдардың жарақаттану қаупiсіздігін бағалауда қатысу.Ұйымның барлық бөлімшелерінің еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі бойынша жұмысын бірыңғай тәртібін ұйымдастыруды қамтамасыз ету және әдістемелік басшылығын жүзеге асыру. Еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі саласы бойынша анықталған бұзушылықтарды жоюды бақылау. Еңбек қауіпсіздігінің нормалары мен ережелерін бұзуға жол берген адамдарды жұмыстан шеттету. Халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес біріктірілген менеджмент жүйесін енгізу. Өндірісте жазатайым оқиғаларды, кәсіби аурулар мен профилактикалық шараларды есепке алудың бірыңғай тәртібін (автоматталған ақпараттық жүйені енгізу) енгізу. |
Өндірістегі жазатайым оқиғаларға байланысты құжаттардың нысандарын бекіту туралы ереже; ұйымдағы еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау қызметi жөнiндегi үлгiлiк ереже. |
Кәсіби дамуға жауапкершiлiк алу қабiлеттiлiгі; стратегиялық ойлау (жүйелiлiк, жоспарлылық, нәтижені болжамдау шеберлігі); |
Ф 2 |
Еңбек жағдайларын жақсартатын ұйымның жарақтандырын, жабдықтар мен механизмдерін, жеке және ұжымдық қорғану құралдарын бақылау. |
Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу және бекіту ережесі; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша әдістемелік құжаттар; ұйымның құрылымдық және өндірістік құрылымы, өндірістің негізгі техникалық процесстері, негізі және режимі; ұйымның жабдықтары және оның жұмыс істеу қағидаты; жұмыс орындарында еңбек жағдайларын зерттеу әдістері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау іс-шараларының орындалуы туралы есептілік жасау тәртібі және мерзімдері. |
|
Ф 3 |
Еңбек жағдайларын жақсартудың кешенді жоспарын әзірлеу және оның орындалуын жүзеге асыруды бақылау. Еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу және олармен ұйымның бөлімшелерін қамтамасыз ету. Қызметкерлердің арыздары мен ұсыныстарын өзінің құзыретіне кіретін мәселелері бойынша қарау. Ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы жұмысы туралы жиынтық есептерін, ақпаратты, анықтаманы уақытылы ұсынуын қамтамасыз ету. Статистика органдарына еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша есепті дайындау. Денсаулық сақтау және кәсіби қауіпсіздік саясатын енгізу әрі құжаттарын әзірлеу. |
Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды және қызметкерлер денсаулығының өзге де зақымдануларын тергеп тексеру және есепке алу ережесі; өндірістегі жазатайым оқиғаларға байланысты құжаттардың үлгісі. |
«Еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі қызмет» кәсіби стандартына 5-қосымша
Келісу парағы
Р/с |
Ұйымның атауы |
Келісілген күні |
1 |
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі |
|
2 |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі |
|
3 |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі |
|
4 |
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі |
|
5 |
Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігі |
|
6 |
Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі |
|
7 |
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі |
|
8 |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі |
|
9 |
Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі |
|
10 |
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі |
|
11 |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі |
|
12 |
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі |
|
13 |
Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі |
|
14 |
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі |
|
15 |
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі |
|
16 |
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі |
|
17 |
Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы |
|
18 |
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы |
|
Осы КС ______________________________________________________________
____________________________________________________________ тіркелді
КС тізіліміне енгізілді, тіркеу № ________________________,
Хат (хаттама) № ___________ Күні ___________________
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |