Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 691 бұйрығына 10-қосымша
ID документа скопирован в буфер обмена
Стандарт № 691 от 2013-12-31г./Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
«Ғимаратта рұқсатнамалық жүйені және қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы қызмет» кәсіби кәсіби стандарты
Языки документа
Уважаемые пользователи, процесс скачивания данного документа займет несколько минут.
Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2016 г.
«Ғимаратта рұқсатнамалық жүйені және қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы қызмет» кәсіби кәсіби стандарты
Стандарт күшін жойды 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 15.12.2015 жылғы № 971 Бұйрығына сәйкес
1. Жалпы ережелер
1. «Ғимаратта рұқсатнамалық жүйені және қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы қызмет» кәсіби стандарты (бұдан әрі – КС) біліктілік, құзыреттілік деңгейіне, еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын талаптарды айқындайды және ол мыналарға:
1) еңбек нарығының қазіргі кездегі сұранысына жауап беретін біліктілік талаптарын жаңарту үшін кәсіптік қызметтің мазмұнына қойылатын бірыңғай талаптарды әзірлеуге;
2) персоналды басқару саласындағы кең ауқымды міндеттерді шешуге (персоналды уәждендіру және ынталандыру жүйелерін, лауазымдық нұсқаулықтарды; персоналды іріктеу, таңдау және аттестаттау, мансапты жоспарлау жүйелерін әзірлеуге);
3) персоналды кәсіпорындарда оқытудың, кәсіби білім берудің барлық деңгейінде білім беру бағдарламаларын қалыптастыруға, сондай-ақ осы бағдарламаларға оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеуге;
4) кәсіптік даярлыққа бағалау жүргізуге және мамандардың біліктілігіне сәйкестігін растауға арналған.
2. КС негізінде ұйымдардың біліктілік мінездемелері, лауазымдық нұсқаулықтары, үлгілік оқу бағдарламалары, үлгілік оқу жоспарлары, корпоративтік стандарттары әзірленеді.
3. Осы КС мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) біліктілік – қызметкердің белгілі бір еңбек қызметі түрінің шеңберінде нақты функцияларды сапалы орындауға дайындығы;
2) біліктілік деңгейі – еңбек іс-қимылдарының күрделілігі, стандартты еместігі, жауапкершілігі мен дербестілігі өлшемдеріне қарай сараланатын қызметкерлердің құзыретіне қойылатын талаптар жиынтығы;
3) еңбек функциясы – бизнес-процесс айқындайтын және оларды орындау үшін қажетті құзыреттердің болуын көздейтін еңбек іс-қимылдарының кіріктірілген және салыстырмалы түрде автономды жиынтығын білдіретін еңбек қызметі түрінің құрамдас бөлігі;
4) кәсіби қызмет саласы – ортақ интеграциялық негізі бар (міндетті, объектілері, технологиялары, оның ішінде еңбек құралдары ұқсас немесе жақын) және еңбек функцияларының және оларды орындау үшін құзыреттіліктің ұқсас жиынтығын көздейтін еңбек қызметі саласы түрлерінің жиынтығы;
5) КС – кәсіби қызметтің нақты саласында біліктілік және құзыреттілік деңгейіне, еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын талаптарды айқындайтын стандарт;
6) КС бірлігі – еңбек қызметінің аталған түрі үшін тұтас, аяқталған, салыстырмалы түрде автономды және елеулі болып табылатын нақты еңбек функциясының жан-жақты сипаттамасынан тұратын КС құрылымдық элементі;
7) кәсіп – бұл арнайы дайындық, жұмыс тәжірибесі нәтижесінде туындаған арнайы теориялық білім және практикалық дағдылар кешенін меңгеруді талап ететін еңбек қызметінің түрі;
8) құзыреттілік – еңбек қызметінде білімін, білігі мен тәжірибесін қолдану қабілеті;
9) ұлттық біліктілік шеңбері (бұдан әрі – ҰБШ) – еңбек нарығында танылатын біліктілік деңгейлерін құрылымдық жағынан сипаттау.
2. КС паспорты
4. КС төлқұжаты келесіні анықтайды:
1) экономикалық қызмет түрі (кәсіби қызмет саласы):
Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышы (бұдан әрі – 03-2007 ҚР МС) «81.10 Ғимаратта рұқсатнамалық жүйені және қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы қызмет»;
2) экономикалық қызмет түрінің (кәсіби қызмет саласының) негізгі мақсаты: қауіпсіздікті қамтамасыз ету (стратегиялық емес объекті) ғимататтарда рұқсатнамалық жүйесін енгізу және мүлікті сақтау;
3) еңбек қызметінің түрлері, кәсіптері, біліктілік деңгейлері осы КС 1-қосымшада көрсетілген;
5. КС талаптары осы саладағы мынадай кәсіптерге қатысты:
рұқсатнама бюросының кезекшісі;
кезекші әкімші;
комендант;
сақтау камерасының меңгерушісі;
рұқсатнама бюросының меңгерушісі.
3. Еңбек қызметі түрлерінің (кәсібінің) карточкасы
1-параграф «Рұқсатнама бюросының кезекшісі»
6. Еңбек қызметі түрінің (кәсібінің) карточкасы мыналардан тұрады:
1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 4;
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кәсіптер сыныптауышы бойынша базалық топ (бұдан әрі – 01-2005 ҚР МС): 4222 – «Келушілерді қабылдау және ақпарат берумен айналысатын қызметшілер»;
3) лауазымдардың ықтимал атаулары (кәсіп): рұқсатнама бюросының кезекшісі;
4) орындалатын еңбек қызметінің жалпыланған сипаттамасы:
ұйымға кіруге (шығуға) немесе оның аумағына көлікпен өтуге (шығуға) құқық беретін рұқсатнамаларды және басқа құжаттарды рәсімдеуді көздейді;
5) ықтимал жұмыс орындары, қызметкердің кәсіби біліміне және оқуына талаптар, біліктілігін дәлелдейтін, сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшадағы тарауда «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Рұқсатнама бюросы кезекшісінің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» келтірілген.
2-параграф «Кезекші әкімші»
7. Еңбек қызметі түрінің (кәсібінің) карточкасы мыналардан тұрады:
1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 4;
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кәсіптер сыныптауышы бойынша базалық топ (бұдан әрі – 01-2005 ҚР МС): 4222 – «Келушілерді қабылдау және ақпарат берумен айналысатын қызметшілер»;
3) лауазымдардың ықтимал атаулары (кәсіп): кезекші әкімші;
4) орындалатын еңбек қызметінің жалпыланған сипаттамасы:
келушілерге қызмет көрсетуді ұйымдастыру, кәсіпорынның қызмет көрсету персоналының жұмысын бақылауды көздейді;
5) ықтимал жұмыс орындары, қызметкердің кәсіби біліміне және оқуына талаптар, біліктілігін дәлелдейтін, сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшадағы|630928049] тарауда «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Кезекші әкімшінің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» келтірілген.
3-параграф «Комендант»
8. Еңбек қызметі түрінің (кәсібінің) карточкасы мыналардан тұрады:
1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 4;
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кәсіптер сыныптауышы бойынша базалық топ (бұдан әрі – 01-2005 ҚР МС): 4224 – «Шаруашылық қызмет көрсетумен айналысатын қызметшілер»;
3) лауазымдардың ықтимал атаулары (кәсіп): комендант, шаруашылық меңгерушісі;
4) орындалатын еңбек қызметінің жалпыланған сипаттамасы:
ғимараттарға қызмет көрсету бойынша жұмыстарға басшылық етуді, оның қарамағындағы мүліктің сақталуын қамтамасыз етуді көздейді;
5) ықтимал жұмыс орындары, қызметкердің кәсіби біліміне және оқуына талаптар, біліктілігін дәлелдейтін, сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшадағы тарауда «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Коменданттың еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» келтірілген.
4-параграф «Сақтау камерасының меңгерушісі»
9. Еңбек қызметі түрінің (кәсібінің) карточкасы мыналардан тұрады:
1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 4-5;
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кәсіптер сыныптауышы бойынша базалық топ (бұдан әрі – 01-2005 ҚР МС): 1229 – «Басқа топтарға кірмеген мамандырылған (өндірістік-пайдалану) бөлімшелерінің (қызметтерінің) басшылары»;
3) лауазымдардың ықтимал атаулары (кәсіп): сақтау камерасының меңгерушісі;
4) орындалатын еңбек қызметінің жалпыланған сипаттамасы:
сақтауға тапсырылған материалдық-техникалық құндылықтың сақталуын қамтамасыз ету, оларды уақытында қабылдауды және беруді, жабдықтар, механизмдер мен құрал-саймандардың күйін бақылауды көздейді;
5) ықтимал жұмыс орындары, қызметкердің кәсіби біліміне және оқуына талаптар, біліктілігін дәлелдейтін, сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшадағы|630928049] тарауда «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Сақтау камерасы меңгерушісінің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» келтірілген.
5-параграф «Рұқсатнама бюросының меңгерушісі»
10. Еңбек қызметі түрінің (кәсібінің) карточкасы мыналардан тұрады:
1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 4-5;
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кәсіптер сыныптауышы бойынша базалық топ (бұдан әрі – 01-2005 ҚР МС): 1239 – «Басқа топтарға кірмеген бөлімшелердің (қызметтердің) басшылары»;
3) лауазымдардың ықтимал атаулары (кәсіп): рұқсатнама бюросының меңгерушісі;
4) орындалатын еңбек қызметінің жалпыланған сипаттамасы:
ұйымның рұқсатнама режимінің сақталуын, рұқсатнамаларды беру бойынша жұмысқа басшылық жасауды көздейді;
5) ықтимал жұмыс орындары, қызметкердің кәсіби біліміне және оқуына талаптар, біліктілігін дәлелдейтін, сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшадағы тарауда «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Рұқсатнама бюросы меңгерушісінің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» келтірілген.
4. КС бірліктерінің тізімі
11. КС бірліктерінің тізімі осы КС 2-қосымшадағы|630928049] көрсетілген және КС бірліктерінің шрифті мен атауынан тұрады.
5. КС бірліктерінің сипаттамасы
12. КС бірліктерінің сипаттамасы осы КС 4-қосымшасында көрсетілген.
6. Осы КС негізінде берілетін сертификаттардың түрлері
13. Кәсіби даярлықты бағалау және мамандардың біліктілігіне сәйкестігін растау саласындағы ұйымдар осы КС негізінде сертификаттар береді.
14. Осы КС негізінде берілетін сертификаттардың түрлері осы КС 3-қосымшада көзделген сертификатты алу үшін игеру қажет болатын КС бірліктерінің тізбесіне сәйкес айқындалады.
7. КС әзірлеушілері, келісу парағы, сараптамасы және тіркеуі
15. КС әзірлеушісі «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып табылады.
16. КС келісу парағы осы КС 5-қосымшасында көрсетілген.
«Ғимаратта рұқсатнамалық жүйені және қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы қызмет» кәсіби стандартына 1-қосымша
Біліктілік деңгейлері бойынша еңбек қызметінің түрлері (кәсібі)
Р/с |
Қызмет түрінің атауы |
Еңбек нарығының үрдісін ескергендегі кәсіптердің атауы |
01-2005 ҚР МС сәйкес кәсіптердің атауы |
ҰБШ біліктілік деңгейі |
БТБА бойынша разряд |
1 |
Ғимаратта рұқсатнамалық жүйені және қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы қызмет |
Рұқсатнама бюросының кезекшісі |
Рұқсатнама бюросының кезекшісі |
4 |
- |
2 |
Кезекші әкімші |
Кезекші әкімші |
4 |
- |
|
3 |
Комендант |
Комендант |
4 |
- |
|
4 |
Сақтау камерасының меңгерушісі |
Сақтау камерасының меңгерушісі |
4-5 |
- |
|
5 |
Рұқсатнама бюросының меңгерушісі |
Өткізу бюросының меңгерушісі |
4-5 |
- |
Ескертпе: БТБА - Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы
«Ғимаратта рұқсатнамалық жүйені және қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы қызмет» кәсіби стандартына 2-қосымша
1. Ықтимал жұмыс орындары. Рұқсатнама бюросы кезекшісінің еңбек жағдайларына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар
Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары (кәсіпорындар, ұйымдар) |
Барлық меншік нысанындағы ұйымдар мен кәсіпорындар |
||
Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары |
- |
||
Жұмысқа рұқсат берудің ерекше жағдайлары |
- |
||
ҰШБ біліктілік деңгейі |
Кәсіби білім беру мен оқыту деңгейі |
Талап етілетін жұмыс тәжірибесі |
|
4 |
Орта техникалық және кәсіби білім |
Жұмыс тәжірибесіне талап қойылмайды |
2. Ықтимал жұмыс орындары. Кезекші әкімшінің еңбек жағдайларына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар
Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары (кәсіпорындар, ұйымдар) |
Барлық меншік нысанындағы ұйымдар мен кәсіпорындар |
||
Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары |
- |
||
Жұмысқа рұқсат берудің ерекше жағдайлары |
- |
||
ҰШБ біліктілік деңгейі |
Кәсіби білім беру мен оқыту деңгейі |
Талап етілетін жұмыс тәжірибесі |
|
4 |
Орта техникалық және кәсіби білім |
Жұмыс тәжірибесіне талап қойылмайды |
3. Ықтимал жұмыс орындары. Коменданттың еңбек жағдайларына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар
Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары (кәсіпорындар, ұйымдар) |
Барлық меншік нысанындағы ұйымдар мен кәсіпорындар |
||
Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары |
- |
||
Жұмысқа рұқсат берудің ерекше жағдайлары |
- |
||
ҰШБ біліктілік деңгейі |
Кәсіби білім беру мен оқыту деңгейі |
Талап етілетін жұмыс тәжірибесі |
|
4 |
Орта техникалық және кәсіби білім |
Жұмыс тәжірибесіне талап қойылмайды |
4. Ықтимал жұмыс орындары. Сақтау камерасы меңгерушісінің еңбек жағдайларына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар
Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары (кәсіпорындар, ұйымдар) |
Барлық меншік нысанындағы ұйымдар мен кәсіпорындар |
||
Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары |
- |
||
Жұмысқа рұқсат берудің ерекше жағдайлары |
- |
||
ҰШБ біліктілік деңгейі |
Кәсіби білім беру мен оқыту деңгейі |
Талап етілетін жұмыс тәжірибесі |
|
4 |
Орта техникалық және кәсіби білім. |
Жұмыс тәжірибесіне талап қойылмайды |
|
5 |
Орта техникалық және кәсіби білім. |
Жұмыс тәжірибесі кемінде 2 жыл |
|
Жоғары білім |
Жұмыс тәжірибесіне талап қойылмайды |
5. Ықтимал жұмыс орындары. Рұқсатнама бюросы меңгерушісінің еңбек жағдайларына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар
Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары (кәсіпорындар, ұйымдар) |
Барлық меншік нысанындағы ұйымдар мен кәсіпорындар |
||
Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары |
- |
||
Жұмысқа рұқсат берудің ерекше жағдайлары |
- |
||
ҰШБ біліктілік деңгейі |
Кәсіби білім беру мен оқыту деңгейі |
Талап етілетін жұмыс тәжірибесі |
|
4 |
Орта техникалық және кәсіби білім |
Жұмыс тәжірибесіне талап қойылмайды |
|
5 |
Орта техникалық және кәсіби білім |
Жұмыс тәжірибесі кемінде 2 жыл |
|
Жоғары білім |
Жұмыс тәжірибесіне талап қойылмайды |
«Ғимаратта рұқсатнамалық жүйені және қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы қызмет» кәсіби стандартына 3-қосымша
КС бірліктерінің тізбесі
1. «Рұқсатнама бюросының кезекшісі» еңбек қызметінің түрі (кәсібі)
Шифр |
Еңбек функциясының атауы (кәсіби стандарт бірліктері) |
Ф 1 |
Ұйымда өткізу режимінің қызметтерін көрсету |
Ф 2 |
Өткізу құжаттарын бақылау және есепке алу. |
Ескертпе: Ф - функция
2. «Кезекші әкімші» еңбек қызметінің түрі (кәсібі)
Шифр |
Еңбек функциясының атауы (кәсіби стандарт бірліктері) |
Ф 1 |
Келушілерге қызмет көрсету және консультация беру |
Ф 2 |
Материалдық құндылықтарды сақталуына бақылауды қамтамасыз етуi |
3. «Комендант» еңбек қызметінің түрі (кәсібі)
Шифр |
Еңбек функциясының атауы (кәсіби стандарт бірліктері) |
Ф 1 |
Ғимаратты және оның аумағын тиісінше реттеп ұстау, сондай-ақ ішкі үй жағдайларды тазалау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру |
Ф 2 |
Қажетті жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру |
4. «Сақтау камерасының меңгерушісі» еңбек қызметінің түрі (кәсібі)
Шифр |
Еңбек функциясының атауы (кәсіби стандарт бірліктері) |
Ф 1 |
Сақтау камерасының жұмысын ұйымдастыру |
Ф 2 |
Жүктің сақталуын (тауарлық-материалдық құндылықтар) және сақтау режимін бақылау |
5. «Рұқсатнама бюросының меңгерушісі» еңбек қызметінің түрі (кәсібі)
Шифр |
Еңбек функциясының атауы (кәсіби стандарт бірліктері) |
Ф 1 |
Өткізу бюро жұмысына басшылық ету |
Ф 2 |
Кәсiпорын бақылау-өткiзуі режимі бойынша есептер |
«Ғимаратта рұқсатнамалық жүйені және қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы қызмет» кәсіби стандартына 4-қосымша
КС бірліктерінің сипаттамасы (функционалдық картасы)
1. «Рұқсатнама бюросының кезекшісі» еңбек қызметінің түрі (кәсібі)
Шифр |
Біліктері мен дағдылары |
Білімі |
Жеке және кәсіби құзыреттері |
Ф 1 |
Кәсіпорынға өту (шығу) немесе оның аймағына кіру (шығу) үшін тұрақты, уақытша, бір жолғы рұқсатнама ресімдеу және беру. Өткізу құжаттарды журналға тіркеу және алынып, толтырылмаған бланкілерге, берілген және қайтарылған рұқсатнамаларға есеп жүргізу. |
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы. Нормативтік құқықтық актілер, қағидалар, нұсқамалар және кәсіпорындарда өткізу режимін реттейтін басқада басшылыққа алынатын материалдар мен құжаттар. Кәсіпорынның құрылымы және оның бөлімшелерінің жұмыс істеу режимі. |
Адамдармен байланыс орнату қабiлетi. Адамдарды есте сақтау. Нормадан тыс кестеде жұмыс істей білу қабілеті. Командада жұмыс істеу және орындаушылық тәртіптің болуы. Айналадағы жағдайларға, оқиғаларға бағдар. Проблемалық жағдайларды қысқа мерзімде шеше білу қабілеті. Кәсіби жетілуге талпыну. |
Ф 2 |
Толтырылмаған бланкілердің және қайтарылған рұқсатнамалардың сақталуын қамтамасыз ету. Басшыға қол қоюға жіберілген тұрақты рұқсатнамалардың уақытында қайтарылуын бақылау. Әр түрлі рұқсатнамаларды беру және қайтару жөніндегі есеп тапсыру және өткізу құжаттарын дайындауға байланысты қажетті анықтамалар әзірлеу |
Құжаттардың нысандары негізінде рұқсатнамалардың түрлерін ресімдеу. Бланкілерді және қайтарылған рұқсатнамаларды тіркеу және сақтау, белгіленген есептілікті құрастыру және тапсыру. Еңбекті ұйымдастыру негізі. Ішкі еңбек тәртібінің ережесі. Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау ережесі. Өрт қауіпсіздігінің ережесі. |
2. «Кезекші әкімші» еңбек қызметінің түрі (кәсібі)
Шифр |
Біліктері мен дағдылары |
Білімі |
Жеке және кәсіби құзыреттері |
Ф 1 |
Келушілерге тиімді және мәдиниетті қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды орындау, оларға жайлы жағдай жасау. Келушілерге берілген қызметке қатысты мәселелері бойынша консультация беру. Келіспеушілік жағдайларды шешу жөнінде қажетті ұйымдастыру-техникалық іс-шаралар жүргізу. Үй-жайда және іргелес ғимараттың аумағында тазалық пен тәртіпті сақтау. |
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы. Кезекші жұмысына қатысты нормативтік құқықтық актілер, басқа да жоғары тұрған органдардың басшылыққа алатын және әдістемелік құжаттары. Басқару құрылымы, қызметкерлердің құқықтары мен міндеттері және олардың жұмыс істеу режимі. Келушіге қызмет көрсетуді ұйымдастыру ережелері мен әдістері. Қызмет көрсету түрлері. |
Бір қызметтен екінші қызметте жұмыс істеп кету қабілеті. Оптимизм, жағымды эмоциясының басым болуы. Адамдармен байланысты орнату қабiлеттiлiгі. Командада жұмыс істеу және орындаушылық тәртіптің болуы. Айналадағы жағдайларға, оқиғаларға бағдар. |
Ф 2 |
Үй-жайдың тиісті безендірілуіне бақылауды жүзеге асыру, ғимаратта және үй-жайдың ішіндегі жарнаманың жағдайын, жаңаруын, орналасуын қадағалау. Қол астындағы қызметкерлердің еңбек және өндірістік тәртібінің сақталуын бақылау. |
Үй-жайды және витринаны, безендіруді жоспарлау және тәртібі. Эстетика негіздері және әлеуметтік психология |
3. «Комендант» еңбек қызметінің түрі (кәсібі)
Шифр |
Біліктері мен дағдылары |
Білімі |
Жеке және кәсіби құзыреттері |
Ф 1 |
Ғимаратты күтіп ұстау жұмыстары, сондай-ақ оған қатысты құрылыстар және айналасындағы аумақты тиісінше реттеп ұстау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру. Тазарту және ғимараттардың ішкі үй-жайларын таза ұстауды ұйымдастыру. Ғимараттың үй-жайларын күзде-қыста пайдалануға дайындау. Мүліктің болуына есеп жүргізу, кезеңдік тексеру жүргізу және оған есептен шығару актілерін жасау, материалдық есептерді құру. Көмекші жұмысшылар мен жинап тазалаушы жинайтын заттар мен, мүкәммалды жинаушылар және шаруашылық қызмет көрсету заттарымен қамтамасыз ету және тиісті оперативтік есепті іске асыру. |
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы. Қызметтік, тұрмыстық және тұрғын үй ғимараттарын, үй-жайларын күтіп ұстауға қатысты қаулылар, өкімдер, бұйрықтар, жоғары тұрған және басқа да органдардың басшылыққа алатын және нормативтік құжаттары. Кәсіпорының жарғысы мен құрылымы. Еңбектi ұйымдастырудың негiзi. |
Адамдармен байланысты орната білу қабiлетi. Қысқа уақытта күрделі жағдайларда шешім шығару қабілеті. Нормадан тыс кесте бойынша жұмыс істеу қабілеті. |
Ф 2 |
Қол астындағы мүлiктiң дұрыс сақталуын, күтілуін қамтамасыз ету. Есіктерді, терезелерді, құлыптарды, перделерді және басқа да жабдықтарды дер кезінде жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру. Объектіде жөндеу жұмыстарын уақытында анықтау және ұйымдастыру. Өртті қадағалау және санитарлық жазба кітапшасын енгізу. |
Iшкi еңбек тәртiбiнiң ережесi. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптары. Өрт қауіпсіздігінің ережелері. |
4. «Сақтау камерасының меңгерушісі» еңбек қызметінің түрі (кәсібі)
Шифр |
Біліктері мен дағдылары |
Білімі |
Жеке және кәсіби құзыреттері |
Ф 1 |
Сақтау камерасына түскен заттарға және азаматтар (жолаушылармен) жоғалтқан заттарға құжаттар дайындау, белгіленген мерзімнің өтуіне байланысты заттардың қайтарылуын немесе тапсырылуын қамтамасыз ету. Заттардың берілген кезде толықтығын және тез таблуын қамтамасыз ету, оларды сөреге және стеллажға ынғайлы орналастыру. Жабдықтардың, механизмдер мен құрал-саймандарды дұрыс күйінде сақтау тәртібін қадағалау. Заттардың иелерiнiң шағымдарын қарастыру және оларды қанағаттандыру бойынша шаралар қолдану. |
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы. Ұйымның қызметіне қатысты қаулылар, өкімдер, бұйрықтар, жоғарыда тұрған басқа да органдардың басшылыққа алатын нормативтік құжаттар. Сақтау камерасы жұмысының тәртібі. Автоматтандырылған сақтау камераларын қолдану ережелер. |
Сақтауға алынған бағалы заттарды сақтау жауапкершілігі. |
Ф 2 |
Автоматтандырылған сақтау камераларының жұмыстарын бақылау. Қол жүктерін сақтау үшін оларға есеп айырысу бағаларын қою. Сақтау камерасының жұмысы жайлы есептілік жасау. |
Еңбектi ұйымдастырудың негiзi. Iшкi еңбек тәртiбiнiң ережелері. Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау талаптары. Өрт қауіпсіздігі ережелері. |
5. «Рұқсатнама бюросының меңгерушісі» еңбек қызметінің түрі (кәсібі)
Шифр |
Біліктері мен дағдылары |
Білімі |
Жеке және кәсіби құзыреттері |
Ф 1 |
Бюроның жұмысын бегіленген тәртіпке және кәсіпорынның қолданыстағы өткізу режимінің құжаттарына сәйкес ұйымдастыру. Кәсіпорынға өту (шығу) құқығы немесе оның аумағына кіру (шығу) кезіндегі рұсаттаманы беру және қайтарудың ресiмдеуінің дұрыстығын бақылау және қайтарылған рұсаттамаларға есеп жүргізу және бланкітердің сақтауын жүзеге асыру. Рұқсатнама бюросы жұмысшыларының кәсіби өсуіне уәждеме. Өткізу пунктіде заманауи техникалық құралдарды пайдалану. |
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы. Өткізу режимін ұйымдастыруына қатысты жоғары тұрған органдардың басқарушы және нормативтік құжаттары. Рұсаттаманы беру тәртібі және ережесі. Кәсіпорындардың құрылымы және оның бөлімшелерінің жұмыс істеу тәртібі. Рұқсатнама бюросы жайлы ереже. Қайтарылған рұқсаттамаларға есеп жүргізу және бланкілерді сақтау тәртібі. Еңбектi ұйымдастырудың негiзi. |
Ұжымда жұмыс істеу және басқару қабілеті. Қабылданған шешімдердің нәтижесіне жауапкершілік. Нормадан тыс кесте бойынша жұмыс істеу қабілеті. Сабырлы болуы. Адамдармен байланысты орната білу қабiлетi. Кәсіби жетілуге талпыну. |
Ф 2 |
Өткізу құжаттарын беру және бюро қызметі бойынша анықтама, керекті есептер дайындығына басшылық ету. Сақтау мерзімі өткен құжаттарды жоюға белгіленген тәртіп бойынша акт жасау. |
Рұқсаттама беруге рұқсат етілген құқығы бар кәсiпорын қызметкерлерiнің басшылық етушi құрам және рұқсатнама беруге құқығы бар адамдардың қол қою үлгісі. Iшкi еңбек тәртiбiнiң ережесi. Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау талаптары. |
«Ғимаратта рұқсатнамалық жүйені және қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы қызмет» кәсіби стандартына 5-қосымша
Келісу парағы
Р/с |
Ұйымның атауы |
Келісілген күні |
1 |
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі |
|
2 |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі |
|
3 |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі |
|
4 |
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі |
|
5 |
Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігі |
|
6 |
Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі |
|
7 |
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі |
|
8 |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі |
|
9 |
Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі |
|
10 |
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі |
|
11 |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі |
|
12 |
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі |
|
13 |
Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі |
|
14 |
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі |
|
15 |
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі |
|
16 |
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі |
|
17 |
Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы |
|
18 |
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы |
|
Осы КС ______________________________________________________________
____________________________________________________________ тіркелді
КС тізіліміне енгізілді, тіркеу № ________________________,
Хат (хаттама) № ___________ Күні ___________________
Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена
Ссылка на документ скопирована в буфер обмена
Документ добавлен в избранное
Комментарий удален
Закладка успешно добавлена
Закладка удалена
Закладка изменена
Функция доступна только для подписчиков системы
Чтобы оставить закладку, пожалуйста
Содержание
Комментарий успешно добавлен