Bestprofi Logo

Стандарт № 691 от 2013-12-31г./Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

«Заң қызметі» кәсіби» кәсіби стандарты

Отправить на почту


Языки документа

Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2016 г.

Документ на казахском языке

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 691 бұйрығына 11-қосымша

«Заң қызметі» кәсіби» кәсіби стандарты

Стандарт күшін жойды 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 15.12.2015 жылғы № 971 Бұйрығына сәйкес

1. «Заң қызметі» кәсіби стандарты (бұдан әрі – КС) біліктілік, құзыреттілік деңгейіне, еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын талаптарды айқындайды және ол мыналарға:

1) еңбек нарығының қазіргі кездегі сұранысына жауап беретін біліктілік талаптарын жаңарту үшін кәсіптік қызметтің мазмұнына қойылатын бірыңғай талаптарды әзірлеуге;

2) персоналды басқару саласындағы кең ауқымды міндеттерді шешуге (персоналды уәждендіру және ынталандыру жүйелерін, лауазымдық нұсқаулықтарды; персоналды іріктеу, таңдау және аттестаттау, мансапты жоспарлау жүйелерін әзірлеуге);

3) персоналды кәсіпорындарда оқытудың, кәсіби білім берудің барлық деңгейінде білім беру бағдарламаларын қалыптастыруға, сондай-ақ осы бағдарламаларға оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеуге;

4) кәсіптік даярлыққа бағалау жүргізуге және мамандардың біліктілігіне сәйкестігін растауға арналған.

2. КС негізінде ұйымдардың біліктілік мінездемелері, лауазымдық нұсқаулықтары, үлгілік оқу бағдарламалары, үлгілік оқу жоспарлары, корпоративтік стандарттары әзірленеді.

3. Осы КС мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:

1) біліктілік – қызметкердің белгілі бір еңбек қызметі түрінің шеңберінде нақты функцияларды сапалы орындауға дайындығы;

2) біліктілік деңгейі – еңбек іс-қимылдарының күрделілігі, стандартты еместігі, жауапкершілігі мен дербестілігі өлшемдеріне қарай сараланатын қызметкерлердің құзыретіне қойылатын талаптар жиынтығы;

3) еңбек функциясы – бизнес-процесс айқындайтын және оларды орындау үшін қажетті құзыреттердің болуын көздейтін еңбек іс-қимылдарының кіріктірілген және салыстырмалы түрде автономды жиынтығын білдіретін еңбек қызметі түрінің құрамдас бөлігі;

4) кәсіби қызмет саласы – ортақ интеграциялық негізі бар (міндетті, объектілері, технологиялары, оның ішінде еңбек құралдары ұқсас немесе жақын) және еңбек функцияларының және оларды орындау үшін құзыреттіліктің ұқсас жиынтығын көздейтін еңбек қызметі саласы түрлерінің жиынтығы;

5) КС – кәсіби қызметтің нақты саласында біліктілік және құзыреттілік деңгейіне, еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын талаптарды айқындайтын стандарт;

6) КС бірлігі – еңбек қызметінің аталған түрі үшін тұтас, аяқталған, салыстырмалы түрде автономды және елеулі болып табылатын нақты еңбек функциясының жан-жақты сипаттамасынан тұратын КС құрылымдық элементі;

7) кәсіп – бұл арнайы дайындық, жұмыс тәжірибесі нәтижесінде туындаған арнайы теориялық білім және практикалық дағдылар кешенін меңгеруді талап ететін еңбек қызметінің түрі;

8) құзыреттілік – еңбек қызметінде білімін, білігі мен тәжірибесін қолдану қабілеті;

9) ұлттық біліктілік шеңбері (бұдан әрі – ҰБШ) – еңбек нарығында танылатын біліктілік деңгейлерін құрылымдық жағынан сипаттау.

1) экономикалық қызмет түрі (кәсіби қызмет саласы):

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышы (бұдан әрі – 03-2007 ҚР МС) «69.10 Құқық саласындағы қызмет»;

2) экономикалық қызмет түрінің (кәсіби қызмет саласының) негізгі мақсаты: соттарда немесе басқа сот органдарында екінші тарапқа қарсы шығатын бірінші тараптың мүдделерін заңды түрде білдіру және консультациялық қызметтер мен азаматтық, қылмыстық iстерде, еңбек дауларында өкілдік ету, жалпы консультация мен заң құжаттарын дайындау;

3) еңбек қызметінің түрлері, кәсіптері, біліктілік деңгейлері осы КС 1-қосымшада көрсетілген;

5. КС талаптары осы саладағы мынадай кәсіптерге қатысты:

3. Еңбек қызметі түрлерінің (кәсібінің) карточкасы

6. Еңбек қызметі түрінің (кәсібінің) карточкасы мыналардан тұрады:

2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кәсіптер сыныптауышы бойынша базалық топ (бұдан әрі – 01-2005 ҚР МС): 2429 – «Басқа топтарға кірмеген құқық саласындағы мамандар»;

3) лауазымдардың ықтимал атаулары (кәсіп): заңгер консультант;

4) орындалатын еңбек қызметінің жалпыланған сипаттамасы:

ұйымдардағы құқық жұмыстарына әдістемелік басшылығын жүзеге асыруды, заң актілерін ресімдеуді және заң мәселелері бойынша консультацияларды көздейді;

5) ықтимал жұмыс орындары, қызметкердің кәсіби біліміне және оқуына талаптар, біліктілігін дәлелдейтін, сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшадағы тарауда «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Заңгер консультанттың еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» келтірілген.

7. Еңбек қызметі түрінің (кәсібінің) карточкасы мыналардан тұрады:

2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кәсіптер сыныптауышы бойынша базалық топ (бұдан әрі – 01-2005 ҚР МС): 2421 – «Заңгер»;

3) лауазымдардың ықтимал атаулары (кәсіп): заңгер;

4) орындалатын еңбек қызметінің жалпыланған сипаттамасы: заң проблемалары бойынша зерттеулерді, заң жобаларын дайындауға қатысуды, заңнамалардың сақталуын іске асыруды, сотта қорғауды және айыптауды жүзеге асыруды және әр түрлі құқықтық мәселелер бойынша консультацияларды көздейді;

5) ықтимал жұмыс орындары, қызметкердің кәсіби біліміне және оқуына талаптар, біліктілігін дәлелдейтін, сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшадағы тарауда «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Заңгердің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» келтірілген.

8. Еңбек қызметі түрінің (кәсібінің) карточкасы мыналардан тұрады:

2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кәсіптер сыныптауышы бойынша базалық топ (бұдан әрі – 01-2005 ҚР МС): 1239 – «Басқа топқа кірмеген бөлімшелердің (қызметтердің) басшылары»;

3) лауазымдардың ықтимал атаулары (кәсіп): заң бөлімінің бастығы;

4) орындалатын еңбек қызметінің жалпыланған сипаттамасы:

жұмыстың уақытында және сапалы орындалуын қамтамасыз етуді, бөлім жұмысын есепке алу және бақылауды көздейді;

5) ықтимал жұмыс орындары, қызметкердің кәсіби біліміне және оқуына талаптар, біліктілігін дәлелдейтін, сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшадағы тарауда «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Заң бөлімі бастығының еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» келтірілген.

9. КС бірліктерінің тізімі осы КС 2-қосымшасында көрсетілген және КС бірліктерінің шрифті мен атауынан тұрады.

10. КС бірліктерінің сипаттамасы осы КС 4-қосымшасында көрсетілген.

6. Осы КС негізінде берілетін сертификаттардың түрлері

11. Кәсіби даярлықты бағалау және мамандардың біліктілігіне сәйкестігін растау саласындағы ұйымдар осы КС негізінде сертификаттар береді.

12. Осы КС негізінде берілетін сертификаттардың түрлері осы КС 3-қосымшада көзделген сертификатты алу үшін игеру қажет болатын КС бірліктерінің тізбесіне сәйкес айқындалады.

7. КС әзірлеушілері, келісу парағы, сараптамасы және тіркеуі

13. КС әзірлеушісі «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып табылады.

«Заң қызметі» кәсіби стандартына 1-қосымша

Біліктілік деңгейлері бойынша еңбек қызметінің түрлері (кәсібі)

Р/с



Қызмет түрінің атауы

Еңбек нарығының үрдісін ескергендегі кәсіптердің атауы

01-2005 ҚР МС сәйкес кәсіптердің атауы

ҰБШ біліктілік деңгейі

БТБА бойынша разряд

1

Азаматтық, қылмыстық істер және еңбек даулары бойынша соттардағы өкілдікті қоса алғанда, барлық ұйымдық құқықтық нысандардағы заңды тұлғалардың қызметін құқықтық қамтамасыз ету

Заңгер консультант

Заңгер консультант

5

-

2

Заңгер

Заңгер

5

-

3

Заң бөлімінің бастығы

Бас заңгер

6

-

Ескертпе: БТБА - Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы

«Заң қызметі» кәсіби стандартына 2-қосымша

1. Ықтимал жұмыс орындары. Заңгер консультанттың еңбек жағдайларына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар

Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары (кәсіпорындар, ұйымдар)

Барлық меншік нысанындағы ұйымдар мен кәсіпорындар

Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары

-

Жұмысқа рұқсат берудің ерекше жағдайлары

-

ҰБШ біліктілік деңгейі

Кәсіби білім беру мен оқыту деңгейі

Талап етілетін жұмыс тәжірибесі

5

Тиісті мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіби білім

Құқықтану саласындағы жұмыс тәжірибесі кемінде 5 жыл.

Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) заң білімі

Жұмыс тәжірибесі кемінде 2 жыл

2. Ықтимал жұмыс орындары. Заңгердің еңбек жағдайларына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар

Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары (кәсіпорындар, ұйымдар)

Барлық меншік нысанындағы ұйымдар мен кәсіпорындар

Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары

-

Жұмысқа рұқсат берудің ерекше жағдайлары

-

ҰБШ біліктілік деңгейі

Кәсіби білім беру мен оқыту деңгейі

Талап етілетін жұмыс тәжірибесі

5

Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) заң білімі

Жұмыс тәжірибесі заңгер консультант лауазымында кемінде 3 жыл

3. Ықтимал жұмыс орындары. Заң бөлімі бастығының еңбек жағдайларына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар

Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары (кәсіпорындар, ұйымдар)

Барлық меншік нысанындағы ұйымдар мен кәсіпорындар

Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары

-

Жұмысқа рұқсат берудің ерекше жағдайлары

-

ҰБШ біліктілік деңгейі

Кәсіби білім беру мен оқыту деңгейі

Талап етілетін жұмыс тәжірибесі

6

Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) заң білімі

Мамандық бойынша жұмыс тәжірибесі кемінде 5 жыл

«Заң қызметі» кәсіби стандартына 3-қосымша

1. «Заңгер консультант» еңбек қызметінің түрі (кәсібі)

Шифр

Еңбек функциясының атауы (кәсіби стандарт бірліктері)

Ф 1

Заңды тұлғаның қызметін құқықтық қамтамасыз ету

Ф 2

Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелерінің құқықтық жұмысында әдіснамалық және практикалық көмек көрсету

Ф 3

Заңды тұлғаның қызметін құқықтық қамтамасыз ету мәселелерін регламенттейтін құжаттарды әзірлеу

Ф 4

Заңды тұлғаның ішкі құжаттарына құқықтық сараптама жүргізу

2. «Заңгер» еңбек қызметінің түрі (кәсібі)

Шифр

Еңбек функциясының атауы (кәсіби стандарт бірліктері)

Ф 1

Ұйым органдары қызметінің құқықтық негізін анықтау

Ф 2

Басшылыққа қол қоюға ұсынылатын құжаттардың заңнамаға сәйкес келуіне тексеруді жүзеге асыру

Ф 3

Кәсіпорындарды және мамандарды нормативтік құқықтық актілермен қамтамасыз ету

Ф 4

Талап қою-қуыну жұмыстарын жүргізу

Ф 5

Соттарда ұйымның мүдделерін білдіру

Ф 6

Кәсіпорындарда шарттық жұмыстарды жүргізу

3. «Заң бөлімінің бастығы» еңбек қызметінің түрі (кәсібі)

Шифр

Еңбек функциясының атауы (кәсіби стандарт бірліктері)

Ф 1

Бөлімге/қызметке/басқармаға/департаментке басшылық ету

Ф 2

Ұйымның құқықтық мүдделерінің заңдылығын сақтау және қорғалуын қамтамасыз ету

Ф 3

Ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің құқықтық мәселелері жөнінде консультация

Ф 4

Талап қою-қуыну жұмыстарын ұйымдастыру

Ф 5

Соттарда ұйымның немесе кәсіпорынның/заңды тұлғалардың мүдделерін білдіру

Ф 6

Ұйымның құқықтық мүдделерінің заңдылығын сақтау және қорғалуын қамтамасыз ету

Ф 7

Құқықтық сипаттамадағы актілерге құқықтық сараптаманы жүзеге асыру және оларға бұрыштама қою

«Заң қызметі» кәсіби стандартына 4-қосымша

КС бірліктерінің сипаттамасы (функционалдық картасы)

1. «Заңгер консультант» еңбек қызметінің түрі (кәсібі)

Шифр

Біліктері мен дағдылары

Білімі

Жеке және кәсіби құзыреттері

Ф 1

Қазақстан Республикасының заңнамасына, қызмет аясында/саласында жұмыс істеу үшін қажетті нормативтік құқықтық актілерінене бағдар. Өзі жұмыс істейтін заңды тұлғада заңнаманы және ішкі құжаттарының дұрыс қолданылуын қамтамасыз ету.



Өзі жұмыс істейтін заңды тұлғаның өндірістік қызметінің құқықтық мәселелерін шешуді қамтамасыз ету

Корпоративтік, азаматтық, еңбек құқығы және қызмет саласы бойынша арнайы заңнамалар, Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу, әкімшілік, қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу кодекстері.

Адамдармен қарым-қатынас дағдыларын игеру, қақтығыс жағдайларда шешімнің тиімді тәсілдерін табу, кәсіби білімі мен шеберлігін жетілдіру қабілеті, ақпаратпен жұмыс істеуде заманауи техникалық құралдар мен технологияларды игеру, жоспарлау және жұмыс уақытын ұтымды ұйымдастыру дағдыларының болуы, орындаушылық тәртіпті сақтау және топта жұмыс істеу дағдыларының болуы

Ф 2

Жұмысты үйлестіру және заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелердің өкімдік және құрылымдық бөлімшелермен қарым-қатынасты, олардың мүліктік жауапкершілігін реттейтін өзге де ішкі құжаттарды әзірлеуге тікелей қатысу.

Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелеріне әдістемелік және практикалық көмек көрсетуді регламеттейтін, оның ішінде есепке алу, есептілік және құқықтық құжаттаманы жүргізу бойынша заңды тұлғаның ішкі нормативтік актілері.

Ф 3

Заңды құжаттамаларды жасау.



Әрбір проблемаға жеке тәсіл табу, шаблондарды болдырмау.



Қажетті нормативтік құқықтық актілерді, шарттарды, сот шешімдерін және тағы басқа қолдану

Шаруашылық шарттарды, ұжымдық шарттарды, салалық келісімдерді жасасу және ресімдеу тәртібі, заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып құқықтық құжаттаманы жүйелеу, есепке алу және жүргізу тәртібі, экономика, еңбекті, өндірісті ұйымдастыру және басқару негіздері

Ф 4

Заңды тұлғаның ішкі құжаттарына құқықтық сараптама жүргізу.



Заңды тұлғаның ішкі құжаттарының заңнамаға сәйкес келуіне сараптама жүргізу.

Қазақстан Республикасының заңнамалық және құқықтық сараптама жүргізуді регламенттейтін өзге де нормативтік және құқықтық актілері.

2. «Заңгер» еңбек қызметінің түрі (кәсібі)

Шифр

Біліктері мен дағдылары

Білімі

Жеке және кәсіби құзыреттері

Ф 1

Кәсіпорының/заңды тұлғаның қызметін жүзеге асыру үшін кәсіпорынды/заңды тұлғаны қажетті заңдармен, нормативтік құқықтық актілермен қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.



Жаңа заңдар мен заңға тәуелді актілердің шығуын қадағалау.

Қазақстан Республикасының Конституциясы; нормативтік құқықтық актілер; кәсіпорының өндірістік-шаруашылық қызыметін регламенттейтін әдістемелік материалдар, кәсіпорының құрылымының бейіні, мамандандырылуы мен ерекшеліктері; азаматтық, әкімшілік, еңбек және басқа саладағы заңнамалар; іс жүргізу, азаматтық іс жүргізу құқығы, қылмыстық іс жүргізу құқығының негіздері; құқықтық құжаттар жөніндегі іс жүргізу стандарттары; мемлекеттік органдардың құрылымы, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, сот органдары, жүйеге келтіру тәртібі, қазіргі заманғы ақпараттық-технологияларды қолдану арқылы құқықтық құжаттамаларды жүргізу және есептеу, әкімшелендіру негіздері, іскерлік қарым-қатынас этикасы, экономика және өндірісті, еңбекті ұйымдастыру және басқару, еңбек заңнамасы, өрт қауіпсіздігі талаптары.

Адамдармен қарым-қатынас дағдыларын игеру, қақтығыс жағдайларда шешімнің тиімді тәсілдерін табу, кәсіби білімі мен шеберлігін жетілдіру қабілеті, ақпаратпен жұмыс істеуде заманауи техникалық құралдар мен технологиялар игеру, жоспарлау және жұмыс уақытын ұтымды ұйымдастыру дағдыларының болуы, орындаушылық тәртіпті сақтау және топта жұмыс істеу дағдыларының болуы.

Ф 2

Нормативтік актілерді құқықтық талдау;



Қолданыстағы заңнаманы және басқа да құқықтық актілерді түсіндіріп беру, қолдану.



Заңдар мен басқа да нормативтік актілерді қолдану.



Заңды фактілерді және жағдайларды дұрыс саралау әрекеттері.



Құқықтық шешімдерді қабылдау.



Заңды іс-әрекеттерді заңға сәйкес нақты істеу.

Қазақстан Республикасының заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілері, әкімшілік, еңбек, қаржы, салық және өзге де сала заңнамаларын реттейтін әдістемелік материалдар, төрелік жүргізу азаматтық іс жүргізу құқығы, қылмыстық іс жүргізу құқығының негіздері.

Ф 3

Құқық нормаларын жүйелі талдау.



Заңнамаларға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды және жаңа заңдар мен заңға тәуелді актілердің қабылдануын қадағалау

Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің түрлері.

Ф 4

Дауларды шешуде балама тәсілдерді және құқықтық техниканы қолдану. Келіссөздер жүргізу. Ұйымның заңды мүдделерін қорғау желісін және құқықтарын сауатты таңдау және сақтау. Пайда болған дауларды шешудің ұтымды жолдарын іздеу

Әкімшелендіру негіздері, іскерлік қарым-қатынас этикасы, экономика және өндірісті, еңбекті ұйымдастыру және басқару

Ф5

Білімін көрсету (өз көзқарасын дәлелді қорғау, қойылған сұрақтарға жауап беру, қорытынды шығару қабілеті). Кәсіби, жазбаша және ауызша сөйлеу мәдениетін сақтау (қисындылық және анық құрылым, сөз сөйлеу айқындығы және нақты айтушылығы).



Талап арыздарын дайындау

Қазақстан Республикасының заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілері, әкімшілік, еңбек, қаржы, салық және өзге де сала заңнамаларын реттейтін әдістемелік материалдар, төрелік жүргізу азаматтық іс жүргізу құқығы, қылмыстық іс жүргізу құқығының негіздері.

Ф 6

Шарттық қарым-қатынас нысандарын айқындау.



Шарттардың жобаларын қарау.



Кәсіпорындарға контрагенттер ұсынатын шарттардың жобаларының заңнамаға сәйкестігін тексеру.



Шарттардың жобалары жөнінде келіспеушілікті шешу бойынша шаралар қабылдау.



Шарттардың жекелеген түрлеріне нотариаттың куәландыруын қамтамасыз ету.



Шарттық жұмыстарды талдау, оны қайта қарау және өзгерту бағдарламаларын әзірлеу;



кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелерінің шарттық жұмысының жағдайын тексеру.

Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі. Шарттарды әзірлеу ережелері және олардың түрлері, шарттарды мемлекеттік тіркеу рәсімі немесе шарттарды әзірлеу жөніндегі қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер.

3. «Заң бөлімінің бастығы» еңбек қызметінің түрі (кәсібі)

Шифр

Біліктері мен дағдылары

Білімі

Жеке және кәсіби құзыреттері

Ф 1

Заң бөлімінің/қызметінің басқармасының/департаментінің жұмысын ұйымдастыру. Заңды тұрғыдан сүйемелдеу стратегиясын енгізу және әзірлеу. Жергілікті нормативтік актілерді, корпоративтік құжаттарды әзірлеу.

Қазақстан Республикасының Конституциясы; нормативтік құқықтық актілері; методикалық материалдары және заңды қызметті реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және басқа да нормативтік құқықтық актілері.

Қызметкерлердің жұмыстарын және оның нәтижелерін әділ бағалау; қол астындағылардың жұмыстарын ынталандыру мүмкіндіктерін пайдалану; мақсаттар мен оған қол жеткізу тәсілдері негізінде өз қызметін ұйымдастыру; жұмыс жағдайын талдау; ағымдағы және қорытынды бақылауды жүзеге асыру; ұйымдастырушылық дағдылар, сарабдал шешімдерді қабылдау және осы шешімдердің ықтимал салдарын бағалау; міндеттерді тиімді шешуге септігін тигізетін іскерлік байланыстарды жолға қою. Кәсіпорынның қызметін бағалау және түзету, өз жұмысының нәтижелеріне жауапкершілік, кәсіби міндеттерді тиімді орындау үшін қажетті ақпарат іздестіру. Кәсіпорын қызметінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану. Командада жұмыс істеу.

Ф 2

Ұйымда әзірленетін бұйрық, нұсқаулықтардың, ережелердің, стандарттар мен басқа да құқықтық сипаттағы акт жобаларына құқықтық сараптаманы жүзеге асыру; Қолданыстағы заңнаманың бұза отырып шығарылған; Ұйымның қызметінде туындайтын құқықтық мәселелер бойынша қорытындылар әзірлеу

Ұйымның қызметі үшін мәні бар әріптес елдердің заңнамалық негіздері, құқықтық қызмет жөнінде әдістемелік және басқа да материалдар, азаматтық, қаржы, әкімшілік құқық, салық заңнамасы; зейнетақымен қамсыздандыру жөнінде Қазақстан Республикасының заңнамасы

Ф 3

Ұйымда құқықтық жұмыс жөнінде әдістемелік құжаттамамен ұйымдастыруды қамтамасыз ету. Қолданыстағы заңнаманы түсіндіру және қолдану тәртібі. Құрылымдық бөлімшелерге талап – арыз жұмысында құқықтық көмек көрсету, қажетті материалдар әзірлеу, сот және төрелік органдарға беру.

Экономика, еңбекті, өндірісті ұйымдастыру және басқару заңнамасының негіздері; ішкі еңбек тәртібінің ережесін басқару және өндіріс, еңбек заңнамасының негіздері

Ф 4

Дауларды шешуде балама тәсiлдерді қолдану. Келіссөздер жүргізу.



Ұйым құқығын және заңды мүдделерді қорғау бағыттағы жақтау және сауатты таңдау. Пайда болған дауларды тиімді шешу жолдарын іздеу.

Келіссөздерді жүргізуді реттейтін заңнамалық және басқа да нормативтік құқықтық актілер

Ф 5

Білімдерімен операция жасау (өз көзқарасын дәлелді қорғау, қойылған сұрақтарға жауап беру қабілеті, қорытынды жасай білу); Кәсіби ауызша және жазбаша сөйлеу мәдениетін сақтау (қисындылық және анық құрылым, сөз сөйлеу айқындығы және қысқа айтушылығы).

Экономика, еңбекті, өндірісті ұйымдастыру және басқару заңнамасының негіздері; ішкі еңбек тәртібінің ережесін басқару және өндіріс, еңбек заңнамасының негіздері

Ф 6

Ұйыммен дайындалған бұйрық, нұсқаулық, ереже, стандарт және басқа да құқықтық сипаттамадағы актілердің жобаларына құқықтық сараптаманы жүзеге асыру. Қолданыстағы шығарылған заңнаманың бұзылуына байланысты, оларды өзгерту немесе жою жөнінде шаралар қолдану. Ұйымда пайда болған құқықтық сұрақтар жөнінде қорытындыларды, сонымен қатар ұйымға түскен пікірлердің акт жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру.

Қазақстан Республикасының нормативтік актілерін енгізу және әзірлеу жөнінде заңы қызметінін жұмысын реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және басқа да нормативтік құқықтық актілері.

Ф 7

Ұйымда әзірленетін бұйрық, нұсқаулық, ереже, стандарт жобаларына және басқа да құқықтық сипаттағы актілерге құқықтық сараптаманы жүзеге асыру.

Еңбек қорғау және қауіпсіздік бойынша талаптардың сақталуы, өрт қауіпсіздігі және жұмыс орнындағы өндірістік санитария. Еңбекті қорғау және қауіпсіздік саласындағы құқықтары мен міндеттері.

«Заң қызметі» кәсіби стандартына 5-қосымша

Р/с



Ұйымның атауы

Келісілген күні

1

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі






 

2

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі






 

3

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі






 

4

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі






 

5

Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігі






 

6

Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі






 

7

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі






 

8

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі






 

9

Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі






 

10

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі






 

11

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі






 

12

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі






 

13

Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі






 

14

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі






 

15

Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі






 

16

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі






 

17

Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы






 

18

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы






 

Осы КС ______________________________________________________________

____________________________________________________________ тіркелді

КС тізіліміне енгізілді, тіркеу № ________________________,

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание