1. «Өндірісте зертханалық зерттеулер жүргізу саласындағы қызмет» кәсіби стандарты (бұдан әрі – КС) біліктілік, құзыреттілік деңгейіне, еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын талаптарды айқындайды және ол мыналарға:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 691 бұйрығына 12-қосымша
«Өндірісте зертханалық зерттеулер жүргізу саласындағы қызмет» кәсіби кәсіби стандарты
Стандарт күшін жойды 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 15.12.2015 жылғы № 971 Бұйрығына сәйкес
1. Жалпы ережелер
1. «Өндірісте зертханалық зерттеулер жүргізу саласындағы қызмет» кәсіби стандарты (бұдан әрі – КС) біліктілік, құзыреттілік деңгейіне, еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын талаптарды айқындайды және ол мыналарға:
1) еңбек нарығының қазіргі кездегі сұранысына жауап беретін біліктілік талаптарын жаңарту үшін кәсіптік қызметтің мазмұнына қойылатын бірыңғай талаптарды әзірлеуге;
2) персоналды басқару саласындағы кең ауқымды міндеттерді шешуге (персоналды уәждендіру және ынталандыру жүйелерін, лауазымдық нұсқаулықтарды; персоналды іріктеу, таңдау және аттестаттау, мансапты жоспарлау жүйелерін әзірлеуге);
3) персоналды кәсіпорындарда оқытудың, кәсіби білім берудің барлық деңгейінде білім беру бағдарламаларын қалыптастыруға, сондай-ақ осы бағдарламаларға оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеуге;
4) кәсіптік даярлыққа бағалау жүргізуге және мамандардың біліктілігіне сәйкестігін растауға арналған.
2. КС негізінде ұйымдардың біліктілік мінездемелері, лауазымдық нұсқаулықтары, үлгілік оқу бағдарламалары, үлгілік оқу жоспарлары, корпоративтік стандарттары әзірленеді.
3. Осы КС мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) біліктілік – қызметкердің белгілі бір еңбек қызметі түрінің шеңберінде нақты функцияларды сапалы орындауға дайындығы;
2) біліктілік деңгейі – еңбек іс-қимылдарының күрделілігі, стандартты еместігі, жауапкершілігі мен дербестілігі өлшемдеріне қарай сараланатын қызметкерлердің құзыретіне қойылатын талаптар жиынтығы;
3) еңбек функциясы – бизнес-процесс айқындайтын және оларды орындау үшін қажетті құзыреттердің болуын көздейтін еңбек іс-қимылдарының кіріктірілген және салыстырмалы түрде автономды жиынтығын білдіретін еңбек қызметі түрінің құрамдас бөлігі;
4) кәсіби қызмет саласы – ортақ интеграциялық негізі бар (міндетті, объектілері, технологиялары, оның ішінде еңбек құралдары ұқсас немесе жақын) және еңбек функцияларының және оларды орындау үшін құзыреттіліктің ұқсас жиынтығын көздейтін еңбек қызметі саласы түрлерінің жиынтығы;
5) КС – кәсіби қызметтің нақты саласында біліктілік және құзыреттілік деңгейіне, еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын талаптарды айқындайтын стандарт;
6) КС бірлігі – еңбек қызметінің аталған түрі үшін тұтас, аяқталған, салыстырмалы түрде автономды және елеулі болып табылатын нақты еңбек функциясының жан-жақты сипаттамасынан тұратын КС құрылымдық элементі;
7) кәсіп – бұл арнайы дайындық, жұмыс тәжірибесі нәтижесінде туындаған арнайы теориялық білім және практикалық дағдылар кешенін меңгеруді талап ететін еңбек қызметінің түрі;
8) құзыреттілік – еңбек қызметінде білімін, білігі мен тәжірибесін қолдану қабілеті;
9) ұлттық біліктілік шеңбері (бұдан әрі – ҰБШ) – еңбек нарығында танылатын біліктілік деңгейлерін құрылымдық жағынан сипаттау.
2. КС паспорты
4. КС төлқұжаты келесіні анықтайды:
1) экономикалық қызмет түрі (кәсіби қызмет саласы):
Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышы (бұдан әрі – 03-2007 ҚР МС) «72.19 Жаратылыс ғылымы мен инженерия саласында өзге зерттеулер мен әзірлемелер»;
2) экономикалық қызмет түрінің (кәсіби қызмет саласының) негізгі мақсаты: өндірісте зертханалық зерттеулерді жүргізу;
5. КС талаптары осы саладағы мынадай кәсіптерге қатысты:
техник-зертханашы;
инженер-зертханашы;
орталық зауыт зертханасының бастығы;
өндіріс зертханасының (өндірісті бақылау жөніндегі) бастығы;
зерттеу зертханасының бастығы.
3. Еңбек қызметі түрлерінің (кәсібінің) карточкасы
1-параграф «Техник-зертханашы»
6. Еңбек қызметі түрінің (кәсібінің) карточкасы мыналардан тұрады:
1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 4;
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кәсіптер сыныптауышы бойынша базалық топ (бұдан әрі – 01-2005 ҚР МС): 3119 – «Басқа топтарға кірмеген қызметтің физикалық және инженерлік бағыттарының техниктері»;
3) лауазымдардың ықтимал атаулары (кәсіп): техник-зертханашы;
4) орындалатын еңбек қызметінің жалпыланған сипаттамасы:
қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуді, жұмыс орындарын ұтымды ету жөнінде ұсынымдар әзірлеуді көздейді;
5) ықтимал жұмыс орындары, қызметкердің кәсіби біліміне және оқуына талаптар, біліктілігін дәлелдейтін, сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшадағы тарауда «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Техник-зертханашының еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» келтірілген.
2-параграф «Инженер- зертханашы»
7. Еңбек қызметі түрінің (кәсібінің) карточкасы мыналардан тұрады:
1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 5;
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кәсіптер сыныптауышы бойынша базалық топ (бұдан әрі – 01-2005 ҚР МС): 2146 – «Химиктер-технологтар, отын, тоқыма және жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының, тағам өнімдерінің технологтары»;
3) лауазымдардың ықтимал атаулары (кәсіп): инженер-зертханашы;
4) орындалатын еңбек қызметінің жалпыланған сипаттамасы:
барлық өндірістік және табиғи ресурстардың тиімді пайдаланылуы үшін жүргізілетін зерттеулер мен өндірілетін өнімдердің сапасына бақылау жасауды қамтамасыз етуді көздейді;
5) ықтимал жұмыс орындары, қызметкердің кәсіби біліміне және оқуына талаптар, біліктілігін дәлелдейтін, сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшадағы тарауда «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Инженер-зертханашының еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» келтірілген.
3-параграф «Орталық зауыт зертханасының бастығы»
8. Еңбек қызметі түрінің (кәсібінің) карточкасы мыналардан тұрады:
1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 6;
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кәсіптер сыныптауышы бойынша базалық топ (бұдан әрі – 01-2005 ҚР МС): 1222 – «Өнеркәсіпте мамандырылған (өндірістік-пайдалану) бөлімшелердің (қызметтердің) басшылары»;
3) лауазымдардың ықтимал атаулары (кәсіп): орталық зауыт зертханасының бастығы;
4) орындалатын еңбек қызметінің жалпыланған сипаттамасы:
осы зертхана қызметкерлері жүргізетін зерттеулердің ережелері мен талаптарының сақтауын ұйымдастырып, бақылау жасауды көздейді;
5) ықтимал жұмыс орындары, қызметкердің кәсіби біліміне және оқуына талаптар, біліктілігін дәлелдейтін, сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшадағы тарауда «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Орталық зауыт зертханасы бастығының еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» келтірілген.
4-параграф «Өндіріс зертханасының (өндірісті бақылаужөніндегі) бастығы»
9. Еңбек қызметі түрінің (кәсібінің) карточкасы мыналардан тұрады:
1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 6;
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кәсіптер сыныптауышы бойынша базалық топ (бұдан әрі – 01-2005 ҚР МС): 1222 – «Өнеркәсіпте мамандырылған (өндірістік-пайдалану) бөлімшелердің (қызметтердің) басшылары»;
3) лауазымдардың ықтимал атаулары (кәсіп): өндіріс зертханасының (өндірісті бақылау жөніндегі) бастығы;
4) орындалатын еңбек қызметінің жалпыланған сипаттамасы:
өндірістік зерттеулердің ережелері мен талаптары сақталуына бақылау жүргізуді көздейді;
5) ықтимал жұмыс орындары, қызметкердің кәсіби біліміне және оқуына талаптар, біліктілігін дәлелдейтін, сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшадағы тарауда «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Өндіріс зертханасы (өндірісті бақылау жөніндегі) бастығының еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» келтірілген.
5-параграф «Зерттеу зертханасының бастығы»
10. Еңбек қызметі түрінің (кәсібінің) карточкасы мыналардан тұрады:
1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 6;
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кәсіптер сыныптауышы бойынша базалық топ (бұдан әрі – 01-2005 ҚР МС): 1222 – «Өнеркәсіпте мамандырылған (өндірістік-пайдалану) бөлімшелердің (қызметтердің) басшылары»;
3) лауазымдардың ықтимал атаулары (кәсіп): зерттеу зертханасының бастығы;
4) орындалатын еңбек қызметінің жалпыланған сипаттамасы:
қызметкерлердің зертханалық зерттеулерінің ережелері мен талаптарының сақталуына бақылау жүргізуді көздейді;
5) ықтимал жұмыс орындары, қызметкердің кәсіби біліміне және оқуына талаптар, біліктілігін дәлелдейтін, сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшадағы тарауда «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары Зерттеу зертханасы бастығының еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» келтірілген.
4. КС бірліктерінің тізімі
11. КС бірліктерінің тізімі осы КС 2-қосымшасында көрсетілген және КС бірліктерінің шрифті мен атауынан тұрады.
5. КС бірліктерінің сипаттамасы
6. Осы КС негізінде берілетін сертификаттардың түрлері
13. Кәсіби даярлықты бағалау және мамандардың біліктілігіне сәйкестігін растау саласындағы ұйымдар осы КС негізінде сертификаттар береді.
14. Осы КС негізінде берілетін сертификаттардың түрлері осы КС 3-қосымшада көзделген сертификатты алу үшін игеру қажет болатын КС бірліктерінің тізбесіне сәйкес айқындалады.
7. КС әзірлеушілері, келісу парағы, сараптамасы және тіркеуі
15. КС әзірлеушісі «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып табылады.
«Өндірісте зертханалық зерттеулер жүргізу саласындағы қызмет» кәсіби стандартына 1-қосымша
Біліктілік деңгейлері бойынша еңбек қызметінің түрлері (кәсібі)
Р/с № |
Қызмет түрінің атауы |
Еңбек нарығының үрдісіне сай мамандардың атауы |
01-2005 ҚР МС сәйкес мамандықтардың атауы |
ҰБШ біліктілік деңгейі |
БТБА бойынша разряд |
1 |
Жүргізілетін зерттеулер мен шығарылатын өнім сапасын техникалық бақылау |
Техник-зертханашы |
Техник-зертханашы |
4 |
- |
2 |
Инженер-зертханашы |
Инженер-зертханашы |
5 |
- |
|
3 |
Орталық зауыт зертханасының бастығы |
Орталық зауыт зертханасының бастығы |
6 |
- |
|
4 |
Өндіріс зертханасының (өндірісті бақылау жөніндегі) бастығы |
Өндіріс зертханасының бастығы (меңгерушісі) |
6 |
- |
|
5 |
Зерттеу зертханасының бастығы |
Зертхананың меңгерушісі (ғылыми-зерттеу) |
6 |
- |
Ескертпе: БТБА - Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы
«Өндірісте зертханалық зерттеулер жүргізу саласындағы қызмет» кәсіби стандартына 2-қосымша
1. Ықтимал жұмыс орындары. Техник-зертханашының еңбек жағдайларына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар
Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары (кәсіпорындар, ұйымдар) |
Барлық меншік нысанындағы ұйымдар мен кәсіпорындар |
||
Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары |
- |
||
Жұмысқа рұқсат берудің ерекше жағдайлары |
- |
||
ҰБШ біліктілік деңгейі |
Кәсіби білім беру мен оқыту деңгейі |
Талап етілетін жұмыс тәжірибесі |
|
4 (санаты жоқ) |
Орта техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білім |
Талап етілмейді |
|
4 (II санаттағы) |
Тиісті мамандық бойынша орта техникалық және кәсіби (арнайы орта, орта кәсіби) білім |
Санаты жоқ техник лауазымындағы жұмыс тәжірибесі кемінде 2 жыл |
|
4 (I санаттағы) |
Тиісті мамандық бойынша орта техникалық және кәсіби (арнайы орта, орта кәсіби) білім |
II санаттағы техник зертханашы лауазымындағы жұмыс тәжірибесі кемінде 2 жыл |
2. Ықтимал жұмыс орындары. Инженер-зертханашының еңбек жағдайларына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар
Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары (кәсіпорындар, ұйымдар) |
Барлық меншік нысанындағы ұйымдар мен кәсіпорындар |
||
Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары |
- |
||
Жұмысқа рұқсат берудің ерекше жағдайлары |
- |
||
ҰБШ біліктілік деңгейі |
Кәсіби білім беру мен оқыту деңгейі |
Талап етілетін жұмыс тәжірибесі |
|
5 |
Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) білім |
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді |
3. Ықтимал жұмыс орындары. Орталық зауыт зертханасы бастығының еңбек жағдайларына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар
Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары (кәсіпорындар, ұйымдар) |
Барлық меншік нысанындағы ұйымдар мен кәсіпорындар |
||
Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары |
- |
||
Жұмысқа рұқсат берудің ерекше жағдайлары |
- |
||
ҰБШ біліктілік деңгейі |
Кәсіби білім беру мен оқыту деңгейі |
Талап етілетін жұмыс тәжірибесі |
|
6 |
Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) білім |
Өндірісті технологиялық дайындау бойынша жұмыс тәжірибесі кемінде 5 жыл |
4. Ықтимал жұмыс орындары. Өндіріс зертханасы (өндірісті бақылау жөніндегі) бастығының еңбек жағдайларына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар
Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары (кәсіпорындар, ұйымдар) |
Барлық меншік нысанындағы ұйымдар мен кәсіпорындар |
||
Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары |
- |
||
Жұмысқа рұқсат берудің ерекше жағдайлары |
- |
||
ҰБШ біліктілік деңгейі |
Кәсіби білім беру мен оқыту деңгейі |
Талап етілетін жұмыс тәжірибесі |
|
6 |
Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) білім |
Маман лауазымдарында мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі кемінде 3 жыл |
5. Ықтимал жұмыс орындары. Зерттеу зертханасы бастығының еңбек жағдайларына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар
Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары (кәсіпорындар, ұйымдар) |
Барлық меншік нысанындағы ұйымдар мен кәсіпорындар |
||
Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары |
- |
||
Жұмысқа рұқсат берудің ерекше жағдайлары |
- |
||
ҰБШ біліктілік деңгейі |
Кәсіби білім беру мен оқыту деңгейі |
Талап етілетін жұмыс тәжірибесі |
|
6 |
Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) білім |
Маман лауазымдарындағы мамандық бойынша жұмыс тәжірибесі кемінде 3 жыл |
«Өндірісте зертханалық зерттеулер жүргізу саласындағы қызмет» кәсіби стандартына 3-қосымша
КС бірліктерінің тізбесі
1. «Техник-зертханашы» еңбек қызметінің түрі (кәсібі)
Шифр |
Еңбек функциясының атауы (кәсіби стандарт бірліктері) |
Ф1 |
Зертханалық талдау мен сынақтарды жүзеге асыру және жүргізу |
Ф2 |
Эксперименталды және зерттеу жұмыстары |
Ф3 |
Жүргізілген сынақтар негізінде есептеулер жасау |
Ескертпе: Ф - функция
2. «Инженер-зертханашы» еңбек қызметінің түрі (кәсібі)
Шифр |
Еңбек функциясының атауы (кәсіби стандарт бірліктері) |
Ф 1 |
Зертханалық талдау мен сынақтарды жүзеге асыру және жүргізу |
Ф 2 |
Эксперименталдық және зерттеу жұмыстары |
Ф 3 |
Жүргізілген сынақтар негізінде есептеулер жасау |
3. «Орталық зауыт зертханасының бастығы» еңбек қызметінің түрі (кәсібі)
Шифр |
Еңбек функциясының атауы (кәсіби стандарт бірліктері) |
Ф 1 |
Ғылыми-зерттеу және эксперименталды жұмыстарды жүргізуді ұйымдастыру |
Ф 2 |
Ғылыми-зерттеу және эксперименталды жұмыстардың нәтижелерін енгізу |
Ф 3 |
Зерттеулер жүргізуді ұйымдастыру және өнім ақауының пайда болу себептері |
Ф 4 |
Өнім сапасын жақсарту және шығаруын көбейту бойынша жұмыстарды ұйымдастыру |
4. «Өндіріс зертханасының (өндірісті бақылау жөніндегі) бастығы» еңбек қызметінің түрі (кәсібі)
Шифр |
Еңбек функциясының атауы (кәсіби стандарт бірліктері) |
Ф 1 |
Физикалық-химиялық зерттеулер, сынақтар жүргізуді ұйымдастыру |
Ф 2 |
Лабораториялық бақылаудың жаңа әдістерін өндіріске енгізу және әзірлеу жөнінде жұмысты ұйымдастыру |
Ф 3 |
Өнімді сертификаттау және аттестаттау, жетілдіру жөнінде дайындық жұмыстарын ұйымдастыру |
Ф 4 |
Өндірісті ағымдағы бақылау жөнінде нұсқаулық және әдістеме жасау |
Ф 5 |
Жұмысшылардың жұмыс орнындағы зертханалық жабдықтардың жағдайларын бақылау |
5. «Зерттеу зертханасының бастығы» еңбек қызметінің түрі (кәсібі)
Шифр |
Еңбек функциясының атауы (кәсіби стандарт бірліктері) |
Ф 1 |
Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру |
Ф 2 |
Жаңа технологиялық процестерді енгізуге қатысу |
Ф 3 |
Перспективалық және жылдық тақырыптық жоспарларды әзірлеу |
Ф 4 |
Әзірлемелердің тиімділігін айқындау |
«Өндірісте зертханалық зерттеулер жүргізу саласындағы қызмет» кәсіби стандартына 4-қосымша
КС бірліктерінің сипаттамасы (функционалдық картасы)
1. «Техник-зертханашы» еңбек қызметінің түрі (кәсібі)
Шифр |
Біліктері мен дағдылары |
Білімі |
Жеке және кәсіби құзыреттері |
Ф 1 |
Қолданыстағы техникалық жағдайларға және стандарттарға сәйкестігін айқындау үшін шикізатты, жартылай дайын өнімдерді, материалдарды, конструкцияларды және дайын өнімді сынау және зерттеулердің басқа да түрлері. |
Нормативтік құқықтық актілер және өндірістік технология. Зертхана жабдықтары және оны пайдалану ережелері, шикізатқа, материалдарға және дайын өнімдерге қойылатын техникалық талаптар. |
Белгіленген шеңберде өзгеріп тұруы мүмкін өз қызметтерін ұйымдастыру және басқару. |
Ф 2 |
Өндірістің және өндірісті зертханалық бақылаудың экономикалық және тиімді әдістерін табу. |
Негізгі технологиялық процесстер және өндірістің режимдері. |
|
Ф 3 |
Сынақтар мен зерттеулердің нәтижелеріне талдау жүргізу және оларды жүйелеу. |
Ғылыми-зерттеу жұмыстары негізінде талдау жүргізу және өндірістің зертханалық бақылауын ұйымдастыру әдістері |
|
2. «Инженер-зертханашы» еңбек қызметінің түрі (кәсібі)
Шифр |
Біліктері мен дағдылары |
Білімі |
Жеке және кәсіби құзыреттері |
Ф 1 |
Қолданыстағы техникалық жағдайларға және стандарттарға сәйкестігін айқындау үшін шикізатты, жартылай дайын өнімдерді, материалдарды, конструкцияларды және дайын өнімдерді сынау және зерттеудің басқа да түрлері |
Қазақстан Республикасының заңнамалары, өзге де нормативтік құқықтық актілері және ғылыми-техникалық қызметке жататын әдістемелік материалдар. |
Белгіленген шеңберде өзгеріп тұруы мүмкін өз қызметтерін ұйымдастыру және басқару. Әлеуметтік міндеттерді іске асыру бойынша әдістер мен құралдарды өз бетінше таңдау қабілетін көрсету. Басқалардың жұмысына басшылық ету. |
Ф 2 |
Өндірістің және өндірісті зертханалық бақылаудың анағұрлым үнемді және тиімді әдістерін табу. Технологиялық процестерді жасау және оларды зерттеу. Пайдаланылатын материалдарға стандарттар мен техникалық шарттарды енгізу. |
Есептеуіш техникасының, коммуникация мен байланыстың заманауи құралдары, ұқсас өнімді өндіру технологиясы саласында отандық және шетел ұйымдарының озық тәжірибесі. |
|
Ф 3 |
Сынақтар мен зерттеулерден алынған нәтижелерге талдау жүргізу және оларды жүйелеу. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу және өндірістің зертханалық бақылауын ұйымдастыру |
Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу және өндірістің зертханалық бақылауын ұйымдастыру. |
|
3. «Орталық зауыт зертханасының бастығы» еңбек қызметінің түрі (кәсібі)
Шифр |
Біліктері мен дағдылары |
Білімі |
Жеке және кәсіби құзыреттері |
Ф 1 |
Зерттеулер жүргізуді қамтамасыз ету. |
Қазақстан Республикасының заңнамалық, нормативтік құқықтық актілері және ғылыми техникалық қызметке қатысты әдістемелік материалдар. |
Уәждеме және таным белсендiлiгі. |
Ф 2 |
Жүргізілген зерттеулер негізінде технологиялық нұсқаулық, техникалық шарттар мен стандарттарды өзгерту бойынша ұсыныстар әзірлеу. |
Қазақстан Республикасының заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілері және әзірлемелердің тиімділігін анықтау әдістеріне жататын әдістемелік материалдар; |
|
Ф 3 |
Өндіріске түсетін шикізат, материал, жартылай дайын өнімдер сапасына зертханалық бақылау жүргізуді ұйымдастыру. Жүргізілетін зерттеулер мен сынақтар нәтижелерін талдау және жинақтау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. |
Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік құқықтық актілері, өнімді мемлекеттік аттестаттау және сертификаттаудың қолданыстағы жүйесіне қатысты әдістемелік материалдар; ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу және өндірістегі зертханалық бақылауды ұйымдастыру. |
|
Ф 4 |
Ғылыми-зерттеу және эксперименталды жұмыстардың нәтижелерін, техникалық шарттар мен стандарттарды қолдану. Өлшеудің жаңа әдістерін әзірлеу және шығарылатын өнім мен материалдардың сапасын бағалау. Өндірістік, экологиялық стандарт және норма, техникалық шарттарға шығарылатын өнімнің сәйкестігін анықтау. |
Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік құқықтық актілері, өнім, шикізат, материалдар сапасын бақылау әдістеріне қатысты әдістемелік материалдар; шикізат материалдары мен дайын өнімге қойылатын техникалық талаптар; экологиялық стандарттар мен нормативтер |
4. «Өндіріс зертханасының (өндірісті бақылау жөніндегі) бастығы» еңбек қызметінің түрі (кәсібі)
Шифр |
Біліктері мен дағдылары |
Білімі |
Жеке және кәсіби құзыреттері |
Ф 1 |
Шикізат, материалдар, жартылай дайын өнімдер және дайын өнім сапасының қолданыстағы стандарттарға, техникалық шарттарға және. экологиялық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келуіне химиялық талдаулар, физикалық-химиялық, механикалық сынақтар мен зертханалық бақылауға зерттеулер жүзеге асыру |
Қазақстан Республикасының заңнамалары, өзге де нормативтік құқықтық актілері, өндірісті техникалық әзірлеу бойынша әдістемелік және нормативтік-техникалық материалдар, техникалық процестер және өндіріс режимдері. |
Адамдармен қарым-қатынас жасау дағдыларының болуы. |
Ф 2 |
Қолда бар әдістерді жетілдіру, зертханалық бақылаудың жаңа әдістерін енгізу және әзірлеу жөнінде жұмыстарды жүзеге асыру. |
Зертхана жабдықтары, оның жұмыс істеу қағидаттары және пайдалану ережесі; ұйымның техникалық даму келешегі; зерттеу жұмыстарын жүргізу әдістері және ұйымдастыру өндірсті зертханалық бақылау жөнінде нұсқамалар және әдістемелер, техникалық жағдайлар стандарттар өнімді мемлекеттік сертификаттау және аттестаттаудың қолданыстағы жүйесі. |
|
Ф 3 |
Өнімнің жаңа және өзгертілген үлгілерін сынау, техникалық құжаттамаларды келісу. |
Ұқсас өнімнің технологиялық өндірісі саласындағы отандық және шетелдік озық тәжірибе; экономика, өндірісті, еңбекті ұйымдастыру және басқару негіздері, есептеу техникасы, коммуникация мен байланыс құралдары. |
|
Ф 4 |
Жұмыс орындарында экспресс-талдау, зертхана қызметкерлерінің жұмыстарды дұрыс және нақты орындауын бақылау. |
Өндірісті бақылау әдістері мен нұсқаулықтары; техникалық шарттар, өндірісті зертханалық бақылаудың әдістері мен нұсқаулықтары мемлекеттік аттестация және өнімді сертификаттаудың қолданыстағы жүйесі. |
|
Ф 5 |
Зертханалық жабдықтардың және зертхана қызметкерлерінің жұмыс орындарының жай-күйіне, олардың еңбек қауіпсіздігіне және еңбекті қорғау талаптарына сәйкестігіне бақылауды жүзеге асыру. |
Өндірісті зертханалық бақылау жөніндегі әдістемелер мен нұсқаулықтар, өндірісті зертханалық бақылау жөніндегі техникалық шарттар, әдістемелер мен нұсқаулықтар; қолданыстағы өнімді мемлекеттік сертификаттау және аттестаттау жүйесі. |
|
5. «Зерттеу зертханасының бастығы» еңбек қызметінің түрі (кәсібі)
Шифр |
Біліктері мен дағдылары |
Білімі |
Жеке және кәсіби құзыреттері |
Ф 1 |
Зерттеу жұмыстарын жүргізу кезінде зерттеулердің, сынақтардың едәуір жетілген әдістерін айқындау. |
Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік құқықтық актілері, ғылыми-техникалық қызметке қатысты әдістемелік және нормативтік-техникалық материалдар. |
Уәждеме және таным белсендiлiгі. |
Ф 2 |
Отандық және шетелдік үздік сапа стандарттары мен экологиялық қауіпсіздікке сәйкес бәсекеге қабілетті өнім өндіруді қамтамасыз ететін технологиялық процестер мен жабдықтарды қолдану |
Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік құқықтық актілері зерттеулерді жүргізуді, әзірлемелердің экономикалық тиімділігін анықтауды ұйымдастыруға қатысты әдістемелік және нормативтік-техникалық материалдар. |
|
Ф 3 |
Ұйымда ұқсас шығарылатын өнім өндірісінің технологиясын жетілдіру саласында отандық және шетелдік озық тәжірибені зерттеуді ұйымдастыру |
Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік құқықтық актілері, техникалық құжаттаманы ресімдеу тәртібіне қатысты әдістемелік және нормативтік-техникалық материалдар, зерттеулер жүргізу әдістері және ұйымдастыру, әзірлемелердің экономикалық тиімділігін айқындау, ұқсас өнімдер өндірісінің технологиясы саласында отандық және шетелдік алдыңғы тәжірибе, экономика, өндірісті, еңбекті ұйымдастыру және басқару. |
|
Ф 4 |
Дайын өнімнің сапасын айқындау, оның қолданыстағы өндірістік стандарттарға |
Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік құқықтық актілері, зерттеулерді жүргізуге ұйымдастыруға қатысты әдістемелік және нормативтік-техникалық материалдар, әзірлемелердің экономикалық тиімділігін айқындау |
«Өндірісте зертханалық зерттеулер жүргізу саласындағы қызмет» кәсіби стандартына 5-қосымша
Келісу парағы
Р/с |
Ұйымның атауы |
Келісілген күні |
1 |
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі |
|
2 |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі |
|
3 |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі |
|
4 |
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі |
|
5 |
Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігі |
|
6 |
Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі |
|
7 |
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі |
|
8 |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі |
|
9 |
Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі |
|
10 |
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі |
|
11 |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі |
|
12 |
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі |
|
13 |
Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі |
|
14 |
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі |
|
15 |
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі |
|
16 |
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі |
|
17 |
Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы |
|
18 |
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы |
|
Осы КС ______________________________________________________________
____________________________________________________________ тіркелді
КС тізіліміне енгізілді, тіркеу № ________________________,
Хат (хаттама) № ___________ Күні ___________________
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |