• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2016 г

Отправить по почте

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 691 бұйрығына 13-қосымша

«Экономикалық қызмет» кәсіби кәсіби стандарты
Стандарт күшін жойды 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 15.12.2015 жылғы № 971 Бұйрығына сәйкес
1. Жалпы ережелер
1. «Экономикалық қызмет» кәсіби стандарты (бұдан әрі – КС) біліктілік, құзыреттілік деңгейіне, еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын талаптарды айқындайды және ол мыналарға:
1) еңбек нарығының қазіргі кездегі сұранысына жауап беретін біліктілік талаптарын жаңарту үшін кәсіптік қызметтің мазмұнына қойылатын бірыңғай талаптарды әзірлеуге;
2) персоналды басқару саласындағы кең ауқымды міндеттерді шешуге (персоналды уәждендіру және ынталандыру жүйелерін, лауазымдық нұсқаулықтарды, персоналды іріктеу, таңдау және аттестаттау, мансапты жоспарлау жүйелерін әзірлеуге);
3) персоналды кәсіпорындарда оқытудың, кәсіби білім берудің барлық деңгейінде білім беру бағдарламаларын қалыптастыруға, сондай-ақ осы бағдарламаларға оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеуге;
4) кәсіптік даярлыққа бағалау жүргізуге және мамандардың біліктілігіне сәйкестігін растауға арналған.
2. КС негізінде ұйымдардың біліктілік мінездемелері, лауазымдық нұсқаулықтары, үлгілік оқу бағдарламалары, үлгілік оқу жоспарлары, корпоративтік стандарттары әзірленеді. 
3. Осы КС мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) біліктілік – қызметкердің белгілі бір еңбек қызметі түрінің шеңберінде нақты функцияларды сапалы орындауға дайындығы;
2) біліктілік деңгейі – еңбек іс-қимылдарының күрделілігі, стандартты еместігі, жауапкершілігі мен дербестілігі өлшемдеріне қарай сараланатын қызметкерлердің құзыретіне қойылатын талаптар жиынтығы;
3) еңбек функциясы – бизнес-процесс айқындайтын және оларды орындау үшін қажетті құзыреттердің болуын көздейтін еңбек іс-қимылдарының кіріктірілген және салыстырмалы түрде автономды жиынтығын білдіретін еңбек қызметі түрінің құрамдас бөлігі;
4) кәсіби қызмет саласы – ортақ интеграциялық негізі бар (міндетті, объектілері, технологиялары, оның ішінде еңбек құралдары ұқсас немесе жақын) және еңбек функцияларының және оларды орындау үшін құзыреттіліктің ұқсас жиынтығын көздейтін еңбек қызметі саласы түрлерінің жиынтығы;
5) КС – кәсіби қызметтің нақты саласында біліктілік және құзыреттілік деңгейіне, еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын талаптарды айқындайтын стандарт;
6) КС бірлігі – еңбек қызметінің аталған түрі үшін тұтас, аяқталған, салыстырмалы түрде автономды және елеулі болып табылатын нақты еңбек функциясының жан-жақты сипаттамасынан тұратын КС құрылымдық элементі;
7) кәсіп – бұл арнайы дайындық, жұмыс тәжірибесі нәтижесінде туындаған арнайы теориялық білім және практикалық дағдылар кешенін меңгеруді талап ететін еңбек қызметінің түрі; 
8) құзыреттілік – еңбек қызметінде білімін, білігі мен тәжірибесін қолдану қабілеті;
9) ұлттық біліктілік шеңбері (бұдан әрі – ҰБШ) – еңбек нарығында танылатын біліктілік деңгейлерін құрылымдық жағынан сипаттау.
2. КС паспорты
4. КС төлқұжаты келесіні анықтайды:
1) экономикалық қызмет түрі (кәсіби қызмет саласы):
Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышы (бұдан әрі – 03-2007 ҚР МС) «64.99 Өзге топтарға жатқызылмаған сақтандыру және зейнетақы қорларын қоспағанда, қаржы қызметінің басқа түрлері»;
2) экономикалық қызмет түрінің (кәсіби қызмет саласының) негізгі мақсаты: өндірістік қызметтің рентабельділігін қамтамасыз ету;
3) еңбек қызметінің түрлері, кәсіптері, біліктілік деңгейлері осы КС 1-қосымшада көрсетілген;
5. КС талаптары осы саладағы мынадай кәсіптерге қатысты: 
экономистер (жоспарлау жөніндегі, өткізу жөніндегі, материалдық-техникалық жабдықтау жөніндегі, шарт және шағым жөніндегі, еңбек жөніндегі, есептеу (ақпараттық-есептеу) орталығының экономисі); 
салықтар мен алымдар жөніндегі консультант;
бас экономист;
жоспарлау-экономика бөлімінің бастығы;
директордың экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары (коммерциялық директор, вице-президент).
3. Еңбек қызметі түрлерінің (кәсібінің) карточкасы
1-параграф «Экономист»
6. Еңбек қызметі түрінің (кәсібінің) карточкасы мыналардан тұрады:
1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 5;
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кәсіптер сыныптауышы бойынша базалық топ (бұдан әрі – 01-2005 ҚР МС): 2441– «Экономистер»;
3) лауазымдардың ықтимал атаулары (кәсіп): экономист, еңбек жөніндегі экономист, есептеу (ақпараттық-есептеу) орталығының экономисі, материалдық-техникалық жабдықтау жөніндегі экономист (экономист-логистик), өткізу жөніндегі экономист, жоспарлау жөніндегі экономист, шарт және шағым жұмыстары жөніндегі экономист; 
4) орындалатын еңбек қызметінің жалпыланған сипаттамасы:
ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізуді, экономикалық теориялар мен әдіснамаларды жетілдіруді және дамытуды, экономиканы практикалық басқаруды жүзеге асыруды, сондай-ақ экономикалық мәселелер бойынша консультацияны көздейді;
5) ықтимал жұмыс орындары, қызметкердің кәсіби біліміне және оқуына талаптар, біліктілігін дәлелдейтін, сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшадағы тарауда «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Экономистің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» келтірілген.
2-параграф « Салықтар мен алымдар жөніндегі консультант»
7. Еңбек қызметі түрінің (кәсібінің) карточкасы мыналардан тұрады:
1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 5;
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кәсіптер сыныптауышы бойынша базалық топ (бұдан әрі – 01-2005 ҚР МС): 2441– «Экономистер»;
3) лауазымдардың ықтимал атаулары «кәсіп»: салықтар мен алымдар жөніндегі консультант;
4) орындалатын еңбек қызметінің жалпыланған сипаттамасы:
салық заңнамасын қолдану бойынша ұйымдық-құқықтық нысандарға қарамастан жеке тұлғалар әртүрлі экономикалық қызмет түрлері ұйымдарына консультациялық қызметтер көрсетуді көздейді;
5) ықтимал жұмыс орындары, қызметкердің кәсіби біліміне және оқуына талаптар, біліктілігін дәлелдейтін, сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшадағы тарауда «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Салықтар мен алымдар жөніндегі консультантың еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» келтірілген.
3-параграф «Бас экономист»
8. Еңбек қызметі түрінің (кәсібінің) карточкасы мыналардан тұрады:
1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 6;
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кәсіптер сыныптауышы бойынша базалық топ (бұдан әрі – 01-2005 ҚР МС): 1231 – «Қаржы-экономикалық және әкімшілік бөлімшелердің (қызметтердің) басшылары»;
3) лауазымдардың ықтимал атаулары (кәсіп): бас экономист;
4) орындалатын еңбек қызметінің жалпыланған сипаттамасы:
бөлімшенің жұмысын бағыттау және үйлестіру, қаржы-экономикалық қатынастарды қалыптастыру, реттеу және әкiмшiлiк мәселелерді шешу жөніндегі тиісті құрылымдық бөлімшелердің (қызметтердің) қызметіне басшылық етуді көздейді;
5) ықтимал жұмыс орындары, қызметкердің кәсіби біліміне және оқуына талаптар, біліктілігін дәлелдейтін, сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшадағы тарауда «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Бас экономистің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» келтірілген.
4-параграф «Жоспарлау-экономика бөлімінің бастығы»
9. Еңбек қызметі түрінің (кәсібінің) карточкасы мыналардан тұрады:
1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 6;
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кәсіптер сыныптауышы бойынша базалық топ (бұдан әрі – 01-2005 ҚР МС): 1231- «Қаржы-экономикалық және әкімшілік бөлімшелердің (қызметтердің) басшылары»;
3) лауазымдардың ықтимал атаулары (кәсіп): жоспарлау-экономикалық бөлімінің бастығы;
4) орындалатын еңбек қызметінің жалпыланған сипаттамасы:
ұйым жұмысының ең үлкен тиімділігіне қол жеткізу мақсатымен өндіріс резервтерін анықтау және пайдалану бойынша ұйымда экономикалық жоспарлау бойынша жұмыстарға басшылық етуді көздейді;
5) ықтимал жұмыс орындары, қызметкердің кәсіби біліміне және оқуына талаптар, біліктілігін дәлелдейтін, сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшадағы тарауда «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Жоспарлау-экономика бөлімі бастығының еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» келтірілген.
5-параграф «Директордың экономикалық мәселелер жөніндегіорынбасары (коммерциялық директор, вице-президент)»
10. Еңбек қызметі түрінің (кәсібінің) карточкасы мыналардан тұрады:
1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 7;
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кәсіптер сыныптауышы бойынша базалық топ (бұдан әрі – 01-2005 ҚР МС): 1231 «Қаржы-экономикалық және әкімшілік бөлімшелер (қызметтер) басшылары»;
3) лауазымдардың ықтимал атаулары (кәсіп): директордың экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары;
4) орындалатын еңбек қызметінің жалпыланған сипаттамасы: 
еңбек өнiмдiлiгiн, өндірістің тиiмдiлiгі мен рентабельділігін, шығарылатын өнiмнiң (жұмыстар мен қызметтердің) сапасын арттыруға, оның өзiндiк құнын төмендетуге, еңбек өнiмдiлiгінің өсуін қамтамасыз етуге, материалдық, еңбек және қаржы ресурстарының аз шығындау арқылы ең үлкен нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған ұйымның экономикалық қызметін ұйымдастыруды және жетiлдiруді көздейді;
5) ықтимал жұмыс орындары, қызметкердің кәсіби біліміне және оқуына талаптар, біліктілігін дәлелдейтін, сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшадағы тарауда «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Директордың экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасарының (коммерциялық директор, вице-президент) еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» келтірілген.
4. КС бірліктерінің тізімі
11. КС бірліктерінің тізімі осы КС 2-қосымшасында көрсетілген және КС бірліктерінің шрифті мен атауынан тұра
5. КС бірліктерінің сипаттамасы
12. КС бірліктерінің сипаттамасы осы КС 4-қосымшасында көрсетілген.
6. Осы КС негізінде берілетін сертификаттардың түрлері
13. Кәсіби даярлықты бағалау және мамандардың біліктілігіне сәйкестігін растау саласындағы ұйымдар осы КС негізінде сертификаттар береді.
14. Осы КС негізінде берілетін сертификаттардың түрлері осы КС 3-қосымшада көзделген сертификатты алу үшін игеру қажет болатын КС бірліктерінің тізбесіне сәйкес айқындалады.
7. КС әзірлеушілері, келісу парағы, сараптамасы және тіркеуі
15. КС әзірлеушісі «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып табылады.
16. КС келісу парағы осы КС 5-қосымшасында көрсетілген.
«Экономикалық қызмет»
кәсіби стандартына
1-қосымша
Біліктілік деңгейлері бойынша еңбек қызметінің түрлері (кәсібі)

Р/с



Қызмет түрінің атауы

Еңбек нарығының үрдісін ескергендегі кәсіптердің атауы

01-2005 ҚР МС сәйкес кәсіптердің атауы

ҰБШ біліктілік деңгейі

БТБА бойынша разряд

1

Экономикалық қызмет

Экономистер (жоспарлау жөніндегі, өткізу жөніндегі, материалдық-техникалық жабдықтау жөніндегі, шарт және шағым жөніндегі, еңбек жөніндегі, есептеу (ақпараттық-есептеу) орталығының экономисі)

Жоспарлау жөніндегі экономистер, өткізу жөніндегі, материалдық-техникалық жабдықтау жөніндегі экономист, шарт және шағым жөніндегі экономист, еңбек жөніндегі экономист, есептеу (ақпараттық-есептеу) орталығының экономисі

5

-

2

Салықтар мен алымдар жөніндегі консультант

Экономикалық мәселелер жөніндегі консультант

5

-

3

Бас экономист

Бас экономист

6

-

4

Жоспарлау-экономика бөлімінің бастығы

Қаржы-экономика бөлімінің бастығы

6

-

5

Директордың экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары (коммерциялық директор, вице-президент)

Экономика жөніндегі директор

7

7

Ескертпе: БТБА - Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы
«Экономикалық қызмет»
кәсіби стандартына
2-қосымша
1. Ықтимал жұмыс орындары. Экономистің еңбек жағдайларына,
біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар

Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары (кәсіпорындар, ұйымдар)

Барлық меншік нысанындағы ұйымдар мен кәсіпорындар

Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары

-

Жұмысқа рұқсат берудің ерекше жағдайлары

-

ҰБШ біліктілік деңгейі

Кәсіби білім беру мен оқыту деңгейі

Талап етілетін жұмыс тәжірибесі

5 (Санаты жоқ)

Тиісті мамандық бойынша жоғарғы (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді

Тиісті мамандық бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім

I санаттағы техник лауазымында жұмыс тәжірибесі кемінде 3 жыл

5 (II санаттағы)

Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) білім

Санаты жоқ экономист лауазымында жұмыс тәжірибесі кемінде 3 жыл

5 (I санаттағы)

Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) білім

II санаттағы экономист лауазымында жұмыс тәжірибесі кемінде 2 жыл

2. Ықтимал жұмыс орындары. Салықтар мен алымдар жөніндегі
консультанттың еңбек жағдайларына, біліміне және жұмыс
тәжірибесіне қойылатын талаптар

Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары (кәсіпорындар, ұйымдар)

Барлық меншік нысанындағы ұйымдар мен кәсіпорындар

Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары

-

Жұмысқа рұқсат берудің ерекше жағдайлары

-

ҰБШ біліктілік деңгейі

Кәсіби білім беру мен оқыту деңгейі

Талап етілетін жұмыс тәжірибесі

5

Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) білім

Мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі кемінде 3 жыл

Орта техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім

Мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі кемінде 5 жыл

3. Ықтимал жұмыс орындары. Бас экономисттің еңбек жағдайларына,
біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар

Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары (кәсіпорындар, ұйымдар)

Барлық меншік нысанындағы ұйымдар мен кәсіпорындар

Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары

-

Жұмысқа рұқсат берудің ерекше жағдайлары

-

ҰБШ біліктілік деңгейі

Кәсіби білім беру мен оқыту деңгейі

Талап етілетін жұмыс тәжірибесі

6

Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) білім

Экономика саласындағы басшы лауазымдарда жұмыс тәжірибесі кемінде 5 жыл

4. Ықтимал жұмыс орындары. Жоспарлау-экономика бөлімі
бастығының еңбек жағдайларына, біліміне және жұмыс
тәжірибесіне қойылатын талаптар

Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары (кәсіпорындар, ұйымдар)

Барлық меншік нысанындағы ұйымдар мен кәсіпорындар

Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары

-

Жұмысқа рұқсат берудің ерекше жағдайлары

-

ҰБШ біліктілік деңгейі

Кәсіби білім беру мен оқыту деңгейі

Талап етілетін жұмыс тәжірибесі

6

Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) білім

Мамандық бойынша жұмыс тәжірибесі кемінде 5 жыл

5. Ықтимал жұмыс орындары. Директордың экономикалық
мәселелер жөніндегі орынбасарының (коммерциялық директор,
вице-президент) еңбек жағдайларына, біліміне және жұмыс
тәжірибесіне қойылатын талаптар

Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары (кәсіпорындар, ұйымдар)

Барлық меншік нысанындағы ұйымдар мен кәсіпорындар

Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары

-

Жұмысқа рұқсат берудің ерекше жағдайлары

-

ҰБШ біліктілік деңгейі

Кәсіби білім беру мен оқыту деңгейі

Талап етілетін жұмыс тәжірибесі

7

Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) білім

Экономика саласында басшылық лауазымда жұмыстар тәжірибесі кемінде 5 жыл

«Экономикалық қызмет»
кәсіби стандартына
3-қосымша
КС бірліктерінің тізбесі
1. «Экономист» еңбек қызметінің түрі (кәсібі)

Шифр

Еңбек функциясының атауы (кәсіби стандарт бірліктері)

Ф 1

Ұйымның шаруашылық қызметін талдау және еңбек пен өндiрiсті ұйымдастырудың негiзгi көрсеткiштерiн айқындау

Ф 2

Еңбектi ұйымдастырудың тиiмдiлiгiн және өндiрiстiң рентабельділігін арттыру

Ф 3

Ұйымның шаруашылық қызметін жоспарлау

Ф 4

Ұйымның шартты міндеттемелерін ресімдеу

Ф 5

Есептеу техникасы құралдарымен жұмыс істеу

Ескертпе: Ф - функция
2. «Салықтар мен алымдар жөніндегі консультант» еңбек
қызметінің түрі (кәсібі)

Шифр

Еңбек функциясының атауы (кәсіби стандарт бірліктері)

Ф 1

Салық базасын қалыптастыру, салықтар мен алымдар түрлері бойынша жеке және заңды тұлғаларға консультациялық қызметі көрсету

Ф 2

Бухгалтерлік есепті жүргізу және бухгалтерлік есептілікті дайындау бойынша жеке және заңды тұлғаларға консультациялық қызметі көрсету

3. «Бас экономист» еңбек қызметінің түрі (кәсібі)

Шифр

Еңбек функциясының атауы (кәсіби стандарт бірліктері)

Ф 1

Ұйымның экономикалық қызметін жоспарлау және оңтайландыру

Ф 2

Қызметтік-коммуникациялық, басқарушылық, бақылау-бағалау және басқа да әкімшілік функцияларды орындау

Ф 3

Қаржы-экономикалық қатынастарды реттеу әкімшілік мәселерді шешу

4. «Жоспарлау-экономика бөлімінің бастығы» еңбек қызметінің
түрі (кәсібі)

Шифр

Еңбек функциясының атауы (кәсіби стандарт бірліктері)

Ф 1

Ұйымдағы экономикалық жоспарлау

Ф 2

Ұйымның экономикалық қызметін оңтайландыру

Ф 3

Персоналды басқару

5. «Директордың экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары
(коммерциялық директор, вице-президент» еңбек қызметінің түрі
(кәсібі)

Шифр

Еңбек функциясының атауы (кәсіби стандарт бірліктері)

Ф 1

Ұйымның экономикалық қызметін жетілдіру, еңбек өнімділігін, өндірістің тиімділігі мен рентабельділігін арттыру

Ф 2

Ұйым қызметінің барлық түрлерін кешенді экономикалық талдау жөніндегі жұмыстарды үйлестіру

Ф 3

Барлық бөлімшелердің қызметіне басшылық ету

«Экономикалық қызмет»
кәсіби стандартына
4-қосымша
КС бірліктерінің сипаттамасы (функционалдық картасы)
1. «Экономист» еңбек қызметінің түрі (кәсібі)

Шифр

Біліктері мен дағдылары

Білімі

Жеке және кәсіби құзыреттері

Ф 1

Шаруашылық-қаржы, коммерциялық және өндірістік қызметтерінің бастапқы деректерін дайындау. Өнімді сату көлемдерінің өсімін қамтамасыз ету және пайданы арттыру мақсатында ұйымның (бизнес-жоспарларын) жасау. Шығарылатын өнімді өндіруге және іске асыруға қажетті материалдық, еңбек, қаржы шығындары бойынша есеп. Атқарылатын жұмыстардың тиімділігін айқындау жөніндегі есептерді дайындау. Келіп түсетін ақша қаражаттарын, тауар-материалдық құндылықтарды, негізгі қаражаттарды есепке алу. Бухгалтерлік есептерді есепке алу және есептердің қозғалысы мен жүргізілетін операциялардың уақытылы көрініс табуы. Өндіріс шығынын анықтау, өнімді сату (жұмыстар мен қызметтерді орындау) бойынша шығыстар сметаларын, шаруашылық-қаржы қызметінің нәтижелерін дайындау. Ішкі шаруашылық резервтерді анықтау, өнімнің өзіндік құнын төмендету, шығындар мен өнімсіз шығыстардың алдын алу.

Ұйымның қызметін жоспарлау және есепке алу, талдау жөніндегі басшылыққа алатын материалдар.



Перспективалық және жылдық жұмыс жоспарларын әзірлеу әдістері.



Қаржы есептілігін дайындау және оларды орындау тәртібі, әдістері.



Қолданыстағы стандарттар, шикізатқа, материалдарға, шығарылатын өнімге қойылатын техникалық шарттар. Тұтыну материалдарының, көтерме және бөлшек бағалардың номенклатураларын әзірлеу тәртібі мен әдістері.



Ұйымның экономикасына, даму перспективасына және ұйымның стратегиясына қатысты әдістемелік материалдар.



Экономикалық қызмет түрінің даму перспективалары, бейін, мамандану және ұйым құрылымының ерекшеліктері

Өзінің жұмыс нәтижелеріне жауаптылық. Белгіленген біліктілік шеңберінде өз қызметін басқару. Экономикалық міндеттерді іске асыру әдістері мен құралдарын өз бетінше таңдау қабілеті. Бөлiмшелердiң қызметін үйлестiру. Стандартты емес әрекет ету және ойлау қабілеті, ой-өрісі кең адам. Өзін-өзі оқыту және басқаларды оқыту.

Ф 2

Қаржы-экономикалық, әкімшілік және қызметпен байланысты мақсаттарды, міндеттерді айқындау және қою.



Сапалы өнімді іске асырудың оңтайлы жолдарын таңдау.



Өнім берушілермен шаруашылық байланысты қалыптастыру және кеңейту, жаңа және ең тиімді тауарлар нарығын игеру.



Жаңа техника мен технологияны, рационализаторлық ұсыныстар мен өнертабыстарды енгізу.



Күтілетін өзгерістер мен экономикалық даму үрдісіне, мониторинг жүргізу және болжау.



Материалдық ресурстарды ұтымды пайдалану жөніндегі есептерді дайындау.



Өнімді, жұмыстарды, қызметтерді өткізу нарығының жай-күйін талдау және даму перспективалары

Экономикалық талдау және ұйым қызметінің көрсеткіштерін есепке алу әдістері.



Жаңа техника мен технологияны енгізудің экономикалық тиімділігін айқындау әдістері.



Еңбекті рационализаторлық ұсыныстар мен өнертабыстарды ұйымдастыру ережесi. Қаржы операцияларын және статистикалық есепке алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру әдістері.



Материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын пайдалануға бақылауды жүзеге асыру тәртібі.

Ф 3

Ұйымның өндірістік-шаруашылық қызметінің және әлеуметтік дамуының перспективалық және жылдық жоспарларын дайындау.



Ұйымның және оның бөлімшелерінің еңбек және жалақы бойынша перспективалық және жылдық жоспарларын әзірлеу.



Еңбекақы қорын және еңбек ресурстарының қажеттілігін ескере отырып жұмысшылардың санын есептеу.



Білікті кадрларды дайындау жоспарын жасау.



Бухгалтерлік есеп және шаруашылық қызметті талдау.



Жоспарлы және қаржы-экономикалық көршеткіштерді ұйымның бөлімшелеріне жеткізу.

Орындалған жұмыстардың көлемін есептеу әдістері.



Қызметкерлерге еңбекақы төлеудің және материалдық ынталандырудың қолданыстағы түрлері мен жүйелері.



Есептер мен есептеу жұмыстарының құнын айқындау әдістері, экономика және өндірісті ұйымдастыру.



Шаруашылықты жүргізу әдістері, есептеу техникасын қолдану мүмкіндіктері.

Ф 4

Тапсырыс берушілер және қосалқы мердігер ұйымдармен мердігерлік шарттарды дайындау.



Құрылыс объектілерінің сметалық құжаттамаларын тексеру, есеп құны, орындалған жұмыстарды есепке алу және тапсыру актілерін ресімдеу.



Тапсырыс берішіден алынатын сметалық құжаттаманы талдау және сапа туралы қорытындыны дайындау.



Ұйымның одан әрі қызметі үшін материалдық ресурстармен қамтамасыз ету.



Өнім берушілермен шарттарды дайындау. Өнім берушілерге шағымдану жөнінде материалдар.



Шарттардың алынған міндеттемелерді бұзған кездегі қосымша талаптарын дайындау, талаптардың өзгерістерін келісу.



Тауарлық өнімнің өзіндік құнын айқындау, өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі шарттарды әзірлеу.

Тапсырыс берушілермен шарт жасау үшін материалдарды ресімдеу тәртібі, жинаудың техникалық құралдары.



Өндіріс экономикасының процесі, шикізат, материалдар, өндірістік қорларының нормативтері.



Материалдарға өтінімдерді дайындау тәртібі, өнім берушілермен жасау.



Ақпаратты өңдеу жөніндегі жұмыс бағдарламалары, нұсқаулықтар, макеттер мен басқа да басшылыққа алатын материалдар.



Ұйымның және оның бөлімшелерінің өндірістік-шаруашылық қызметінің көрсеткіштерін экономикалық талдау әдістері.



Жаңа техникамен технологияны енгізудің экономикалық тиімділігін айқындау әдістері.

Ф 5

Әртүрлі типтегі тапсырмалар бойынша ақпаратты өңдеуді механикаландыру және автоматтандыру жобаларын дайындау.



Ақпараттық технология жүйелерін қолдану арқылы есептерді дайындау.



Техникалық құралдарды іріктеу, ақпаратты жинақтау, беру және өңдеу.



Қажетті негіздемелерді ескере отырып ала материалдық ресурстарға өтінімдер мен есептерді дайындау.



Сыныптау жүйесін қалыптастыру және техникалық-экономикалық ақпаратты кодтау.

Ақпаратты механикалық өңдеуді жобалау және бағдарламалау негіздері.



Ақпаратты техникалық жеткізгіштердің негізгі түрлері, сыныптау жүйесі.



Ақпаратты техникалық жеткізгіштермен жұмыс.



Есептер мен есептеу жұмыстарының құнын айқындау әдістері.



Экономика және өндіріс технологиясының, есептеу техникасы құралдарының коммуникациялар мен байланыс негіздері.








 

2. «Салықтар мен алымдар жөніндегі консультант» еңбек
қызметінің түрі (кәсібі)

Шифр

Біліктері мен дағдылары

Білімі

Жеке және кәсіби құзыреттері

Ф 1

Жеке және заңды тұлғалардың қызмет ерекшелігіне сай салық салудың оңтайлы нұсқаларын әзiрлеу.



Жеке және заңды тұлғаларға салық салуды регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді қолдануды түсіндіру.



Салықтар мен алымдарды дұрыс есептеудің және толық төлеудің нұсқауларын әзірлеу.



Әртүрлі санаттағы салық төлеушілер мен алымдарды төлеушілерге жеңілдіктер туралы нормативтік құқықтық актілерді қолдану.



Салық төлеушiнiң құжаттарына құқықтық сараптама жүргізу.



Салық салуға байланысты заңдарға және басқа да нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға мониторинг жүргізу.

Жеке және заңды тұлғаларға салық салуды регламенттейтін нормативтік құқықтық актілер.



Ұйымдар мен жеке тұлғалардың кәсіпкерлік және басқа да қызметіне қатысты әдістемелік материалдар.



Перспективалық және жылдық жұмыс жоспарларын әзірлеу әдістері, олардың орындалуы туралы есептілікті дайындау тәртібі.



Ақпаратты техникалық жеткізгіштермен жұмыс істеу.



Сыныптау жүйесі және техникалық-экономикалық ақпаратты кодтау.



Жоспарлы-есеп құжаттамасы жедел және статистикалық есеп пен есептемелікті ұйымдастыру негіздері.

Сандарды, күндерді есте сақтау.



Карым-қатынасқа икемділік.



Қоршаған жағдайға тез қалыптасу шеберлігі. Өз жұмысының нәтижелеріне жауаптылық.



Командада жұмыс істеу, әріптестермен, басшылармен, клиенттермен тиімді қарым-қатынаста болу.



Белгіленген біліктілік шеңберінде өз қызметін басқару



Жұмыс нәтижелеріне жауаптылық, мамандарға консультация беру.



Ұйымның корпоративтік мәдениетіне адалдық.



Салық туралы жаңа және күрделі мәселелерді қарауға дайындығы

Ф 2

Жеке және заңды тұлғаларға бухгалтерлік есепті жүргізу және бухгалтерлік есептілікті дайындау бойынша консультациялық қызмет көрсету.

Салықтарды дұрыс және уақтылы төлемеуге байланысты қателердің алдын алу.



Салық органдарының және олардың лауазымды адамдарының әрекеттеріне шағымдану тәртібін айқындау



Міндеттемелерді тоқтату үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілікті айқындау.



Салықтар мен алымдарды есептеу және төлеу тәртібін оларды төлеу көздеріне қолдану.



Салық төлеушілердің құқықтары мен міндеттері мәселелері бойынша бухгалтерлік есепті жүргізуді және бухгалтерлік есептілікті дайындауды бақылау.

3. «Бас экономист» еңбек қызметінің түрі (кәсібі)

Шифр

Біліктері мен дағдылары

Білімі

Жеке және кәсіби құзыреттері

Ф 1

Ұйымның қаржы-экономикалық және әкімшілік қызметімен байланысты, мақсаттарды, міндеттерді айқындау және қою.



Ұйым қызметінің экономикалық көрсеткіштерін жоспарлау, олардың жоғары деңгейге жету негізділігі.



Ұйымның өндірістік, қаржылық және коммерциялық қызметінің орта мерзімді, ұзақ мерзімді және кешенді жоспарларын (бизнес-жоспарлар) дайындау.



Еңбек өнімділігін өндіріс тиімділігін және арттыру бойынша ұсыныстар дайындау, шаруашылық дербестікті нығайту.



Ұйымның даму перспективаларын айқындау, зерттеулерді үйлестіру.

Ұйымдардың қызметін жоспарлау, есепке алу және талдау жөніндегі басшылыққа алатын материалдар.



Перспективалық және жылдық жұмыс жоспарларын әзірлеу әдістері.



Жоспарлардың орындалуы туралы есептілікті дайындаудың тәртібі мен кезектілігі.



Ақпаратты техникалық жеткізгіштермен жұмыс істеу ережесi.



Сыныптау жүйесі және техникалық-экономикалық ақпаратты кодтау.



Тұтыну материалдарының номенклатурасы, жабдықтау және қойма операцияларының есепке алуды ұйымдастыру.

Өзінің жұмыс нәтижелеріне жауаптылық.



Командада жұмыс істеу, әріптестермен, басшылармен, клиенттермен тиімді қарым-қатынаста болу. Белгіленген біліктілік шеңберінде өз қызметін ұйымдастыру және басқару. Экономикалық міндеттерді іске асыру әдістері мен құралдарын өз бетінше таңдау қабілеті.



Ұйымдар қызметінің нәтижелілігіне қол жеткізу мақсатында өндіріс резервтерін пайдалана білу қабілеті.

Ф 2

Мазмұны бойынша туыс міндеттерді орындаудың оңтайлы жолдарын таңдау.



Материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын үнемдеу тәртібін сақтау жөніндегі жұмысқа басшылық ету және ұйымдастыру.



Қолданбалы бағдарламалар жобаларын, алгоритмдері мен пакеттерін пайдалану.



Тауар өнімдерінің сметалық калькуляциясын ресімдеу, нарықтық конъюктура ескерілген шығарылатын өнімнің көтерме және бөлшек бағалары, жұмыстар (қызметтерге) тарифі.

Жеке және заңды тұлғаларға салық салуды регламенттейтін нормативтік құқықтық актілер.



Ұйымның және жеке тұлғалардың кәсіпкерлік және басқа да қызметіне қатысты әдістемелік материалдар.



Жоспарлы ақпаратты өңдеу жүйесінің экономикалық негіздемесі.

Ф 3

Салық органдарының және олардың лауазымды адамдардың іс-әрекетіне шағымдану тәртібі.



Салық заңнамасының мониторингі және өнімді іске асыру, шығындар мен өнімсіз шығыстарды жою амалдары.



Өнім берушілердің шарттық міндеттерді орындауын, келіп түсетін материалдар мен материалдық ресурстар түрлерінің саны мен сапасын, басқа да бақылау.

Бухгалтерлік есепті жүргізу және бухгалтерлік есептілікті дайындау тәртібі.



Салық есебін жүргізу және салық есептілігін дайындау.



Салықтық тексерулерді жүргізу, қортындылар, өзгерістер.



Азаматтық-құқықтық шарттарды ресімдеу және тоқтату ережесі.

4. «Жоспарлау-экономика бөлімінің бастығы» еңбек қызметінің
түрі (кәсібі)

Шифр

Біліктері мен дағдылары

Білімі

Жеке және кәсіби құзыреттері

Ф 1

Қаржы-экономика қызметінің мақсаттары мен міндеттерін қою.



Материалдық және еңбек шығындарының прогрессивті жоспарлы техникалық-экономикалық нормативтерін әзірлеу.



Жоспарлы және каржы-экономикалық көрсеткіштерді ұйымның бөлімшелеріне жеткізу.



Жүйеленген жоспарлы құжаттамаларды экономикалық стандарттарды әзірлеу.



Жоспарлы және есепті ақпаратты өңдеудің механикаланған және автоматтандырылған құралдарын енгізу.



Шаруашылық қызметке бейімдеу мақсатында ұйымның стратегиясын әзірлеу.



Шаруашылық қызметтің нәтижелерін есепке алу және талдау жөніндегі ұтымды есеп құжаттамасын әзірлеу.

Ұйымдардың қызметін жоспарлау, есепке алу және талдау жөніндегі басшылыққа алатын материалдар.



Перспективалық және жылдық жұмыс жоспарларын әзірлеу әдістері.



Жоспарлардың орындалуы туралы есептілікті дайындаудың тәртібі мен кезектілігі.



Ақпаратты техникалық жеткізгіштермен жұмыс істеу ережесi.



Ұйым экономикасына қатысты әдістемелік материалдар.



Ішкі және сыртқы экономикалық жағдайларды есепке алу мақсатында нарық жағдайларындағы басқару жүйесi.



Ұйымның стратегиясы мен даму перспективалары.



Өндірістік-шаруашылық қызметтін есепке алу және талдау жұмыстарына әдістемелік басшылық ету және ұйымдастыру.

Өзінің жұмыс нәтижелеріне жауаптылық.



Командада жұмыс істеу, әріптестермен, басшылармен, клиенттермен тиімді қарым-қатынаста болу. Өзгеру мүмкін, белгіленген біліктілік шеңберінде өзінің және бағынысты қызметкерлердің қызметін ұйымдастыру және басқару.



Қарым-қатынасқа икемділік.



Қоршаған жағдайға тез бағдарлану шеберлігі.



Экономикалық міндеттерді орындау іске асыру жөніндегі әдістер құралдарды мен таңдаудағы дербестілік.



Ой-өрісі кең адам, әрекет ету және ойлау қабілеті.

Ф 2

Өндірістің есептік бағаларын бөлу.



Тауар өнімінің сметалық калькуляциясын сауатты және негізді қолдану.



Күрделі қаржы салымдарын, материалдық еңбек және қаржы ресурстары, тиімді пайдалану жөніндегі іс-шараларды әзірлеу.



Өнімдерді өндіруге іске асыруға және шығындарды төмендету жөніндегі жобаларды дайындау.



Қойылған мақсат мен міндеттерді іске асырудың оңтайлы жолдарды мен құралдарын таңдау.



Ұйымның шығарылатын өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру.



Салық есебін жүргізу, салық есептілігін дайындау.



Өндірістің рентабельділігін арттыру және шығындар мен шығыстарды жою.

Жеке және заңды тұлғаларға салық салуды регламенттейтін нормативтік құқықтық актілер.



Ұйымдар мен жеке тұлғалардың қызметіне кәсіпкерлік және басқа да қатысты әдістемелік материалдар.



Бухгалтерлік есепті жүргізу және бухгалтерлік есептілікті дайындау тәртібі.



Салық тексерулерді жүргізу, қортындыларды беру, азаматтық-құқықтық шарттарды өзгерту, ресімдеу және тоқтату негіздері.



Нарықтық экономика жағдайларында ұйымның экономикалық қызметін ұтымды ұйымдастырудың отандық және шетелдік тәжірибесі.

Ф 3

Білікті кадрларды даярлау жоспарын жасау.



Өндіріс мамандарын даярлау және қайта даярлау жөніндегі жоспарларды жасау.



Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі іс-шараларды қалыптастыру.



Персоналдың біліктілігін арттыру жөніндегі шығармашылық ынтымақтастық туралы шарт жасасу.

Еңбек заңнамасының негiзiдері.



Жаңа техника мен технологияны енгізудің экономикалық тиімділігін айқындау әдістері.



Ұйым кадрларының біліктілігін арттыру жөніндегі басшылыққа алатын материалдар.



Мамандардың экономикалық білім деңгейін арттыру жөніндегі нормативтік құқықтық актілер.

5. «Директордың экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары
(коммерциялық директор, вице-президент)» еңбек
қызметінің түрі (кәсібі)

Шифр

Біліктері мен дағдылары

Білімі

Жеке және кәсіби құзыреттері

Ф 1

Экономикалық жұмысты талдау, өндіріс резервтерін анықтау және пайдалану.



Жаңа техника мен технологияны енгізу, еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру.



Күрделі қаржы салымдарының, рационализаторлық ұсыныстар мен өнертабыстардың экономикалық тимділігін есептеу.



Өндірістің тиімділігі мен рентабельділігін, шығарылатын өнімнің (жұмыс және қызмет) сапасын арттыру үшін өндіріс резервтерін жұмылдыру.



Ғылым мен техниканың жетістіктерін, өндірісті және еңбекті ұйымдастыруды ескере отырып материалдық және еңбек шығындарының прогрессивті техникалық – экономикалық нормативтерін әзірлеу. Ұйымның өндірістік-шаруашылық және әлеуметтік қызметтерінің жоспарларын әзірлеу және бекіту.

Экономикалық қызмет жөніндегі нормативтік құқықтық актілер.



Ұйымдардағы экономикалық жұмысты ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік материалдар.



Ұйымның техникалық және экономикалық даму перспективалары ұйымның өндірстік қуаттары.



Ұйымның өнімін өндіру технологисының негіздері.



Экономикалық жұмысты ұйымдастыру және жетілдіру саласындағы отандық және шетелдік ғылым жетістіктері.

Белгіленген біліктілік шеңберінде өзінің қызметін және бөлімшелердің қызметін ұйымдастыру және басқару.



Экономикалық міндеттерді іске асыру жөніндегі әдістер мен құралдарды өз бетінше таңдау қабілеті.



Өзінің жұмыс нәтижелеріне жауаптылық, өзін-өзі оқыту және басқаларды оқыту.



Ұжымдық жұмыстың нәтижелеріне жауаптылық.



Жоғары біліктілік және ұйымдастырушылық және рационализаторлық қабілеттері.



Ой - өрісі кең, стандартты емес әрекет ету және ойлау қабілеті.

Ф 2

Нарықтық конъюнктура бұйымдар ассортиментін байқау.



Жаңа тауарларды және белгілі тауарлар түрлерін иеленіп алу мүмкіндігін анықтау мақсатындағы негіздер.



Материалдық, еңбек және қаржы ресурстары бойынша шығындарды төмендету.



Өндірстің тиімділігін және еңбек өнімділігін арттыру мақсатында басқару, еңбек және өндірісті ұйымдастыруды жетілдіру.



Ұйымның экономикалық жауапкершілігі және шаруашылық дербестілікті нығайту.



Ұйымда қабылданған есепті, тіркелу және жобалау тиімді үлгілерін әзірлеу.



Нарық конъюнктурасының ерекшелігі

Өнертабыс, рационалдау ұсыныс, технология, техника, өнімнің жаңа түрлерін енгізуден тиімді экономикалық есептеу тәртібі.



Қаржы, еңбек, материалдық шығын нормативтерін әзірлеу тәртібі.



Экономикалық атқару әдістерінің рөлін арттыру, жетілдіру және енгізу бойынша жұмыс ұйымы және әдістемелік басқару.



Өндіріс ұйымын жетілдіру, техниканың дамуына бағытталған экономикалық бақылау шаралар әдістері

Ф 3

Негізделген қажетті дәлел және есептеулермен жоспарларды әзірлеу жөнінде жұмыстарды үйлестіру.



Экономикалық ғылым жетістіктерін практикаға енгізу жөнінде шараларды қамтамасыз ету.



Экономика саласында ғылыми зерттеу нәтижелерін тәжірибеде қолдану жөнінде ұсыныстарды әзірлеу.



Өнертабыстық ұсыныстар және өнертабыстар негізінде өнімнің жаңа түрлерін шығару.



Басқа ұйымдар және ұйым жұмыстарының көрсеткішін салыстырмалы талдау жүргізу.



Экономикалық және техникалық даму болашағы, ұйымның құрылмдық ерекшелігі, мамандыру және бейім негіздемесі.

Отандық және шетелдік ғылым, техника жетістігі, шаруашылық шарттарды орындау және қорытындылау тәртібі.



Еңбек заңнамасы, iшкi еңбек тәртiбiнiң ережесi.



Өндірістің экономикалық қызметін басқару және еңбекті ұйымдастырудың негізі.



Өндірістік қызметті басқару және еңбек жағдайларын жақсарту негiзі.



Ұйымдарда экономикалық жұмыстарды ұйымдастыру жөнінде әдістемелік материалдар.

«Экономикалық қызмет»
кәсіби стандартына
5-қосымша
Келісу парағы

Р/с



Ұйымның атауы

Келісілген күні

1

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі






 

2

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі






 

3

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі






 

4

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі






 

5

Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігі






 

6

Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі






 

7

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі






 

8

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі






 

9

Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі






 

10

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі






 

11

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі






 

12

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі






 

13

Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі






 

14

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі






 

15

Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі






 

16

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі






 

17

Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы






 

18

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы






 

  Осы КС ______________________________________________________________
____________________________________________________________ тіркелді
КС тізіліміне енгізілді, тіркеу № ________________________,
Хат (хаттама) № ___________       Күні ___________________