Toggle Dropdown
"Техникалық инспекция саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 4-3/421 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 8 сәуірдегі № 165 бұйрығы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 26 мамырда № 13743 болып тіркелді
Toggle Dropdown
БҰЙЫРАМЫН:
Toggle Dropdown
1. «Техникалық инспекция саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 4-3/421 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11766 болып тіркелген, 2015 жылғы 12 тамызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Toggle Dropdown
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартында:
Toggle Dropdown
9-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«1) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:
Toggle Dropdown
«А», «В» және «Г» санаттарындағы куәліктерді алу үшін:
Toggle Dropdown
осы стандартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
Toggle Dropdown
тиісті санаттар бағдарламасы бойынша оқудан өткені туралы куәліктің немесе «ауыл шаруашылығын механикаландыру» немесе тракторист-машинист біліктілігін растайтын дипломның көшірмесі (түпнұсқасы салыстырылып тексеру үшін беріледі);
Toggle Dropdown
«Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген № 086/е нысаны бойынша медициналық анықтама;
Toggle Dropdown
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі )» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген, куәлік бергені үшін мемлекеттік баж төленгені туралы құжат;
Toggle Dropdown
өлшемі 3,5х4,5 сантиметр, ақ немесе түрлі-түсті фонды фотосурет;
Toggle Dropdown
жоғары, техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарын («ауыл шаруашылығын механикаландыру немесе тракторист-машинист» мамандығы бойынша арнайы оқу орындары, орта кәсіптік оқу орындары) бітірген адамдарды қоспағанда, білім беру ұйымының емтихан комиссиясы хаттамасының көшірмесі;
Toggle Dropdown
«Б» немесе «Д» санаттары бар куәлік алу үшін осы тармақшаның талаптарына сәйкес келуі қажет;
Toggle Dropdown
«Б» және (немесе) «Д» санаттары «А», «В» немесе «Г» бағандарында рұқсат ету белгісі бар куәлік иеленген (тиісті машиналарда жалпы жұмыс өтілі алты айдан кем емес) және емтихан пунктінде теориялық емтихан тапсырған тракторист-машинистерге беріледі.
Toggle Dropdown
2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабында көрсетілген құжаттардың кез келгені жұмыс өтілін растайтын құжат бола алады;
Toggle Dropdown
«Ерекше белгілер үшін» бағанында «қаршаналар, квадроциклдер жүргізуге рұқсат» деген жазуы бар тракторист-машинист куәлігін алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде емтихан пунктіне мынадай құжаттар ұсынылады:
Toggle Dropdown
осы стандартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
Toggle Dropdown
рұқсат ететін «А» және «В» немесе «Б» және «В» санаттары бар куәліктің көшірмесі немесе рұқсат ететін «А» немесе «А1» немесе «В1» санаты бар жүргізуші куәлігі;
Toggle Dropdown
тракторист-машинист куәлігін бергені үшін мемлекеттік баждың төлегені туралы түбіртек;
Toggle Dropdown
өлшемі 3,5х4,5 сантиметр, ақ немесе түрлі-түсті фонды фотосурет.
Toggle Dropdown
Тракторист-машинистің куәлігін ауыстыру (алмастыру) емтихан пункті құжаттар қабылдаған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде және осы Стандартқа 9-тармақта көрсетілген талаптардың негізінде жүргізіледі.
Toggle Dropdown
Емтихан пунктінің жауапты орындаушысы өтініш берушінің құжаттарын алған сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Toggle Dropdown
Ұсынылған құжаттардың толық емес фактісі анықталған жағдайда, емтихан пункті өтініш берушіге өтінішті қарастырудан жазбаша түрде дәлелді бас тартуды жолдайды.
Toggle Dropdown
Ескі үлгідегі куәлікті ауыстырған (алмастырған) кезде жаңа куәлікке рұқсат ету санаттары мынадай тәртіпті есепке ала отырып, көшіріледі және қойылады:
Toggle Dropdown
ескі үлгідегі тракторист-машинист куәлігіндегі «А», «Б», «В», «Г», «Д», «Е» санаттары жаңа куәліктегі «А», «Б», «В», «Г», «Д» санаттарына сәйкес келеді;
Toggle Dropdown
3-сыныпты тракторист-машинист куәлігі жаңа үлгідегі «А», «В», «Г» санаттары бар куәлікке сәйкес келеді;
Toggle Dropdown
2-сыныпты тракторист-машинист куәлігі жаңа үлгідегі «А», «Б», «В», «Г» санаттары бар куәлікке сәйкес келеді;
Toggle Dropdown
1-сыныпты тракторист-машинист куәлігі жаңа үлгідегі «А», «Б», «В», «Г», «Д» санаттары бар куәлікке сәйкес келеді;
Toggle Dropdown
К-701 «Кировец» тракторист-машинист куәлігі жаңа үлгідегі «Б» санатты куәлікке сәйкес келеді;
Toggle Dropdown
«комбайншы» мамандығы көрсетілген ауыл шаруашылығы механизаторының куәлігі жаңа үлгідегі «Г» санатты куәлікке сәйкес келеді;
Toggle Dropdown
«тракторшы» мамандығы көрсетілген ауыл шаруашылығы механизаторының куәлігі жаңа «А», «В» санаттары бар үлгідегі куәлікке сәйкес келеді.
Toggle Dropdown
Куәлікті ауыстырған (алмастырған) кезде жаңадан берілген куәліктің «Ерекше белгілер үшін» деген бағанына бұрынғы куәліктің сериясы, нөмірі және берілген күні жазылады.
Toggle Dropdown
Куәлік жоғалған кезде «Телнұсқа» деген белгісі бар жаңа куәлік беріледі:
Toggle Dropdown
тұрғылықты жері бойынша тіркелген адамдарға осы Стандарттың 9-тармағының 1) тармақшасының сегізінші абзацын қоспағанда, осы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар және ішкі істер органдарынан сот шешімінің негізінде әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін алынған куәліктердің арасында жоқ екендігі туралы анықтама негізінде өтініш берушінің құжаттарын қабылдаған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде;
Toggle Dropdown
өтініш берушінің жүгінген орны бойынша куәлік берілгені туралы мәлімет болмаған жағдайда, куәлік берген емтихан пунктінің куәлік беру кітабындағы жазба негізінде осы Стандарттың 9-тармағының талаптарын 1) тармақшасының төртінші және сегізінші абзацтарын қоспағанда, 9-тармақтың талаптарын сақтай отырып, өтініш берушіден құжаттарды қабылдаған сәттен бастап он бес жұмыс күні ішінде беріледі.
Toggle Dropdown
Куәлік беру кітабындағы жазбаларды нақтылауды куәлік берген емтихан пунктіне сұрау салу арқылы өтініш берушінің өтініші бойынша емтихан пункті жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін ішкі істер органдарында куәлікті алып қойғаны немесе сот шешімінің негізінде айырылғаны анықталған кезде, телнұсқа беру жүргізілмейді, ол туралы жазбаша дәлелді бас тарту ұсынылады.
Toggle Dropdown
Шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың куәліктерін алмастыру емтихан пунктіне куәліктердің түпнұсқасы мен оның мемлекеттік тілде немесе орыс тілінде расталған аудармасын, ішкі істер органдарында тіркелген жеке басты куәландыратын құжаттарды (паспорт, жеке куәлік) (түпнұсқа салыстырып тексерілгеннен кейін қайтарылады) ұсыну негізінде, медициналық куәландырудан өткеннен, тракторист-машинист куәлігін беру үшін мемлекеттік бажды төлегеннен және теориялық емтихандарды тапсырғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Toggle Dropdown
Бұл ретте тракторист-машинистің ұлттық куәлігінде рұқсат берілген және осы тармақтың талаптарына сәйкес келетін машиналар санаттарын жүргізу құқығына арналған куәлік келу құжаттарының қолданылу мерзіміне беріледі. Тракторист-машинистің ұлттық куәлігі емтихан пунктінде сақталады және иесінің өтініші бойынша оған бұрын берілген Қазақстан Республикасының куәлігін тапсырғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде қайтарылып беріледі.
Toggle Dropdown
Шетел азаматтарында және азаматтығы жоқ адамдарда тракторист-машинистің ұлттық куәлігі болмаған жағдайда, олардың Қазақстан Республикасында болу мерзімі алты айдан асатын болса, Қазақстан Республикасының куәлігі жалпы негіздерде беріледі;»;
Toggle Dropdown
қосымшаның орыс тіліндегі атауына өзгеріс енгізіледі, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді.
Toggle Dropdown
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Toggle Dropdown
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Toggle Dropdown
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ бес жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
Toggle Dropdown
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков
Toggle Dropdown
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
_____________ Ә. Исекешев
2016 жылғы 21 сәуір
Toggle Dropdown
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
______________ Е. Досаев
2016 жылғы 15 сәуір