Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Президентінің
2015 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 152 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Toggle Dropdown
1
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалауды өткізу ҚАҒИДАЛАРЫ МЕН МЕРЗІМІ
Toggle Dropdown
Редакция 26.03.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
1. Осы Мемлекеттік қызметшілердің қызметіне бағалау жүргізу қағидалары мен мерзімдері (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының [[1-тармағына|663003752] сәйкес әзірленді және мемлекеттік қызметшілердің қызметіне бағалау жүргізу тәртібі мен мерзімдерін айқындайды.
Toggle Dropdown
2. Мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалау олардың жұмысының тиімділігі мен сапасын айқындау мақсатында жүргізіледі.
Toggle Dropdown
3. Мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалаудың нәтижелері бонустар төлеу, көтермелеу, оқыту, ротациялау, мемлекеттік лауазымын төмендету не қызметтен шығару бойынша шешімдер қабылдау үшін негіз болып табылады.
Toggle Dropdown
1-тарау. Мемлекеттік саяси қызметшілердің қызметін бағалау
Toggle Dropdown
4. Мемлекеттік саяси қызметшілердің қызметін бағалау Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің айқындаған тәртіппен жүргізіледі.
Toggle Dropdown
2-тарау. «А» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау
Toggle Dropdown
5. «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі – «А» корпусының қызметшілері) қызметін бағалау олардың нақты лауазымдағы қызметінің нәтижелері бойынша жылдың қорытындысы бойынша (жылдық бағалау) бағаланатын жылдан кейінгі жылдың 20 қаңтарынан кешіктірілмей өткізіледі.
Toggle Dropdown
Егер «А» корпусы қызметшісінің нақты лауазымда болу мерзімі үш айдан аз болса, оны бағалау өткізілмейді.
Toggle Dropdown
6. Әлеуметтік демалыстағы «А» корпусының қызметшілері уәкілетті орган бекіткен «А» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесінде айқындалған тәртіппен «А» корпусы қызметшілерінің қызметін бағалаудан өтеді.
Toggle Dropdown
7. «А» корпусы қызметшісінің қызметін бағалауды «А» корпусының қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындауға және мемлекеттік лауазымнан босатуға құқығы бар лауазымды адам (орган) (бұдан әрі – уәкілетті адам) уәкілетті орган бекітетін «А» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесінің негізінде жүргізеді.
Toggle Dropdown
8. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
9. «А» корпусы қызметшілерінің қызметін бағалауды өткізуге дайындықты мемлекеттік органның персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
10. «А» корпусы қызметшілерінің қызметін бағалауды өткізуге дайындық осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген мерзім басталғанға дейін он бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады және «А» корпусы қызметшілерінің қызметін бағалауды өткізуге қажетті материалдарды дайындау мен «А» корпусы қызметшілерінің қызметін бағалауды өткізу кестесін айқындауды қамтиды.
Toggle Dropdown
11. «А» корпусы қызметшілерінің қызметін бағалауды өткізуге қажетті материалдарға:
Toggle Dropdown
1) мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелерінің, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының не қызметіне «А» корпусының қызметшісі жетекшілік ететін мемлекеттік органдардың қызметі туралы ақпарат;
Toggle Dropdown
2) бағаланатын кезеңде «А» корпусы қызметшісінің қызметін сипаттайтын мәліметтер жатады.
Toggle Dropdown
12. «А» корпусының қызметшілері бағалау өткізілгенге дейін мемлекеттік органға өзінің кәсіптік деңгейі мен жеке қасиеттеріне қатысты қосымша ақпарат бере алады.
Toggle Dropdown
13. Тармақ алып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
14. «А» корпусы қызметшілерінің қызметін бағалау нәтижелерін тіркеу үшін мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін нысандағы бағалау парағы пайдаланылады.
Toggle Dropdown
15. «А» корпусы қызметшілерінің қызметін бағалау нәтижелері мынадай мәндердегі шәкіл бойынша қойылады: «қанағаттанарлықсыз», «қанағаттанарлық», «тиімді».
Toggle Dropdown
16. Тармақ алып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
17. «А» корпусының бағаланатын қызметшісі өз бағалауының нәтижелерін ақпараттық жүйеден, сондай-ақ «Е-қызмет» мобильдік қосымшасынан алады.
Toggle Dropdown
Жұмыстан шығарылған адамдарды бағалау нәтижелерімен таныстыру есепті кезеңнен кейінгі бір ай ішінде, тапсырыс хаттың табыс етілгендігі туралы хабарламасы бар тапсырыс хатты немесе телефонограмманы немесе жеделхатты немесе ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша немесе электрондық мекенжай бойынша мәтіндік хабарды жолдау не хабархаттың немесе шақырудың тіркеліп-бекітілуін қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдарын пайдалану арқылы жүргізіледі.
Toggle Dropdown
18. Мемлекеттік орган бағалау аяқталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға:
Toggle Dropdown
1) бағаланған «А» корпусы қызметшілерінің мынадай құжаттарының көшірмелерін:
Toggle Dropdown
«А» корпусы қызметшілерінің жыл сайынғы келісімдерін;
Toggle Dropdown
бағалау парақтарын;
Toggle Dropdown
«А» корпусы қызметшілерінің қызметі туралы пікірлерді;
Toggle Dropdown
2) себептерін көрсете отырып, бағалау жүргізілмеген «А» корпусының қызметшілері туралы ақпаратты жолдайды.
Toggle Dropdown
19. «А» корпусы қызметшісінің қызметі туралы пікірге уәкілетті адам қол қояды.
Toggle Dropdown
20. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
21. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган «А» корпусының қызметшілерін жылдық бағалауға талдау жасауды жүзеге асырады және 1 наурыздан кешіктірмей оларды Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның (бұдан әрі – Ұлттық комиссия) жұмыс органына енгізеді.
Toggle Dropdown
22. Бағалау нәтижелерімен келіспеген жағдайда, «А» корпусының қызметшісі өзінің қызметін бағалау нәтижелерімен танысқан күннен бастап он жұмыс күні ішінде тиісті өтінішпен Ұлттық комиссияға жүгіне алады.
Toggle Dropdown
23. Ұлттық комиссияның жұмыс органы жылдық бағалау материалдарын Ұлттық комиссияның қарауына шығару туралы шешім қабылдайды.
Toggle Dropdown
24. Ұлттық комиссия жұмыс органы ұсынған материалдарды қарау және, қажет жағдайда, «А» корпусының қызметшісімен әңгімелесу өткізу қорытындысы бойынша мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
Toggle Dropdown
1) атқаратын лауазымына сәйкес келеді;
Toggle Dropdown
2) атқаратын лауазымына сәйкес келмейді.
Toggle Dropdown
25. «А» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің қанағаттанарлықсыз бағалануы уәкілетті комиссиямен келісім бойынша онымен еңбек шартын бұзуға негіз болып табылады.
Toggle Dropdown
3-тарау. «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау
Toggle Dropdown
26. «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі – «Б» корпусының қызметшілері) қызметін бағалау олардың нақты лауазымдағы қызметінің нәтижелері бойынша мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен үлгілік әдістемеде айқындалған тәртіппен жүргізіледі.
Toggle Dropdown
27. Тармақ алып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
28. «Б» корпусының қызметшілерінің қызметін бағалауды өткізу жөніндегі жұмысты үйлестіруді персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
29. «Б» корпусы қызметшілерінің қызметін бағалау үшін мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін нысандағы бағалау парағы пайдаланылады.
Toggle Dropdown
30. «Б» корпусы қызметшісінің қызметін бағалауды мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен үлгілік әдістемеде айқындалатын адамдар жүргізеді.
Toggle Dropdown
31. Тармақ алып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
32. «Б» корпусы қызметшісінің қызметін бағалау нәтижелері бағалау парағында тіркеледі.
Toggle Dropdown
33. «Б» корпусы қызметшісінің қызметін бағалау нәтижелері мынадай мәндері бар шәкіл бойынша қойылады:
Toggle Dropdown
1) «функционалдық міндеттерін тиімді атқарады»;
Toggle Dropdown
2) «функционалдық міндеттерін тиісті түрде атқарады»;
Toggle Dropdown
3) «функционалдық міндеттерін қанағаттанарлық түрде атқарады»;
Toggle Dropdown
4) «функционалдық міндеттерін қанағаттанарлықсыз түрде атқарады» (қанағаттанарлықсыз баға).
Toggle Dropdown
34. Тармақ алып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
35. Тармақ алып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
36. «Б» корпусы қызметшісінің қатарынан екі тоқсан бойы қанағаттанарлықсыз баға алуы, ол біліктілік талаптарына сай келген және төмен тұрған бос мемлекеттік лауазым болған жағдайда, оның мемлекеттік лауазымын төмендетуге әкеп соғады.
Toggle Dropdown
Төмен тұрған бос мемлекеттік лауазым болмаған кезде мемлекеттік қызметшіге басқа бос мемлекеттік лауазым ұсынылады.
Toggle Dropdown
Бос мемлекеттік лауазым болмаған немесе мемлекеттік қызметші ұсынылған мемлекеттік лауазымнан бас тартқан кезде мемлекеттік қызметші атқаратын мемлекеттік лауазымынан босатылады.
Toggle Dropdown
37. Мемлекеттік қызметші өзінің қызметін бағалау нәтижелеріне мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен үлгілік әдістемеде айқындалған тәртіппен шағым жасауға құқылы.