Toggle Dropdown
2
ҚазақстанРеспубликасы Президентінің
2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Toggle Dropdown
5
Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану ҚАҒИДАЛАРЫ
Toggle Dropdown
Редакция 19.05.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
1. Осы Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 44-бабының 10-тармағына және 60-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану тәртібін айқындайды.
Toggle Dropdown
1-бөлім. Мемлекеттік саяси қызметшілердің тәртіптік жауаптылығы
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1
2. Мемлекеттік саяси қызметшінің өзіне жүктелген міндеттерді құқыққа қайшы түрде, кінәлі түрде орындамауы немесе тиісінше орындамауы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын, Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмалары негізінде және (немесе) тапсырмаларын орындау мақсатындағы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшылығының тапсырмаларын орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны, лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалануы, қызметтік тәртіп пен қызметтік әдепті бұзуы, сол сияқты Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген, мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді сақтамағаны (бұдан әрі – тәртіптік теріс қылық) үшін мемлекеттік саяси қызметшіге тәртіптік жаза қолданылады.
Toggle Dropdown
2-тарау. Тәртіптік жазалар қолдану тәртібі
Toggle Dropdown
3. Мемлекеттік саяси қызметшіге тәртіптік жазаны жоғары тұрған лауазымды адам (орган) немесе тәртіптік жауаптылыққа тартылатын қызметшіні лауазымға тағайындау және лауазымнан босату құқығы бар адам (бұдан әрі – уәкілетті адам) қолданады.
Toggle Dropdown
3-1. Мемлекеттік саяси қызметші алдыңғы мемлекеттік лауазымда тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылады.
Toggle Dropdown
Егер алдыңғы мемлекеттік лауазым мемлекеттік саяси лауазым болып табылса, онда осы Қағидалардың 9-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тәртіптік жауаптылық мәселесін қарауды мемлекеттік қызметші тәртіптік теріс қылық жасаған кезде лауазымды атқарған мемлекеттік орган осы Қағидалардың мемлекеттік саяси қызметшілерге қатысты тиісті ережелерін қолдана отырып жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
Егер алдыңғы мемлекеттік лауазым мемлекеттік әкімшілік лауазым болып табылса, онда осы Қағидалардың 21, 24 және 25-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тәртіптік жауаптылық мәселесін қарауды мемлекеттік қызметші тәртіптік теріс қылық жасаған кезде лауазымды атқарған мемлекеттік орган осы Қағидалардың мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге қатысты тиісті ережелерін қолдана отырып жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
3-2. Осы Қағидалардың 3-1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген мемлекеттік саяси қызметшіге тәртіптік жазаны осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген уәкілетті адам соңғы атқаратын лауазымы бойынша тәртіптік жаза қолдану мерзімдері шегінде қолданады.
Toggle Dropdown
4. Тәртіптік жаза:
Toggle Dropdown
1) Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын мемлекеттік саяси қызметшілерге — олардың өз бастамасымен немесе осы қызметшілердің тікелей басшыларының, Қазақстан Республикасы Президенті уәкілеттік берген өзге лауазымды адамдардың немесе мемлекеттік органдардың ұсынысы бойынша қолданылады;
Toggle Dropdown
2) Әкімшілік басшысы тағайындаған Президент Әкімшілігінің мемлекеттік саяси қызметшілерге қызметшілеріне – Әкімшілік Басшысы өз бастамасымен немесе Президент Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелері басшыларының немесе мемлекеттік саяси қызметшілердің қызметіне жетекшілік ететін лауазымды адамдардың ұсыныстары бойынша қолданады;
Toggle Dropdown
3) Үкімет Аппараты мен орталық атқарушы органдардың мемлекеттік саяси қызметшілеріне – Үкімет немесе Премьер-Министр өз бастамасымен не тиісінше Үкімет Аппаратының Басшысы, Үкімет мүшелерінің ұсыныстары бойынша қолданады;
Toggle Dropdown
4) Парламент палаталары аппараттарының мемлекеттік саяси қызметшілеріне – осы палаталардың бюролары палаталар төрағаларының ұсыныстары бойынша қолданады;
Toggle Dropdown
5) жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік саяси қызметшілеріне – осы атқарушы органдардың жоғары тұрған басшылары қолданады;
Toggle Dropdown
6) өзге мемлекеттік саяси қызметшілерге – өз бастамасымен немесе осы қызметшілердің тікелей басшыларының ұсыныстары бойынша мемлекеттік органдардың басшылары қолданады.
Toggle Dropdown
5. Тәртіптік жаза қолданылғанға дейін қызметтік тергеп-тексеру жүргізілуі мүмкін.
Toggle Dropdown
6. Кінәліден теріс қылық жасағаны туралы жазбаша түсініктеме талап етілуге тиіс.
Toggle Dropdown
7. Кінәлінің түсініктеме беруден бас тартуы тәртіптік жаза қолдану үшін кедергі бола алмайды.
Toggle Dropdown
Жаза қолданылған мемлекеттік саяси қызметшіні тиісті мемлекеттік органның персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) қолданылған тәртіптік жаза туралы қолын қойдырып хабардар етеді.
Toggle Dropdown
Тәртіптік жаза қолдану туралы актімен жаза қолданылған мемлекеттік саяси қызметшіні таныстыру мүмкін болмаған жағдайда, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) оған актінің көшірмесін хабарламалы хатпен жолдайды.
Toggle Dropdown
Жаза қолданылған мемлекеттік саяси қызметші тәртіптік жаза қолдану туралы актімен танысудан бас тартқан жағдайда, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) оны жазбаша нысанда тіркейді.
Toggle Dropdown
8. Тәртіптік жаза мемлекеттік саяси қызметшіге тиісті мемлекеттік органның отырысында, оның алқа отырысында немесе осы жазаны қолданған лауазымды адам айқындаған қызметшілердің қатысуымен жариялануы мүмкін.
Toggle Dropdown
9. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдерінің бірінші орынбасарларын және орынбасарларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын мемлекеттік саяси қызметшілер және олардың орынбасарлары жол берген қызметтік әдеп нормаларының бұзылуын, оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарды Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерi жөнiндегi комиссия (бұдан әрi – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерi жөнiндегi комиссия) қарауы мүмкін.
Toggle Dropdown
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерi жөнiндегi комиссия қызметтiк тергеп-тексеру жүргiзу туралы ұсынымдар, сондай-ақ лауазымды адамдардың атқаратын лауазымынан босатуға дейiнгі тәртiптiк жауаптылығы туралы ұсыныстар енгiзуге құқылы.
Toggle Dropdown
Қызметтік әдеп нормаларын бұзғаны, оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтары үшін облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдерінің бірінші орынбасарларының, орынбасарларының және аппараттары басшыларының, облыстардың әкімшілік орталығы болып табылатын қалалар, облыстық маңызы бар қалалар, облыстардың аудандары және қалалардағы аудандар әкімдерінің тәртіптік жауаптылығын мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның Әдеп жөніндегі комиссиясы (бұдан әрі – Әдеп жөніндегі комиссия) қарайды, ол қызметтік тергеп-тексеру жүргізу туралы ұсынымдар, сондай-ақ лауазымды адамдардың атқаратын лауазымынан босатуға дейінгі тәртіптік жауаптылығы туралы ұсыныстар енгізуге құқылы.
Toggle Dropdown
Әдеп жөніндегі комиссия туралы ережені мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.
Toggle Dropdown
10. Тәртіптік жазаны қолдану туралы шешімге шағымдану оның орындалуын тоқтата тұра алмайды.
Toggle Dropdown
11. Тәртіптік жаза мынадай актілер шығару арқылы қолданылады:
Toggle Dropdown
1) Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы немесе өкімі;
Toggle Dropdown
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы;
Toggle Dropdown
3) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімі;
Toggle Dropdown
4) орталық және жергілікті атқарушы органдардың және өзге уәкілетті лауазымды адамдардың бұйрықтары немесе заңдарда көзделген өзге актілер.
Toggle Dropdown
12. Тәртіптік жаза қолдану туралы актіде жаза қолданылып отырған теріс қылық, жазаның түрі және ол қолданылатын адам көрсетіледі.
Toggle Dropdown
13. Тәртіптік жаза қолдану туралы мәлiметтер мен актілерді мемлекеттiк органның персоналды басқару қызметi (кадр қызметі) мемлекеттік саяси қызметшiнiң қызметтік тiзiмiне енгiзу арқылы есепке алуға тиіс.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарға жол берген мемлекеттік саяси қызметшiлерге мемлекеттiк орган басшысы қолданған жазалар туралы мәлiметтердi құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi уәкілеттi органға персоналды басқару қызметi (кадр қызметі) мiндеттi түрде табыс етуге тиiс.
Toggle Dropdown
14. Егер жаза қолданылған күннен бастап алты ай ішінде мемлекеттік саяси қызметшіге жаңа жаза қолданылмаса, онда оның тәртіптік жазасы жоқ деп есептеледі.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік саяси қызметшінің лауазымын төмендету түріндегі тәртіптік жазаның алынуы оның бұрын атқарған лауазымына қайта орналасуына алып келмейді.
Toggle Dropdown
15. Мемлекеттік саяси қызметшіге бірнеше жаза қолданылған жағдайда, мерзімі бойынша соңғы жаза қолданылған күннен бастап ол алты ай өткенге дейін жазалы болып есептеледі.
Toggle Dropdown
16. Егер мемлекеттік саяси қызметші жаңа теріс қылық жасамаса және бұл ретте өзін адал жұмыскер ретінде көрсетсе, тәртіптік жаза алты айлық мерзім өткенге дейін алынуы мүмкін.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік саяси қызметшілерге Қазақстан Республикасы Президентінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің және оның орынбасарларының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшылығының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмаларын орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін тәртіптік жаза қолданылған кезде оны мерзімінен бұрын алу тиісінше Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің тиісті лауазымды адамдарымен және Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратымен келісу бойынша жүргізіледі.
Toggle Dropdown
Жаза қолданылған мемлекеттік саяси қызметшінің тікелей басшысы тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алуға келісім беру жөніндегі өтінішхатты тиісінше Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына жолдайды.
Toggle Dropdown
17. Мемлекеттік саяси қызметші мемлекеттік саяси лауазымда атқаратын өкілеттіктерін тоқтатқан күнге дейін алынбаған тәртіптік жаза осы өкілеттіктер тоқтатылған күннен бастап алынған болып есептеледі.
Toggle Dropdown
18. Тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алып тастауды:
Toggle Dropdown
1) оны қолданған лауазымды адам немесе жоғары тұрған лауазымды адам жүргізеді;
Toggle Dropdown
2) ол тиісті актімен жүргізіледі, бұл туралы қызметшіге тиісті мемлекеттік органның персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) жариялайды.
Toggle Dropdown
19. Тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алып тастау үшін жаза қолданылған қызметшінің тікелей басшысы уәкілетті адамға тиісті өтінішхат жолдайды.
Toggle Dropdown
20. Егер Қазақстан Республикасының Президенті өзгеше шешім қабылдамаса, егер жаза Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерi жөнiндегi комиссияның ұсынымымен қолданылған болса, тәртіптік жазаны мерзiмiнен бұрын алып тастау оның келiсiмiмен ғана жүргiзiледi.
Toggle Dropdown
2-бөлім. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің тәртіптік жауаптылығы
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1
21. Қызметтік әдеп нормаларын бұзуға жол берген немесе мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасаған орталық атқарушы органдар комитеттері төрағаларын қоспағанда, «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің тәртіптік жауаптылығын Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия (бұдан әрі – Ұлттық комиссия) не оның тапсырмасы бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың кадр комиссиясы (бұдан әрі – Өңірлік кадрлық комиссия) қарайды.
Toggle Dropdown
1
22. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
23. Қызметтік тергеп-тексеру материалдарын қарау, «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің тәртіптік теріс қылығына қатысты фактілерді зерттеу және осы Қағидаларда көзделген тиісті ұсынымдарды шығару үшін мемлекеттік органда тәртіптік комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады.
Toggle Dropdown
3
24. Қызметтік әдеп нормаларын бұзуға жол берген немесе мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасаған орталық атқарушы органдар комитеттері төрағаларының және В-1, В-2, С-1, С-2, сондай-ақ мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның С-О-1, С-О-2 санаттарындағы мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің және орталық мемлекеттік органдарда дербес лауазымдағы әдеп жөніндегі уәкілдердің тәртіптік жауаптылығын Әдеп жөніндегі комиссия қарайды.
Toggle Dropdown
25. Қызметтік әдеп нормаларын бұзуға жол берген, оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылықтар жасаған С-О-1, С-О-2, C-R-1, C-R-2, D-1, D-2, D-О-1, D-O-2, D-R-1, D-R-2, Е-1, Е-2, E-R-1, E-R-2 санаттарындағы мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің, сондай-ақ облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдерінің аппараттарында дербес лауазымдағы әдеп жөніндегі уәкілдердің тәртіптік жауаптылығын мемлекеттік қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органның облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы әдеп жөніндегі кеңестері (бұдан әрі – Әдеп жөніндегі кеңес) қарайды.
Toggle Dropdown
25-1. «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне Президент бастамашылық еткен тәртіптік жаза, Ұлттық комиссияның келісімінсіз қолданылады.
Toggle Dropdown
26. Бiр тәртiптiк іс жүргізудің шеңберінде әртүрлi санаттағы бiрнеше мемлекеттік әкімшілік қызметшiнiң терiс қылықтарын қарау қажет болған жағдайларда, тәртіптік жауаптылықты қызметшiнiң тәртіптік терiс қылықтарын қарау құқығы, неғұрлым жоғары мәртебесі (санаты) бар орган немесе лауазымды адам қарайды.
Toggle Dropdown
26-1. Мемлекеттік әкімшілік қызметші алдыңғы мемлекеттік лауазымда тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылады.
Toggle Dropdown
Егер алдыңғы мемлекеттік лауазым мемлекеттік саяси лауазым болып табылса, онда осы Қағидалардың 9-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тәртіптік жауаптылық мәселесін қарауды мемлекеттік қызметші тәртіптік теріс қылық жасаған кезде лауазымды атқарған мемлекеттік орган осы Қағидалардың мемлекеттік саяси қызметшілерге қатысты тиісті ережелерін қолдана отырып жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
Егер алдыңғы мемлекеттік лауазым мемлекеттік әкімшілік лауазым болып табылса, онда осы Қағидалардың 21, 24 және 25-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тәртіптік жауаптылық мәселесін қарауды мемлекеттік қызметші тәртіптік теріс қылық жасаған кезде лауазымды атқарған мемлекеттік орган осы Қағидалардың мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге қатысты тиісті ережелерін қолдана отырып жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің уәкілетті адамы:
Toggle Dropdown
1) қызметтік тергеп-тексеруді тоқтата тұру және қайта бастау үшін негіз болып табылатын материалдар мен мәліметтерді уақтылы береді;
Toggle Dropdown
2) мемлекеттік қызметшінің тәртіптік жауаптылығы мәселесін жан-жақты және объективті қарау үшін өзге де жәрдем көрсетеді.
Toggle Dropdown
27. Тәртіптік терiс қылықтар мынадай түрлерге бөлiнедi:
Toggle Dropdown
1) елеусiз;
Toggle Dropdown
2) елеулi;
Toggle Dropdown
3) өрескел.
Toggle Dropdown
Тәртіптік жазасы жоқ мемлекеттік әкімшілік қызметшi жасаған немесе бұрын қолданылған жаза алып тасталғаннан кейін жасаған теріс қылық елеусіз теріс қылық болып табылады, ол үшін қызметшіге ескерту, сөгіс немесе қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолданылады.
Toggle Dropdown
Алып тасталмаған ескерту, сөгіс немесе қатаң сөгіс түрiнде қолданылған жаза болған кезде мемлекеттік әкімшілік қызметші жасаған теріс қылық елеулі теріс қылық болып табылады, ол үшін қызметшіге қызметiне толық сәйкес еместiгi туралы ескерту немесе лауазымын төмендету түрiндегi жаза қолданылады. Бұл ретте, мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сәйкес негіздер бойынша қызметiне толық сәйкес еместiгi туралы ескерту немесе лауазымын төмендету түрiндегi тәртіптік жаза көзделген тәртіптік теріс қылықтарға жол берілген жағдайларда, қызметiне толық сәйкес еместiгi туралы ескерту немесе лауазымын төмендету түрiндегi тәртіптік жаза алынбаған тәртіптік жазаның болуына қарамастан қолданылады.
Toggle Dropdown
Жасағаны үшiн қолданыстағы еңбек заңнамасына, мемлекеттiк қызмет туралы заңнамаға сәйкес негiздер бойынша қызметтен шығару көзделген теріс қылық не мемлекеттік әкімшілік қызметші лауазымын төмендету немесе қызметiне толық сәйкес еместiгi туралы ескерту түрiндегi алынбаған жазасы бола тұра жасалған терiс қылық өрескел терiс қылық болып табылады, ол үшін атқаратын лауазымынан босату түрiндегi жаза қолданылады.
Toggle Dropdown
28. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
2-тарау. Тәртіптік жазаларды қолдану негiздерi мен жағдайлары
Toggle Dropdown
29. Мемлекеттік әкімшілік қызметшiнiң тәртіптік терiс қылық жасауы тәртіптік жаза қолдану үшiн негiз болып табылады.
Toggle Dropdown
30. Тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін мемлекеттік әкімшілік қызметшіге уәкілетті адам Заңда көзделген тәртіптік жазаларды қолдануы мүмкін.
Toggle Dropdown
31. Тәртіптік жаза жасалған тәртіптік терiс қылықтың ауырлығына, оны жасаған адамның кiнәсiнiң дәрежесiне сәйкес келуге тиiс.
Toggle Dropdown
2
32. Тәртіптік жазаның түрiн айқындау және оны қолдану кезінде Заңның 44-бабының 5, 6 және 7-тармақтарында көзделген талаптар, сондай-ақ:
Toggle Dropdown
1) терiс қылықтың мазмұны мен сипаты;
Toggle Dropdown
2) терiс қылық жасалған кездегі мән-жай (орны, уақыты, әдісі және оны жасаудың өзге де мән-жайлары), мемлекеттік әкімшілік қызметшінің кінәсі;
Toggle Dropdown
3) жасалған терiс қылық әкеп соққан немесе әкелуі мүмкiн келеңсiз зардаптар;
Toggle Dropdown
4) оны жасаған адамның бұрынғы мiнез-құлқы;
Toggle Dropdown
5) тиісті қызмет саласындағы жұмыс тәжірибесі;
Toggle Dropdown
6) мемлекеттік әкімшілік қызметшiнiң жеке басын сипаттайтын өзге де мән-жайлар жинақтала есепке алынады.
Toggle Dropdown
1
33. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) не персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамдар мемлекеттік әкімшілік қызметшiнің тәртіптік терiс қылығы туралы мәліметтер негізінде одан жазбаша түсiнiктемені талап етеді, ол оны талап етілген күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынады.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік әкімшілік қызметшi жазбаша түсiнiктеме беруден бас тартқан жағдайда, персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) жұмыскерлері не персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамдар тиісті акт жасайды.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің жазбаша түсініктеме беруден бас тартуы қызметтік тергеп-тексеру жүргізуге кедергі бола алмайды.
Toggle Dropdown
34. Мемлекеттік әкімшілік қызметшi болмашы тәртіптік терiс қылық жасаған жағдайда, ол егер жазбаша түсiнiктемесiнде өзінің осы терiс қылықты жасау фактісімен келiссе, онда уәкілетті адамның қызметтiк тергеп-тексеру жүргiзбей ескерту, сөгiс немесе қатаң сөгiс түрiнде жаза қолдануға құқығы бар.
Toggle Dropdown
Егер осы Қағидалардың 21, 24 және 25-тармақтарында көрсетiлген мемлекеттік әкімшілік қызметшiлер жазбаша түсiнiктемелерiнде өздерінің терiс қылықты жасау фактісімен келiссе, осы қызметшілерге қатысты, құзыретіне сәйкес Ұлттық комиссияға, Әдеп жөніндегі комиссияға немесе Әдеп жөніндегі кеңеске берілген материалдар бойынша қызметтiк тергеп-тексерулер тағайындалмауы мүмкін.
Toggle Dropdown
Бұл жағдайда Ұлттық комиссияның төрағасы, Әдеп жөніндегі комиссияның не Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы көрсетілген мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге қатысты материалдарды қызметшілерге тәртіптік жазалар қолдану үшін мемлекеттік органға жолдайды.
Toggle Dropdown
35. Егер мемлекеттік әкімшілік қызметшi өзiнiң жазбаша түсiнiктемесiнде терiс қылық жасау фактісімен келiспесе, онда осы Қағидаларда айқындалған тәртiпке сәйкес қызметтiк тергеп-тексеру жүргiзiлуге тиiс.
Toggle Dropdown
36. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
37. Жасағаны үшін лауазымын төмендету, қызметiне толық сәйкес еместiгi туралы ескерту және атқаратын лауазымынан босату түрiнде тәртіптік жазалар қолданылуы мүмкін тәртіптік теріс қылықтар бойынша қызметтiк тергеп-тексеру жүргізу және Комиссияның ұсынымдарының болуы міндетті.
Toggle Dropdown
38. Егер тәртіптік теріс қылықты мемлекеттік әкімшілік лауазымға алғаш рет қабылданған адам жасаса, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) не персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адам осы адамға бекітілген тәлімгерден теріс қылықтың жасалу фактісі бойынша жазбаша түсініктеме талап етеді, ол қызметтік тергеп-тексеру материалдарына қоса тіркеледі.
Toggle Dropdown
39. Уәкілетті адам Ұлттық комиссияның, Әдеп жөніндегі комиссияның, Өңірлік кадр комиссиясының немесе Әдеп жөніндегі кеңестің ұсынымдары мен материалдарын қараған кезде қызметтік тергеп-тексерулер жүргізілмейді.
Toggle Dropdown
Уәкілетті адам Ұлттық комиссияның, Әдеп жөніндегі комиссияның, Өңірлік кадр комиссиясының немесе Әдеп жөніндегі кеңестің ұсынымына сәйкес он жұмыс күні ішінде тәртіптік жаза қолдану жөнінде шешім қабылдайды.
Toggle Dropdown
Қабылданған шешім туралы Ұлттық комиссияға, Әдеп жөніндегі комиссияға, Өңірлік кадр комиссиясына немесе Әдеп жөніндегі кеңеске үш жұмыс күні ішінде хабарланады.
Toggle Dropdown
40. Бiрнеше мемлекеттік қызметшi бiрлесiп тәртіптік терiс қылық жасаған кезде тәртіптік жаза әрбір қызметшіге жеке қолданылады.
Toggle Dropdown
41. Жасалған тәртіптік терiс қылық үшiн бiр ғана тәртіптік жаза қолданылады.
Toggle Dropdown
42. Мемлекеттік әкімшілік қызметшiге тәртіптік жаза қолдану, егер оның іс-әрекетінде басқа жауаптылық түрлері байқалса, оны Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа да жауаптылық түрлерiнен босатпайды.
Toggle Dropdown
3-тарау. Қызметтiк тергеп-тексеру жүргiзу тәртiбi
Toggle Dropdown
43. Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің тәртіптік теріс қылығының жасалу мән-жайын толық, жан-жақты және объективті түрде анықтау мақсатында ол туралы материалдарды және мәліметтерді жинау мен тексеру жөніндегі қызмет қызметтік тергеп-тексеру болып табылады.
Toggle Dropdown
44. Мемлекеттік әкімшілік қызметшiнiң тәртіптік терiс қылық жасағаны туралы мәлiметтер: жеке және заңды тұлғалардың жолданымдары, құқық қорғау органдары мен өзге мемлекеттiк органдардың материалдары, бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар, тәртіптік теріс қылық жасаған адам жұмыс істейтін мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері басшыларының қызметтiк жазбахаттары не ұсынулары және өзге де материалдар қызметтік тергеп-тексеруді тағайындауға негіз болып табылады.
Toggle Dropdown
Материалдар жазбаша, сол сияқты өзге нысанда тіркелген мәлiметтердi, оның ішінде бейнематериалдарды қамтуы мүмкiн.
Toggle Dropdown
45. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің тәртіптік теріс қылықтары бойынша қызметтiк тергеп-тексерулер мемлекеттік әкімшілік қызметшіні лауазымға тағайындау және лауазымнан босату құқығы бар лауазымды адамға (бұдан әрі – уәкілетті адам) жасалған теріс қылық туралы мәлімет келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде уәкілетті адамның актісімен тағайындалады.
Toggle Dropdown
Сайланбалы орган тағайындайтын мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің тәртіптік теріс қылықтары бойынша қызметтiк тергеп-тексерулер осы сайланбалы орган хатшысының шешімімен тағайындалады.
Toggle Dropdown
Аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі үшін уәкілетті адам ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі болып табылады.
Toggle Dropdown
45-1. Осы Қағидалардың 49, 50, 51 және 52-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Қағидалардың 26-1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген мемлекеттік әкімшілік қызметшінің тәртіптік теріс қылығы бойынша қызметтік тергеп-тексеру мемлекеттік қызметші теріс қылық жасаған кезде лауазымды атқарған мемлекеттік органның уәкілетті адамының актісімен тағайындалады.
Toggle Dropdown
Қызметтік тергеп-тексеруді тағайындау және осы Қағидалардың 26-1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген мемлекеттік әкімшілік қызметшінің тәртіптік теріс қылықтары жөніндегі мәліметтер туралы қызметтік тергеп-тексеру тағайындалған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік әкімшілік қызметші лауазымды атқаратын мемлекеттік органның уәкілетті адамына хабарланады.
Toggle Dropdown
Қызметтік тергеп-тексеру материалдарын мемлекеттік қызметші теріс қылық жасаған кезде мемлекеттік әкімшілік лауазымды атқарған мемлекеттік органның Комиссиясы қарайды және тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыным шығарылған жағдайда мемлекеттік қызметші теріс қылық жасаған кезде лауазымды атқарған мемлекеттік органның уәкілетті адамы тиісті материалдарды бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметшінің соңғы жұмыс орны бойынша жібереді.
Toggle Dropdown
46. Осы Қағидалардың 21, 24, 25-тармақтарында көрсетілген мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің уәкілетті адамға белгілі болған тәртіптік теріс қылықтары туралы мәліметтер үш жұмыс күні ішінде құзыретіне сәйкес Ұлттық комиссияға, Әдеп жөніндегі комиссияға немесе Әдеп жөніндегі кеңеске әрі қарай жолдануға жатады.
Toggle Dropdown
47. Персоналды басқару қызметi (кадр қызметі) не персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамдар қызметтік тергеп-тексеруді жүргізу туралы акті шығарылған күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзiмде қызметтiк тергеп-тексеруді жүргiзедi. Бұл ретте, мүдделер қақтығысы болған не олардың тәртіптік жауаптылығы бір тәртіптік іс жүргізу шеңберінде қаралған жағдайларды және осы Қағидалардың 48-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік әкімшілік қызметшінің тікелей басшысы қызметтік тергеп-тексеруге тартылады.
Toggle Dropdown
Қажет болған жағдайда қызметтік тергеп-тексеруді жүргізуге өзге мемлекеттік қызметшілер тартылуы мүмкін, сондай-ақ қызметтiк тергеп-тексеруді жүргізу персоналды басқару қызметiнің (кадр қызметінің) қызметкерін тарта отырып, басқа құрылымдық бөлімшелердің жұмыскерлеріне жүктелуі мүмкін.
Toggle Dropdown
48. Өңірлік кадр комиссиясының, Әдеп жөніндегі комиссияның, Әдеп жөніндегі кеңестің және Комиссияның құрамына кіретін адамдар қызметтік тергеп-тексеру жүргізуге тартылмайды.
Toggle Dropdown
49. Осы Қағидалардың 21-тармағында көрсетiлген мемлекеттік әкімшілік қызметшiлердiң тәртiптiк терiс қылықтары бойынша қызметтiк тергеп-тексерулер Ұлттық комиссия төрағасының шешімімен тағайындалады.
Toggle Dropdown
Ұлттық комиссияның төрағасы қызметтік тергеп-тексеруді жүргізетін адамдардың құрамына Ұлттық комиссияның жұмыс органының не мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкілетті органның өкілін енгізе отырып, қызметтік тергеп-тексеру жүргізуді олардың құзыреттеріне сәйкес тиісті мемлекеттік органға не лауазымды адамға тапсыруы мүмкін.
Toggle Dropdown
50. Өңірлік кадр комиссиясының төрағасы осы Қағидалардың 21-тармағында көрсетiлген мемлекеттік әкімшілік қызметшiлердiң терiс қылықтары бойынша қызметтiк тергеп-тексеру жүргізу туралы шешімді Ұлттық комиссияның тапсыруы бойынша қабылдайды.
Toggle Dropdown
Бұл жағдайда Өңірлік кадр комиссиясының төрағасы қызметтік тергеп-тексеруді жүргізетін адамдардың құрамына Өңірлік кадр комиссиясының жұмыс органының өкілін енгізе отырып, қызметтік тергеп-тексеру жүргізуді олардың құзыретіне сәйкес тиісті мемлекеттік органға не лауазымды адамға тапсыруы мүмкін.
Toggle Dropdown
51. Осы Қағидалардың 24-тармағында көрсетiлген мемлекеттік әкімшілік қызметшiлердiң терiс қылықтары бойынша қызметтiк тергеп-тексерулер мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган басшысының бұйрығымен тағайындалады және оларды мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органның лауазымды адамдары осы Қағидаларда белгiленген мерзiмдерде және тәртiппен жүргiзедi.
Toggle Dropdown
Қажет болған жағдайда мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган қызметтiк тергеп-тексеру жүргiзудi мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкілетті органның өкілін қатыстыра отырып, сол мемлекеттiк органның өзінің персоналды басқару қызметiне (кадр қызметіне) тапсыруы мүмкiн.
Toggle Dropdown
52. Осы Қағидалардың 25-тармағында көрсетiлген мемлекеттік әкімшілік қызметшiлердiң терiс қылықтары бойынша қызметтiк тергеп-тексерулер Әдеп жөніндегі кеңес төрағасының шешімімен тағайындалады және оның жұмыс органы оны Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, осы Қағидаларда белгiленген тәртiппен жүргiзедi.
Toggle Dropdown
53. Қызметтiк тергеп-тексерулер:
Toggle Dropdown
1) мемлекеттiк әкімшілік қызметшi еңбекке уақытша жарамсыз болған;
Toggle Dropdown
2) мемлекеттік әкімшілік қызметші демалыста немесе iссапарда болған;
Toggle Dropdown
3) мемлекеттік әкімшілік қызметші мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттердi орындаған уақытта оны өз лауазымдық міндеттерін орындаудан босатқан;
Toggle Dropdown
4) мемлекеттік әкімшілік қызметші даярлауда, қайта даярлауда, біліктілігін арттыру курстарында және тағылымдамада болған;
Toggle Dropdown
5) мемлекеттік әкімшілік қызметшінің тәртіптік теріс қылық жасағаны туралы мемлекеттік органдардың актілеріне ол сот тәртібімен шағым жасаған кезеңде, сондай-ақ қызметтік тергеп-тексеруді тағайындауға негіз болып табылатын мәселе сот тәртібімен қаралған жағдайларда;
Toggle Dropdown
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес енгізілген төтенше жағдай ретінде түсінілетін еңсерілмейтін күш әсер еткен;
Toggle Dropdown
7) қызметтік тергеп-тексерулерді жүзеге асыруға қажетті материалдар мен ақпарат беру туралы сұрау салу мемлекеттік органдарға, лауазымды адамдарға және өзге де субъектілерге жіберілген кезеңде тоқтатыла тұрады.
Toggle Dropdown
Қызметтiк тергеп-тексеру уәкілетті адамның шешімімен тоқтатыла тұрады және қайта жалғастырылады.
Toggle Dropdown
Сайланбалы орган тағайындайтын мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге қатысты қызметтік тергеп-тексеруді тоқтата тұру және қайта жалғастыру туралы шешімді осы сайланбалы органның хатшысы қабылдайды.
Toggle Dropdown
Уәкілетті адам төтенше жағдай енгiзiлген кезде қызметтік тергеп-тексеруді тоқта тұру және қайта жалғастыру туралы шешімді оның қолданылу кезеңiнде көзделген негізгі және уақытша шектеу шараларын ескере отырып қабылдайды.
Toggle Dropdown
54. Қызметтiк тергеп-тексеру барысында персоналды басқару қызметi (кадр қызметі) не қызметтік тергеп-тексеруді жүргізу жүктелген адамдар өзіне қатысты қызметтік тергеп-тексеру жүргізіліп жатқан мемлекеттік әкімшілік қызметшіден жазбаша түсініктемені талап етеді, тәртіптік терiс қылықтың жасалу мән-жайларына және тергеп-тексерудiң өзге де негiздерiне қатысты барлық материалдар мен мәлiметтердi жан-жақты әрi толық жинайды.
Toggle Dropdown
Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) не персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адам өзіне қатысты қызметтік тергеп-тексеру жүргізілген мемлекеттік әкімшілік қызметшіні қызметтік тергеп-тексеру материалдарымен таныстыруға тиіс.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік әкімшілік қызметшi жазбаша түсiнiктеме беруден немесе қызметтік тергеп-тексеру материалдарымен танысқанын өз қолын қойып растаудан бас тартқан жағдайда, персоналды басқару қызметiнің (кадр қызметінің) жұмыскерлерi не қызметтік тергеп-тексеруді жүргізу жүктелген адамдар тиісті акт жасайды, ол қызметтік тергеп-тексеру материалдарына қоса тіркеледі.
Toggle Dropdown
Жинақталған материалдар тиісті уәжді қорытындымен бірге Комиссияның қарауына ұсынылады.
Toggle Dropdown
55. Егер қызметтiк тергеп-тексеру нәтижесiнде мемлекеттік әкімшілік қызметшi қылмыстық әрекет не әкімшілік құқық бұзушылық құрамының ықтимал белгiлерi бар әрекетке жол берді деген тұжырым жасалса, уәкілетті адам алынған материалдарды Комиссияның қарауына шығармай, құқық қорғау органдарына немесе өзге органдарға дереу береді.
Toggle Dropdown
Құқық қорғау органы мемлекеттік қызметшіге қатысты қылмыстық іс не әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді тоқтатқан жағдайда, бірақ оның әрекеттерінде тәртіптік теріс қылық белгілері бар болса, іс бойынша материалдар тиісті мемлекеттік органға жолданады.
Toggle Dropdown
4-тарау. Тәртiптiк комиссияны қалыптастыру және оның жұмыс тәртiбi
Toggle Dropdown
60. Комиссия уәкілетті адамның актісімен қалыптастырылады және мемлекеттiк органның жұмыскерлері қатарынан құрылатын Комиссияның төрағасынан, мүшелерінен тұрады.
Toggle Dropdown
Комиссия мүшелерінің жалпы саны, төрағаны қоса алғанда, тақ санды құрауға және Комиссия құрамы мемлекеттік органның түрлі құрылымдық бөлімшелерінің өкілдерінен тұруға тиіс.
Toggle Dropdown
Орталық атқарушы органдарда аппарат басшысы Комиссияның қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, оның кемінде бес мүшеден тұратын құрамын жасақтайды, оның үштен екісі құрылымдық бөлімшелердің өкілдерінен, оның ішінде төрағадан тұруға тиіс. Комиссияның төрағасы Комиссияны құру туралы актіде айқындалады.
Toggle Dropdown
Штат саны елу бірліктен аз мемлекеттік органдар үшін үш мүшеден тұратын Комиссия қалыптастыруға жол беріледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сайланатын мемлекеттiк әкімшілік қызметшiлердің жауаптылығын қарау үшін Комиссияның құрамына сондай-ақ мәслихат депутаттары мен жергілікті қоғамдастықтың өкілдері енгізіледі.
Toggle Dropdown
Персоналды басқару қызметiнiң (кадр қызметінің) басшысы айқындайтын персоналды басқару қызметiнiң (кадр қызметінің) өкiлi не персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адам Комиссияның хатшысы болып табылады. Комиссия жұмысының барлық материалдары персоналды басқару қызметiнде (кадр қызметінде) сақталады. Комиссия хатшысы оның жұмысын ұйымдастырушылық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асырады және дауыс беруге қатыспайды.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік органдардың мемлекеттік саяси қызметшілер болып табылатын басшылары және олардың орынбасарлары, сондай-ақ уәкілетті адамдар Комиссияның құрамына кірмейді.
Toggle Dropdown
61. Өзiнiң жақын туысы немесе жекжаты болып табылатын қызметшiге қатысты немесе Комиссия мүшесiнiң осы тергеп-тексеруге тiкелей немесе жанама мүдделiлiгi болса, Комиссия мүшесi тәртіптік терiс қылыққа қатысты қызметтiк тергеп-тексеру материалдарын қарауға және фактілерді зерттеуге қатыспайды.
Toggle Dropdown
Комиссия мүшесінде қызметтік тергеп-тексеру бойынша тікелей немесе жанама мүдделілік болған жағдайда, бұл туралы ол мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді лауазымға тағайындау және мемлекеттік лауазымнан босату құқығы бар лауазымды адамды дереу хабардар етуге міндетті.
Toggle Dropdown
62. Комиссия өз отырысында қызметтiк тергеп-тексеру материалдарын қарайды және тәртіптік терiс қылыққа қатысты фактілерді зерттейдi, өзіне қатысты қызметтiк тергеп-тексеру жүргiзiлген мемлекеттік әкімшілік қызметшiнiң және тергеп-тексеруді жүргiзген персоналды басқару қызметi (кадр қызметі) не уәкiлеттi лауазымды адамдар өкілдерінің түсiнiктемелерiн тыңдайды. Комиссияның куәларды тыңдауға және терiс қылыққа қатысы бар кез келген фактілерді зерттеуге де құқығы бар.
Toggle Dropdown
Қажет болған жағдайда Комиссияның отырыстарын бейнеконференцбайланыс арқылы өткізуге болады.
Toggle Dropdown
Комиссия қызметтік тергеп-тексеру материалдарын тәртіптік жаза қолдану мерзімдерін ескере отырып, бес жұмыс күні ішінде қарауға тиіс.
Toggle Dropdown
62-1. Отырыс өткiзiлетiн күндi Комиссияның төрағасы айқындайды, ол туралы персоналды басқару қызметi (кадр қызметі) не персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адам Комиссия мүшелерін хабардар етеді.
Toggle Dropdown
63. Персоналды басқару қызметi (кадр қызметі) не персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адам Комиссия отырысы өткiзілерден кемінде үш жұмыс күні бұрын мемлекеттік әкімшілік қызметшіге Комиссия отырысының уақыты мен орны туралы тиісінше хабарлауға тиіс.
Toggle Dropdown
Осы Қағидаларда тиісінше хабарлау деп мемлекеттік әкімшілік қызметшіге жұмыс орны бойынша хатпен не ол жұмыста болмаған жағдайда, оның өзіне немесе онымен бірге тұрып жатқан кәмелетке толған отбасы мүшелерінің біріне тілхат алынып, табыс етілетін тапсырыс хатпен немесе жеделхатпен не хабарлаудың немесе шақырудың тіркелуін қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдарын пайдалана отырып хабарлау танылады.
Toggle Dropdown
Тәртіптік жауаптылыққа тартылатын мемлекеттік әкімшілік қызметші қызметтік тергеп-тексеру кезінде өзінің мекенжайы, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі өзгерген жағдайда, бұл туралы персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) не персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамға жазбаша хабарлайды.
Toggle Dropdown
Мұндай хабар болмаған жағдайда, хабарлау, шақыру соңғы белгілі мекенжайға, ұялы байланыстың абоненттік нөміріне жіберіледі және қызметші бұл мекенжайда енді тұрмаса да немесе болмаса да, осы ұялы байланыстың абоненттік нөмірін пайдаланбаса да, жеткізілді деп саналады.
Toggle Dropdown
64. Мемлекеттік әкімшілік қызметші Комиссияның отырысына қатысудан жазбаша түрде бас тарта алады.
Toggle Dropdown
Өзіне қатысты тәртіптік жауаптылық қаралып жатқан мемлекеттік әкімшілік қызметшінің болмауы, егер оған тиісінше хабарланған болса, Комиссияның отырысында қызметтік тергеп-тексеру материалдарын қарауға кедергі болып табылмайды.
Toggle Dropdown
65. Комиссия отырысы оған Комиссия мүшелерiнің кемiнде төрттен үшi қатысса, құқықты болып саналады.
Toggle Dropdown
66. Қызметтік тергеп-тексеру материалдарын қарау кезінде Комиссия мынадай мәселелерді:
Toggle Dropdown
1) қызметшінің тәртіптік жауаптылығын қарау үшін негіз болып отырған нақты іс-әрекет (әрекетсіздік) орын алғанын-алмағанын;
Toggle Dropdown
2) бұл іс-әрекеттiң (әрекетсіздіктің) теріс қылық болып табылатынын-табылмайтынын және ол Қазақстан Республикасының қандай заңнамасы нормаларын бұза отырып жасалғанын;
Toggle Dropdown
3) мемлекеттік әкімшілік қызметші осы тәртіптік теріс қылықты жасағанын-жасамағанын;
Toggle Dropdown
4) мемлекеттік әкімшілік қызметшінің осы теріс қылықты жасауда кiнәсі байқалатынын-байқалмайтынын;
Toggle Dropdown
5) мемлекеттік әкімшілік қызметшіні тәртіптік жауаптылыққа тарту мерзімдерінің сақталғанын-сақталмағанын;
Toggle Dropdown
6) мемлекеттік әкімшілік қызметші қызметтік тергеп-тексеру материалдарымен танысқанын-таныспағанын;
Toggle Dropdown
7) мемлекеттік әкімшілік қызметшіге қатысты тәртіптік жазаның қандай түрін белгілеу ұсынылатынын-ұсынылмайтынын;
Toggle Dropdown
8) осы Қағидалардың 32-тармағында көзделген өзге де мән-жайларды шешеді.
Toggle Dropdown
67. Комиссия отырысының қорытындысы осы Қағидалардың 66-тармағында көрсетілген мәселелер бойынша Комиссияның шешімдері тіркелетін хаттама түрінде ресімделеді. Хаттама отырыс өткізілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде рәсімделеді және оған Комиссияның төрағасы, мүшелері және хатшысы қол қояды, содан кейін персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) не персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адам өзіне қатысты тәртiптiк жауаптылық мәселесі қаралған қызметшіге таныстырады.
Toggle Dropdown
Тәртіптік жауаптылық мәселелерін қарау мемлекеттік құпияларды қозғайтын жағдайларды қоспағанда, отырыс барысы техникалық бейнежазу құралдарының көмегімен тіркеледі. Хаттамаға отырыстың дәлжазбасы қоса берілуі мүмкін. Тәртіптік жауаптылық мәселелерін қарау мемлекеттік құпияларды қозғайтын жағдайларды қоспағанда, отырыс уақытында мемлекеттік әкімшілік қызметші техникалық жазу құралдарын да пайдалана алады. Техникалық жазу құралдарын пайдалану тәртіптік комиссия отырысының өтуіне кедергі келтірмеуге тиіс.
Toggle Dropdown
Бұл ретте отырысқа қатысушылар мен Комиссия мүшелері бейнежазумен қамтылады.
Toggle Dropdown
Комиссия отырысының хаттамасында Комиссияның техникалық бейнежазу құралдарын қолданғаны туралы белгі жасалады.
Toggle Dropdown
Техникалық бейнежазу құралдарының көмегімен тіркелген материалдар Комиссия отырысы аяқталған кезден бастап кемінде бес жыл персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) не персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамда сақталады.
Toggle Dropdown
1
68. Комиссия ұсынымдары ашық дауыс беру жолымен қабылданады және уәкілетті адамға жiберіледi. Комиссия мүшелерi дауыс беру кезiнде қалыс қалмайды және отырыстарға алмасу құқығынсыз қатысады.
Toggle Dropdown
Комиссияның қызметіне қандай да бір араласуға жол берілмейді.
Toggle Dropdown
Дауыстар тең болған кезде төрағалық етушінің даусы шешуші болады.
Toggle Dropdown
69. Көпшіліктің шешімімен келіспеген Комиссия мүшесі өзінің ерекше пікірін жазбаша түрде білдіре алады, оны Комиссия төрағасына ұсынады және оны Комиссия отырысының хаттамасына тіркейді.
Toggle Dropdown
70. Тәртіптік терiс қылық жасалғанын растайтын фактілер болған жағдайда, Комиссия жаза қолданудың орындылығы мен оның түрi туралы уәкілетті адамға ұсыным береді.
Toggle Dropdown
Жеткілікті негіздер болған жағдайда, Комиссия ұсынымдарда қызметшінің тәртіптік жауаптылығын қарау барысында белгіленген заң бұзушылық фактілерін, теріс қылықтың жасалуына ықпал еткен себептер мен шарттарды және қабылдау үшін қажет шараларды көрсетеді.
Toggle Dropdown
2
71. Комиссия өз жұмысында мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органмен өзара iс-қимыл жасайды және мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша жұмысы туралы есептер бередi.
Toggle Dropdown
5-тарау. Тәртіптік жазаларды қолдану тәртiбi
Toggle Dropdown
71-1. Уәкілетті адамға мемлекеттік қызметшінің теріс қылық жасағаны жөнінде белгілі болған күн тәртіптік теріс қылықтың анықталған күні болып саналады.
Toggle Dropdown
72. Уәкілетті адам Комиссияның тәртіптік жаза қолдану туралы ұсынымы келіп түскен күннен бастап жазаны қолдану мерзімдерінің шегінде, бес жұмыс күні ішінде мынадай шешiмдердің бірін қабылдайды:
Toggle Dropdown
1) тиiстi тәртіптік жазаны қолданады;
Toggle Dropdown
2) тәртіптік жазаны қолдану мерзімдерінің шегінде қосымша қызметтік тергеп-тексеруді тағайындайды және материалдарды қосымша қызметтiк тергеп-тексеруге жiбередi;
Toggle Dropdown
3) тәртіптік жазаны қолданбайды.
Toggle Dropdown
Сайланбалы орган тағайындайтын мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге қатысты шешімді осы сайланбалы орган қабылдайды.
Toggle Dropdown
72-1. Осы Қағидалардың 26-1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген мемлекеттік әкімшілік қызметшіге тәртіптік жазаны мемлекеттік органның уәкілетті адамы соңғы атқаратын лауазымы бойынша тәртіптік жаза қолдану мерзімдері шегінде қолданады.
Toggle Dropdown
72-2. Уәкілетті адам басқа мемлекеттік органнан берілген қызметтік тергеп-тексеру материалдарын және Комиссияның мемлекеттік әкімшілік қызметшінің алдыңғы мемлекеттік лауазымдағы тәртіптік теріс қылықтары бойынша тәртіптік жаза қолдану туралы ұсынымдарын қараған кезде материалдар қосымша қызметтік тергеп-тексеруге жіберілмейді.
Toggle Dropdown
73. Қосымша қызметтiк тергеп-тексеру материалдарын өзге құрамдағы Комиссия қарайды.
Toggle Dropdown
74. Тиісті мемлекеттік органның персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) не персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адам жаза қолдану туралы акт шыққан күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жазаға ұшыраған адамға қолданылған тәртіптік жаза туралы қолын қойдыра отырып хабарлайды. Жазаға ұшыраған адам өзінің танысқанын қолын қойып растаудан бас тартқан жағдайда, жаза қолдану туралы актіге бұл туралы тиісті жазба жасалады не акті жасалады.
Toggle Dropdown
Жаза қолданылған адамды тәртіптік жаза қолдану туралы актімен таныстыру мүмкін болмаған жағдайда, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) оған актінің көшірмесін хабарламалы хатпен жолдайды.
Toggle Dropdown
75. Мемлекеттік әкімшілік қызметшiге қатысты қолданылған тәртіптік жаза тиiстi мемлекеттiк органның отырысында, оның алқасында немесе осы жазаны қолданған уәкілетті адам айқындайтын қызметшiлердiң қатысуымен жариялануы мүмкін.
Toggle Dropdown
76. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
77. Тәртіптік жаза уәкілетті адамның бұйрықтарын, өкiмдерiн шығару арқылы қолданылады.
Toggle Dropdown
78. Тәртіптік жаза қолдану туралы актiде жаза қолданылатын адам, жасағаны үшін жаза қолданылып отырған терiс қылық және жазаның түрi көрсетiледi.
Toggle Dropdown
79. Персоналды басқару қызметi (кадр қызметі) тәртіптік жаза қолдану туралы актіні тәртіптік жауаптылыққа тартылатын мемлекеттік әкімшілік қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің тікелей басшысына және мемлекеттік органның басшылығына танысу үшін жолдайды.
Toggle Dropdown
80. Алынбаған тәртіптік жазалар туралы мәлiметтер мен актiлерді мемлекеттiк органның персоналды басқару қызметi (кадр қызметі) қызметшiнiң қызметтiк тiзiмiне енгiзу арқылы есепке алуға тиiс.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарды жасаған қызметшiлерге уәкілетті адам қолданған жазалар туралы мәлiметтердi персоналды басқару қызметi (кадр қызметі) құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi уәкiлеттi органға мiндеттi түрде табыс етуге тиіс.
Toggle Dropdown
81. Егер мемлекеттік әкімшілік қызметшi жаза қолданылған күннен бастап алты ай iшiнде жаңа тәртіптік жазаға ұшырамаса, онда оның тәртіптік жазасы жоқ деп есептеледі.
Toggle Dropdown
82. Егер мемлекеттік әкімшілік қызметшi жаңа терiс қылық жасамаса және бұл ретте өзiн адал жұмыскер ретiнде көрсетсе, тәртіптік жаза алты ай өткенге дейiн алынуы мүмкiн.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік қызметшіде алынбаған екі тәртіптік жаза болған кезде, оларды алу жаза қолдану хронологиясына сәйкес жүргізіледі.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік әкімшілік қызметшіден лауазымын төмендету түріндегі жазаны алу оның бұрын атқарған лауазымына қайта орналасуына алып келмейді.
Toggle Dropdown
83. Мемлекеттік қызмет тоқтатылған күнге дейін алынбаған тәртіптік жаза мемлекеттік әкімшілік қызметші мемлекеттік қызметті тоқтатқан күннен бастап алынған болып есептеледі.
Toggle Dropdown
84. Осы Қағидалардың 86-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда, Ұлттық комиссияның, Өңірлік кадр комиссиясының, Әдеп жөніндегі комиссияның, Әдеп жөніндегі кеңестің немесе Комиссияның ұсынымы бойынша қолданылған тәртіптік жазаны мерзiмiнен бұрын алуды оны қолданған уәкілетті адам тиісінше Ұлттық комиссияның, Әдеп жөніндегі комиссияның, Өңірлік кадр комиссиясының, Әдеп жөніндегі кеңестің немесе Комиссияның келiсiмiмен жүргiзедi.
Toggle Dropdown
Сайланбалы орган тағайындайтын мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге қатысты тәртіптік жазаларды мерзімінен бұрын алу туралы шешімді осы сайланбалы орган қабылдайды.
Toggle Dropdown
85. Тәртіптік жазаны мерзiмiнен бұрын алу үшiн жаза қолданылған мемлекеттік әкімшілік қызметшiнiң тiкелей басшысы уәкілетті адамға тиісті ұсыныс енгізеді.
Toggle Dropdown
Егер тікелей басшы уәкілетті адам болып табылса, тиісті ұсынысты персоналды басқару қызметі енгізеді.
Toggle Dropdown
Жаза қолданған уәкілетті адам ұсынысты алған күнінен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде қарайды.
Toggle Dropdown
86. Тармақ алып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
1
87. Тармақ алып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
88. Мемлекеттік әкімшілік қызметшiден бiр мезгілде бiр ғана жаза алынуы мүмкiн.
Toggle Dropdown
6-тарау. Мемлекеттік әкімшілік қызметшiлердi тәртiптiк жауаптылыққа тарту кезiндегi олардың құқықтық кепiлдiктері
Toggle Dropdown
89. Мемлекеттік әкімшілік қызметші өзін тәртіптік жауаптылыққа тартуға байланысты барлық материалдармен таныстырылуға тиіс, оған қызметтік тергеп-тексеру рәсіміне жеке қатысу құқығы беріледі.
Toggle Dropdown
Терiс қылық жасағаны үшiн тәртіптік жауаптылыққа тартылатын мемлекеттік әкімшілік қызметшiнің өз өкiлі болуы мүмкін.
Toggle Dropdown
90. Шағымды үстiнен шағым берiлген уәкілетті адамға қарауға беруге тыйым салынады.
Toggle Dropdown
91. Тәртіптік жаза қолдану туралы шешiмге шағымдану оның орындалуын тоқтата тұрмайды.