• Мое избранное
«Б» корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурс өткізілместен, ауысу тәртібімен орналасу қағидалары

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығымен бекітілген

  • 1
«Б» корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурс өткізілместен, ауысу тәртібімен орналасу қағидалары
Қағидалар өзгертілді ҚР Президентінің 24.01.2019 жылғы № 828 Жарлығымен (29.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 25.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қағидалар өзгертілді ҚР Президентінің 16.08.2019 жылғы № 119 Жарлығымен (24.01.2019 ж. редакцияны қараңыз)
Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 13.11.2020 жылғы № 447 Жарлығына сәйкес (16.08.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.11.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 12.08.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
1. Осы «Б» корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурс өткізілместен, ауысу тәртібімен орналасу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 10-тармағына сәйкес әзірленді және «Б» корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына ауысу тәртібімен орналасу тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 31.12.2022 жылғы № 77 Жарлығына сәйкес (25.01.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.01.2023  жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңында белгіленген жағдайлардан бөлек, мемлекеттік лауазымға ауысу тәртібімен орналасу:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 25.01.2022 жылғы № 785 Жарлығына сәйкес (03.09.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 13.04.2023 жылғы № 195 Жарлығымен (31.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.04.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 05.06.2023 жылғы № 239 Жарлығына сәйкес (13.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.06.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталары аппараттарының және Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына, сондай-ақ осы мемлекеттік органдардан басқа мемлекеттік органдарға;
1-1) мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталары аппараттарының және Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының мемлекеттік саяси лауазымдарынан «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына;
2-тармақ 1-1-тармақшамен толықтырылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 31.07.2024 жылғы № 612 Жарлығына сәйкес (өзгерту 12.08.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген мемлекеттік органдардың ішінде;
3) мемлекеттік органның ішінде бір санаттағы лауазымға;
4) мемлекеттік қызметші осы мемлекеттік органда кемінде соңғы екі жыл келесі төмен тұрған санаттағы лауазымды атқарған жағдайда мемлекеттік органның ішінде жоғары тұрған санаттағы лауазымға;
5) мемлекеттік органның ішінде «Б» корпусы қызметшісінің қызметін бағалау нәтижесінің мәні қатарынан төрт тоқсан бойы «функционалдық міндеттерді тиімді орындайды» болған кезде келесі жоғары тұрған санаттағы лауазымға жүзеге асырылуы мүмкін.
3. Мемлекеттік қызметшіде қызметтік әдеп нормаларын бұзғаны не мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік терiс қылық жасағаны үшін алынбаған тәртiптiк жазасы болған кезде, оның «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына ауысу тәртiбiмен орналасуына жол берiлмейдi.
4. Мемлекеттік қызметшіні ротациялау жүзеге асырылған оның бұрынғы лауазымына ауысу тәртібімен тағайындауға ол басқа мемлекеттік лауазымға ротацияланған күннен бастап бір жыл ішінде жол берілмейді.
Қағидалар 4-тармақпен толықтырылды ҚР Президентінің 03.09.2021 жылғы № 651 Жарлығына сәйкес (өзгерту 10.09.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)