Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
Алматы агломерациясын аумақтық дамытудың өңіраралық схемасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 24 мамырдағы № 302 қаулысы
Редакция 14.05.2024 жылғы жағдай бойынша өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 24 мамырдағы № 302 қаулысымен бекітілген
Алматы агломерациясын аумақтық дамытудың өңіраралық схемасы
Өңіраралық схема жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 13.08.2020 жылғы № 514 Қаулысына сәйкес (24.05.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 28.09.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Алматы агломерациясын аумақтық дамытудың өңіраралық схемасы (бұдан әрі – Алматы агломерациясының өңіраралық схемасы) Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы "Қазақстан – 2050" Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" атты Қазақстан халқына Жолдауын, "Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасының негізгі ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 желтоқсандағы № 1434 (бұдан әрі – Бас схеманың негізгі ережелері) қаулысын ескере отырып өзектілендірілді.
Алматы агломерациясының өңіраралық схемасы Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамасына, аумақты ұйымдастырудың экологиялық, әлеуметтік-экономикалық мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық және нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес өзектілендірілді.
Алматы агломерациясының өңіраралық схемасы аумақты дамыту перспективаларын және оның инфрақұрылымға ұзақ мерзімді қажеттілігін айқындайтын қала құрылысы стратегиясы болып табылады. Алматы агломерациясының өңіраралық схемасы ережелерін іске асыру кезектілігі, қаржыландыру көздері және көлемі бюджеттік мүмкіндіктер ескеріле отырып, аумақтарды дамыту бағдарламалары деңгейінде айқындалады.
Алматы агломерациясының өңіраралық схемасының негізгі міндеттері:
1) агломерацияны дамытудың оңтайлы бағыттарын қалыптастыру мақсатында аумақтың шекарасына кіретін әкімшілік-аумақтық бірліктердің мүдделерін ескере отырып, жобаланатын аумақтың ұтымды жоспарлы ұйымдастырылуын айқындау;
2) аумақты функционалдық аймақтарға бөлу, халықты қоныстандыру және өндірістік күштерді орналастыру жүйесін жетілдіру, инженерлік, көліктік, әлеуметтік және рекреациялық инфрақұрылымды дамыту, аумақтарды қауіпті техногендік және табиғи процестерден қорғау, аумақтың экологиялық ахуалын жақсарту және қоршаған ортаны қорғау жөнінде негізді ұсыныстар кешенін әзірлеу.
Өзектілендірілген Алматы агломерациясының өңіраралық схемасы Алматы агломерациясы аумағын аралық (2025 жыл), есептік (2035 жыл) және болжамды (2050 жыл) жобалау мерзімдеріне арналған қала құрылысын перспективалы дамытудың жобалық ұсыныстарын қамтиды. Алматы агломерациясының өңіраралық схемасының негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштері осы Алматы агломерациясының өңіраралық схемасына 1-қосымшада келтірілген.
Алматы агломерациясын ұзақ мерзімді дамытудың жобалық ұсыныстары осы Алматы агломерациясының өңіраралық схемасына 2 – 14-қосымшаларда келтірілген.
Алматы агломерациясы елді мекендерінің тізбесі осы Алматы агломерациясының өңіраралық схемасына 15-қосымшада келтірілген.
1. Аумақты аймақтарға бөлу, қала құрылысына игеру және дамыту Аумақты қала құрылысына игеру және дамыту
Алматы агломерациясы Алматы облысының бес әкімшілік ауданы: Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Іле, Қарасай, Талғар аудандарының және Қапшағай қалалық әкімшілігі аумағының бөліктерінен тұрады. Осы аумақтардың бәрі агломерация орталығы (өзегі) – Алматы қаласының айналасында шоғырланған және Алматы агломерациясының аймағына кіреді.
Алматы облысы аумағының халық ең тығыз қоныстанған бөлігі,
сауда-қаржылық және ғылыми-білім беру мекемелерінің көпшілігі Алматы агломерациясында орналасқан және аса қарқынды агломерациялық байланыстары бар.
Алматы облысының Қапшағай, Қаскелең, Талғар, Есік, Ұзынағаш сияқты ірі елді мекендері Алматы агломерациясы орталығының, Алматы қаласының контрмагниттері және серіктестері болып табылады әрі қарқынды агломерациялық процестер аймағында орналасқан.
Алматы агломерациясының шекарасы:
Агломерацияның оңтүстік шекарасы Жамбыл ауданының Қарғалы ауылдық округінің оңтүстік-батыс шекарасынан өтеді, одан әрі батыс бағытта Қарасай ауданының оңтүстік шекарасынан өтеді және Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі (бұдан әрі – Іле Алатауы МҰТП) аумағының солтүстік бөлігін қамтиды.
Агломерацияның батыс шекарасы Сорбұлақ көлінің солтүстігінен басталып, Іле ауданы аумағының оңтүстік бөлігінен өтеді, одан әрі Жамбыл ауданының Мыңбаев, Таран, Қарасу ауылдық округтерінің батыс шекаралары бойымен өтеді.
Солтүстіктен Алматы агломерациясының шекарасы Қапшағай су қоймасының оңтүстік жағалауымен өтеді, Шеңгелді ауылдық округінің оңтүстік-батыс бөлігін қамтиды және батыс жағынан қайтадан су қоймасының жағалауына шығады, Іле ауданының Жетіген ауылдық округінің батыс шекарасымен және Сорбұлақ көлінің солтүстігінен айналып өтеді.
Шығыс жағындағы шекарасы Іле Алатауы МҰТП солтүстік-шығыс бөлігінен басталып, одан әрі солтүстік бағытта және Көктөбе, Түрген, Қаракемер, Бәйдібек би, Ақши ауылдық округтерінің шығыс шекаралары бойымен Еңбекшіқазақ ауданы аумағының бір бөлігін қамтиды.
Алматы агломерациясының шекарасындағы серіктес қалалары бар неғұрлым урбандалған және тығыз қоныстандырылған аймақ Іле Алатауы шегінің бойында ендік бағытта қалыптасты.
Халықтың қоныстануының меридианды бағытының солтүстік бөлігі "Алматы – Қапшағай" автомобиль тасжолы бойында қалыптасты, онда Өтеген батыр және Жетіген ауылдарында ірі көліктік-логистикалық орталықтар орналасқан. Автомобиль тасжолының шығыс жағынан, Қапшағай су қоймасының батыс жағалауында демалыс аймағы дамыған Қапшағай қаласы орналасқан.
Алматы агломерациясының шекарасында орналасқан барлық елді мекендердің еңбек, экономикалық және мәдени-тұрмыстық сипаттағы тұрақты байланыстары бар.
Агломерация аймағына Алматы облысының 189 елді мекені және Алматы қаласы кіреді. Агломерация жерінің жалпы ауданы 939,5 мың га құрайды.
Алматы агломерациясы осы шекараларда жеке әкімшілік бірлікке бөлінбейді, қалыптасқан әкімшілік бөлініс пен аумақтарды басқару бұзылмайды. Бұл ретте Алматы қаласының аумағы Алматы қаласы әкімдігінің қарамағында, ал Алматы агломерациясына кіретін аудандардың жерлері Алматы облысы әкімдігінің қарамағында болады.
"Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағының 6-1) тармақшасына сәйкес аумақтың қала құрылысын игерудің және дамытудың тиісті нормалары мен қағидаларын белгілей отырып, Алматы агломерациясының аумағы ерекше реттелетін сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі мен қала құрылысы регламентациясының аумақтық объектілеріне жатады.
Республикада да, Алматы агломерациясында да аумақтық даму және қала құрылысын игеру ауыл шаруашылығы, рекреациялық, табиғат қорғау, өнеркәсіп және құрылыс қызметін жүргізудің орындылығын айқындауға сәйкес аумақты нысаналы мақсаты және шаруашылық пайдалану бойынша функционалдық аймақтарға бөлуге қатаң сәйкестікте жүргізілуге тиіс.
Алматы агломерациясының құрамына кіретін елді мекендердің аумақтарын дамыту мен қала құрылысын игеруді жоспарлы реттеу үшін Алматы қаласы мен Алматы облысының елді мекендерінің бас жоспарлары әзірленді және бекітілді.
Жоспарланатын аумақты аймақтарға бөлу
Белгіленген аймақтарды пайдалану мақсаттары мен режимдерін анықтай отырып, аумақты мақсаты бойынша бөлу функционалдық аймақтарға бөлу деп аталады.
Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасында (Бас схеманың негізгі ережелерінің 5-бөлімі) функционалдық аймақтар 4 негізгі топқа бөлінді:
1) шаруашылыққа және қала құрылысына қарқынды игеру және табиғи ортаны барынша жол берілетін жасанды түрлендіру аймақтары;
2) қоршаған табиғи ортаны экстенсивті игеру аймақтары;
3) шаруашылыққа игеру шектелетін және қоршаған ортасы барынша сақталатын аймақтар;
4) шаруашылық қызметтің ерекше регламенттері бар аймақтар.
Жоғарыда аталған әрбір аймақтың құрамында тиісті кіші аймақтар болады.
Негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштерде көрсетілген алаңдарды анықтау үшін Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 1-бабының 1-тармағына сәйкес аумақтың жобалық жер теңгерімі орындалды.
1.1 Шаруашылыққа және қала құрылысына қарқынды игеру және табиғи ортаны барынша жол берілетін жасанды түрлендіру аймақтары
Қоныстандырудың кіші аймағы
Алматы агломерациясының аумағы ерекше қала құрылысын реттеу аймағында орналасқан, ол үшін "Сейсмикалық аймақтарда құрылыс салу" 2.03-30-2017 Қазақстан Республикасының қағидалар жинағына (бұдан әрі – ҚР ҚЖ), "Қала құрылысы. Қалалық және ауылдық елді мекендерді жоспарлау және құрылыстарын салу" 3.01-01-2013 Қазақстан Республикасының Құрылыс нормаларына (бұдан әрі – ҚР ҚН) сәйкес сәулет-қала құрылысы қызметі мақсаттарына арналған жоспарлық шектеулер мен регламенттер белгіленді.
Алматы агломерациясы жоспарлау орталықтары: Қаскелең, Қапшағай, Талғар, Есік қалаларын, Ұзынағаш, Жетіген, Өтеген батыр ауылдарын қамтитын Жетісу урбандалған аймағына жатады.
Қоныстандыру аймағы республикалық және облыстық маңызы бар автожолдардың негізгі жоспарлы осьтерінің бойындағы қала маңы аймағы мен теміржол тармақтары бар Алматы қаласының ықпал ету аймағының оңтүстік орталық бөлігін алып жатыр және Алматы қаласының аумағы мен Алматы қаласынан 25 – 30 км радиуста қарқынды қоныстандыру аймағынан тұрады. Бұдан басқа, "солтүстік-оңтүстік" жоспарлау осінің бойында индустриялық-өнеркәсіптік және рекреациялық даму бағыттарына байланысты қоныстандыру қалыптасты.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |