Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі N 314 Заңы
Toggle Dropdown
. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжаттар; N 14, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжаттар; N 18, 142-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 55-құжат; N 15, 86-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139, 140-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 7-8, 19-құжат; N 9, 26-құжат; N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 17-18, 72-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 2, 19, 20-құжаттар; N 3, 22-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 8, 45-құжат; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 11, 72, 77-құжаттар; N 13, 85, 86-құжаттар; N 15, 92, 95-құжаттар; N 16, 98, 102-құжаттар; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 16, 18-құжаттар; N 3, 20, 23-құжаттар; N 4, 28, 33-құжаттар; N 5-6; 40-құжат; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Toggle Dropdown
1) 14-баптағы»"әкімшілік жазаға тартуға" деген сөздер "әкімшілік жауапкершілікке тартуға" деген сөздермен ауыстырылсын;
Toggle Dropdown
2) 36-бап мынадай мазмұндағы 3-2-бөлікпен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
"3-2. Әкімшілік жаза барлық заңды тұлғаларға қатысты бірдей дәрежеде қолданылатын жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік кәсіпорын жүзеге асырылатын қызмет түріне, қызметкерлердің санына және активтердің бір жылдағы орташа жылдық құнына байланысты шағын немесе орта не ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар үшін көзделген тәртіппен әкімшілік жауапкершілікте болады.";
Toggle Dropdown
3) 45-баптың бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақшаларындағы және 46-баптың үшінші бөлігіндегі "немесе оның тікелей объектісі" деген сөздер "не нысанасы" деген сөздермен ауыстырылсын;
Toggle Dropdown
4) 48-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацы "тиісінше орындалмаған сомасының," деген сөздерден кейін "аударылмаған (уақтылы аударылмаған) әлеуметтік аударымдар сомасының," деген сөздермен толықтырылсын;
Toggle Dropdown
5) 49 және 50-баптардың тақырыбындағы және бірінші бөлігіндегі "немесе оның тікелей объектісі" деген сөздер "не нысанасы" деген сөздермен ауыстырылсын;
Toggle Dropdown
6) 71-1-баптың бірінші бөлігі "158-1," деген цифрлардан кейін "158-2," деген цифрлармен толықтырылсын;
Toggle Dropdown
7) 75-бап "кәмелетке толмаған адамды" деген сөздерден кейін "сот," деген сөзбен толықтырылсын;
Toggle Dropdown
8) 9-1-тараудың тақырыбы "қол сұғатын" деген сөздерден кейін "және отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы" деген сөздермен толықтырылсын;
Toggle Dropdown
9) мынадай мазмұндағы 79-5-баппен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
79-5-бап. Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы іс-әрекеттер
Toggle Dropdown
1. Құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастағы азаматтарға сыйламаушылық көрсетіліп, былапыт сөйлеу, қорлап тиісу, кемсіту, үй заттарына зақым келтіру және жеке тұрғын үй немесе пәтер шегінде жасалған олардың тыныштығын бұзатын басқа да әрекеттер, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, -
Toggle Dropdown
айлық есептік көрсеткіштің бірден үшке дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алуға әкеп соғады.
Toggle Dropdown
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
Toggle Dropdown
айлық есептік көрсеткіштің үштен беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не он тәуліктен он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алуға әкеп соғады.
Toggle Dropdown
Ескерту: Отбасы-тұрмыстық қатынастар деп:
Toggle Dropdown
бірге тұратын немесе тұрған;
Toggle Dropdown
некеде тұрған;
Toggle Dropdown
бұрынғы ерлі-зайыптылар;
Toggle Dropdown
жақын туыс адамдардың арасындағы қатынастар түсініледі.";
Toggle Dropdown
10) 87-баптың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
"1. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген іс-әрекеттерді қоспағанда, жұмыс берушінің немесе лауазымды адамның Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзуы, -
Toggle Dropdown
лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырмадан жиырма беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Toggle Dropdown
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет (әрекетсіздік), -
Toggle Dropdown
лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің он бестен жиырмаға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырма бестен отызға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";
Toggle Dropdown
11) 94-баптың екінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
"2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер (әрекетсіздік), -";
Toggle Dropdown
12) 109-баптың бірінші абзацындағы "шетелдік заңды тұлғалардан және азаматтардан" деген сөздер "шетелдіктерден және басқа мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғалардан" деген сөздермен ауыстырылсын;
Toggle Dropdown
13) 111-баптың екінші бөлігінің екінші абзацы "айлық есептік көрсеткіштің" деген сөздерден кейін "алтыдан" деген сөзбен толықтырылсын;
Toggle Dropdown
14) 113-баптың екінші абзацында "онға" деген сөз "отызға" деген сөзбен ауыстырылсын;
Toggle Dropdown
15) 114-баптың екінші бөлігінің екінші абзацындағы "айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан елуге дейінгі" деген сөздер "отыз айлық есептік көрсеткіш" деген сөздермен ауыстырылсын;
Toggle Dropdown
16) 118-баптың екінші абзацы "орта кәсіпкерлік субъектілері" деген сөздерден кейін "немесе коммерциялық емес ұйымдар" деген сөздермен толықтырылсын;
Toggle Dropdown
17) 127-бапта:
Toggle Dropdown
тақырыптағы ", газды" деген сөз алып тасталсын;
Toggle Dropdown
бірінші абзацтағы "газ не су құбырлары желілерінен газды немесе" деген сөздер "су құбырлары желілерінен" деген сөздермен ауыстырылсын;
Toggle Dropdown
18) 128-бапта:
Toggle Dropdown
бірінші бөліктің екінші абзацы "заңды тұлғаларға" деген сөздердің алдынан "шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз елуден екі жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын" деген сөздермен толықтырылсын;
Toggle Dropdown
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
"2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
Toggle Dropdown
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің елуден жүзге дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға - жүзден жүз елуге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүзден екі жүз елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға алты жүзден жеті жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";
Toggle Dropdown
19) 129-баптың екінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
"2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -";
Toggle Dropdown
20) 134-1-баптың екінші абзацындағы "бес жүзден мыңға дейінгі" деген сөздер "үш жүзден төрт жүзге дейінгі" деген сөздермен ауыстырылсын;
Toggle Dropdown
21) 135-1-баптың екінші бөлігінің бірінші абзацы "іс-әрекеттер" деген сөзден кейін "(әрекетсіздік)" деген сөзбен толықтырылсын;
Toggle Dropdown
22) 145-бап мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
"145-бап. Бөтен тауар таңбасын, қызмет көрсету таңбасын, тауар шығарылған жердің атауын немесе фирмалық атауды заңсыз пайдалану
Toggle Dropdown
1. Бөтен тауар таңбасын, қызмет көрсету таңбасын немесе тауар шығарылған жердің атауын немесе біртектес тауарлар немесе қызметтер үшін оларға ұқсас белгілерді заңсыз пайдалану, сондай-ақ бөтен фирмалық атауды заңсыз пайдалану, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, -