• Мое избранное
Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы N 2688 Конституциялық заңы

Тақырып өзгертілді ҚР 06.05.1999 жылғы № 379 Конституциялық заңымен (24.02.1997 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
Осы Заңда бүкіл мәтін бойынша «Республика Үкіметі», «Республика Конституциясының», «Республиканың», «Республика Президенті», «Республика Премьер-Министрі», «Республика Президентіне», «Республика Үкіметінің», «Республика Президентінің», «Республика Конституциясында», «Республика Президентімен», «Республика Премьер-Министрінің», «Республика заңдарының», «Республика заңдарын», «Республика атқарушы», «Республика Үкіметіне», «Республика министрлігі» деген сөздер тиісінше «Қазақстан Республикасының Үкіметі», «Қазақстан Республикасы Конституциясының», «Қазақстан Республикасының», «Қазақстан Республикасының Президенті», «Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі», «Қазақстан Республикасының Президентіне», «Қазақстан Республикасы Үкіметінің», «Қазақстан Республикасы Президентінің», «Қазақстан Республикасының Конституциясында», «Қазақстан Республикасының Президентімен», «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің», «Қазақстан Республикасы заңдарының», «Қазақстан Республикасының заңдарын», «Қазақстан Республикасы атқарушы», «Қазақстан Республикасының Үкіметіне», «Қазақстан Республикасының министрлігі» деген сөздермен; «Парламент Мәжілісінің», «Республика Парламенті Мәжілісінің», «Парламент Мәжілісі немесе Парламент», «Парламентке», «Парламент қабылдаған», «Парламент заңдарды», «Парламенттің», «Республика Парламентімен», «Парламент Мәжілісінде», «Парламент депутаттарының», «Парламентпен», «Парламент Мәжілісімен» деген сөздер тиісінше «Құрылтайдың», «Қазақстан Республикасы Құрылтайының», «Құрылтай», «Құрылтайға», «Құрылтай қабылдаған», «Құрылтай заңдарды», «Құрылтайдың», «Қазақстан Республикасының Құрылтайымен», «Құрылтайда», «Құрылтай депутаттарының», «Құрылтаймен», «Құрылтаймен» деген сөздермен  ауыстырылды ҚР 11.06.2026 жылғы № 305-VIII Заңына сәйкес (05.07.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 01.07.2026 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Осы Конституциялық заң Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретiн, ұйымдастырылуы мен қызметiнiң тәртiбiн белгiлейдi.
Кіріспе өзгертілді ҚР 06.05.1999 жылғы № 379 Конституциялық заңымен (24.02.1997 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
I ТАРАУ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мәртебесi
1-бап өзгертілді ҚР 19.06.2007 жылғы № 267  Конституциялық заңымен(24.11.2004 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)     
Үкiмет алқалы орган болып табылады, Қазақстан Республикасының атқарушы билiгiн жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесiн басқарады және олардың қызметiне басшылық жасайды.
2-бап. Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметiнiң құқықтық негiзi
2-бап өзгертілді ҚР 06.05.1999 жылғы № 379  Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
Үкiмет Қазақстан Республикасы Конституциясының , осы Конституциялық заңның, Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтiк актiлерiнiң негiзiнде және оларды орындау үшiн iс-қимыл жасайды.
3-бап. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң құрылуы, құрылымы және құрамы
3-бап өзгертілді ҚР 06.05.1999 жылғы № 379 Конституциялық заңымен (24.02.1997 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
1. Үкiметтi Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген тәртiппен құрады.
2. Үкiметтiң құрылымы мен құрамы туралы ұсыныстарды Премьер-Министр тағайындалғаннан кейiн он күн мерзiмде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасының Президентіне енгiзедi.
3. Үкiметтiң құрылымын министрлiктер құрайды.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 15.06.2017 жылғы № 75-VI Конституциялық Заңына сәйкес (29.09.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.07.2017 жылы № 133 (29114) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
4. Үкiметтiң құрамына Үкiмет мүшелерi - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi, оның орынбасарлары, министрлер және Қазақстан Республикасының өзге де лауазымды адамдары кiредi.
3-1-бап. Қазақстан Республикасының Үкiметi мүшесiнiң ант беруi
Конституциялық Заң 3-1-баппен толықтырылды ҚР 06.05.1999 жылғы № 379 Конституциялық заңына сәйкес(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мүшесi Қазақстан Республикасының халқына және Президентiне мынадай мазмұнда ант бередi:
1-тармақ өзгертілді ҚР 15.06.2017 жылғы № 75-VI Конституциялық Заңымен (29.09.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.07.2017 жылы № 133 (29114) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-тармақ өзгертілді ҚР 11.06.2026 жылғы № 305-VIII Заңымен (05.07.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
"Қазақстан Республикасының халқы мен Президентi алдында өз Отаным - Қазақстан Республикасының экономикалық және рухани даму iсiне барлық күш-жiгерiм мен бiлiмiмдi жұмсауға, мемлекеттiң Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзiмнiң барлық iс-әрекетiмде заңдылық пен әдiлеттiк, азаматтық, ұлтаралық және конфессияаралық татулық принциптерiн ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елiмнiң мемлекеттiлiгi мен дүниежүзiлiк қоғамдастықтағы беделiн нығайта беруге салтанатты түрде ант беремiн. Ант етемiн.".
2. Үкiмет мүшелерiнiң антын Қазақстан Республикасының Президенті өзi белгiлейтiн тәртiппен қабылдайды.
4-бап. Қазақстан Республикасының Үкіметінiң өкiлеттiк мерзiмi
4-бап өзгертілді ҚР 06.05.1999 жылғы № 379 Конституциялық заңынмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)  
4-бап өзгертілді ҚР 19.06.2007 жылғы № 267 Конституциялық заңына сәйкес (24.11.2004 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
4-бап жаңа редакцияда жазылды ҚР 15.06.2017 жылғы № 75-VI Конституциялық Заңына сәйкес (29.09.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.07.2017 жылы № 133 (29114) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1. Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасы Құрылтайының өкiлеттiк мерзiмi шегінде жұмыс істейді және жаңадан сайланған Құрылтай алдында өз өкiлеттiгiн доғарады.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 11.06.2026 жылғы № 305-VIII Заңына сәйкес (05.07.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Үкiметтiң өкiлеттiкті доғаруы оның мүшелерiнiң өкiлеттiгi тоқтатылғанын бiлдiредi.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметінiң жаңа құрамы бекiтiлгенге дейiн Қазақстан Республикасының Үкіметі өз мiндеттерiн атқара бередi.
4. Үкiмет осы Конституциялық заңның 5 және 6-баптарында көзделген Үкiмет орнынан түскен және өкiлеттiгiн тоқтатқан жағдайларда да өз өкілеттігін доғарады.
5-бап. Қазақстан Республикасының Үкіметінiң орнынан түсуi
1. Егер өздерiне жүктелген функцияларды одан әрi жүзеге асыру мүмкiн емес деп санайтын болса, Үкiмет және оның кез-келген мүшесi Қазақстан Республикасының Президентіне өзiнiң орнынан түсуi туралы мәлiмдеуге хақылы. Үкiмет жүргiзiп отырған саясатпен келiспейтiн немесе оны жүргiзбей отырған Үкiмет мүшелерi де орнынан түседi.
1-тармақ өзгертілді ҚР 06.05.1999 жылғы № 379 Конституциялық заңымен(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген жағдайларда Құрылтай Үкiметке сенiмсiздiк бiлдiретiн болса, Үкiмет өзiнiң орнынан түсуi туралы Қазақстан Республикасының Президентіне мәлiмдейдi. Қазақстан Республикасының Президенті орнынан түсудi қабылдау немесе қабылдамау туралы мәселенi он күн мерзiмде қарайды.
2-тармақ өзгертілді ҚР 19.06.2007 жылғы № 267 Конституциялық заңымен (24.11.2004 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) 20.06.2007 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3. Орнынан түсудi қабылдау Үкiметтiң немесе оның тиiстi мүшесiнiң өкiлеттiгi тоқтатылғанын бiлдiредi. Премьер-Министрдiң орнынан түсуiн қабылдау бүкiл Үкiметтiң өкiлеттiгi тоқтатылғанын бiлдiредi.
4. Үкіметтің немесе оның мүшесінің орнынан түсуі қабылданбаған кезде Қазақстан Республикасының Президенті оған міндеттерін одан әрі атқаруды тапсырады.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 11.06.2026 жылғы № 305-VIII Заңына сәйкес (05.07.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6-бап. Қазақстан Республикасының Президентінiң бастамасымен
Қазақстан Республикасының Үкіметінiң өкiлеттiгiн тоқтату
1. Қазақстан Республикасының Президенті өз бастамасымен Үкiметтiң өкiлеттiгiн тоқтату туралы шешiм қабылдауға және оның кез-келген мүшесiн қызметiнен босатуға хақылы.
2. Премьер-Министрдiң қызметiнен босатылуы бүкiл Үкiметтiң өкiлеттiгi тоқтатылғанын бiлдiредi.
2-1. Үкiмет жүргiзiп отырған саясатпен келiспейтiн немесе оны жүргiзбей отырған Үкiмет мүшелерi атқарып келген қызметiнен босатылуға тиiс.
6-бап 2-1-тармақпен толықтырылды ҚР 06.05.1999 жылғы № 379  Конституциялық заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
7-бап. Бап алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
7-бап өзгертілді ҚР 06.05.1999 жылғы № 379 Конституциялық заңымен (24.02.1997 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
7-бап алынып тасталды ҚР 19.06.2007 жылғы   № 267  Конституциялық заңымен ( 24.11.2004  ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)     
8-бап. Қазақстан Республикасының Үкіметінiң құрамында болуға байланысты шектеулер
Қазақстан Республикасының Үкіметі мүшелерiнiң:
1) өкiлдi органның депутаттары болуға;
2) оқытушылық, ғылыми, шығармашылық қызметтерден басқа ақы төленетiн қызметтер атқаруға;
2-тармақша өзгертілді ҚР 11.06.2026 жылғы № 305-VIII Заңымен (05.07.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) кәсiпкерлiкпен шұғылдануға;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзінің лауазымдық міндеті болатын жағдайларды қоспағанда, коммерциялық ұйымның басқарушы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына кіруге құқығы жоқ.
4-тармақша өзгертілді ҚР 19.06.2007 жылғы № 267 Конституциялық заңымен (24.11.2004 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) 20.06.2007 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 11.06.2026 жылғы № 305-VIII Заңына сәйкес (05.07.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
II ТАРАУ. Қазақстан Республикасының ҮкіметіНIҢ ҚҰЗЫРЕТI, АКТIЛЕРI, ЕСЕПТIЛIГI ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШIЛIГI
9-бап. Қазақстан Республикасының Үкіметінің құзыреті
9-бап өзгертілді ҚР 06.05.1999 жылғы № 379 Конституциялық заңымен (24.02.1997 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
9-бап өзгертілді ҚР 19.06.2007 жылғы № 267 Конституциялық заңымен (24.11.2004 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) 20.06.2007 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды     
9-бап өзгертілді ҚР 29.09.2014 жылғы № 238-V Заңымен (19.06.2007 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.10.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, кауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің негізгі бағыттарын әзірлейді және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады;
2) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 15.06.2017 жылғы № 75-VI Конституциялық Заңына сәйкес (29.09.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.07.2017 жылы № 133 (29114) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2-тармақша алынып тасталды ҚР 19.04.2023 жылғы № 222-VII Конституциялық Заңына сәйкес (05.11.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.05.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) әлеуметтік-экономикалық даму болжамын мақұлдайды;
4) Қазақстан Республикасының сыртқы саясатын жүргізу жөніндегі шараларды тұжырымдайды;
5) Құрылтайға республикалық бюджетті және оның атқарылуы туралы есепті ұсынады, бюджеттің атқарылуын қамтамасыз етеді;
5-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 03.07.2017 жылғы № 85-VI Конституциялық Заңына сәйкес (15.06.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.07.2017 жылы № 133 (28512) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
5-1) Республикалық бюджет комиссиясын құрады, ол туралы ережені бекітеді, оның құрамын айқындайды;
9-бап 5-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 03.07.2017 жылғы № 85-VI Конституциялық Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.07.2017 жылы № 133 (28512) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
5-2) Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойынша мемлекеттік жоспарлау жүйесін айқындайды;
9-бап 5-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 03.07.2017 жылғы № 85-VI Конституциялық Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.07.2017 жылы № 133 (28512) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
5-2-тармақша өзгертілді ҚР 05.07.2024 жылғы № 109-VIII Заңымен (19.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.07.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5-2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 11.06.2026 жылғы № 305-VIII Заңына сәйкес (05.07.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5-3) республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау және ұсыну тәртібін айқындайды;
9-бап 5-3-тармақшамен толықтырылды ҚР 03.07.2017 жылғы № 85-VI Конституциялық Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.07.2017 жылы № 133 (28512) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
6) Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін нығайту жөніндегі шараларды әзірлейді және жүзеге асырады; мемлекеттік валюта, қаржы ресурстары мен материалдық ресурстарды жасақтау және пайдалану кезінде заңдылықтың сақталуын мемлекеттік бақылауды қамтамасыз етеді;
7) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
7-тармақша алынып тасталды ҚР 19.04.2023 жылғы № 222-VII Конституциялық Заңына сәйкес (05.11.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.05.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8) мемлекеттік баға белгілеу саясатын тұжырымдайды; мемлекет реттейтін бағалар қолданылатын өнімдер, тауарлар және көрсетілетін қызметтер номенклатурасын белгілейді;
9) мемлекеттік меншікті басқаруды ұйымдастырады, оны пайдалану жөніндегі шараларды тұжырымдайды және жүзеге асырады, мемлекеттік меншік құқығын қорғауды қамтамасыз етеді;
10) еңбекке ақы төлеу, азаматтардың әлеуметтік қорғалуы, мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру мен әлеуметтік сақтандыру жүйесін және шарттарын қалыптастырады;
10-1) Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойынша мемлекеттік бюджет есебінен қамтылатын барлық органдар үшін қаржыландырудың және қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесін бекітеді;
9-бап 10-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 15.06.2017 жылғы № 75-VI Конституциялық Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.07.2017 жылы № 133 (29114) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
11) мемлекеттік өңірлік саясаттың негізгі бағыттарын тұжырымдайды; өңіраралық проблемалар мен өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін шешуді қамтамасыз етеді;
12) ғылым мен техниканы дамыту, жаңа технологияларды енгізу жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастырады;
12-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 19.04.2023 жылғы № 222-VII Конституциялық Заңына сәйкес (05.11.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.05.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
13) табиғи ресурстар мен қоршаған табиғи ортаны ұтымды пайдалануды және қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды әзірлейді және жүзеге асырады;
14) құқықтық саясаттың іске асырылуын қамтамасыз етеді; азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау және қорғау, заңдылық пен құқық тәртібін, Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін, Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығын және мемлекеттік шекараларының күзетілуін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды әзірлейді және іске асырады;
15) келіссөздер жүргізу және үкіметаралық келісімдерге қол қою туралы шешімдер қабылдайды; Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен, халықаралық және өңірлік ұйымдармен өзара қарым-қатынасын дамытуды қамтамасыз етеді; сыртқы экономикалық саясатты іске асыру жөніндегі шараларды тұжырымдайды; сыртқы сауданы дамыту жөнінде шаралар қолданады; халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастықты және өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асырады;
16) өзіне Конституциямен, заңдармен және Президент актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
10-бап. Қазақстан Республикасының Үкіметінiң актiлерi
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Конституциясының , заңдарының, Президент актiлерiнiң, өзге нормативтiк құқықтық актiлердiң негiзiнде және оларды орындау үшiн нормативтiк және жеке қаулылар шығарады.
1-тармақ өзгертілді ҚР 05.11.2022 жылғы № 156-VII ҚРЗ Заңымен (30.12.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ өзгертілді ҚР 11.06.2026 жылғы № 305-VIII Заңымен (05.07.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Халықтың өмірі мен денсаулығына, конституциялық құрылысқа, қоғамдық тәртіпті сақтауға, елдің экономикалық қауіпсіздігіне қатер төндіретін жағдайларға жедел ден қою мақсатында заң жобалары Құрылтайға енгізілген жағдайда, Үкіметтің заң күші бар уақытша қаулыларын Қазақстан Республикасының Үкіметі өз жауапкершілігімен қабылдауға құқылы, олар Құрылтай қабылдаған заңдар күшіне енгенге дейін немесе Құрылтай заңдарды қабылдамай тастағанға дейін қолданыста болады.
2. Үкімет қаулылары Үкімет мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. Үкімет қаулыларына Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі қол қояды.
2-тармақ өзгертілді ҚР 19.06.2007 жылғы № 267 Конституциялық заңымен (24.11.2004 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) 20.06.2007 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2-тармақ өзгертілді ҚР 05.11.2022 жылғы № 156-VII ҚРЗ Заңымен (30.12.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Үкіметтің заң күші бар уақытша қаулылары Үкімет мүшелері жалпы санының үштен екісінің даусымен қабылданады.
3. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі өкiмдер шығарады. Премьер-Министрдiң өкiмдерi әкiмшiлiк-өкiмдiк, жедел және жеке-дара сипаттағы мәселелер бойынша шығарылады.
3-тармақ  өзгертілді ҚР 06.05.1999 жылғы № 379  Конституциялық заңымен(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
4. Өздерiнiң құзыретi шегiнде қабылданған Үкіметтің заң күші бар уақытша қаулыларының, Үкiмет қаулылары мен Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі өкiмдерiнiң Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында мiндеттi күшi болады.
4-тармақ өзгертілді ҚР 05.11.2022 жылғы № 156-VII ҚРЗ Заңымен (30.12.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5. Үкiмет қаулылар мен Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінiң өкiмдерi Қазақстан Республикасының Үкіметінiң Регламентiнде белгiленген тәртiппен әзiрленедi және қабылданады.
5-1. Үкіметтің заң күші бар уақытша қаулылары «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметінің актілерінде айқындалатын тәртіппен әзірленеді және қабылданады.
10-бап 5-1-тармақпен толықтырылды ҚР 05.11.2022 жылғы № 156-VII ҚРЗ Заңына сәйкес (өзгерту 01.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6. Үкiмет қаулыларының күшiн Қазақстан Республикасының Үкіметі жоя алады.
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 15.06.2017 жылғы № 75-VI Конституциялық Заңына сәйкес (29.09.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.07.2017 жылы № 133 (29114) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
7. Премьер-Министр өкiмдерiнiң күшiн Қазақстан Республикасының Үкіметі және Премьер-Министрi жоя алады.
7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 15.06.2017 жылғы № 75-VI Конституциялық Заңына сәйкес (29.09.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.07.2017 жылы № 133 (29114) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
11-бап. Қазақстан Республикасының Үкіметінiң есептiлiгi мен жауапкершiлiгi
1. Үкiмет өзiнiң қызметiнде Конституцияда және осы Конституциялық заңда белгiленген нысандарда Қазақстан Республикасының Президентінiң және Құрылтайдың алдында жауапты.
1-тармақ  өзгертілді ҚР 06.05.1999 жылғы № 379  Конституциялық заңымен(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 15.06.2017 жылғы № 75-VI Конституциялық Заңына сәйкес (29.09.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.07.2017 жылы № 133 (29114) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2. Үкiмет мүшелерi өз құзыретiнің шегiнде өз бетiнше шешiм қабылдайды, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінiң алдында өздерiне бағынысты мемлекеттiк органдардың жұмысы немесе өздерiне тапсырылған жұмыс аясы үшiн дербес жауап бередi.
2-тармақ  өзгертілді ҚР 06.05.1999 жылғы № 379  Конституциялық заңымен(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)      
3. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ өзгертілді ҚР 19.06.2007 жылғы № 267 Конституциялық заңымен (24.11.2004 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) 20.06.2007 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3-тармақ алынып тасталды ҚР 15.06.2017 жылғы № 75-VI Конституциялық Заңымен (04.05.2008 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.07.2017 жылы № 133 (29114) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
4. Қазақстан Республикасы Конституциясы 56-бабының 17) тармақшасында көзделген жағдайда Үкімет мүшелері Құрылтайға есеп береді.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 11.06.2026 жылғы № 305-VIII Заңына сәйкес (05.07.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
III ТАРАУ. Қазақстан Республикасының ҮкіметіНIҢ МЕМЛЕКЕТТIК ОРГАНДАРМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ
12-бап. Қазақстан Республикасының Президентімен қарым-қатынасы
12-бап өзгертілді ҚР 06.05.1999 жылғы № 379  Конституциялық заңымен(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)   
12-бап өзгертілді ҚР 19.06.2007 жылғы № 267 Конституциялық заңымен (24.11.2004 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) 20.06.2007 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
12-бап жаңа редакцияда жазылды ҚР 15.06.2017 жылғы № 75-VI Конституциялық Заңына сәйкес (29.09.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.07.2017 жылы № 133 (29114) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) Президент тапсырмаларының орындалуы және өз қызметiнiң басқа да бағыттары туралы Президентке тұрақты түрде ақпарат беріп отырады;
2) Қазақстан Республикасының Президенті актiлерiнiң орындалуын ұйымдастырады және оларды министрлiктер мен жергiлiктi атқарушы органдардың орындауын бақылауды жүзеге асырады.
2. Тармақ алып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ алынып тасталды ҚР 05.07.2024 жылғы № 109-VIII Заңына сәйкес (19.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.07.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ алынып тасталды ҚР 19.04.2023 жылғы № 222-VII Конституциялық Заңына сәйкес (05.11.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.05.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
13-бап. Қазақстан Республикасының Құрылтайымен қарым-қатынасы
1. Қазақстан Республикасының Үкіметінiң заң шығару бастамашылығы құқығы болады, ол тек қана Құрылтайда жүзеге асырылады. Заң жобасын енгізу туралы шешім Үкіметтің тиісті қаулысын шығару арқылы қабылданады.
1-тармақ өзгертілді ҚР 11.06.2026 жылғы № 305-VIII Заңымен (05.07.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) Қазақстан Республикасының заңдарының орындалуын қамтамасыз етедi, оларды министрлiктердiң және жергiлiктi атқарушы органдардың орындауын бақылайды;
1-тармақша  өзгертілді ҚР 06.05.1999 жылғы № 379  Конституциялық заңымен(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)     
1-тармақша өзгертілді ҚР 15.06.2017 жылғы № 75-VI Конституциялық Заңымен (29.09.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.07.2017 жылы № 133 (29114) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2) Құрылтайға республикалық бюджеттi және оның атқарылуы туралы есептi табыс етедi;
3) мемлекеттiк кiрiстi қысқартуды немесе мемлекеттiк шығысты ұлғайтуды көздейтiн Қазақстан Республикасының заңдарының жобалары жөнiнде қорытындылар бередi;
4) Құрылтай депутаттарының сұрауларына жауап бередi.
14-бап. Министрліктермен қарым-қатынасы Қазақстан Республикасының Үкіметі:
14-бап өзгертілді ҚР 06.05.1999 жылғы № 379  Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
14-бап өзгертілді ҚР 24.11.2004 жылғы № 604  Конституциялық заңымен (06.05.1999 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2005 жылдан бастап)
14-бап өзгертілді ҚР 19.06.2007 жылғы № 267 Конституциялық заңымен (24.11.2004 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) 20.06.2007 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
14-бап жаңа редакцияда жазылды ҚР 15.06.2017 жылғы № 75-VI Конституциялық Заңына сәйкес (29.09.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.07.2017 жылы № 133 (29114) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1) министрліктердің қызметiне басшылықты жүзеге асырады, олардың Қазақстан Республикасының заңдарын, Президентiнің және Үкiметiнің актiлерiн орындауын қамтамасыз етеді;
2) министрлердiң ұсынуы бойынша министрлiктер туралы ережелердi, олардың аумақтық органдарындағы және өздеріне ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, солардың штат санының лимиттерiн бекiтедi;
3) министрліктер актiлерiнiң толық немесе бір бөлiгiнде күшiн жояды немесе қолданылуын тоқтата тұрады;
4) сыртқы істер, қорғаныс, ішкі істер министрлерінің орынбасарларын қоспағанда, министрлердің ұсынуы бойынша олардың орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
5) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Президентiнiң актiлерiмен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
15-бап. Бап алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
15-бап өзгертілді ҚР 06.05.1999 жылғы № 379 Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
15-бап  өзгертілді ҚР 24.11.2004 жылғы № 604  Конституциялық заңымен (06.05.1999 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2005 жылдан бастап)
15-бап алынып тасталды ҚР 19.06.2007 жылғы № 267  Конституциялық заңымен (24.11.2004   ж. редакцияны қараңыз)  (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)     
16-бап. Жергiлiктi атқарушы органдармен қарым-қатынасы
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) мемлекеттiк басқару мәселелерi жөнiндегi Қазақстан Республикасының атқарушы органдарының қызметiне басшылықты жүзеге асырады, олардың Қазақстан Республикасының заңдарын, Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiн орындауын бақылайды;
2) жергiлiктi атқарушы органдар актiлерiнiң күшiн толығымен немесе бiр бөлiгiнде жояды не тоқтата тұрады, оларды жою не тоқтата тұру туралы Қазақстан Республикасының Президентінiң қарауына ұсыныстар енгiзедi;
2. Тиiстi жергiлiктi атқарушы органдарды басқаратын әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстердiң әкiмдерi Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкiметiнiң өкiлдерi болып табылады және Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттiк басқару мәселелерi жөнiнде ұсыныстар енгiзедi.
17-бап. Қазақстан Республикасының Үкіметінiң республикалық бюджеттен қаржыландырылатын өзге де мемлекеттiк органдармен қарым-қатынасы
Қазақстан Республикасының Үкіметі заңдарда белгiленген тәртiппен өзге де, соның iшiнде республикалық бюджеттен қаржыландырылатын, арнаулы мемлекеттiк органдардың қызметiн қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелерiн шешедi.
IV ТАРАУ. Қазақстан Республикасының ҮкіметіНIҢ ҚЫЗМЕТIН ҰЙЫМДАСТЫРУ
18-бап. Қазақстан Республикасының Үкіметінiң отырыстары
1. Үкiметтiң отырыстары айына кемiнде бiр рет өткiзiлiп отырады.
2. Үкiметтiң отырыстарын Премьер-Министр не Қазақстан Республикасының Президенті шақырады.
3. Үкiметтiң отырыстарында Премьер-Министр төрағалық етедi, ол болмаған кезде мiндеттердiң бөлiнуiне сәйкес Премьер-Министрдiң мiндетiн атқаратын Премьер-Министрдiң орынбасары төрағалық етедi. Үкiмет ерекше маңызды мәселелердi қараған кезде қажеттігіне қарай оның отырыстарында Қазақстан Республикасының Президенті төрағалық етедi.
3-тармақ өзгертілді ҚР 15.06.2017 жылғы № 75-VI Конституциялық Заңымен (29.09.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.07.2017 жылы № 133 (29114) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
4. Үкiмет мүшелерiнiң кемiнде үштен екiсi Үкiмет отырысына қатысса, отырыс құқылы болып саналады. Үкiмет мүшелерi оның отырыстарына алмастыру құқығынсыз қатысады.
5. Үкiмет отырыстары ашық болады. Президенттiң не Премьер-Министрдiң бастамасымен Үкiметтiң жабық отырыстары өткiзiлуi мүмкiн.
6. Үкiмет отырыстарын әзiрлеу мен өткiзу тәртiбi Үкiмет Регламентiмен белгiленедi.
19-бап. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
1. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі:
1-тармақ өзгертілді ҚР 06.05.1999 жылғы № 379 Конституциялық заңымен (24.02.1997 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
1-тармақ өзгертілді ҚР 24.11.2004 жылғы № 604 Конституциялық заңымен (06.05.1999  ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2005 жылдан бастап)               
1-тармақ өзгертілді ҚР 19.06.2007 жылғы № 267 Конституциялық заңымен (24.11.2004 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) 20.06.2007 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды  
1-тармақ өзгертілді ҚР 29.09.2014 жылғы № 238-V Заңымен (19.06.2007 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.10.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1) Үкіметтің жұмысын ұйымдастырады және Үкімет мүшелерінің арасында функционалдық міндеттерді бөледі;
2) Қазақстан Республикасының Президентімен, Құрылтаймен, Қазақстан Халық Кеңесімен, Конституциялық Сотпен, Жоғарғы Сотпен, Бас прокуратурамен және басқа да мемлекеттік органдармен қарым-қатынастарда Үкімет атынан өкілдік етеді немесе Үкімет атынан өкілдік етуді тапсырады;
2-тармақша өзгертілді ҚР 05.11.2022 жылғы № 156-VII ҚРЗ Заңымен (30.12.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақша өзгертілді ҚР 11.06.2026 жылғы № 305-VIII Заңымен (05.07.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) халықаралық қатынастарда Үкімет атынан өкілдік етеді немесе Үкімет атынан өкілдік етуді тапсырады және үкіметаралық шарттар мен келісімдерге қол қояды;
4) Қазақстан Республикасының Президентіне: Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы; сыртқы істер, қорғаныс, ішкі істер министрлерін қоспағанда, Құрылтаймен консультациялардан кейін Үкімет мүшелерін қызметке тағайындау үшін кандидатуралар жөнінде; сыртқы істер, қорғаныс, ішкі істер министрлерін қоспағанда, Үкімет мүшесін, оның ішінде Үкіметтің жүргізіп отырған саясатымен келіспейтін немесе оны жүргізбейтін Үкімет мүшесін қызметтен босату туралы ұсынулар енгізеді;
4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 15.06.2017 жылғы № 75-VI Конституциялық Заңына сәйкес (29.09.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.07.2017 жылы № 133 (29114) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
5) Қазақстан Республикасының Президентімен мемлекеттік бюджет есебінен қамтылатын барлық органдар үшін қаржыландырудың және қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесін келіседі;
5-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 15.06.2017 жылғы № 75-VI Конституциялық Заңына сәйкес (29.09.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.07.2017 жылы № 133 (29114) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
6) Үкімет қызметінің негізгі бағыттары жөнінде және оның аса маңызды барлық шешімдері жөнінде Президентке және Құрылтайға баяндап отырады;
6-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 15.06.2017 жылғы № 75-VI Конституциялық Заңына сәйкес (29.09.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.07.2017 жылы № 133 (29114) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
7) Үкімет мүшелерінің және жергілікті атқарушы органдар басшыларының есептерін тыңдайды;
7-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 15.06.2017 жылғы № 75-VI Конституциялық Заңына сәйкес (29.09.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.07.2017 жылы № 133 (29114) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
9) Үкіметтің қызметін ұйымдастыруға және оған басшылық жасауға байланысты басқа да функцияларды орындайды.
2. Премьер-Министр болмаған жағдайда оның мiндеттерiн Премьер-Министр белгiлеген тәртiппен Премьер-Министрдiң орынбасарларының бiрi атқарады.
20-бап. Премьер-Министрдiң орынбасарлары және Қазақстан Республикасының Үкіметінiң өзге де мүшелерi
20-бап  өзгертілді ҚР 06.05.1999 жылғы № 379  Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Премьер-Министрдiң орынбасарлары өз қызметiн Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi белгiлейтiн мiндеттердiң бөлiнуiне сәйкес жүзеге асырады.
2. Үкімет мүшелері:
2-тармақ өзгертілді ҚР 19.06.2007 жылғы № 267 Конституциялық заңымен (24.11.2004 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) 20.06.2007 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1) тиісті мемлекеттік органдарға басшылықты жүзеге асырады;
2) өздеріне қатысты басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың тиісті салаларда мемлекеттік саясатты қалыптастыруын қамтамасыз етеді;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 05.07.2024 жылғы № 109-VIII Заңына сәйкес (19.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.07.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) заңнамада көзделген шекте салааралық үйлестіруді қамтамасыз етеді;
4) өз құзыреті шегінде шешімдер қабылдауда дербес болады;
5) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің алдында өздеріне бағынышты мемлекеттік органдардың жұмысы үшін дербес жауап береді;
6) тиісті мемлекеттік органдардың қарауындағы мемлекеттік басқару саласындағы (аясындағы) істің жайына және заңдардың, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің орындалуын қамтамасыз ету үшін жауапты.
3. Министрліктердің басшылары болып табылмайтын Үкімет мүшелері өз қызметін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін олар туралы ережелерге сәйкес жүзеге асырады.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 15.06.2017 жылғы № 75-VI Конституциялық Заңына сәйкес (29.09.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.07.2017 жылы № 133 (29114) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
21-бап. Бап алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
21-бап алынып тасталды ҚР 06.05.1999 жылғы № 379  Конституциялық заңымен(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)      
21-1-бап. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Конституциялық заң 21-1-баппен толықтырылды  ҚР 19.06.2007 жылғы № 267 Конституциялық заңына сәйкес(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
21-1-бап жаңа редакцияда жазылды ҚР 15.06.2017 жылғы № 75-VI Конституциялық Заңына сәйкес (29.09.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.07.2017 жылы № 133 (29114) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
21-1-бап алынып тасталды ҚР 30.12.2020 жылғы № 392-VI Заңына сәйкес (03.07.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
22-бап. Қазақстан Республикасының министрлігі
22-бап  өзгертілді ҚР 06.05.1999 жылғы № 379  Конституциялық заңымен(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)      
1. Министрлік Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік басқару саласына (аясына) – басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы органы болып табылады.
1-тармақ өзгертілді ҚР 29.09.2014 жылғы № 238-V Заңымен (19.06.2007 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.10.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-тармақ өзгертілді ҚР 19.04.2023 жылғы № 222-VII Конституциялық Заңымен (05.11.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.05.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ өзгертілді ҚР 05.07.2024 жылғы № 109-VIII Заңымен (19.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.07.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Министрлік өз құзыреті шегінде стратегиялық, реттеу, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асырады.
Министрлік Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары және Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлеген мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің негізгі бағыттары негізінде және оларды орындау үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тиісті салаларда мемлекеттік саясатты қалыптастырады.
2. Министрлiктi Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінiң ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті құрады, қайта ұйымдастырады және таратады.
2-тармақ өзгертілді ҚР 06.05.1999 жылғы   №  379  Конституциялық заңымен  (18.12.1995 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
2-1. Министрлiк Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретiне жатқызылмаған мәселелер бойынша өз құзыретi шегiнде шешiмдердi өз бетiнше қабылдауға өкiлеттi.
22-бап 2-1-тармақпен толықтырылды  ҚР 06.05.1999 жылғы № 379  Конституциялық заңына сәйкес(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
2-2. Ведомстволар, департаменттер және басқармалар министрліктің құрылымдық бөлімшелері болып табылады.
22-бап 2-2-тармақпен толықтырылды  ҚР 06.05.1999 жылғы № 379 Конституциялық заңына сәйкес(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
2-2-тармақ өзгертілді ҚР 19.06.2007 жылғы   № 267  Конституциялық заңымен(24.11.2004 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
2-2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 30.12.2020 жылғы № 392-VI Заңына сәйкес (03.07.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 05.11.2022 жылғы № 156-VII ҚРЗ Заңына сәйкес (30.12.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Үкімет құрамына кіретін құқық қорғау органдары үшін, мемлекеттік қызметтің ерекше түрі ескеріле отырып, қызметтер құруға жол беріледі.
Министрліктің құрылымын және оның құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді министр бекітеді.
Министрлік қызметтерінің, департаменттері мен басқармаларының жиынтығы оның аппараты болып табылады.
3. Министрлiктiң алқасы министрдiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады. Алқаның сандық және адам құрамын министрлiктiң, мемлекеттiк комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының қатарынан министр бекiтедi.
3-тармақ өзгертілді ҚР 06.05.1999 жылғы № 379  Конституциялық заңымен(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
4. Министрлiк, қабылдаған шешiмдер министрдiң бұйрықтарымен ресiмделедi.
4-тармақ  өзгертілді ҚР 06.05.1999 жылғы № 379  Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
23-бап. Бап алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
23-бап өзгертілді ҚР 06.05.1999 жылғы № 379 Конституциялық заңымен (24.02.1997 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
23-бап өзгертілді ҚР 19.06.2007 жылғы № 267 Конституциялық заңымен (24.11.2004 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) 20.06.2007 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды     
23-бап өзгертілді ҚР 29.09.2014 жылғы № 238-V Заңымен (19.06.2007 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.10.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
23-бап алынып тасталды ҚР 15.06.2017 жылғы № 75-VI Конституциялық Заңымен (29.09.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.07.2017 жылы № 133 (29114) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
24-бап. Орталық атқарушы органның ведомствосы
24-бап  өзгертілді ҚР 06.05.1999 жылғы № 379  Конституциялық заңымен(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)     
24-бап  өзгертілді ҚР 19.06.2007 жылғы №  267 Конституциялық заңымен (24.11.2004   ж. редакцияны қараңыз)  (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органының комитеті ведомство болып табылады.
Ведомствоның аумақтық бөлімшелері болуы мүмкін.
2. Ведомствоны тиісті орталық атқарушы орган басшысының ұсынуымен Қазақстан Республикасының Үкіметі құрады, қайта ұйымдастырады және таратады.
3. Ведомство басшысын тиісті орталық атқарушы органның басшысы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
4. Ведомство Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органының құзыреті шегінде реттеу, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыра алады, сондай-ақ орталық атқарушы органның стратегиялық функцияларын орындауға ведомствоның құзыреті шегінде қатыса алады.
4-тармақ өзгертілді ҚР 29.09.2014 жылғы № 238-V Заңымен (19.06.2007 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.10.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
5. Ведомство шығаратын актінің нысаны ведомство басшысының бұйрығы болып табылады.
Ведомствоның актілерін толығымен не бір бөлігінде күшін жоюды не тоқтата тұруды құрылымына ведомство кіретін орталық атқарушы органның басшысы жүзеге асырады.
6. Ведомство құрылымын тиісті орталық атқарушы органның басшысы бекітеді. Ведомствоның құзыретін және өзге мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау тәртібін құрылымына осы ведомство кіретін орталық атқарушы органның басшысы айқындайды.
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 30.12.2020 жылғы № 392-VI Заңына сәйкес (03.07.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
25-бап. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі мен Үкiметiнiң қызметiн ақпараттық-талдау және ұйымдық-құқықтық жағынан қамтамасыз ету
25-бап өзгертілді ҚР 06.05.1999 жылғы № 379  Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі мен Yкiметiнiң қызметiн ақпараттық-талдамалық және ұйымдық-құқықтық жағынан қамтамасыз етудi Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппараты жүзеге асырады.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 19.04.2023 жылғы № 222-VII Конституциялық Заңына сәйкес (05.11.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.05.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратын құру, қайта ұйымдастыру және тарату тәртібі, Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппараты басшысының және оның өзге де мемлекеттік қызметшілерінің құқықтық жағдайы, оларды лауазымдарға тағайындау мен лауазымдарынан босатудың тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 19.04.2023 жылғы № 222-VII Конституциялық Заңына сәйкес (05.11.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.05.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
26-бап. Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтiк-кеңесшi органдар
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы комиссиялар, кеңестер мен консультативтiк-кеңесшi органдар үкiмет құзыретiне жататын мәселелер бойынша ұсыныстарды талдап жасау үшiн құрылады.
2. Консультативтiк-кеңесшi органдарды Премьер-Министр, оның орынбасарлары, Үкiмет мүшелерi басқарады.
3. Үкiмет жанындағы консультативтiк-кеңесшi органдардың шешiмдерi ұсынымдық сипатта болады.
27-бап. Осы Конституциялық заңның күшiне енгiзiлу тәртiбi
27-бап өзгертілді ҚР 06.05.1999 жылғы № 379  Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Конституциялық заң жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының Президентi