Toggle Dropdown
54
Қазақстан Республикасының Президентi туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы № 2733 Конституциялық заңы
Toggle Dropdown
Редакция 17.07.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
Осы Конституциялық заң Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентiнiң құқықтық жағдайын белгiлейдi.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Президентiнiң мәртебесi
Toggle Dropdown
1
1-бап. Республика Президентi
Toggle Dropdown
1. Республика Президентi - мемлекеттiң басшысы, мемлекеттiң iшкi және сыртқы саясатының негiзгi бағыттарын айқындайтын, ел iшiнде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкiлдiк ететiн ең жоғары лауазымды тұлға.
Toggle Dropdown
2. Республика Президентi - халық пен мемлекеттiк билiк бiрлiгiнiң, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрi кепiлi.
Toggle Dropdown
3. Республика Президентi мемлекеттiк билiктiң барлық тармағының келiсiп жұмыс iстеуiн және өкiмет органдарының халық алдындағы жауапкершiлiгiн қамтамасыз етедi.
Toggle Dropdown
4. Республика Президентiне халық пен мемлекеттiң атынан сөйлеу құқығы берiледi.
Toggle Dropdown
5. Республика Президентiне, оның абыройы мен қадiр-қасиетiне ешкiмнiң тиiсуiне болмайды. Республика Президентiнiң абыройы мен қадір-қасиетiне нұқсан келтiру заң бойынша қудаланады.
Toggle Dropdown
2-бап. Республика Президентiн сайлау
Toggle Dropdown
Республика Президентiн сайлау конституциялық заңға сәйкес жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
3-бап. Республика Президентiнiң қызметiне кiрiсуi
Toggle Dropdown
1. Республика Президентi: "Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепiлдiк беруге, Қазақстан Республикасы Президентiнiң өзiме жүктелген мәртебелi мiндетiн адал атқаруға салтанатты түрде ант етемiн", - деп халыққа ант берген сәттен бастап қызметiне кiрiседi. Республика Президентi анттың мәтiнiн мемлекеттiк тiлде айтады.
Toggle Dropdown
2
2. Ант беру қаңтардың екінші сәрсенбісінде өткізіледі.
Toggle Dropdown
Президент кезектен тыс сайлауда сайланған жағдайда не Конституцияның 48-бабында көзделген жағдайда Президент өкілеттігін қабылдағанда, ант беру президенттік сайлау қорытындысы жарияланған не Республика Президентінің өкілеттігін қабылдаған күннен бастап бір ай ішінде өткізіледі. Бұл жағдайларда ант беру күнін Республиканың Орталық сайлау комиссиясы айқындайды.
Toggle Dropdown
Ант беру салтанатты жағдайда Парламент депутаттарының, Конституциялық Сот судьяларының, Жоғарғы Сот судьяларының, сондай-ақ Республиканың барлық экс-Президенттерінің қатысуымен өткізіледі.
Toggle Dropdown
3. Республика Президентi Республика Конституциясына ант етедi. Ант берiлгеннен кейiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Гимнi орындалады. Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Президентке Қазақстан Республикасы Президентiнiң куәлiгiн, омырауға тағатын белгiсiн, байрағын және "Алтын қыран" орденiн тапсырады.
Toggle Dropdown
4. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
4-бап. Республика Президентiнiң өкiлеттiк мерзiмi
Toggle Dropdown
1. Республика Президенті жеті жыл мерзімге сайланады.
Toggle Dropdown
1-1. Кезектен тыс сайлауда сайланған Республика Президентінің өкілеттігі кезектен тыс сайлаудан кейін жеті жылдан соң желтоқсанның бірінші жексенбісінде өткізілуге тиіс кезекті сайлауда сайланған Республика Президенті лауазымына кіріскенге дейін жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
2. Республика Президентiнiң өкiлеттiгi жаңадан сайланған Республика Президентi қызметiне кiрiскен сәттен бастап, сондай-ақ Президент қызметiнен мерзiмiнен бұрын босатылған немесе кетiрiлген не ол қайтыс болған жағдайда тоқтатылады.
Toggle Dropdown
3. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
4. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
5-бап. Республика Президентi лауазымында болуға байланысты шектеулер
Toggle Dropdown
1. Республика Президентiнiң өкiлдi органның депутаты болуға, өзге де ақы төленетiн қызметтердi атқаруға және кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға хақы жоқ.
Toggle Dropdown
2. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
3. Қазақстан Республикасының Президенті өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезеңінде саяси партияда болмауға тиіс.
Toggle Dropdown
Президент ант берген кезден бастап он күн ішінде саяси партиядан шығуға тиіс.
Toggle Dropdown
4. Қазақстан Республикасы Президентінің жақын туыстары мемлекеттік саяси қызметшілердің, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшылары лауазымдарын атқаруға құқылы емес.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекеттік саяси қызметшілер, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшылары лауазымдарын атқаратын жақын туыстары Қазақстан Республикасының Президенті ант берген кезден бастап бір ай ішінде отставкаға беруге не атқаратын лауазымын босатуға тиіс.
Toggle Dropdown
Осы тармақтың мақсаттары үшін Қазақстан Республикасы Президентінің жақын туыстары деп: ата-аналары (ата-анасы), балалары, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), атасы, әжесі, немерелері, сондай-ақ жұбайы (зайыбы), жұбайының (зайыбының) жақын туыстары, балаларының жұбайы (зайыбы), ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілерінің (қарындастарының) балалары түсініледі.
Toggle Dropdown
6-бап. Республика Президентiнiң айырым белгiлерi
Toggle Dropdown
1. Республика Президентiнiң айырым белгiлерi - Қазақстан Республикасы Президентiнiң омырауға тағатын белгiсi мен байрағы болады.
Toggle Dropdown
2. Омырауға тағатын белгiнiң сипаттамасын Орталық сайлау комиссиясы анықтайды. Байрақтың сипаттамасын , омырауға тағатын белгi мен байрақты ресми пайдалану тәртiбiн Республика Президентi белгiлейдi.
Toggle Dropdown
3. Республика Президентi қызметi бойынша "Алтын Қыран" орденiнiң иесi болып табылады.
Toggle Dropdown
4. "Алтын Қыран" орденiнiң сипаттамасы, аталған ордендi берудiң негiздерi мен тәртiбi Республика заңдарымен белгiленедi.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Президентiнiң өкiлеттiгi
Toggle Dropdown
7-бап. Республика Президентiнiң сыртқы саясаттағы өкiлеттiгi
Toggle Dropdown
1. Республика Президентi:
Toggle Dropdown
1) келiссөздер жүргiзедi және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына қол қояды;
Toggle Dropdown
2) келiссөздер жүргiзуге және Республиканың мемлекетаралық шарттарына қол қоюға өкiлеттiк бередi;
Toggle Dropdown
3)Тармақ алынып тасталсын (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
4) бекiту грамоталарына қол қояды ;
Toggle Dropdown
5) Республика жасасқан, бекiтуге жатпайтын халықаралық шарттардың күшiн тоқтата тұру туралы шешiм қабылдайды;
Toggle Dropdown
6) Парламентке Республика жасасқан халықаралық шарттарды денонсациялау туралы ұсыныс енгiзедi.
Toggle Dropdown
2. Республика Президентi Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiктерiнiң басшыларын тағайындайды және керi шақырып алады.