• Мое избранное
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ислам банктерін ұйымдастыру мен олардың қызметі және исламдық қаржыландыруды ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 12 ақпандағы N 133-IV Заңы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 2

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ислам банктерін ұйымдастыру мен олардың қызметі және исламдық қаржыландыруды ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 12 ақпандағы N 133-IV Заңы

1-бап
. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық    кодексіне    (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., N 23-24 (қосымша); 1995 ж., N 15-16, 109-құжат; N 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 2, 187-құжат; N 14, 274-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 1-2, 8-құжат; N 5, 55-құжат; N 12, 183, 184-құжаттар; N 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., N 2-3, 23-құжат; N 5-6, 50-құжат; N 11-12, 178-құжат; N 17-18, 224, 225-құжаттар; N 23, 429-құжат; 1999 ж., N 20, 727, 731-құжаттар; N 23, 916-құжат; 2000 ж., N 18, 336-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 7-құжат; N 8, 52-құжат; N 17-18, 240-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 2, 17-құжат; N 10, 102-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 11, 56, 57, 66-құжаттар; N 15, 139-құжат; N 19-20, 146-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 56-құжат; N 16, 91-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 10, 31-құжат; N 14, 58-құжат; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 4-құжат; N 3, 22-құжат; N 4, 24-құжат; N 8, 45-құжат; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 13, 85-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 3, 20, 21-құжаттар; N 4, 28-құжат; N 16, 131-құжат; N 18, 143-құжат; N 20, 153-құжат; 2008 ж., N 12, 52-құжат; N 13-14, 58-құжат; 2008 жылғы 6 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет процесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының   Заңы   ; 2008 жылғы 23 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және 2008 жылғы 20 желтоқсанда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының   Заңы   ; 2008 жылғы 19 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және 2008 жылғы 13 желтоқсанда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" 2008 жылғы 11 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының   Заңы   ):
59-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі "компанияларын" деген сөзден кейін "және Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына сәйкес құрылатын ислам арнайы қаржы компанияларын" деген сөздермен толықтырылсын.
2. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., N 16-17, 642-құжат; N 23, 929-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 10, 244-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 23, 309-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 10, 102-құжат; 2003 ж., N 1-2, 7-құжат; N 4, 25-құжат; N 11, 56-құжат; N 14, 103-құжат; N 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., N 3-4, 16-құжат; N 5, 25-құжат; N 6, 42-құжат; N 16, 91-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 21-22, 87-құжат; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 4, 24, 25-құжаттар; N 8, 45-құжат; N 11, 55-құжат; N 13, 85-құжат; 2007 ж., N 3, 21-құжат; N 4, 28-құжат; N 5-6, 37-құжат; N 8, 52-құжат; N 9, 67-құжат; N 12, 88-құжат):
1) 406-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Ислам банкінің банк қызметін жүзеге асыруы кезінде оның тауарларды сатып алу-сату ерекшеліктері Қазақстан Республикасының банк қызметін реттейтін заңнамалық актілерінде белгіленеді.";
2) 727-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Ислам банкі заем беруші болып табылатын банк заемы шарты бойынша ақша заемы мерзімділік және қайтарымдылық талаптары бойынша және ақшаны пайдаланғаны үшін сыйақы алынбай жүзеге асырылады.";
3) 756-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
"Банк салымдарының ерекшеліктері Қазақстан Республикасының банк қызметін реттейтін заңнамалық актілерінде белгіленуі мүмкін.";
4) 883-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Банк қызметін жүзеге асыру кезінде мүлікті сенімгерлікпен басқару ерекшеліктері Қазақстан Республикасының банк қызметін реттейтін заңнамалық актілерінде белгіленеді.".
3. 2008 жылғы 20 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және 2008 жылғы 19 желтоқсанда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі):
1) 12-баптың 1-тармағында:
3) тармақша "пайлары" деген сөзден кейін ", ислам бағалы қағаздары" деген сөздермен толықтырылсын;
14) тармақшаның бірінші абзацы "мүлікті бөлуден түсетін табыстар;" деген сөздерден кейін "исламдық қатысу сертификаттары бойынша төлеуге жататын табыстар;" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 20-1) тармақшамен толықтырылсын:
"20-1) ислам бағалы қағаздары - ислам жалдау сертификаттары мен ислам қатысу сертификаттары;";
31) тармақшадағы "адам" деген сөз "дара кәсіпкер, жеке нотариус, адвокат, заңды тұлға, оның ішінде резидент емес заңды тұлға" деген сөздермен ауыстырылсын;
39) тармақшаның сегізінші абзацындағы "түріндегі барлық төлемдер" деген сөздер "түріндегі" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:
"исламдық жалдау сертификаттары бойынша барлық төлемдер;";
2) 59-баптың 3-тармағындағы "дауазымды" деген сөз "лауазымды" деген сөзбен ауыстырылсын;
3) 60-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
"8) ислам бағалы қағаздары бойынша табыстарды есепке алу саясаты.";
4) 84-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
"7) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес іс жүзінде орындалуға тиіс міндеттеме мен бухгалтерлік есепте танылған осы міндеттеменің құны арасындағы оң айырма түрінде бухгалтерлік есептегі міндеттеменің танылуына байланысты туындайтын табыс.";
5) 85-баптың 1-тармағында:
18) тармақша "сыйақылар" деген сөзден кейін ", ислам жалдау сертификаты" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 22-1) тармақшамен толықтырылсын:
"22-1) ислам банкінде орналастырылған инвестициялық депозит бойынша табыс;";
6) 92-бап "құндық балансынан" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ салық кезеңінде жұмсалған және осы Кодекстің 122-бабының 3-тармағына сәйкес ескерілетін кейінгі шығыстардан" деген сөздермен толықтырылсын;
7) 99-баптың 1-тармағының 12) тармақшасындағы "сомасы алып тасталуға жатады." деген сөздер "сомасы;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 13), 14) тармақшалармен толықтырылсын:
"13) инвестициялық депозиттер түрінде алынған ақшаны басқару процесінде ислам банкі алған, осы инвестициялық депозиттер депозиторларының шоттарына арналған және соларда болатын табыстар алып тасталуға жатады. Мұндай табыстарға ислам банкінің сыйақылары қосылмайды;
14) Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына сәйкес құрылған ислам арнайы қаржылық компаниясы алған борышты талап ету құқығын беруден түсетін табыстар алып тасталуға жатады.";
8) 102-баптың 2-тармағындағы "бабына сәйкес айқындалатын еңбекке ақы төлеу түріндегі" деген сөздер "баптың 2-тармағында көрсетілген салық салуға жататын қызметкердің табыстары бойынша жұмыс берушінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 110-баптың 1-тармағының төртінші абзацы "қоспағанда," деген сөзден кейін "салық салуға жататын" деген сөздермен толықтырылсын;
10) 117-бапта :
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Осы Кодекстің 122-бабына сәйкес салық кезеңінде жүргізілген түзетулерді ескеретін, салық кезеңінің бас кезіндегі кіші топтардың құндық балансы I топтың тіркелген активтерінің қалдық құны болып табылады.";
7-тармақтың бесінші абзацындағы "қосу немесе" деген сөздер алып тасталсын;
8-тармақта:
жетінші абзацтағы "немесе алу" деген сөздер алып тасталсын;
сегізінші абзацтағы "122-бабына" деген сөздер "122-бабының 3-тармағына" деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 133-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) салық салынатын табыстың 3 процентінен аспайтын жалпы сомасы мөлшерінде:
нақты шеккен шығыстардың осы Кодекстің 97-бабының 2-тармағында көзделген әлеуметтік сала объектілерін пайдаланған кезде алуға жататын (алынған) табыстардан асып түскен сомасын;
коммерциялық емес ұйымдарға және қызметін әлеуметтік салада жүзеге асыратын ұйымдарға өтеусіз негізде берілген мүліктің құнын. Өтеусіз орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құны осындай жұмыстарды орындаумен, қызметтер көрсетумен байланысты шеккен шығыстар мөлшерінде айқындалады;
көмекті алатын тұлғаның тарапынан өтініш жасалу негізінде салық төлеушінің шешімі болған кездегі демеушілік және қайырымдылық көмекті;";