Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне экологиялық қауіпті технологияларды, техника мен жабдықты әкелуді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 23 маусымдағы N 164-IV Заңы
Toggle Dropdown
2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., N 1, 1-құжат; N 20, 152-құжат; 2008 ж., N 21, 97-құжат; N 23, 114-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Toggle Dropdown
1) мазмұны мынадай мазмұндағы екі жүз отыз тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
"199-1-бап. Технологияларға, техника мен жабдыққа қойылатын экологиялық талаптар";
Toggle Dropdown
2) 1-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 58-1) және 58-2) тармақшалармен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
"58-1) экологиялық қауіпті технологиялар - өндіріс процесінде жүзеге асырылатын және қоршаған ортаға қауіп төндіретін шикізатты, материалды немесе жартылай фабрикатты өңдеу, жасау, олардың жай-күйін, қасиеттерін, нысанын өзгерту әдістерінің жиынтығы;
Toggle Dropdown
58-2) экологиялық қауіпті техника мен жабдық - шаруашылық немесе өзге де қызметте пайдаланылатын және қоршаған ортаға қауіп төндіретін механизмдер, машиналар, құрылғылар, аспаптар;";
Toggle Dropdown
3) 17-бап мынадай мазмұндағы 24-1) тармақшамен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
"24-1) экологиялық қауіпті технологиялардың, техника мен жабдықтың тізілімін жүргізеді;";
Toggle Dropdown
4) 41-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
"5) қолданылатын технологияның ең озық қолжетімді технологиялармен және техникалық үлестік нормативтермен сәйкестігі, сондай-ақ техникалық регламенттермен және технологияларға, техника мен жабдыққа қойылатын экологиялық талаптармен сәйкестігі тұрғысынан талдауды;";
Toggle Dropdown
5) 47-баптың 1-тармағының 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
"11) технологияларды, техника мен жабдықты, оның ішінде Қазақстан Республикасына өткізілетіндерін (әкелінетіндерін) қолдану жөніндегі құжаттама;";
Toggle Dropdown
6) 114-бап 36) тармақшасындағы "сақталуына мемлекеттік экологиялық бақылау жүзеге асырылады." деген сөздер "сақталуына;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 37) тармақшамен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
"37) технологияларға, техника мен жабдыққа қойылатын экологиялық талаптардың сақталуына мемлекеттік экологиялық бақылау жүзеге асырылады.";
Toggle Dropdown
7) мынадай мазмұндағы 199-1-баппен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
"199-1-бап. Технологияларға, техника мен жабдыққа қойылатын экологиялық талаптар
Toggle Dropdown
1. Қазақстан Республикасында технологиялардың, көлік құралдарын қоспағанда, техниканың және жабдықтың қолданылуы осындай технологиялардың, техника мен жабдықтың қоршаған ортаға әсерін бағалау материалдарымен қоса олардың қолданылуын негіздейтін құжаттамаға мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік экологиялық сараптамаға табыс етілетін, технологияларды, техника мен жабдықты, оның ішінде Қазақстан Республикасына өткізілетіндерін (әкелінетіндерін) қолдану жөніндегі құжаттама құрамын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
Toggle Dropdown
2. Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын, мемлекеттік экологиялық сараптаманың нәтижелері бойынша экологиялық қауіпті деп танылған технологиялар, техника мен жабдық шаруашылық және өзге де қызметте қолдануға жатпайды.
Toggle Dropdown
Бұл ретте өткізілген (әкелінген), экологиялық қауіпті деп танылған техника мен жабдық осы Кодексте, Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы, қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік салаларындағы және техникалық реттеу туралы заңнамасында белгіленген талаптар сақтала отырып жойылуға, кәдеге жаратылуға немесе қайта өңделуге немесе Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге әкетілуге тиіс.
Toggle Dropdown
3. Мынадай:
Toggle Dropdown
1) қолданылуы осы Кодексте немесе халықаралық стандарттарда белгіленген экологиялық талаптарға сәйкес келмейтін;
Toggle Dropdown
2) қолданылуы нәтижесінде Қазақстан Республикасында оларды залалсыздандыру немесе кәдеге жарату жөніндегі технологиялары жоқ не оларды кәдеге жарату экологиялық зор қатермен байланысты немесе экономикалық жағынан тиімсіз болатын қалдықтар түзілетін технологиялар экологиялық қауіпті деп танылады.
Toggle Dropdown
4. Мынадай:
Toggle Dropdown
1) нормативті пайдаланылу мерзімі аяқталған;
Toggle Dropdown
2) қолданылуы осы Кодексте, Қазақстан Республикасының техникалық регламенттерінде немесе халықаралық стандарттарда белгіленген экологиялық талаптарға сәйкес келмейтін;
Toggle Dropdown
3) пайдаланылуы нәтижесінде Қазақстан Республикасында оларды залалсыздандыру немесе кәдеге жарату жөніндегі технологиялары жоқ не оларды кәдеге жарату экологиялық зор қатермен байланысты немесе экономикалық жағынан тиімсіз болатын қалдықтар түзілетін техника мен жабдық экологиялық қауіпті деп танылады.
Toggle Dropdown
5. Мемлекеттік экологиялық сараптама технологияларды, техника мен жабдықты экологиялық қауіпті деп таныған жағдайда олар экологиялық қауіпті технологиялардың, техника мен жабдықтың тізіліміне енгізілуге жатады.
Toggle Dropdown
Экологиялық қауіпті технологиялардың, техника мен жабдықтың тізіліміне енгізілген технологияларды, техника мен жабдықты Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға тыйым салынады.".
Toggle Dropdown
Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
Toggle Dropdown
Президенті Н. Назарбаев