Осы Заң Қазақстан Республикасында сот-сараптама қызметiн жүзеге асыру жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейдi.
Отправить по почте
Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметi туралы Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 20 қаңтардағы № 240-IV Заңы
Осы Заң күшін жойды 2017 жылғы 25 ақпаннан бастап ҚР 10.01.2017 жылғы № 44-VI Заңына сәйкес
Редакция 29.12.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Осы Заң Қазақстан Республикасында сот-сараптама қызметiн жүзеге асыру жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейдi.
Сот сараптамасын тағайындау және жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу , Азаматтық іс жүргізу кодекстерімен және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексімен белгіленеді.
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) арнаулы ғылыми білім – сот-сараптамалық зерттеулердің әдістемелерінде іске асырылған, мазмұны ғылыми білімді құрайтын арнаулы білім саласы;
2) сарапшының қорытындысы – Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес ресiмделген, сот-сараптамалық зерттеудiң барысы мен нәтижелерiн көрсететiн құжат;
2-тармақша өзгертілді ҚР 02.07.2013 жылғы № 113-V Заңымен (20.01.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.07.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3) сот-сараптама қызметi – сот сараптамасы органдары мен сот сарапшыларының сот сараптамасын ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі қызметі;
4) сот-сараптама қызметiмен айналысуға арналған лицензия – Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi жеке тұлғаға сот-сараптама қызметiмен айналысуға беретiн рұқсат;
4-тармақша өзгертілді ҚР 02.07.2013 жылғы № 113-V Заңымен (20.01.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.07.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 4-тармақша өзгертілді ҚР 29.09.2014 жылғы № 239-V Заңымен (04.07.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.10.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
5) сот-сараптамалық зерттеу әдістемесі – сот сараптамасының белгілі бір тегінің, түрінің нысанасына жататын мән-жайларды анықтау үшін сот сараптамасы объектілерін зерделеу кезінде қолданылатын әдістер жүйесі;
6) сот-сараптамалық зерттеу әдісі – сот сараптамасының нысанасына жататын мән-жайларды анықтау үшін сот сараптамасы объектілерін зерделеу кезінде қолданылатын қисындық және (немесе) құрал-саймандық операциялар (тәсілдер, әдістер) жүйесі;
7) сот сараптамасы – шешілуі үшін маңызы бар мән-жайларды анықтау мақсатында арнаулы ғылыми білім негізінде жүргізілетін қылмыстық, азаматтық істердің немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің материалдарын зерттеу;
8) сот сараптамасының нысанасы – сот сараптамасын жүргізу жолымен анықталатын қылмыстық, азаматтық істерді не әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді шешу үшін маңызы бар мән-жайлар;
9) сот сараптамасы объектiлерi – заттай дәлелдемелер, құжаттар, адамның денесі мен психикалық жай-күйі, мәйіттер, жануарлар, үлгілер, сондай-ақ сот сараптамасы жүргізілетін іс материалдарында қамтылған сот сараптамасының нысанасына жататын мәліметтер;
10) сот сараптамасы органдары – Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен сот-сараптама қызметiн жүзеге асыратын мемлекеттiк заңды тұлғалар;
10-тармақша өзгертілді ҚР 02.07.2013 жылғы № 113-V Заңымен (20.01.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.07.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
11) сот сараптамасы органының басшысы – сот сараптамасы органының сот-сараптама қызметіне басшылықты жүзеге асыратын адам (сот сараптамасы органының бірінші басшысы, сот сараптамасы органы аумақтық бөлімшесінің басшысы);
12) сот сарапшысы – осы Заңның талаптарына сәйкес келетiн, қылмыстық процестi жүргiзушi орган (адам), сот не әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк берiлген орган (лауазымды адам), прокурор, нотариус Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен сот сараптамасын жүргiзудi тапсырған адам;
12-тармақша өзгертілді ҚР 02.07.2013 жылғы № 113-V Заңымен (20.01.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.07.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
13) сот сарапшысы мамандығы – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу саласындағы сот сарапшысының ғылыми құзыреттілігі;
14) үлгiлер – сот-сараптамалық зерттеу жүргізу және сарапшының қорытынды беруі үшін қажетті, тірі адамның, мәйіттің, жануардың, заттың, нәрсенің қасиеттерін бейнелейтін материалдық дүние объектілері.
2-бап. Қазақстан Республикасының сот-сараптама қызметi туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының сот-сараптама қызметі туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу және Азаматтық iс жүргiзу кодекстерiнен, Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнен , осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
3-бап. Сот-сараптама қызметiнiң мазмұны
Сот-сараптама қызметiнiң мазмұны:
1) қылмыстық, азаматтық істер және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша сот сараптамасын жүргізуді;
2) сот сараптамасы саласындағы ғылыми зерттеулерді;
3) сот сараптамасын ғылыми-әдiстемелiк және ақпараттық қамтамасыз етудi;
4) сот сарапшыларын iрiктеуді, кәсiптік даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды қамтиды.
4-бап. Сот-сараптама қызметiнiң мiндеті
4-бап өзгертілді ҚР 02.07.2013 жылғы № 113-V Заңымен (20.01.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.07.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Сот-сараптама қызметінің міндеті қылмыстық, азаматтық істер бойынша, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді арнаулы ғылыми білімді қолдану нәтижелерімен қамтамасыз ету болып табылады.
5-бап. Сот-сараптама қызметiнiң принциптері
Сот-сараптама қызметi:
1) заңдылық;
2) адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, заңды тұлғаның құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау;
3) сот сарапшысының тәуелсіздігі;
4) сот-сараптамалық зерттеулердi жүргiзу кезінде ғылыми-техникалық құралдар мен әдiстердi пайдалануға жол беру;
5) сот-сараптамалық зерттеулердiң жан-жақтылығы, толықтығы және объективтілігі;
6) сот сарапшысының кәсіптік әдебін сақтау принциптеріне негізделеді.
6-бап. Сот-сараптама қызметiн жүзеге асыру кезіндегі заңдылық
Сот-сараптама қызметi Қазақстан Республикасы Конституциясының және осы қызметтің құқықтық негізін құрайтын өзге де нормативтiк құқықтық актiлердің талаптары дәл орындалған жағдайда жүзеге асырылады.
7-бап. Сот-сараптама қызметiн жүзеге асыру кезінде адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, заңды тұлғаның құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау
1. Сот-сараптама қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясына , заңдарына және халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған принциптері мен нормаларына сәйкес адамның және азаматтың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері, заңды тұлғаның құқықтары мен заңды мүдделері сақталған жағдайда жүзеге асырылады.
2. Адамның құқықтары мен бостандықтарын уақытша шектеуді талап ететін сот-сараптамалық зерттеулер тек қана заңда белгіленген негіздерде және тәртіппен жүргізіледі.
3. Сот сараптамасы органының немесе сот сарапшысының әрекеттері (әрекетсіздігі) адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін не заңды тұлғаның құқықтары мен заңды мүдделерін шектеуге әкеп соқты деп санаған адам көрсетілген әрекеттерге (әрекетсіздікке) заңда белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқылы.
8-бап. Сот сарапшысының тәуелсiздiгi
1. Сот сарапшысы сот сараптамасын жүргізу кезінде іс жүргізу тұрғысынан дербес, сот сараптамасын тағайындаған органнан (адамнан), сот сараптамасы органының басшысынан және басқа да адамдардан тәуелсіз болады.
2. Сот сарапшысы жүргiзiлген зерттеулердiң нәтижелерiн негiзге ала отырып, қорытынды бередi. Бұл ретте ол Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалып, жол берiлетiн зерттеу құралдары мен әдiстерiн таңдауда дербес болады.
2-тармақ өзгертілді ҚР 02.07.2013 жылғы № 113-V Заңымен (20.01.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.07.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3. Сот сарапшысына құқыққа сыйымсыз ықпал етуге және оның заңды қызметіне кедергі келтіруге жол берілмейді және заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |