. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 262-IV Заңы
1-бап
. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжаттар; № 15, 139-құжат; № 19-20, 146-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 56-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 10, 31-құжат; № 14, 58-құжат, № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20, 21-құжаттар; № 4, 28-құжат; № 16, 131-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114, 115-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 16, 18-құжаттар; № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар;
2010 жылғы 2 ақпанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуді оңайлату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы ):
1) 48-баптың 3-тармағы «құқықтық мирасқорын анықтауға мүмкіндік бермесе,» деген сөздерден кейін «не егер құқықтық мирасқорында қайта құрылғанға дейін туындаған міндеттемелерді орындау үшін мүлік жеткіліксіз болса,» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 321-баптың 1-тармағы 3) тармақшасындағы «жағдайда талап етуге құқылы.» деген сөздер «жағдайда;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) кепіл берушіде өзге мүлік болмаған кезде кепіл ұстаушы талабының алдында басымдыққа ие болмайтын үшінші бір тұлғалар алдындағы атқарушылық құжаттар бойынша кепіл берушінің міндеттемелерін орындау мақсатында кепілге салынған нәрседен ақы өндіріп алуды талап етуге құқылы.».
2. 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 15-16, 211-құжат; 1998 ж., № 16, 219-құжат; № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 20, 721-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 10, 106-құжат; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 15, 137-құжат; № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 21-22, 87-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат: № 12, 72-құжат; № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 4, 33-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 17, 140-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 17-18, 2-құжат: № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 71, 73, 75-құжаттар; № 17, 82, 83-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 жылғы 6 ақпанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне балық шаруашылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы );
1) 229-бапта :
тақырыбы «Жекеше нотариустардың» деген сөздерден кейін «, жеке сот орындаушыларының» деген сөздермен толықтырылып, «аудиторлық ұйымның» деген сөздер «аудиторлық ұйым» деген сөздермен ауыстырылсын;
бірінші бөлігінің бірінші абзацы «Жекеше нотариустың,» деген сөздерден кейін «жеке сот орындаушысының,» деген сөздермен толықтырылып, «аудиторлық ұйымның» деген сөздер «аудиторлық ұйым» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 352-баптың бірінші бөлігіндегі «дәл сондай жағдайларда» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ атқарушылық құжаттарды орындау кезінде» деген сөздермен толықтырылсын.
3. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 24, 337-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; № 8, 189-құжат; № 18, 339-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 23-24, 192-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 23, 139, 142-құжаттар; № 24, 154-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 17, 140-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 15-16, 73-құжат; № 24, 128, 130-құжаттар):
1) 23-баптың 2-тармағындағы «сот атқарушысы» деген сөздер «мемлекеттік сот орындаушысы» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 57-бапта :
1-тармақтағы «сот атқарушысына» деген сөздер «мемлекеттік сот орындаушысына» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы «сот атқарушысы» деген сөздер «мемлекеттік сот орындаушысы» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 59-бапта :
тақырыбындағы «Сот атқарушысының» деген сөздер «Мемлекеттік сот орындаушысының» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақта:
«Сот атқарушысы», «сот атқарушысы» деген сөздер тиісінше «Мемлекеттік сот орындаушысы», «мемлекеттік сот орындаушысы» деген сөздермен ауыстырылсын;
«қолданылып жүрген заңдарға» деген сөздер «Қазақстан Республикасының заңнамасына» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы «Сот атқарушысы» деген сөздер «Мемлекеттік сот орындаушысы» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақ алып тасталсын;
5-тармақта:
«сот атқарушысының ұсынуы» деген сөздер «мемлекеттік сот орындаушысының ұсынуы» деген сөздермен ауыстырылсын;
«сот атқарушысының өзі тұратын» деген сөздер алып тасталсын;
4) 62-баптағы «сот атқарушысының» деген сөздер «мемлекеттік сот орындаушысының» деген сөздермен ауыстырылсын.
4. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 14, 103-құжат; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 3-4, 16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6, 42-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 3, 21-құжат; № 4, 28-құжат; № 5-6, 37-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 9-10, 48-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 жылғы 13 ақпанда «Егемен Қазақстан» және 2010 жылғы 18 ақпанда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттің және оның меншігінің иммунитеті, аралық соттар және халықаралық коммерциялық төрелік қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 5 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы ):
406-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Сот шешімдерін орындау үшін белгіленген тәртіппен мүлікті сату кезінде сот орындаушысы сатушы ретінде шығады.».
5. 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 18, 644-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 21-22, 281-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; № 14, 109-құжат; № 15, 138-құжат; 2004 ж., № 5, 25-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 140-құжат; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 13, 53-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 15-16, 62-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 127, 130-құжаттар; 2010 жылғы 3 ақпанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот-сараптама қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы ; 2010 жылғы 13 ақпанда «Егемен Қазақстан» және 2010 жылғы 18 ақпанда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттің және оның меншігінің иммунитеті, аралық соттар және халықаралық коммерциялық төрелік қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 5 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы ):
1) 141-баптың екінші бөлігінің 2) және 3) тармақшалары «оның» деген сөзден кейін «туған күні, айы, жылы,» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 146-баптың бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақшалары «құжатта көрсетілген болса),» деген сөздерден кейін «туған күні, айы, жылы,» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 150-баптың екінші бөлігінің 2) тармақшасы «талап қоюшының атауы, оның» деген сөздерден кейін «туған күні, айы, жылы,» деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақша «құжатта көрсетілген болса),» деген сөздерден кейін «туған күні, айы, жылы,» деген сөздермен толықтырылсын;
4) 236-бапта :
екінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мүлік тәркіленген, мемлекет кірісіне өндіріп алынған, сондай-ақ қылмыспен келтірілген залал өндіріп алынған, алимент өндіріп алынған, тарабы мемлекет болып табылатын мертігуден немесе денсаулыққа өзге де зақым келуден, асыраушысынан айрылуынан келтірілген зиянның орны толтырылған жағдайларда сот өз бастамасымен атқару құжатын аумағы бойынша тиісті атқарушылық іс жүргізу органына орындауға жолдайды.»;
төртінші бөлігінің жетінші және сегізінші абзацтары «құжатта көрсетілген болса),» деген сөздерден кейін «туған күні, айы, жылы,» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын:
«6. Атқарушылық іс жүргізу органдары сот шешімі орындалған жағдайда он жұмыс күні ішінде шешім шығарған сотты бұл туралы хабардар етуге, не орындаудың белгіленген іс жүргізу мерзімі өткен соң орындалмаудың себептері туралы жазбаша ақпарат беруге тиіс.»;
5) 240-бапта :
тақырыбы «тәртібін өзгерту» деген сөздерден кейін «, бітімгершілік келісімді бекіту» деген сөздермен толықтырылсын;
бірінші бөлікте:
«мерзімін ұзартуы,» деген сөздерден кейінгі «сондай-ақ» деген сөз алып тасталсын;
«өзгертуі» деген сөзден кейін «, сондай-ақ атқарушылық іс жүргізу тараптарының арызы бойынша бітімгершілік келісімді бекітуі» деген сөздермен толықтырылсын;
6) 240-4-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«240-4-бап. Сот орындаушысының ұсынуларын қарау
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |