• Мое избранное
Халықаралық төрелік туралы
Внимание! Документ утратил силу с 20.04.2016 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Халықаралық төрелiк туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 28 желтоқсандағы N 23 Заңы

Тақырып өзгертілді ҚР 03.07.2013 жылғы № 125-V Заңымен (05.02.2010 ж. редакцияны караңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он)  күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 05.07.2013 жылғы "Егемен Қазақстан" Республикалық газетінде жарияланды
Осы Заң күшін жойды 2016 жылғы 20 сәуірден бастап ҚР 08.04.2016 жылғы № 488-V Заңына сәйкес
Редакция 02.07.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық төрелiктiң қызметi процесiнде туындайтын қатынастарды, сондай-ақ халықаралық төрелiк шешiмдерiн Қазақстанда тану және орындау тәртiбi мен шарттарын реттейдi.
Кіріспе өзгертілді ҚР 03.07.2013 жылғы № 125-V Заңымен (05.02.2010 ж. редакцияны караңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он)  күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 05.07.2013 жылғы "Егемен Қазақстан" Республикалық газетінде жарияланды.
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Қолданылу аясы
1-бап өзгертілді ҚР 03.07.2013 жылғы № 125-V Заңымен (05.02.2010 ж. редакцияны караңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он)  күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 05.07.2013 жылғы "Егемен Қазақстан" Республикалық газетінде жарияланды.
Осы Заң, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен азаматтық-құқықтық қатынастардан туындаған, халықаралық төрелiк шешетiн дауларға қатысты қолданылады
2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
2-бап өзгертілді ҚР 05.02.2010 жылғы №249-IV Заңымен (28.12.2004 ж. редакцияны қараңыз)
2-бап өзгертілді ҚР 03.07.2013 жылғы № 125-V Заңымен (05.02.2010 ж. редакцияны караңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он)  күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 05.07.2013 жылғы "Егемен Қазақстан" Республикалық газетінде жарияланды.
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) Қазақстан Республикасының жария тәртiбi – Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде бекiтiлген мемлекеттiк және қоғамдық құрылыстың негiздерi;
2) құзыреттi сот – азаматтық-құқықтық қатынастардан туындайтын даулар туралы iстердi Қазақстан Республикасының азаматтық iс жүргiзу заңнамасына сәйкес бiрiншi сатыда қарауға уәкiлеттiк берілген Қазақстан Республикасы сот жүйесiнiң соты;
3) төрелiк – нақты дауды қарау үшiн арнайы құрылған халықаралық төрелiк немесе тұрақты жұмыс iстейтiн төрелiк не дауды жеке-дара қарайтын төрешi;
4) төрелiк келiсiм – тараптардың азаматтық-құқықтық қатынастардан туындаған немесе туындауы мүмкiн дауды төрелiктiң қарауына беру туралы жазбаша келiсiмi, бұл шартта төрелiк ескертпе түрiнде немесе субъектiлерді және олардың ерiк бiлдiруiнiң мазмұнын айқындайтын хаттар, жеделхаттар, телефонограммалар, телетайпограммалар, факстар, электрондық құжаттар немесе өзге де құжаттар алмасу арқылы жасалуы мүмкiн;
5) төрелiкте талқылау – төрелiк шешiм шығарумен дауды төрелiкте қарау процесi;
6) төрелікте талқылау тараптары – араларында төрелік келісім жасасылған қуынушы мен жауапкер;
7) төрелiктiң регламентi – тұрақты жұмыс iстейтiн халықаралық төрелiк қызметiн ұйымдастыру тәртiбi;
8) төрелiк шешiм – төрелiк шығарған шешiм;
9) төрешi – дауды төрелiкте шешу үшiн осы Заңға сәйкес тараптар сайлаған немесе тараптармен келiсiлген тәртiппен тағайындалған жеке тұлға;
10) iскерлiк айналымының әдет-ғұрыптары – қандай да бiр құжатта тiркелгенiне-тіркелмегеніне қарамастан, қолданылатын құқыққа қайшы келмейтiн, азаматтық-құқықтық шарттар саласында қалыптасқан және кеңiнен қолданылатын мiнез-құлық қағидалары.
3-бап. Қазақстан Республикасының халықаралық төрелiк туралы заңнамасы
3-бап өзгертілді ҚР 03.07.2013 жылғы № 125-V Заңымен (05.02.2010 ж. редакцияны караңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он)  күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 05.07.2013 жылғы "Егемен Қазақстан" Республикалық газетінде жарияланды.
1. Қазақстан Республикасының халықаралық төрелiк туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше қағидалар белгiленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
4-бап. Төрелiк iс қарау принциптерi
Төрелiк iс қарау:
1) туындаған даулар бойынша төрелiк iс қарауды жүзеге асыру тәртiбi мен шарттары мәселелерiн тараптар өзара алдын ала келiсу бойынша дербес шешуге құқығы бар екендiгiн бiлдiретiн тараптар еркiнiң дербестiгi;
2) төрешiлер мен төрелiктер өз шешiмдерiнде тек тараптардың келiсiмi бойынша қолданылатын құқық нормаларын ғана басшылыққа алатынын бiлдiретiн заңдылық;
3) тараптардың төрелiк iс қарауда бiрдей құқық көлемiн пайдаланатынын және бiрдей мiндеттер көлемiн мойнына алатынын, өз ұстанымын, оны қорғау тәсiлдерi мен құралдарын төрелiктен және басқа да органдар мен тұлғалардан дербес және тәуелсiз таңдауын бiлдiретiн тараптардың жарыспалылығы және тең құқылылығы;
4) төрешiлер мен төрелiктер өздерiне берiлген дауларды шешу кезiнде және төрелiк iс қараудың тараптары белгiленген талаптарды, қоғамның имандылық принциптерiн және iскерлiк әдеп ережелерiн сақтай отырып, адал әрекет етуге тиiс екенiн бiлдiретiн әдiлеттiлiк;
5) заңда азаматтың тиiстi органға ақпарат хабарлау мiндетi тiкелей көзделгеннен басқа жағдайларда, төрешiлердiң төрелiк iс қарау барысында белгiлi болған мәлiметтердi тараптардың немесе олардың құқық мирасқорларының келiсiмiнсiз жария етуге құқығы жоқ екендiгiн және төрелiк iс қарау барысында өздерiне белгiлi болған мәлiметтер туралы куәлер ретiнде жауап алынбайтындығын бiлдiретiн құпиялылық принциптерi сақтала отырып жүзеге асырылады.
4-1-бап. Қарсылық бiлдiру құқығынан бас тарту
Заң 4-1-баппен толықтырылды ҚР 05.02.2010 жылғы № 249-IV Заңына сәйкес
Осы Заңның қандай да бiр ережесi немесе төрелік келiсiмнiң қандай да бiр талабы сақталмағаны туралы бiлетiн, сөйте тұра осындай сақталмауға төреліктiң тұрақты жұмыс iстейтiн регламентiнде осы мақсат үшiн белгiленген мерзiм iшiнде қарсылықтарын мәлімдеместен төрелік iс қарауға қатысуды жалғастыра беретiн тарап өзiнiң қарсылық бiлдiру құқығынан бас тартқан болып есептеледi.
5-бап. Төрелiктiң қызметiне араласуға жол берiлмеушiлiк
5-бап өзгертілді ҚР 05.02.2010 жылғы №249-IV Заңымен (28.12.2004 ж. редакцияны қараңыз)
Төрешiлер мен төрелiктер өздерiне берiлген дауларды шешу кезiнде тәуелсiз болады, осы Заңда белгiленген жағдайларды қоспағанда, өздерiнiң қызметiне мемлекеттiк органдардың және өзге де ұйымдардың қандай да бiр араласуын болғызбайтын жағдайларда шешiм қабылдайды.
6-бап. Дауды төреліктiң шешуiне беру
6-бап өзгертілді ҚР 05.02.2010 жылғы №249-IV Заңымен (28.12.2004 ж. редакцияны қараңыз)
1. Тараптар арасында жасалған төрелік келiсiм болған кезде дау төреліктiң қарауына берiлуi мүмкін.
2. Тараптар төрелiк келiсiмдi қандай да бiр нақты азаматтық-құқықтық қатынас бойынша тараптар арасында туындаған немесе туындауы мүмкiн дауларға қатысты жасасуы мүмкiн.
2-тармақ өзгертілді ҚР 03.07.2013 жылғы № 125-V Заңымен (05.02.2010 ж. редакцияны караңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он)  күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 05.07.2013 жылғы "Егемен Қазақстан" Республикалық газетінде жарияланды.
3. Құзыреттi соттың қарауында жатқан дауға қатысты төрелік келiсiм аталған сот дау бойынша шешiм қабылдағанға дейiн жасалуы мүмкін. Бұл жағдайда құзыреттi сот өтiнiштi қараусыз қалдыру туралы ұйғарым шығарады.
4. Егер тараптардың ең болмағанда біреуі Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылса, азаматтық-құқықтық қатынастардан туындайтын, жеке және (немесе) заңды тұлғалар арасындағы даулар, сондай-ақ «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда концессия шартын орындаумен және тоқтатумен байланысты даулар тараптардың келісімі бойынша төрелікке берілуі мүмкін.
4-тармақ өзгертілді ҚР 03.07.2013 жылғы № 125-V Заңымен (05.02.2010 ж. редакцияны караңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он)  күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 05.07.2013 жылғы "Егемен Қазақстан" Республикалық газетінде жарияланды
4-тармақ өзгертілді ҚР 02.07.2014 жылғы № 225-V Заңымен (03.07.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.07.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
5. Егер тараптар өзге жөнiнде уағдаласпаса, онда дауды тұрақты жұмыс iстейтiн төрелікке беру кезiнде тұрақты жұмыс iстейтiн төреліктiң регламентi төрелік келiсiмнiң ажырамас бөлiгi ретiнде қарастырылады.
6. Төрелiк келiсiмнiң қолданылуы ол қандай тәртiппен жасалса, сондай тәртiппен тараптардың келiсiмi бойынша тоқтатылуы мүмкін.
7. Кәмелетке толмаған адамдардың, заңда белгiленген тәртiппен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған адамдардың мүдделерi қозғалатын даулар төреліктiң қарауына жатпайды.
7-тармақ өзгертілді ҚР 03.07.2013 жылғы № 125-V Заңымен (05.02.2010 ж. редакцияны караңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он)  күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 05.07.2013 жылғы "Егемен Қазақстан" Республикалық газетінде жарияланды.
8. Төрелік мүліктік қатынастарға байланысты емес, адамның өмiрі мен денсаулығына, жеке өмiріне қол сұғылмаушылыққа, жеке және отбасы құпиясына, атын алу құқығына байланысты жеке мүлiктiк емес қатынастардан туындайтын дауларды қарауға құқылы емес.
6-бап 8-тармақпен толықтырылды ҚР 03.07.2013 жылғы № 125-V Заңна сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он)  күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 05.07.2013 жылғы "Егемен Қазақстан" Республикалық газетінде жарияланды.
6-1-бап. Төрелiк келiсiм және құзыреттi сотқа даудың мәнi бойынша талап қою
Заң 6-1-баппен толықтырылды ҚР 05.02.2010 жылғы № 249-IV Заңына сәйкес
1. Төрелiк iс қарау нысанасы бойынша талап қою берiлген құзыреттi сот, егер төрелік келiсiм жарамсыз, күшiн жойған немесе орындалуы мүмкін емес деп таппаса, егер тараптардың кез келгенi бұл туралы өтiнсе, даудың мәнi бойынша өзiнiң алғашқы өтiнiшiн ұсынудан кешiктiрмей тараптарды төрелікке жiберуге тиiс.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген талап қоюға қарамастан құзыреттi сот төрелік iс қараудың нысанасы өзiнде сотта қаралуға жататындығы туралы мәселенi қарастырғанша төрелік iс қараудың басталуы немесе жалғастырылуы және төрелік шешiмнiң шығарылуы мүмкін.
2-тарау. ТӨРЕЛIКТIҢ ҚҰРАМЫ
7-бап. Төрешiлер
1. Iстiң нәтижесiне тiкелей немесе жанама түрде мүдделi емес, тараптардан тәуелсiз болып табылатын және төрешiнiң мiндеттерiн атқаруға келiсiм берген, жасы жиырма беске толған және жоғары бiлiмi бар жеке адам төрешi болып сайланады (тағайындалады).
2. Дауды жеке-дара шешетiн төрешiнiң жоғары заң бiлiмi және заңгерлiк мамандығы бойынша кемiнде екi жыл жұмыс стажы болуға тиiс. Дау алқалы түрде шешiлетiн жағдайда төрелiк төрағасының жоғары заң бiлiмi болуға тиiс.
3. Төрешiлiкке кандидаттарға қойылатын қосымша талаптар тараптармен тiкелей келiсiлуi немесе тұрақты жұмыс iстейтiн төрелік регламентiнде айқындалуы мүмкін.
3-тармақ өзгертілді ҚР 05.02.2010 жылғы №249-IV Заңымен (28.12.2004 ж. редакцияны қараңыз)
4. Мыналар: