Toggle Dropdown
34
Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы
Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 6 қаңтардағы № 527-IV Заңы
Toggle Dropdown
Редакция 06.07.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
Осы Заң Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі саласындағы құқықтық қатынастарды реттейді және адамның және азаматтың, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің мазмұны мен қағидаттарын, Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жүйесiн, мақсаттары мен бағыттарын айқындайды.
Toggle Dropdown
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Toggle Dropdown
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Toggle Dropdown
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
Toggle Dropdown
1) ақпараттық инфрақұрылым – ақпаратты қалыптастыру, жасау, өзгерту, өңдеу, беру, пайдалану және сақтау техникалық құралдары мен жүйелерінің жиынтығы;
Toggle Dropdown
2) ақпараттық кеңістік – жеке және қоғамдық санаға, ақпараттық инфрақұрылым мен ақпараттың өзіне де ықпал ететін, ақпаратты қалыптастыруға, жасауға, өзгертуге, өңдеуге, беруге, пайдалануға, сақтауға байланысты қызмет саласы;
Toggle Dropdown
2
3) Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгi (бұдан әрi – ұлттық қауiпсiздiк) – адамның және азаматтың, қоғам мен мемлекеттің серпінді дамуын қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасы ұлттық мүдделерінiң нақты және ықтимал қауiп-қатерлерден қорғалуының жай-күйi;
Toggle Dropdown
4) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету (бұдан әрі – ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету) – ұлттық мүдделерді нақты және ықтимал қауiп-қатерлерден қорғауға бағытталған ұлттық қауіпсіздік субъектілерінің қызметі;
Toggle Dropdown
5) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі – ұлттық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясат шеңберінде ұлттық қауіпсіздік субъектілері іске асыратын құқықтық, ұйымдастырушылық, экономикалық, техникалық және өзге де шаралар жиынтығы;
Toggle Dropdown
6) Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерi – іске асырылуынан мемлекеттің адам мен азаматтың құқықтарын, қазақстандық қоғамның құндылықтарын және конституциялық құрылыс негіздерін қорғауды қамтамасыз ету қабілеті байланысты болатын, Қазақстан Республикасының заңнамалық тұрғыдан танылған саяси, экономикалық, әлеуметтік және басқа да қажеттіліктерінің жиынтығы;
Toggle Dropdown
7) ұлттық қауiпсiздiкке қауiп-қатерлер – Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерiн iске асыруға кедергi келтіретін немесе кедергі келтіруі мүмкін сыртқы және ішкі факторлардың (процестер мен құбылыстардың) жиынтығы;
Toggle Dropdown
8) ұлттық қауiпсiздiк объектiлерi – адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары; қоғам, оның материалдық және рухани құндылықтары; мемлекет, оның конституциялық құрылысы;
Toggle Dropdown
9) ұлттық қауіпсіздік стратегиясы – ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында негізгі проблемаларды және қауіп-қатерлерді, стратегиялық мақсаттарды және нысаналы индикаторларды, міндеттерді және нәтижелер көрсеткіштерін айқындайтын Қазақстан Республикасы дамуының стратегиялық құжаты;
Toggle Dropdown
10) ұлттық қауiпсiздiк субъектiлерi – өз өкiлеттiктерін биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтары органдары арқылы жүзеге асыратын мемлекет, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысатын Қазақстан Республикасының азаматтары мен ұйымдары.
Toggle Dropdown
2-бап. Ұлттық қауiпсiздiкті қамтамасыз етудің құқықтық негіздері
Toggle Dropdown
1. Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiкті қамтамасыз ету саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк-құқықтық актiлерiнен тұрады.
Toggle Dropdown
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше нормалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
Toggle Dropdown
3. Мынадай:
Toggle Dropdown
1) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін немесе тәуелсіздіктен айырылуға әкеп соғатын;
Toggle Dropdown
2) Қазақстан Республикасының егемендік құқықтарының аясын тарылтатын халықаралық шарттарды жасасуға жол берілмейді.
Toggle Dropdown
2-1-бап. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің мақсаты мен міндеттері
Toggle Dropdown
1. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің мақсаты Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін нақты және ықтимал қауіптерден қорғау болып табылады.
Toggle Dropdown
2. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің міндеттері мыналар болып табылады:
Toggle Dropdown
1) Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысының мызғымастығын, оның ішінде тәуелсіздігін, біртұтастығы мен президенттік басқару нысанын, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының тұтастығын, қолсұғылмаушылығын және ел аумағының бөлінбестігін, сондай-ақ мемлекеттің қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету;
Toggle Dropdown
2) елдегі саяси тұрақтылықты, мемлекет экономикасының орнықтылығын қолдау;
Toggle Dropdown
3) ұлттық қауіпсіздікке төнетін қатерлерді уақтылы анықтау (айқындау), жою немесе оқшаулау, сондай-ақ оларды талдау, болжау және болғызбау;
Toggle Dropdown
4) ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің саяси, құқықтық, экономикалық, техникалық, әлеуметтік, сондай-ақ стратегиялық, тактикалық, жедел және өзге де шаралары жүйесін әзірлеу және іске асыру;
Toggle Dropdown
5) ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесін қалыптастыру, оның тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету және оны жетілдіру.
Toggle Dropdown
3-бап. Ұлттық қауiпсiздiкті қамтамасыз ету қағидаттары
Toggle Dropdown
Ұлттық қауiпсiздiкті қамтамасыз ету қағидаттары:
Toggle Dropdown
1) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының басымдығы;
Toggle Dropdown
2) ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету кезінде алдын алу-профилактика шараларының басымдығы;
Toggle Dropdown
3) ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру кезiнде заңдылықты сақтау;
Toggle Dropdown
4) ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету күштерiнiң жедел өзара хабардар етiлуі және іс-қимылдарының үйлесiмділігі;
Toggle Dropdown
5) ұлттық қауiпсiздiктiң барлық түрiнiң бiртұтастығы, өзара байланысы және теңгерімдiлігi, ахуалдың өрбуіне қарай олардың басымдығының жедел өзгеруі;
Toggle Dropdown
6) ұлттық қауіпсіздікке келтірілген және/немесе ықтимал нұқсанның ауқымы мен сипатына ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларының уақтылы және лайықты болуы;
Toggle Dropdown
7) адамның және азаматтың, қоғам мен мемлекет мүдделерінің теңгерімін сақтау, олардың өзара жауапкершілігі;
Toggle Dropdown
8) ұлттық қауіпсіздікті қорғау жөніндегі іс-қимылдардың барлық жиынтығын іске асырудың бақылауда болуы;
Toggle Dropdown
9) ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесінің халықаралық қауіпсіздік жүйелерімен ықпалдастығы;
Toggle Dropdown
10) мемлекеттік органдар өкілеттіктерінің аражігін нақты ажырату болып табылады.
Toggle Dropdown
1
4-бап. Ұлттық қауіпсіздік түрлері
Toggle Dropdown
Ұлттық қауіпсіздік түрлері:
Toggle Dropdown
1
1) қоғамдық қауiпсiздiк – қоғамның тұтастығы мен оның тұрақтылығы қамтамасыз етілетін азаматтар өмiрiнiң, денсаулығының және амандығының, қазақстандық қоғамның рухани-имандылық құндылықтарының және әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің нақты әрі ықтимал қауіп-қатерлерден қорғалуының жай-күйі;
Toggle Dropdown
2) әскери қауіпсіздік – әскери күштерді қолданумен немесе оны қолдану ниетімен байланысты сыртқы және ішкі қауіп-қатерлерден адамның және азаматтың, қоғам мен мемлекеттің өмірлік маңызы бар мүдделері қорғалуының жай-күйі;
Toggle Dropdown
3) саяси қауіпсіздік – азаматтардың, әлеуметтік топтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуы және олардың мүдделерінің теңгерімі, мемлекеттің тұрақтылығы, тұтастығы және қолайлы халықаралық жағдайы қамтамасыз етілетін конституциялық құрылыс негіздерінің, мемлекеттік органдар жүйесі қызметінің және мемлекеттік басқару тәртібінің нақты және ықтимал қауiп-қатерлерден қорғалуының жай-күйі;
Toggle Dropdown
4) экономикалық қауiпсiздiк – экономиканың орнықты дамуы және оның тәуелді болмауы қамтамасыз етілетін, Қазақстан Республикасы ұлттық экономикасының нақты және ықтимал қауіп-қатерлерден қорғалуының жай-күйі;
Toggle Dropdown
5) ақпараттық қауiпсiздiк – елдің орнықты дамуы және ақпараттық тәуелсіздігі қамтамасыз етілетін, ақпарат саласындағы нақты және ықтимал қауіп-қатерлерден Қазақстан Республикасы ақпараттық кеңістігінің, сондай-ақ адамның және азаматтың құқықтары мен мүдделерiнің, қоғам мен мемлекеттің қорғалуының жай-күйі;
Toggle Dropdown
6) экологиялық қауiпсiздiк – қоршаған ортаға антропогендiк және табиғи әсерлер салдарынан туындайтын қауіп-қатерлерден адамның және азаматтың өмірлік маңызы бар мүдделері мен құқықтарының, қоғам мен мемлекеттің қорғалуының жай-күйі болып табылады.