• Мое избранное
Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және орман шаруашылығы мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі N 176 Заңы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және орман шаруашылығы мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі N 176 Заңы

1-бап.
Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1. 2001 жылғы 12 маусымдағы "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексiне (Салық кодексiне) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 11-12, 168-құжат; 2002 ж., N 6, 73, 75-құжаттар; N 19-20, 171-құжат; 2003 ж., N 1-2, 6-құжат; N 4, 25-құжат; N 11, 56-құжат; N 15, 133, 139-құжаттар; N 21-22, 160-құжат; N 24, 178-құжат; 2004 ж., N 5, 30-құжат; N 14, 82-құжат; N 20, 116-құжат; N 23, 140, 142-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 4, 5-құжаттар; N 3, 22-құжат; N 4, 24-құжат; N 8, 45, 46-құжаттар; 2006 жылғы 9 маусымда "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 10 маусымда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығын құру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2006 жылғы 5 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы ):
338-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) сауықтыру балалар мекемелерi;".
2. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 13, 99-құжат; 2005 ж., N 9, 26-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 3, 22-құжат):
1) 39-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Мемлекеттiк жер пайдаланушы өзiне тиесiлi жер пайдалану құқығын иелiгiнен шығаруға, сондай-ақ кепiлге беруге құқылы емес.
Осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнiң ережесi, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы жердi қоспағанда, жер учаскесiнде орналасқан жылжымайтын мүлiктi иелiктен шығаруға не кепiлге беруге байланысты жер пайдалану құқығын иелiктен шығару не оны кепiлге беру жағдайларына қолданылмайды.";
2) 105-баптың 3-тармағының екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
"Жер учаскелерiн мемлекеттiк табиғи қорықтарға, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктерге, мемлекеттiк табиғи резерваттарға, мемлекеттiк өңiрлiк табиғи парктерге, мемлекеттiк зоологиялық парктерге, мемлекеттiк ботаникалық бақтарға, мемлекеттiк дендрологиялық парктерге және мемлекеттiк табиғат ескерткiштерiне тарихи-мәдени мақсаттағы объектiлер үшiн беру кезiнде де, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделген өзге де жағдайларда шыққан шығасы өтелмейдi.";
3) 122-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерiне мемлекеттiк табиғи қорықтардың, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктердiң, мемлекеттiк табиғи резерваттардың, мемлекеттiк өңiрлiк табиғи парктердiң, мемлекеттiк зоологиялық парктердiң, мемлекеттiк ботаникалық бақтардың, мемлекеттiк дендрологиялық парктер мен мемлекеттiк табиғат ескерткiштерiнiң жерi жатады.
Мемлекеттiк қорық аймақтары мен мемлекеттiк табиғи қаумалдардың жер учаскелерi жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардан алынбай, басқа санаттардағы жерлер құрамында бөлiнедi және мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзу кезiнде ескерiледi.
Мемлекеттiк қорық аймақтары мен мемлекеттiк табиғи қаумалдардың аумағы шегiнде осы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың экологиялық жүйелерiнiң және оларда орналасқан мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң жай-күйiне және оларды қалпына келтiруге терiс әсер ететiн кез келген қызметтi шектеу меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың жер учаскелерiне ауыртпалық болып енгiзiледi және бұл жерге орналастыру құжаттамасында ескерiледi.";
4) 123-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"123-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың күзет аймақтарының жерлерi
1. Ерекше күзетудi және қолайсыз сыртқы әсерден қорғауды қамтамасыз ету үшiн ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың айналасына, осы аймақтар шегiнде осы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың экологиялық жүйесiне және оларда орналасқан мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерiне қолайсыз әсер ететiн кез келген қызметке тыйым салынатын және (немесе) шектеу қойылатын күзет аймақтары белгiленедi.
2. Мемлекеттiк табиғи қорықтардың, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктердiң, мемлекеттiк табиғи резерваттар мен мемлекеттiк өңiрлiк табиғи парктердiң күзет аймағы аумағында табиғат пайдалану мөлшерi, шекарасы, режим түрлерi және тәртiбi оларды құру жөнiндегi жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негiздемелермен айқындалады, осы Кодексте және "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген тәртiппен облыстардың (республикалық маңызы бар қала, астана) атқарушы органдарының шешiмдерiмен белгiленедi.
Бұл ретте меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың жер учаскелерiнiң шекаралары бойынша немесе табиғи географиялық межелер бойынша белгiленетiн және сол жерлерде арнаулы белгілерімен белгіленетін күзет аймағының енi екi километрден кем болмауға тиiс.
3. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар шегiндегi жер учаскелерi осы аймақтарды қорғаудың белгiленген режимiн сақтай отырып пайдаланылады және осы Кодексте белгiленген талаптарға сәйкес мемлекет қажеттiктерi үшiн алып қойылуы (сатып алынуы) мүмкiн.";
5) 128-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Жекеше орман қоры жерiне осы Кодекске сәйкес орман өсiру үшiн нысаналы мақсатта жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға жеке меншiкке немесе ұзақ мерзiмдi жер пайдалануға берiлген жерлерде, солардың қаражаты есебiнен отырғызылған қолдан өсiрiлген ормандар, агроорман-мелиорациялық екпелер, арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер және бюджет қаражаты есебiнен отырғызылған агроорман-мелиорациялық екпелер өсiп тұрған жер жатады.".
3. 2003 жылғы 8 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Орман кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 16, 140-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат):
1) 3-баптың 3) тармақшасы мен 26-баптың 2) тармақшасындағы "табиғи-қорық" деген сөздiң алдынан тиiсiнше "мемлекеттiк" деген сөзбен, 55-баптың 1-тармағы бiрiншi бөлiгiнiң 4) тармақшасындағы "табиғат-қорық" деген сөздердiң алдынан "мемлекеттiк" деген сөзбен толықтырылсын;
2) 4-баптың 26) тармақшасындағы "орман шаруашылығы мемлекеттiк мекемесiнiң" деген сөздер "орман иеленушiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 6-баптың 4-тармағы және 8-баптың 3-тармағы "плантациялық екпелер" деген сөздерден кейiн "және бюджет қаражаты есебiнен отырғызылған агроорманмелиорациялық екпелер" деген сөздермен толықтырылсын;
4) 18-бапта:
тақырыбындағы "функциялары" деген сөз "негiзгi қызметi" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы "өңдеу" деген сөз "ұқсату" деген сөзбен ауыстырылсын;
10) және 11) тармақшалар алып тасталсын;
5) 22-баптың 2-тармағының 2) тармақшасында:
"биосфералық түрлерiн қоса алғанда", "мемлекеттiк табиғи қорық-сепортерлерге," деген сөздер алып тасталсын;
"мемлекеттiк табиғи саябақтарға" деген сөздер "мемлекеттiк өңiрлiк табиғи саябақтарға" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 26-бап мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
"6-1) уәкiлеттi орган бекiткен ережелерге сәйкес орманды шолып, тексеру жүргiзуге;";
7) 36-баптың 7-тармағындағы "күтiп-баптау мақсатында кесудi және санитарлық мақсатта кесудi" деген сөздер "аралық пайдалану мақсатында кесудi және өзгедей мақсатта кесудi" деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 38-баптың 12) тармақшасында:
"жобасына сәйкес" деген сөздерден кейiн ", орманды қайта жаңартуды қоса алғанда," деген сөздермен толықтырылсын;
"ағашы кесiлген орман алаңының" деген сөздер "ағашы кесiлген алаңының" деген сөздермен ауыстырылсын;
"ағаш отырғызуды" деген сөздер "орманды молықтыруды" деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 44-баптың 2-тармағының 1) тармақшасында:
екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"мемлекеттiк табиғи қорықтар ормандары;";
бесiншi абзац "мемлекеттiк" деген сөзден кейiн "өңiрлiк" деген сөзбен толықтырылсын;
10) 59-баптың 1-тармағының үшiншi бөлiгiнде:
"(биосфералық түрлерiн және сепортер-қорықтарды қоса алғанда)", "орман" деген сөздер алып тасталсын;
"табиғи саябақтар" деген сөздер "табиғи саябақтар, мемлекеттiк өңiрлiк табиғи саябақтар" деген сөздермен, "ескерткiштерi" деген сөз "ескерткiштер" деген сөзбен ауыстырылсын;
11) 73-баптың 3-тармағындағы ", орман тұқымдарын дайындау, өңдеу, сақтау" деген сөздер алып тасталсын;
12) 77-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектiлер уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен құрылады және анықталады.";
13) 78-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
"3-1. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiндегi селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектiлердi аттестаттау мен есепке алуды уәкiлеттi органның мамандандырылған ұйымдары өздерi белгiлеген тәртiппен жүзеге асырады.";
14) 80-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"80-бап. Орман тұқымдарын дайындау, өңдеу, сақтау, пайдалану және олардың сапасын бақылау";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Орман тұқымдарын дайындауды, өңдеудi, сақтауды, пайдалануды және олардың сапасын бақылауды ұйымдастыру тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.";
15) 86-баптың 2-тармағының екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
"Бюджет қаражаты есебiнен отырғызылған агроорманмелиорациялық екпелер өсiп тұрған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер сатып алынады немесе ұзақ мерзiмдi жер пайдалануға берiледi және Қазақстан Республикасының жер туралы заңнамалық актiсiне сәйкес жекеше орман қоры жерлерiне ауыстырылуы мүмкiн.";
16) 89-бапта:
тақырыбы "жөнiндегi" деген сөзден кейiн "және бөрене кесу жөнiндегi" деген сөздермен толықтырылсын;
мәтiнiндегi "заңдарында" деген сөз "лицензиялау туралы заңнамасында" деген сөздермен ауыстырылсын, "қызмет" деген сөзден кейiн "және бөрене кесу жөнiндегi жұмыстар" деген сөздермен толықтырылсын;
17) 91-бапта:
тақырыбындағы және 1-тармақтағы "Күтiп-баптау мақсатында және санитарлық", "күтiп-баптау мақсатында және санитарлық" деген сөздер тиiсiнше "Аралық пайдалану мақсатында ағаш кесу және өзгедей", "аралық пайдалану мақсатында ағаш кесу және өзгедей" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы "күтiп-баптау мақсатында және санитарлық мақсатта ағаш кесуге" деген сөздер "аралық пайдалану мақсатында және өзге де мақсатта ағаш кесуге" деген сөздермен ауыстырылсын;
18) 92-бапта:
1-тармақта:
"биосфералық және сепортер-қорықтарды қоса алғандағы", ", мемлекеттiк табиғи қорықтарды, мемлекеттiк ұлттық табиғи саябақтарды жасау, не аса құнды табиғи ресурстарды сақтау үшiн резервке қойылған мемлекеттiк қорық аймақтары учаскелерiнде" деген сөздер алып тасталсын;
"мемлекеттiк табиғи" деген сөздер "мемлекеттiк өңiрлiк табиғи" деген сөздермен ауыстырылсын;
2 және 3-тармақтардағы "мемлекеттiк табиғи саябақтар" деген сөздер "мемлекеттiк өңiрлiк табиғи саябақтар" деген сөздермен ауыстырылсын;
19) 93-баптың 3-тармағының бiрiншi бөлiгiнде:
"(биосфералық түрлерiн және сепортер-қорықтарды қоса алғанда)" деген сөздер алып тасталсын;
"мемлекеттiк табиғи саябақтардың" деген сөздер "мемлекеттiк өңiрлiк табиғи саябақтардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
20) 112-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"112-бап. Орман мекемелерiнiң ақылы қызметтерiнен түскен қаражаты
1. Орман мекемелерiнiң өздерiнiң негiзгi қызметiне жатпайтын мынадай тауарларды (жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзу:
1) елдi мекендердi көгалдандыру үшiн отырғызылатын материалдарды өсiру және орман тұқымдарын жинау, көгалдандыру, қорғау, плантациялық және өзге де екпелердi отырғызу, оқу практикаларын өткiзу;
2) аралық пайдалану мақсатында және өзге де мақсаттарда ағаш кесу, соның iшiнде халықты отынмен қамтамасыз ету, жанама орман пайдалану үшiн ағаш кесу есебiнен алатын қаражаты болуы мүмкiн.
2. Орман мекемелерiнiң қаражатын пайдалану Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
3. Орман мекемелерiнiң қаражатын ормандарды күзетуге, қорғауға, молықтыруға және орман өсiруге, жанама орман пайдалануға байланысты емес мақсаттарға пайдалануға тыйым салынады.".
4. 2004 жылғы 24 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., N 8-9, 53-құжат; N 20, 116-құжат; N 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., N 14, 55-құжат; N 21-22, 87-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 3, 22-құжат; N 8, 45-құжат):
1) 50-баптың 1-тармағының 8) тармақшасында:
бiрiншi абзац "шаруашылығы" деген сөзден кейiн ", ерекше қорғалатын табиғи аумақтар" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы он бесiншi және он алтыншы абзацтармен толықтырылсын:
"жер пайдаланудың ерекше режимiнiң белгiленуiне байланысты меншiк құқықтарын немесе жер пайдалану құқықтарын тоқтатуға, меншiк құқықтарын және жер пайдалану құқықтарын шектеуге, жер учаскелерi иелерiнiң немесе жер пайдаланушылардың құқықтарының бұзылуына әкеп соқтыратын жердi мемлекет қажеттiктерi үшiн алып қойған (сатып алған) жағдайларда жер учаскелерiнiң меншiк иелерiне немесе жер пайдаланушыларға келтiрiлген залалдарды өтеу;
республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құруға және кеңейтуге, халықаралық мiндеттемелердi орындауға және жердi қорғаныс пен қауiпсiздiк қажеттiктерi үшiн пайдалануға байланысты жағдайларда жер учаскелерiн барлық санаттағы жерлерден алып қойған, соның iшiнде сатып алу арқылы алып қойған кезде залалдарды өтеу;";
2) 51-баптың 1-тармағының 8) тармақшасы мынадай мазмұндағы он жетiншi және он сегiзiншi абзацтармен толықтырылсын:
"жер пайдаланудың ерекше режимiнiң белгiленуiне байланысты меншiк құқықтарын немесе жер пайдалану құқықтарын тоқтатуға, меншiк құқықтарын және жер пайдалану құқықтарын шектеуге, жер учаскелерi иелерiнiң немесе жер пайдаланушылардың құқықтарының бұзылуына әкеп соқтыратын жердi мемлекет қажеттiктерi үшiн алып қойған (сатып алған) жағдайларда жер учаскелерiнiң меншiк иелерiне немесе жер пайдаланушыларға келтiрiлген залалдарды өтеу;
жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құруға және кеңейтуге байланысты жағдайларда жер учаскелерiн барлық санаттағы жерлерден алып қойған, соның iшiнде сатып алу арқылы алып қойған кезде залалдарды өтеу;";
3) 52-баптың 1-тармағының 8) тармақшасы мынадай мазмұндағы он төртiншi және он бесiншi абзацтармен толықтырылсын:
"жер пайдаланудың ерекше режимiнiң белгiленуiне байланысты меншiк құқықтарын немесе жер пайдалану құқықтарын тоқтатуға, меншiк құқықтарын және жер пайдалану құқықтарын шектеуге, жер учаскелерi иелерiнiң немесе жер пайдаланушылардың құқықтарының бұзылуына әкеп соқтыратын жердi мемлекет қажеттiктерi үшiн алып қойған (сатып алған) жағдайларда жер учаскелерiнiң меншiк иелерiне немесе жер пайдаланушыларға келтiрiлген залалдарды өтеу;
жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құруға және кеңейтуге байланысты жағдайларда жер учаскелерiн барлық санаттағы жерлерден алып қойған, соның iшiнде сатып алу арқылы алып қойған кезде залалдарды өтеу;".
5. "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 37-құжат; N 12, 88-құжат; N 14, 93-құжат; N 15-16, 109-құжат; N 24, 162-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 8-9, 236-құжат; 1997 ж., N 1-2, 8-құжат; N 7, 80-құжат; N 11, 144, 149-құжаттар; N 12, 184-құжат; N 13-14, 195, 205-құжаттар; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 14, 201-құжат; N 16, 219-құжат; N 17-18, 222, 224, 225-құжаттар; N 23, 416-құжат; N 24, 452-құжат; 1999 ж., N 20, 721, 727-құжаттар; N 21, 87-құжат; N 22, 791-құжат; N 23, 931-құжат; N 24, 1066-құжат; 2000 ж., N 10, 248-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 7-құжат; N 8, 52, 54-құжаттар; N 13-14, 173, 176-құжаттар; N 23, 321-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 2, 17-құжат; N 15, 151-құжат; N 19-20, 165-құжат; 2003 ж., N 1-2, 2-құжат; N 4, 25-құжат; N 6, 34-құжат; N 10, 50, 51-құжаттар; N 11, 69-құжат; N 14, 107-құжат; N 15, 124, 128, 139-құжаттар; 2004 ж., N 2, 9-құжат; N 5, 27-құжат; N 10, 54-құжат; N 14, 82-құжат; N 15, 86-құжат; N 16, 91-құжат; N 17, 98-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат; N 11, 37-құжат; N 14, 55, 58-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 8, 45-құжат):
9-баптың 1-тармағының 55) тармақшасындағы "дайындау" деген сөзден кейiн "және бөрене кесу жөнiндегi жұмыстар" деген сөздермен толықтырылсын.
2-бап.
Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президенті