Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы жүйесінің тұрақтылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 23 қазандағы N 72-IV Заңы
1-бап.
Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 15-16, 211-құжат; 1998 ж., N 16, 219-құжат; N 17-18, 225-құжат; 1999 ж., N 20, 721-құжат; N 21, 774-құжат; 2000 ж., N 6, 141-құжат; 2001 ж., N 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., N 4, 32, 33-құжаттар; N 10, 106-құжат; N 17, 155-құжат; N 23-24, 192-құжат; 2003 ж., N 15, 137-құжат; N 18, 142-құжат; 2004 ж., N 5, 22-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139-құжат; 2005 ж., N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 21-22, 87-құжат; 2006 ж., N 2, 19-құжат; N 3, 22-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 8, 45-құжат; N 12, 72-құжат; N 15, 92-құжат; 2007 ж., N 1, 2-құжат; N 4, 33-құжат; N 5-6, 40-құжат; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 17, 140-құжат; 2008 ж., N 12, 48-құжат; N 13-14, 58-құжат):
1) мынадай мазмұндағы 216-1-баппен толықтырылсын:
"216-1-бап. Төлем қабілетсіздігіне дейін жеткізу
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, ашық жинақтаушы зейнетақы қорын, банкті мәжбүрлеп таратуға әкеп соққан төлем қабілетсіздігіне әкелген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының, банктің ірі қатысушысы-жеке тұлғаның, ірі қатысушысы-заңды тұлғаның бірінші басшысының не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының, банктің, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның тұрақты, уақытша не арнайы өкілеттік бойынша басқару органының немесе атқарушы органының функцияларын орындайтын тұлғаның қасақана іс-әрекеті (әрекетсіздігі), -
үш мыңнан алты мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның алты айдан бір жылға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерінде айыппұл салуға, не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не үш айдан алты айға дейінгі мерзімге қамауға, не екі мыңнан төрт мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның алты айдан бір жылға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерінде айыппұл салынып, мүлкі тәркіленіп немесе онсыз бір жылдан үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";
2) 220-баптың екінші бөлігіндегі "бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға" деген сөздер "екі жылға дейін бас бостандығынан айыруға" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 2, 184-құжат; N 15, 281-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 5, 58-құжат; N 13-14, 205-құжат; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 11-12, 176-құжат; N 17-18, 224-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 9, 86-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 5, 31-құжат; N 10, 51-құжат; N 11, 56, 67-құжаттар; N 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., N 11-12, 66-құжат; N 15, 86-құжат; N 16, 91-құжат; N 23, 140-құжат; 2005 ж., N 7-8, 24-құжат; N 14, 55, 58-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 4, 24-құжат; N 8, 45-құжат; N 11, 55-құжат; N 16, 99-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 4, 28, 33-құжаттар):
1) 8-бапта:
1-тармақта:
"осы баптың 2 және 3-тармақтарында" деген сөздер "осы Заңда" деген сөздермен ауыстырылсын;
"сатып алуға" деген сөздерден кейін ", коммерциялық емес ұйымдарды құруға және олардың қызметіне қатысуға" деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) қаржы ұйымдарының және екінші деңгейдегі банктердің күмәнді және үмітсіз талаптарын басқару және (немесе) оларды кейіннен өткізу, қайта құрылымдау және (немесе) секьюритилендіру үшін сатып алатын ұйымдардың;";
2) тармақшадағы "листингтің ең жоғары санаты бойынша" деген сөздер "уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген қор биржасы тізімінің санаттары бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Осы баптың 1-тармағында белгіленген тыйым салу:
тізбесін уәкілетті орган белгілейтін халықаралық қаржы ұйымдарының облигацияларымен;
уәкілетті орган белгілеген рейтингтік агенттіктердің бірінің ең төменгі талап етілетін рейтингі бар облигацияларымен;
банктің өз облигацияларымен және осы банктің еншілес ұйымдары шығарған, міндеттемелеріне банк кепілдік берген облигациялармен мәмілелерді жүзеге асыруға қолданылмайды. Мұндай облигациялармен мәміле жасау тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.";
2) 11-1-бапта:
5-тармақтың 7) тармақшасы "өтініш берілген күнгі" деген сөздерден кейін "және құжаттарды қарау кезеңінде" деген сөздермен толықтырылсын;
8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Уәкілетті органның рұқсатын алмаған жағдайда банк өзіне тиесілі еншілес ұйым акцияларын (қатысу үлестерін) үш ай мерзімде осы банкпен ерекше қарым-қатынасы жоқ тұлғаларға иелігінен шығаруға және растайтын құжаттарды уәкілетті органға табыс етуге міндетті.
Еншілес ұйымға бақылау жасау құқығын өзіне байланысты емес себептер бойынша сатып алған жағдайда банк осы факті анықталған кезден бастап бір ай мерзімде еншілес ұйымды иеленуге уәкілетті органның рұқсатын алу үшін осы баптың 3-тармағында көзделген құжаттарды табыс етуге тиіс.
9. Банктің ұйымның жарғылық капиталына қомақты қатысуына уәкілетті органның рұқсаты болғанда ғана жол беріледі.
Ұйымның жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.
Қомақты қатысуға уәкілетті органның рұқсатын алмаған жағдайда банк өзіне тиесілі ұйым акцияларын (қатысу үлестерін) үш ай мерзімде осы банкпен ерекше қарым-қатынасы жоқ тұлғаларға иелігінен шығаруға және растайтын құжаттарды уәкілетті органға табыс етуге міндетті. Егер банк қомақты қатысуды банкке байланысты емес себептер бойынша сатып алса, ол уәкілетті органның тиісті рұқсатын алу үшін осы факті анықталған кезден бастап бір ай мерзімде осы баптың 10-тармағында көзделген құжаттарды табыс етуге тиіс.";
мынадай мазмұндағы 11-тармақпен толықтырылсын:
"11. Уәкілетті орган:
1) рұқсат беруге негіз болған дәйексіз мәліметтер анықталған;
2) еншілес ұйымдар, жарғылық капиталына банктің қомақты қатысуы бар ұйымдар не көрсетілген ұйымдардың қызметін қайта ұйымдастыру немесе тарату жолымен тоқтату туралы сот шешім қабылдаған;
3) рұқсат берілген күннен бастап бір жыл ішінде еншілес ұйымға, жарғылық капиталына банктің қомақты қатысуы бар ұйымдарға бақылау жасау белгілері болмаған;
4) еншілес ұйым, жарғылық капиталына банктің қомақты қатысуы бар ұйым қызметінің осы Заңның 8-бабы 2-тармағының талаптарына сәйкес келмейтіні анықталған жағдайларда еншілес ұйымды құруға, сатып алуға, ұйымның жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсатты кері қайтарып алады.
Еншілес ұйымды құруға, сатып алуға, ұйымның жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсат кері қайтарып алынған жағдайда банк еншілес ұйымның, жарғылық капиталына банктің қомақты қатысуы бар ұйымның өзіне тиесілі акцияларын (қатысу үлестерін) үш ай мерзімде осы банкпен ерекше қарым-қатынасы жоқ тұлғаларға иелігінен шығаруға және растайтын құжаттарды уәкілетті органға табыс етуге міндетті.
Еншілес ұйымды құруға, сатып алуға, ұйымдардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсатты кері қайтарып алудың тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.";
3) 17-бапта:
2-тармақтың екінші сөйлеміндегі "Қазақстан Даму Банкінің ғана" деген сөздер "Қазақстан Даму Банкінің және осы баптың 4-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайда банктің" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Банк кредиторларының мүддесін қорғау және Қазақстан Республикасының банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында, егер уәкілетті орган қолданған шаралар банктің қаржылық жай-күйін жақсартуға әкелмесе:
1) банк меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициентін және (немесе) өтімділік коэффициентін бір рет бұзған не өзге де пруденциялық нормативтерді және (немесе) сақталуға міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі рет және одан да көп бұзған жағдайда, Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілетті органмен келісім бойынша осы Заңның 17-2-бабында көзделген тәртіппен, банктің қаржылық жай-күйін жақсартуға және оның пруденциялық нормативтерді және (немесе) сақталуға міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді орындауы үшін қажетті мөлшерде банктің жарияланған акцияларын Қазақстан Республикасы Үкіметінің не ұлттық басқарушы холдингтің сатып алатыны туралы шешім қабылдауға құқылы;
2) банкте капиталдың теріс мөлшері болған кезде, уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісім бойынша банктің қаржылық жағдайын қажетті жақсартуға кепілдік беретін жаңа инвесторға сатып алу бағасы бойынша кейіннен міндетті түрде дереу өткізу шартымен банк акцияларын мәжбүрлеп сатып алуды жүзеге асыруға құқылы.";
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
"5-1. Акционерлердің жалпы жиналысына қатысатын акционер, егер оның өз акционерлерінің (қатысушылардың) тіркелген елі туралы ақпарат банкте жоқ болса, өтінішті табыс етеді, онда осындай акционерлердің (қатысушылардың) осы баптың 5-тармағы бірінші бөлігінің талаптарын орындағаны туралы көрсетеді.
Көрсетілген өтінішті табыс етпеген акционер акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға жіберілмейді.
Өтініште көрсетілген ақпараттың дәйексіздігі анықталған не осы баптың 5-тармағы бірінші бөлігі талаптарының бұзылуы анықталған кезде:
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |