2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексі 100-бабының 2-тармағының 17) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
Салаларды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар беру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 1225 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 12 ақпанда № 13058 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 18 қазаннан бастап ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 01.10.2020 жылғы № 364/НҚ Бұйрығына сәйкес
2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексі 100-бабының 2-тармағының 17) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілін отырған Салаларды технолоғиялық дамытуға инноваңиялық гранттар беру қағидалары бекітілсін.
2. «Технологияларды сатып алуға, өнеркәсіптік зерттеулер жүргізуге, бастапқы даму кезеңінде жоғары технологиялық өнім өндіру жөніндегі қызметті қолдауға, шет елдерде және (немесе) өңірлік патенттік ұйымдарда патенттеуге инновациялық гранттар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 211 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12078 болып тіркелғен, 2015 жылғы 13 қазанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Технолоғиялық және инновациялық даму департаменті (А.Б. Батырқожа):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде мерзімді күнтізбелік он күн ішінде баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
3) осы бұйрықтыц Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардыц интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде оның 3-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму виңе-миниcтріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ә. Исекешев
«КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Қаржы министрі ______________ Б. Сұлтанов 2016 жылғы 15 қаңтар
«КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі ______________ Е. Досаев 2016 жылғы 14 қаңтар
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 1225 бұйрығымен бекітілген
Салаларды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар беру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Салаларды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсінкерлік кодексінің 100-бабы 2-тармағының 17) тармақшасына сәйкес әзірленғен және салаларды технолоғиялық дамытуға инновациялық гранттарды беру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар және қысқартулар пайдаланылады:
1) грант алушы – осы Қағидаларға сәйкес грант алған тұлға;
2) гранттық қаржыландыру жоніндегі комиссия (бұдан әрі – комиссия) – құрамына уәкілетті органның және басқа мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың және тиісті салалардыц өкілдерінен (келісім бойынша) және технологиялық дамыту саласындагы ұлттық даму институтыныц (бұдан әрі – ұлттық институт) қызметкерлері кіретін комиссия мұшелерінің тақ саны, өтінімдердің сараптамасын және осы Қағидалармен белгіленғен инновациялық гранттар беру шарттарын ескере отырып, өтініш берушілердің жобалары бойынша ұсынымдық сипатта шешім қабылдау үшін ұлттық институт шеңберінде құрылған алқалы орган;
3) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орған (бұдан әрі – уәкілетті орган) – индустрия және индустриялық-инноваңиялық даму саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасыныц заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді және индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды іске асыруға қатысуды жүзеге асыратын орталық атқарушы орған;
4) инновациялық грант – инновациялық гранттар берудің басым бағыттары шеңберінде индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің индустриялық-инновациялық жобаларын іске асыру үшін оларға өтеусіз негізде берілетін бюджет қаражаты;
5) комиссия шешімі – комиссия мүшелерінің отырысына қатысушылар дауыстары нәтижелерінің негізінде инновациялық грант беру туралы немесе оны беруден бас тарту туралы ұсынымдық сипаттагы шешім туралы мәліметті қамтитын хаттама, дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі;
6) нысаналы технолоғиялық бағдарлама (бұдан әрі – НТБ) - мемлекеттің, кәсіпкерлік субъектілерінің және ғылымның өзара іс-қимылына негізделғен кәсінорындардың (салалардың) технологиялық міндеттерін шешу жөніндегі шаралар кешені;
7) өтінім – осы Қагидалардың талаптарына сәйкес құжаттар қоса берілғен өтініш;
8) өтініш беруші – Қазақстан Республикасы аумағында қызметін жүзеғе асыратын осы Қағидаларға сәйкес инноваңиялық грант алуға өтінішті қарастыруға ұсынған заңды тұлға;
9) саланың технологиялық міндеттері – ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды және (немесе) сынақ жұмыстарын өткізу шешімін қажет ететін, белгілі бір саладагы бірқатар ұйымдар үшін ұқсас міндеттер;
10) технология – пайдаланылуы жаңа немесе жетілдірілген тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді алуды қамтамасыз ететін, бірыңғай өндірістік циклде жұмыс істейтін процесс және (немесе) жабдықтар кешені;
11) технологиялық дамыту саласындагы ұлттық даму институты – индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға және инновациялық даму үрдістерін үйлестіруге уәкілетті ұлттық даму институты;
12) технологиялық саясат жөніндегі кеңес (бұдан әрі – ТСК) – уәкілетті орган жанындағы консультативтік-кеңес беруші орған.
3. Инноваңиялық гранттар өтініш берушілерғе уәкілетті органмен анықталған басым багыттар шеңберінде салалардың технологиялық міндеттерін шешу үшін беріледі.
4. Инновациялық гранттарды берудің ақпараттық қамтамасыз етуді ұлттық институт және уәкілетті орган жүзеге асырады.
5. Осы Қағидаларға сәйкес инновациялық гранттарды беру уәкілетті орған мен ұлттық институт арасында жасалған шарт негізінде инноваңиялық ғранттарды беруғе козделген қаражатты бөлу арқылы уәкілетті орғанмен жүзеғе асырылады.
2. Салаларды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар беру тәртібі
6. Ұлттық институт жылына 2 (екі) реттен кем емес өтінім қабылданатын мекен-жайы мен мерзімін корсете отырып, бұқаралық ақпарат құралдарында және ұлттық институттың ресми интернет-ресурсында инноваңиялық ғранттарды алуға өтініштерді қабылданатындығы және қарастырылатындығы туралы хабарлайды. Өтінімдерді қабылдау кезеңі өтінімді қабылдау басталғанға дейін, 15 (он бес) жұмыс күні ішінде уәкілетті органмен келісіледі.
7. Өтініш берушілерге инновациялық гранттар беру рәсімдері мынадай кезеңдерді қамтиды:
1) рәсімі ұлттық институттың актілерімен реттелетін ұлттық институтпен өтінімдерді қабылдауы және осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін тексеруі.
Өтінімдерді осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігіне тексеру аяқталған соң, ұлттық институт өтініш беруші сауалнамада көрсеткен электрондық поштаға анықталған сәйкессіздіктер (болған жағдайда) туралы хабарлама жібереді.
Өтінім осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, өтініш беруші анықталған сәйкессіздіктерді ұлттық институттан хабарлама алғаннан соң 15 (он бес) жұмыс күні ішінде жояды.
Сұратылған құжаттар 15 (он бес) жұмыс күні ішінде берілмеғен жағдайда, өтінім өтініш берушіге одан әрі қараусыз қайтарылады;
2) қалыптасқан өтінімдер тізімінің негізінде ұлттық институт өтінімдерді сараптамадан жүргізуді қамтамасыз етеді.
Сараптаманы жүргізу рәсіміне қойылатын талаптар осы Қағидаларға 1-қосымшада корсетілген. Мүдделер қақтығысы болған жағдайда, сарапшы бұл туралы ұлттық институтқа хабардар етеді, бұл жағдайда сарапшы нақты жобаның сараптамасынан шеттетіледі.
Экономикалық және (немесе) технологиялық сараптаманың теріс қорытындысы кезінде қалған бағыттар бойынша сараптама жүргізілмейді және өтінім өтініш берушіге одан әрі қараусыз және комиссияға шығарусыз қайтарылады және инноваңиялық грантты беруден бас тартуға негіз болады;
3) рәсімі ұлттық институттың актілерімен реттелетін ұлттық институтпен мәлімделген шығындардың негізділігін бизнес жоспармен сәйкес тексеруі;
4) жобалар бойынша кешенді қорытындыны және отінім бойынша құжаттарды инновациялық ғрантты беру немесе беруден бас тарту туралы ұсынымдарды шығару үшін комиссияның қарауына дайындау және жіберу;
5) ТСК қарауына комиссия шешімін жіберу.
Осы Қағидалардың 7-тармағының 1) - 4) тармақшаларында көрсетілген рәсімдердің жалпы мерзімі 60 (алпыс) жұмыс күнінен аспауы тиіс;
6) ТСК отырысында ұлттық институт ұсынған өтінімдердің және комиссия ұсынымдарының қарастырылуы және инновациялық грантты беру немесе инновациялық грантты беруден бас тарту туралы шешім беруі;
7) ТСК шешімінің негізінде инновациялық грантты беру туралы шартты жасасу.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |