2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 100-бабы 2-тармағының 16) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
Технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттар беру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 1192 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 12 ақпанда № 13062 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 23 қазаннан бастап ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 01.10.2020 жылғы № 365/НҚ Бұйрығына сәйкес
2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 100-бабы 2-тармағының 16) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттар беру қағидалары бекітілсін.
2. «Технологияларды коммерцияландыруға арналған инновациялық гранттар беру қағидаларын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 210 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізімінде № 12067 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 18 қыркүйекте жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Технологиялық және инновациялық даму департаменті (А.Б. Батырқожа):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялау үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына тіркелген бұйрықты алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін баспа және электронды түрде жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 3-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ә. Исекешев
«КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Қаржы министрі ________________ Б. Султанов 2016 жылғы 15 қаңтар
«КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасынын Экономика мннистрі ________________ Е. Досаев 2016 жылғы 14 қаңтар
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 1192 бұйрығымен бекітілген
Технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттарды беру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттарды беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 100-бабы 2-тармағының 16) тармақшасына сәйкес әзірленді және технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттарды беру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) алдын-ала өтінім - осы Қағидалардың талаптарына сәйкес өтініш берушінің сауалнамасы, жоба паспорты және технологияларды коммерцияландыру стратегиясы қоса берілген өтініш;
2) грант алушы - осы Қағидаларға сәйкес инновациялық грант алған жеке және (немесе) заңды тұлға;
3) гранттық қаржыландыру жөніндегі комиссия (бұдан әрі - комиссия) - құрамына уәкілетті органның және басқа мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың және тиісті салалардың өкілдері (келісім бойынша) және технологиялық дамыту саласындағы ұлттық даму институтының (бұдан әрі - ұлттық институт) қызметкерлері кіретін комиссия мүшелерінің саны тақ, өтінімдерің сараптамасын және осы Қағидалармен белгіленген инновациялық гранттар беру шарттарын ескере отырып, өтініш берушілердің жобалары бойынша шешім қабылдау үшін ұлттық институт шеңберінде құрылған алқалы орган;
4) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - индустрия және индустриялық-инновациялық даму саласындағы басшылықты жүзеге асыратын, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде салааралық үйлестіруді және индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды іске асыруға қатысуды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
5) инновациялық грант - инновациялық гранттар берудің басым бағыттары шеңберінде индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің индустриялық-инновациялық жобаларын іске асыру үшін оларға өтеусіз негізде берілетін бюджет қаражаты;
6) комиссия шешімі - комиссия мүшелері отырысына қатысушылардың санынан дауыс беру қорытындылары негізінде грант беру туралы ақпаратты қамтитын құжат, дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі;
7) өтінім - осы Қағидалардың талаптарына сәйкес қажетті құжаттар қоса берілген өтініш;
8) өтініш беруші - Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын, осы Қағидаларға сәйкес инновациялық грант алу үшін қарауға өтінім ұсынған жеке және (немесе) заңды тұлға;
9) технология - пайдаланылуы жаңа немесе жетілдірілген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді алуды қамтамасыз ететін, бірыңғай өндірістік циклде жұмыс істейтін процесс және (немесе) жабдықтар кешені;
10) технологияларды коммерцияландыру - он экономикалық әсер алуға бағытталған жаңа немесе жетілдірілген тауарларды, процестер мен қызметтерді нарыққа шығару мақсатында ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін практикалық пайдалануға байланысты қызмет;
11) технологияларды коммерцияландыруға грант беру туралы шарт (бұдан әрі - Шарт) - грант алу үшін ұлттық институт пен грант алушының арасында жасалған шарт;
12) технологиялық дамыту саласындағы ұлттық даму институты - индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға және инновациялық даму үрдістерін үйлестіруге уәкілетті ұлттық даму институты.
3. Технологияларды коммерцияландыруға инновациялық грант өтініш берушілерге оң экономикалық әсер алуға бағытталған жаңа немесе жетілдірілген тауарларды, процестер мен қызметтерді нарыққа шығару мақсатында ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін практикалық пайдалану үшін беріледі.
4. Өтініш беруші өтінімде көрсетілген сенімді бастапқы мәліметтерді, есептерді, негіздерді ұсынады. Өтінімді дайындау және ұсыну бойынша барлық шығындарды өтініш беруші өзі қарастырады.
5. Инновациялық гранттарды беруді ақпараттық қамтамасыз етуді уәкілетті орган және ұлттық институт жүзеге асырады.
6. Осы Қағидаларға сәйкес инновациялық гранттарды беру уәкілетті орган мен ұлттық институт арасында жасалған шарт негізінде инновациялық гранттарды беруғе көзделген қаражатты бөлу арқылы уәкілетті органмен жүзеғе асырылады.
7. Сараптама жүргізу рәсімі ұлттық институтыц актілерімен реттеледі.
2. Технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттар беру тәртібі
8. Ұлттық институт жылына 2 (екі) реттен кем емес алдын-ала өтінімдерді қабылдау мекен-жайы мен кезеңін көрсете отырып, инновациялық грант алуға алдын-ала өтінімдер қабылдаудың басталғаны туралы ресми бұқаралық ақпарат құралдарында және уәкілетті орган мен ұлттық институттың ресми интернет-ресурсында жариялайды. Алдын-ала өтінімдерді қабылдау кезеңі уәкілетті органмен алдын-ала өтінімдерді қабылдау басталғанға дейін 15 (он бес) жұмыс күні бұрын келісіледі.
9. Инновациялық гранттарды беруге алдын-ала өтінімдерді іріктеу рәсімі мынадай кезеңдерді бірізді жүргізуден тұрады:
1) рәсімі ұлттық институттың актілерімен реттелетін ұлттық институтпен алдын-ала өтінімтерді қабылдау және осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін тексеру.
Алдын-ала отінімдерді осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігіне тексеру аяқталған соң, ұлттық институт өтініш беруші сауалнамада көрсеткен электронды мекен-жайға анықталған сәйкессіздіктер (болған жағдайда) туралы хабарлама жібереді.
Алдын-ала өтінім осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, өтініш беруші анықталған сәйкессіздіктерді ұлттық институттан хабарлама алғаннан соң 10 (он) жұмыс күні ішінде жояды.
Сұратылған құжаттар 10 (он) жұмыс күні ішінде берілмеген жағдайда, алдын-ала өтінім өтініш берушіге одан әрі қараусыз қайтарылады;
2) ұлттық институтпен алдын-ала өтінімді келесі өлшемдер:
жобаны пысықтау сапасы;
идеяның инновациялылығы;
өтініш берушінің командасының құрамы;
нарықтық әлеуеті;
жобаны іске асыру бойынша пайымы бойынша қарастыру;
3) алдын-ала өтінім бойынша ұлттық институтпен шешім шығару. Бұл ретте одан әрі өтінімдерді беру мүмкіндігі туралы оң шешім алған алдын-ала өтінімдер саны келіп түскен алдын-ала өтінімдердің жалпы санының оннан бір болігінен аспауы қажет.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |