Bestprofi Logo

Заң № 439-II от 2003-06-12г./Қазақстан Республикасының Парламенті

Темекі өнімдерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы

Отправить на почту


Языки документа

Документ на казахском языке

Темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк реттеу туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 12 маусымдағы № 439-II Заңы

Осы Заң темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымы процесiнде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi.

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

1-бап өзгертілді ҚР 11.12.2006 жылғы № 201Заңымен (20.12.2004 ж. редакцияны қараңыз)

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

1) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)

1-тармақша өзгертілді ҚР 11.12.2006 жылғы № 201Заңымен (20.12.2004 ж. редакцияны қараңыз) 1-тармақша алынып тасталды ҚР 31.12.2021 жылғы № 100-VII Заңымен (30.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

1-1) Тармақша алып тасталды (ескертуді қараңыз)

1-1-тармақша толықтырылды ҚР 11.12.2006 жылғы № 201Заңымен (20.12.2004 ж. редакцияны қараңыз) 1-1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 30.11.2016 жылғы № 26-VІ Заңына сәйкес (03.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2017 жылдан бастап) 1-1-тармақша алынып тасталды ҚР 06.04.2024 жылғы № 71-VIII Заңына сәйкес (19.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.06.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

1-2) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)

1-2-тармақша толықтырылды ҚР 11.12.2006 жылғы № 201Заңымен (20.12.2004 ж. редакцияны қараңыз) 1-2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 30.11.2016 жылғы № 26-VІ Заңына сәйкес (03.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2017 жылдан бастап) 1-2-тармақша алынып тасталды ҚР 05.01.2021 жылғы № 407-VI Заңына сәйкес (07.07.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

1-3) қорап – картоннан немесе қағаздан немесе өзге де материалдан жасалған, темекi өнiмiнiң белгiлi саны бар тұтыну ыдысының бiрлiгi;

1-3-тармақша толықтырылды ҚР 11.12.2006 жылғы № 201Заңымен (20.12.2004 ж. редакцияны қараңыз) 1-3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 30.11.2016 жылғы № 26-VІ Заңына сәйкес (03.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2017 жылдан бастап)

1-4) орам – белгiлi қорап саны бар топтап тұтыну ыдысының бiрлiгi;

1-4-тармақша толықтырылды ҚР 11.12.2006 жылғы № 201Заңымен (20.12.2004 ж. редакцияны қараңыз) 1-4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 30.11.2016 жылғы № 26-VІ Заңына сәйкес (03.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2017 жылдан бастап)

1-5) сәйкестендiру – белгiлi бiр өнiмдi өндiру, айналымға шығару (айналысы), пайдалану саласында оны өзiне ұқсас өнiмнiң арасында айырым белгілерi бойынша ауыстырмай тануды қамтамасыз ететiн рәсiм;

1-5-тармақша толықтырылды ҚР 11.12.2006 жылғы № 201Заңымен (20.12.2004 ж. редакцияны қараңыз) 1-5-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 30.11.2016 жылғы № 26-VІ Заңына сәйкес (03.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2017 жылдан бастап)

1-6) сәйкестендіру құралы – штрих код түрінде ұсынылған немесе радиожиілік белгісіне жазылған немесе автоматты түрде сәйкестендірудің өзге құралы (технологиясы) пайдаланыла отырып ұсынылған, машинамен оқылатын нысандағы символдардың бірегей тізбегі;

1-бап 1-6-тармақшамен толықтырылды ҚР 30.11.2016 жылғы № 26-VІ Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2017 жылдан бастап) 1-6-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 31.12.2021 жылғы № 100-VII Заңына сәйкес (30.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

1-7) таңбалау – тұтынушыға арналған ақпаратты құрайтын және қорабы мен орамындағы мәтiн, шартты белгi және суреттер;

1-тармақ 1-7-тармақшамен толықтырылды ҚР 31.12.2021 жылғы № 100-VII Заңына сәйкес (өзгерту 01.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

2) темекi өнiмдерiнiң айналымы - темекi өнiмдерiн экспорттау, импорттау, сақтау, көтерме және бөлшек саудамен өткiзу;

3) темекi өнiмдерiн көтерме саудамен өткiзу - темекi өнiмдерiн одан әрi қайта сату үшiн өткiзу (жөнелту);

4) өндiрiс паспорты - темекi өнiмдерiн өндiрушiнiң өндiрiстiк қуаттарының көрсеткiштерiн, өндiрiстiң технологиялық процесiн сақтау үшiн қолда бар жабдықтарды пайдалануды реттейтiн оның негізгі сипаттамаларын көрсететiн құжат;

5) темекi өнiмдерiн өндiрушi - сату үшiн темекi өнiмдерiн өндiретiн жеке немесе заңды тұлға;

5-1) Тармақша алып тасталды (ескертуді қараңыз)

1-бап 5-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 03.12.2015 жылғы № 432-V Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.07.2016 жылдан бастап) 5-1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 05.01.2021 жылғы № 407-VI Заңына сәйкес (07.07.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 5-1-тармақша алынып тасталды ҚР 06.04.2024 жылғы № 71-VIII Заңына сәйкес (19.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.06.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

6) темекi өнiмдерiнiң өндiрiсi – стандарттау жөнiндегi құжаттарға сәйкес келетiн темекi өнiмдерiн дайындауды қамтамасыз ететiн технологиялық процестер жиынтығы;

6-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 05.10.2018 жылғы № 184-VІ Заңына сәйкес (30.11.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 11.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

7) темекi өнімдері – шегу, сору, шайнау, иіскеу немесе тұтынудың өзге де тәсілдері үшін, оның ішінде темекіні қыздыруға арналған жүйелердің немесе кез келген өзге де аспаптың көмегімен пайдаланылатындай етіп дайындалған шикізат ретінде темекі жапырағынан және (немесе) темекі өсімдігінің басқа бөліктерінен толығымен немесе ішінара жасалған өнімдер;

7-тармақша өзгертілді ҚР 11.12.2006 жылғы № 201Заңымен (20.12.2004 ж. редакцияны қараңыз) 7-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 30.11.2016 жылғы № 26-VІ Заңына сәйкес (26.07.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2017 жылдан бастап) 7-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 07.07.2020 жылғы № 361-VI Заңына сәйкес (05.10.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.07.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

7-1) фильтрлi сигареттер - кесiлген темекiден жасалған, фильтр қолданыла отырып, сигарет қағазымен оралған, шегуге арналған темекi өнiмдерiнiң бiр түрi;

7-1-тармақша толықтырылды ҚР 11.12.2006 жылғы № 201Заңымен (20.12.2004 ж. редакцияны қараңыз)

7-2) фильтрсiз сигареттер - кесiлген темекiден жасалған, фильтрдiң қолданылуынсыз сигарет қағазымен оралған, шегуге арналған темекi өнiмдерiнiң бiр түрi;

7-2-тармақша толықтырылды ҚР 11.12.2006 жылғы № 201Заңымен (20.12.2004 ж. редакцияны қараңыз)

8) уәкiлеттi орган - темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк бақылауды және реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган.

2-бап. Қазақстан Республикасының темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк реттеу туралы заңдары

1. Қазақстан Республикасының темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк реттеу туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымына байланысты қатынастарды реттейтiн өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.

1-1. Темекі өнімдерінің өндірілуі мен айналымы субъектілерінің қызметін мемлекеттік реттеу және бақылау темекі өнімдерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу саласындағы реттеудің мақсаттары болып табылады.

2-бап 1-1-тармақпен толықтырылды ҚР 01.07.2024 жылғы № 107-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 01.09.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленген болса, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

3-бап. Темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк реттеу

1. Темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк реттеудi Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкiметi, уәкiлеттi орган, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген өз құзыретi шегiнде өзге де мемлекеттiк органдар жүзеге асырады.

1-тармақ өзгертілді ҚР 05.07.2011 жылғы № 452-IV Заңымен (12.01.2007 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 3 (үш) ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) 13.07.2013 жылғы "Егемен Қазақстан" Республикалық газетінде жарияланды.

1-1. Темекі өнімдерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу саласындағы реттеу:

3-бап 1-1-тармақпен толықтырылды ҚР 01.07.2024 жылғы № 107-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 01.09.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

1) темекі өнімдерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру кезіндегі заңдылық;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасына, техникалық регламенттерге, санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарға сәйкес темекі өнімдерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру кезіндегі негізділік;

3) темекі өнімдерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру кезіндегі объективтілік пен ашықтық қағидаттарына негізделеді.

1-2. Темекі өнімдерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу саласындағы реттеудің міндеттері:

3-бап 1-2-тармақпен толықтырылды ҚР 01.07.2024 жылғы № 107-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 01.09.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

1) экономикалық мүдделерді және халықтың денсаулығын қорғау;

2) Қазақстан Республикасында өндірілетін және оған әкелінетін темекі өнімдерінің сапасын арттыру үшін жағдайлар жасау;

3) Қазақстан Республикасының темекі өнімдерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету болып табылады.

2. Темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк реттеу:

1) темекi өнiмдерiн өндiру жөнiндегi қызметтi лицензиялауды;

3) темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымына мониторингтi жүзеге асыру және декларациялау тәртiбiн белгiлеу арқылы бақылау жасауды;

3-тармақша өзгертілді ҚР 11.12.2006 жылғы № 201Заңымен (20.12.2004 ж. редакцияны қараңыз)

4) фильтрлі, фильтрсіз сигареттерге, папиростарға, сигариллаларға және қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілеуді қамтиды.

4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 30.11.2016 жылғы № 26-VІ Заңына сәйкес (26.07.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2017 жылдан бастап) 4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 30.12.2021 жылғы № 95-VII Заңына сәйкес (24.11.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.03.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

3. Темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.

3-бап 3-тармақпен толықтырылды ҚР 01.07.2024 жылғы № 107-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 01.09.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

4-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретi

1) темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк реттеу саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi;

2) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)

2-тармақша алынып тасталды ҚР 19.04.2023 жылғы № 223-VII Заңымен (31.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.05.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасына темекi өнiмдерiн әкелуге шектеулер мен тыйымдар белгiлейдi;

4) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)

4-тармақша өзгертілді ҚР 16.05.2014 жылғы № 203-V Заңымен (13.01.2014 ж. редакцияны қараңыз) 4-тармақша алынып тасталды ҚР 29.12.2014 жылғы № 269-V Заңымен (29.09.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2015 жылдан бастап)

4-1) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)

4-1-тармақша толықтырылды ҚР 11.12.2006 жылғы № 201Заңымен (20.12.2004 ж. редакцияны қараңыз) 4-1-тармақша алынып тасталды ҚР 29.09.2014 жылғы № 239-V Заңымен (16.05.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.10.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды

4-2) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)

4-2-тармақша толықтырылды ҚР 11.12.2006 жылғы № 201Заңымен (20.12.2004 ж. редакцияны қараңыз) 4-2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 30.11.2016 жылғы № 26-VІ Заңына сәйкес (26.07.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2017 жылдан бастап) 4-2-тармақша алынып тасталды ҚР 24.11.2021 жылғы № 75-VII Заңымен (05.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.12.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

5) Тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)

5-тармақша алынып тасталды ҚР 20.12.2004 жылғы № 13 Заңымен (12.06.2003 ж. редакцияны қараңыз)

6) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)

4-бап 6-тармақшамен толықтырылды ҚР 05.07.2011 жылғы № 452-IV Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 3 (үш) ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) 13.07.2013 жылғы "Егемен Қазақстан" Республикалық газетінде жарияланды. 6-тармақша алынып тасталды ҚР 29.09.2014 жылғы № 239-V Заңымен (16.05.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.10.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды

7) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)

4-бап 7-тармақшамен толықтырылды ҚР 05.07.2011 жылғы № 452-IV Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 3 (үш) ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) 13.07.2013 жылғы "Егемен Қазақстан" Республикалық газетінде жарияланды. 7-тармақша алынып тасталды ҚР 29.09.2014 жылғы № 239-V Заңымен (16.05.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.10.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды

8) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)

4-бап 8-тармақшамен толықтырылды ҚР 05.07.2011 жылғы № 452-IV Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 3 (үш) ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) 13.07.2013 жылғы "Егемен Қазақстан" Республикалық газетінде жарияланды. 8-тармақша алынып тасталды ҚР 19.04.2023 жылғы № 223-VII Заңымен (31.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.05.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

5-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi

5-бап өзгертілді ҚР 05.07.2011 жылғы № 452-IV Заңымен (12.01.2007 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 3 (үш) ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) 13.07.2013 жылғы "Егемен Қазақстан" Республикалық газетінде жарияланды.

1) темекі өнімдерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады;

1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 19.04.2023 жылғы № 223-VII Заңына сәйкес (31.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.05.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

1-1) осы Заңның мақсаттары мен міндеттеріне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының темекі өнімдерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерін әзірлейді және бекітеді;

5-бап 1-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 01.07.2024 жылғы № 107-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 01.09.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

2) темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымы көлемдерiнiң теңгерiмiне бақылау, есеп жүргiзедi және талдау жасайды;

2-1) фильтрлі, фильтрсіз сигареттерге, папиростарға, сигариллаларға және қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілейді;

5-бап 2-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 24.11.2021 жылғы № 75-VII Заңына сәйкес (өзгерту 06.12.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 2-1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 30.12.2021 жылғы № 95-VII Заңына сәйкес (24.11.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.03.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

3) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес темекi өнiмдерiн өндiруге лицензиялар бередi;

3-тармақша өзгертілді ҚР 16.05.2014 жылғы № 203-V Заңымен (13.01.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 6 (алты) ай өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.05.2014 жылы № 97 (28321) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды

4) мемлекеттiк органдармен темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын бақылауды жүзеге асыру жөнiнде өзара iс-қимыл жасайды;

5) Тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)

5-тармақша алынып тасталды ҚР 13.01.2014 жылғы № 159-V Заңымен (15.07.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.01.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды

5-1) мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтерді ұсыну нысанын, тәртібі мен мерзімдерін айқындайды;

5- бап 5-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 29.09.2014 жылғы № 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.10.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды

5-2) темекі өнімдерінің қалдықтары және (немесе) айналымы туралы декларацияларды табыс ету нысанын, тәртібі мен мерзімдерін айқындайды;

5- бап 5-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 29.09.2014 жылғы № 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.10.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды

5-3) темекі бұйымдарын сәйкестендіру құралдарымен таңбалау және олардың қадағалану тәртібін айқындайды;

5- бап 5-3-тармақшамен толықтырылды ҚР 29.09.2014 жылғы № 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.10.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 5-3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 05.01.2021 жылғы № 407-VI Заңына сәйкес (07.07.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 5-3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 31.12.2021 жылғы № 100-VII Заңына сәйкес (30.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

5-4) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)

5-бап 5-4-тармақшамен толықтырылды ҚР 03.12.2015 жылғы № 432-V Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.07.2016 жылдан бастап) 5-4-тармақша алынып тасталды ҚР 05.01.2021 жылғы № 407-VI Заңына сәйкес (07.07.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

5-5) Тармақша алып тасталды (ескертуді қараңыз)

5-бап 5-5-тармақшамен толықтырылды ҚР 30.11.2016 жылғы № 26-VІ Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2017 жылдан бастап) 5-5-тармақша алынып тасталды ҚР 06.04.2024 жылғы № 71-VIII Заңына сәйкес (19.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.06.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

6) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

6-бап. Темекi өнiмдерiнiң өндiрiлу жағдайларының ерекшелiктерi

1) лицензияда көрсетiлген мекенжай бойынша;

2) стандарттау жөнiндегi құжаттарда белгiленген талаптарға сәйкес келетiн жабдықта;

2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 05.10.2018 жылғы № 184-VІ Заңына сәйкес (30.11.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 11.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

4) темекi өнiмдерiн өндiрушiге меншiк құқығымен немесе өзге де құқықтармен тиесiлi темекi өнiмдерiн өндiру үшiн қажеттi үйлер мен үй-жайлар болған кезде;

5) темекi өнiмдерiн өндiрудi технологиялық бақылау жөнiндегi зертханасы болған кезде жүзеге асырылады.

7-бап. Өндiрiс паспортына енгiзiлетiн мәлiметтер

1. Өндiрiс паспортын темекi өнiмдерiн өндiрушi әзiрлеп, толтырады және уәкiлеттi органға жiбередi.

2. Өндiрiс паспортында мынадай негiзгi мәлiметтер болуға тиіс:

1) технологиялық жабдықтың негiзгi сипаттамалары көрсетiлген темекi өнiмдерiн өндiрудiң технологиялық схемасы;

3) дайын өнiмнiң қойма үй-жайларының сыйымдылығы;

4) темекi және темекi емес компоненттер шығыстарының нормативтерi, ысырап нормалары.

3. Өндiрiс паспортындағы мәлiметтер өзгерген жағдайда, темекi өнiмдерiн өндiрушi бiр ай iшiнде аталған өзгерiстер туралы уәкiлеттi органға құжаттап хабарлауға мiндеттi.

8-бап. Темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымының мониторингi және оны декларациялау

1. Темекi өнiмдерiнiң өндiрiсiн жүзеге асырушы тұлғалар уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен мониторингтi жүзеге асыру үшiн қажеттi мәлiметтер беруге мiндеттi.

2. Темекі өнімдерін импорттауды және (немесе) көтерме саудада өткізуді жүзеге асыратын тұлғалар уәкілетті органға темекі өнімдерінің қалдықтары және (немесе) айналымы туралы декларациялар ұсынуға міндетті.

2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 05.01.2021 жылғы № 407-VI Заңына сәйкес (07.07.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

9-бап. Темекi өнiмдерiн өндiру жөнiндегi қызметтi лицензиялау

9-бап өзгертілді ҚР 16.05.2014 жылғы № 203-V Заңымен (13.01.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 6 (алты) ай өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.05.2014 жылы № 97 (28321) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды

Темекі өнiмдерiн өндiру жөнiндегi қызмет Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес лицензиялануға жатады.

10-бап. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру және одан айыру

1. Темекi өнiмдерiн өндiруге берiлетiн лицензияның қолданылуын лицензиар:

1) осы Заңның 6, 7 және 8-баптарында белгiленген нормалар және Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасы бұзылған;

1-тармақша өзгертілді ҚР 15.07.2011 жылғы № 461-IV Заңымен (05.07.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 6 (алты) ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) 30.07.2013 жылғы "Егемен Қазақстан" Республикалық газетінде жарияланды 1-тармақша өзгертілді ҚР 16.05.2014 жылғы № 203-V Заңымен (13.01.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 6 (алты) ай өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.05.2014 жылы № 97 (28321) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды

2) лицензиат бiлiктiлiк талаптарын бұзған;

3) лицензия берiлген күннен бастап бiр жыл iшiнде лицензияланатын қызмет жүзеге асырылмаған;

4) лицензиарға оның құзыретiне сәйкес мәлiмет беруден бас тартқан немесе дәйектемесiз ақпарат берген;

5) темекі бұйымдарын сәйкестендіру құралдарымен таңбалау және олардың қадағалану қағидалары бұзылған жағдайларда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұра алады.

5-тармақша өзгертілді ҚР 11.12.2006 жылғы № 201 Заңымен (20.12.2004 ж. редакцияны қараңыз) 5-тармақша өзгертілді ҚР 16.05.2014 жылғы № 203-V Заңымен (13.01.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 6 (алты) ай өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.05.2014 жылы № 97 (28321) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 5-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 05.01.2021 жылғы № 407-VI Заңына сәйкес (07.07.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 5-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 31.12.2021 жылғы № 100-VII Заңына сәйкес (30.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

2. Темекi өнiмдерiн өндiруге берiлген лицензиядан айыру Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдарына сәйкес сот тәртiбiмен жүзеге асырылады.

2-тармақ өзгертілді ҚР 12.01.2007 жылғы № 222 Заңымен (11.12.2006 ж. редакцияны қараңыз)

11-бап. Темекi өнiмдерiн өткiзу

11-бап жаңа редакцияда жазылды ҚР 03.12.2015 жылғы № 432-V Заңына сәйкес (08.06.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.07.2016 жылдан бастап)

1. Қазақстан Республикасының аумағында темекi өнiмдерiн өткiзу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

2. Темекі өнімдерінің айналымы кезінде міндетті түрде тауарларды әкелу туралы хабарлама және қабылдау (беру) актісі ресімделеді.

2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 05.01.2021 жылғы № 407-VI Заңына сәйкес (07.07.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 06.04.2024 жылғы № 71-VIII Заңына сәйкес (19.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.06.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

Тауарларды әкелу туралы хабарламаны және қабылдау (беру) актісін ресімдеу тәртібін уәкілетті орган белгілейді.

Тауарларды әкелу туралы хабарламасы және қабылдау (беру) актісі жоқ, сондай-ақ темекі өнімдерін сәйкестендіру құралдарымен таңбалау және олардың қадағалану қағидалары бұзылған темекі өнімдерінің айналымына және орнын ауыстыруына тыйым салынады.

3. Тармақ алып тасталды (ескертуді қараңыз)

11-бап 3-тармақпен толықтырылды ҚР 30.11.2016 жылғы № 26-VІ Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2017 жылдан бастап) 3-тармақ алынып тасталды ҚР 06.04.2024 жылғы № 71-VIII Заңына сәйкес (19.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.06.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

12-бап. Темекi өнiмдерiнiң импортын реттеу

12-бап өзгертілді ҚР 08.06.2015 жылғы № 317-V Заңымен (29.12.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 11.07.2015 жылдан бастап)

Темекi өнiмдерiнiң импортын реттеу акциз ставкаларын, кедендiк, арнайы, демпингке қарсы және өтемдiк баждар ставкаларын, темекi өнiмдерiнiң импортына квоталарды бекiту (өзгерту) арқылы жүзеге асырылады.

13-бап. Қазақстан Республикасының темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк реттеу туралы заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық

1. Қызметiн Қазақстан Республикасының темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк реттеу туралы заңдарын бұза отырып жүзеге асырушы жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

2. Шығарылған жері белгіленбеген, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және техникалық регламенттердің талаптарына және (немесе) санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарға сәйкес келмейтін, сондай-ақ сәйкестендіру құралдарынсыз және сәйкестендіру құралдарымен темекі бұйымдарын таңбалау және олардың қадағалану қағидалары бұзыла отырып өткізілетін темекі өнімдері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен алып қоюға және жоюға жатады.

2-тармақ өзгертілді ҚР 11.12.2006 жылғы № 201Заңымен (20.12.2004 ж. редакцияны қараңыз) 2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 05.01.2021 жылғы № 407-VI Заңына сәйкес (07.07.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 2-тармақ өзгертілді ҚР 31.12.2021 жылғы № 100-VII Заңымен (30.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

14-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

Осы Заң 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание