Toggle Dropdown
Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 23 сәуiрдегi N 219-I Заңы
Редакция 09.03.2021 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Осы Заң халықтың денсаулығын иондаушы сәулелендiрудiң зиянды әсерiнен қорғау мақсатында оның радиациялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
араласу деңгейi - жол берiлмейтiн мөлшердiң шамасы, оған жеткен кезде, созылмалы немесе авариялық сәуле алу жағдайы туындаған реттерде қорғау немесе авариядан кейiнгi шаралар қолданылады;
әсерлi мөлшер - адам организмi мен оның жекелеген органдарының радиациялық сезiмталдығын ескере отырып, олардың сәуле алуының кейiндегi зардаптарының пайда болу қатерiнiң шамасы ретiнде пайдаланылатын иондаушы сәулелендiрудiң сiңiрiлген энергиясының шамасы;
бақыланатын аймақ - радиациялық бақылау, адамдарды жiберу және олардың тұруы жөнiнде арнаулы ережелер қолданылатын аумақ;
иондаушы сәулелендiру - ортамен өзара әрекет кезiнде түрлi белгiлердегi иондар түзетiн, зарядталған, зарядталмаған бөлшектер мен фотондардан тұратын сәулелендiру;
пайдаланушы ұйым – атом энергиясы пайдаланылатын объектілермен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
персонал – иондандырушы сәулелену көздерімен тұрақты немесе уақытша жұмыс істейтін немесе еңбек жағдайлары бойынша олардың әсер ету аясында болатын жеке тұлғалар;
радиациялық авария - атом энергиясын қолдану объектiсiн қауiпсiз пайдалану шегiнiң бұзылып, бұл орайда адамдардың немесе қоршаған ортаның белгiленген нормалардан жоғары радиоактивтi ластануына әкеп соғуы мүмкiн немесе әкеп соққан радиоактивтi өнiмдердiң және (немесе) иондаушы сәулелендiрудiң қалыпты пайдалану жобасында көзделген шектен асып кетуi;
радиациялық қауіпсіздік – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нормаларға сәйкес персоналға, халыққа және қоршаған ортаға радиациялық әсерді шектейтін іс-шаралар кешенімен қамтамасыз етілген, атом энергиясы пайдаланылатын объектінің қасиеттері мен сипаттамаларының жай-күйі;
радиациялық қорғаныш - радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге бағытталған радиациялық-гигиеналық, жобалау-конструкторлық, техникалық және ұйымдық шаралар жиынтығы;
радиациялық мониторинг - иондаушы сәулелендiру көздерiн пайдаланатын объектiлерде де, қоршаған ортада да радиациялық жағдайдың жай-күйiн жүйелi түрде байқап отыру;
табиғи радиациялық ая - ғарыш сәулесi және жерде, суда, ауада, биосфераның басқа элементтерiнде, тамақ өнiмдерi мен адам организмiнде өздiгiнен бөлiнген табиғи радионуклидтердiң сәулесi шығаратын сәулелендiру мөлшерi;
техногендiк өзгертiлген радиациялық орта - адам қызметiнiң нәтижесiнде өзгерген табиғи радиациялық орта;
техногендiк радиациялық фон - сол жердiң табиғи радиациялық фонын сипаттайтын осындай көрсеткiштердiң деңгейлерiн шегерiп тастағандағы радиациялық жағдайды сипаттайтын көрсеткiштер деңгейi.
2-бап. Қазақстан Республикасының радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы заңдары
Қазақстан Республикасының радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, "Атом энергиясын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңынан , осы Заңнан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
3-бап. Радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң негiзгi принциптерi
Радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң негiзгi принциптерi мыналар болып табылады:
нормалау принципi - иондаушы сәулелендiрудiң барлық көздерiнен азаматтардың сәуле алуының жеке мөлшерiнiң жол берiлетiн шегiнен асырмау;
негiздеу принципi - иондаушы сәулелендiру көздерiн пайдалану жөнiндегi қызметтiң барлық түрiне тыйым салу, бұл орайда алынған пайда адам мен қоғам үшiн табиғи радиациялық ортаға қосымша сәуле алу келтiретiн ықтимал зиян қатерiнен аспайды;
оңтайлыландыру принципi - иондаушы сәулелендiрудiң кез келген көзiн пайдалану кезiнде сәуле алудың жеке мөлшерi мен сәуле алатын адамдар санының экономикалық және әлеуметтiк факторларын ескере отырып, мүмкiндiгiнше төмен және қол жетерлiк деңгейде ұстау;
авариялық оңтайландыру қағидаты – төтенше (авариялық) жағдайларда қолданылатын шаралардың нысаны, ауқымы мен ұзақтығы радиациялық авария салдарын жою жөніндегі іс-шаралардың зиянға қарағанда пайдасы көп болатындай етіп оңтайландырылуға тиіс.
4-бап. Радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету
құқықтық, ұйымдық, инженерлiк - техникалық, санитарлық-гигиеналық, профилактикалық, тәрбиелiк, жалпы бiлiм беру мен ақпараттық сипаттағы шаралар кешенiн жүргiзу;
Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының, қоғамдық бiрлестiктердiң, жеке және заңды тұлғалардың радиациялық қауiпсiздiк саласындағы нормалар мен ережелердi сақтау жөнiндегi шараларды iске асыруы;
республиканың бүкiл аумағында радиациялық мониторингтi жүзеге асыру;
иондаушы сәулелендiру көздерiмен нақты қызметтi жүзеге асырудың барлық деңгейiнде радиациялық қауiпсiздiктi сапалық жағынан қамтамасыз ету бағдарламаларын iске асыру арқылы қамтамасыз етiледi.
2-тарау. РАДИАЦИЯЛЫҚ ҚАУIПСIЗДIКТI ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТIК БАСҚАРУ, ҚАДАҒАЛАУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ
5-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнің құзыретi
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) халықтың радиациялық қауiпсiздiгін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді;
2) өзіне Конституциямен, осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
6-бап. Мемлекеттiк органдардың радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi құзыреті
1. Атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның құзыретіне мыналар жатады:
1) Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасында көзделген халықтың радиациялық қауiпсiздiгін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру;
2) радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы техникалық регламенттерді әзірлеу және бекіту;
3) атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналға қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеу және бекіту;
4) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
2. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның құзыретіне мыналар жатады:
1) халықтың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы санитариялық қағидалар, гигиеналық нормативтер мен техникалық регламенттер талаптарының сақталуына мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мен қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
2) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган, Қазақстан Республикасының кеден органдары және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықтың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
7-бап. Радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi мемлекеттiк нормалау
1. Радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi мемлекеттiк нормалау радиациялық қауiпсiздiк нормаларын, санитарлық ережелердi, гигиеналық нормативтердi, құрылыс нормалары мен ережелерiн, еңбек қорғау ережелерiн, радиациялық қауiпсiздiк жөнiндегi әдiстемелiк, нұсқаулық және өзге де құжаттарды белгiлеу арқылы жүзеге асырылады. Бұл актiлер радиациялық қауiпсiздiк жөнiндегi халықаралық стандарттарды ескеруге тиiс және осы Заңның ережелерiне қайшы келмеуге тиiс.
2. Радиациялық қауiпсiздiк саласындағы санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар , техникалық регламенттер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бекiтiледi.
3. Радиациялық қауiпсiздiк мәселелерi жөнiндегi өкiмдiк, нұсқаулық, әдiстемелiк және өзге де құжаттарды уәкiлеттi мемлекеттiк органдар және пайдаланушы ұйымдар өз құзыреттерi шегiнде радиациялық қауiпсiздiк саласындағы техникалық регламенттер негiзiнде бекiтедi және қабылдайды.
8-бап. Радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге өндiрiстiк бақылау
1. Пайдаланушы ұйымдар радиациялық қорғау сапасының қамтамасыз етiлуiне өндiрiстiк бақылау жүргізеді.
2. Радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы өндiрiстiк бақылауды орындау тәртiбi әрбiр пайдаланушы ұйым үшiн ол орындайтын жұмыстардың ерекшелiктерi мен жағдайлары ескерiле отырып айқындалады.
3. Пайдаланушы ұйымның радиациялық қорғаудың қамтамасыз етiлуiне өндiрiстiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдары радиациялық қауiпсiздiк талаптарының, санитариялық қағидалар мен гигиеналық нормативтердiң, радиациялық қауiпсiздiк қағидаларының, құрылыс нормалары мен қағидаларының, еңбекті қорғау қағидаларының, радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы өкiмдiк, нұсқаулық, әдiстемелiк және өзге де құжаттардың бұзылуы анықталған кезде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген ықпал ету шараларын қолданады.
3-тарау. РАДИАЦИЯЛЫҚ ҚАУIПСIЗДIКТI ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ЖАЛПЫ ТАЛАПТАР
9-бап. Радиациялық қауiпсiздiктiң жай-күйiн бағалауға қойылатын талаптар
1. Радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласында жоспарлау және шешiмдер қабылдау, олардың тиiмдiлігін талдау кезiнде мемлекеттiк органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары, пайдаланушы ұйымдар радиациялық қауiпсiздiк талаптарын, радиациялық қауiпсiздiк саласындағы санитариялық қағидалар мен гигиеналық нормативтерді қамтамасыз ету мақсатында радиациялық қауiпсiздiктi бағалауды жүргiзедi.
2. Радиациялық қауiпсiздiктi бағалауды халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттiк орган, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган және атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган:
1) қоршаған ортаның радиоактивтi ластану сипаттамасы;
2) радиациялық қауiпсiздiк жөнiндегi iс-шаралардың қамтамасыз етiлуiне және радиациялық қауiпсiздiк саласындағы нормалардың, ережелер мен гигиеналық нормативтердiң орындалуына талдау жасау;
3) радиациялық авариялардың ықтималдылығы мен олардың ауқымы;
4) радиациялық авариялар мен олардың салдарларын "тиiмдi түрде жоюға әзiрлiк дәрежесi;
5) халықтың жекелеген топтарының барлық иондаушы сәулелендiру көздерiнен алатын сәулелену дозаларына талдау жасау;
6) сәулелену мөлшерiнiң белгiленген шегiнен асып түсетiн мөлшерде сәуле алған адамдарды саны негiзiнде жүзеге асырады.
3. Радиациялық қауiпсiздiктi бағалау нәтижелерiн атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган талдайды және бекiтедi.
10-бап. Иондаушы сәулелендiру көздерiмен жұмыс iстеген кезде радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
осы Заңның және радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарын орындауға;
радиациялық қауiпсiздiктi және иондаушы сәулелендiру көздерiн сақтауды қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды жоспарлап, жүзеге асыруға;
иондаушы сәулелендiру көздерi болып табылатын жаңа (жаңғыртылатын) өнiмнiң, материалдар мен заттардың, технологиялық процестер мен өндiрiстердiң радиациялық қауiпсiздiгiн негiздеу жөнiндегi жұмыстар жүргiзуге;
жұмыс орындарындағы, үй-жайлардағы, ұйымдардың аумақтарындағы, бақыланатын аймақтардағы радиациялық жағдайға, сондай-ақ радиоактивтi заттардың сыртқы шығуы мен тасталуына үнемi өндiрiстiк бақылау жасап отыруды жүзеге асыруға;
қызметшiлердiң жеке сәуле алу мөлшерiне үнемi бақылау жасап , оларды есепке алуға;
өндiрiстiк радиациялық бақылау қызметтерiнiң лауазымды адамдары мен қызметшiлерiн, мамандарын, иондаушы сәулелендiру көздерiмен тұрақты немесе уақытша жұмыс iстейтiн басқа да адамдарды даярлауға және оларды аттестациядан өткiзуге;
қызметшiлердi алдын ала (жұмысқа тұрған кезде) және мезгiл-мезгiл медициналық тексеруден өткiзiп тұруды ұйымдастыруға;
қызметшiлердiң жұмыс орындарындағы иондаушы сәулелену деңгейлерi туралы және олардың алған жеке сәуле мөлшерiнiң шамасы туралы оларға үнемi хабарлап отыруға;
радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласында мемлекеттiк басқаруды, қадағалау мен бақылауды жүзеге асыруға уәкiлеттi мемлекеттiк органдарды авариялық жағдайлар туралы, радиациялық қауiпсiздiкке қатер төндiретiн технологиялық регламенттiң бұзылуы туралы дер кезiнде хабарлап отыруға;
радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласында мемлекеттiк басқаруды, қадағалау мен бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар уәкiлдiк берген лауазымды адамдардың қорытындыларын, қаулыларын, нұсқамаларын орындауға;
азаматтардың радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы құқықтарын iске асыруды қамтамасыз етуге мiндеттi.
11-бап. Табиғи радионуклидтердiң әсер етуi кезiнде радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету
1. Радонның және басқа да табиғи радионуклидтердiң болуына байланысты халық пен қызметшiлердiң сәуле алуы тұрғын үйлер мен өндiрiстiк үй-жайларда белгiленген нормативтерден аспауға тиiс.
2. Халық пен қызметшiлердi табиғи радионуклидтердiң ықпалынан қорғау мақсатында:
үйлер мен ғимараттар құрылысы үшiн топырақтан радонның бөлiнуi деңгейiн және радиациялық аяны ескере отырып, жер учаскелерiн таңдау;
үйлер мен ғимараттарды осы үй-жайлардың ауасына радон түсуiне жол бермеудi ескере отырып жобалау және салу;
үй-жайлардың ауасындағы радонның болу деңгейiн және радиациялық аяны ескере отырып, құрылыс материалдарына өндiрiстiк бақылау жүргiзу, үйлер мен ғимараттарды пайдалануға қабылдап алу;
үйлер мен ғимараттарды олардағы радонның болу деңгейiн және радиациялық аяны ескере отырып пайдалану жүзеге асырылуға тиiс.
3. Үйлер мен ғимараттардағы радонның болу деңгейiн және радиациялық аяны кемiту арқылы нормативтердi орындау мүмкiн болмаған жағдайда олардың пайдаланылу сипаты өзгертiлуге тиiс.
4. Радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi талаптарға сай келмейтiн құрылыс материалдары мен бұйымдарды пайдалануға тыйым салынады.
5. Халықтың табиғи сәулелену көздерiнен сәуле алу дозалары денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган олар үшiн белгiлеген нормалардан аспауға тиiс.
12-бап. Тағам өнiмдерiн өндiрген кезде және ауыз суды пайдаланған кезде радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету
Өндiрiстiк шикiзат, тағам өнiмдерi, ауыз су және дайындау, сақтау, тасымалдау мен сату процесiнде олармен жанасатын материалдар мен бұйымдар радиациялық қауiпсiздiк нормалары талаптарына сай келуге тиiс.
13-бап. Медициналық процедуралар жүргiзу кезiнде азаматтардың радиациялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету
1. Радиоизотоптарды немесе басқа да иондаушы сәулелену көздерiн пайдалану арқылы медициналық процедуралар жүргiзiлген кезде азаматтарды (пациенттердi) қорғаудың тиiстi құралдары пайдаланылады. Пациенттiң сәуле алу дозасы радиациялық қауiпсiздiк саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген деңгейден аспауға тиiс.
2. Медициналық процедуралар жүргiзiлген кезде пациентке алынатын және (немесе) алған сәуле дозалары туралы және оның әсерiнiң ықтимал зардаптары туралы толық ақпарат берiледi. Азаматтың (пациенттiң), эпидемиологиялық тұрғыдан қауiптi ауруларды анықтау мақсатында жүргiзiлетiн профилактикалық зерттеулердi қоспағанда, осындай медициналық процедуралардан бас тартуға құқығы бар.
3. Иондаушы сәулелену көздерiн пайдалану арқылы процедуралар жүргiзетiн медициналық ұйым, егер осындай себептiк байланыс сот тәртiбiмен дәлелденсе, пациент денсаулығына немесе өмiрiне келтiрiлетiн ықтимал терiс әсер үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.
4. Радиоизотоптар немесе басқа да иондаушы сәулелену көздерi пайдаланылатын барлық медициналық процедуралар үшiн медициналық ұйым осындай процедураларды жүргiзген кезде радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мақсатында медициналық қызметтер сапасын қамтамасыз ету бағдарламасын әзiрлеп, оны атом энергиясын пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органда бекiтедi.
5. Иондаушы сәулелену көздерi пайдаланылатын медициналық қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптарында жұмысқа жiберiлген мамандардың бiлiктiлiгiне, оларды аттестаттау және қайта аттестаттау тәртiбiне қойылатын талаптар, даярлау және қайта даярлау бағдарламасы белгiленедi.
6. Ауруларға диагноз қою, олардың алдын алу және емдеу үшiн радиоактивтiк заттарды және басқа иондаушы сәулелену көздерiн денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен, пациенттердiң радиациялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi талаптарды қамтитын әдiстерге (әдiстемелерге) сәйкес қана пайдалануға рұқсат етiледi.
14-бап. Сәуле алудың жеке мөлшерiн есепке алу және бақылау
Иондаушы сәулелену көздерiмен жұмыс iстеу, медициналық рентген-радиологиялық рәсімдер жүргiзу кезiнде, сондай-ақ табиғи және техногендiк радиациялық аяға байланысты азаматтар алған сәуле алудың жеке мөлшерiн бақылау мен есепке алу халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган айқындайтын тәртiппен сәуле алудың жеке мөлшерiн бақылау мен есепке алудың бiрыңғай мемлекеттiк жүйесi шеңберiнде жүзеге асырылады.
4-тарау. РАДИАЦИЯЛЫҚ АВАРИЯ КЕЗIНДЕ РАДИАЦИЯЛЫҚ ҚАУIПСIЗДIКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
15-бап. Уәкілетті мемлекеттiк органдардың радиациялық авария кезiндегi қызметi
Радиациялық авария кезiнде уәкiлеттi мемлекеттiк органдар осы Заңды басшылыққа алады және өз қызметiн Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау туралы заңнамасына және Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
16-бап. Авариялық даярлықты қамтамасыз ету
ықтимал радиациялық авариялардың, олардың салдарының болжамы және радиациялық жағдайдың болжамы жасалып, уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiлген тiзбесi;
радиациялық авария болған кезде жедел шешiмдер қабылдау өлшемдерi және уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiлiп араласу деңгейi;
облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органымен, радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласында мемлекеттiк басқаруды, қадағалау мен бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк органдармен келiсiлген, қызметшiлер мен халықты радиациялық авариядан және оның зардаптарынан қорғау жөнiндегi шаралар жоспары;
радиациялық аварияны хабарлауға және оның зардаптарын жоюды қамтамасыз етуге арналған құралдар;
радиациялық зақымданудың алдын алуға арналған медициналық құралдар және радиациялық авария кезiнде зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету құралдары;
қызметшiлер арасынан құрылатын авариялық-құтқару құрамалары болуға мiндеттi.
17-бап. Пайдаланушы ұйымдардың радиациялық авария кезiнде радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттерi
Пайдаланушы ұйым радиациялық авария жағдайында:
радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк басқаруды, қадағалау мен бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк органдарға, сондай-ақ облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарына және сәуле алуы жоғары болуы мүмкiн аумақтар халқына радиациялық авария туралы дереу хабарлауға;
уәкiлеттi мемлекеттiк органдармен бiрлесе отырып, қызметшiлер мен халықты радиациялық авариялар мен оның зардаптарынан қорғау жөнiндегi шаралардың орындалуын қамтамасыз етуге;
радиациялық авария кезiнде зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету жөнiнде шаралар қолдануға;
радиоактивтi ластау ошағын оқшаулау және радиоактивтi заттардың қоршаған ортаға таралуына жол бермеу жөнiнде шаралар қолдануға;
радиациялық авария кезiнде радиациялық аварияның өршуiне және радиациялық жағдайдың өзгеруiне талдау жасап, болжам әзiрлеуге;
радиациялық авария жойылғаннан кейiн пайдаланушы ұйым аумағында радиациялық жағдайды қалпына келтiру жөнiнде шаралар қабылдауға;
қызметшiлер мен халықтың жеке сәуле алу мөлшерiн бағалау жөнiнде және бұл деректердi денсаулық сақтау органдары мен басқа да уәкiлеттi мемлекеттiк органдарға беру жөнiнде шаралар қолдануға мiндеттi.
18-бап. Радиациялық аварияның зардаптарын жоюға тартылатын азаматтардың жоспарланатын сәуле алуының жоғары мөлшерi
1. Радиациялық аварияның зардаптарын жоюға, құтқару және шұғыл жұмыстар мен дезактивизацияға тартылатын азаматтардың жоспарланатын сәуле алуының жоғары мөлшерi тек адамдарды құтқару қажеттiгiне және олардың одан да көп сәуле алуына жол бермеуге ғана байланысты болуы мүмкiн.
2. Радиациялық авариялардың зардаптарын жоюға тартылатын азаматтардың жоспарланатын сәуле алуының жоғары мөлшерiне олардың ерiктi келiсiмiмен және сәуле алудың мүмкiн мөлшерi мен денсаулық үшiн қатерi туралы алдын ала хабарлай отырып, олардың өмiр кезеңi iшiнде бiр рет жол берiледi.
3. Өтемнiң түрлерi мен мөлшерi және аталған жұмыстарды орындауға тартылатын адамдардың денсаулығына радиациялық әсер келтiрген зиянның орнын толтыру Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi .
5-тарау. АЗАМАТТАРДЫҢ, ҚОҒАМДЫҚ БIРЛЕСТIКТЕР МЕН ҰЙЫМДАРДЫҢ РАДИАЦИЯЛЫҚ ҚАУIПСIЗДIКТI ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МIНДЕТТЕРI
19-бап. Радиациялық қауiпсiздiк құқығы
Қазақстан Республикасы азаматтарының, Қазақстан Республикасының аумағында тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың радиациялық қауіпсіздікке құқығы бар. Бұл құқық иондандырушы сәулеленудің адам организміне белгіленген нормалардан жоғары радиациялық әсер етуіне жол бермеу жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізумен, сондай-ақ жеке тұлғалардың және пайдаланушы ұйымдардың радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды орындауымен қамтамасыз етіледі.
20-бап. Ақпарат алу құқығы
Жеке және заңды тұлғалардың уәкiлеттi мемлекеттiк органдар мен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласында ақпарат алуға құқығы бар.
21-бап. Азаматтардың иондаушы сәулелендiруден сәуле алу кезiнде немесе радиациялық авария салдарынан өз өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянның, мүлiктiк залалдың орны толтырылуына құқығы
1. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес азаматтардың иондаушы сәулелендiрудiң белгiленген шегiнен тыс немесе радиациялық авария салдарынан сәуле алуға байланысты өз өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянның орны толтырылуына және мүлiктiк залалдардың орны толтырылуына құқығы бар.
2. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
3. Радиациялық әсерден зардап шегушiлерге:
радиациялық аварияны жою кезiнде белгiленген мөлшерден артық сәуле алған адамдар;
ионданушы сәулелендiру көздерiнен қызметшiлер үшiн радиациялық қауiпсiздiк нормаларында белгiленген шектен артық сәуленiң әсерлi мөлшерiн алған және осы сәуле алумен тiкелей байланысты ауруы бар адамдар;
егер ата-анасының бiреуi радиациялық әсерден зардап шеккендер қатарына қосылса, солардан туып, иондаушы сәулелендiру ықпалына байланысты аурулар тiзбесiнде белгiленген аурулардың жекелеген түрлерiнен зардап шегушi балалар жатады.
22-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы мiндеттерi
Қазақстан Республикасының азаматтары, Қазақстан Республикасының аумағында тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы заңнамасын сақтауға мiндеттi.
Пайдаланушы ұйымның аумағында аталған адамдар осы ұйымның лауазымды адамдарының талаптарын орындауға міндетті.
6-тарау. РАДИАЦИЯЛЫҚ ҚАУIПСIЗДIК ТАЛАПТАРЫН БҰЗҒАНЫ ҮШIН ЖАУАПКЕРШIЛIК
23-бап. Қазақстан Республикасының радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық
Қазақстан Республикасының радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.
7-тарау. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАРТТАР
24-бап. Радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы халықаралық шарттар
Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда Қазақстан Республикасының радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы заңдарында бар нормалардан өзгеше нормалар белгiленсе, халықаралық шарттардың нормалары қолданылады.
Қазақстан Республикасының Президентi