Toggle Dropdown
11
Алматы қаласының ерекше мәртебесi туралы
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 1 шiлдедегi № 258 Заңы
Toggle Dropdown
Редакция 15.09.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
Осы Заң Алматы қаласының ғылыми, мәдени, тарихи, қаржылық және өндiрiстiк орталық ретiндегi ерекшелiктерiн негiзге ала отырып, оның ерекше мәртебесiн айқындайтын құқықтық негiздердi, қаржымен, экономикалық және әлеуметтiк жағынан ынталандыру шараларын белгiлеу арқылы оның бұдан былайғы даму кепiлдiктерiн белгiлейдi.
Toggle Dropdown
70
1-бап. Алматы қаласы мәртебесiнiң құқықтық негiзi
Toggle Dropdown
1. Алматы қаласы республикалық маңызы бар қала болып табылады.
Toggle Dropdown
2. Алматы қаласының құқықтық мәртебесі осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерiмен айқындалады.
Toggle Dropdown
1-1-бап. Алматы қаласының өңірлік рәміздемесі
Toggle Dropdown
1. Алматы қаласының өз өңірлік рәміздемесі бар, ол қаланың Қазақстан Республикасының мәдени, саяси, экономикалық және ғылыми орталығы ретіндегі ерекшеліктерін, сондай-ақ оның географиялық орналасқан жері мен қоршаған ортасының ерекшеліктерін бейнелейтін нышаны болып табылады.
Toggle Dropdown
2. Алматы қаласының өңірлік рәміздемесінің сипаттамасы мен оны пайдалану тәртібін Алматы қаласының өкілдi органы айқындайды.
Toggle Dropdown
2-бап. Алматы қаласының аумағы
Toggle Dropdown
1. Алматы қаласының аумағын жергіліктi өкілдi және атқарушы органдардың пiкiрлерiн ескере отырып Қазақстан Республикасының Үкiметі белгілейтiн және өзгертетiн, Алматы қаласының әкiмшiлік-аумақтық бiрлiктерiнің шекарасы шегiндегі жер құрайды.
Toggle Dropdown
2. Қаламен бiртұтас әлеуметтiк, табиғи және шаруашылық аумағын құрайтын қала шегiнен тыс жер қала маңындағы аймақты құрайды, оның көлемi мен шекарасын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
Toggle Dropdown
Қала маңындағы аймаққа кiретiн жердi пайдаланудың тәртiбi мен режимiн қаланың атқарушы органының аумағы қала маңындағы аймаққа кiретiн облыстық атқарушы органмен келiсiлген ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
Toggle Dropdown
3. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес айқындалатын aтаулары мен шекарасы бар аудандар қаланың әкімшілік-аумақтық бiрлiктерi болып табылады.
Toggle Dropdown
4. Алматы қаласының аудандары тиiстi аумақтардың географиялық, қала құрылысы ерекшеліктері, халқының саны, әлеуметтік-экономикалық сипаттары, көлік коммуникацияларының орналасуы, өндірістік және әлеуметтiк инфрақұрылымының болуы eскеріле отырып құрылады.
Toggle Dropdown
2-1-бап. Бап алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
3-бап. Алматы қаласы өкiлдi органының өкiлеттiгi
Toggle Dropdown
Алматы қаласының өкiлдi органы :
Toggle Dropdown
1) аумақты дамытудың жоспарларын, экономикалық және әлеуметтiк бағдарламаларын, жергiлiктi бюджет пен оның атқарылуы туралы есептердi бекiтуге;
Toggle Dropdown
2) Алматы қаласының аумағында жасалған әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн айыппұл өндiрiп алудың мөлшерi мен тәртiбiн белгiлеуге;
Toggle Dropdown
3) Тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
4) аумақтық мемлекеттiк және қоғамдық ескерткiштердi қорғау органдарының Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұраны қорғау мен пайдалану жөнiндегi мемлекеттiк органмен келiсiлген ұсынысы бойынша жергiлiктi маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң тiзiмiн бекiтуге;
Toggle Dropdown
5) басқа мемлекеттердiң жергiлiктi атқарушы органдарымен Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген шек пен тәртiп бойынша халықаралық байланыстар орнатуға;
Toggle Dropdown
6) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жергілікті атқарушы органның қарыздарды тартуының қажеттігі мен шарттары туралы шешімдер қабылдауға;
Toggle Dropdown
7) атқарушы органның ұсынысы бойынша қаланы басқару схемасын бекiтуге;
Toggle Dropdown
8) Алматы қаласының аумағындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын бекітуге;
Toggle Dropdown
8-1) қала аумағын абаттандыру, санитарлық тазалау, тазалық сақтау және жинауды ұйымдастыру тәртiбiн белгiлеуге;
Toggle Dropdown
8-2) "Алматы қаласының құрметті азаматы" атағын белгілеуге және оны беру тәртібі мен шарттарын айқындауға;
Toggle Dropdown
9) Тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
10) жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару туралы шарттардың жобаларын келісуге;
Toggle Dropdown
11) Алматы қаласының бас жоспарын іске асыру үшін әзірленетін Алматы қаласы аумағының қала құрылысын игеру схемаларын бекітуге;
Toggle Dropdown
12) Алматы қаласы аумағының қала құрылысы регламентін бекітуге;
Toggle Dropdown
13) қалалық рельстік көлікте қолданылатын тарифтік саясатты бекітуге;
Toggle Dropdown
14) Алматы қаласының жасыл екпелерін күтіп-баптау және қорғау қағидаларын бекітуге;
Toggle Dropdown
15) Алматы қаласының дизайн-кодын бекітуге;
Toggle Dropdown
16) жылжымайтын мүлікті ресімдеу мәселелерін қарау жөніндегі комиссияны құруға, оның құрамын және ол туралы ережені бекітуге;
Toggle Dropdown
17) Алматы қаласында сыртқы жарықтандыру жүйелерін пайдалану қағидаларын бекітуге;
Toggle Dropdown
18) меншік иелерінің келісімі болған кезде азаматтар көп жиналатын орындарда бейнекамералар орнату және бейнебайқау мониторингін жүргізу қағидаларын қоғамдық тәртіпті қорғау және ақпараттандыру салаларындағы уәкілетті органдармен келісу бойынша бекітуге;
Toggle Dropdown
19) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша қала аумағында құрылыс салу қағидаларын бекітуге;
Toggle Dropdown
20) тұрғынжайды реновациялау бағдарламасын бекітуге;
Toggle Dropdown
21) құрылыс-монтаждау жұмыстарының ғимараттар мен құрылысжайлардың тіреу және (немесе) қоршау конструкцияларын тұрғызуға және реконструкциялауға қойылатын талаптарға сәйкестігін инспекциялау үшін құрылыс объектілеріне бару тәртібін белгілеуге құқылы.
Toggle Dropdown
1
4-бап. Алматы қаласы атқарушы органының өкiлеттiгi
Toggle Dropdown
37
Алматы қаласының атқарушы органы:
Toggle Dropdown
1) Тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
2) Алматы қаласының коммуналдық меншiгiн иеленудi, пайдалануды және оған билiк етудi жүзеге асырады;
Toggle Dropdown
3) коммуналдық заңды тұлғаларға бекiтiлiп берiлмеген коммуналдық меншiк тiзбесiн бекiтедi, республикалық меншікке жатқызылған заңды тұлғаларды қоспағанда, Алматы қаласының аумағында тiркелген акционерлік қоғамдардың акцияларының және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің қатысу үлестерінің мемлекеттiк пакеттерiн иеленудi, пайдалануды және оған билiк етудi жүзеге асырады;
Toggle Dropdown
4) «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10-тарауында белгiленген тәртiппен коммуналдық мүлiктi жекешелендiру туралы шешiм шығарады;
Toggle Dropdown
4-1) қала аумағында халықтың экологиялық қауiпсiздігін және бұзылған табиғи экологиялық жүйелерін қалпына келтiрудi қамтамасыз етеді;
Toggle Dropdown
4-2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртiппен қалада жалпымемлекеттік және халықаралық іс-шаралар өткiзу үшін қажетті жағдайлар жасайды;
Toggle Dropdown
4-3) Алматы қаласы арқылы өтетiн транзиттік автомобиль көлiгінің жүру сызбасын белгiлейдi;
Toggle Dropdown
4-4) ақылы автотұрақтарды (автомобиль қоятын орындарды) ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Toggle Dropdown
4-5) ақылы автотұрақтарды (автомобиль қоятын орындарды) ұйымдастырады;
Toggle Dropdown
4-6) авариялық көппәтерлі тұрғын үйлерді бұзуды ұйымдастырады;
Toggle Dropdown
5) Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейтiн тiзбеге сәйкес қызмет түрлерiн лицензиялауды жүзеге асырады;
Toggle Dropdown
6) Алматы қаласын дамытудың бас жоспарын iске асыруды және оның мониторингiн қамтамасыз етедi;
Toggle Dropdown
6-1) «Тұрғын үй қатынастары туралы» және «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін түгендеу тізбесін жасай отырып, пайдаланудағы көппәтерлі тұрғын үйлерге мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау жүргізуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ көппәтерлі тұрғын үйге және үй жанындағы жер учаскесіне жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспортын дайындауды (қалпына келтіруді), оның ішінде көппәтерлі тұрғын үй пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің жиналысы шешімінің негізінде пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінен, көппәтерлі тұрғын үй мүлкінің меншік иелері бірлестігінің төрағасынан немесе кондоминиум объектісін басқару субьектісінен тиісті өтініш келіп түскен кезде қамтамасыз етеді;
Toggle Dropdown
6-2) жергілікті бюджет қаражаты болған кезде Алматы қаласына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көрсетілетін қызметтерді, оның ішінде сәндік-жарықпен безендіруді қоса алғанда, көп пәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруды және қаржыландыруды жүзеге асыруға, сондай-ақ мұндай қаражатты кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу бойынша арнаулы жалпықалалық шотқа жіберуге құқылы;
Toggle Dropdown
6-3) жергілікті бюджет қаражаты болған кезде көппәтерлі тұрғын үйлер пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары, орынтұрақ орындары, қоймалары меншік иелерінің қаражатты қайтаруын қамтамасыз ету шартымен, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуді ұйымдастыруды және қаржыландыруды жүзеге асыруға құқылы;
Toggle Dropdown
6-4) жергілікті бюджет қаражаты болған кезде көппәтерлі тұрғын үйлер пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің қаражатты қайтаруын қамтамасыз ету шартымен, көппәтерлі тұрғын үйлердегі лифтілерді жөндеу мен ауыстыруды ұйымдастыруды және қаржыландыруды жүзеге асыруға құқылы;
Toggle Dropdown
6-5) Алматы қаласына бірыңғай сәулет келбетін беруге бағытталған, көрсетілетін қызметтерді, оның ішінде сәндік-жарықпен безендіруді қоса алғанда, көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын, сондай-ақ көппәтерлі тұрғын үйлердің пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары, орынтұрақ орындары, қоймалары меншік иелерінің лифтілерді жөндеуге және ауыстыруға, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге байланысты ақшаны қайтаруын қамтамасыз ету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Toggle Dropdown
6-6) елді мекендер шекараларының шегінде тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау салаларындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде бақылау субъектілеріне қатысты мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру бойынша тұрғын үй инспекциясының жұмысын ұйымдастырады;
Toggle Dropdown
6-7) елді мекендер шекараларының шегінде қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде қадағалау субъектілеріне қатысты мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру бойынша тұрғын үй инспекциясының жұмысын ұйымдастырады;
Toggle Dropdown
6-9) ғимараттар мен құрылысжайлардың сейсмикалық орнықтылығы саласындағы ғылыми-зерттеу институттарын күрделі объектілерді техникалық жағынан сүйемелдеуге тарту туралы шешім қабылдайды;
Toggle Dropdown
6-10) Алматы қаласының сәулет-құрылыс бақылау органының жергілікті өкілді орган айқындаған тәртіппен құрылыс-монтаждау жұмыстарының ғимараттар мен құрылысжайлардың тіреу және (немесе) қоршау конструкцияларын тұрғызуға және реконструкциялауға қойылатын талаптарға сәйкестігін инспекциялау үшін құрылыс объектілеріне баруға құқығы бар;
Toggle Dropdown
7) жергiлiктi өкiлдi органға жергілiктi мемлекеттiк басқарудың үлгi құрылымына сәйкес Алматы қаласын басқару схемасын бекiтуге ұсынады;
Toggle Dropdown
8) Қазақстан Республикасының Жер кодексінде және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен мүлікті мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығаруды жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
9) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы көші-қон процестерін реттеудің үлгілік қағидаларына сәйкес Алматы қаласының аумағындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын әзірлейді.
Toggle Dropdown
9-1) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес қарыз алуды жүзеге асырады;
Toggle Dropdown
9-2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген Алматы қаласын дамыту мен құрылыс салудың бас жоспарын, Алматы қаласының қала маңы аймағына жатқызылған іргелес аумақтардың қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемасын (аудандық жоспарлау жобасын) іске асыру бойынша субъектілердің қызметін үйлестіреді;
Toggle Dropdown
9-3) Алматы қаласында еңбек мәселелерін үйлестіреді және халықты жұмыспен қамту саясатының іске асырылуын қамтамасыз етеді;
Toggle Dropdown
9-4) Алматы қаласын дамыту мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
Toggle Dropdown
9-5) жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын, Алматы қаласының орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуына жәрдемдесетін заңды тұлғаны айқындайды;
Toggle Dropdown
9-6) Алматы қаласының аумағында медициналық қызметтер көрсететін медициналық ұйымдардың қызметін үйлестіреді;
Toggle Dropdown
9-7) ішкі сауда және тұрмыстық қызмет көрсету объектілерін дамыту және олардың жұмыс істеуі саласындағы саясатты іске асырады;
Toggle Dropdown
9-8) қалалық шаруашылық объектілерінің, қаланы абаттандыру мен дамыту элементтерінің біртұтастығы мен сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүзеге асырады;
Toggle Dropdown
9-9) коммуналдық ақылы автотұрақтарды (автомобиль қоятын орындарды, паркингтерді) пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді және коммуналдық ақылы автотұрақтарға (автомобиль қоятын орындарға, паркингтерге) сараланған тариф белгілейді;
Toggle Dropdown
9-10) Қазақстан Республикасының Жер кодексінде және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығаруды жүзеге асырады;
Toggle Dropdown
9-11) мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығаруды, оларды ғимараттардан (құрылыстардан, құрылысжайлардан) босатуды қамтамасыз ету саласында шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынды құру, қайта ұйымдастыру, тарату туралы шешім қабылдайды, сондай-ақ оның қызметін үйлестіреді;
Toggle Dropdown
9-12) қалалық рельстік көлікте қолданылатын тарифтік саясатты әзірлейді;
Toggle Dropdown
9-13) Алматы қаласының көліктік инфрақұрылым объектілерін басқаруға беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Toggle Dropdown
9-14) Алматы қаласының көліктік инфрақұрылым объектілерін басқару функциясын жүзеге асыратын ұйымды айқындайды;
Toggle Dropdown
9-15) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Алматы қаласының көліктік инфрақұрылым объектілерін басқаруға беру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады;
Toggle Dropdown
9-16) Жол жүрісін басқарудың автоматтандырылған жүйелерін енгізу және пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Toggle Dropdown
9-17) Көліктік инфрақұрылымды басқару және пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Toggle Dropdown
9-18) Кәбілдік кәрізді және инженерлік инфрақұрылымды пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Toggle Dropdown
9-19) Алматы қаласы аумағының қала құрылысы регламентін әзірлейді;
Toggle Dropdown
9-20) Алматы қаласының бас жоспарын іске асыру үшін әзірленетін Алматы қаласы аумағының қала құрылысын игеру схемаларын әзірлейді;
Toggle Dropdown
9-21) Алматы қаласының жасыл екпелерін күтіп-баптау және қорғау қағидаларын әзірлейді;
Toggle Dropdown
9-22) автотұрақтардың (автомобиль қоятын орындардың, паркингтердің) санаттарын айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Toggle Dropdown
9-23) Алматы қаласының аумағында және қала маңындағы аймақта Стационарлық емес сауда объектілерін орнату қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Toggle Dropdown
9-24) Қоғамдық тамақтандыру объектілері жанындағы жазғы алаңдарды орнату қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Toggle Dropdown
9-25) сыртқы жарықтандыру жүйесін пайдалану бойынша заңды тұлғаны айқындайды;
Toggle Dropdown
9-26) жасыл экономика саласындағы жаңа технологияларды ынталандыру шараларын айқындайды;
Toggle Dropdown
9-27) Алматы қаласының субұрқақ шаруашылығын ұстау және оған техникалық қызмет көрсету жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді;
Toggle Dropdown
9-28) автомобиль көлік құралдарынан шығарындыларды мониторингтеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Toggle Dropdown
9-29) Алматы қаласының дизайын-кодын әзірлейді;
Toggle Dropdown
9-30) облыстардың жергілікті атқарушы органдары, мемлекеттік ұлттық табиғи парктер бастамашылық жасаған жобаларды әзірлеуге, қарауға қатысады, олар бойынша тиісті шешімдерді рекреациялық және туристік қызмет аймақтарында туризмді дамыту бөлігінде келіседі, сондай-ақ мемлекеттік ұлттық табиғи парктерді басқару жоспарларын әзірлеуге, нақтылауға және түзетуге қатысады;
Toggle Dropdown
9-31) туристерді тасымалдау жөніндегі көлік қызметтерін ұсыну қағидаларын туристік қызмет саласындағы мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы органмен келісу бойынша әзірлейді және бекітеді;
Toggle Dropdown
9-32) қала құрылысы кеңесін құрады және оның ережесін бекітеді;
Toggle Dropdown
9-33) Алматы қаласындағы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, Алматы қаласының үй-жайларының шегінен тыс ашық кеңістікте және ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орнату қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Toggle Dropdown
9-34) Алматы қаласындағы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, Алматы қаласының үй-жайларының шегінен тыс ашық кеңістікте және ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде сыртқы (көрнекі) жарнама бейнелерін орналастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Toggle Dropdown
9-35) Алматы қаласындағы сыртқы жарықтандыру жүйелерін пайдалану қағидаларын әзірлейді;
Toggle Dropdown
9-36) жылжымайтын мүлікті ресімдеу мәселелерін қарау жөніндегі комиссия туралы ережені әзірлейді;
Toggle Dropdown
9-37) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 16-бабы 2-тармағының 4-1) тармақшасына сәйкес жер учаскелерін береді;
Toggle Dropdown
9-38) жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын, Алматы қаласында экологиялық ахуалды, атмосфералық ауаның сапасын жақсартуды және қалдықтарды басқаруды қамтамасыз ететін заңды тұлғаны айқындайды;
Toggle Dropdown
9-39) жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын Алматы қаласы тұрғындарының тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету жүйесінің қалалық операторын айқындайды;
Toggle Dropdown
9-40) тұрғынжайды реновациялау бағдарламасын әзірлейді;
Toggle Dropdown
9-41) тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымның авариялық-қалпына келтіру және құрылыс жұмыстарын жүргізу қағидаларын бекітеді;
Toggle Dropdown
9-42) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша, Алматы қаласының ерекшеліктері ескерілетін қосымша талаптарды ескере отырып, сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен қалалар мен елді мекендерді абаттандырудың үлгі қағидалары негізінде әзірленген Алматы қаласының аумағын абаттандыру қағидаларын әзірлейді және Алматы қаласының өкілді органына бекітуге ұсынады;
Toggle Dropdown
9-43) Алматы қаласында және Алматы агломерациясында әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Toggle Dropdown
9-44) Қазақстан Республикасының жол жүрісі туралы заңнамасына сәйкес Алматы қаласында жол жүрісін ұйымдастыру үшін жауап беретін, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаны айқындайды;
Toggle Dropdown
9-45) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Алматы қаласының аумағында орынтұрақ кеңістіктерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаны айқындайды;
Toggle Dropdown
10) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
4-1-бап. Жылжымайтын мүлікті ресімдеу мәселелерін қарау жөніндегі комиссия
Toggle Dropdown
1. Жылжымайтын мүлікті ресімдеу мәселелерін қарау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – комиссия) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті рұқсаттар алмай, өзіне меншік немесе жер пайдалану құқығымен тиесілі жер учаскесінде тұлға салған жылжымайтын мүлікке құқықтарды ресімдеу туралы мәселелерді қарайтын, жергілікті атқарушы орган жанындағы алқалы орган болып табылады.
Toggle Dropdown
2. Комиссияның қарауына жататын аумақтар мен объектілерді Алматы қаласының жергілікті өкілді органы бекітеді.
Toggle Dropdown
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген аумақтарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылыс мақсаттары үшін жеке және (немесе) мемлекеттік емес заңды тұлғалардың меншігіне немесе жер пайдалануына берілмейтін жер учаскелері жатқызылмайды.
Toggle Dropdown
3. Әкімнің жер мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары комиссия төрағасы болып тағайындалады.
Toggle Dropdown
Комиссияның құрамы Алматы қаласының жергілікті өкілді органының депутаттары, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдері, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшелері және өзге де адамдар қатарынан қалыптастырылады.
Toggle Dropdown
4. Комиссия Алматы қаласының аумағындағы, құқықтары ресімделмеген жылжымайтын мүлікке құқықтарды ресімдеу мәселелері бойынша қорытынды шығарады.
Toggle Dropdown
Қорытындыны дайындау кезінде комиссия осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген жылжымайтын мүліктің сәулет, қала құрылысы, құрылыс талаптарына, экологиялық және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген басқа да талаптарға сәйкес келетіні немесе сәйкес келмейтіні туралы мәселелерді қарайды.
Toggle Dropdown
Комиссияның жұмысы туралы ақпарат Алматы қаласы атқарушы органының интернет-ресурсында тоқсан сайын орналастырылады.
Toggle Dropdown
5. Комиссияның қорытындысына комиссияның барлық мүшесі қол қояды және ол ұсынымдық сипатта болады.
Toggle Dropdown
Комиссия мүшесінің ерекше пікірі болған жағдайда, ол қорытындыға қол қоймайды және ерекше пікірі комиссия төрағасына жазбаша түрде ұсынылады.
Toggle Dropdown
6. Алматы қаласының атқарушы органы комиссияның оң қорытындысы негізінде жылжымайтын мүлікке құқықтарды ресімдеу туралы шешім қабылдайды.
Toggle Dropdown
4-2-бап. Бап алып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
4-3-бап. Тұрғынжайды реновациялау
Toggle Dropdown
1. Тұрғынжайды реновациялау бағдарламасында оны іске асыру тетігі мен өлшемшарттары, оның ішінде реновациялауға жататын объектілердегі тұрғынжайдың меншік иелеріне өтеу тәртібі мен шарттары, сондай-ақ қаржыландыру, оның ішінде тұрғынжайды реновациялау бағдарламасын іске асыру жөніндегі уәкілетті ұйымды тарта отырып қаржыландыру тетіктері белгіленеді.
Toggle Dropdown
2. Тұрғынжайды реновациялау бағдарламасына енгізілген көппәтерлі тұрғын үйлердегі тұрғынжайдың меншік иелеріне қазіргі пәтерлерінің орнына онда тұрып жатқан адамдар санына қарамастан, техникалық паспорттарға сәйкес «бір бөлмеге бір бөлме» қағидаты бойынша жаңа пәтерлер меншікке берілетін болады. Бұл ретте жаңа тұрғынжайдағы тұрғын бөлмелердің саны қазіргі тұрғын бөлмелер санынан кем болмауға тиіс.
Toggle Dropdown
3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген шарттар бойынша берілген және бұзылатын тұрғынжай көлемінен асатын, тұрғынжайды реновациялау бағдарламаларын іске асыру жөніндегі уәкілетті ұйымның тұрғын үй қорынан берілетін тұрғынжай алаңы артық деп есептелмейді.
Toggle Dropdown
4. Тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелеріне олардың құны өтеледі не тараптардың келісімі бойынша салынып жатқан объектілерден тең дәрежелі тұрғын емес үй-жайлар беріледі.
Toggle Dropdown
5. Тұрғынжайды реновациялауға жататын объектілердің тізбесін ғимараттар мен құрылысжайлардың сейсмикалық орнықтылығы саласындағы ғылыми-зерттеу институттарының қорытындысы негізінде Алматы қаласының атқарушы органы айқындайды.
Toggle Dropdown
6. Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84-бабында көзделген жағдайлардан басқа, тұрғынжайды реновациялауға жататын көппәтерлі тұрғын үйлер орналасқан жер учаскелерінде жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығаруға жол берілмейді.
Toggle Dropdown
7. Тұрғынжайды реновациялау бағдарламасы шеңберінде барлық меншік иелерінің келісімі болған жағдайда ғана тұрғынжайларды бұзуға жол беріледі.
Toggle Dropdown
8. Алматы қаласының атқарушы органы тұрғынжайды реновациялау бағдарламасын іске асыру үшін уәкілетті ұйымды айқындайды және қаржыландырады.
Toggle Dropdown
Тұрғынжайды реновациялау бағдарламасын қаржыландыру жергілікті бюджет және өзге де көздер есебінен жүзеге асырылуы мүмкін.
Toggle Dropdown
9. Алматы қаласының атқарушы органы тұрғынжайды реновациялау бағдарламасы бойынша бұзылған тұрғынжайдың орнына тұрғынжай салуды жүзеге асырады. Бұл ретте бұзу жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
Toggle Dropdown
5-бап. Бап алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
6-бап. Бап алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
7-бап. Бап алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
8-бап. Бап алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
Президентi