• Менің таңдаулыларым

Отправить по почте

19

Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 желтоқсандағы № 339-I Заңы

Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырады - ҚР 02.01.2025 жылғы № 150-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 01.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық, қызметтік, жауынгерлік қол атыс қаруы мен суық қарудың айналымы кезінде туындайтын құқықтық қатынастарды реттейді.
Кіріспе өзгертілді ҚР 30.06.2025 жылғы № 200-VIII Заңымен (18.03.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.07.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Заңның ережелері оқ-дәрінің (патрондардың) айналымына да қолданылады.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1-бап өзгертілді  ҚР 29.12.2006 жылғы № 209 Заңымен ( 20.12.2004 ж. редакцияны қараңыз)
1) атыс қаруы - оқ дәрi немесе өзге де заряд қуатының әсерi нәтижесiнде ұңғы оқпанынан оқты, снарядты, гранатаны ұшырып шығаратын қару;
1-1) атыс қаруынан жасалған массалық-габариттік макет – қарудың негізгі (құрамдас) бөліктерін қайтымсыз түрде конструкциясы жағынан қайта жасау арқылы оқ ату және бастапқы күйіне дейін қалпына келтіру, сондай-ақ оның негізгі (құрамдас) бөліктерінен атуға қабілетті атыс қаруын құрастыру мүмкін болмайтын күйге келтірілген жауынгерлік қол атыс қаруы, азаматтық, қызметтік атыс қаруы;
1-бап 1-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 11.07.2022 жылғы № 136-VII Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 11.09.2022 жылдан бастап)
2) белгi беру қаруы - дыбыс, жарық және түтiн белгiлерiн беру үшiн пайдаланылатын қару;
3) газды қару - қолданылуы көз жасын ағызатын немесе тiтiркендiргiш заттарды пайдалануға негiзделетiн қару;
4) криминалистикалық талаптар – азаматтық, қызметтiк қару мен оның патрондарына, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдарға қойылатын арнаулы техникалық талаптар (параметрлер, конструкциялық ерекшеліктер, таңбалау);
4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 11.07.2022 жылғы № 136-VII Заңына сәйкес (31.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.09.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1
5) қару – конструкциясы жағынан тiрi немесе өзге де нысананы зақымдауға, сондай-ақ белгi беруге арналған құрылғылар мен заттар.
5-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 11.07.2022 жылғы № 136-VII Заңына сәйкес (31.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.09.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қарудың сыртқы түрін имитациялайтын және құрамында атыс қаруының негізгі (құрамдас) бөліктері жоқ шаруашылық-тұрмыстық және өндірістік мақсаттағы бұйымдар, спорттық снарядтар, сондай-ақ үрлемелі қуаты 0,5-тен 3 Дж-ға дейінгі қару (бұдан әрі – конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдар) қаруға жатпайды;
6) қару айналымы – қаруды, оның ішінде оның негізгі (құрамдас) бөліктері мен оның патрондарын өндiру, құрастыру, жөндеу, қайта жасау, өткiзу (сауда жасау), беру, сыйға тарту, марапаттап беру, мұраға қалдыру, иемденiп алу, коллекциялау, экспонаттау, есепке алу, сақтау, алып жүру, тасу, пайдалану, алып қою, жою, Қазақстан Республикасының аумағына әкелу, Қазақстан Республикасының аумағынан әкету және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу;
6-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 11.07.2022 жылғы № 136-VII Заңына сәйкес (31.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.09.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6-1) қаруды коллекциялау – Қазақстан Республикасының аумағында айналымына тыйым салынбаған азаматтық және қызметтік қаруды жүйелі түрде жинау бойынша жеке және заңды тұлғалардың лицензияланатын қызметі;
1-бап 6-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 11.07.2022 жылғы № 136-VII Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 11.09.2022 жылдан бастап)
6-2) қаруды конструкциялық жағынан қайта жасау – қарудың техникалық сипаттамаларының өзгеруіне алып келген, атыс қаруының, пневматикалық, белгі беретін, оқсыз атылатын, газды қарудың, жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар газды қару мен лақтырылатын атыс қаруының негізгі (құрамдас) бөліктерінің пішінін және (немесе) өлшемдерін ауыстыру немесе өзгерту;
1-бап 6-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 11.07.2022 жылғы № 136-VII Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 11.09.2022 жылдан бастап)
6-3) қарудың негізгі (құрамдас) бөліктері – атыс, газды, жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар газды, пневматикалық, белгi беретін, оқсыз атылатын қарудың ұңғысы, барабаны, бекітпесі, жақтауы, ұңғы қорапшасы;
1-бап 6-3-тармақшамен толықтырылды ҚР 11.07.2022 жылғы № 136-VII Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 11.09.2022 жылдан бастап)
6-4) қаруды экспонаттау – Қазақстан Республикасының аумағында айналымына тыйым салынбаған өздеріне тиесілі азаматтық және қызметтік қаруды және (немесе) оның патрондарын не өзге де заңды иелеріне тиесілі қаруды және (немесе) оның патрондарын демонстрациялау жөніндегі жеке және заңды тұлғалардың лицензияланатын қызметі (коммерциялық емес не коммерциялық көрме-сату немесе аукцион);
1-бап 6-4-тармақшамен толықтырылды ҚР 11.07.2022 жылғы № 136-VII Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 11.09.2022 жылдан бастап)
7) қару жасап шығарушы – қаруды әзірлеуге, өндіруге, жөндеуге, сатуға лицензиясы бар ұйым;
7-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 29.03.2016 жылғы № 479-V Заңына сәйкес (07.11.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.03.2016 жылы № 60 (28788) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
8) қаруды пайдаланушы – қару иесiнен қаруды уақытша пайдалануға алған жеке немесе заңды тұлға;
8-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 29.03.2016 жылғы № 479-V Заңына сәйкес (07.11.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.03.2016 жылы № 60 (28788) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
9) қаруды иелену – сатып алу, қаруды сыйлық, марапат ретiнде алу;
9-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 29.03.2016 жылғы № 479-V Заңына сәйкес (07.11.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.03.2016 жылы № 60 (28788) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
10) қару иесі – қаруды иеленуге, алып жүруге және сақтауға арналған рұқсат негізінде қаруды иеленетін жеке немесе заңды тұлға;
10-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 29.03.2016 жылғы № 479-V Заңына сәйкес (07.11.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.03.2016 жылы № 60 (28788) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
11) қару өндiрiсi - қаруды, оның негізгі (құрамдас) бөліктерін зерттеу, әзiрлеу, жасап шығару, сынақтан өткiзу, құрастыру, көркемдеп әрлеу, жөндеу, қайта жасау және жою, патрондар жасап шығару;
11-тармақша өзгертілді ҚР 11.07.2022 жылғы № 136-VII Заңымен (31.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 11.09.2022 жылдан бастап)
12) лақтырылатын қару – нысананы қашықтықтан зақымдауға арналған, адамның бұлшық етінің күші пайдаланыла отырып лақтырылатын қару (лақтырылатын серпінді қару), сондай-ақ механикалық энергия пайдаланыла отырып, лақтырылатын снарядтармен нысананы қашықтықтан зақымдауға арналған қару (лақтырылатын атыс қаруы);
12-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 11.07.2022 жылғы № 136-VII Заңына сәйкес (31.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.09.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
12-1) лақтырылатын снаряд – зақымдайтын, салмақ түсіретін және тұрақтандыратын элементтерден тұратын құрылғы немесе лақтырылатын атыс қаруынан лақтыру нәтижесінде қашықтықта орналасқан нысананы механикалық зақымдауға арналған зақымдау қасиеттері бар зат;
1-бап 12-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 11.07.2022 жылғы № 136-VII Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 11.09.2022 жылдан бастап)
13) оқ-дәрi (патрондар) - конструкциялық жағынан қарудың тиiстi түрiнен ату үшiн және нысананы зақымдауға арналған құрылғылар немесе заттар (бұдан әрi - патрондар);
13-1) оқсыз атылатын қару – мәдени, білім беру, коллекциялық қызметті жүзеге асыру кезінде пайдалану үшін арнайы жасалған қару немесе қарудың негізгі (құрамдас) бөліктерін қайтымсыз түрде конструкциясы жағынан қайта жасау арқылы тек қана жарық-дыбыс әсері бар патронмен (бос патронмен) оқ атуды имитациялауға жарамды күйге келтірілген атыс, ұңғысыз атыс, газды қару немесе жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар газды қару;
1-бап 13-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 11.07.2022 жылғы № 136-VII Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 11.09.2022 жылдан бастап)
14) пневматикалық қару - нысананы зақымдайтын құралы сығылған, сұйытылған немесе қатайтылған газдың қуаты есебiнен бағытты қозғалыс алатын қару;
15) суық қару – нысананы адамның бұлшық етi күшiнiң көмегiмен тікелей зақымдауға арналған қару;
15-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 11.07.2022 жылғы № 136-VII Заңына сәйкес (31.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.09.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
16) электрлi қару - қолданылуы электр разрядының күшiне негiзделiп арнайы бейiмделген тетiк.
2-бап. Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау саласындағы Қазақстан Республикасының заңдары
2-бап өзгертілді ҚР 30.06.2025 жылғы № 200-VIII Заңымен (18.03.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.07.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау саласындағы Қазақстан Республикасының заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және өзге де нормативтік құқықтық актілерден тұрады.
Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар осы Заңнан басым болады. Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың Қазақстан Республикасының аумағында қолданылу тәртібі мен талаптары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.
2-1-бап. Осы Заңның негізгі мақсаттары, міндеттері мен қағидаттары
Осы Заң 2-1-баппен толықтырылды ҚР 30.06.2025 жылғы № 203-VIII Заңымен (өзгерту 12.07.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық, қызметтік, жауынгерлік қол атыс қаруы мен суық қарудың айналымына мемлекеттік бақылауды белгілеу, азаматтардың өмірі мен денсаулығын, меншікті қорғауды, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қоршаған орта объектілерін, табиғи ресурстарды күзету, қылмыстылыққа және қарудың заңсыз таралуына қарсы күресте халықаралық ынтымақтастықты дамыту осы Заңның негізгі мақсаттары болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының аумағында қару айналымына мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру мен жүзеге асыру осы Заңның негізгі міндеттері болып табылады.
2) азаматтар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің кепілдігін қамтамасыз ету.
Өзінің бағытталған мақсаты бойынша қару:
3-баптың бірінші абзацы өзгертілді ҚР 18.03.2019 жылғы № 237-VІ Заңымен (05.10.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 10.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1
4-бап. Жауынгерлік қол атыс қаруы мен суық қару
4-бап өзгертілді ҚР 23.04.2014 жылғы № 200-V Заңымен (21.06.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 25.04.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Жауынгерлік қол атыс қаруы мен суық қаруға жауынгерлік, жедел-қызмет және оқу міндеттерін шешуге арналған, Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік органдары мен олардың бөлімшелерінің (бұдан әрі – Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары) қарулануына қабылданған, сондай-ақ басқа мемлекеттерге беру үшін жасап шығарылатын қару жатады.
4-баптың бірінші бөлігі өзгертілді ҚР 18.03.2019 жылғы № 237-VІ Заңымен (05.10.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 10.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Жауынгерлік қол атыс қаруы мен оның патрондары қару-жарақ түрлерінің бірі болып табылады.
4-бап екінші бөлікпен толықтырылды ҚР 18.03.2019 жылғы № 237-VІ Заңына сәйкес(өзгерту 10.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Жауынгерлік қол атыс қаруы мен оның патрондарының, сондай-ақ суық қарудың айналымы тәртібі Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен қару-жарақ пен әскери техника айналымының қағидаларында айқындалады.
4-баптың екінші бөлігі өзгертілді ҚР 18.03.2019 жылғы № 237-VІ Заңымен (05.10.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 10.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)