• Мое избранное
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 қаңтардағы № 400-IV Заңы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 қаңтардағы № 400-IV Заңы

1-бап.
Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; 2010 жылғы 24 қарашада «Егемен Қазақстан» және 2010 жылғы 23 қарашада «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 15 қарашадағы Қазақстан Республикасының  Заңы  ; 2010 жылғы 27 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының  Заңы  ):
1) мынадай мазмұндағы 163-5 және 163-6-баптармен толықтырылсын:
«163-5-бап. Тауарлардың сауда желілеріне немесе ірі сауда объектілеріне жетуін шектеу
1. Сауда желісін немесе ірі сауда объектілерін ұйымдастыру арқылы тауарлар сату жөніндегі қызметті жүзеге асырушы сауда қызметі субъектілерінің тауарларды беру туралы шарт жасасудан негізсіз бас тартуы не көрінеу кемсітушілік сипаттағы шарт жасасудан көрінетін және:
1) сауда қызметі субъектісіне осындай қызметті жүзеге асыратын басқа да сауда қызметі субъектілерімен, сондай-ақ осындай немесе өзге де талаптар бойынша басқа да сауда қызметі субъектілерімен тауарлар беру шарттарын жасасуға тыйым салу туралы;
2) тауарлар беруді жүзеге асырушы сауда қызметі субъектісінен осындай қызметті жүзеге асыратын басқа да сауда қызметі субъектілерімен жасасқан шарттары туралы мәліметтер беруін талап ету туралы шарттармен тауарлардың сауда желілеріне немесе ірі сауда объектілеріне жетуін шектеуі, –
жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, –
төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
163-6-бап. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерден асуы
1. Сауда қызметін реттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сауда қызметі субъектілерінің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларын мөлшерден асыруы, –
жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайта жасалған іс-әрекеттер, –
төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
2) 541-баптың бірінші бөлігі «163-4,» деген цифрлардан кейін «163-6,» деген цифрлармен толықтырылсын;
3) 565-баптың бірінші бөлігі «147-4-баптарында» деген сөздер «147-4, 163-5-баптарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 636-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында:
қырық үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«индустриялық саясатты реттеу саласындағы уәкілетті органның (317-1-бап (машиналар мен жабдықтар, химия өнімі, ойыншықтар қауіпсіздігі талаптарын бұзушылықтар бойынша);
сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органның (158-бап (бұл бұзушылықтарды биржалық брокерлер және (немесе) биржалық дилерлер, сондай-ақ тауар биржалары қызметкерлері жасаса), 168-3-бап);»;
елу төртінші абзац «127,» деген цифрлардан кейін «163-6,» деген цифрлармен толықтырылсын.
2. «Тауарлар импорты жағдайында ішкі рынокты қорғау шаралары туралы» 1998 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының  Заңына   (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 24, 446-құжат; 1999 ж., № 21, 763-құжат; 2005 ж., № 11, 40-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат):
17-баптың 3-тармағындағы «жүргізілген» деген сөз «жүргізілетін» деген сөзбен ауыстырылсын.
3. «Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының  Заңына   (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 6, 44-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 23, 141-құжат; 2009 ж., № 17, 80-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат):
1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) әкетуді және (немесе) әкелуді сан жағынан шектеулер – квоталарды белгілеу жолымен енгізілуі мүмкін тауарлардың сыртқы саудасын сан жағынан шектеу жөніндегі шаралар;
2) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәні – бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу, инфляцияны рұқсат етілген шекте ұстау және елде макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында белгіленетін бөлшек сауда бағаларының рұқсат етілген деңгейі, оған дейін сауда қызметі субъектісі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларын айқындауға құқылы;
3) бөлшек сауда – кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес, сатып алушыға жеке, отбасылық, үй ішінде немесе өзгедей пайдалануға арналған тауарларды сату жөніндегі кәсіпкерлік қызмет;
4) кедендік баждардың квотаішілік ставкасы – белгіленген тарифтік квота шегінде әкелінетін тауарларға белгіленетін кедендік әкелім бажының мөлшері (шамасы);
5) кедендік баждардың квотадан тыс ставкасы – белгіленген тарифтік квотадан тыс әкелінетін тауарларға белгіленетін әкелімді кедендік баждың мөлшері (шамасы);
6) көтерме сауда – кейiннен сатуға немесе жеке, отбасылық, үй ішінде және осындай өзгедей пайдаланумен байланысты емес өзге де мақсаттарға арналған тауарларды өткiзу жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет;
7) қоғамдық тамақтандыру – тамақ өнiмдерiн өндiрумен, өңдеумен, өткiзумен және тұтынуды ұйымдастырумен байланысты кәсiпкерлiк қызмет;
8) рұқсат – осы Заңға сәйкес сыртқы сауда шарты (келісімшарт) негізінде сыртқы сауда қызметіне қатысушыға берілетін рұқсат ету құжаты;
9) сауда алаңы – тауарлар сату кезінде тауарларды қоюға, көрсетуге, сатып алушыларға қызмет етуге және сатып алушылармен ақшалай есеп айырысуға, сатып алушылардың өтуіне арналған, арнайы құрал-жабдық қойылған сауда объектісінің алаңы;
10) сауда желісі – ортақ басқарудағы және (немесе) бірыңғай коммерциялық белгіні немесе дараландырудың өзге де құралымен пайдаланылатын, екі мың шаршы метрден кем емес жалпы сауда алаңы бар, екі және одан да көп сауда объектiлерiнің жиынтығы;
11) сауда қызметi – жеке және заңды тұлғалардың тауарларды сатып алу-сатуды жүзеге асыруға бағытталған кәсiпкерлiк қызметi;
12) сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) – сауда қызметi саласында басшылықты және салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
13) сауда қызметi субъектici – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сауда қызметiн жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
14) сауда объектiсi – арнайы құрал-жабдықпен жарақталған, тауарлар сату кезінде тауарларды қоюға, көрсетуге, сатып алушыларға қызмет етуге және сатып алушылармен ақшалай есеп айырысуға арналған және пайдаланылатын үй немесе үйдің бір бөлігі, құрылыс немесе құрылыстың бір бөлігі, ғимарат немесе ғимараттың бір бөлігі, автоматтандырылған құрылғы немесе көлік құралы;
15) сауда саясаты – осы Заңда белгiленген мақсаттар мен принциптердi іске асыру үшiн мемлекеттiк органдар жүргiзетiн ұйымдық, құқықтық, экономикалық, бақылау және өзге де шаралар жиынтығы;
16) сыртқы сауда (бұдан әрi – сыртқы сауда қызметi) – тауарларды Қазақстан Республикасынан әкетумен және (немесе) Қазақстан Республикасына әкелумен байланысты сауда қызметi;
17) тарифтiк квота – кедендік әкелім бажының қолданыстағы ставкасымен салыстырғанда тауардың белгілі бір санын әкелу кезінде (заттай немесе құнымен алғанда) белгілі бір кезең ішінде кедендік әкелім бажының мейлінше төмен ставкасын қолдануды көздейтін, үшінші елдерден шығарылатын тауарлардың жекелеген түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуді реттеу шарасы;
18) тауар – сатуға немесе айырбастауға арналған, айналымнан алынбаған кез келген еңбек өнiмi;
19) тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына ерекше құқық – уәкілетті орган беретін лицензияның негізінде ұсынылатын тауарлардың жекелеген түрлеріне қатысты сыртқы сауда қызметін жүзеге асыру құқығы;
20) тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортын және (немесе) импортын қадағалау – тауарлардың жекелеген түрлерінің экспорты және (немесе) импорты серпініне мониторинг жүргізу мақсатында белгіленетін уақытша шара;