• Мое избранное
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 25 наурыздағы № 421-IV Заңы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 25 наурыздағы № 421-IV Заңы

1-бап.
Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне  (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжаттар; № 15, 139-құжат; № 19-20, 146-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 56-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 10, 31-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20, 21-құжаттар; № 4, 28-құжат; № 16, 131-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114, 115-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 16, 18-құжаттар; № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат, № 19, 88-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 жылғы 26 қаңтарда «Егемен  Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы  ; 2011 жылғы 8 ақпанда «Егемен Қазақстан» және 2011 жылғы 5 ақпанда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне медиация мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы  ):
1) 2-баптың 2-тармағында:
бірінші сөйлем «жүзеге асырады» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ егер заңнамалық актілерде өзгеше белгіленбесе, құқықтарынан бас тартады» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші сөйлемдегі «шарттың заңдарға қайшы келмейтін кез келген жағдайларын» деген сөздер «оның заңнамаға қайшы келмейтін кез келген талаптарын» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 3-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы азаматтық заңнамасының нормалары Қазақстан Республикасы азаматтық заңнамасының негізгі бастауларына қайшы келмейді.»;
3) 8-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Азаматтар мен заңды тұлғаларға тиесілі құқықтардың жүзеге асырылмауы, заңнамалық актілерде көзделген жағдайларды қоспағанда, бұл құқықтардың тоқтатылуына әкеп соқпайды.»;
4) 10-баптың 1-тармағында:
«меншікке» деген сөз «меншік құқығына» деген сөздермен ауыстырылсын;
«шаруашылық басқару» деген сөздер «шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 16-баптың 2-тармағында:
«адамдардың» деген сөзден кейін «(жас балалардың)» деген сөздермен толықтырылсын;
«ата-анасының, асырап алушыларының немесе қорғаншыларының» деген сөздер «заңды өкілдерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 22-баптың 1-тармағындағы «ата-анасының, асырап алушыларының немесе қорғаншыларының» деген сөздер «олардың заңды өкілдерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 22-1-бапта :
1-тармақтағы «ата-анасының, асырап алушыларының немесе қамқоршысының» деген сөздер «оның заңды өкілдерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы «ата-анасының екеуінің де, асырап алушылардың немесе қамқоршысының» деген сөздер «оның заңды өкілдерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың екінші бөлігіндегі «Ата-аналар, асырап алушылар мен қамқоршы» деген сөздер «Заңды өкілдер» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 23-бапта :
тақырып «кәмелетке толмағандардың» деген сөздерден кейін «(жас балалардың)» деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақта:
«кәмелетке толмағандар» деген сөздерден кейін «(жас балалар)» деген сөздермен толықтырылсын;
«ата-анасы, асырап алушылары немесе қорғаншылары» деген сөздер «заңды өкілдері» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ «кәмелетке толмағандар» деген сөздерден кейін «(жас балалар)» деген сөздермен толықтырылсын;
9) 25-баптың 2-тармағы «кәмелетке толмағандардың» деген сөздерден кейін «(жас балалардың)» деген сөздермен толықтырылсын;
10) 37-баптың 2-тармағындағы «заңдар» деген сөз «заңнамалық актілер» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 38-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Заңды тұлға белгілі бір атаумен заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тіркеліміне енгізіледі.
Заңды тұлғаның атауы Қазақстан Республикасында тіркелген заңды тұлғалардың атауын толық немесе оның елеулі бөлігінде қайталамауға тиіс.
Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлғаның атауы заңды тұлға тіркелгеннен кейін оның фирмалық атауы болып табылады.
Заңды тұлғаның фирмалық атауды тек қана өзі пайдалануға құқығы бар. Бөтен бір фирмалық атауды заңсыз пайдаланатын тұлға фирмалық атаудың құқық иесінің талап етуі бойынша мұндай атауды пайдалануды тоқтатуға және келтірілген залалдың орнын толтыруға міндетті.
Заңды тұлғаның фирмалық атауды пайдалануға байланысты құқықтары мен міндеттері заңнамада айқындалады.»;
12) 42-баптың 2-тармағындағы «коммерциялық ұйымдар үшін фирмалық атауы» деген сөздер «заңды тұлғалардың атауы, ал коммерциялық ұйымдар үшін - фирмалық атауы» деген сөздермен ауыстырылсын;
13) 49-баптың 2-тармағында:
3), 4) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«3) орналасқан жері бойынша немесе нақты мекенжайы бойынша заңды тұлға, сондай-ақ заңды тұлға бір жыл ішінде оларсыз жұмыс істей алмайтын құрылтайшылар (қатысушылар) және лауазымды адамдар болмаған;
4) қызметін заңнаманы өрескел бұза отырып жүзеге асырған:
заңды тұлғаның жарғылық мақсаттарына қайшы келетін қызметті үнемі жүзеге асырған;
қызметін тиісті рұқсатсыз (лицензиясыз) не заңнамалық актілерде тыйым салынған қызметті жүзеге асырған;
5) басқа да заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда таратылуы мүмкін.»;
14) 54-баптың бірінші бөлігіндегі «Төлем қабілеті жоқ» деген сөздер «Дәрменсіз» деген сөзбен ауыстырылсын;
15) 59-баптың 4-тармағында:
бірінші бөліктің орыс тіліндегі мәтініне түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
екінші бөліктегі «арызы бойынша» деген сөздер «арызы негізінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
16) 117   және 118-баптар  мынадай редакцияда жазылсын:
«117-бап. Жылжымайтын және жылжымалы мүлік