• Мое избранное
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 шілдедегі № 464-IV Заңы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 шілдедегі № 464-IV Заңы

1-бап.
Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; 13-14, 62-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 49, 50-құжаттар):
1) бүкіл мәтін бойынша «(республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың)», «(республикалық маңызы бар қала, астана), аудандар (облыстық маңызы бар қалалар)», «(республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың)», «облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)», «облыс (республикалық маңызы бар қала, астана)», «Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)», «облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)», «Облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана)», «облыстардың (республикалық маңызы бар қала, астана)», «Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)», «(облыстық маңызы бар қалалардың)», «(облыстық маңызы бар қаланың)» деген сөздер тиісінше «, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың», «, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың», «облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың», «Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың», «облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың», «Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың», «, облыстық маңызы бар қалалардың», «, облыстық маңызы бар қаланың» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) мынадай мазмұндағы мазмұнмен толықтырылсын:
«Мазмұны
1-бөлiм. Негізгі ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Қазақстан Республикасының жер қоры
2-бап. Жердi санаттарға жатқызу, оларды бiр санаттан басқасына ауыстыру
3-бап. Жерге меншiк
4-бап. Жер заңнамасының қағидаттары
5-бап. Жер заңнамасының мiндеттерi
6-бап. Жер заңнамасы
7-бап. Халықаралық шарттар
8-бап. Жердi аймақтарға бөлу
9-бап. Жер үшiн төленетiн төлемдер
10-бап. Жер учаскелерi үшiн төлемақының базалық ставкалары және жер учаскесiнiң кадастрлық (бағалау) құны
11-бап. Жер учаскелерi үшiн төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерi
12-бап. Кодексте пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
2-тарау. Мемлекеттік органдардың жер қатынастары саласындағы құзыреті
13-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретi
14-бап. Орталық уәкілетті органның және оның аумақтық органдарының құзыреті
14-1-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың уәкілетті органдарының құзыреті
15-бап. Жергiлiктi өкiлдi органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының құзыретi
16-бап. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының құзыреті
17-бап. Аудандық (қалалардағы аудандардан басқа) атқарушы органның құзыретi
18-бап. Облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының құзыреті
19-бап. Аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округтер әкiмдерiнiң құзыретi
19-1-бап. Арнайы экономикалық аймақ әкімшілігінің құзыреті
2-бөлiм. Жерге меншік құқығы, жер пайдалану құқығы және жерге өзге де заттық құқықтар
3-тарау. Жерге меншік құқығы
20-бап. Жерге меншiк құқығының түрлерi
21-бап. Меншiк құқығының мазмұны
22-бап. Жер учаскесiне меншiк құқығының туындауы
23-бап. Азаматтар мен заңды тұлғалардың жер учаскелерiне меншiгi
24-бап. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге меншiк құқығы
25-бап. Жеке меншiк құқығын iске асыру
26-бап. Жерге мемлекеттiк меншiк
27-бап. Мемлекеттiк меншiк құқығын iске асыру
4-тарау. Жер пайдалану құқығы
28-бап. Жер пайдалану құқығының режимі
29-бап. Жер пайдалану құқығының түрлерi
30-бап. Жер пайдалану құқығының субъектiлерi
31-бап. Жер пайдалану құқығының туындауы
32-бап. Жер пайдалану құқығын табыстау
33-бап. Жер пайдалану құқығын беру
34-бап. Тұрақты жер пайдалану құқығы
35-бап. Уақытша жер пайдалану құқығы