Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 30 мамырдағы № 54-III Заңы
Редакция 01.01.2026 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Кіріспе алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) дәйектеу – халықаралық шарт мәтінінің теңтүпнұсқалығын анықтау тәсілдерінің бірі ретінде қолданылатын, халықаралық шарт жобасының келісілген мәтінінде келіссөздерге қатысушы әрбір тараптың өкілетті өкілдерінің аты-жөндерін әр параққа қою;
2) депозитарий – халықаралық шарттың түпнұсқасы сақталуға тапсырылатын және осы халықаралық шартқа қатысты халықаралық құқық нормаларында көзделген функцияларды орындайтын мемлекет, халықаралық ұйым немесе оның басты атқарушы лауазымды адамы;
3) ескертпе – көпжақты халықаралық шартқа қол қою, оны ратификациялау, бекіту, қабылдау немесе оған қосылу кезінде мемлекет немесе халықаралық ұйым кез келген тұжырыммен және кез келген атаумен біржақты жасаған мәлімдеме, бұл мәлімдеме арқылы осы мемлекет немесе осы халықаралық ұйым халықаралық шарттың белгілі бір ережелерінің заңдық күшін олардың аталған мемлекетке немесе аталған халықаралық ұйымға қолданылуына қатысты жоюды немесе өзгертуді қалайды;
4) келіссөздерге қатысушы тарап – халықаралық шарт мәтінін жасауға немесе қабылдауға қатысқан мемлекет немесе халықаралық ұйым;
5) күшін жою – Қазақстан Республикасының өзі жасасқан халықаралық шарттан тиісінше ресімдеп бас тартуы және Қазақстан Республикасы халықаралық шартының қолданылуын тоқтату тәсілдерінің бірі;
5-1) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
6) Қазақстан Республикасының халықаралық шарты – Қазақстан Республикасы шет мемлекетпен (шет мемлекеттермен) немесе халықаралық ұйыммен (халықаралық ұйымдармен) жазбаша нысанда жасасқан және мұндай келісімнің бір құжатта немесе өзара байланысты бірнеше құжаттарда (оның ішінде ноталар немесе хаттар алмасу нысанында) екендігіне қарамастан, сондай-ақ оның нақты атауына қарамастан халықаралық құқықпен реттелетін халықаралық келісім;
7) Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының мемлекеттік тізілімі – халықаралық шарттардың түпнұсқалары мен депозитарий ресми куәландырған көшірмелерін, олардың деректемелерін және Сыртқы істер министрлігі айқындайтын олар туралы ақпараттық-анықтамалық сипаттағы басқа да мәліметтерді қамтитын Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын тіркеудің, есепке алудың және сақтаудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі;
8) қол қою – мәтіннің теңтүпнұсқалығын анықтау тәсілдерінің бірі ретінде халықаралық шартты жасасу сатысы немесе егер халықаралық шартта қол қоюдың осындай күші бар екендігі көзделген немесе Қазақстан Республикасы мен келіссөздерге қатысушы басқа да тараптардың қол қоюдың осындай күшке ие болуға тиіс екендігі туралы уағдаластығы өзге де жолмен белгіленген немесе Қазақстан Республикасының қол қоюға осындай күш беру ниеті оның өкілінің өкілеттігінен туындаған және (немесе) келіссөздер кезінде білдірілген жағдайда, халықаралық шарттың өзі үшін міндеттілігіне Қазақстан Республикасының келісім білдіру тәсілі;
9) мемлекетішілік рәсімдер – халықаралық шартты Қазақстан Республикасы Парламентінің ратификациялауы, Қазақстан Республикасы Президентінің не Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуі немесе қабылдауы;
халықаралық шарттың мәтінін қабылдау немесе оның тең түпнұсқалығын белгілеу;
халықаралық шартқа қол қою;
Қазақстан Республикасының өзі үшін халықаралық шарттың міндеттілігіне келісімін білдіру;
шартқа қатысты өзге де акт жасау мақсатында Қазақстан Республикасының лауазымды адамдарының немесе құзыретті органының шешімдері негізінде жүзеге асырылатын және келіссөздерге қатысушы тарапқа не депозитарийге тапсырылатын немесе дипломатиялық арналар арқылы жіберілетін өкілеттілік сертификатымен тиісінше ресімделген бір адамның немесе бірнеше адамның Қазақстан Республикасы атынан өкілдік ету құқығы;
11) ратификациялау, бекіту, қабылдау және қосылу – жағдайға байланысты осындай атауы бар, тиісті нормативтік құқықтық акт негізінде жасалатын халықаралық акт, ол арқылы Қазақстан Республикасы халықаралық шарттың өзі үшін міндеттілігіне халықаралық тұрғыдан өзінің келісімін білдіреді;
12) уағдаласушы тарап – халықаралық шарттың күшіне енгеніне немесе енбегеніне қарамастан халықаралық шарттың өздері үшін міндетті екендігіне келіскен мемлекет немесе халықаралық ұйым;
13) халықаралық ұйым – мемлекетаралық немесе үкіметаралық ұйым;
14) халықаралық шарт жасасу – реттілік тәртіппен жүзеге асырылатын, халықаралық шарттың мәтінін қабылдау, халықаралық шарт мәтінінің теңтүпнұсқалығын анықтау және Қазақстан Республикасының өзі үшін халықаралық шарттың міндетті екендігіне келісім білдіруі, не Қазақстан Республикасы халықаралық шартқа қосылатын жағдайда – Қазақстан Республикасының өзі үшін халықаралық шарттың міндетті екендігіне келісім білдіруі;
14-1) халықаралық шарттарды электрондық басқару жүйесі – Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасуға, орындауға, өзгертуге, олардың қолданысын тоқтатуға және тоқтата тұруға байланысты жекелеген процестерді автоматтандыруға, сондай-ақ халықаралық шарттарды есепке алуға және олардың орындалуын қамтамасыз етуді мониторингтеуге арналған бірыңғай электрондық жүйе;
15) халықаралық шарттың тең түпнұсқа мәтіні – келіссөздерге қатысушы тараптар немесе уағдаласушы тараптар түпнұсқа (түпкілікті нұсқа) ретінде қарайтын халықаралық шарт мәтіні немесе егер ол шартта көзделсе немесе бұл жөнінде оған қатысушылар келіссе, әртүрлі тілдерде жасалған мәтіндердің арасында алшақтық болған жағдайда басымдыққа ие мәтін.
1-1-бап. Осы Заңның негізгі мақсаты мен міндеті
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасуға, орындауға, өзгертуге, олардың қолданысын тоқтатуға және тоқтата тұруға байланысты құқықтық қатынастарды реттеу осы Заңның негізгі мақсаты болып табылады.
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, орындау, өзгерту, олардың қолданысын тоқтату және тоқтата тұру тәртібін айқындау осы Заңның негізгі міндеті болып табылады.
1-2-бап. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасудың, орындаудың, өзгертудің, олардың қолданысын тоқтатудың және тоқтата тұрудың негізгі қағидаттары
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, орындау, өзгерту, олардың қолданысын тоқтату және тоқтата тұру Қазақстан Республикасының Конституциясына, халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған қағидаттары мен нормаларына, сол халықаралық шарттың ережелеріне, Халықаралық шарттар құқығы туралы Вена конвенциясына, осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасына сәйкес, сондай-ақ мынадай негізгі қағидаттар негізінде жүзеге асырылады:
2) Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін ескеру;
3) Қазақстан Республикасы азаматтары құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің басымдығы;
5) қабылданған міндеттемелерді міндетті түрде және адал орындау.
2-бап. Халықаралық шарттардың түрлері
1. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары:
1) Қазақстан Республикасының;
2) Қазақстан Республикасы Үкiметiнің;
3) Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының (бұдан әрi - Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттiк органдары) атынан Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған өз құзыреті шегінде шет мемлекеттермен және (немесе) халықаралық ұйымдармен жасасылады.
2. Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделеріне сай келмейтін, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін немесе тәуелсіздігінен айырылуына әкеп соғатын халықаралық шарттарды жасасуға жол берілмейді.
2-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАРТТАРЫН ЖАСАСУ
2-1-бап. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-2-бап. Халықаралық шарттарды жасасудың сыртқы саяси орындылығын айқындау
1. Халықаралық шартты жасасудың сыртқы саяси орындылығы туралы қорытындыны Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі халықаралық шартты жасасу тұжырымдамасын қарау нәтижелері бойынша береді.
2. Орталық мемлекеттік орган халықаралық шартты жасасу тұжырымдамасын Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі бекіткен нысан бойынша әзірлейді.
3. Осы Заңның 3-бабында белгіленген тәртіппен халықаралық шарттардың жобаларын келісу және оларға сараптама жасау Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі халықаралық шартты жасасудың сыртқы саяси орындылығы туралы оң қорытынды бергеннен кейін жүргізіледі.
2-3-бап. Халықаралық шарттарды электрондық басқару жүйесін пайдалану