Toggle Dropdown
Мемлекеттік органдардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану жөніндегі қызметінің тиімділігін бағалау әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1279 бұйрығы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 1 ақпанда № 12961 болып тіркелді
Редакция 19.09.2022 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 24 қарашадағы Заңының 7-бабы 25) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік органдардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану жөніндегі қызметінің тиімділігін бағалау әдістемесі бекітілсін.
2. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы Ж. Қасымбек
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушының
2015 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1279 бұйрығымен
бекітілген
Мемлекеттік органдардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану жөніндегі қызметінің тиімділігін бағалау әдістемесі
1. Осы Мемлекеттік органдардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану жөніндегі қызметінің тиімділігін бағалау әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 24 қарашадағы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабы 25) тармақшасына сәйкес әзірленген.
2. Осы Әдістеме есептік кезең 2016 жыл үшін ақпараттық технологияларды қолдану тиімділігін бағалау үшін қолданылады.
3. Әдістеме мемлекеттік орган қызметінің айқындылығын арттыру және процестерін оңтайландыру үшін орталық мемлекеттік органдармен (бұдан әрі - ОМО) және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен (бұдан әрі - ЖАО) мемлекеттік органдардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану жөніндегі қызметінің тиімділігін бағалау жөніндегі рәсімдердің жиынтығын анықтау үшін арналған.
4. Осы Әдістемеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) ақпараттық жүйе – ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық әрекеттерді іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып ретке келтірілген жиынтығы;
2) ақпараттық жүйені өнеркәсіптік пайдалану – ақпараттық жүйені мақсаттарына, міндеттері мен техникалық құжаттамада жазылған талаптарға және нормативтік-техникалық құжаттамасына сәйкес штаттық режимде пайдалану;
3) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар – электрондық ақпараттық ресурстармен жұмыс істеу әдістерінің және аппараттық-бағдарламалық кешен мен телекоммуникациялар желілерін қолдана отырып жүзеге асырылатын ақпараттық өзара іс-қимыл әдістерінің жиынтығы;
4) домендiк ат – Интернетті адрестеу қағидаларына сәйкес қалыптастырылған, белгiлi бiр желiлiк адреске сәйкес келетiн және Интернеттің объектiсiне атауландырып өтініш жасауға арналған символдық (әрiптiк-цифрлық) белгiлеме;
5) Интернет – электрондық ақпараттық ресурстарды жіберуге арналған телекоммуникациялардың біріктірілген желілерінің және есептеу ресурстарының дүниежүзілік жүйесі;
6) интернет-ресурс – аппараттық-бағдарламалық кешенде орналастырылатын, бірегей желілік адресі және (немесе) домендік аты бар және Интернетте жұмыс істейтін, мәтіндік, графикалық, аудиокөрінбелі немесе өзге де түрде бейнеленетін электрондық ақпараттық ресурс;
7) мемлекеттік органдардың интранет-порталы (бұдан әрі – МОИП) – мемлекеттік ақпараттық жүйе болып табылатын және ұжымдық жұмыс құралдарымен, қажетті ақпараттық ресурстармен мемлекеттік қызметшілерді қамтамасыз ету, ұйымдық міндеттерді шешу және ақпарат алмасу үшін арналған ведомствоаралық корпоративтік ақпараттық жүйе;
8) нәтижелі критерий - мемлекеттік органдардың жасалған жұмыстарының (функцияларының) нәтижесін бағалауға бағытталған критерий;
9) процестік критерий – нәтижеге жетуге көзделген жұмыстардың (функциялардың) орындалу ретін бағалауға бағытталған критерий;
10) толықтай автоматтандырылған функция – ақпараттық жүйелерде және/немесе интернет-ресурстарда автоматтандыруға жататын барлық процестер орындалатын мемлекеттік органның функциясы;
11) ішінара автоматтандырылған функция – ақпараттық жүйелерде және/немесе интернет-ресурстарда автоматтандыруға жататын процестің бір бөлігі орындалатын мемлекеттік органның функциясы;
12) «электрондық үкімет» – мемлекеттік органдардың мемлекеттік функцияларды автоматтандыруға және оңтайландыруға негізделген, сондай-ақ электрондық нысанда қызметтер көрсетуге арналған өздерінің арасындағы және жеке және заңды тұлғалармен ақпараттық өзара іс-қимыл жүйесі.
5. «Электрондық үкімет» сервистік интеграторымен (бұдан әрі – сервистік интегратор) мемлекеттік органдардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану жөніндегі қызметінің тиімділігін бағалау үшін cервистік интегратор қызметкерлерінен жұмыс тобын құрады.
6. Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) мемлекеттік органдардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану жөніндегі қызметінің тиімділігін бағалауды ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган сервистік интегратор жүзеге асырады.
7. Бағалау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі бекітетін ОМО және ЖАО қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалауды жүргізудің кестесіне (бұдан әрі – Кесте) сәйкес жүзеге асырылады.
8. ОМО және ЖАО ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану бойынша есепті осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес Кестеде көрсетілген мерзімге сәйкес Сервистік интеграторға ұсынады.
9. Жұмыс тобы Сервистік интегратор жүргізген тексерулердің нәтижелерін пайдалана отырып, және электрондық құжат айналымының ақпараттық жүйелерінен алынған деректермен салыстырып тексеру жолымен олардың дұрыстылық мәніне, ОМО және ЖАО-дан алынған мәліметтерге талдау жүргізеді.
10. Сервистік интегратор мемлекеттік органдардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану жөніндегі қызмет тиімділігін бағалау нәтижелері туралы қорытындыны осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәкілетті органға ұсынады. Уәкілетті орган және мемлекеттік органдардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану жөніндегі қызмет тиімділігін бағалау нәтижелері туралы қорытындыны осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсынады.
11. Мемлекеттік органдардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану жөніндегі қызметінің тиімділігін бағалау мынадай критерийлер бойынша жүзеге асырылады:
интернет-ресурстың тиімділігі;
2) процестік критерийлер:
ведомстволық ақпараттық-коммуникациялық жүйелерді интеграциялаудың үлесі;
ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу бойынша мемлекеттік органның қызметін институционалдық нығайту деңгейі;
мемлекеттік органның функцияларын автоматтандыру;
ведомствоаралық ақпараттық жүйелерді пайдалану.
Әрбір критерий бойынша көрсеткіштер анықталады да, оған сәйкес тиісті балл қойылады. Балдар осы Әдістемеге 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік органдардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану жөніндегі қызмет тиімділігін бағалаудың критерийлері мен көрсеткіштеріне сәйкес қойылады.
12. Балдар ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану жөніндегі критерийлердің маңыздылығы деңгейін ескерумен мыналар бойынша қойылған:
1) «Интернет-ресурстың тиімділігі» критерийі бойынша қоғам алдындағы мемлекеттік органдардың қызметінің айқындылығы мен есеп беруге тиістілігін қамтамасыз етуге бағытталған осы критерийге сүйене отырып, 20 балл қойылды;
2) «Ведомстволық ақпараттық жүйелерді интеграциялаудың үлесі» критерийі бойынша ведомстволық ақпараттық жүйелерді мемлекеттік органдардың басқа ведомстволық ақпараттық жүйелермен және «электрондық үкімет» құрауыштарымен қажетті интеграциялауы бар болуын анықтауға бағытталған осы критерийге сүйене отырып, 20 балл қойылды;
3) «Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу бойынша мемлекеттік органның қызметін институционалдық нығайту деңгейі» критерийі бойынша мемлекеттік органның инновациялық қызметін дамытуға жағдай жасайтын факторларды анықтауға бағытталған осы критерийге сүйене отырып, 5-ке тең балл қойылды;
4) «Мемлекеттік органның функцияларын автоматтандыру» критерийі бойынша мемлекеттік органның ішкі қызметін автоматтандыруға бағытталған сияқты, мемлекеттік органмен халық пен бизнестің тікелей байланысын және әкімшілік кедергілерді қысқарту, халық пен бизнеске қызметтер көрсеткен кезінде, мемлекеттік орган функцияларын автоматтандыруға бағытталған ақпараттық - коммуникациялық технологияларды қолдануды ескерумен 40 балл қойылды;
5) «Ведомствоаралық ақпараттық жүйелерді пайдалану» критерийі бойынша мемлекеттік орган қызметінің деңгейін оңтайландыруға және анықтауға, құжаттармен жұмыс жасаған кезінде жеделдікті арттыруға, құжатты құру, өңдеу және жөнелту уақытын қысқартуға, қағаз құжат айналымы үлестерін азайтуға бағытталған осы критерийді ескерумен, 15 балл қойылды.
Мемлекеттік органдардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану жөніндегі қызметінің тиімділігін бағалау мынадай формула бойынша осы Әдістемеге 3-қосымшада көрсетілген белгілі бір салмақты балдарға сәйкес мемлекеттік органдардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану жөніндегі қызмет тиімділігін бағалау критерийлер және көрсеткіштерінің мәні сомасы сияқты айқындалады: