Toggle Dropdown
"Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 24 тамыздағы № 7-1/764 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 4 мамырдағы № 199 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 1 маусымда № 13757 болып тіркелді
Toggle Dropdown
БҰЙЫРАМЫН:
Toggle Dropdown
1. «Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 24 тамыздағы № 7- 1/764 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12097 болып тіркелген, 2015 жылғы 6 қазанда «Әділет» ақпараттық- құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
Toggle Dropdown
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«1. Қоса беріліп отырған:
Toggle Dropdown
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Экспорттау кезінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге ветеринариялық сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
Toggle Dropdown
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Мемлекеттік тіркей отырып, ветеринариялық препараттарға, жемшөптік қоспаларға тіркеу куәліктерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
Toggle Dropdown
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Ветеринариялық зертханалар (сынау хаттамалары) беретін сараптама актiлерiн беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
Toggle Dropdown
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
Toggle Dropdown
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
Toggle Dropdown
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Жаңа, жетілдірілген ветеринариялық препараттарға, жемшөп қоспаларына нормативтік-техникалық құжаттаманы келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
Toggle Dropdown
7) осы бұйраққа 7-қосымшаға сәйкес «Ветеринариялық препараттарға және жемшөптік қоспаларға апробация жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
Toggle Dropdown
8) осы бұйрыққа 8- қосымшаға сәйкес «Лазерлік станцияларды, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды және оларды өндірушілерді эмиссия жөніндегі дерекқорда тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.»;
Toggle Dropdown
осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 8-қосымшамен толықтырылсын.
Toggle Dropdown
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Toggle Dropdown
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Toggle Dropdown
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай- ақ бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
Toggle Dropdown
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет- ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет- порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице- министріне жүктелсін.
Toggle Dropdown
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2016 жылғы 4 мамырдағы
№ 199 бұйрығына
қосымша
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 24 тамыздағы
№ 7- 1/764 бұйрығына
8-қосымша
Toggle Dropdown
«Лазерлік станцияларды, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды және оларды өндірушілерді эмиссия жөніндегі дерекқорда тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Toggle Dropdown
1-Тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. «Лазерлік станцияларды, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды және оларды өндірушілерді эмиссия жөніндегі дерекқорда тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Toggle Dropdown
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі (бұдан әрі – кеңсе) арқылы жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде.
Toggle Dropdown
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – тіркеуден өткені туралы анықтама және көрсетілетін қызметті алушы сұраған жағдайда ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерінің эмиссиясы жөніндегі дерекқордан үзінді.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
Toggle Dropdown
2-Тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) іс-қимылдары тәртібінің сипаттамасы
Toggle Dropdown
4. Көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 7- 1/418 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11959 болып тіркелген) бекітілген «Лазерлік станцияларды, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды және оларды өндірушілерді эмиссия жөніндегі дерекқорда тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – стандарт) 9-тармағында көрсетілген құжаттары қоса берілген өтінішінің болуы мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімді (іс- қимылды) бастау үшін негіз болып табылады.
Toggle Dropdown
5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс- қимылдың) мазмұны, орындалу ұзақтығы:
Toggle Dropdown
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі (бұдан әрі – кеңсе) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы ұсынған мемлекеттік қызметті алуға арналған өтінішті тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын (бұдан әрі – орындаушы) айқындау үшін өтінішті көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына (бұдан әрі – басшылық) жолдайды – 30 (отыз) минут;
Toggle Dropdown
2) басшылық өтінішпен танысады, орындаушыны айқындайды – 60 (алпыс) минут;
Toggle Dropdown
3) орындаушы:
Toggle Dropdown
Лазерлік станцияларды тіркеу кезінде:
Toggle Dropdown
ұсынылған өтінішпен танысады, ұсынылған құжаттардың, ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірі басылған ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) үлгілерінің толықтығын тексереді – өтініш келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде;
Toggle Dropdown
ұсынылған құжаттар, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) үлгілерінің саны қойылған талаптарға сәйкес келген кезде, ұсынылған құжаттар және ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлері басылған ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдардың (құралдардың) үлгілерін көзбен шолып бағалау негізінде орындаушы ұйымдар (құралдар) үлгілеріндегі ауыл шаруашылығы жануарларының басылған жеке нөмірлерінің Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7- 1/68 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 11127 болып тіркелген) Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларының (бұдан әрі – Бірдейлендіру қағидалары) талаптарына сәйкестігін айқындайды және лазерлік станциялардың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 шілдедегі № 7-1/678 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11926 болып тіркелген) Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін лазерлік станцияларды, бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды және оларды өндірушілерді тіркеу қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) талаптарына сәйкестігін айқындайды – жазбаша өтініш тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде;
Toggle Dropdown
ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) үлгілеріндегі басылған ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмерлерінің және лазерлік станциялардың белгіленген талаптарға сәйкестігі айқындалғаннан кейін көрсетілетін қызметті беруші ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерінің эмиссиясы жөніндегі дерекқорға енгізу арқылы лазерлік станцияларды тіркеуді жүзеге асырады;
Toggle Dropdown
ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды және оларды өндірушілерді тіркеу кезінде:
Toggle Dropdown
ұсынылған өтінішпен танысады, ұсынылған құжаттардың, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттардың үлгілерінің толықтығын тексереді – өтініш келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде;
Toggle Dropdown
ұсынылған құжаттар, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар), атрибуттар үлгілерінің саны қойылған талаптарға сәйкес келген кезде орындаушы сәйкестігін айқындайды:
Toggle Dropdown
ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен оларды өндірушілердің Бірдейлендіру қағидаларымен белгіленген талаптарға (көзбен көріп бағалау, оларды Жануарлар туралы жазбалар жүргізу жөніндегі халықаралық комитетте (ICAR) өндірушілер тізімінде тіркелгендігін растаудың болуы) – жазбаша өтініш тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде;
Toggle Dropdown
таңбалауға арналған атрибуттар Бірдейлендіру қағидаларымен белгіленген талаптарға сәйкес болуы тиіс, сырғалауға арналған аппараттар Қағидалармен белгіленген талаптарға сәйкес болуы тиіс;
Toggle Dropdown
ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдардың (құралдардың), атрибуттардың және оларды өндірушілердің Бірдейлендіру қағидаларымен және Қағидалармен белгіленген талаптарға сәйкестігі айқындалғаннан кейін процессингтік орталық мәліметтерді ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерінің эмиссиясы бойынша дерекқорға енгізу нәтижелерін беру арқылы бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды, сондай-ақ оларды өндірушілерді тіркеуді жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
4) басшылық – ұсынылған құжаттарды қарастырады, қол қояды, кеңсеге жолдайды – 60 (алпыс) минут;
Toggle Dropdown
5) кеңсе мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға береді – 30 (отыз) минут.
Toggle Dropdown
6. Мынадай рәсімдерді (іс- қимылдарды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі:
Toggle Dropdown
1) тіркелген өтініш, өтінішті басшылыққа жолдау;
Toggle Dropdown
2) басшылықтың өтінішті қарауы және орындаушыны айқындауы және оған орындауға жолдауы;
Toggle Dropdown
3) өтінішпен танысу, мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту туралы жауапты ресімдеу немесе тіркеу, қол қою үшін басшылыққа жолдау;
Toggle Dropdown
4) көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесіне немесе дәлелді бас тартуға қол қою, кеңсеге жолдау;
Toggle Dropdown
5) көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесін беру.
Toggle Dropdown
3-Тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібінің сипаттамасы
Toggle Dropdown
7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) тізбесі:
Toggle Dropdown
1) кеңсе жұмыскері;
Toggle Dropdown
2) орындаушы;
Toggle Dropdown
3) басшылық (немесе оның міндетін атқарушы адам);
Toggle Dropdown
8. Әрбір рәсімнің (іс- қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (жұмыскерлер) арасындағы рәсімдер (іс- қимылдар) бірізділігінің сипаттамасы:
Toggle Dropdown
1) кеңсе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы ұсынған мемлекеттік қызметті алуға арналған өтінішті тіркейді және жауапты орындаушыны айқындау үшін өтінішті басшылыққа жолдайды – 30 (отыз) минут;
Toggle Dropdown
2) басшылық өтінішпен танысады, орындаушыны айқындайды – 60 (алпыс) минут;
Toggle Dropdown
3) орындаушы:
Toggle Dropdown
Лазерлік станцияларды тіркеу кезінде:
Toggle Dropdown
ұсынылған өтінішпен танысады, ұсынылған құжаттардың, ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірі басылған ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) үлгілерінің толықтығын тексереді – өтініш келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде;
Toggle Dropdown
ұсынылған құжаттар, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) үлгілерінің саны қойылған талаптарға сәйкес келген кезде, ұсынылған құжаттар және ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлері басылған ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдардың (құралдардың) үлгілерін көзбен шолып бағалау негізінде орындаушы ұйымдар (құралдар) үлгілеріндегі ауыл шаруашылығы жануарларының басылған жеке нөмірлерінің Бірдейлендіру қағидаларының талаптарына сәйкестігін айқындайды және лазерлік станциялардың Қағидалардың талаптарына сәйкестігін айқындайды – жазбаша өтініш тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде;
Toggle Dropdown
ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) үлгілеріндегі басылған ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмерлерінің және лазерлік станциялардың белгіленген талаптарға сәйкестігі айқындалғаннан кейін көрсетілетін қызметті беруші ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерінің эмиссиясы жөніндегі дерекқорға енгізу арқылы лазерлік станцияларды тіркеуді жүзеге асырады;
Toggle Dropdown
ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды және оларды өндірушілерді тіркеу кезінде:
Toggle Dropdown
ұсынылған өтінішпен танысады, ұсынылған құжаттардың, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттардың үлгілерінің толықтығын тексереді – өтініш келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде;
Toggle Dropdown
ұсынылған құжаттар, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар), атрибуттар үлгілерінің саны қойылған талаптарға сәйкес келген кезде орындаушы сәйкестігін айқындайды:
Toggle Dropdown
ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен оларды өндірушілердің Бірдейлендіру қағидаларымен белгіленген талаптарға (көзбен көріп бағалау, оларды Жануарлар туралы жазбалар жүргізу жөніндегі халықаралық комитетте (ICAR) өндірушілер тізімінде тіркелгендігін растаудың болуы) – жазбаша өтініш тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде;
Toggle Dropdown
таңбалауға арналған атрибуттар Бірдейлендіру қағидаларымен белгіленген талаптарға сәйкес болуы тиіс, сырғалауға арналған аппараттар Қағидалармен белгіленген талаптарға сәйкес болуы тиіс;
Toggle Dropdown
ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдардың (құралдардың), атрибуттардың және оларды өндірушілердің Бірдейлендіру қағидаларымен және Қағидалармен белгіленген талаптарға сәйкестігі айқындалғаннан кейін процессингтік орталық мәліметтерді ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерінің эмиссиясы бойынша дерекқорға енгізу нәтижелерін беру арқылы бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды, сондай-ақ оларды өндірушілерді тіркеуді жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
4) басшылық – ұсынылған құжаттарды қарастырады, қол қояды, кеңсеге жолдайды – 60 (алпыс) минут;
Toggle Dropdown
5) кеңсе мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға береді – 30 (отыз) минут.
Toggle Dropdown
9. Көрсетілетін қызметті берушіге жүгіну тәртібінің сипаттамасы, көрсетілетін қызметті алушының сұранымын өңдеу ұзақтығы:
Toggle Dropdown
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге өтінім береді.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі стандарттың 8-тармағында көрсетілген.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік қызмет стандарттың 4- тармағында көрсетілген мерзімдерде көрсетіледі.
Toggle Dropdown
10. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) өзара іс- қимыл тәртібінің сипаттамасы осы Регламентке қосымшаға сәйкес «Лазерлік станцияларды, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды және оларды өндірушілерді эмиссия жөніндегі дерекқорда тіркеу» мемлекеттік қызметін көрсетудің бизнес-процестері анықтамалығында келтірілген.
Toggle Dropdown
11. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.minagri.gov.kz интернет- ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.
Toggle Dropdown
1
«Лазерлік станцияларды, ауыл
шаруашылығы жануарларын
бірдейлендіруді жүргізуге арналған
бұйымдар (құралдар) мен
атрибуттарды және оларды
өндірушілерді эмиссия жөніндегі
дерекқорда тіркеу» мемлекеттiк
көрсетілетін қызмет регламентіне
қосымша
Toggle Dropdown
«Лазерлік станцияларды, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды және оларды өндірушілерді эмиссия жөніндегі дерекқорда тіркеу» мемлекеттік қызметін көрсетудің бизнес-процестері анықтамалығы
Toggle Dropdown
